Ст. 142 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ
КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
142-бап. Талап қоюды өзгерту және кері қайтарып алу. Талап қоюды тану
1. Сот шешім шығару үшін кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюшы – талап қоюды толық немесе бір бөлігінде кері қайтарып алуға, ал жауапкер талап қоюды толық немесе бір бөлігінде тануға құқылы. Талап қоюшы сот шешім шығару үшін кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негізін және нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін арттыруға немесе азайтуға құқылы. Әкімшілік істі қарау мерзімінің өтуі бастапқы талап қойылған күннен бастап есептеледі.
Сот талап қою нысанасы өзгерген кезде осы Кодекстің 138-бабының екінші және төртінші бөліктерінде көзделген мәселелерді қарайды, сондай-ақ жауапкерге жаңа жазбаша пікір дайындауға уақыт береді.
Тараптар мұндай әрекеттерді өз бастамасы бойынша да, сол сияқты судьяның алдын ала пікірін білдіру қорытындылары бойынша да жасауға құқылы.
Сот өз бастамасы бойынша талап қоюдың нысанасын өзгертуге құқылы емес.
2. Талап қоюшының талап қоюды сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда толықтай кері қайтарып алу туралы арызы келіп түскен жағдайда, сот талап қоюды кері қайтарып алудың салдарын түсіндіреді. Өзге жағдайларда судья әкімшілік процеске қатысушыларды шақырмай мемлекеттік бажды қайтара отырып, талап қоюды қайтарады.
3. Жауапкердің талап қоюды тануы қабылданғанға дейін сот тараптарға процестік салдарды түсіндіреді. Жауапкердің талап қоюды тануы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады.
Талап қою ішінара танылған жағдайда дәлелдемелерді зерттеу жауапкер талап қоюды танымаған бөлігінде ғана жүргізіледі және даудың мәні бойынша шешім шығарылған кезде шешіледі.
4. Сот талап қоюдың өзгертілуін немесе оны кері қайтарып алуды, жауапкердің талап қоюды тануын, егер бұл әрекеттер заңға қайшы келсе не біреудің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзса, сондай-ақ апелляциялық және кассациялық қайта қарауда қабылдамайды. Бұл жағдайда әкімшілік істі қарау жалпы тәртіппен жалғасады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей