Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау



Ст. 91 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Ескерту. 91-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды тиiстi су құбырлары желiсi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.  

2. Орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелерiндегi судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелерiндегi су сапасының белгiленген ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.  

Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...89 90 91 92 92-1 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 91-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481