Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Закон РК О Прокуратуре

Закон РК О Прокуратуре
47-2-бап. Прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық бойынша өкілеттіктері



Ст. 47-2



Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар халықаралық құқықтық ынтымақтастық шеңберінде:

1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы шарттарды өзгерту және толықтыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің прокуратура органдарымен құқықтық көмек, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы шарттар жасасуға және оларға қол қоюға;

3) прокуратура органдарының құзыреті шегінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

4) прокурорлардың халықаралық ұйымдарының қызметіне қатысуға;

5) ынтымақтастық жасаушы мемлекеттердің аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, оларды орындауға қатысуға;

6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсетуге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері бойынша, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын, өтінішхаттарын, өтініштерін жіберуге;

8) Қазақстан Республикасының мүдделерін қозғайтын қылмыстық істерді қарау кезінде шет мемлекеттердің соттарында және халықаралық соттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;

9) халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

 Ескерту. 47-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 374-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
10-2-тарау. Прокуратура органдары қызметінің өзге де бағыттары
 Ескерту. Заң 10-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...47 47-1 47-2 47-3 47-4 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 47-2-бап