Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 193 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау

1. Тараптардың келісімі бойынша олардың кредиттік шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруі бюджеттік кредитті қайта құрылымдау болып табылады. 

2. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешім қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнінде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде қабылданады. 

3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау: 

1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту; 

2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту; 

3) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту; 

4) бюджеттік кредит валютасын өзгерту; 

5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау); 

6) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық немесе ішінара есептен шығару арқылы жүзеге асырылады. 

4. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органның немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады. 

5. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, бір реттен асырмай жүзеге асырылуы мүмкін. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану кезінде қарыз алушының бюджеттік кредитін оңалту жоспарында көзделгендей, бірақ бір реттен асырмай қайтадан қайта құрылымдауға жол беріледі. 

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді. 

Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...191 192 193 194 195 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться