Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы

1-бап. Әскери қызметшiлер және әскери қызмет

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметшiлер болып табылады. Оларға шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындарға шақыру кезеңiндегi әскери мiндеттiлер жатады. Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олар әскери жарғыларға сәйкес өздерiне бастық болып табылатын адамдарға ғана бағынады және олардың қызметтiк iсiне араласуға басқа ешкiмнiң құқығы жоқ. Әскери қызметшiлер әскери қызметтi iс жүзiнде орындаудың барлық жағдайында: ұрыс қимылдарына қатысу, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау, әскери кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте) жүргенде, жаттығуларда, жиындарда, қызмет бабындағы iссапарларда жүру кезiнде, қызметiн атқаратын жерге бара жатқанда және кейiн қайтқан кезде, әскери бөлiмде, кемеде, объектiде, мекемеде, кәсiпорында, әскери (арнаулы) оқу орнында (бұдан әрi - әскери бөлiм) болған кезде, регламентпен белгiленген қызмет уақытының iшiнде немесе егер бұл қызмет қажеттiлiгiнен туындаса, басқа жерде және басқа уақытта, ал мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi әскери қызметтен өтудiң бүкiл уaқытында әскери қызмет мiндеттерiн атқарушы болады. Әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген , олардың жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң жеке басы мен құқықтық жағдайын куәландыратын құжаттар берiледi.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.05.22. N 255 Заңдарымен.

2-бап. Әскери қызметшiлердiң мәртебесi

Әскери қызметшiлердiң мәртебесi әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде заңмен белгiленген iшiнара тыйым салу мен шектеулерi бар жалпы құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың қызмет ерекшелiктерiне байланысты құқығын, мiндетi мен жауапкершiлiгiн қамтиды. Әскери қызметшiлердiң мәртебесi олардың құқықтары мен мiндеттерiн орындауда, сондай-ақ әскери қызметтен өту кезiнде де, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн де оларды әлеуметтiк қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн көздейдi. Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленген құқықтары мен бостандықтарын шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Әскери қызметшiлердiң осы Заңмен белгiленген құқықтары мен бостандықтарына iшiнара тыйым салу және шектеу, олардың ерекше мiндетi мен жауапкершiлiгi қосымша құқықтар мен жеңiлдiктер арқылы өтеледi. Әскери қызметшiлердiң соғыс кезiндегi және төтенше жағдай уақытындағы мәртебесiнiң ерекшелiктерi соғыс уақытының заңдарымен және төтенше жағдай режимi туралы заңмен белгiленедi.

3-бап. Әскери қызметшi мәртебесi бар адамдар

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларда әскери қызметтен өтушi адамдар мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер әскери қызметшi мәртебесiне ие болады. Азамат әскери қызметке белгiленген (шақырылған, кiрiскен) күннен бастап әскери қызметшi мәртебесiне ие болады және одан әскери қызметтен босатылуына байланысты әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарылған күннен бастап айырылады. Әскери қызметшi мәртебесi туралы заңдардың жекелеген ережелерi мен нормалары олардың отбасы мүшелерiне, әскери қызметтен босатылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе мүгедек болған әскери қызметшiлерiнiң отбасы мүшелерiне де қолданылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi әскери қызметтен босатылған Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiне тұрақты тұруға қоныс аударған адамдардың мәртебесi мемлекетаралық келiсiмдермен белгiленедi. Бас мемлекеттердiң армиясында әскери қызметтен өтушi Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл Заң қолданылмайды, бұған әскери қызметтен босатылған және Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген адамдар қосылмайды. Тұтқынға түскен, сондай-ақ бейтарап елдерде еркiнен айырылған әскери қызметшiлердiң әскери қызметшi мәртебесi сақталады. Әскери командование мен уәкiлдiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар аталған әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес шаралар қолдануға мiндеттi. Әскери қызметшiлер бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда олардың, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң әскери қызметшiлер мәртебесiнде көзделген құқықтарын жүзеге асыру уақытша тоқтатыла тұрады (тоқтатылады) немесе заңда көзделген тәртiп бойынша шектеледi.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1993.10.19. N 2453-XII Заңымен, 2003.07.08. N 478 Заңымен .  

4-бап. Әскери қызметшiлердi әлеуметтiк және құқылық  жағынан қорғау кепiлдiктерi

Мемлекет әскери қызметшiлердi әлеуметтiк және құқылық жағынан қорғауға кепiлдiк бередi, оларды қажеттi тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етiп, қызметiнiң ерекше сипатын ескере отырып, тиiстi қызмет жағдайын жасайды. Барлық әскери қызметшiлер атқаратын қызметi мен әскери атағына қарамастан заң алдында тең. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiндегi, әскери қызметтен өту шарттарындағы, материалдық жағынан қамтамасыз етiлуiндегi айырмашылықтар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды iске асыру, олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығына және өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру жөнiндегi мiндеттерiн сақтамағаны үшiн кiнәлi басшылары, командирлер мен бастықтар, басқа лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен жауап бередi. Әскери қызметшiлер құқығына және ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекет жасаған бастықтардың үстiнен тiкелей сотқа шағым беруге құқылы.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1993.10.19 N 2453-XII Заңымен, ҚР Президентiнiң 1995.11.07 N 2606 Жарлығымен, ҚР 2003.07.08 N 478, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 2 Бөлiм. Әскери қызметшiлердiң құқықтары және оларды

әскери асыру кепiлдiктерi

5-бап. Мемлекеттiк және қоғамдық өмiрге қатысу

Қазақстан Республикасының әскери қызметшi-азаматтары мемлекеттiк және қоғамдық өмiрге қатысуға, мемлекеттiк өкiмет органдарына сайлауға және сайлануға құқылы. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қоғамдық (ұжымдық) қорғау мiндетi олардың қоғамдық бiрлестiктерiне (әртүрлi категориялы әскери қызметшiлердiң жиналыстары мен кеңестерiне) жүктеледi. Әскери қызметшiлер партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында тұрмауға, қандай да бiр саяси партияны жақтамауға тиiс.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.07. N 2606 Жарлығымен .

6-бап. Ереуiлдерге, тосқауылдарға және өзге де наразылық әрекеттерiне қатысу

Әскери қызметшiлердiң ереуiлдер, тосқауылдар және әскери бөлiмнiң, мекеменiң жауынгерлiк әзiрлiгiне терiс ықпал ететiн өзге де рұқсат берiлмеген наразылық әрекеттерiн ұйымдастыруына және оларға қатысуына тыйым салынады.

7-бап. Жүрiп-тұру бостандығы

Әскери қызметшiлердiң жүрiп-тұру бостандығы әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстаумен, олардың қажет болған жағдайда қызмет атқаратын орнына дер кезiнде жетуiмен ұштастырылуға тиiс.

8-бап. Еңбек ету құқығын iске асыру

Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметке кiруде құқықтары тең. Мемлекет әскери қызметшiлерге: қызмет атқаруға, қызметi бойынша ауысуға, кәсiптiк бiлiктiлiгi мен iскерлiк сапасына сай кезектi әскери атақ құқығына кепiлдiк бередi. Әскери қызметтiң ауыр климаттық, экологиялық, физикалық немесе кәсiптiк жағынан қолайсыз жағдайда атқарылуы ақшалай үстеме қосу және қызмет еткен жылына жеңiлдiк беру арқылы өтеледi. Климаттық және экологиялық жағдайлары ауыр жерлердегi қызмет мерзiмi шектеледi және одан өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi мен әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа) әйелдерiне (күйеулерiне) мамандығы бойынша еңбекке орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде күйеулерiмен (әйелдерiмен) бiрге тұрған бүкiл кезеңi жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшiн қажеттi жалпы жұмыс стажына қосылады және осы кезеңде оларға Қазақстан Республикасында жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн белгiленген ең аз жалақы мөлшерiнде ай сайынға жәрдемақы төленедi. Аталған жерлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне жұмысқа қабылдау кезiнде және қызметкерлердiң санын немесе штатын қысқарту кезiнде жұмыста қалуға, сондай-ақ өндiрiсте қол үзiп кәсiптiк жағынан даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға бiрiншi кезекте жiберу мен оқу кезеңiнде орташа жалақысын сақтауға артықшылық құқық берiледi. Әскери қызметшiлердiң, соның iшiнде қызметтен өту кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балаларына атқарушы органдар тұрғылықты жерi бойынша мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнде кезектен тыс орын бередi, оның ақысы мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi мекемелер үшiн белгiленген мөлшерде алынады. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа), педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден басқа, кәсiпкерлiк не басқа да ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының кез келген ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Әскери қызметшiлердi әскери қызметiмен байланысты емес жұмыстарды атқаруға қатыстыруға Қазақстан Республикасының заңдары белгiлейтiн тәртiппен жол берiледi. Бұл орайда осы жұмыстарды атқаратын басқа адамдар үшiн көзделген жеңiлдiктер әскери қызметшiлерге де қолданылады.

Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.07. N 2606 Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 , 2007.05.22. N 255 Заңдарымен.

9-бап. Қызмет уақыты және демалыс. Еңбек демалысы

Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауға тиiс, ал мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер үшiн ол әскери жарғылардың талаптарына сәйкес белгiленедi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) аптасына кемiнде бiр тәулiк, бiрақ айына кемiнде алты тәулiк демалыс берiледi. Тiзбесiн құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығы белгiлейтiн жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет), жаттығулар мен басқа шаралар қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусiз өткiзiледi. Әскери қызметшiлер апта сайынғы қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс iстемейтiн күндерi әскери қызмет мiндетiн атқаруға қатыстырылған жағдайда оларға командир (бастық) аптаның басқа күндерiнде демалыс бередi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысы берiледi, оның ұзақтығы жалпы қызмет еткен жылына, әскери қызметтiң ерекшелiктерi мен жағдайларына байланысты болады және төмендегiдей болып белгiленедi: Әскери қызметте 10 күнтiзбе жыл еңбек сiңiрсе - 30 тәулiк;

10 жылдан 15 жылға дейiн - 35 тәулiк;

15 жылдан 20 жылға дейiн - 40 тәулiк;

20 жыл және одан көп болса - 45 тәулiк;

жауынгерлiк кезекшiлiк атқарушы ұшу жұмысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тiзбедегi орындарда әскери қызмет атқарушы адамдарға - 45 тәулiк. Еңбек демалысы ұзақтығына демалысын өткiзу орнына беру мен қайтуға қажеттi уақыт кiрмейдi. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа) демалысы әскери қызмет мүддесiн және әскери қызметшiнiң тiлегiн ескере отырып екi бөлiп берiлуi мүмкiн. Әскери қызметшiлердiң мына категорияларына:

өз мiндетiн денсаулыққа зиянды (ауыр) жағдайда атқарғаны үшiн, қызметiнiң ерекше сипаты (ұзақ мерзiмдi iссапар, вахталық әдiспен жауынгерлiк кезекшiлiк атқару және олардың тұрақты орналасқан орнынан тыс жерлерге ұзақ уақытқа жiберiлген реттерi) үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде;

экологиялық апат аймақтарында қызмет атқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосымша еңбек демалысы (демалыс) берiледi. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi. Әскери қызметшiлерге қажет болған жағдайда сырқаттануына байланысты, отбасы жағдайына байланысты қысқа мерзiмдi демалыс, ал әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитындарға каникул берiледi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасына) адъюнктураға, әскери докторантураға дайындалу және түсу емтихандарын тапсыру үшiн, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыру үшiн оқу демалыстары берiледi, ал ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесiне талаптанушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шығармашылық демалыстар берiледi. Әскери қызметшiлердiң жұмыс iстейтiн зайыптарына (жұбайларына) жыл сайынғы демалыс олардың жұбайларының (зайыптарының) кезектi демалысымен бiр мезгiлде берiлуге тиiс. Бұл орайда демалыстың ұзақтығы жалақысын сақтамай қосымша демалыс беру есебiнен жұбайы (зайыбы) демалысының ұзақтығына тең болуы мүмкiн.

Ескерту. 9-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.07. N 2606 Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен .

10-бап. Ақшамен және материалдық жағынан қамтамасыз ету

Мемлекет әскери қызметшiлердi азаматтардың әскери қызметке ынта-ықыласын арттыратын мөлшерде ақша қаражатымен қамтамасыз етедi. Әскери қызметшiлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды. Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады. Әскери қызметшiлердiң ақша қаражаты тiршiлiк құнының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қайта қаралуға тиiс. Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келiсiмшарт бойынша әскери қызметке алғаш түскен азаматтарға жасалатын келiсiмшарт мерзiмiне байланысты мынадай мөлшерде бiржолғы ақшалай сыйақы төленедi:

3 жылға - 1 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;

5 жылға - 10 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;

10 жылға - 20 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде.

Көрсетiлген ақшалай сыйақыларды төлеу келiсiмшарт жасалған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Алынған бiржолғы ақшалай сыйақы:

1) "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағының 4), 5), 7) тармақшаларында және 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әскери қызметтен босатылған кезде;

 2) егер бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу немесе ауру әскери қызметшiнiң заңға қайшы iс-әрекет жасауынан немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу немесе өзiне қандай да бiр дене жарақатын түсiру (денесiне зиян келтiру) себебiнен болғаны немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтiргенi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.

Төленген бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметшi әскери қызметiн өткерген мемлекеттiк органға ол әскери қызметтен босатылған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде жүргiзiледi.

Әскери қызметшi әскери қызметiн өткеру кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жараланған, контузия, жарақат алған, мертiккен немесе ауырған жағдайда бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргiзiлмейдi. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) бiр жерден екiншiсiне көшуiне байланысты (соның iшiнде әскери бөлiм немесе бөлiмше құрамында) қызметiн ауыстырған жағдайда оларға әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық ақшалай үлес және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне айлық ақшалай үлесiнiң жартысы көтерме жәрдемақы төленедi. Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi. Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының, сондай-ақ ұшқыштар, ұшуларды дайындау жөнiндегi инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерiнiң қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi. Парашютпен секiрудi әскери кемелерде (катерлерде), әскери-қосымша кемелерде теңiзде қызмет атқаратын, олардың база орындарында дауылға қарсы дайындық барысы кезiнде iс-шараларды жүзеге асыратын, маяктарда вахтада тұратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Шалғайдағы аудандарда орналасқан жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi . Әскери қызметшiлердiң қалауы бойынша (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) оларға киiм-кешек орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 476 , 2001.10.10. N 247 , 2003.07.08. N 478 , 2009.02.09. N 125-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

11-бап. Меншiк құқығы

Әскери қызметшi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес меншiк иесi болуға, өз мүлкi мен басқа да меншiк объектiлерiн иеленуге, пайдалануға және оларға билiк етуге құқылы. Әскери қызметшiлердiң меншiгi олардың ақшалай және заттай үлес алуы (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы), жеке үй жанындағы шаруашылығын жүргiзу, әскери қызметке шақырылғанға (кiргенге, белгiлегенге) дейiн алынған кiрiсi, мұрагерлiк, сый ретiнде көшкен мүлiк, сондай-ақ осы Заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет есебiнен құрылады және көбейтiледi. Мемлекет әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары ретiнде меншiктi жекешелендiру процесiнде одан басқа азаматтармен тең үлес алуға кепiлдiк бередi.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1993.10.19. N 2453-XII Заңымен, ҚР Президентiнiң 1995.10.05. N 2488 жарлығымен , 1995.11.07. N 2606 Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен .  

12-бап. Тұрғын үй алу құқығы

Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерiне тұрғын жаймен (пәтермен) қамтамасыз етiлгенге дейiн уақытша тұру үшiн қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер, қызметтiк тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын жайлар мiндеттi түрде берiледi. Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жасы бойынша әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылатын жылы әскери қолбасшылықтың ұсынысы бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары олардың таңдаған тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезектiлiгiнiң тiзiмiне енгiзедi. Шетелге және климат жағдайы ауыр жерлерге әскери қызметтен өту үшiн жiберiлген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi тұратын тұрғын жайлары олардың шетелде және аталған жерлерде болған бүкiл уақытына сақталады. Қызмет бойынша ауысқан кезде тұратын тұрғын жайы сақталатын әскери қызметшiлерге жаңа қызмет орны бойынша қызметтiк тұрғын үйлер берiледi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылуды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын үйлердi ұстау мен орталықтандырылған жылуды беру Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбелер бойынша мемлекет есебiнен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген әскери қызметшiлер, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен оны меншiгiне алуға құқылы. Әскери қызметтен босатылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар әскери қызметшiлер тұратын тұрғын жайын өтеусiз меншiгiне алуға құқылы. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын тұрғылықты жерi немесе жұмыс орны бойынша тұрғын жай (пәтер) алуға кезектiлiк тiзiмiнен шығаруға болмайды және олардың әскери қызметке шақырылғанға немесе әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн тұрған тұрғын жайы сақталады. Тұрғын жай сатып алу үшiн немесе жеке тұрғын үй салу үшiн кредит алған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен кредит сомасы өтеледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiлердiң отбасыларын, оларға тұрмысқа жайлы тұрғын жайды өтеусiз бермейiнше өздерi тұратын тұрғын жайдан шығаруға болмайды.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.08 N 478, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

13-бап. Өмiр мен денсаулықты сақтау. Медициналық қамтамасыз ету

&#1240скери &#1179ызметшiлердi&#1187 &#1257мiрi мен денсаулы&#1171ын са&#1179тау&#1171а &#1179ам&#1179орлы&#1179 жасау - командирлердi&#1187 (басты&#1179тарды&#1187) мiндетi. Олар&#1171а жатты&#1171улар, бас&#1179а да жауынгерлiк &#1241зiрлiк шараларын &#1257ткiзу, &#1179ызмет ету, &#1179ару-жара&#1179 пен &#1241скери техниканы пайдалану кезiнде, ж&#1201мыс ж&#1199ргiзген ж&#1241не к&#1199нделiктi &#1179ызмет кезiнде &#1179ауiпсiздiк шараларын &#1179амтамасыз ету ж&#1199ктеледi. 

Әскери қызметшiлердiң әскери-медициналық бөлiмшелерде, бөлiмдер мен мекемелерде (бұдан әрi әскери-медициналық мекемелер) медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Әскери қызметшiлердiң қызмет ететiн немесе тұратын жерiнде әскери-медициналық мекемелер жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi. Жеке денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың әскери қызметшiлерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетуi бойынша шығындары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өтеледi. Әскери қызметшiлерге емделуге жұмсаған қаражатын олар құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар өтейдi. Офицерлердiң отбасы мүшелерi (зайыбы, жұбайы, 18 жасқа дейiнгi балалары) әскери-медициналық мекемелерде тегiн медициналық жәрдем алуға құқылы. Емханаларда емделген кезiнде отбасы мүшелерiне дәрi-дәрмек ақы төлетiп берiледi, бұған заңға сәйкес ақы алынбайтын реттер кiрмейдi. Әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан әскери қызметшiлердi санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертiккен немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер өздерi құрылымында әскери қызметтен өткен Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен санаторийлерге жiберiледi. Осы баптың екiншi, үшiншi бөлiктерiнде аталған әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары және оларға берiлетiн жеңiлдiктер әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болатын офицерлер мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi, соғыс қимылдарына басқа да қатысушылар, әскери қызмет мiндетiн атқару кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлер, полковник атағымен және одан жоғары атақпен запасқа немесе отставкаға шыққан офицерлер медициналық және санаториялық-курорттық емделуден бiрiншi кезекте өтуге құқылы. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушiлерi медициналық көрсеткiштерi болған жағдайда әскери санаторийлерде санаториялық-курорттық тегiн емделумен қамтамасыз етiледi. Әскери қызметшi әйелдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әйелдердi, ана мен баланы қорғау мәселелерi жөнiндегi барлық жеңiлдiктердi пайдаланады. Бұл жеңiлдiктер анасы жоқ балаларды (анасы қайтыс болған, аналық құқынан айрылған жағдайда және  заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда) тәрбиелеп отырған әскери қызметшiлерге де қолданады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1993.10.19. N 2453-XII Заңымен, 1999.04.07. N 374 Заңымен , 2003.07.08. N 478 Заңымен .

14-бап. Әскери қызметшiлерге қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

Әскери қызметшi немесе әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттi адам әскери қызметтен өту кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат алған жағдайда оларға бiр жолғы өтем төленедi. Бiр жолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери қызметшi қызметiн атқару (жиын) кезiнде не қызметтен өту кезеңiнде алған жарақат (контузия), ауру салдарынан қызметтен босағаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бiр жолғы өтемдi алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi. Әскери жиынға шақырылып, әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақ алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер әскери қызмет (әскери жиын) өткiзiлген жерде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жерленедi. Мәйiттi жеткiзуге әзiрлеумен, мәйiттi жеткiзумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен және оны орнатумен байланысты барлық шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде әскери қызметшiлер, әскери қызметке шақырылған әскери қызметке мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың есебiнен жасалады. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген ережелер әскери қызметтегi шектi жасқа жетуi, денсаулық жағдайы бойынша немесе штат қысқартылуына байланысты әскери қызметтен босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 25 және одан да көп жыл болған азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан соғысқа қатысқандарға қолданылады. Әскери қызметшiнiң әскери қызметтен өту кезеңiнде немесе әскери қызметтен өтуге байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған жағдайда бiр жолғы өтем:

I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;

II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;

III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде төленедi. Әскери қызметшiлер, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпайтындай қатты мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) ретте оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi. Егер өлiмнiң себебi өзiне-өзi қол жұмсаудан болғаны, өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сондай-ақ егер қаза (өлiм), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы iс-әрекетiнен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бiр жарақат түсiру (денесiне зиян келтiру) арқылы болса және бiр жолғы өтем алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өз денсаулығына өзгедей зиян келтiрсе, бiр жолғы өтем төленбейдi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнайы) оқу орындарының стипендия алатын курсанттарына, әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiге мынадай жағдайларда:

осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда - 500 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендей жағдайда:

I-топтағы мүгедекке 250 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

II-топтағы мүгедекке 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

III-топтағы мүгедекке 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда: ауыр жарақат үшiн 12 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеңiл жарақат үшiн 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы өтемдерi төленедi. Мемлекет әскери қызметшiлерге мемлекеттiк органдардың, меншiк түрлерiне қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ лауазымды адамдардың

      қылмыстық және өзге де жауапкершiлiкке заңсыз тартуы;

      тыйым салу жазасы ретiнде қамауға алуды заңсыз қолдануы;

      заңсыз соттауы;

      оның өз мүлкiн бүлдiруi, жоюы немесе жоғалтуы;

      денесiне зақым келтiруi;

      қызметiн немесе әскери атағын заңсыз төмендетуi;

      құқықтарынан, жеңiлдiктер мен артықшылықтардан заңсыз айыруы;

      шарт ережелерiн сақтамауы салдарынан келтiрiлген моральдық және материалдық нұқсанды өтеуге кепiлдiк бередi.  Аталған жағдайларда соттың немесе жоғары тұрған қолбасшылықтың шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызметтiк, зейнеткерлiк және басқа да жеке әрi мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiледi әрi келтiрiлген зиян оны келтiрген кiнәлi тұлғалардың есебiнен немесе бюджет қаражатының есебiнен қалпына келтiрiледi.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1993.10.19. N 2453-XII Заңымен, 2001.10.10. N 247 Заңымен , 2003.07.08. N 478 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

15-бап. Бiлiм алу құқығы

Әскери қызметшiлердiң әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар.

Әскери (арнаулы) оқу орындарын бiтiрген әскери қызметшiлер қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқи алады.

Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқаларға) өздерi құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшiн демалыс берiле отырып, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi және қосымша бiлiм беру ұйымдарында оқудың кешкi немесе сырттай түрiнде оқуға рұқсат етiледi.

Оқу кезеңiнде әскери қызметке шақырылған адамдар әскери қызметтен босатылғаннан кейiн өздерi шақырылғанға дейiн оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқылы.

Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан және күнтiзбелiк есеппен кемiнде сегiз жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негiзде оқыған шығындарын оқу құнының елу процентi мөлшерiнде бюджет қаражаты есебiнен өндiрiп алуға құқығы бар. Бұл жеңiлдiк бiр рет қолданылады.

Әскери қызметшiге көрсетiлген шығындарды өтеудi әскери қызметшi әскери қызметiн өткерiп жатқан мемлекеттiк орган жүргiзедi.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтеуге құқығы бар әскери қызметшiлер қабылданған Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары қаржыландыруды ашу үшiн көрсетiлген мемлекеттiк органдарға әскери қызметшiнi бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықтың куәландырылған көшiрмесiн жолдайды.

Әскери қызметшiнi басқа бiлiм беру ұйымына ауыстырған кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшерi түзетiлуге жатады.

Әскери қызметшiге академиялық демалыс берiлген кезде оны оқытуды қаржыландыру берiлген академиялық демалыс кезеңiнде тоқтатыла тұрып, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалатын шығындарды өтету құқығы сақталады.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтетуге құқығы бар әскери қызметшiге ол оқыған (оқып жатқан) бiлiм беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, бiлiм беру ұйымының жұмысы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа жоғары оқу орындарында қаржыландырудың жалғастырылуына кепiлдiк берiледi.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.02.09. N 125-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

16-бап. Көлiкте жүру. Почта жiберiлiмдерi

Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының аумағында қызмет бабымен орын ауыстырғанда және әскери қызметтен босағанда стационарда емделуге барып, қайтқанда темiр жол, әуе қатынасы, су және автомобиль көлiгiмен тегiн жүру, бұған қоса он тоннаға дейiн өз мүлкiн тегiн тасымалдауға құқығы бар. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) отбасыларының мүшелерiне, бiрге жүретiнiне әскери қызметшiлер қызмет бабымен Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстырған және олар әскери қызметтен босатылған кезде тегiн жүрiп-тұруға олармен бiрдей жеңiлдiктер берiледi. Аталған жағдайлардағы шығындар құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен жасалады. Жергiлiктi өкiлдi органдар мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге қала iшiнде, қала маңына және жергiлiктi жерлерде қатынайтын қоғамдық көлiктiң барлық түрiне (таксиден басқа) жол жүруге жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беруге құқылы. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жiберiлiмдерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде ақшалай өтем төленедi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары:

стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде;

әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiктерiнде тегiн жүруге құқылы.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N 374 Заңымен , 2001.10.10. N 247 Заңымен , 2003.07.08. N 478 Заңымен .  

17-бап. Азаматтарды әскери қызметтен босату  және оларды еңбекке орналастыру

Әскери қызметшiлер "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әскери қызметтен босатылуға құқылы. Жиырма және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердi олардың өздерi мен отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша тұрғын жай бермейiнше, әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына, штат қысқартылуына байланысты босатуға болмайды. Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) әскери қызметтен заңсыз босатқан ретте осыған байланысты келтiрiлген зиян Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс. Негiзсiз босатылған әскери қызметшiлер бұрынғы лауазымымен (ал оның келiсiмi бойынша оған тең немесе төмен) әскери қызметке орналастырылады және заңсыз босатылғаннан кейiн алмаған қаражаттың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi. Бұл кезең қызмет еткен жылына және кезектi әскери атақ беру үшiн қызмет еткен мерзiмiне қосылады. Аталған реттерде әскери қызметшiлердi қайтадан әскери қызметке алу және оларға келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде мынадай бiр жолғы жәрдемақы төленедi:

жасына, ауыруына, денсаулық жағдайының шектелуiне немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi мен әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа).

  Әскери қызметтен басқа негiздер бойынша босатылған азаматтарға бiр жолы төленетiн жәрдемақының құрамы мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi ;

әскери қызметте 10 жылдан 15 күнтiзбелiк жылға дейiн қызмет еткендерге - ақшалай қаражатының төрт айлықақысы;

15 жылдан 20 жылға дейiн - ақшалай қаражатының бес айлықақысы;

20 жылдан 25 жылға дейiн - ақшалай қаражатының алты айлықақысы;

25 жылдан 30 жылға дейiн - ақшалай қаражатының жетi айлықақысы;

30 жылдан көп - ақшалай қаражатының сегiз айлықақысы;

мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге - айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар қатарындағы аталған адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi. Әскери қызметтен өту кезеңiнде мемлекеттiк орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшiлерге берiлетiн бiр жолғы жәрдемақының мөлшерi ақшалай қаражаттың екi айлықақысына көбейтiледi. Мерзiмдi әскери қызметтi өткерген адамдардың өздерi шақырылған нақ сол кәсiпорынға жұмысқа қабылдану кезiнде басым құқығы болады. Әскери қызметтен босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың мамандық алуы, зейнетақы алу құқығынсыз әскери қызметтен босатылған адамдарды жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.10.10 N 247, 2003.07.08 N 478, 2007.05.22 N 255, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 3 Бөлiм. Әскери қызметшiлердiң мiндеттерi

18-бап. Жалпы мiндеттер

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiгiн қорғау, оның сыртқы және iшкi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қарулы шабуылға тойтарыс беру және агрессорды жеңiлiске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн қорғау мен оның халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес мiндеттердi орындау жауынгерлiк борыштың мәнi болып табылады, ол әскери қызметшiлердi: - әскери антқа адал болуға, өз халқына қалтқысыз қызмет етуге, өз Отанын каhармандықпен және шеберлiкпен қорғауға; - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекет заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға, командирлерге (бастықтарға) сөзсiз бағынуға, олардың бұйрықтарын дәл және мерзiмiнде орындауға; - өз халқының қорғаушысы абыройын және жауынгерлiк даңқын, әскери атақтың абыройын және жауынгерлiк жолдастықты қымбат тұтуға; - әскери шеберлiктi жетiлдiре беруге, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануға әрдайым әзiр ұстауға, әскери мүлiктi сақтауға; - тәртiптi, қырағы болуы, мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпияның ашылуына жол бермеуге, шарт бойынша мiндеттемелердi қатаң сақтауға мiндеттейдi.

19-бап. Қызметтiк және арнаулы мiндеттер

  Әскери қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерi мен осы мiндеттердi орындау тәртiбi әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен белгiленедi. Командирлер (бастықтар) дара басшылар болып табылады және бейбiт кез бен соғыс уақытында қарамағындағылардың өмiрi мен қызметiнiң барлық жағына, атап айтқанда: тұрақты жауынгерлiк және жұмылдырушылық әзiрлiкке, олардың жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына; адам құрамының жауынгерлiк әзiрлiгiне, әскери тәртiбiне, моральдық-психологиялық жай-күйiне және әскери қызметтiң қауiпсiздiгiне; қару-жарақтың, әскери техника мен мүлiктiң жай-күйiне және сақталуына; материалдық-техникалық, медициналық, қаржылық және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге жауап бередi. Әскери қызметшiлер жауынгерлiк кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте), тәулiктiк және гарнизондық нарядта жүргенде, сондай-ақ дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатыстырылған кезде арнаулы мiндеттердi орындайды. Аталған мiндеттер мен оларды орындау тәртiбi заң актiлерiмен , әскери жарғылармен және солардың негiзiнде әзiрленген басқа да нормативтiк актiлермен белгiленедi.

20-бап. Қаруды сақтау, алып жүру және қолдану құқығы

Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде қаруды алып жүруге және қолдануға құқылы. Әскери қызметшiлердiң қаруды алып жүру ережелерi әскери жарғылармен белгiленедi. Штаттық (жеке) қаруды қолдану тәртiбi осы Заңмен және басқа заң актiлерiмен белгiленедi. Әскери қызметшiлер соңғы шара ретiнде қаруды және өзi немесе бөлiмше құрамында мынадай жағдайларда: - күзетiлудегi әскери және азаматтық объектiлерге, қарауылдарға, әскери бөлiмдердiң тұрғын жайы мен ғимараттарына топ болып немесе жеке жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн; - қаруды және әскери техниканы күш қолданып иелену әрекетiн тыю үшiн; - егер әскери қызметшiлер мен жай адамдарды өзге әдiстермен және құралдармен қорғау мүмкiн болмаса, оларды өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау үшiн; - егер қылмыскердi қарсыласуын өзге әдiстермен және құралдармен жеңу немесе қаруын тартып алу мүмкiн болмаса, қылмыс жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау кезiнде үстерiнен түскен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн; - жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн қолдануға құқылы. Қару қолдану оны қолданбақшы ниет туралы ескертудi көздеуге тиiс. Күтпеген қарулы шабуыл, ұрыс техникасын, көлiк құралдарын, теңiз және өзен кемелерiн пайдалана отырып шабуыл жасаған кезде, сондай-ақ қамаудан қару алып қашқан жағдайда қару ескертусiз қолданылуы мүмкiн. Әскери қызметшiлер қауiп дабылын беру немесе көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы. Қаруды қолдану және пайдалану кезiнде әскери қызметшi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мүмкiн болған шаралардың бәрiн қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетуге мiндеттi. Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не әскери қызметшiнiң (әскери қызметшiлердiң) өмiрiне қатер төндiретiн топталып шабуыл жасаған реттерде, егер мұндай шабуылды басқа әдiстермен және құралдармен тойтару мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қару қолдануға тыйым салынады. Қару қолданылатын немесе пайдаланылатын әрбiр реттi әскери қызметшi командирiне (бастығына) баяндайды.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен . 4 бөлiм. Әскери қызметшiлердiң жауапкершiлiгi

21-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери тәртiптi бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылығы

Әскери қызметшiлер әскери тәртiптi бұзғаны үшiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен жауапты болады. Әскери қызметшi әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған қылмысы мен өзге де құқық бұзушылықтары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық , әкiмшiлiк немесе  материалдық жауаптылықта болады.

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен .

22-бап. Ескерту

Ескерту. 22-24-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен .


23-бап. Ескерту

 Ескерту. 22-24-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен .

24-бап. Ескерту

 Ескерту. 22-24-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.08. N 478 Заңымен .