Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Жер кодексi
118-бап. Құбыр көлігінің жерлері



Ст. 118 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі




Құбыр көлiгiнiң мұқтаждарына арналған жерлерге су құбырларын, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырлары мен жербеті және жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, реконструкциялау, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi объектiлердi және құбыр көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жерлер жатады. 

Аталған жерлерге шекаралары Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральдық құбырлардың күзет аймақтарын қоса алғанда, магистральдық құбырлардың мұқтаждарына арналған жерлер де жатады. 

Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай-ақ белгiленуi мүмкiн. 

Магистральдық құбырлардың желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсаттарында жер учаскелерін бөлу қауымдық сервитут қағидалары бойынша (осы Кодекстің 69-бабының 4-тармағы) жүзеге асырылады. 

Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.22 N 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...116 117 118 119 119-1 ...171 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 118-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі