Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Закон РК О Прокуратуре

Закон РК О Прокуратуре
38-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері



Ст. 38



 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан қылмыстық істерді, қылмыстық құқық бұзушылықтар, жедел-іздестіру қызметі, жасырын тергеу әрекеттері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы құжаттарды, материалдарды және өзге де мәліметтерді тексеру үшін алады;

2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;

3) қылмыстық қудалау органының күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды немесе үйқамаққа алуды санкциялау туралы өтінішхатын тергеу судьясы алдында қолдайды не қолдаудан бас тартады, кепілді қолдануды санкциялайды;

4) қажет болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды және жүргізеді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу туралы нұсқаулар береді;

5) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;

6) егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеп-тексерудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қояды;

7) сотқа дейінгі тергеп-тексеру толық болмаған, сондай-ақ заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеруге қайтарады не оны толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;

8) айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;

9) қажет болған жағдайда заңның бұзылуын жою, қылмыстық құқық бұзушылықтардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тергеу бөлімшелері мен анықтау органдарының басшыларынан өздеріне бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап етеді;

10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары басшыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдарды қарайды;

11) бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды күзетпен ұстаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;

12) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

2. Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үшін міндетті.

Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап