Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 39-2 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 29.09.2024

ҚР Бюджет кодексi
39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Республикалық бюджеттен: 

1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға; 

2) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана дербес кластерлік қорға; 

3) өткізу кезінде шығындар туындауы мүмкін болатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға; 

4) ұзақ мерзімді активтерді иелену, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін ғана, оның органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады. 

2. Нысаналы аударым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады. 

3. Нысаналы аударым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады. 

4. Нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштері мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалады. 

Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға, дербес кластерлік қор, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады. 

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған бағыттар бойынша нысаналы аударымды пайдаланғаны үшін жауапты болады. 

4-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы аударымдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы шығарылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады. 

5. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады. 

6. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 6-тарау 39-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 53-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...39 39‑1 39‑2 39‑3 40 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться