Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 65-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері

1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды. 

2. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларының, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады. 

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері ұлттық жобалардың, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, алдыңғы жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың негізінде айқындалады. 

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің негізінде айқындалады. 

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстары лимитінің құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимитін айқындайды. 

Шығыстардың лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады. 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысы ескеріле отырып айқындалады. 

Тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізіледі. 

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. Кодекс 65-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...64 65 65‑1 66 67 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться