Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Жер кодексi
51-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн жер учаскелерi



Ст. 51 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі



1. Жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады.  

2. Жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi.  

3. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мәміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолданылу аясын (жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін.  

Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.26 N 311Заңымен.


Статья 1 ...49-2 50 51 52 53 ...171 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 51-бап ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі