Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Прокуратура туралы
8-бап. Заңдылықтың жай-күйін талдау

Ст. 8 Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізудің, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізудің тәртібі осы заңда, өзге де заңнамалық актілерде және Бас Прокурордың актілерінде айқындалады. 

2. Талдау прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармастан статистикалық деректерді, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін, азаматтық және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын, сондай-ақ ақпараттың өзге де көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі. 

Талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. Талдау нәтижелері бойынша осы Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...52

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Прокуратура туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ