Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану



Ст. 93 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Ресурстарының табиғи емдiк қасиетi бар, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсаттар үшiн қолайлы су объектiлерi сауықтыру объектiлерi санатына жатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауықтыру мақсаттары үшiн пайдаланылады.  

2. Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша: 

1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – уәкілетті орган; 

2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi. 

3. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...92-12 92-13 93 94 95 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 93-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481