Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) жекеше нотариус – нотариаттық iс-әрекеттi нотариаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия негiзiнде заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын және аумақтық әдiлет органында есепке алу тiркеуiнен өткен Қазақстан Республикасының азаматы; 

2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеуiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндетi; 

3) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 

4) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 

5) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 

6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 

7) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу мiндеттемесін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 

8) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 

9) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жүргізуге мiндеттi заңды тұлға; 

10) сақтанушы – сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус; 

11) үшiншi тұлға – жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тарапы болып табылмайтын, жекеше нотариус жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi нотариаттық iс-әрекеттер жасауға байланысты кәсiби мiндеттерiн жекеше нотариустың орындауы кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлген тұлға; 

12) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.  

3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады. 

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi

Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтердi жасауы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүдделерi жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады, оларды жүзеге асыру үшiн жекеше нотариус Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес жекеше нотариустың жауапкершiлiгiне мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрi - нотариаттық iс-әрекеттер) жасасуға мiндеттi.

4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi

1. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. 

2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:  

жекеше нотариустың жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандырылған жекеше нотариустың қызметiн жүзеге асыру; 

тараптардың жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады. 

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

1. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді. 

Ескерту. 1-тарау 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау үшін қажет және оның салдары туралы ақпарат қолында бар әділет органдары, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті. 

Ескерту. 1-тарау 4-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар  

1. Қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады. 

2. Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтi жүзеге асыруына байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар

1. Қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады. 

2. Жекеше нотариустың нотариаттық қызметтi жүзеге асыруына байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

6-бап. Жекеше нотариустың қызметті жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруына жол бермеу

1. Жекеше нотариус жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай нотариаттық қызметтердi жасауға құқылы емес. 

2. Қызметiн жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыратын жекеше нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

7-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыру саласында мемлекеттiк қадағалау және бақылау

1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады. 

2. Жекеше нотариустың осы Заңның жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауына мемлекеттiк бақылау және осы талапты бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолдану осы Заңға сәйкес әдiлет органдарына олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде жүктеледi. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты



8-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi

1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында жекеше нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.  

Жекеше нотариус өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын нотариаттық iс-әрекеттердi бастағанға дейiн жасасуға мiндеттi. 

2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы кезiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн шартты жасасу мiндеттi болып табылады. 

4. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру полисін сақтандырушының электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады. 

Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді. 

Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін. 

5. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе үшiншi тұлғалардың жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен үшiншi тұлғалардың алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады. 

Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.  

Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады. 

2. Сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:  

1) сақтанушыға жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді; 

2) сақтанушының жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;  

3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтауды;  

4) сақтанушыға ( пайда алушыға) мыналар: 

мәліметтерді өзгерту, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын қайта ресімдеу; 

жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату; 

сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету; 

келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу; 

сақтандыру төлемін алу үшін қажет ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. 

Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі. 

Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.  

4. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, осы сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушымен сақтандырушы ұсынған талаптарда жасалды деп есептеледі.  

5. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.  

6. Сақтандырушы жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.  

7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді. 

Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы

1. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда ол сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген, ал оны мерзiмiн ұзартып төлеген кезде - бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 

2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.  

Сақтандырушылық қорғаудың қолданылу кезеңi жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiмен сәйкес келедi. 

3. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

10-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда: 

1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда; 

2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда; 

3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

11-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың тәртiбi, шарттары және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.

12-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың шарттары, негiздерi және салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады.

13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

1. Сақтанушы: 

1) сақтандырушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 

2) сақтандырушының қаржылық есептiлiгiмен танысуға; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және талаптар бойынша алуға; 

3-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқылы. 

2. Сақтанушы:  

1) сақтандыру сыйлықақысын жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге; 

2) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға осы Заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi ұсынуға; 

3) нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғаның талабы немесе талап-арызы келтiрiлгенi туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап шұғыл түрде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға; 

4) басталуына орай сақтанушыда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындаған оқиғаның себептерi, барысы және салдары, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерлерi туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн, өзiнiң қолы жеткен барлық ақпаратты және құжаттаманы сақтандырушыға ұсынуға; 

5) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуы үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк жасауға; 

6) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту жөнiндегi шараларды қолдануға; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкін.  

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Сақтандырушы: 

1) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi беруiн талап етуге; 

2) сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы үшiншi тұлғалардың талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға; 

3) осы Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға; 

4) осы Заңның 21-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. 

2. Сақтандырушы:  

1) сақтанушыны жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарымен таныстыруға, оның жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға; 

2-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға; 

3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге; 

3-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге; 

3-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге; 

4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге; 

5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге; 

6) сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi. 

3. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы



15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерi оның талаптарымен белгiленедi және қызметiн республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күнгi белгiленген - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.  

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында айқындалған сақтандыру сомасының 4,5 процентiнен көп болмауға тиiс.

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi

1. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. 

2. Егер жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезектi сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны ретiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.  

3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді. 

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі



18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау

1. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделеріне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады. 

2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушының үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi. 

3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн сақтандырушы үшiншi тұлғалар талап еткен сомаға немесе соттың осы Заңның 8-бабының 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды. 

4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.  

Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi. 

5. Әрбiр сақтандыру жағдайы бойынша франшизаның мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс.  

Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кеткен жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.



19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Сақтанушы не үшiншi тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда қояды.  

Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемi туралы талап сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажет құжаттар қоса беріле отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемi туралы талап өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының орналасқан жері бойынша ұсынудан босатпайды. 

2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:  

1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) үшiншi тұлғалардың зиянды өтеу туралы, келтiрiлген зиянды және оның мөлшерiн растайтын құжаттар қоса берiлген талабы немесе нотариаттық iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi; 

3) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң (жеке тұлға үшiн) көшiрмесi немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхат; 

4) зиянды болдырмау және мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар. 

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.  

Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру төлемi туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін. 

4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес. 

5. Жекеше нотариустың жекелеген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлға, ал үшiншi тұлға қайтыс болған жағдайда (қайта ұйымдастырылғанда) - оның мұрагерлерi (құқық мирасқорлары) пайда алушы болып табылады.  

Сақтанушы немесе үшiншi тұлғаға (мұрагерлерге (құқық мирасқорларына) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтеген және өз шығындарының сақтандырушыдан өтелуiне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табыла алады. 

6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды. 

7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе үшiншi тұлғалар дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дау айтпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.  

Сақтандыру төлемiнiң дау айтылған бөлiгiн сақтандырушы бiтiм келiсiмi жасалған және оны сот бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, не, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап төлеуi тиіс. 

8. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.  

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

19-1-бап. Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы): 

талаптарын көрсете отырып және оны талап етуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы. 

2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді. 

3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті. 

Ескерту. 4-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға кері талап құқығы

1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда: 

1) сақтанушы сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттер жасағанда; 

2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда; 

3) сақтанушының зиянның мөлшерiн азайту жөнiнде қисынды және қол жетiмдi шараларды қасақана қолданбауы нәтижесiнде зиянның мөлшерi ұлғайғанда; 

4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлағанда; 

5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқанда, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi сақтандыру құжаттарын беруден бас тартқанда керi талап қоюға құқығы бар. 

2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының сақтандыру нәтижесiнде сақтандырушы өтеген шығындар үшiн жауапты тұлғаға керi талап қою құқығы төленген сома шегiнде ауысады. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi  

1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы: 

1) үшiншi тұлғалардың сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң; 

2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң; 

3) сақтанушының нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарында белгiленген функциялары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруының; 

4) сақтанушы Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарын нотариус қызметiнiң аумағына қатысты талаптарын бұза отырып жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң салдарынан болса сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы. 

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыруда асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:  

1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы; 

2) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау; 

3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi негiз болуы мүмкiн. 

3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы. 

4. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:  

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк уланудың әсерi; 

2) соғыс қимылдарының; 

3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан туындаса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген, сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi. 

6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Қорытынды ережелер



21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi

1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы: 

1) үшiншi тұлғалардың сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң; 

2) үшiншi тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң; 

3) сақтанушының нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарында белгiленген функциялары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруының; 

4) сақтанушы Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарын нотариус қызметiнiң аумағына қатысты талаптарын бұза отырып жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң салдарынан болса сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы. 

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыруда асырудан бас тартуы үшiн мыналар да:  

1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы; 

2) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау; 

3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi негiз болуы мүмкiн. 

3. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы. 

4. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:  

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк уланудың әсерi; 

2) соғыс қимылдарының; 

3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан туындаса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады. 

5. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген, сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi. 

6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Қорытынды ережелер



22-бап. Дауларды қараудың тәртiбi

Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

23-бап. Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

Қазақстан Республикасының

Президентi