Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Жер кодексi
133-бап. Су қорының жерiне меншiк құқығы



Ст. 133 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



1. Су қорының жерi мемлекет меншiгiнде болады.  

2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cуapу және кәрiз жүйелерi) алып жатқан су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi бiр субъектiнiң жер учаскесiне қызмет ететiн ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар мемлекет меншігінен иеліктен шығарылған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк eмec заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.  

3. Осы баптың 2-тармағында санамаланған, жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн су шаруашылығы құрылыстарының жер учаскелерi оларға ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану құқығымен беріледі.  

Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...131 132 133 134 135 ...171 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 133-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі