Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Жер кодексi

ҚР Жер кодексi
31-бап. Жер пайдалану құқығының туындауы



Ст. 31 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



1. Жep пайдалану құқығы:  

1) жер пайдалану құқығын табыстау;  

2) жер пайдалану құқығын беру;  

3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.  

2. Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.  

3. Жер пайдалану құқығы:  

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;  

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;  

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...171 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі