Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Прокуратура туралы
27-бап. Ұсыну

Ст. 27 Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Прокурор өз құзыреті шегінде: 

1) заңдылықты бұзушылықты жою туралы; 

2) қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы; 

3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмаушылық құқығына ие адамдарды осы құқықтан айыру мәселелері бойынша; 

4) заңда белгіленген өзге де жағдайларда ұсыну енгізеді. 

2. Ұсынуды лауазымды адам немесе орган күнтізбелік отыз күн ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардап басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде қарауға тиіс. 

Прокурор ұсынуды қарау кезінде оған қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам прокурорға ұсынуды қараудың уақыты мен орны туралы ұсыну қаралатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс. 

Ұсынуды қараудың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы прокуратураға ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...52

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ