Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдықтар, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
2) жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) жеткізу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);
4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде "ноу-хау" өндірісінің құпияларына құқықтар;
5) импорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі - импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі;
7) кепілдік міндеттеме - импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің ресми сендіруі;
8) кері импорт - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;
9) кері экспорт - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген, оның аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;
10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары - заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
11) өнім - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;
12) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнімді кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) - экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және ақпараттың тізбесі;
14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) - өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
15) транзит - өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;
16) тұтастай қамтитын бақылау - өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау;
17) уәкілетті орган - экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі - экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;
19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
20) экспорттық бақылау - өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;
21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимнің талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заңның күші осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Уәкілетті орган:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді;
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңделуін бақылайды;
5) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және оның түпкілікті пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
8) өнімді импорттаған кезде түпкі пайдаланушының сертификаты түріндегі кепілдік міндеттеме береді;
9) өнімнің транзитіне рұқсат береді;
10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді;
11) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат береді;
12) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын бекітеді;
15) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекітеді;
16) өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
17) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
18) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
19) өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
20) өнімнің кері экспортына рұқсат береді.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
3. Өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспорты уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, кепілдік міндеттеме негізге алына отырып жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің кері экспорты өнім шығарылған елдің құзыретті органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе басқа мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының қаруланымында (жарақтанымында) қолданылып жүрген жарақтарды, өнімдерді жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеу уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
7. Экспорттық бақылауға жататын шикізат не өнеркәсіп өнімі үлгілерінің ең аз мөлшерін көрмелерде көрсету үшін, экспорттық бақылауға жататын, коммерциялық құндылығы жоқ осы шикізатқа не өнеркәсіп өніміне ықтимал сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады.
Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әдеттегі қару-жарағы мен әскери техникасын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығуларды, байқауларды, конкурстарды, көрмелерді, сынақтарды, парадтарды, демонстрациялық іс-шараларды өткізу кезінде тартуға қажетті, шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әдеттегі қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбенің негізінде лицензиясыз жүзеге асырылады.
7-1. Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті жай қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету) қорғаныс саласындағы уәкілетті орган беретін әскери рұқсаттамалар негізінде тыйым салулар, шектеулер, рұқсаттар немесе лицензиялар қолданылмай және кедендік баждар, салықтар және өзге де алымдар алынбай жүзеге асырылады.
8. Өнімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде мәлімдеуші келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының өнімнің түпкі пайдаланылуын тексеруге қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздеуге міндетті.
10. Уәкілетті орган өнім шығарылған елдің құзыретті органы берген рұқсаттың дұрыстығын айқындауға құқылы.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 321-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің немесе шетелдік заңды
тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.
2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Заңның 8-бабының қолданыс аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын:
1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы немесе өзге де мемлекеттiк органы аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен;
2) олардың аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн деп пайымдауына негiз болған жағдайларда алуға мiндеттi.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына жататын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) берген құжаттар мен ақпарат тек экспорттық бақылау мақсатында ғана пайдаланылады.
Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) алынған құжаттар мен ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қарсы іс-қимыл мақсатында ғана пайдаланады.
4. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты, экспорттық бақылау саласындағы құпия ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының қызметтік емес мақсаттарда жария етуіне, пайдалануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты беруге міндетті.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.