Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 17 Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.05.2018

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлік

1. Қайтып оралуға арналған куәлік: 

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда; 

2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда; 

3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда; 

4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда; 

5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін жарамсыз құжаттары бар азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына берілген жағдайда беріледі. 

2. Қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына бір реттік келу үшін беріледі және ол Қазақстан Республикасынан кету үшін пайдаланылмайды. 

3. Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді. 

4. Қайтып оралуға арналған куәлікке: 

1) шет мемлекеттің визалар беруге уәкілетті құзыретті органы – визалар туралы; 

2) шекара қызметі органы, шет мемлекеттің шекаралық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан және басқа мемлекеттердің мемлекеттік шекараларынан өту туралы; 

3) тиісті белгіні енгізген орган – бұрын енгізілген белгілерді жою туралы белгілер енгізеді.
Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...31

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы