Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Жер кодексi
32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау



Ст. 32 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



1. Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi. 

2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі. 

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өз құзыреті шегінде жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы тиісті шешімі негізінде осындай жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады. 

4. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға рұқсатты немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимылдар жасауға арналса, онда осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi рұқсат алынғаннан немесе келiсiмшарт жасалғаннан кейін жүргізіледі. 

Осы қағида Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісіне сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушыға және (немесе) уәкілетті компанияға жер учаскесі құқығын беру жағдайларына қолданылмайды. 

Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құзыретті орган ұлттық компаниямен жасасатын келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімделеді. 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының болуы жер учаскесiн дереу ресiмдеу үшiн негiз болып табылады. 

Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.06 N 275, 2007.07.06 N 279, 2009.07.10 N 180-IV, 2009.07.11 N 183-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (2012.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi): 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...171 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі