Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Прокуратура туралы
36-бап. Бас Прокурор және оның орынбасарлары

Ст. 36 Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Бас Прокурорды: 

1) Парламент Сенатының келiсуiмен Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды; 

2) Қазақстан Республикасының Президентi лауазымнан босатады; 

3) ол Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi; 

4) қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде Парламент Сенатының келiсімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 

2. Бас Прокурордың бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...52

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ