Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Прокуратура туралы
25-бап. Санкция

Ст. 25 Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Прокурор заңда белгіленген жағдайларда құқықты шектейтін сипаттағы жекелеген әрекеттерді жасауға, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді алуға санкция (келісім) береді. 

2. Санкция (келісім) беруді не оны беруден бас тартуды прокурор санкция сұратуға негіз болған материалдар зерделенгеннен кейін лауазымды адамның қаулысына бұрыштама және қол қойып ресімдейді. 

Санкция (келісім) беруден бас тартылған жағдайда оның себептері мен негіздері көрсетіледі. 

Санкция (келісім) беру электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.
Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...52

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ