Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Прокуратура туралы
10-бап. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалау

Ст. 10 Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Прокуратура: 

1) осы Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерінің; 

2) меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдері шектелмеген адамдар қатарына қатысты не жария сипатқа ие болса, олардың актілері мен шешімдерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкестігін қадағалауды жүзеге асырады. 

2. Осы бапта көзделген қадағалауды прокуратура қабылданған актілер мен шешімдерді Бас Прокурордың актісімен айқындалған тәртіппен бағалау арқылы жүзеге асырады.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...52

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ