Ст. 36-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
36-1-бап. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тәртібі
Ескерту. 36-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:
коллекторлық агенттікке;
банкке;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға;
қаражатты банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;
жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыз шарты бойынша, заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша құқықтарға (талаптарға) қатысты, егер көрсетілген қарыздар бойынша басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері болса, өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:
құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;
құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;
егер өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.
Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымның меншікті капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;
2) қызметті:
банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;
коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;
4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;
5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде, сервистік компанияға берілуі мүмкін.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не оны осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.
Сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.
Осы тармақтың талаптары:
1) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықты (талапты) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты құқықтардың (талаптардың) суброгация тәртібімен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне өтуі жағдайларына қолданылмайды.
4-1. Басқаға беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері бар банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:
1) мыналарды:
осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші, сегізінші және (немесе) тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларды;
осы Заңның 61-10, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді қоспағанда, пайдасына банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілетін тұлға банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, осы құқықтарға (талаптарға) қатысты сауда-саттық нәтижелері бойынша айқындалады;
2) банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру осы баптың 4-тармағында белгіленген шектеулер мен қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-2-тармақтың қолданысы 01.05.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданыста болады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңымен.
4-2. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттікке беруді жүргізуіне тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
5-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мүлік кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.
6. Бір қарыз алушыға қатысты банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секъюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
7. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарты (бұдан әрі – басқаға беру шарты) жасалған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы кредитордың көрсетілген банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) үшінші тұлғаға берудің жоспарланып отырғаны туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні (берілетіні) туралы хабардар етуге;
2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы үшінші тұлғаға банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, банктік қарыз шарты бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда – сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, банктік қарыз шарты бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;
3) өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:
банктік қарыз шартын;
кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
кепілгерлік немесе кепілдік шартын (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);
құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;
қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);
қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);
басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өздерінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талаптарды) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі;
4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.
8. Өзіне банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, қайта беруіне тыйым салынады.
Ескерту. 2-тарау 36-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей