Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Закон РК О Прокуратуре
8-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет



Ст. 8-2



1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті прокуратура органдары Республиканың Бас Прокуроры бекітетін талдамалық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін жоспардан тыс ақпараттық-талдамалық қызмет үшін:

1) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының тапсырмалары;

2) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының келісімімен мемлекеттік органдардың негізделген сұрау салулары негіз болып табылады.

3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:

1) құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды тұжырымдау мақсатында теріс құбылыстарды анықтау;

2) құқықтық қатынастардың әртүрлі салаларында заңдылықты бұзу фактілері туралы сандық және сапалық мәліметтерді анықтау;

3) теріс құқықтық құбылыстардың профилактикасы және жолын кесу бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

4) заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйін, оның ішінде өңірлер бөлінісінде сипаттайтын мәліметтерді зерделеу және қайта өңдеу.

Әрбір негіз бойынша ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру қажеттілігін және олардың тізбесін Республиканың Бас Прокуроры қадағалау қызметі шеңберінде айқындайды.

Осы баптың 3-тармағында көзделген ақпараттық-талдамалық қызмет, әдетте, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған мәліметтерді, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, иесіздендірілген түрде пайдалана отырып жүргізіледі.

Айрықша жағдайларда жеке тұлғалардың дербес деректерін пайдалана отырып жүргізілетін мұндай ақпараттық-талдамалық қызмет Республика Бас Прокурорының әрбір жағдай үшін жеке қабылданатын тиісті бұйрығының негізінде жүргізілуі мүмкін.

4. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған талдамалық ақпарат мемлекеттік органдарға тек қана олардың өз функцияларын жүзеге асыруы мақсатында, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, ақпараттық-анықтамалық материал түрінде беріледі.

5. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың толықтығы мен анықтығы үшін осы электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері және (немесе) иеленушілері жауапты болады.

6. Ақпараттық-талдамалық қызмет, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Ақпараттық-талдамалық қызмет кезінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді және оларды өңдеуді прокуратура органдарының қызметкерлері қорғалған жеткізгіштерде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, сертификатталған компьютерлерде, жеке үй-жайларда жүзеге асырады.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру тәртібін, негіздерін және оны жүзеге асыруға құқығы бар прокуратура органдарының лауазымды адамдарының тізбесін (санаттарын) Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.

7. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 Ескерту. 1-тарау 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 
2 ТАРАУ
Прокуратура органдарының жүйесi және
оларды ұйымдастыру

Статья 1 ...8 8-1 8-2 9 10 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-2-бап