Ст. 91 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ
КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
91-бап. Шағым жасау тәртібі
1. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы. Осы Кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
2. Егер әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген мерзімдерде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекет жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекет жасаудан бас тартты деп есептеледі.
3. Шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған болып табылатын Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Қазақстан Республикасының Үкіметін қоспағанда, әкімшілік орган, лауазымды адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодекстің мақсаттары үшін шағымды қарайтын орган деп танылады.
Ескертпе. Осы бөліктің екінші абзацының күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылмайды.
4. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
4-1. Осы баптың төртінші бөлігінің ережелері мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылады.
4-2. Мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымын қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда арыз иесі мұндай бас тартуға осы бапта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Бұл ретте осы норма Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты берілген шағымға қолданылмайды.
5. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
6. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган әкімшілік рәсімге қатысушыға хабар береді.
Ескертпе. Осы бөліктің күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылмайды.
7. Шағымдарды прокуратура органдарының қарауы "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген негіздерде, шектерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескертпе. Осы Кодекстің 3-бөлімінің 13, 14, 15-тарауларының мақсаттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалуы мүмкін әкімшілік органға теңестіріледі.
Ескерту. 91-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Салеметсізбе. Менің сұрағым ОНКОЛОГИЯ диагнозы бойынша. 2025 апрель айында асқазан онкологиясы 1-стадия диагнозы қойылды. Гистология цитология зерттеу нәтижесі бойынша, асқазанды түгел алып тастау керек деген МДГ комиссияның заключениесі бар. Және қосымша диагноздарда бар: сахар 2-тип, зоб гипотериоз, артериальное гипертензия. Асқазанды түгел алуға келіспедік. Сондада 20.052025 жыл асқазанның ¾ бөлігі яғни 75% асқазан алынып тасталды. Операция жасалып болғаннан қазірге дейін құсу тоқтаған емес. 08.08.2025 жыл Стеноз 1-стадия деген диагноз қойды тағы. Алматыда Сызғанов емханасында 08.09.20250 жылы Баллонное дилатация жасалынды. Бірақ еш көмегі болмады. Сонымен қайта тексеруден кейін 2.12.2025 МДГ комиссия асқазанды түгел алып тастау керек деген қайта заключение берді. Химия, луч әле тағайындалған жоқ. Жалпы жағдай орта. ( құсу тоқтамайды, іш түйіліп ауыру, іш қату, клизма жиі жасалады.) Әледе іздену, тексерілу, емделу үстіндеміз.Апрель айында басталды диагнозбен жүгіру. 2- операция жасалды. Біреуі 04.11.2025 жыл эндоскопиялық операция удаление полипа желудка. Осының бәрін 2025 жыл декабрь айында зорға дәлелдеп 1-жылға ғана 3- топ мүгедектік берді. (Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тогус-Мед емханасы ФТЭК бөлімі арасында осылай жүгірдік)
Онкология диагнозы диагнозын дәлелдеп, Фтэкке жүгіретін диагноз емес! Диагноз қойылғаннан бастап жаныңмен алысып, өміріңмен күресіп жүгіретін диагноз!
Мысалы жарақат алып аяқ қолы кесілген пациент жарасы жазылса, 10-20-30 жыл қалыпты өмір сүре бере алады. Ал онкопациенттердің өмір сүру ұзақтығы ғылыми медициналық зерттеуде нақты көрсетілген. Статистикасында 5-жыл деп. Ол 5-жыл диагноз қойылады стресс депрессия, операция жасалады постельный режим, химия луч шаш түсет, тағы химия жүдей бастайды. Сонымен көзінің нұры сөніп азып тозып соңы диагноз алып кетеді...
Гистология цитология бар, МДГ комиссия түгел тексеріп, асқазанның жарамсыздығын дәлелдеп отыр. Жұмысқа қабілеттілігі төмен.
Осындай жағдайда нешінші топ мүгедектік берілуі керек?
Менің пікірім: онкодиагноз қойылдыма, 3-лечениенің (операция, химия, луч) біреуі жасалдыма жедел 1 топ мүгедектік беру керек.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей