Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 62 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
62-бап. Мемлекеттік органның даму жоспары

Ескерту. 62-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Мемлекеттік органның даму жоспары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді. 

2. Мемлекеттiк органның даму жоспарында мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары айқындалады. 

3. Мемлекеттiк органның даму жоспарын мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекiтедi. 

Мемлекеттік органның даму жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның даму жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті әзірлеу тәртібі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың даму жоспарларын бекітуге құқылы. 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Aппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Aдам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді. 

4. Мемлекеттiк органдардың даму жоспарлары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады. 

5. Мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай: 

1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген; 

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құжаттары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген; 

3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген; 

4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсер ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі. 

Республикалық бюджетті ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанынан кешіктіріп, бюджет қаражатының күтілетін игерілмеуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарын азайтуды көздейтін нақтылау кезінде мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларының мәндері өзгертілуге жатпайды. 

Осы Кодексте белгіленген, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақталады. 

Осы Кодексте белгіленген, бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту кезіндегі талаптар мемлекеттік органдардың даму жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда сақталады. 

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын тиісті бюджеттік комиссия қарайды. 

6. Алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015 № 395-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 179-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...61 61‑1 62 63 64 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться