Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері



Ст. 92-9 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылардың:

1) жасасылған шартқа сәйкес ауызсуды тұтыну үшін санитариялық қағидаларға сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен іркіліссіз қамтамасыз етілуге;

2) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуге арналған төлем құжатын алуға;

3) ауызсу сапасы және оны берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға;

4) сотқа талап қоюға;

5) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;

6) бір айдан кешіктірмей сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бұл жөнінде жазбаша хабардар еткен кезде шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

7) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тәртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге;

8) көрсетілген қызметке төлемді түзету үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға құқығы бар;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

2. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар:

1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт жасасуға;

2) меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының белгіленген талаптарға сәйкес сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйін ұстап-тұруға;

3) жасасылған шартқа және белгіленген тарифтерге сәйкес сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін уақтылы әрі толық көлемде ақы төлеуге;

4) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын су тұтынушыларды қоспағанда, жеке салынған үйлерде тұратын су тұтынушыларды қоса алғанда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық жағдайларының, меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің атқарушылық түсірілімінің болуы;

5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, санитариялық қағидаларды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға;

6) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануынан асып түсетін ластауыштармен сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;

7) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың су бұру жүйесіне жауын-шашын және сорғыту суларын ағызуға жол бермеуге;

8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне өзге су тұтынушыларды қоспауға;

9) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық талаптарын орындауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

3. Су тұтынушы заңды тұлғалар, осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілдерінің көрсетілімдерді алу және жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін суды есепке алу аспаптарына, аумағында орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған кезде су тұтынушының желілерін ажырату үшін кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

2) су тұтыну және (немесе) су бұру көлемдері шартта белгіленгеннен асқан кезде, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарын немесе техникалық талаптарын сұратуға міндетті.

 Ескерту. 16-тарау 92-9-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...92-7 92-8 92-9 92-10 92-11 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 92-9-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481