1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;
2) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;
3) активтерді инвестициялайды;
4) арнайы резерв қалыптастырады;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен банк-агенттерге қойылатын талаптарды белгілейді;
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекітеді;
6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;
7) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясынан айыру кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;
9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап оның депозиторларына кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл өткен соң және (немесе) кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін тоқтатылуға жатады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:
1) қатысушы банктердiң жарналар төлеуiн талап етуге;
1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;
2) депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкiлеттi органнан қатысушы банктердiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпарат алуға;
5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;
8) қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;
9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкiлеттi органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы өтiнiшхат беруге;
10) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:
1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;
2) қатысушы банктердiң жарналарды толық әрi уақтылы төлеуiне бақылау жасауға;
3) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктiң депозиторларына осы Заңда көзделген тәртiппен кепiлдiк берiлген өтем төлеуге;
3-1) банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;
4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) уәкiлеттi органға қатысушы банктердiң Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабарлауға;
5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
6) депозиторларға осы Заңның 21-бабының 1-тармағында және 21-1-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға хабарлау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды;
7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге;
8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
8-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қатысушы банк осы Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге мiндеттi:
1) мiндеттi күнтiзбелiк жарналар - қатысушы банктердiң тоқсан сайынғы төлемдерi;
2) қосымша жарналар - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу үшiн арнайы резервi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушы банк төлейтiн бiр жолғы төлемдер;
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 23-бабында белгiленген тәртiппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдерi.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк жарналарды төлеу мiндеттемелерiн тоқтатып қоймайды.
2. Қатысушы банктiң жарналарды төлеу тәртiбi мен мөлшерiн депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
Қатысушы банктiң мiндеттi күнтiзбелiк жарнасының мөлшерi есеп берiлген тоқсаннан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша қатысушы банктiң кепiлдiк берiлген депозиттерi сомасының 0,5 процентiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң қосымша жарнасының мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшiн төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның екi еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң төтенше жарнасының жылдық мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның жылдық мөлшерiнен аспауға тиiс.
3. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
4. Қатысушы банктердiң қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығаруға мыналар:
1) уәкiлеттi органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргiзуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыруы;
2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату;
3) қатысушы банктiң уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берiлген лицензияны ерiктi түрде қайтарып беруi;
4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.
2. Қатысушы банк:
1) уәкiлеттi орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырған кезде - уәкiлеттi органның осындай лицензиядан айыру туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап;
2) қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап;
3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап;
3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап;
3-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсаты алынған күннен бастап;
4) қатысушы банк уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензияны ерiктi түрде қайтарған кезде - оның ерiктi түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органның шешiмi күшiне енген күннен бастап;
5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.
3. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктердiң тiзiлiмiне қатысушы банктiң куәлiгiн жою туралы жазба енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
4. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банкте ол жүйеден шығарылған күнге дейiн жатқан кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелерiн тоқтатпайды.
Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айыру, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негіздері бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) өзін шығарған күннен бастап үш ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу арқылы не оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге міндетті.
Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында банк активтері мен міндеттемелерін жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес берiлетiн кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелердiң мөлшерi банк мүлкінің мөлшерiнен асып кетсе, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебiнен пайда болған айырманың орнын толтыруға міндетті.
4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретiн қаражат мөлшерi кепiлдiк берiлген өтем ретiнде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиiс.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілді өтем төлеуді жүзеге асыратын банк-агенттердің тізбесін көрсете отырып, кепілді өтем төлеудің басталу күні, төлеу кезеңі мен орындары не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілді өтемді төлеудің басталуын кейінге қалдыру туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi төлей бастау мерзiмiн кейiнге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде төлеудiң басталуы, кезеңi, орындары және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.
Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан тiкелей алуға құқылы.
2. Кепілді өтемді алу үшін депозитор кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде:
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда;
осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген банк-агенттер тізбесінен таңдап алынған банк-агентке қағаз жеткізгіште кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге құқылы.
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілді өтемді төлеу кепілді өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Депозиторларға кепілді өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және олардың қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
5. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:
кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні;
осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:
депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;
депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.
4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады:
депозитордың әскери қызметке кіруі;
депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;
депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;
депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;
сот анықтаған өзге де мән-жайлар.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;
2) қатысушы банктердiң жарналары;
3) қосылу шарты бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемi;
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;
6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс;
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотынан қайтарылған жағдайда, осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервiнiң нысаналы мөлшерi қатысушы банктердегi бүкiл кепiлдiк берiлген депозиттер сомасының бес процентiнен кем болмайды.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:
кепілді өтемді төлеу;
банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған шарттарда және тәртіппен депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке өтеу;
осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының жетіспейтін бөлігінің орнын толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Президентi |