Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 29 Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау саласындағы мемлекеттік монополия

Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесі деректерінің ықпалдастырылған банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон үдерістерінің есебін жүргізу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады. 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын ішкі істер органдары монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді. 

Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...27 28 29 30 31

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы