Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Жер кодексi

ҚР Жер кодексi
34-бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы



Ст. 34 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



1. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:  

1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;  

2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына;  

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;  

4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.  

2. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.  

Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 279 Заңымен.


Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...171 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі