Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы



Ст. 92-1 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады. 

2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады: 

1) су тарту құрылыстары; 

2) су құбырын тазартқыш құрылыстар; 

3) реттегіш ыдыстар; 

4) сорғы станциялары; 

5) оқшау сутартқыштар; 

6) тарату желілері; 

7) ғимараттарға енгізу орындары; 

8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері; 

9) суды есепке алу тораптары. 

3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады: 

1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері; 

2) ғимараттардан шығару орындары; 

3) орамішілік және көшелік желілер; 

4) коллекторлар; 

5) сорғы станциялары; 

6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері; 

7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер). 

Ескерту. 16-тарау 92-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...91 92 92-1 92-2 92-3 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 92-1-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481