Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 99 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Су Кодексi
99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары

1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың барлығының ортақ мүлiктi олардың гидромелиорациялық кондоминиумға қатысудағы үлесiне мөлшерлес басқаруға құқығы бар.  

2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiктi пайдалануға құқығы бар. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкiн пайдалану тәртiбi қатысушылардың келiсiмiмен айқындалады.  

Жер учаскесiн басқа тұлғаларға жалға беру (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығы) жалға берушiнiң гидромелиорациялық кондоминиумға қатысуын тоқтатуға әкеп соқпайды.  

3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтарға ие болуы мүмкiн.
Статья 1 ...97 98 99 100 101 ...146

Перейти к статье






Добавить комментарий к 99-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481