1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне:
1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын, сондай-ақ айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2) биржалар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;
6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;
9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
10) ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары;
11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
12) төлем ұйымдары;
13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
14) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.
17) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;
19) "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) аумағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;
20) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция:
1) егер операция сомасы 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар және лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша қолма-қол ақшалай нысанда, оның iшiнде электрондық нысанда ұтыс алуға жататын болса;
1-1) егер операция сомасы 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ломбардтардың ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) операцияларды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасауына жататын болса;
2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 5 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) шетелге ақшаны аудару, анонимді иеленушіге ашылған шоттан (салымнан) шетелден қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда ақшаның түсуі;
бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату;
оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым жүзеге асыратын, ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызу немесе аудару не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы операциялары;
3) егер операция сомасы 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 7 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;
ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;
4) егер операция сомасы 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 10 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
айырбастау пункттері арқылы қолма-қол ақша нысанында шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау;
осы тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген қолма-қол ақша нысанындағы жағдайларды қоспағанда, ақшаны клиенттің банктік шотынан алу немесе банктік шотына есепке жатқызу, сол сияқты клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау не клиентке беру;
мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалар қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын операциялар;
сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақша нысанында алу;
қолма-қол ақша нысанында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
қызмет көрсету, оның ішінде сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беру жөніндегі сейфтік операцияларды қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қолма-қол ақша нысанындағы мәмілелер;
чек немесе вексель бойынша қолма-қол нысанында ақша алу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
5) егер операция сомасы 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 45 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда алу немесе беру;
ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;
мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
6) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялық қарыздары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиент қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын болса;
7) егер шетел валютасындағы операция сомасы баламасында 100 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда клиенттің банктік шотынан немесе банктік шотына аударуға және трансшекаралық төлемге жататын болса;
8) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша жасау нәтижесі осындай мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілеге қатысты болса, қаржы мониторингіне жатады.
Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
2. Алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысанына және олар жасалған не жасалынатын немесе жасалуы мүмкін сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асыру бағдарламаларына сәйкес немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша операцияларды зерделеу нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісінде клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер бар болса, операциялар күдікті деп танылады.
4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
5. Қаржы мониторингіне клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялары жатады.
Қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін уәкілетті орган бекітеді және өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;
3) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруді жүзеге асырады.
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), қызметінің сипатын, сондай-ақ тіркелген немесе орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;
2-1) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде), орналасқан жерінің мекенжайын, негізгі қызмет жүргізілетін орнын, қызметінің сипатын, ал трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар, заңды тұлға құрмайтын өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым құрылтайшыларының (қатысушыларының) және бенефициарлық меншік иелерінің (болған кезде) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайын тіркеу;
2-2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу;
Клиенттің – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында қаржы мониторингінің субъектісі осындай клиенттің құрылтай құжаттарының және акцияларын ұстаушылар тізілімінің, заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері тізілімінің не басқа да көздерден алынған мәліметтердің негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын анықтайды.
Бұл ретте, егер бенефициарлық меншік иесін анықтау кезінде заңды тұлға берген ақпарат заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмеген және мұндай заңды тұлғаның қызметі кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, қаржы мониторингінің субъектісі мұндай заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды тоқтатуға немесе оларды орнатудан бас тартуға міндетті.
Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Осы тармақшада көзделген шараларды қабылдау нәтижесінде клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) беретін не өзге де көздерден алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайларды қоспағанда, егер клиент Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, сақтандыру ұйымы болып табылса, банктер, қор биржалары, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында аталған тұлға туралы мәліметтерді анықтамауға және тіркемеуге құқылы;
3) алып тасталды - ҚР 10.06.2014 № 206-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;
5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;
6) клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту.
Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
Мәліметтерді жаңарту осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда және ішкі бақылау қағидаларымен жүзеге асырылады.
Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.
3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
1) мынадай біржолғы операцияларды жүргізу кезінде:
электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелері – жеке тұлғалар "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде;
клиент – жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банктің шотына ақшаны есепке жатқызу не көрсетілетін қызметті берушінің пайдасына төлемді жүргізу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент банктік шотты пайдаланбай, қолма-қол ақшасыз төлемді немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай төлемнің немесе ақша аударымының сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент – жеке тұлға осындай клиенттің банктік шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200000 теңгеден не 200000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент – жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы мемлекеттік органдардың пайдасына атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға айырбастау пункттері арқылы құйма түрінде аффинирленген алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не 100 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.
2) алып тасталды - ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) алып тасталды - ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-2. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері:
1) клиент салықтарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған;
2) клиенттің банктік шотына ақшаны есепке жатқызған жағдайларда, клиентпен қашықтықтан орнатылған іскерлік қатынастар шеңберінде, трансшекаралық төлемдерді қоспағанда, осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру жөніндегі шараларды қолданбай, операциялар жасауға құқылы.
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті мәліметтерді және құжаттарды беруге міндетті.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері осы бапта көзделген шараларды қабылдаған кезде өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанмен клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер алуды қамтамасыз етеді.
Бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді клиенттер (олардың өкілдері) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша береді.
6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттелуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөнінде, осы баптың талаптарына ұқсас шаралар қабылдайтын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайтынын белгілеуге тиіс.
6-1. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай қаржы тобының басқа қатысушылары қолданған, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға мынадай шарттар сақталған кезде сүйене алады:
1) осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар;
2) қаржы тобының қатысушылары тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтайды;
3) қаржы тобының жауапты ұйымы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асырады және қаржы тобы қатысушыларының оларды сақтауын қамтамасыз етеді;
4) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушысы болып табылатын қаржы мониторингі субъектісі клиентінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы ақпаратты және құжаттарды осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімінің болуы.
7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.
Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.
Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі жағдайларында клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.
Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;
2-1) қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер алу;
3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.
Клиенттерді (оның өкілдерін), бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.
Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.
8. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингінің басқа субъектілерін қоса алғанда, өзге адамдарға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды осындай адамдармен жасалатын шарттар негізінде қолдануға құқылы.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі:
1) осындай адамның шарт талаптарын ескере отырып, қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
2) растау құжаттарының көшірмелерін қоса алғанда, осындай адамнан клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді уақтылы алуды қамтамасыз етуге;
3) осындай адамның қаржы мониторингі субъектісін ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауын бақылауды мерзімділік негізде жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өзге адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осындай қаржы мониторингі субъектілерінің атынан қаржылық қызметтерді көрсету шарттарын жасасуға құқық беру жағдайларына да қолданылады.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі осындай адамның осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы үшін жауапты болады.
Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымына осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін ескеруге міндетті.
9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қаржы мониторингі субъектілеріне іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатуға, егер:
1) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса;
2) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі өздеріне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылса;
3) клиент сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақысы және (немесе) сақтандыру төлемдері банктік шоттар арқылы жүзеге асырылатын электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасуын қоспағанда, осы баптың 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдануды талап ететін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылса, тыйым салынады.
10. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғаларға қатысты:
1) клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын жүргізу;
2) қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды қайта қарау немесе қажеттілігіне қарай бұзу бойынша қосымша шаралар қолдануға міндетті.
Осы баптың 6, 6-1 және 8-тармағында көзделген, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қаржы мониторингі субъектілері Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғамен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қолданбайды.
Қаржы мониторингі субъектілері басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, осы баптың 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасауға құқылы емес.
11. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерімен іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілері іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолданады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осындай шаралар іскерлік қатынастар орнатылған кезде қабылданған жағдайды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген шараларды қабылдайды.
2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын шетелдік қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыру кезінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары мыналарды:
ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін);
егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында аталған жария лауазымды адамдарға қатысты осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша:
1) клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;
3) осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алуға;
4) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдауға;
5) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдануға міндетті.
2. Қаржы мониторингі субъектілері тәуекелдің жоғары деңгейі берілген, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдарға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына қатысты осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген шараларды қосымша қолдануға міндетті.
3. Осы Заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген адамдарды қоспағанда, жария лауазымды адамдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам өзінің өкілеттігін орындауды тоқтатқан күннен бастап осы баптың 2-тармағының ережелері жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына он екі ай бойы қолданылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
1) жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызмет сипаты, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
2-1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының корреспондент банктің шоттарына тікелей қолжетімділігі бар клиентке тиісінше тексеру жүргізгені және оның корреспондент банктің сұратуы бойынша клиентті тиісінше тексеру жөнінде қажетті ақпарат бере алу мүмкіндігінің бар екені жөнінде растау алуға;
3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі туралы ақпарат, операцияға қатысушылар туралы ақпаратты қоса алғанда, операция туралы ақпарат және қажеттігіне қарай күдікті операцияны айқындау белгісі, қаржы мониторингіне жататын операция жөнінде қосымша ақпарат қамтылады.
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және күдікті операцияны айқындау белгілерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері құжаттай тіркейді және уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ немесе орыс тілінде электрондық тәсілмен береді.
Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты мынадай мерзімдерде:
осы Заңның 4-бабының 1-тармағы бойынша жасалған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей;
осы Заңның 4-бабының 3-тармағы бойынша осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде;
осы Заңның 4-бабының 5-тармағы бойынша клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциясы танылған және осындай танылу нәтижелері тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:
1) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;
2) нотариустар ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен байланысты емес нотариаттық әрекеттерді жүзеге асырған кезде, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде бермейді.
3-1. Осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган қажет болған жағдайда қаржы мониторингі субъектісіне оның қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі жөнінде сұрау салу жібереді.
Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-1-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсаттарда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.
Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тиісті сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.
Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісінің жазбаша өтініші бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы емес.
3-2. Уәкілетті органнан Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген халықаралық ақша аударымдары бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақша аударымдары жүйесінің операторымен жасалған шарт негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тиісті сұрау салуды алған кезден бастап ақша аударымдары жүйесінің операторынан мынадай мәліметтер мен ақпаратты:
1) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін);
2) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), туған күнін, туған жерін және жеке басты куәландыратын құжатының нөмірін сұратады.
Ақша аударымдары жүйелерінің операторлары жасалған келісімге сәйкес банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тиісті сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қажетті ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.
4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.21 N 19-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қаржы мониторингінің субъектілері өздерінің көрсететін қызметтерін басқа тұлғалар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру немесе оған жәрдемдесу мақсаттары үшін пайдаланбайтындай шаралар қабылдайды.
2. Қаржы мониторингінің субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлейді, сондай-ақ ережелерді сақтауға және бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.
3. Заңды тұлға құратын қаржы мониторингі субъектілерінің басқару органы немесе атқарушы органы және заңды тұлға құрмайтын қаржы мониторингі субъектісі ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды және қаржы мониторингі субъектілері оларды қаржы мониторингі субъектілері көрсететін қызметтердің кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін, ұйымның мөлшерін, сипаты мен күрделілігін ескере отырып, орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелін (тәуекелдің төменгі, жоғары деңгейлерін) басқару бағдарламасын;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын;
ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері осы қаржы тобы үшін оның қатысушыларының өзіндік ерекшелігі мен ерекшіліктерін ескере отырып, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге, қабылдауға және орындауға құқылы.
3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару және кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөнінде қосымша бақылау шаралары мен рәсімдерді қолдануға міндетті.
Төлем агентімен немесе қосалқы төлем агентімен төлем қызметтерін көрсету жөнінде агенттік шарт жасасқан ұйымдар оны қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өздерінің бағдарламаларына енгізуге және оның осындай бағдарламаларды орындауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптарды:
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар бөлігінде) және 12) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6), 9), 10) және 20) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ тауар биржалары үшін уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7), 8), 13), 15), 16) және 18) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті орган;
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.
4. Клиенттің дерекнамасын, шот туралы мәліметтерді (банктер және шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін) және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл қаржы мониторингi субъектiлерiнің сақтауына жатады.
Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына жатады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтер валюта сомасы мен түрлерін қоса алғанда, клиенттің операцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтуға тиіс.
5. Клиенттерге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылған шаралар туралы, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту туралы хабарлауды қоспағанда, клиенттерге және өзге де тұлғаларға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қабылдайтын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабарлауға тыйым салынады.
6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен беруі коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылаудың іске асырылуы шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттар алмасуды және оларды ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен пайдалануды мынадай шарттар сақталған кезде:
1) алмасуы осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылатын ақпарат пен құжаттарға қатысты қаржы мониторингі субъектілері қаржы тобы үшін ішкі бақылау қағидаларында белгіленген талаптарды орындаған;
2) алмасуға және пайдалануға осы тармаққа сәйкес жол берілетін ақпарат пен құжаттардың анықтығы мен дәлдігіне күмән болмаған кезде;
3) қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына клиент туралы ақпарат пен құжаттарды беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімі болған кезде жүзеге асыруға құқылы.
7. Ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға осы Заңға сәйкес берген жағдайда қаржы мониторингі субъектілері, олардың жұмыскерлері және лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
8. Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша бекiтеді.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдауға және оларды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеуге міндетті.
2. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым:
1) өздерінің бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеруге;
2) жылына бір реттен сиретпей не өзгерістер енгізілген жағдайда, өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді жаңартып отыруға, сондай-ақ мұндай мәліметтерді құжаттық тіркеуге;
3) өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы, сондай-ақ өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты алған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға міндетті.
3. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өзінің құрылтайшыларынан (қатысушыларынан), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын тұлғалардан өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
4. Құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын, сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым осындай заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті.
5. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым уәкілетті органның сұрау салуы бойынша бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау, уақтылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
6. Осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға беруі, банктік құпияны қоспағанда, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.
Ескертпе.
Осы баптың мақсатында заңды тұлға деп, мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор субъектісін қоспағанда, ұйым түсініледі.
Ескерту. 12-3-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға мiндеттi.
Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, қаржы мониторингi субъектiлерi жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартуға және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтатуға мiндеттi.
Қаржы мониторингi субъектiлерi клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуға және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.
1-1. Қаржы мониторингі субъектілері террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімі, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымның немесе тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде (осы Заңның 12-бабының 8-тармағында және 12-1-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қабылдауға:
осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің (банктік шоттарға қызмет көрсетуге байланысты операцияларды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
осындай ұйымдар мен жеке тұлғалардың банктік шотын пайдаланбай төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқауларды, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға, туристі міндетті сақтандыруға байланысты операцияларды қоспағанда);
осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын (осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді, аударуды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйым жасайтын не оның пайдасына жасалатын, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын өзге де операцияларды жүргізуден бас тартуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін қаржы мониторингі субъектісімен жасалған шарттар бойынша мынадай операцияларға қатысты қолданылмайды:
1) банктік салым мерзімдерін ұзарту;
2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотынан ақшаны банктік қарыз, лизинг шарттары немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді өтеу есебіне есептен шығару және аудару.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының билік ету шектелген мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден алып тасталғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
Қаржы мониторингі субъектілері ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға береді.
Бұл ретте операциялар жасалған уақыт пен осындай операция күдікті деп танылған уақыт арасындағы айырмашылық қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингінің субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алған соң жиырма төрт сағат ішінде, операция жүргізу туралы не операция жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне электрондық тәсілмен жеткізеді.
Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, одан кейінгі келесі жақын жұмыс күні шешім қабылдау мерзімі аяқталған күні болып есептеледі.
Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол күдікті операция туралы хабарды ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің және мемлекеттік органның назарына электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.
4. Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті орган күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешім шығарғанға дейін осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес хабар берілген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізбейді.
Қаржы мониторингі субъектісі ақпарат хабарланған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімін алмаған жағдайда, егер осы операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.
5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде шешім қабылдауға және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының тиісті шешімін алған кезден бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.
5-1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына хабарлайды.
5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.
6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, оларды тоқтата тұру, сондай-ақ іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту немесе іскерлік қатынастарды тоқтату тиісті шарттардың (міндеттемелердің) талаптарын бұзғаны үшін қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негіздер болып табылмайды.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру және оларды тоқтатып қою мұндай тоқтата тұру және тоқтатып қою салдарынан туындаған залал, оның ішінде қолдан шығарып алған пайда үшін мемлекеттік органдардың азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау, ақпарат беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау, оның ішінде даярлау және оқыту бағдарламаларын орындау бөлігінде сақтауын мемлекеттік бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің АХҚО-ның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқығын сақтауын бақылауды АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген тәртіппен АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уәкілетті орган:
1) осы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
2) алынған ақпаратты талдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жібереді;
4-1) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;
5) осы Заңның 13-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне және 5-тармағына сәйкес күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұрған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін ақпарат береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді;
5-1) жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты өзге де қылмыстық құқық бұзушылық жасаумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары жіберілген ақпарат бойынша шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;
5-2) осы Заңға сәйкес берілген ақпарат бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірыңғайлығын және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді;
9) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
10) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделейді;
11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
12) халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметіне белгіленген тәртіппен қатысады;
13) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
13-2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
13-4) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;
13-6) өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілері үшін олардың қызметінің ерекшеліктерін және өзіндік ерекшелігін ескере отырып нұсқаулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
13-7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайларының (зайыптарының) және жақын туыстарының тізімін жүргізеді;
13-8) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ұйымдардың және жеке тұлғалардың қызметін талдау және мониторингтеу, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі практиканы, ұсыныстарды жинақтап қорыту туралы ақпаратты уәкілетті органға беру нысаны мен мерзімдерін белгілейді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) қаржы мониторингін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын қарауға және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға хабарлауға;
3) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) бақылау функцияларын жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
5) бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) дербес анықтаған кезде жеке және заңды тұлғалардың деректемелерін көрсете отырып, күдікті операциялар туралы, оның ішінде нарық бағаларынан көпе-көрінеу алшақ бағаларымен тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) экспорты (импорты) бойынша мәмілелер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар қабылдауға;
1-2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) дербес анықтаған кезде қаржы мониторингі субъектілерінің осы Заңның нормаларын бұзуы туралы уәкілетті органға хабарлауға;
3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелері мен ресурстарынан мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынуға;
4) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
5) өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілері үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге және бекітуге;
6) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан қаржы мониторингі субъектілерінің қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.
3. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың санкциясымен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген істер мен материалдар бойынша сұрау салуды жібереді.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқордағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар шегінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдарынан алынған мәліметтер мен ақпарат шегінде жүзеге асырады.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен электрондық нысанда беріледі.
Уәкілетті органның, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алуы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіп ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттық бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімдерде міндетті түрде уәкілетті органға ұсына отырып жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам, оның зайыбы (жұбайы) және жақын туыстары туралы мәліметтерді уәкілетті органға мұндай жария лауазымды адам Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органында немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде лауазымға сайланған немесе тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); ; 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Уәкілетті органның шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастығы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғаларды, ұйымдар мен бенефициарлық меншік иелерін, басқа да байланысты қылмыстарды, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды анықтау, сондай-ақ осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) өзге мүлкін іздестіру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
3. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес алынған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуын орындау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды іздестіру және (немесе) тоқтата тұру туралы сұрау салу жібереді.
Уәкілетті органның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуын қанағаттандыру туралы шет мемлекеттің құзыретті органының жауабы алынған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органын және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын дереу хабардар етеді.
4. Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.
5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін жағдайда жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын орындаудың басымдығын белгілей алады.
Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ сұрау салу алынғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.
6. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:
1) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғаса, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтіретін болса;
2) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына әсер ететін болса;
3) шет мемлекеттің құзыретті органы берілетін ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың қорғалуын қамтамасыз ете алмайды деп пайымдауға негіздер болса, шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Уәкілетті орган бас тарту негіздерін көрсете отырып, шет мемлекеттің құзыретті органын сұрау салуды қанағаттандырудан бас тарту туралы хабардар етеді.
7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімдер жасасуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |