Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;

2) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;

2-1) мемлекеттiк инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;

2-2) қауiптi өндiрiстiк фактор – қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтiретiн физикалық құбылыс;

3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнен қорғалуының жай-күйi;

4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

5) техникалық басшы – ұйымның технологиялық процесiне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары бiлiмi бар маман;

6) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк  қауiпсiздiк саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.  

3-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлер және техникалық  құрылғылар

 Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерге:

1) мынадай:

тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;

жарылғыш - сыртқы әсердiң белгiлi бiр түрлерi кезiнде жылу бөлiп, газ құрап, өздiгiнен жылдам тарайтын химиялық өзгерiстерге ұшырай алатын зат;

жанғыш – өздiгiнен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзiнен от алып, оны алып тастағаннан кейiн өздiгiнен жанатын зат;

тотықтандырғыш – жануға көмектесетiн, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтiрудiң экзотермиялық реакциясы нәтижесiнде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;

уытты – тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар зат:

асқазанға енгiзiлген кезде өлтiретiн орташа дозасы бiр килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейiн келетiн;

терiге енгiзген кезде өлтiретiн орташа дозасы бiр килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейiн келетiн;

ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейiн келетiн;

жоғары уытты – тiрi организмдерге әсер ету кезiнде олардың өлiмiне әкеп соқтыруға бейiм және мынадай сипаттамасы бар зат:

асқазанға енгiзiлген кезде өлтiретiн орташа дозасы бiр килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;

терiге енгiзген кезде өлтiретiн дозасы бiр килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;

ауадағы өлтiретiн орташа шоғырлануы бiр литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;

қоршаған орта үшiн қауiп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткiштермен сипатталатын зат:

балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтiретiн орташа дозасы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын;

дафнияға қырық сегiз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын;

балдырларға жетпiс екi сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтiн шоғырлануы литрiне 10 миллиграмнан аспайтын қауiптi заттардың бiрi өндiрiлетiн, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, түзiлетiн, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;

 құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiптi заттар бар өндiрiс қалдықтары;

радиоактивтi және ионды сәулелену көздерi;

2) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

3) қара, түстi, бағалы металдардың балқымалары және олардың негiзiнде алынатын қорытпалар жасалатын;

4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру және минералды шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргiзiлетiн;

5) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

6) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

7) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлерi пайдаланылатын;

8) қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;

9) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Қауiптi техникалық құрылғыларға:

1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезiнде жұмыс iстейтiн техникалық құрылғылар;

2) жүк көтергiш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтiлер жатады.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

3-1-бап. Өндiрiстiк объектiнiң қауiптiлiгiн бағалау

1. Өндiрiстiк объектiнiң қауiптiлiгiн бағалау:

1) жазатайым оқиғалардың жиiлiгi;

2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;

3) өлiмге әкеп соғатын жарақаттанудың жиiлiгi;

4) кәсiптiк ауру;

5) негiзгi қорлардың тозуы;

6) негiзгi қорларды ауыстыру;

7) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң авариялылығы коэффиценттерi бойынша жүзеге асырылады.

Өндiрiстiк объектiлер қауiптiлiгiнiң деңгейiн, оның iшiнде орташа салалық көрсеткiштерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң иелерi мен сақтандыру ұйымдары өздерi ұсынатын қосымша материалдар негiзiнде өндiрiстiк объектiлер қауiптiлiгiнiң есептелген деңгейiн өзгертудi талап етуге құқылы.

2. Объект қауiптiлiгiнiң жалпы деңгейi осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.

Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  

4-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;

2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жiберу;

3) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;

4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк қадағалау;

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау;

6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге ұйымды аттестаттау;

7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өнеркәсiптiк қызметкердi, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиiс.

 3. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк актiлерiмен белгiленедi.

Нормативтiк актiлер нормативтiк актiде көрсетiлген қызмет аясында орындалуға мiндеттi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қамтиды.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк актiлердi тiркеудi және есепке алуды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209, өзгерту енгiзiлдi - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

5-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ақпарат

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, жеке және заңды тұлғалар қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның әкiмшiлiгiнен қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨНЕРКӘСIПТIК ҚАУIПСIЗДIК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI  

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;

2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бағдарламаларды бекiтедi;

3) техникалық регламенттердi бекiтедi;

4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; P030113

5) уәкiлеттi органның ведомстволары жанында екi немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелер құрады;

6) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 N 209, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

 Уәкiлеттi орган:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;

1-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;

2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады;

3) техникалық регламенттердi бекiтудi қоспағанда, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;

4) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi авариялардың себептерiн тексерудi ұйымдастырады;

5) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметiне басшылық жасайды, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың жұмысын үйлестiредi;

7) ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырады;

8) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

9) әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтандарға қарсы қызметтер мен құралымдар қызметiне басшылық жасайды;

10) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алу iсiн жүзеге асырады;

11) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi бiрдейлендiрудiң - объектiнi ұйымдардың құрамында қауiптi өндiрiстiк объектiлер санатына жатқызудың негiзгi талаптарын белгiлейдi; P090259

12) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындайды;

13) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен шетелдiктердiң қызметiн реттейдi;

14) қауiптi өндiрiстiк факторлардың өндiрiс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсiз зиянды әсер ету қаупi бар қызметтi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтата тұруға құқығы бар;

15) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;

16-1) мемлекеттiк инспекторға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк, нөмiрлi мөртабан және пломбир беру тәртiбiн айқындайды;

16-2) қызметтiк куәлiк, нөмiрлi мөртабан және пломбир үлгiсiн белгiлейдi;

16-3) мемлекеттiк инспекторлар актiлерiнiң нысандарын бекiтедi;

17) техникалық регламенттердi әзiрлейдi немесе келiседi;

17-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы талаптарды белгiлейтiн нормативтiк актiлердi бекiтедi;

17-2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды келiседi;

17-3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк актiлердi тiркейдi және олардың есебiн жүргiзедi;

18) өндiрiстiк бақылау тиiмдiлiгiн, ұйымдардың аварияларды және оның салдарын жоюға дайындығын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде аварияларды және олардың салдарын оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды бақылайды;

19) жұмыстың қауiптi түрлерiн жүргiзген кезде технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) қолдануға рұқсаттар бередi;

20) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингiн жүргiзедi;

21) қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердi есепке алуды жүзеге асырады;

22) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазiргi заманғы техникалық растаудың жүргiзiлуiн бақылайды;

23) ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзу құқығына аттестаттауды және олардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;

24) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдап алу сынақтарын жүргiзудi келiседi;

26) алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

27) өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды аумақтық бөлiмшелерге бередi;

28) "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

29) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiрумен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi мiндеттi қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң орындауын бақылайды;

30) халықты және ұйымдарды қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етедi;

30-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi мiндеттi декларациялануға жататын өнеркәсiп объектiлерiнiң электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi және декларацияланған объектiлер туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады;

31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.29 N 209, 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

8-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы  органдарының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы  құзыретi

Ескерту. 8-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).  

9-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының  өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы құзыретi

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде:

1) Алынып тасталды

2) қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерi болған жағдайларда қолда бар күштi, құралдар мен ресурстарды тарта отырып, салдарын шектеу, адамдардың өмiрiн құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерiн қорғау, меншiктi күзету, қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындау жағынан қажеттi көмек көрсетедi;

3) Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (2010 жылғы 1 қаңтарда бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4) жерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерге берудi сараптамалық қорытынды негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiседi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209, 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен. 3-тарау. ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨНЕРКӘСIПТIК ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ЖӨНIНДЕГI МIНДЕТТЕРI  

10-бап. Жұмыскерлердiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi  қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмыскерлер:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;

2) ұйымның әкiмшiлiгiн қауiптi өндiрiстiк объектiдегi авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;

3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;

4) авариялар, инциденттер себептерiн тексеру кезiнде көмек көрсетуге мiндеттi.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.12.29 N 209, 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.  

11-бап. Қауiптi өнеркәсiптiк объектiге ие жеке және  заңды тұлғалардың мiндеттерi

Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;

3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;

5) әрi қарай пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзуге;

6) белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге;

7) қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбауға;

8) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсынуға;

9) авариялардың, инциденттердiң туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;

10) уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк факторлардың туындауы туралы дереу хабардар етуге;

11) авариялардың, инциденттердiң есебiн жүргiзуге;

12) мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындауға;

13) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;

14) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерi, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;

15) қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;

16) мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;

16-1) мемлекеттiк инспектор қауiптi өндiрiстiк объектiде өз мiндеттерiн атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауiпсiздiк приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;

17) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

18) өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;

19) осы Заңмен айқындалған қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялауға;

20) жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;

21) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;

22) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң декларациясына сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге;

23) кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құруға;

24) - 26) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

27) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне қауiптi заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулiк бұрын хабарлауға;

28) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;

29) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергiлiктi жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторымен келiсуге;

30) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттiк инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзуге мiндеттi.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

11-1-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мiндеттi  декларациялау

 1. Пайдалану кезiнде қауiптi өндiрiстiк факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкiндiгi бар қауiптi өндiрiстiк объектiлер мiндеттi түрде декларациялануға жатады.

Қауiптi өндiрiстiк факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкiндiгi жоба алдындағы шешiмдерге өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу арқылы белгiленедi.

Сараптама қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өндiрiстiк факторларды, сондай-ақ олар әсер етуi ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.

Уәкiлеттi орган сараптамалық қорытынды негiзiнде қауiптi өндiрiстiк объектiнi декларациялау туралы шешiм шығарады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi - декларация) қауiптi өндiрiстiк объектiнi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзiрленедi, қайта қаралады.

3. Декларация мынадай мәлiметтердi:

1) қауiптi заттар (оның iшiнде өндiрiлетiн) тiзбесiн және олардың сипаттамаларын;

2) қауiптi өндiрiстiк факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);

3) қауiптi өндiрiстiк факторлардың таралуы туралы технологиялық деректердi;

4) қауiптiлiк пен тәуекелге талдауды;

5) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шешiмдердi;

6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;

7) қызметкерлердi авария жағдайында iс-әрекетке дайындауды;

8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерiнiң схемасын;

9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесi; адамдарды қорғау жөнiндегi құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтiк ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиiс.

4. Декларацияны әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйым не өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады.

5. Декларация ондағы өндiрiстiк қауiпсiздiк мәлiметтерi өзгерген немесе өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өзгерген кезде өзгерiстер пайда болған кезден бастап үш ай iшiнде нақтыланады.

6. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.

Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның иесi декларациядағы мәлiметтердiң уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

7. Декларация сараптамадан өткiзiледi.

Декларацияға өзгерiстер енгiзiлген кезде ол мiндеттi түрде қайтадан сараптамадан өткiзiлуге тиiс.

8. Декларация екi данада қағаз жеткiзгiште, сондай-ақ электрондық жеткiзгiште жоба құрамында сараптама қорытындысымен бiрге немесе жеке құжат түрiнде уәкiлеттi органға тiркеу үшiн ұсынылады. Бiр данасы және электрондық нұсқасы – уәкiлеттi органда, екiншi данасы қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланушы ұйымда сақталады.

9. Қауiптi объектiнi декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.

10. Уәкiлеттi органның қауiптi өндiрiстiк объектiнi декларациялау туралы немесе декларациялаудың қажет еместiгi туралы шешiмi сараптама қорытындысының түпнұсқасы қоса берiлген қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң еркiн нысандағы өтiнiшi бойынша берiледi.

Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 N 209, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

11-2-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алу  және есептен шығару

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу, есептен шығару үшiн оның иесi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне өтiнiш бередi.

2. Өтiнiште қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу немесе есептен шығару үшiн оны сәйкестендiрудiң негiздемелерi көрсетiледi.

3. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу, есептен шығару иесiн хабардар ете отырып, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.

Қауiптi өндiрiстiк объектiнi есепке алу, есептен шығару уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiндегi қауiптi өндiрiстiк объектiлердi есепке алу журналына тиiстi жазба жасау арқылы жүргiзiледi.

 Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

11-3-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салу,  реконструкциялау, жаңарту, жою жобаларын,  сондай-ақ жергiлiктi жобаларын келiсу

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi жобаны, сондай-ақ жергiлiктi жобаны келiсу үшiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бас инспекторына:

жобаны келiсуге жiберу туралы өтiнiштi;

жобаның көшiрмесiн;

жобаның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындының тұпнұсқасын ұсынады.

2. Жобаның, сондай-ақ жергiлiктi жобаның келiсiлгенi туралы оң шешiм немесе оны келiсуден дәлелдi бас тарту құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге жiберiледi.

 Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

12-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн  өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша  кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың  бiлiктiлiгiн арттыру

 1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң иелерiне жүктеледi.

2. Даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiсiлуге тиiс.

3. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссиялары құрылады.

Ұйымдардың тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы Бас мемлекеттiк инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуiмен уәкiлеттi органның комиссиясында емтихан тапсырады.

Тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссияларының құрамына уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк инспектор енгiзiледi.

Ұйымдардың бөлiмшелерiнде құрылатын емтихан комиссияларының мүшелерi емтиханды ұйымдардың тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссияларында тапсырады.

Мамандар, инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы персонал емтихандарды ұйымдардың бөлiмшелерiнде құрылатын емтихан комиссияларында тапсырады.

Емтихан комиссияларының жұмысына уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк инспекторы қатысады.

4. Жұмысты қауiпсiз орындау ережелерiн жұмысшы персоналға оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiсiлуге тиiс.

5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың:

1) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың – жыл сайын;

2) техникалық басшылардың, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлердiң – қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, үш жылда бiр рет;

3) қауiптi өндiрiстiк объектiде жұмысты орындаумен байланысты емес персоналдың – сегiз сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, ұйымның техникалық басшысы бекiткен тiзбе бойынша үш жылда бiр рет бiлiмдерi тексерiлуге жатады.

6. Емтихан қабылдау жөнiндегi комиссия бiлiмi тексерiлуден өткен адамдардан құралуға тиiс. Комиссияның құрамын қауiптi объектiнiң иесi айқындайды.

7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында жүргiзiлуi мүмкiн.

8. Комиссия құрамы кемiнде үш адам болуы керек.

9. Емтихан билеттерi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторымен келiсiледi.

10. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.

11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлiк берiледi.

Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезiнде емтихан комиссиясы төрағасының қолы – ұйымның мөрiмен, мемлекеттiк инспектордың қолы нөмiрлi мөртаңбамен куәландырылады.

12. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.

13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.

14. Мерзiмi өткен куәлiгi бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.

15. Оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi, соның iшiнде емтихан комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi барлық шығыстар қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi.

16. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк инспектордың емтихан комиссияларының жұмысына қатысуы үшiн ұйым уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн емтихан басталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн бұрын емтихан өткiзiлетiн күн мен уақыт туралы хабардар етедi.

Мемлекеттiк инспектор келмей қалған жағдайда комиссия емтихан қабылдауды оның қатысуынсыз жүзеге асырады.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 4-тарау. АВАРИЯЛАРДЫ, ИНЦИДЕНТТЕРДI ЖОЮҒА ӘЗIРЛIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Ескерту. 4-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.  

13-бап. Аварияларды, инциденттердi жоюға әзiрлiктi  қамтамасыз ету

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымдар аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-қимылға әзiрлiктi қамтамасыз ету мақсатында:

1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

2) қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардың алдын алу, аварияларды және олардың салдарларын шектеу және зардаптарын жою жөнiндегi профилактикалық жұмыстарға әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметтерi мен құрылымдарын тартуға;

3) авариялардың, инциденттердiң салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшiн материалдық және қаржылық ресурстар резервiн ұстауға; V095833

4) қызметкерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдiстерi мен iс-қимылдарын үйретуге;

5) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және iс-қимылды қолдау жүйелерiн құру мен олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  

13-1-бап. Аварияларды жою жоспары

Қауiптi өндiрiстiк объектiде аварияларды жою жоспары әзiрленедi.

Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша iс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерiнiң iс-қимылдары көзделедi.

Аварияларды жою жоспарында:

1) жедел бөлiм;

2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында мiндеттердi бөлу, олардың iс-қимылдарының дәйектiлiгi;

3) авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердiң тiзiмдерi болады.

Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекiтедi және авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрамаларымен келiсiледi.

Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

13-2-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы  жаттығулар

Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекiткен және уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiлген жоспар бойынша жүргiзiледi.

Оқу дабылын ұйым басшысы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң және авариялық-құтқару қызметiнiң өкiлдерiмен бiрлесе отырып жүргiзедi.

Оқу дабылының қорытындылары актiмен ресiмделедi. Актiде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледi.

Ескерту. 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

14-бап. Авариялардың себептерiн тексеру

Ескерту. 14-бап алынып тасталды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 4-1-тарау. Инциденттердiң, авариялардың себептерiн тексеру

және есепке алу Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

14-1-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң iс-әрекетi

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс iстемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимiнен ауытқыған (бұдан әрi - инцидент) кезде:

үш тәулiк iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн хабардар етедi;

инциденттi тексерудi жүргiзедi;

инциденттердi болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;

болған инциденттердiң есебiн жүргiзедi.

2. Авария болған кезде:

болған авария туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне, жергiлiктi атқарушы органға дереу хабарлайды;

хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етедi;

аварияның себептерiн тексеру жөнiндегi комиссияға аталған комиссияның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық ақпаратты табыс етедi;

комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.  

14-2-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi комиссия

1. Қауiптiлiгi декларациялануға тиiс объектiлердегi аварияны уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.

2. Қалған аварияларды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.

3. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi аварияларды тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады.

4. Комиссияның құрамына қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң өкiлi кiредi.  

14-3-бап. Комиссияның құқықтары

1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.

2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететiн мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелерi қол қойған материалдар аварияны тексеру жөнiндегi комиссияға комиссия төрағасы белгiлеген мерзiмде табыс етiледi.

3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөнiндегi комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктеме алуға құқығы бар.  

14-4-бап. Тексерудiң мiндеттерi

Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерiн, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестердi бұзудың сипатын, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi, материалдық залалды анықтайды.  

14-5-бап. Тексеру материалдары

Аварияны тексеру материалдарына:

1) аварияның себептерiн тексеру үшiн комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық

2) аварияның себептерiн тексеру актiсi, оған:

авария болған жердi қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;

авария орнының эскизi;

комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкiмi және аварияны тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;

сараптама комиссиясының аварияның себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердiң, эксперименттердiң, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;

3) авариялық-құтқару қызметi қызметкерлерiнiң (егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса) баянхаттары;

4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсiнiктемелерi;

5) қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту, олардың бiлiмiн тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;

6) аварияның мән-жайы мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар кiредi.

Тексеру материалдарын техникалық ресiмдеу қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей:

1) декларацияланған объектiдегi авария жөнiндегi материалды - уәкiлеттi органға;

2) қалған авариялар жөнiндегi материалдарды - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне жiбередi.

Комиссияның шешiмi бойынша аварияның себептерiн тексеру материалдары объект орналасқан жердегi сотқа жiберiлуi мүмкiн.  

14-6-бап. Тексеру қорытындылары

1. Объект иесi аварияның себептерiн тексерудiң нәтижелерi бойынша он күн iшiнде бұйрық шығарады.

Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептерi туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөнiндегi шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi және кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгiленуге тиiс.

2. Объект иесi аварияны тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмi туралы жазбаша хабарламаны уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне табыс етедi.

3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшiлiктерiнен болса, қауiптi объект иесi оны әзiрлеушiге рекламация, ал уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.  

14-7-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi  шығыстар

Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi көтередi. 4-2-тарау. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның iшiнде шетелдiк) сынауға және қолдануға рұқсат беру  Ескерту. 4-2-тараудың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Ескерту. 4-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен.

14-8-бап. Қайта жасалған техникалық құрылғыларға, материалдарға қабылдау сынақтарын жүргiзу

1. Қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын қайта құрылған, оның iшiнде шетелде өндiрiлген техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне қабылдау сынақтарына жатады.

Қабылдау сынақтарын уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымдар жүргiзедi.

2. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжiрибелiк үлгiлерiне қабылдау сынақтарын жүргiзуге рұқсатты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк инспекторы бередi.

3. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжiрибелiк үлгiлерiне қабылдау сынақтарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн аттестатталған ұйым уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне мынадай құжаттарды:

1) сынақ жүргiзу жөнiндегi комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрықты;

2) сынақ бағдарламасы мен әдiстемесiн ұсынады.

4. Тәжiрибелiк үлгiлерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда жүргiзiлуге тиiс.

5. Уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргiзiлуi мүмкiн. Сынақтардың көлемi мен оны жүргiзу тәртiбiн аттестатталған ұйым айқындайды.

6. Шетелде өндiрiлген техникалық құрылғылар, материалдар үшiн үлгiлерге қабылдау сынақтарын жеткiзушi елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргiзуiне жол берiледi. Мұндай сынақтарды жүргiзу уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

7. Қабылдау сынақтарының нәтижелерi бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары мен нормаларына сәйкестiгi туралы акт, кемшiлiктерiнiң болуы немесе болмауы, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар, өнiмнiң осы түрiн Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнiнде ұсыныстар берiледi.

Ескерту. 14-8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  

14-9-бап. Техникалық құрылғыларды, материалдарды  дайындауға рұқсат беру

 Ескерту. 14-9-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды,  материалдарды қолдануға рұқсат беру

1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша ақпараты бар өтiнiштi технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.

2. Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган оларды қолдануға рұқсат бередi.

3. Пайдалану процесiнде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда оларға берiлген рұқсат керi қайтарып алынады.

4. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берiлген, керi қайтарып алынған рұқсаттардың есебiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5. Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектiлерi үшiн қолданылады.

6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берiлген және керi қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкiлеттi орган мерзiмдiк баспасөзде жариялайды немесе уәкiлеттi органның сайтында орналастырылады.

7. Техникалық құрылғылар құрамына кiретiн iлмектердi, бөлшектердi, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектердi қолдануға рұқсат беру талап етiлмейдi.

Ескерту. 14-10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

14-11-бап. Жаңа, оның iшiнде шетелде өндiрiлген жарылғыш  материалдарды қолдануға рұқсат беру

1. Жаңа, оның iшiнде шетелде өндiрiлген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсатты уәкiлеттi орган сынақтар кешенiн өткiзгеннен кейiн бередi, ол:

1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормаларға сәйкес келуiне бақылау сынақтарын;

2) өндiрiстiк жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;

3) өндiрiстiк сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелерiне байланысты бiр немесе екi кезеңде жүргiзудi қамтиды.

2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына кәсiпорынның, сараптама ұйымының және уәкiлеттi органның өкiлдерi енгiзiлуге тиiс.

3. Өтiнiш берушi рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға тәжiрибелiк партияны қабылдап алу сынақтарының актiсiмен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысымен қоса өтiнiш ұсынады.

Ескерту. 14-11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  

14-12-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасау

1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке сараптама жасауға:

1) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салудың, кеңейтудiң, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.

Жобалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген жағдайда мiндеттi түрде қайта сараптама жүргiзiлуге тиiс;

2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

3) өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясы;

4) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйi;

 5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге арналған аттестатты алған кезде ұйымдар;

 6) қауiптi өндiрiстiк объектiнi декларациялау туралы шешiм қабылдау және оларға жер бөлудi келiсу үшiн қажет жоба алдындағы шешiмдер жатады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын уәкiлеттi орган аттестаттаған, өтiнiш берушi ұйымға тәуелсiз ұйымдар қауiптi өндiрiстiк объект иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

3. Сараптамалық қорытынды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу нәтижесi болып табылады.

Ескерту. 14-12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

14-13-бап. Ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында  жұмыстар жүргiзуге аттестаттау

1. Ұйымдар:

1) - 2) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында сараптама жүргiзу;

 4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5) - 6) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу;

8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;

9) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясын әзiрлеу құқығына аттестатталуға тиiс.

1-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жұмыстарды өтiнiш берушi ұйымға тәуелсiз, аттестатталған ұйымдар жүргiзуге тиiс.

2. Аттестаттау үшiн ұйым өнеркәсiп саласын және жүзеге асырылатын қызметтiң түрiн көрсете отырып, ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшiрмесiмен, ұйымның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiмен, ұйымның өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындымен қоса өтiнiш ұсынады.

3. Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде тапсырған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.

4. Уәкiлеттi орган қарау нәтижесi бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелдi шешiм ұйымға шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмде берiледi.

6. Аттестатты беруден мына себептер бойынша:

1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмағанда;

2) ұйым өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сай келмегенде бас тартылуы мүмкiн.

Ұйым аталған себептердi жойған кезде аттестаттау туралы өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.

7. Аттестаттың қолданылу мерзiмi бес жылды құрайды.

Ұйым өзiне берiлген аттестатта көзделмеген, осы баптың 1-тармағында аталған қызметтi жүзеге асырған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртiппен аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады.

Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Аттестаттың қолданылуы:

1) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтiнiштi ұсынған;

2) оның қолданылу мерзiмi бiткен;

3) заңды тұлға таратылған;

4) аттестаттан айрылған жағдайларда тоқтатылады.

8. Уәкiлеттi орган аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсына орналастырады немесе ол республикалық мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

Уәкiлеттi орган берiлген және өзiнiң қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

Ескерту. 14-13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 5-тарау. ӨНЕРКӘСIПТIК ҚАУIПСIЗДIК САЛАСЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТIК ҚАДАҒАЛАУ Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

15-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы  мемлекеттiк қадағалау

1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;

Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары;

Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;

облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.

1-1. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк инспекторға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк, нөмiрлi мөртабан, омырауға тағатын белгi және пломбир уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiледi.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

15-1-бап. Мемлекеттiк инспектордың құқықтары

Мемлекеттiк инспектордың:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйiне тексеру жүргiзу мақсатында қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерге белгiленген тәртiптi сақтай отырып кiруге;

2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының орындалуын тексеру үшiн қажеттi құжаттармен танысуға;

3) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгiзуге, бұзушылықтарға кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға;

4) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейiнгi кезеңде, өндiрiстi тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.

Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

15-2-бап. Мемлекеттiк инспектордың мiндеттерi

Мемлекеттiк инспектор:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы қадағалауды жүзеге асыруға;

2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердi жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргiзуге;

3) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасы мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттi.

Ескерту. 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

15-3-бап. Мемлекеттiк инспектордың актiлерi

1. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргiзiлген мемлекеттiк қадағалау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк инспекторлар мынадай актiлер шығарады:

1) тексеру жүргiзу нәтижелерi жөнiндегi акт;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама;

3) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

4) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы қаулы.

2. Акт нысандарын уәкiлеттi орган бекiтедi.

3. Мемлекеттiк инспекторлардың актiлерiн жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.

Ескерту. 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

15-4-бап. Мемлекеттiк инспектордың әлеуметтiк  қамсыздандырылуы

Мемлекеттiк инспекторлардың өмiрi мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк инспекторлар отбасы мүшелерiнiң асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтiк қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 15-4-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.  

15-5-бап. Мемлекеттiк инспектордың қызметтiк мiндеттерiн  орындауына кедергi жасау

Мемлекеттiк инспектордың өз қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде оған кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Ескерту. 15-5-баппен толықтырылды - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

15-6-бап. Жоспарлы тексерулердi өндiрiстiк объектiнiң  тәуекел дәрежесiне қарай жүзеге асыру

1. Тәуекелi жоғары дәрежедегi объектiлерге өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi мiндеттi түрде декларациялануға тиiс объектiлер жатады.

Бұл объектiлердi жоспарлы тексерулер жылына бiр рет жүзеге асырылады.

2. Тәуекелi орташа дәрежедегi объектiлерге технологиялық процесi тоқытылатын және өндiрiс персоналының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiретiн авария, инцидент туындауы мүмкiн объектiлер жатады.

Бұл объектiлердi жоспарлы тексерулер үш жылда бiр рет жүзеге асырылады.

3. Тәуекелi болмашы дәрежедегi объектiлерге техникалық құрылғылар бүлiнетiн және қызмет көрсететiн персоналдың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiретiн авария, инцидент болуы мүмкiн объектiлер жатады.

Бұл объектiлердi жоспарлы тексерулер бес жылда бiр рет жүзеге асырылады.

4. Тәуекелi ең төменгi деңгейге дейiн жеткiзiлген осы санаттағы объектiлер қауiптiлiктiң келесi санатына ауысады.

Тәуекелi төменгi деңгейдегi осы санаттағы объектiлер үшiн тексерулер көбейе түсетiн үрдiсi бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. Заң 15-6-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  

16-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы  өндiрiстiк бақылау

1. Өндiрiстiк бақылау қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қауiптi өндiрiстiк факторлардың өндiрiстiк персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң тәуекелiн барынша азайту мақсатында жүзеге асырылады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi өндiрiстiк бақылаудың мiндеттерi қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерiн анықтау болып табылады.

3. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын барлық ұйымдарда өндiрiстiк бақылау туралы ереже әзiрленедi.

Ережеде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормалары талаптарының iске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкiлеттiгi қамтылуға тиiс.

Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкiлеттiгiн бекiту ұйым бойынша бұйрықпен ресiмделедi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.05.04 № 275-IV Заңдарымен.  

17-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк  қауiпсiздiк саласындағы заңдарын бұзғаны  үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. Қазақстан Республикасының

Президентi


Прил-бап. Объект қауiптiлiгiнiң жалпы деңгейiн айқындау тәртiбi

 Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» 2002 жылғы 3 сәуiрдегi 

Қазақстан Республикасының Заңына қосымша 

Объект қауiптiлiгiнiң жалпы деңгейiн айқындау тәртiбi 

Ескерту. Заң қосымшамен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 N 209, жаңа редакцияда - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.  1. Жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффицентi мына формула бойынша айқындалады:

Жк= n / N, мұндағы:

n – қауiптi объектiде бiр жыл iшiнде болған жазатайым оқиғалардың саны;

N – қауiптi объектiде қызмет көрсететiн персоналдың бiр жыл iшiндегi орташа тiзiмдiк саны.

2. Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффицентi мына формула бойынша айқындалады:

Ак = n1 / N, мұндағы:

n1 – бiр жылда жол берiлген барлық жазатайым оқиғалар бойынша зардап шеккендердiң еңбекке жарамсыздық күндерiнiң саны.

3. Өлiмге әкеп соққан жарақаттанудың жиiлiк коэффицентi мына формула бойынша айқындалады:

Өк = n2 / N, мұндағы:

n2 – өлiмге әкеп соққан жағдайлардың бiр жыл iшiндегi саны (жазатайым оқиғадан кейiнгi бiр жыл iшiнде зардап шеккендердiң өлiмiн есепке алғанда).

4. Кәсiптiк ауру коэффициентi мына формула бойынша айқындалады:

Ак = n3 / N, мұндағы:

n3 – есептi жыл iшiнде алғаш рет кәсiптiк ауруы анықталған қызметкерлердiң саны.

5. Негiзгi қорлардың тозу коэффициентi мына формула бойынша айқындалады:

Тк = n4 (10хn5), мұндағы:

n4 – жыл қорытындысы бойынша белгiленген пайдалану мерзiмi өткен техникалық құрылғылар саны.

n5 – жыл қорытындысы бойынша негiзгi құралдар ретiнде есепте тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.

6. Негiзгi құралдарды ауыстыру коэффициентi мына формула бойынша айқындалады:

Нк = 0,1 - n6/(10хn4), мұндағы:

n6 - белгiленген пайдалану мерзiмi өткен және есептi жыл iшiнде ауыстырылған техникалық құрылғылар саны.

Егер жыл қорытындысы бойынша белгiленген пайдалану мерзiмi өткен техникалық құрылғылардың саны нөлге тең болса, Нк нөлге тең болады.

7. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң авариялылық коэффициентi мына формула бойынша айқындалады:

Ак = n7/10, мұндағы:

n7 – ағымдағы жылда объектiде болған авариялардың саны.

8. Объект қауiптiлiгiнiң жалпы деңгейi мына формула бойынша айқындалады:

Қд = Жк + Ак + Өк + Ак + Тк + Нк + Ак.