Ст. 43 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ
КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
43-бап. Алқалы мемлекеттiк орган
1. Шешiмдерi мемлекеттiк органдар мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттiк органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауаптылық, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi. 2. Алқалы мемлекеттік органдар қызметінің негiзгi нысаны осы органдардың шешімдері қабылданатын олардың отырыстары болып табылады.
3. Алқалы мемлекеттiк органдардың отырыстарын дайындау және өткiзу кезiнде уәкілетті органдар (олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi шешедi:
1) тиiсiнше бір тоқсан және бір жыл мерзiмге алқалы мемлекеттік органның басшысы не алқалы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтетін, мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiлетін, отырыстарды өткiзу жоспарын әзiрлеу және бекiту;
2) алқалы мемлекеттiк органның отырысына шығарылатын мәселелердi дайындауды, отырысты өткiзу жөніндегi өзге де ұйымдастыру іс-шараларын оның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi не алқалы мемлекеттік органның қызметiн қамтамасыз ететiн орган жүзеге асырады.
4. Отырыстарды өткiзу тәртiбi алқалы мемлекеттiк органдардың регламенттерiнде айқындалады.
5. Алқалы мемлекеттік органның отырысы хаттамаға түсiрiледi.
6. Отырыста қабылданған шешiмдер алқалы мемлекеттiк органның регламентiне сәйкес қаулылармен ресiмделеді және орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдердi iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді және бекiтiледi, олардың орындалуына бақылау белгіленеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей