Мемлекеттiк материалдық резерв туралы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



1) азайтылмайтын запас – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары запасының тұрақты сақталатын көлемi;



2) броньнан шығару – материалдық құндылықтарды кейiннен қайта салмай не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында, сондай-ақ iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн материалдық құндылықтарды кейiннен сала отырып, мемлекеттiк материалдық резервтен шығару;



3) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, бейбiт уақытта iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;



4) материалдық құндылықтар – уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн қажет, номенклатурасын (тiзбесiн және көлемiн) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тауарлар;



5) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке беру – материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу);



6) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу – материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу;



7) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервтен шығару – материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртiбiмен мемлекеттiк материалдық резервтен алып қою;



8) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру – материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен басқа пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау;



9) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi – мемлекеттiк резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, iзгiлiк көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы;



10) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – мөлшерi мен сапасы бiрдей, ұқсас материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттiк резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;



11) мемлекеттiк резервтi жаңарту – мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару;



12) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;



13) операция жасау – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару;



14) сақтау нормативтерi – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөнiндегi техникалық нормативтер мен талаптар;



15) тапсырысты орналастыру – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру және шығару үшiн өнiм берушiлер мен тұтынушыларды таңдау;



16) уәкiлеттi орган – атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттiк резерв жүйесiне басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.  

2-бап. Мемлекеттiк резерв туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.  

3-бап. Мемлекеттiк резервтiң мақсаты

Мемлекеттiк резерв:

1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;

2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету;

3) iзгiлiк көмегiн көрсету;

4) рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау мақсаттарында құрылады және пайдаланылады.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.  

4-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi

Мемлекеттiк резерв жүйесiн уәкiлеттi орган және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.  

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) мемлекеттiк резервке жалпы басшылықты жүзеге асырады және оны дамытудың бiрыңғай саясатын айқындайды;

2) мемлекеттiк резервтi құрады;

3) мемлекеттiк резерв жүйесiнiң құрылымын ұсынады;

4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын броньнан шығару және қарызға беру тәртiбiмен шығару туралы шешiм қабылдайды;

5) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемiн бекiтедi;

6) қажет болған жағдайда мемлекеттiк резервке белгiленген мөлшердiң үстiне материалдық құндылықтарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша салу туралы шешiм қабылдайды;

7) алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

8) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн бекiтедi;



8-1) нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттiк резервтi пайдаланған жағдайда материалдық құндылықтарды алушылардың – сауда қызметi субъектiлерiнiң тiзбесiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн, сондай-ақ осы тiзбеге енгiзiлетiн сауда қызметiнiң субъектiлерiн iрiктеу критерийлерiн айқындайды;

9) алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

10) алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

11) мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шығындарды өтеудiң, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн залалдарды өтеудiң тәртiбiн айқындайды;

12) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектiлердi орналастыру және салу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

13) мемлекеттiк резервтiң жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттiк органдардың балансына беру туралы шешiм қабылдайды;

14) мемлекеттiк резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару тәртiбiн айқындайды;

15) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

6-бап. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттiк резерв  саласындағы өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; P070556

2) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау үшiн ұйымдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олармен мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзу және сақтау үшiн шарттар жасасуға жәрдемдеседi;

3) материалдық құндылықтарды жеткiзу мен салуға және оларды сақтауға ұйымдарға ұйымдастырушылық көмек көрсетедi;

4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

7-бап. Уәкiлеттi орган

 Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттiк резерв жүйесiн басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезiнде осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;

3) мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау нормативтерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi;

4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау жөнiндегi шығыстардың мөлшерi мен құрылымы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Үкiметке ұсыныстар енгiзедi;

5) мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзуге тапсырыстарды орналастырады;

6) материалдық құндылықтарды (жаңарту тәртiбiмен) мемлекеттiк резервтен шығару және оған жеткiзу туралы шешiм қабылдайды;

6-1) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пунктерi бейiнiн өзгерткен, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешiм қабылдайды;

6-2) мемлекеттiк резервтiң номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервiнiң броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешiм қабылдайды;

7) жұмылдыру дайындығы жөнiндегi уәкiлеттi органмен және қорғаныс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнiң тiзбесiн жасайды және бекiтедi;

8) мемлекеттiк резерв жүйесiнiң материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асырады;

9) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, олардың сан және сапа жағынан сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi; сақтау пункттерiнде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексерулер (тексерiстер) жүргiзу туралы шешiм қабылдайды; тиiстi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерулер (тексерiстер) жүргiзуге тартады; мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртiбiнiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тексерулердiң (тексерiстерiн) материалдарын құқық қорғау органдарына жiбередi;

10) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiрiп алуды заңдарға сәйкес жүзеге асырады;

11) заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.07.15 N 334-IV Заңдарымен. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

8-бап. Мемлекеттiк резервтi қаржыландыру

1. Мемлекеттiк резерв жүйесiн қамту мен дамытуға, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операциялар жасауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға және олармен операциялар жасауға, сондай-ақ мемлекеттiк резервтiң алдына қойылған мiндеттердi орындауға жыл сайын бөлiнетiн қаражат мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.  

9-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының  құқықтық мәртебесi

1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қорлары, олардың сақталған жерiне қарамастан, республикалық меншiк болып табылады.

2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi болып табылатын ұйымдарды шетел қатысатын ұйымдардың сенiмгерлiк басқаруына берген немесе оларды шетел қатысатын ұйымдар жекешелендiрген жағдайда материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құпиялылық режимi сақтала отырып, басқа ұйымдарға орналастырылады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.  

10-бап. Мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қоры

Мемлекеттiк резервтiң құрамында материалдық құндылықтардың азайтылмайтын қоры (оларды сақтаудың тұрақты өзгертiлмейтiн көлемi) жасалады. Мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қорында сақталуға тиiс материалдық құндылықтардың мөлшерiн, сондай-ақ оны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.  

11-бап. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды  жеткiзiп беруге тапсырыстарды орналастыру

1. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтар беруге тапсырыстар оларды берушiлер арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен орналастырылады.

2. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтар беруге уәкiлеттi орган тапсырыс берушi болады.

3. Мемлекеттiк резервке жеткiзiлiп берiлетiн материалдық құндылықтар бүкiл сақтау мерзiмiнде техникалық реттеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келуге тиiс.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

12-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын  орналастыру

1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады.

2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi сақтауға берiлген мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.

3. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

4. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕЗЕРВТI ПАЙДАЛАНУ  

13-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды  шығарудың негiздерi мен тәртiбi

1. Мемлекеттiк резервтi пайдалану:

1) жұмылдыру мұқтаждары үшiн - Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиiстi жоспарлары негiзiнде;

2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету және рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

2. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару:

1) оларды жаңартуға байланысты;

2) қарызға беру тәртiбiмен;

3) броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.

4) алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

5) алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

6) алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

3. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

4. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен.

5. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен қарызға беру тәртiбiмен шығару кезiнде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi мiндеттi шарт болып табылады.

6. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары, егер материалдық құндылықтарды алушы:

1) мемлекеттiк бюджет алдында қарыздар болса;

2) мемлекеттiк резервтiң өзi бұдан бұрын алған материалдық құндылықтарын қайтармаған болса;

3) банкротқа ұшырау кезеңiнде тұрса, қарызға беру тәртiбiмен шығарылмайды.

7. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде уәкiлеттi орган алушымен тиiстi шарт (келiсiм-шарт) жасасады.

8. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жаңарту, броньнан шығару мақсатында шығаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

8-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк резервтiң тауарларын сатып алуы уәкiлеттi органда немесе оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдарда жүргiзiледi.

8-2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын шығару броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылған материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке кейiннен салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды иелiктен айыру олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған, не осы баптың 5-тармағына сәйкес екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiгi берiлген жағдайда жүргiзiледi.

10. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды сатудан алынған қаражат бюджет есебiне алынуға тиiс.

11. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгiленген мерзiмде бюджет қаражаты есебiнен заттай түрде өтелуге тиiс.

Ескерту. 13-бап өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.07.07 N 183, 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

14-бап. Мемлекеттiк резервтiң қорларын рынокқа  реттеушiлiк ықпал жасау үшiн пайдалану

Iшкi рынокта сұраным мен ұсыным арасында дағдарысты құбылыстар мен қауiптi сәйкессiздiктер туындаған жағдайда мемлекеттiк резервтiң ресурстары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде және заңдарға сәйкес рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.  

14-1-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттiк  резервтен материалдық құндылықтарды шығару  тәртiбi

1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган тауарларға баға мониторингiн жүргiзедi және баға деңгейi нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау қажет болған жағдайға жеткен кезде уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметiнiң субъектiлерiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн материалдық құндылықтарды шығару қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi.



2. Уәкiлеттi орган материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығаруды сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.

Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн мемлекеттiк резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткiзудi сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.

Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.  

15-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын  тасымалдауды қамтамасыз ету

1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген реттерде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезекте жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде, оның iшiнде зiлзалалардың, авариялардың, апаттар мен басқа да табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою үшiн мемлекеттiк резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды меншiк нысандарына қарамастан көлiк ұйымдары жүктi тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсiз қабылдайды.

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен. 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕЗЕРВТIҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  

16-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының  мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру

Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда мемлекеттiк резерв жүйесiнiң ұйымдарында және сақтау пункттерiнде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы бойынша есепке алу мен есеп беру мемлекеттiк резервтi сақтау жөнiндегi қызметтердi және ұйым жарғысында көзделген өзге қызметтi есепке алудан және олар бойынша есеп беруден бөлек жүргiзiледi.  

16-1-бап. Мемлекеттiк материалдық резервтi құрайтын  мемлекеттiк мүлiктi есепке алу

Мемлекеттiк материалдық резервтi құрайтын мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

 Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

17-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен  жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк  жауапкершiлiк

1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.

2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операцияларға қатысушылар арасындағы шартта мүлiктiк жауапкершiлiктiң қосымша шаралары көзделуi мүмкiн.  

18-бап. Дауларды шешу

Мемлекеттiк резервтi қалыптастыру және пайдалану процесiне қатысушылар арасында туындайтын даулардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шешiледi.  

19-бап. Мемлекеттiк резерв туралы заңды бұзғаны  үшiн жауапкершiлiк

Мемлекеттiк резерв туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкес жауапты болады.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183 Заңымен. Қазақстан Республикасының

Президентi