Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 12 Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.05.2018

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
12-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты

1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізбеге сәйкес лауазымды адамдарға беріледі. 

2. Сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган басшысының тізбеде көрсетілмеген адамдарға Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортын беруге құқығы бар. 

3. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты бар адамдардың жұбайлары мен он сегіз жасқа дейінгі балалары ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға бірге шыққан жағдайда, оларға да дипломатиялық паспорттар беріледі. 

4. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...31

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы