Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 8 Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
8-бап. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады. 

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазбалар мен белгілер: 

1) шетелге тұрақты тұруға кету туралы рұқсат беру жазбасы; 

2) ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба; 

3) шет мемлекеттің визасы; 

4) шекаралық бақылау-өткізу пунктінің шекарадан өту туралы белгісі енгізілуі мүмкін. 

3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қоятын белгілер мөртабандармен ресімделеді, олардың нысанын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары және Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына осы Заңда көзделмеген жазбалар мен белгілерді қоюға және енгізуге тыйым салынады. 

4. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты он жыл қолдану мерзіміне беріледі.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...31

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы