Қоршаған ортаның авариялық ластану жағдайлары және олардың салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, мiндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу;
мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшерін бағалауды айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Рет № | Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім | Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының проценті есебімен) |
1 | 2 | 3 |
1. | 1-айға дейін қоса алғанда | 20 |
2. | 1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда | 30 |
3. | 2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда | 40 |
4. | 3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда | 50 |
5. | 4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда | 60 |
6. | 5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда | 70 |
7. | 6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда | 75 |
8. | 7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда | 80 |
9. | 8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда | 85 |
10. | 9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда | 90 |
11. | 10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда | 95 |
12. | 11-айдан жоғары | 100 |
Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;
2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;
3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;
4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;
5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Сақтандырушы:
1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретін ескере отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;
3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері және салдары туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына бағалау жүргізуге;
5) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың ауқымын бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;
7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;
8) осы Заңның 22-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға;
2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;
3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
5) сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша нысандағы өтініші бойынша авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалауды жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;
6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;
6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтанушының (пайда алушының) экологиялық залалды жоюы мақсатында сақтандырушы өтеуге тиісті төлемнің мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл жөнінде хабарлауға;
7) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;
8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
9) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осындай шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жіберуге;
11) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
12) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Пайда алушы:
1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.
7) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескеріп, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын негізге ала отырып айқындайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.
2. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.
Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімнің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.
3. Алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:
1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;
3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;
4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;
5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.
3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.
4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;
2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен осы бапта көзделмеген негіздер бойынша бас тартуға құқылы емес.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы)жіберуге не "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. Заң 22-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Қазақстан Республикасының Президентi |