Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету



Ст. 92-6 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Ауызсудың сапасы:

1) ауызсумен жабдықтау көзін таңдау;

2) ауызсуды дайындау үшін тиісті технологияны, оларды пайдалану қауіпсіздігін және санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар жабдықты, материалдарды, реагенттерді пайдалану;

3) ауызсумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

4) елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін білікті техникалық пайдалану;

5) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және жүйелеріндегі су сапасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.

 Ескерту. 16-тарау 92-6-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...92-4 92-5 92-6 92-7 92-8 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 92-6-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481