Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Жер кодексi

ҚР Жер кодексi
121-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары



Ст. 121 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



1. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк объектiлерi мен өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында аймақтар белгiленедi, аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне олардың шегiнде шек қойылады немесе тыйым салынады.  

2. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:  

1) өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймақтары;  

2) темiр жол мен автомобиль жолдарына бөлiнiп берiлген белдеуге iргелес жатқан, сел-көшкiн қаупi бар және орманды қорғау аймақтары;  

3) бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары;  

4) әуеайлақ маңындағы белдеулер;  

5) магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио, электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтары; 

5-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары; 

6) су күзету аймақтары; 

6-1) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары;  

7) әскери полигондардың аумағы; 

8) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақтар жатады; 

8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне іргелес жатқан аумақ жатады. 

3. Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтарға енгiзiлген жер сол жерлерде арнаулы белгiлермен көрсетiледi. Бас саға құрылыстарын күзету аймағының бiрiншi белдеуiн қоспағанда, аталған жерлер жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмайды. 

Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтағы жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелерінен, жер пайдаланушылардан алынбайды. 

4. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтарды қоспағанда, аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жердi пайдалану режимiн нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншiкке немесе жер пайдалануға жердi беру туралы шешiм қабылдаған орган айқындайды. 

Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтардың шекаралары мен жерлерді пайдалану режимі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің негізгі қоршауынан кемінде елу метр қашықтықта белгіленеді. 

Ескерту. 121-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 180-IV, 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері,
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени
мақсаттағы жер


Статья 1 ...119-1 120 121 122 123 ...171 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 121-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі