Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Жер кодексi
22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы



Ст. 22 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:  

1) меншiк құқығын табыстау;  

2) меншiк құқығын беру;  

3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.  

2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.  

3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:  

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;  

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;  

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...171 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі