Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Закон РК О Прокуратуре
35-бап. Прокурордың жедел-iздестiру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi



Ст. 35



Жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде ынтымақтасатын немесе ынтымақтасқан құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәлiметтерден басқа, жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған және іс жүргiзуінде жатқан iстерiн, қылмыстық істерді, жедел-iздестiру қызметiнiң және жасырын тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;

2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;

3) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;

4) Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыруды және өткiзу тактикасын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді;

5) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде заңның, адам және азамат құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда, өзiнiң қаулысымен жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;

6) жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды немесе тәртiптiк iс жүргізуді қозғайды;

7) жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша осы Заңда көзделген прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;

8) заңсыз ұстап алынған адамдарды босатады;

9) қажет болған кезде заң бұзушылықты жою мақсатында жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынысты органдарда тексеру жүргiзудi талап етедi;

10) заңнамада белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге санкция бередi.

Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап