Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Жер кодексi
19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретi



Ст. 19 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі




Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:  

1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру; 

1-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу; 

2) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізу; 

2-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) алып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.

4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну; 

5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жатады. 

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116(2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06 N 279, 2011.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...17 18 19 19-1 20 ...171 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі