Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агрессия - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы.
Соғыстың жариялану-жарияланбауына қарамастан мынадай iс-қимылдардың кез келгенi:
шет мемлекеттiң қарулы күштерiнiң Қазақстан Республикасының аумағына басып кiруi, шабуыл жасауы, қарулы күштi қолдана отырып Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бөлiгiн аннексиялаудың кез келгенi;
Қазақстан Республикасының аумағын бомбалау немесе шет мемлекеттiң кез келген қаруды Қазақстан Республикасына қарсы қолдануы;
шет мемлекеттiң қарулы күштерiнiң Қазақстан Республикасының порттарын немесе жағалауларын қоршап алуы;
шет мемлекеттiң қарулы күштерiнiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарына, Қазақстан Республикасының теңiзде жүзетiн сауда немесе азаматтық авиация Keмесiне шабуыл жасауы;
халықаралық шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан шет мемлекеттiң қарулы күштерiн халықаралық шартта көзделген талаптарды бұза отырып қолдану немесе халықаралық шарттың
қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн де олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуының кез келген түрде жалғасуы;
басқа мемлекеттiң билiгiне берiлген аумақта, сол мемлекеттiң Қазақстан Республикасына қарсы агрессия актiсiн жасау үшiн пайдалануына мүмкiндiк жасаушы мемлекеттiң iс-қимылы;
мемлекеттiң немесе мемлекет атынан Қазақстан Республикасына қарсы тегеурiндiлiгi жоғарыда атап көрсетiлген актiлерге пара-пар қарулы күш қолдану актiлерiн жүзеге асыратын қарулы бандалардың, топтардың және тұрақты eмec күштердiң немесе жалдамалылардың жiберiлуi;
шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы бағытталған өзге де iс-қимылдары, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк Кеңесi агрессия ретiнде белгiлеген актiлер агрессия актiсi болып танылады;
2) аннексия - Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бiр бөлiгiн шет мемлекеттiң күштеп қосып алуы, басып алуы;
3) әскери цензура - хабарлар мен материалдардың не олардың жекелеген бөлiктерiнiң таралуына шектеу қою немесе тыйым салу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлар мен материалдарды әскери басқару органдарымен және мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен олардың талабы бойынша немесе өзге де негiздер бойынша алдын ала келiсуi, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтердiң жариялануы мен әйгiленуiне жол бермеу мақсатында хат-хабар алмасуға, телефон және радио арқылы сөйлесулерге бақылауды жүзеге асыру;
4) соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим;
5) интернирлеу – Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жасаған мемлекеттің азаматтарын халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес ұстап алу және арнайы бөлінген қоныстандыру орындарына жабу;
6) коменданттық сағат - соғыс жағдайы кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялық және басқа да дұшпандық әрекеттердiң жолын кесу мақсатында қолданылу мерзiмдерi мен уақыты көрсетiле отырып енгiзiлетiн, халықтың арнайы берiлген рұқсат қағаздар мен жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тәулiктiң белгiленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елдi мекендер арасында жүрiп-тұруына тыйым салатын шара;
7) қауiпсiздiкке сырттан тiкелей төнген қатер - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қатерi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлаушылық, террористiк, диверсиялық және Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiне залал келтiруге бағытталған өзге де әрекеттерi;
8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары;
9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесі – соғыс жағдайы кезеңіне құрылатын және әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және арнаулы құралымдарға мемлекет қорғанысы мүдделерінде басшылықты жүзеге асыратын әскери басқару органы.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. N 70; 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақта мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
1) Республиканың мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарын, сондай-ақ экономикасын соғыс жағдайы талаптарына сай жұмыс iстеуге көшiру;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыра өрістетуін жүргiзу;
3) Қарулы Күштердiң мүдделерiне сай мiндеттердi орындау үшiн арнайы құралымдар жасақтау, экономиканың iркiлiссiз жұмысы мен халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету;
4) азаматтық және аумақтық қорғаныс iс-шараларын өткiзу;
5) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу;
6) қоғамдық тәртiптiң, сондай-ақ республикалық объектiлер бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық объектiлер бойынша - жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн тiзбелерге сәйкес мемлекеттiк және әскери объектiлердiң, халықтың тыныс-тiршiлiгiн, көлiк пен коммуникациялардың жұмысын қамтамасыз ететiн объектiлердiң, адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн аса қауiптi объектiлердiң күзетiн күшейту;
7) көлiк, коммуникациялар және энергетика, сондай-ақ адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн аса қауiптi объектiлер жұмысының ерекше режимiн белгiлеу;
8) халықты, шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени мақсаттағы объектiлердi эвакуациялау, сондай-ақ азаматтарды және басқа адамдарды өмiр сүруге қауiптi аудандардан, уақытша немесе тұрақты тұруы және орналасуы үшiн оларға мiндеттi түрде тұрғын үй-жай және тұрғын үйге жатпайтын үй-жай бере отырып, басқа аудандарға уақытша көшiру;
9) жеке және заңды тұлғалардан қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi мүлiктi, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен және жағдайда реквизициялау, оларға реквизицияланған мүлiк құнын мемлекеттiң өтеуi;
10) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және одан шығудың ерекше режимiн белгiлеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ жүрiп-түру еркiндiгiн шектеу;
11) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту;
12) соғыс жағдайы енгiзiлген жерде болатын орын мен тұратын орынды таңдауға тыйымдар мен шектеулер белгiлеу;
13) бейбіт жиналыстарды, ереуілдерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;
14) коменданттық сағат белгiлеу және әскери басқару органдары мен мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша азаматтардың және басқа да адамдардың құжаттарын тексерудi жүзеге асыруына, олардың жеке басына тексеру жүргiзуiне, заттарын, тұрғын үйi мен көлiгiн тексерiп қарауына, сондай-ақ азаматтарды, басқа да адамдарды және көлiк құралдарын ұстап, iркудi жүзеге асыруына құқық беру;
15) қару-жарақ, оқ-дәрi, жарылғыш және улы заттар сатуға тыйым салу, құрамында есiрткi және өзге де күштi әсер ететiн заттар бар дәрi-дәрмек пен медициналық препараттар, алкоголь өнiмдерi айналымының ерекше режимiн белгiлеу;
16) (Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 70 Заңымен)
17) баспаханалардың, есептеу орталықтарының және автоматтандырылған жүйелердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына бақылау орнату, оларды қорғаныс қажетi үшiн пайдалану, сондай-ақ олардың қызметiн шектеу;
18) әскери цензура енгiзу;
19) интернирлеу;
20) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына тыйым салу немесе шектеу;
21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимiн күшейтуге бағытталған қосымша шаралар енгiзу;
22) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз етуге қажеттi өзге де шаралар.
2. Соғыс жағдайы кезеңiнде мемлекеттiң қорғаныс мүддесiндегi қажеттерiн, сондай-ақ халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшiн қажеттi өнiмдер өндiруге, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында экономикалық және қаржылық қызметтi жүзеге асыруға; тауарлардың, ақшаның және қызмет көрсетудiң бiрден бiрге еркiн өтуiне; ақпаратты iздеуге, алуға, беруге, өндiруге және таратуға; банкроттық рәсiмдерiн қолданудың тәртiбi мен шарттарына; еңбек қызметiнiң режимiне арналған уақытша шектеулер қоюға байланысты шаралар қолданылуы мүмкiн, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында да, оның жекелеген жерлерiнде де қаржы, салық, кеден және банк жүйелерiнiң жұмыс ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген соғыс жағдайы шараларын жүзеге асыруды регламенттейтiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер соғыс жағдайының күшiнде болу кезеңiнде де, ол енгiзiлгенге дейiн де қабылдануы мүмкiн.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 70, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2015 № 275-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша мынадай негізгі міндеттерді орындау үшін:
1) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және ол аумақтан шығудың ерекше режимiн сақтау, сондай-ақ ондағы жүрiп-тұру еркiндiгiн шектеу;
2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялық-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткiзуге қатысу;
3) күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік және әскери объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілерді күзету;
4) қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу;
5) заңсыз қарулы құралымдардың, террористердiң, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында, әскери басқару органдарында қызметi Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталғандығы туралы анық мәлiметтер бар қоғамдық және дiни бiрлестiктер, шетелдiк және халықаралық ұйымдар әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн Қарулы Күштер қолданылады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар тартылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы.
2. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылып отырған
әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қару-жарақ, әскери техника, арнайы құралдар алып жүру, сақтау, қолдану, сондай-ақ дeнe күшін қолдану құқығы берiледi.
Аталған адамдар дене күшiн, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын қолдануға байланысты келтiрiлген зиян үшiн, егер келтiрiлген зиян төнген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне сәйкес болса, жауапты болмайды.
2. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылған әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерi дене күшiн, арнайы құралдарды, қару-жарақты немесе соғыс техникасын:
1) мемлекеттiк және әскери объектiлерге, азаматтарға және басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, сондай-ақ азаматтардың және басқа да адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн қарсылықты болғызбау үшiн;
3) өздерiмен бiрге қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, химиялық немесе улы заттарды алып жүрген адамдарды, егер олар:
қылмыс жасау үстiнде қолға түссе;
әскери қызметшiлердiң немесе мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамаса;
әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi жүзеге асыруына кедергi келтiрсе, оларды ұстау үшiн;
4) күзетiлетiн объектiлер мен әскерлердiң орналасқан жерлерiне заңсыз енiп кету әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн;
5) кепiлдiкке алынғандарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды, көлiк құралдары мен жүктердi азат ету үшiн, сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзудың жолын кесу үшiн;
6) жүргiзушiсi заңды талаптарды орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн;
7) дабыл немесе көмекке шақыру белгiсiн беру үшiн;
8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де жағдайларда қолдануға құқылы.
3. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қару-жарақты және соғыс техникасын өкiлеттiктен асыра қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа апарып соғады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының Президенті соғыс жағдайы кезеңінде:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасын құрады, соғыс жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы туралы ережені бекітеді;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережені бекітеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекітеді;
5) соғыс жағдайы кезеңіндегі өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар туралы ережелерді бекітеді;
6) мемлекеттiк органдардың келiсімді түрде жұмыс істеуін және өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз етедi;
7) соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың осы шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiн бекiтедi;
8) соғыс жағдайы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерді шығарады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төтенше мемлекеттiк бюджеттi қабылдап, енгiзедi және бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Парламентiне хабар береді;
10) осы Заңға сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, мемлекеттік органдарды қолдану тәртібін белгілейді және олардың міндеттерін айқындайды;
11) бейбіт жиналыстарды, ереуiлдерді ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салуларды немесе шектеулерді белгiлейдi;
12) әскери қызмет өткерудiң ерекшелiктерiн айқындайды;
13) көлiктiң, коммуникациялардың және энергетиканың, сондай-ақ адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауiп төндіретін объектiлердiң ерекше жұмыс режимiн белгiлейдi;
14) қорғаныс және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
15) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң соғыс жағдайы қолданылатын кезеңдегі құрылымын айқындайды;
16) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 10) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі соғыс жағдайы кезеңінде:
1) соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережелерді бекітеді;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық етеді;
3) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен басқа да адамдардың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне төтенше мемлекеттiк бюджеттi ұсынады және оның атқарылуын қамтамасыз етедi;
5) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасы Парламентiнің агрессия жасаған мемлекетпен (мемлекеттер тобымен не коалициясымен) халықаралық шарттардың күшiн жоюы үшiн оларды өз құзыретi шегiнде ұсынады;
7) азаматтық және аумақтық қорғанысқа басшылық етеді, жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс іс-шараларын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар белгілеп береді;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды соғыс уақытының құрылымы мен штаттарына көшіруді ұйымдастырады;
9) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұйымдар мен халықты құлақтандыру жүйесін ұйымдастырады;
10) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары соғыс жағдайы кезеңінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдарының соғыс жағдайы шараларын орындауын қамтамасыз етеді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесіне тікелей басшылық ету тиісті әкімге жүктеледі.
Ескерту. 3-тарау 10-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс
жағдайы кезеңіндегі қызметі
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе оның жекелеген жерлерiндегi соғыс жағдайы оны енгiзуге негiз болған әрекеттер тоқтағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен күшін жояды.
2. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және азаматтар мен басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде ғана қолданылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен күшiн жоюға тиiс.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).