Банкроттық туралы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ақшалай мiндеттеме - борышкердiң кредиторлар жеткiзген (берiп жiберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшiн сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдердi жүзеге асыруға мiндеттiлiгi; 2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төлдi өсiруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн, осы өнiмдi, оның iшiнде ұқсатылған өнiмдi өткiзуден түсетiн табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентiнен асатын ұйым; 3) әдейi банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке өз мүдделерiн немесе өзге тұлғалардың мүдделерiн көздей отырып жасаған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы; 4) әкiмшiлiк шығыстар – осы Заңда белгiленген тәртiппен кредиторлар таныған, төленуi жөнiндегi мiндет банкроттық, оңалту немесе сырттай байқау рәсiмi туралы iс қозғалған сәттен бастап және қозғалғаннан кейiнгi кезең iшiнде туындайтын, тартылатын мамандардың қызмет көрсетуiне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсiмiне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзу рәсiмiне, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмiне бастамашылық жасаумен және оларды өткiзумен байланысты шығыстар.

Оңалту рәсiмi, конкурстық iс жүргiзу рәсiмi қолданылған салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңдерi үшiн салық есептiлiгiне сәйкес салық төлеушi есептеген, салықтық тексерулер нәтижелерi бойынша салық қызметi органы есепке жазған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер де әкiмшiлiк шығыстарға жатады; 5) банкрот - дәрменсiздiгiн сот белгiлеген борышкер; 6) банкроттық - борышкердiң сот шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болатын дәрменсiздiгi; 7) банкроттық саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – банкроттық саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттiк орган; 8) борышкер – төлемге қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiгi оған осы Заңда көзделген рәсiмдердi қолдануға негiз болып табылатын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға; 9) борышкердi мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың өтiнiштерi негiзiнде сот шешiмi бойынша жүзеге асырылатын дәрменсiз борышкердiң қызметiн тоқтату; 9-1) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бiрiнiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.

Бiртектi кредиторлар топтарын:

өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтету туралы талаптар бойынша кредиторлар;

еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;

кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар;

тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;

кепiлмен қамтамасыз етiлмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредитор – қаржылық ұйымдар құрауы мүмкiн; 10) дәрменсiздiк - ақшалай мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi; 11) жалған банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты дара кәсiпкердiң кредиторларға тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн, сол сияқты борыштарды төлемеуi үшiн кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы; 11-1) жеделдетiлген оңалту рәсiмi – сотқа дейiнгi тәртiппен кредиторлармен келiсiлген оңалту жоспары негiзiнде борышкерге қолданылатын сот рәсiмi; 12) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметiн жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлерi мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн алты ай iшiнде анықтау мүмкiн емес борышкер; 13) кепiлдi кредитор - талаптары борышкердiң мүлкiн кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор; 14) конкурстық басқарушы - конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен тағайындалған адам; 15) конкурстық кредитор - өзiнiң мүлiктiк талаптарын қанағаттандыруда заңнаманың күшiмен де, кепiл туралы келiсiмнiң күшiмен де артықшылығы жоқ кредитор; 16) конкурстық масса - борышкердiң конкурстық iс жүргiзу процесiнде шығынды өндiрiп алуға болатын мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда, өзге де тұлғалардың мүлкi; 17) конкурстық iс жүргiзу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсiз борышкердi) борыштардан босатылған деп жариялау мақсатында жүзеге асырылатын рәсiм; 18) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзiнiң өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға; 18-1) кәдiмгi коммерциялық операциялар – борышкердiң күнделiктi жұмыс iстеуiн сақтап тұру мақсатында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар iс-әрекеттер; 19) лауазымды адам - дәрменсiз борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаны басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлген, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кiретiн өзге де адам; 19-1) мемлекеттiк қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар; 20) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлем қабiлетi жоқ және дәрменсiз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесiн қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйiне талдау жасауға бағытталған iс-шаралар кешенi; 21) оңалтушы басқарушы - осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмiнiң кезеңiне дәрменсiз борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлетiн адам; 21-1) оңалту жоспары – оңалту рәсiмiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынның төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, бiртектi кредиторлар тобының арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесiн қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар және ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi; 22) оңалту рәсiмi – сот рәсiмi, оның шеңберiнде төлемге қабiлетсiз борышкерге борышкердiң таратылуын болғызбау мақсатында оның төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады; 23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар дәрменсiз борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiнде өзге де шаралар кешенi iске асырылады; 24) сырттай байқау - борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, әдейi және жалған банкроттық белгiлерiн анықтау, борышкердiң қаржылық жай-күйiне, төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгiн немесе мүмкiндiгiнiң жоқтығын айқындау, сондай-ақ кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн орындаудан жалтару жөнiндегi iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) талдау жүргiзу, кредиторлар тарапынан борышкердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң жай-күйiне, оларды қайта ұйымдастыруды жүргiзуiне бақылау жасау, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге де мәмiлелер жасалуына банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн сот енгiзетiн рәсiм; 25) сырттай байқау әкiмшiсi - сырттай байқау рәсiмiн жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен тағайындалған тұлға; 25-1) сырттай дауыс беру – дауыс беру тәсiлi, онда кредиторлар жиналысы уақытында оның өткiзiлу орнынан тыс жерде болған кредиторлар жиналысының қатысушысы қаралатын мәселе (мәселелер) бойынша хаттар, факсимильдi немесе электрондық хабарламалар алмасу арқылы немесе жiберiлетiн хабарламалардың тең түпнұсқалығын қамтамасыз ететiн өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып, жазбаша дауыс беруге құқылы; 26) төлем қабiлетсiздiгi - борышкердiң ақшалай мiндеттемелерiн және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындау мерзiмi басталған кезден бастап үш ай iшiнде оларды орындауға қабiлетсiздiгi.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.07.11. N 239 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

1-1-бап. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi

1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетiлген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.

Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн үздiксiз өндiрiс циклi бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.  

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және кейбiр басқа да заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.

Сот банктi банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасымен реттелмеген бөлiгiнде жеке кәсiпкерлердiң банкроттығына қолданылады. 3. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту туралы iстердi сот банкроттық туралы заңнамада белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы қағидалары бойынша қарайды. 4. Табиғи монополиялар субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектiлерi болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшiн зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мақсатында конкурстық массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдардың банкроттығы кезiнде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдауға құқылы. 5. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.

Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256 , 2000.12.18 N 128 , 2001.03.02 N 162 , 2001.07.11 N 239 , 2005.07.08 N 71 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.09 N 213 , 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-бап. Банкроттықты тану

1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi. 2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi. 3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. 4. Егер:

кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi борышкердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнiң берешегiн қоса алғанда, салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;

 өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсiпкерлерге – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы iстердi сот қарайды.

Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды. 5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен таратылуға тиiс. 6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады. 7. Сот тәртiбiмен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.

Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  



4-бап. Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн қолдану  негiздерi

1. Борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.

Егер борышкер мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған сәттен бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлемге қабiлетсiз деп есептеледi.

2. Борышкердiң қалпына келтiрiлу мүмкiндiгi болмаған кездегi төлемге қабiлетсiздiгi оның өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.

3. Борышкердiң қалпына келтiрiлу мүмкiндiгi болған кездегi төлемге қабiлетсiздiгi немесе борышкерге таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қатерiнiң төнуi оның оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-бап. Әдейi және жалған банкроттық

1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.

Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi. 2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы. 3. Конкурстық басқарушы әдейi немесе жалған банкроттық жасау белгiлерiн тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту үшiн құқық қорғау органдарына жүгiнуге мiндеттi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану

1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер болғанда; 2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкiлеттi органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурсты басқарушылардың өтiнiшi бойынша жарамсыз деп танылуға тиiс. 3) (алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Осы тармақтың талаптары жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiне жатпайды. 2. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, оңалтушы басқарушы, санацияға қатысушы сотқа мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлiктi, бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негiздерi болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 2-1. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық басқарушы сотқа мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық және оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негiздерi болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 3. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық және оңалтушы басқарушылар, санацияға қатысушы банкроттық және (немесе) оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жылға дейiнгi кезең iшiнде берiлген борышкердiң мүлкiн олардың алдындағы мiндеттемелерi орындалу мерзiмi басталардан бұрын басқа кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiрiле отырып орындалған кредиторлардан қайтаруды сот тәртiбiмен талап етуге мiндеттi. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның қағидаларымен қамтамасыз етiледi. 4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл iшiнде, шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн.

Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады. 5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы. 6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01. N 256, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Шартты орындаудан бас тарту

1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде: 1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе; 2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса; 3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе; 4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға жататындығы

Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-бап. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар

1. Оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзу үшiн оларды жүргiзу кезеңiнде төлемге қабiлетсiз және дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.

Оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң тұрған жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.

Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

2. Алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3. Оңалтуды және конкурсты басқарушылардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер көлемi осы Заңмен және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша кредиторлар комитетiнiң олармен жасасқан келiсiмiмен реттеледi.

4. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың қызметiн жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тiркелген дара кәсiпкер оңалтуды және конкурсты басқарушы болып тағайындалады.

Осы тармақтың талаптары осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

Осы Заңда оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларға жүктелген өкiлеттiктердi өзге тұлғаларға беруге болмайды.

5. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тiркеуден өту үшiн мынадай:

1) дара кәсiпкер ретiнде тiркелу;

2) жоғары заң немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы;

3) бiлiм беру ұйымдарында оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру бойынша даярлықтан өту;

4) экономикалық, қаржы, есептiк-талдамалық, бақылау-тексеру, құқық қызметi салаларының бiрiнде не заңды тұлғаның бiрiншi басшысы лауазымында кемiнде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы талаптары белгiленедi.

6. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркеуден өту үшiн дара кәсiпкер уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1) өтiнiштi;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) жоғары заң және (немесе) экономикалық бiлiмi туралы дипломдардың көшiрмелерiн;

4) оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру бойынша даярлықтан өткенiн растайтын, бiлiм беру ұйымы берген құжаттың көшiрмесiн;

5) еңбек қызметiн, оның iшiнде жұмыс өтiлiн растайтын құжаттардың көшiрмесiн;

6) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша, оны ұсынғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын берiлген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;

7) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша оны ұсынғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларды тапсырады.

Уәкiлеттi органға құжаттардың көшiрмелерi салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасымен бiрге не құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi ұсынылады.

Уәкiлеттi органға тапсырылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi құжаттардың қабылданған күнi көрсетiле отырып, өтiнiш берушiге берiледi (жiберiледi).

Уәкiлеттi органда тiркелу кезiнде ұсынылған құжаттардың дәйектiлiгi үшiн дара кәсiпкер Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Уәкiлеттi орган тiркеудi осы тармақта бергiленген құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

Уәкiлеттi орган осы тармақта көзделген мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге – тiркелгенi туралы растауды, ал тiркеуден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша бас тартудың себептерi көрсетiлген дәлелдi жауап жiбередi.

7. Уәкiлеттi орган мынадай:

1) осы баптың 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар тапсырылмаған;

2) өтiнiш берушi осы бапта белгiленген талаптарға сай болмаған;

3) өтiнiш берушiге қатысты осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын, заңды күшiне енген сот актiсi болған;

4) өтiнiш берушi бұрын осы баптың 8-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша тiркеуден шығарылған.

Осы тармақшаның ережелерi осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша тiркеуден шығарылған өтiнiш берушiге үш жыл бойы қолданылады;

5) өтiнiш берушiнiң заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;

6) өтiнiш берушi сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз не әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған жағдайларда тiркеуден бас тартады.

8. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркелген тұлғаны тiркеуден шығаруды уәкiлеттi орган мынадай:

1) тiркеуден шығару туралы өтiнiш ұсынылған;

2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасында және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негiздер бойынша бiр жыл iшiнде бiрнеше рет шеттетiлген;

3) еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан шеттетiлген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның осы бабы 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 41-1-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша шеттетiлген;

4) тiркеу кезiнде оның дәйексiз мәлiметтер ұсыну фактiсi анықталған жағдайларда жүргiзедi.

9. Тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген кезде, уәкiлеттi органда тiркеуде тұрған тұлға уәкiлеттi органға өзгерiстер туралы он жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттi.

10. Осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетiлген ұйымдардың банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган оңалтуды басқарушыны – табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен, тиiстi орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша, ал қала құраушы кәсiпорындар бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi әкiмiмен келiсiм бойынша тағайындайды.

11. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар етiп:

1) осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделгендерден басқа жағдайларда борышкер немесе кредитор әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамын;

2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сырттай байқау рәсiмiн жүргiзуден шеттетiлген сәттен бастап бiр жыл өткенге дейiн шеттетiлген тұлғаны;

3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адамды.

Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;

4) егер серiктестiк, акционерлiк қоғам не кооператив дәрменсiз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай шаруашылық серiктестiкке қатысушылар, акционерлiк қоғамның акционерлерi, кооператив мүшелерi. Осы тармақшаның ережесi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;

5) жұбайы (зайыбы), осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген адамдардың жақын туыстарын тағайындауға болмайды.

12. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды уәкiлеттi орган:

1) кредитордың немесе борышкердiң мүдделерiне залал келтiрген олардың осы Заңда белгiленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелерi бойынша анықталған;

2) өз өкiлеттiктерiн орындау: қайтыс болуы; бiр айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi салдарынан мүмкiн болмаған;

3) тiркелу кезiнде олардың дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiсi анықталған;

4) өзi тағайындалғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кредиторлар комитетiмен келiсiм жасамаған не кредиторлар комитетiмен жасалған келiсiм бұзылған жағдайларда дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетуге тиiс.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негiздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан бiр жыл iшiнде бiрнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкiлеттiктердi орындаудан бiр мезгiлде шеттетуге әкеп соғады.

13. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар банкроттық рәсiмдерде дәрменсiз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан өз еркi бойынша босату туралы өтiнiш ұсынған кезде кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен босатылады. Өтiнiшке кредиторлар комитетiмен келiсiлген олардың қызметi туралы есеп және кредиторлар комитетiнiң келiсiмi қоса берiледi.

Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар жүктелген өкiлеттiктердi орындаудан шеттетiлген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушы алдыңғылардың құқық мирасқорлары болып табылады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  



9-1-бап. Оңалту рәсiмiнде борышкердiң мүлкi мен iстерiн  басқару

1. Борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтiнiшi бойынша, кредиторлар жиналысының келiсiмiмен, оңалту жоспары бекiтiлген сәттен бастап сот борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.

Борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқықтарын сақтау туралы өтiнiш кредиторлар жиналысының шешiмi қоса тiркеле отырып, оңалту жоспарын ұсынумен бiр мезгiлде сотқа жiберiледi.

Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда тiркелген тұлғалар арасынан өздерiнiң оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға мiндеттi. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiмi оңалту жоспарын ұсынумен бiр мезгiлде сотқа жiберiледi.

Борышкер мүлкiнiң меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға мiндеттi.

Борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайда, осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, борышкердiң органдарына заңнамада белгiленген құзырет шегiнде өкiлеттiктер және осы Заңда оңалтушы басқарушы үшiн көзделген жауапкершiлiк қолданылады.

Кредитор (кредиторлар) органның осы Заңда көзделген мiндеттердi бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешiмi бойынша борышкердiң басқару органдарының мүшелерiн ауыстыруға мiндеттi.

2. Оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кәсiптiк бiрлестiктерiнен алуы мүмкiн.

3. Уәкiлеттi орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етiп тағайындауға мiндеттi.

4. Кредиторлық берешектi өтеу кестесi үш айдан астам мерзiмде орындалмаған және (немесе) уәкiлеттi орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сот борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын сақтаған борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) кредиторлар жиналысы уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша өтiнiш келiп түскен күннен бастап он бес күн iшiнде басқарудан шеттетедi.

Сот ұйғарымында:

уәкiлеттi органға ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бес күн мерзiмде оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсыру туралы;

борышкердiң есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ борышкер мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды беруi туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.

 Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi

1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады. 2. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негiзделген деп танылған талаптары енгiзiледi.

Борышкерден ақшаны өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады. 3. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн қолданғаннан кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтушы не конкурстық басқарушылар жүзеге асырады. 4. Кредиторлардың талаптарын тiзiлiмге енгiзу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келiспеушiлiктердi тиiстi кредитордың мәлiмдемесi бойынша сот қарайды.

Соттың шешiмi талапты тiзiлiмге енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256 , 2001.07.11 N 239 , 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банкроттық саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның iшiнде акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезiнде конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн және конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптарды белгiлейдi;

1-1) акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар ұйымдардың банкроттығы кезiнде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтiң сатып алуы туралы шешiм қабылдайды;

2) алып тастады - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 3) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату бойынша сауда-саттықтар жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

5) заңды тұлғаларды қала негiзiн қалаушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;

7) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 10-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

10-2-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

 Уәкiлеттi орган:

1) оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тiркеудi және оларды тiркеуден шығаруды жүргiзедi;

2) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындайды және шеттетедi (босатады);

4) сырттай байқау рәсiмiнiң, оңалту рәсiмiнiң, конкурстық iс жүргiзудiң жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

5) - 8) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

9) оңалтушы басқарушының оңалту рәсiмiн жүргiзу барысы туралы (жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты талап етедi) және конкурстық басқарушының конкурстық iс жүргiзу барысы туралы ағымдағы есептерiн, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiнiң сырттай байқау рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарайды;

10) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерiн келiседi;

11) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

12) сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсi мен конкурстық басқарушының қорытынды есебiн келiсу тәртiбiн бекiтедi;

13) конкурстық iс жүргiзу кезiнде, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;

14) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiтедi;

15) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды талап етуге құқылы;

16) конкурстық iс жүргiзу мерзiмiн ұзартады;

17) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

18) осы Заңда белгiленген жағдайларда, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн шеттету туралы шешiм қабылдайды;

19) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiндегi сауда-саттықтың жүргiзiлу тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

20) жалған және әдейi жасалған банкроттықтың белгiлерiн анықтайды;

21) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiне шағымдарды қарайды;

22) осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде жасалған мәмiлелердi анықтау жөнiнде шаралар қолданады;

23) сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды бiлiм беру ұйымы арқылы даярлау ережелерiн бекiтедi;

23-1) тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тiркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын белгiлейдi;

24) оңалтуды және конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету тәртiбiн белгiлейдi;

24-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

25) мониторингтi, оның iшiнде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметiне қатысты ақпаратты және құжаттарды талап ету арқылы жүзеге асырады;

26) мемлекеттiк органдардан және олардың лауазымды адамдарынан төлем қабiлетi жоқ және дәрменсiз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;

27) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда, сырттай байқау әкiмшiсiнiң, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) сотта даулайды;

28) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

29) заңмен белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы iстердi қарайды, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жаза қолданады;

30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 10-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



10-3-бап. Сырттай байқау рәсiмiнiң, оңалту рәсiмiнiң, конкурстық iс жүргiзудiң жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылау

1. Уәкiлеттi органның сырттай байқау рәсiмiнiң, оңалту рәсiмiнiң, конкурстық iс жүргiзудiң жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.

Мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Осы Заңның 10-4-бабында реттелмеген тексерулер мәселелерi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледi. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Осы баптың мақсаты үшiн сырттай байқау рәсiмiнiң, оңалту рәсiмiнiң, конкурстық iс жүргiзудiң тараптары деп кредиторлар, борышкер, мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган, кредиторлар комитетi, сырттай байқау әкiмшiсi, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсiнiледi.

3. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары шеңберiнде өз құзыретiн iске асыру мақсатында сауалдар жасауды жүзеге асыруға құқылы.

4. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары мынадай:

 1) оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тiркелген тұлғаларды есепке алу;

2) мониторинг;

3) камералдық бақылау;

4) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату бойынша сауда-саттықтың жүргiзiлу тәртiбiнiң сақталуын бақылау нысандарында жүзеге асырылады.

Ескерту. 10-3-бап жаңа редакцияда - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



10-4-бап. Сырттай байқау әкiмшiлерiнiң, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сырттай байқау рәсiмiн, оңалту рәсiмiн, конкурстық iс жүргiзудi өткiзу талаптарын сақтауын тексеру

1. Тексеру уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негiзiнде үш ай мерзiмдi тексерiлетiн кезеңде бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.

2. Тексеру жүргiзуге мынадай деректемелер жазылған нұсқама негiздеме болып табылады:

1) уәкiлеттi органда тiркелген күнi мен нөмiрi;

2) нұсқаманы берген уәкiлеттi органның атауы;

3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;

4) күшi жойылды - ҚР-ның 2008.07.05 N 60-IV (2012.01.01 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 5) күшi жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

5-1) борышкердiң - дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), заңды мекенжайы немесе борышкердiң - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, сондай-ақ оның сәйкестендiру нөмiрi;

6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;

7) тексерудiң басталған және аяқталған күнi;

8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерiлуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер;

9) тексерiлетiн кезең.

Нұсқамаға уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органының бiрiншi басшысы не оны ауыстыратын адамдар қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландырылуға тиiс.

3. Бiр нұсқаманың негiзiнде бiр тексеру ғана жүргiзiледi.

4. Сырттай байқау әкiмшiсi, оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердiң аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргiзу үшiн тексерушi адамдарды жiберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге мiндеттi.

5. Уәкiлеттi органның тексерулерге басқа да мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн тартуға құқығы бар.

6. Тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адам тексеру нәтижелерi бойынша екi данада тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды, оның бiреуiн анықталған бұзушылықтармен және басқа да iс-әрекеттермен танысып, оларды жою жөнiнде шаралар қолдану үшiн сырттай байқау әкiмшiсiне (оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға) бередi.

7. Тексеру актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган мұндай бұзылушылықтарды жою мерзiмiн көрсете отырып, ұсыну шығарады.

Ескерту. 10-4-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05.

N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 2-тарау. КРЕДИТОРЛАР КОМИТЕТI Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

11-бап. Кредиторлар комитетiн қалыптастыру

1. Сырттай байқау рәсiмiнде, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде, оңалту рәсiмiнде, конкурстық iс жүргiзуде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.

Кредиторлар комитетiн қалыптастыру:

1) сырттай байқау кезiнде осы Заңның 41-2-бабымен;

2) конкурстық iс жүргiзу кезiнде осы Заңның 70-бабымен;

3) жеделдетiлген оңалту рәсiмi кезiнде осы Заңның 14-3-бабымен;

4) оңалту рәсiмi кезiнде осы Заңның 46-1-бабымен реттеледi.

2. Кредиторлар комитетiнiң құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша кредиторлардың өкiлi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар, кредитордың – мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлi, сондай-ақ борышкерге қоятын талаптарының сомасы неғұрлым көп конкурстық кредиторлар мен кепiлдi кредиторлар кiредi.

Кредиторлар комитетiнiң қалыптастырылатын құрамына талаптарының сомасы қойылған өсiмақылар мен айыппұлдар сомасын есепке алмағанда, тиiстi бiртектi топ талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан асатын бiртектi топ кредиторынан (кредиторларынан) ұсынылған тұлға (тұлғалар) енгiзiлуге тиiс.

3. Кредитор сырттай байқау рәсiмiне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзуге кредиторлар комитетiнiң мүшесi ретiнде қатысудан бас тартуға құқылы.

4. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң, конкурстық басқарушының, конкурстық iс жүргiзу кезiнде кредиторлар комитетiнiң, борышкер кредиторларының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган кредиторлар комитетiнiң қалыптастырылған және бекiтiлген құрамына осы баптың талаптарын ескере отырып, өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.

5. Мыналар:

1) кредиторлар комитетi мүшесiнiң кредиторлар комитетiнiң отырыстарына екi реттен артық дәлелсiз себептермен келмей қалуы;

2) борышкерге қоятын талаптарының үлкен сомасына ие кредитордың анықталуы;

3) кредиторлар комитетi мүшесiнiң өзiн кредиторлар комитетiнiң құрамынан шығару туралы өтiнiшi;

4) кредиторлар комитетiнiң құрамына кiретiн кредитордың алдындағы мiндеттемелердiң орындалуы;

5) кредитордың өзiн кредиторлар комитетiнiң құрамына қосу туралы өтiнiшi;

6) кредиторға кредиторлар комитетiнiң құрамында болуға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар (заңды күшiне енген сот актiлерi, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы және басқалар) кредиторлар комитетiнiң қалыптастырылған және бекiтiлген құрамына өзгерiстер енгiзудiң негiздерi бола алады.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



12-бап. Кредиторлар комитетiнiң отырыстары

1. Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он бес күннен аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс. 2. Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында: 1) дауысқа қою рәсiмiнде дауыстар тең болған жағдайда шешушi дауыс құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлауға; 2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетiнiң алдында түгендеу жөнiнде есеп беру мерзiмiн белгiлеуге; 3) сыйақының сомасын және оны конкурстық басқарушыға төлеудiң тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi. 3. Кредиторлар комитетiнiң бұдан кейiнгi отырыстары комитет белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде шақырылады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiгi

1. Кредиторлар комитетi мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:

1) келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын конкурстық iс жүргiзу рәсiмiн өткiзу бойынша iс-шаралар жоспарын бекiтедi;

2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;

3) сырттай байқау әкiмшiсiнен, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыдан борышкердiң қаржылық жағдайы және сырттай байқау рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берудi талап етедi;

4) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға және (немесе) сотқа шағымданады, сондай-ақ оларды атқаратын мiндеттерiнен шеттету туралы уәкiлеттi органға жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;

5) банкроттың өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiтедi;

6) конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны сату жоспарын бекiтедi;

7) аудиторлық тексерудiң және түгендеудiң нәтижелерiн назарға алады;

8) конкурстық iс жүргiзудi өткiзу үшiн шығыстардың баптары мен сметасын бекiтедi;

9) егер бұл кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiрмесе, конкурстық басқарушыға банкрот деп танылған кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiн тоқтатпау жөнiнде орынды болған жағдайда ұсыным бередi;

10) борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларына жүгiнуi және оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы келiсiм бередi;

11) оңалту жоспарында көзделгендердi қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн (активтерiн) кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс сату тәртiбiн айқындайды;

12) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер.

2. Кредиторлар комитетi рәсiмдердi жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты:

1) сырттай байқау, конкурстық iс жүргiзу кезiнде – айына кемiнде бiр рет;

2) жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде, оңалту рәсiмiнде – кредиторлар жиналысы белгiлеген мерзiмдерде кредиторлардың назарына жеткiзуге мiндеттi.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

14-бап. Кредиторлар комитетiнiң шешiм қабылдауы

1. Кредиторлар комитетiнiң отырысы комитет мүшелерiнiң немесе олардың сенiмдi тұлғаларының кемiнде 2/3-сi қатысса, құқықты болады.

2. Кредиторлар комитетiнiң отырысы оңалту рәсiмiнде, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығы оларда сақталған жағдайларда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы немесе конкурстық басқарушының, кредиторлар комитетi мүшелерiнiң бастамасы бойынша шақырылады.

Кредиторлар комитетiнiң мүшелерi кредиторлар комитетiнiң отырысы өткiзiлетiнi туралы отырыс өткiзуге дейiн кемiнде жетi жұмыс күнi бұрын хабардар етiлуге тиiс.

Хабарламада отырыстың өткiзiлетiн жерi, күнi мен уақыты туралы мәлiметтер, күн тәртiбi қамтылуға тиiс.

3. Кредиторлар комитетiнiң отырысы хаттамамен ресiмделедi.

Хаттама дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетiнiң мүшелерi туралы мәлiметтердi, күн тәртiбiн, дауыс беру нәтижелерiн және қабылданған шешiмдердi қамтуға тиiс. Хаттамаға кредиторлар комитетiнiң дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерi, сырттай байқау әкiмшiсi, оңалтушы немесе конкурстық басқарушы қол қояды.

Сырттай байқау әкiмшiсi, конкурстық басқарушы хаттамаға кредиторлар комитетiнiң дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерi қол қойған сәттен бастап оны үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға жiбередi.

4. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi, оңалту, сырттай байқау рәсiмi кезiнде, сондай-ақ конкурстық iс жүргiзу кредиторлары талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгенге дейiн кредиторлар комитетiнiң шешiмi «комитеттiң бiр мүшесi – бiр дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитетi мүшелерi жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.

Конкурстық iс жүргiзу рәсiмi кезiнде, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн кредиторлар комитетiне қатысатын кредиторлар өз талаптарының кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген кредиторлар талаптарының жалпы сомасына қатысты мөлшерiне барабар дауыс санын иеленедi.

Мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар), төлемнiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн пайыздар, қолдан шығарылған пайда түрiндегi шығындар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар комитетiнде дауыстар санын анықтау мақсаты үшiн есепке алынбайды.

5. Борышкердiң қалған барлық кредиторларының борышкер кредиторлары комитетiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кредиторлар комитетiне ұсынымдар беру құқығымен кредиторлар комитетiнiң отырысына қатысуға құқығы бар.

6. Борышкер мүлкi меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) кредиторлар комитетiнiң отырысына қатысуға және кредиторлар комитетiнiң шешiмдерiне сотқа шағымдануға құқығы бар.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 2-1 тарау. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi  Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

14-1-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану

1. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi борышкер мынадай шарттарға сәйкес келген:

1) борышкерге қатысты банкроттық туралы немесе оңалту туралы iс қозғалмаған;

2) борышкер коммерциялық ұйым болып табылған;

3) борышкер төлемге қабiлетсiз не таяу он екi ай iшiнде ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындауға қабiлетсiз болған кезде қолданылады.

2. Өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбекақы және өтемақылар төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу бойынша, жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша енгiзiлуi мүмкiн.

3. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi осындай шараларды қолдану талаптарына сәйкес кез келген бiртектi кредиторлар тобының (топтарының) мiндеттемелерi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.

4. Жеделдетiлген оңалту туралы iске қатысушы тұлғалар:

1) борышкер;

2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына (топтарына) кiретiн кредиторлар болып табылады.

5. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде сот:

1) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданады және тоқтатады;

2) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiтедi;

3) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;

4) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететiн мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды;

5) жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысушылар арасындағы дауларды шешедi;

6) қорытынды есептi бекiтедi.  

14-2-бап. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi

1. Төлемге қабiлеттiлiктi қалпына келтiру, төлемге қабiлетсiздiктiң басталуының алдын алу мүмкiндiгi бар болған кезде борышкер жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот органына жүгiнуге құқылы.

2. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi. Оған борышкер басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын тұлға қол қояды.

3. Борышкердiң өтiнiшi:

1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;

2) кредиторлық берешек сомасы туралы мәлiметтердi;

3) кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы ақпаратты;

4) алдағы төлемдердi уақтылы өтеу мүмкiн еместiгiнiң себептерiн қоса алғанда, кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;

5) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, жалдауда және (немесе) лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақшалай қаражат туралы мәлiметтердi, шоттардың нөмiрлерiн және банктердiң тұрған жерiн, дебиторлық берешек сомасы туралы мәлiметтердi;

6) борышкердiң орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;

7) шешiмдердi қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты кредиторлар алдында ашуы туралы борышкердiң жазбаша мiндеттемесiн;

8) оңалту жоспарына енгiзiлмеген бiртектi кредиторлардың топтарына жататын кредиторлардың кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнде тиесiлi төлемдердi алатыны және ұсынылған оңалту жоспары олардың құқықтарын өзгертпейтiнi және қозғамайтыны туралы борышкердiң мiндеттемесiн;

9) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн қамтуға тиiс.

Борышкердiң өтiнiшiнде, егер борышкер олар сотта iстi қарау үшiн қажет деп есептесе, өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 8) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.

4. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiне бастамашылық ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады.

5. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:

1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;

2) берешектiң бар-жоғын не оның басталғанын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн растайтын басқа да құжаттар;

3) борышкердiң өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.

Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкер осындай шаралар қатысушысының мәртебесiн растайтын құжатты қосымша түрде табыс етедi.

Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.

6. Борышкердiң өтiнiшiне:

1) оңалту жоспары;

2) берешектiң сомасы, оның түзiлген күнi көрсетiлген және бiртектi кредиторлардың топтары бойынша бөлiнген кредиторлар тiзбесi;

3) отырыстың хаттамасы және (немесе) талаптарының сомасы оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құрайтын кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы жазбаша растауы;

4) борышкерге қойылған талап арыздарды соттардың iс жүргiзуге қабылдағаны туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығарылуға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;

5) егер кредиторлар оңалту жоспарын қарау және келiсу кезеңiнде кредиторлар органын құрған болса, осындай орган мүшелерiнiң тiзiмi;

6) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi де қоса берiледi.

Осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.

7. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн барлық құжаттарға өтiнiш берген тұлға қол қояды және олар мөрмен куәландырылады.

8. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiн, егер:

1) борышкер осы Заңның 14-1-бабында белгiленген шарттарға сәйкес келмеген;

2) өтiнiш осы бапта белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, сот қарамай қайтарады.  



14-3-бап. Кредиторлардың жеделдетiлген оңалту рәсiмiне  қатысуы

1. Бiртектi кредиторлардың бүкiл тобының (топтарының) мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын кредиторлардың жиналысы шақырылады.

2. Кредиторлардың алғашқы жиналысы соттың жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмi шығарылған сәттен бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiлуге тиiс.

3. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рәсiмi қолданылған жағдайда, борышкердiң жоғарыда аталған шаралар шеңберiнде қалыптастырылған кредиторлар органына кредиторлар жиналысының және комитетiнiң осы Заңда белгiленген өкiлеттiктерi қолданылады.

4. Кредиторлардың жиналыстарын, кредиторлар комитетiнiң отырыстарын өткiзу, кредиторларды хабардар ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады.

5. Кредиторлардың жиналысына қатысу құқығы кредиторларға, борышкерге, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) немесе олардың өкiлдерiне тиесiлi.

6. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды және өткiзудi борышкердiң немесе оны басқару органдарының тұрған жерi бойынша борышкер жүзеге асырады.

7. Осы Заңның мақсаттары үшiн кредиторларға, сондай-ақ кредиторлардың жиналысына қатысу құқығына ие өзге де тұлғаларға кредиторлар жиналысы өткiзiлетiнi туралы хабардың кредиторлар жиналысы өткiзiлетiн күнге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын пошта арқылы тапсырыс хатпен жiберiлуi тиiсiнше хабардар ету болып танылады. Егер кредиторлар саны елуден астам болған жағдайда, кредиторлар жиналысы өткiзiлетiнi туралы хабардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкер тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында кредиторлар жиналысы өткiзiлетiн күнге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануы тиiсiнше хабардар ету болып танылады.

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен тыс жерде орналасқан кредитор үшiн кредиторға хабардың кредиторлар жиналысы өткiзiлетiн күнге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын пошта арқылы тапсырыс хатпен жiберiлуi тиiсiнше хабардар ету болып танылады.

Тұрақты немесе көбiнесе тұратын жерi немесе тұрған жерi бойынша жеке хабардар ету үшiн қажет мәлiметтердi анықтау мүмкiн болмаған кезде не мұндай хабардар етудi мүмкiн емес ететiн өзге мән-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткiзiлетiнi туралы мәлiметтердi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен жариялау осындай тұлғаларды тиiсiнше хабардар ету болып танылады.

Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, кредиторлар жиналысының өткiзiлетiнi туралы хабарламаны кредиторлар жиналысы өткiзуге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын аталған интернет-ресурста жариялау мiндеттi болып табылады.

Кредиторлар жиналысының өткiзiлетiнi туралы хабарламада мынадай мәлiметтер:

1) борышкердiң атауы, тұрған жерi және оның мекенжайы;

2) кредиторлар жиналысының өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны;

3) кредиторлар жиналысының күн тәртiбi;

4) кредиторлар жиналысының қарауына жататын материалдармен танысу тәртiбi қамтылуға тиiс.

8. Кредиторлар жиналысының қатысушысы немесе оның сенiмдi адамы жиналысқа тiкелей қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сырттай дауыс беруге құқылы.

Кредиторлар жиналысының қатысушысы сырттай дауыс беру тәсiлiн таңдаған жағдайда, ол жиналыс өткiзуге дейiн бес жұмыс күнi бұрын бұл туралы борышкерге хабарлауға тиiс.

Борышкер жиналыс өткiзуге дейiн үш жұмыс күнi бұрын күн тәртiбiне қатысты материалдарды кредиторлар жиналысының осындай қатысушысына танысу үшiн жiберуге немесе табыс етуге мiндеттi.

9. Кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлар өз талаптарының жиналысқа қатысушы кредиторлар талаптарының жалпы сомасына қатысты барабар мөлшерiнде дауысқа ие болады.

Мiндеттемелердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар), төлемнiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн пайыздар, қолдан шығарылған пайда түрiндегi шығындар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлардың жиналысында дауыстар санын анықтау мақсаты үшiн есепке алынбайды.

10. Кредиторлар жиналысы оған оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобының жалпы дауыс санының кемiнде жетпiс бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты. Кредиторлардың қайтадан шақырылған жиналысы, кредиторлар жиналысының өткiзiлу уақыты мен орны туралы кредиторлар тиiсiнше хабардар етiлген жағдайда, оған оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобының жалпы дауыс санының жартысынан астамына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты.

11. Кредиторлар жиналысының шешiмдерi кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлардың жалпы дауыс санының көпшiлiк даусымен қабылданады.

12. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екi данада жасалады, оның бiреуi сотқа, екiншiсi кредиторлар комитетiне берiледi.

 Кредиторлар жиналысының хаттамасына:

жиналысқа қатысушылар өкiлдерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжаттардың

жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекiту үшiн ұсынылған материалдардың

кредиторлар жиналысының өткiзiлу күнi мен орны туралы кредиторлардың тиiсiнше хабардар етiлгенiн айғақтайтын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың

борышкердiң қалауы бойынша өзге құжаттардың көшiрмелерi қоса тiркелуге тиiс.

13. Кредиторлар жиналысының ерекше құзыретiне:

1) кредиторлар комитетiнiң санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекiту;

2) кредиторлар комитетiнiң құрамына өзгерiстер енгiзу;

3) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу;

4) кредиторлар комитетi мүшелерiнiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткiзу тәртiбiн айқындау;

5) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу;

6) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн ұзартуды келiсу;

7) қорытынды есептi келiсу;

8) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер жатады.

14. Кредиторлар жиналысының құзыретiне кiретiн, осы баптың 13-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде сырттай дауыс беруге жол берiлмейдi.

15. Кредиторлар комитетiнiң отырысы, оны өткiзу және шешiмдердi қабылдау осы Заңның 14-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.  



14-4-бап. Оңалту жоспары

1. Оңалту жоспары борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру (оңалту шаралары), орындау мерзiмi басталмаған мiндеттемелердi өтеу мүмкiн еместiгiне байланысты төлемге қабiлетсiздiктiң туындауын болғызбау бойынша нақты iс-шараларды және жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлар топтары алдындағы берешектi өтеу және (немесе) алдағы төлемдер кестесiн қамтуға тиiс.

Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келiсiмiмен енгiзiледi және оларды сот бекiтедi.

2. Оңалту шаралары санацияны, сауда-саттық жүргiзу арқылы мүлiк (активтер) сатуды, борышкердiң талап ету құқықтарын басқаға берудi, негiзгi борыш сомасының бiр бөлiгiн есептен шығаруды, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бiтiмгершiлiк келiсiмiн жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де iс-шараларды қамтуы мүмкiн.

3. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзi ретiнде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыған, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау шараларын көздеген жағдайда, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алуға арналған шарт не қаржылық ұйымның оң шешiмi не мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алғандығын растайтын құжат қоса тiркеледi.  

14-5-бап. Жеделдетiлген оңалту туралы iс бойынша iс  жүргiзудi қозғау және оның салдары

1. Сот осы Заңның 14-2-бабында белгiленген талаптарға сай келетiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi алып, өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iстi қозғау туралы ұйғарым шығарады.

2. Жеделдетiлген оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған сәттен бастап:

1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;

2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;

3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;

4) борышкер мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;

5) борышкер оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобының әрбiр кредиторына iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы хабарламаны бес жұмыс күнi iшiнде жiберуге мiндеттi;

6) кредиторлар хабарламада көрсетiлген кредиторлық берешек сомасымен келiспеген жағдайда, жеделдетiлген оңалту туралы iстi қарайтын сотқа хабарлама алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарсылық жiберуге құқылы;

7) жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылған кредиторлардың талаптары бойынша, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртiппен қанағаттандыруға жататын талаптар бойынша борышкердiң банктiк шоттарынан ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкер мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi.

3. Борышкердiң кредиторларға жiберетiн хабарламасында:

1) жеделдетiлген оңалту туралы iстiң қозғалғаны туралы ақпарат;

2) жеделдетiлген оңалту туралы iс қозғау туралы ұйғарым шығарған соттың атауы және оның тұрған жерi;

3) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса тiркелген құжаттарда көрсетiлген кредитор талаптарының сомасы, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасы;

4) көрсетiлген кредиторлық берешек сомасымен келiспеген жағдайда, кредитордың хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде сотқа қарсылық бере алатыны туралы ақпарат қамтылуға тиiс.

4. Борышкер жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс қозғалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде хабарландырулардың көшiрмелерiн, хабарламалардың түпнұсқаларын оларды кредиторлардың алғанын, не кредитордың тұрған жерi бойынша болмауы себептi оларды тапсыру мүмкiн болмағанын растаумен бiрге, сотқа табыс етуге тиiс.  



14-6-бап. Iстiң сотта қаралуы

1. Жеделдетiлген оңалту туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген iс-әрекеттерден басқа, жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылған кредиторларды және прокурорды iстiң сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабардар етедi.

2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейiнгi он бес күннен кешiктiрiлмей, жеделдетiлген оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.

Сот жеделдетiлген оңалту туралы iстi iс қозғалған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде қарауға тиiс.

3. Жеделдетiлген оңалту туралы iстi алдын ала дайындау мерзiмi iс қозғалған сәттен бастап он бес күннен аспауға тиiс.

4. Сот мынадай шарттар орындалған:

1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабiлетсiздiгiн не орындау мерзiмi таяу он екi айда басталатын ақшалай мiндеттемелердi орындаудың мүмкiн еместiгiн дәлелдеген;

2) борышкер iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғандығы туралы кредиторларды хабардар ету бойынша талаптарды толық көлемде орындаған;

3) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлген;

4) оңалту жоспарын мақұлдаған кредиторлардың талаптары бiртектi кредиторлардың тиiстi тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраған кезде жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот шешiмiн шығарады.

Осы тармақтың 1), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.

5. Сот шешiмi:

1) борышкердiң атауын, оның тұрған жерiн, банктiк шоттары туралы мәлiметтердi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн), басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, телефонның байланыс нөмiрiн;

2) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы нұсқауды;

3) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану жағдайларын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiту туралы нұсқауды;

4) жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi туралы мәлiметтердi;

5) оңалту жоспарына енгiзiлген кредиторлар тiзбесiн;

6) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының сомасын;

7) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданудың осы Заңда көзделген салдарларының басталғаны туралы нұсқауды;

8) борышкердiң оңалту жоспарын орындау нәтижелерi бойынша қорытынды есептi беруi туралы нұсқауды қамтуға тиiс.

6. Сот мынадай:

1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабiлетсiздiгiн және (немесе) алдағы төлемдердi уақтылы өтеу мүмкiндiгi жоқтығын растамаған;

2) борышкер осы Заңның 14-5-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған және борышкер кредиторды оның тұрған жерi бойынша болмауы себептi хабардар етудiң мүмкiн болмағанын дәлелдемеген;

3) кредиторларға жiберiлген iс бойынша iстi қозғау туралы хабарламалар осы Заңның 14-5-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

4) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлмеген;

5) оңалту жоспарына келiсiм берген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредиторлардың құқықтарын оңалту жоспары өзгерткен және қозғаған;

6) борышкер ұсынған құжаттар оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобы талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын бiлдiретiн кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағанын растамаған жағдайларда, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.

Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.

7. Сот талқылауы барысында осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталмаған жағдайларда, сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарады.  



14-7-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс. Сот борышкердiң өтiнiшi бойынша рәсiмнiң жүзеге асырылу мерзiмiн кредиторлар жиналысының келiсiмiмен алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

Борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, сот рәсiм мерзiмiн бекiтiлген оңалту жоспарына сәйкес белгiлейдi.  

14-8-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту    жоспарын бекiту салдарлары

1. Сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарған және оңалту жоспарын бекiткен сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:

1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына кредиторлар жиналысының немесе борышкерге мемлекеттiк қолдау шараларын қолдану кезiнде құрылған кредиторлардың өзге органдарының келiсiмiнсiз, оңалту жоспарында көзделгендердi қоспағанда, мүлiктi кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;

2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (ол уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;

3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;

4) борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi.

2. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi iшiнде борышкер әр айдың 15-iнен кешiктiрмей өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жүргiзiлген мәмiлелер туралы ақпаратты кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына жеткiзуге, кредиторлар комитетiнiң талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға мiндеттi.

3. Оңалту жоспарына қосылған кредиторлармен есеп айырысу оңалту жоспарында көзделген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылмаған, қалған кредиторлармен есеп айырысу кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнде жүзеге асырылады.  

14-9-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн тоқтату

1. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн:

1) кредиторлар жиналысымен келiсiлген қорытынды есеп табыс етiлген;

2) егер мерзiмдi ұзарту үшiн негiз болмаса, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi өткен;

3) оңалту жоспарын орындау кезiнде, сондай-ақ осы Заң нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда кредиторлар жиналысының шешiмi негiзiнде жиналыс уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша;

4) оған қатысты борышкер өтеу кестесiн үш айдан астам мерзiм iшiнде орындамаған кредитордың өтiнiшi бойынша;

5) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредитордың не талаптары жеделдетiлген оңалту рәсiмiн өткiзу кезеңiнде туындаған кредитордың өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғалған жағдайларда;

6) оңалту жоспары құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған және (немесе) ескермеген, оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жататын кредитордың өтiнiшi бойынша сот тоқтатады.

2. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi тоқтатылған сәттен бастап осы Заңның 14-8-бабында белгiленген шектеулер алып тасталады, кредиторлар өз құқықтарын iске асыруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. 3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы iстердi сот тәртiбiмен қарау  Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



15-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс қозғау тәртiбi

1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу сотта осы Заңның 4-бабында көзделген негiздер болған кезде – борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда – прокурордың, осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайда оңалтушы басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.

2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар – жеке және заңды тұлғалар ие болады.

3. Оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу осы Заңның 4-бабында көзделген негiздер бар болған кезде борышкердiң өтiнiшi негiзiнде сотта қозғалады.

Борышкердiң банкроттық туралы iс қозғалғандығы туралы сот ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi сотқа жолдауға да құқығы бар.

4. Сот борышкердi банкрот деп тану туралы немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледi.

5. Банкрот деп тану туралы борышкер, оңалтушы басқарушы берген өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз керi қайтарып алынбайды. Осы Заңның 53-бабында көзделген негiздер бойынша өтiнiш берiлген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiшiн ол (олар) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  



16-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iске қатысушы  тұлғалар

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Мыналар банкроттық немесе оңалту туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады: 1) борышкер; 2) кредиторлар; 3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөнiндегi өкiлi; 4) прокурор; 5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган; 6) уәкiлеттi орган. 7) <*>

Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256 , 2001.07.11 N 239 , 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

17-бап. Борышкердiң өтiнiшi

1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы: 1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның 2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы. 2. Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуге мiндеттi.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

18-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны

1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды. 2. Борышкердiң өтiнiшi:

1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;

2) кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;

3) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, жалдауда және лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақша туралы мәлiметтердi; шоттардың нөмiрлерiн және банктердiң тұрған жерiн, дебиторлардың тұрған жерi мен берешек сомасы көрсетiлген тiзбесiн;

4) борышкердiң орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;

5) борышкер қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;

6) қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.

Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарауға қажет болса өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар қолдаухаттар көрсетiлуi мүмкiн.

Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154 , 1998.07.01 N 256 , 2001.07.11 N 239 , 2004.04.08 N 542 , 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар

1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;

2) берешектiң бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн;

3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.

2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

1) борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;

2) соңғы үш жылдағы және өтiнiш берген кезге қаржылық есептiлiк, көрсетiлген кезең үшiн борышкердiң барлық мiндеттемелерi бойынша салықтық есептiлiк, тиiстi берешектiң сомасы мен түзiлу күнiн көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тiзбесi (салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, заңды мекенжайы);

3) борышкер еңбек ұжымының (қызметкерлерiнiң) банкроттық туралы iске қатысу үшiн өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;

4) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;

5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополия салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде беретiн қорытындысы;

6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде беретiн қорытындысы;

7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi жүргiзiлсе, сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытындысы;

8) борышкерге қойылған, соттар iс жүргiзуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер де қоса берiледi.

3. Оңалту рәсiмiн тоқтату және борышкердi банкрот деп тану туралы оңалтушы басқарушының өтiнiшi, осы баптың 2-тармағының 1), 3) және 7) тармақшаларында көзделгендердi қоспағанда, осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды қамтуға тиiс.

4. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:

1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;

2) берешектiң бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн не ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу он екi айда басталған кезде оған оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қатерiнiң төнгенiн;

3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.

5. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:

1) борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiлiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;

2) соңғы үш жылдағы қаржылық есептiлiк, тиiстi берешектiң сомалары мен түзiлген күнiн көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тiзбесi (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, заңды мекенжайы), сондай-ақ өтiнiш берiлген кездегi активтер, мiндеттемелер мен меншiктi капитал туралы мәлiметтердi қамтитын қаржылық жағдай туралы мәлiметтер;

3) борышкерге қойылған, соттар iс жүргiзуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;

4) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген жағдайда, сырттай байқау әкiмшiсiнiң төлемге қабiлеттiктi қалпына келтiру мүмкiндiгi туралы қорытындысы;

5) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi қоса берiледi.

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

20-бап. <*>

Ескерту. 20-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы

1. Борышкердiң банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы, осы Заңның 18 және 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады. 2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылған және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса тiркелмеген жағдайларда мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жеткiлiксiз құжаттарды сот қарауына iстi дайындау тәртiбiмен сот сұратып алады.

 Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



22-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiштi

1. Азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн. 2. Кредитордың өтiнiшi сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жалпы ережелер бойынша берiледi. 3. Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс: 1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы; 2) борышкердiң - дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi немесе борышкердiң - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi; 3) кредитордың - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi немесе кредитордың - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi; 4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi; 5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы; 6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде); 7) кредитор талаптарының белгiленген құқықтық негiздерi (сот шешiмi, бұл талаптарды борышкердiң мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негiздiлiгiн және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер); 8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер; 9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi; 10) борышкерге талаптар қою айғағы; 11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер. 4. Кредитор борышкерге және уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi. 5. Кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады.

Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

23-бап. Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар

Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне: 1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн; 2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге және уәкiлеттi органға жiберiлгенiн; 3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын; 4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы); 5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

24-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру

1. Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар. 2. Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.

25-бап. <*>

Ескерту. 25-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

26-бап. Прокурордың мәлiмдемесi

1. Прокурор: 1) өзi әдейi банкроттық белгiлерiн анықтағанда; 2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың мүдделерiн көздеп; 3) жоқ борышкердiң кредиторларының мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.

Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

27-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс  жүргiзудi қозғау

1. Борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

2. Iс қозғау туралы ұйғарым мүлiкке құқықты тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк және өзге де органдардың осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген шектеулердi қолдану туралы мiндетiн қамтуға тиiс.

3. Сот iс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерiн борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк және өзге де органдарға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.

Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  



28-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс  қозғаудың салдарлары

1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалған сәттен бастап:

1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi кәдiмгi коммерциялық операциялардан тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;

2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының борышкер мүлкiне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;

3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;

4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;

5) борышкердiң акцияларын, мүлкiндегi үлестердi иелiктен шығаруға тыйым салынады.

2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалғандығы туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде жетi жұмыс күнi iшiнде жариялауға мiндеттi.

Хабарландыруды жариялау борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.

Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне борышкердiң жауабы

1. Борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау жөнiндегi ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi. 2. Жауапта: 1) жауап жiберiлiп отырған соттың атауы; 2) мәлiмдеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) немесе атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен күнi; 3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына қарсылықтары; 4) өзге кредиторлар алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, салық және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешектiң жалпы сомасы; <*> 5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң тұрғылықты жерi, дебиторлардың тұрғылықты жерi және олардың берешегiнiң сомасы көрсетiлген тiзбесi; 6) борышкер мойындаған жағдайда мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына айғақтар. 3. Борышкердiң жауабына борышкердiң: 1) орындау мерзiмi жеткен борыштық мiндеттемелерiн орындауға; 2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс. 4. Борышкер жауабының болмауы не оның осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болуы мүмкiн. 5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз деп тануды бiлдiруi соттың оны банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады.

Борышкер жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес.

Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

29-1-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру және қайта бастау

1. Сот борышкердiң банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу шеңберiнде оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн алып, өтiнiш келiп түскеннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.

2. Соттың банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшiрмелерiн сот борышкерге, өтiнiш иесiне, уәкiлеттi органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.

3. Сот банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi мынадай:

1) сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi қараусыз қалдырған;

2) оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiм шығарылған;

3) осы Заңның 53-бабында көзделген негiздер бойынша оңалту рәсiмiн тоқтатқан жағдайларда қайта бастайды.

4. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу соттың ұйғарымымен қайта басталады.

 Ескерту. Заң 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



30-бап. Кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету

Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға: 1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға; 2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға; 3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы.

Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2002.08.09. N 346 Заңдарымен.

31-бап. Iстi соттың қарауына дайындау

1. Кредитордың немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады. 2. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген әрекеттермен қатар сот: 1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкiлеттi органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды; 2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады; 3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды.

Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2002.08.09. N 346 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



32-бап. <*>

Ескерту. 32, 33-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .

33-бап. <*>

Ескерту. 32, 33-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .  

34-бап. Сот талқылауы

1. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.

Банкроттық туралы iс қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде банкроттық туралы iс сот отырысында қаралуға тиiс.

2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.

Оңалту туралы iс қозғалған күннен бiр айдан аспайтын мерзiмде оңалту туралы iс сот отырысында қаралуға тиiс.

Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

35-бап. Соттың банкроттық немесе оңалту туралы iс  бойынша қаулылары

1. Сот банкроттық немесе оңалту туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн қабылдай алады:

1) борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм;

2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;

3) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм;

4) оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiм;

5) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым.

2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.

Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

36-бап. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм

1. Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда: 1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда; 2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсiздiгiн растайтын құжаттарды қоса борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда; 3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсiздiгiн растайтын құжаттарды қоса борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде шығарылады. 4) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 5) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 6) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде: 1) борышкердi тарату туралы; 2) уәкiлеттi органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы; 3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы; 4) борышкердiң лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, сондай-ақ борышкердiң мөрiн конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беру туралы нұсқаулар болуға тиiс. 2-1. Уәкiлеттi орган конкурстық басқарушыны соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тағайындайды. 3. Конкурстық басқарушы борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде өзi тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жариялайды.

Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда: 1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы; 2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;  2-1) күшi жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

2-2) банкротты сәйкестендiретiн мәлiметтер (сәйкестендiру нөмiрi, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы); 3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.01 N 256 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.12.18. N 128 , 2001.03.02. N 162 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

37-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi

1. Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 2. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.

Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

37-1-бап. Оңалту туралы iс бойынша шешiм

1. Борышкер сот талқылауы барысында өзiнiң төлемге қабiлетсiздiгiн немесе ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу он екi айда басталған кезде борышкердiң оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қатерi төнгенiн дәлелдеген жағдайда, сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы соттың шешiмiн шығарады.

2. Соттың борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмiнде:

1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы;

2) борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруы туралы;

3) борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзiмде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыруы және оны уәкiлеттi органға бекiтуге беруi туралы;

4) борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап төрт айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде кредиторлар жиналысы мақұлдаған борышкердi оңалту жоспарын ұсынуы туралы;

5) оңалту рәсiмiн қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталғаны туралы нұсқау қамтылуға тиiс.

3. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы жарияланымда:

1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмдi шығарған соттың атауы;

2) борышкердiң атауы және тұрған жерi;

3) кредиторларға жарияланым күнiнен бастап екi ай мерзiмде өздерiнiң борышкерге бар талаптарын қою қажеттiгi туралы үндеу қамтылуға тиiс.

4. Егер борышкер сот талқылауы барысында өзiнiң төлемге қабiлетсiздiгiн не ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу арадағы он екi айда басталған кезде оларды орындауға мүмкiндiгi жоқ екендiгiн дәлелдемеген жағдайда, сот оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.

Соттың оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiмiнде кредитордың борышкерден оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш беру нәтижесiнде келтiрiлген залалдарының орнын толтыруды талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиiс.

 Ескерту. Заң 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

38-бап. Жалған банкроттық кезiндегi сот шешiмi

1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. 2. Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс (осы Заңның 5-бабының 2-тармағы).



39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым

1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiш керi қайтарып алынған жағдайда (осы Заңның 15-бабының 5-тармағы) тоқтатады.

2. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ:

1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш керi қайтарып алынған;

2) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса берiлген құжаттарда қамтылған дәйексiз мәлiметтер ұсынылу фактiлерi анықталған жағдайларда тоқтатады.

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



40-бап. Әкiмшiлiк шығыстарын бөлу

1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртiппен өтеледi. 2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi. 3. Алып тасталды.

Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi. Шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау

Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 3-1-тарау. Сырттай байқау Ескерту.

41-1-бап. Сырттай байқау

1. Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы iс қозғау жөнiнде ұйғарым шығарады.

Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi:

1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор немесе сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;

2) борышкердiң төлем қабiлетi болмаған кезде үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге енгiзiлуi мүмкiн.

Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторлары және олардың мүлiктiк талаптарының мөлшерi туралы мәлiметтi талап ету арқылы сот белгiлейдi.

Соттың сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарымында уәкiлеттi органға бес жұмыс күнi iшiнде сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетiледi.

Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2. Сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тiркелген дара кәсiпкер сырттай байқау әкiмшiсi болып тағайындалады.

Сырттай байқау әкiмшiсi өз өкiлеттiгiн борышкердiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.

Сырттай байқау әкiмшiсi етiп осы Заңның 9-бабының 11-тармағында көрсетiлген тұлғаларды тағайындауға болмайды.

Осы Заңда сырттай байқау әкiмшiсiне жүктелген өкiлеттiктердi өзге тұлғаларға беруге болмайды.

3. Сырттай байқау әкiмшiсiн уәкiлеттi орган:

1) кредитордың немесе борышкердiң мүдделерiне залал келтiрген олардың осы Заңда белгiленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелерi бойынша анықталған;

2) өз өкiлеттiктерiн орындау: қайтыс болуы; бiр айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз не әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi салдарынан мүмкiн болмаған;

3) тiркелу кезiнде олардың дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiсi анықталған;

4) өзi тағайындалғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кредиторлар комитетiмен келiсiм жасамаған не кредиторлар комитетiмен жасаған келiсiм бұзылған жағдайларда шеттетуге тиiс.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негiз бойынша сырттай байқау әкiмшiсiн сырттай байқау рәсiмiн жүргiзуден бiр жыл iшiнде бiрнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша шеттету оны барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкiлеттiктердi орындаудан бiр мезгiлде шеттетуге әкеп соғады.

4. Сырттай байқау әкiмшiсi сырттай байқау рәсiмiн жүргiзуден өз еркi бойынша босату туралы өтiнiш ұсынған кезде кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен босатылады.

Өтiнiшке кредиторлар комитетiмен келiсiлген оның қызметi туралы есеп және кредиторлар комитетiнiң келiсiмi қоса берiледi.

Сырттай байқау әкiмшiсi жүктелген өкiлеттiктердi орындаудан шеттетiлген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған сырттай байқау әкiмшiсi алдыңғылардың құқық мирасқоры болып табылады.

5. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдар туындайды:

1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;

2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады;

3) борышкердiң кепiлге қойылған мүлкiнен, оның iшiнде соттан тыс тәртiппен өндiрiп алуға тыйым салынады.

6. Сотқа сырттай байқауды енгiзу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.

Ескерту. 41-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  



41-2-бап. Сырттай байқау рәсiмiнде кредиторлар комитетiн  қалыптастыру

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 1. Сырттай байқау кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитетi құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсi құрады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. 2. Кредиторлар комитетiнiң құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ еңбекақы төлеу бойынша және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлардың өкiлдерi кiруi мүмкiн. 3. Өтiнiштерi бойынша сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген кредиторлар, талаптардың мөлшерiне қарамастан, кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi. 4. Алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ескерту. 41-2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

41-3-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi

Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерiне: 1) сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру мен бақылау; 2) борышкердiң негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге мәмiлелер жасауына қатысты сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн келiсу, қайта ұйымдастыруды жүргiзу; 3) сырттай байқау әкiмшiсiмен борышкердiң мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi туындаған, сырттай байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерiн және iс-әрекеттерiн анықтау мен талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар және осы Заңда белгiленген өзге де iс-шаралар туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген келiсiм жасау; 4) уәкiлеттi органға сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерi жөнiнде шағымдану; 5) сырттай байқау рәсiмiн ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтiнiш жасау жатады.

41-4-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң өкiлеттiктерi

1. Сырттай байқау әкiмшiсi: 1) сотқа борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшiн жою туралы өтiнiш жасауға; 2) түгендеу актiлерi бойынша борышкердiң мүлкiне салыстыру жүргiзуге; 3) борышкерден берешек сомасы көрсетiлген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тiзбесiн, активтерi мен пассивтерi толық көрсетiлген балансын, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы есептi және басқа да қажеттi ақпаратты талап етуге; 4) сот алдында үшiншi тұлғалардан қажеттi құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердiң алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметiне қатысты өзге мәлiметтердi табыс етуi туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәлiметтермен олардың тұрған жерiнде танысуға; 5) сырттай байқау рәсiмi енгiзiлгенге дейiнгi алдыңғы үш жыл iшiнде жасалып, борышкердiң қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмiлелердi анықтауға, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген негiзде және тәртiппен бұзуды талап етуге; 6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындауын талап етуге; 7) осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы. 2. Сырттай байқау әкiмшiсi: 1) борышкерге қатысты өз iс-әрекеттерiн кредиторлар комитетiмен келiсуге; 2) борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнiнде шаралар қолдануға; 3) әдейi және жалған банкроттық белгiлерiнiң бар екенiн анықтауға және анықталған белгiлер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi жарамсыз деп тануын талап етуге; 4) борышкердiң кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдануын талап етуге; 4-1) уәкiлеттi органның сұратуы бойынша оған сырттай байқау рәсiмi бойынша қажеттi ақпарат беруге; 5) сырттай байқау кезеңi аяқталғаннан кейiн кредиторлар комитетiмен және уәкiлеттi органмен келiсiлген, борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгi және оған қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы не борышкердi банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметi туралы есептi сотқа табыс етуге мiндеттi.

Ескерту. 41-4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.



41-5-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң жауапкершiлiгi

Сырттай байқау әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары

Сырттай байқау әкiмшiсiне әкiмшiлiк шығыстар мен ағымдағы төлемдер мөлшерi кредиторлар мен сырттай байқау әкiмшiсi арасында жасалатын келiсiммен айқындалады.

Сырттай байқау әкiмшiсiне әкiмшiлiк шығыстар мен ағымдағы төлемдер сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген елу айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айына бiр рет борышкердiң мүлкi есебiнен төленедi.

Ескерту. 41-6-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

41-7-бап. Борышкердiң мiндеттерi

Борышкер: 1) сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға; 2) сырттай байқау әкiмшiсiнiң талабы бойынша:

сырттай байқау енгiзiлгенге дейiн жасалған, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелерге, сондай-ақ құны борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын басқа да мәмiлелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметi туралы ақпарат ұсынуға;

борышкердiң қаржылық жай-күйiн нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi бұзу жөнiнде шаралар қабылдауға; 3) сырттай байқау әкiмшiсiмен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерiстi, қайта ұйымдастыру жүргiзудi, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелердiң, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын мүлiктi сатып алу немесе иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердiң жасалуын келiсуге мiндеттi.

Ескерту. 41-7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату

Сырттай байқау: 1) сырттай байқау мерзiмi бiткен; 2) сырттай байқау мақсаттарына қол жеткiзiлген жағдайларда сот сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есебiн бекiткен кезде тоқтатылады. Сот сырттай байқау рәсiмiн кредиторлар комитетiнiң өтiнiшi бойынша тоқтатуы мүмкiн.

 Ескерту. 41-8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 4-тарау. ОҢАЛТУ РӘСIМI

42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану

Оңалту рәсiмi сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.

Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

43-бап. Оңалту рәсiмiне қатысушылар

Сот, кредиторлар, борышкер, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), оңалтушы басқарушы, уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi тұлғалар оңалту рәсiмiне қатысушылар болып табылады.

Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

43-1-бап. Соттың оңалту рәсiмiндегi өкiлеттiгi

Сот оңалту рәсiмiнде:

1) оңалту рәсiмiн қолданады, тоқтата тұрады және тоқтатады;

2) оңалту жоспарын бекiтедi;

3) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;

4) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететiн мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды;

5) кредиторлар жиналысының шешiмi негiзiнде борышкер мүлкi меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығын сақтап қалады немесе уәкiлеттi органға оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсырады;

6) оңалту рәсiмiне қатысушылар арасындағы дауларды шешедi.

 Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

43-2-бап. Оңалту рәсiмiн қолданудың салдарлары

1. Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарған сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:

1) мүлiкпен кәдiмгi коммерциялық операциялардың шеңберiнен тыс мәмiлелер жасасуға тыйым салынады;

2) борышкер берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық төлемiн (өсiмпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады;

3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзiмi оңалту рәсiмiн қолданғаннан кейiн басталған, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;

4) оңалту рәсiмi қолданылған салықтық кезеңнен кейiнгi салықтық кезеңдердегi салықтық есептiлiкке сәйкес салық төлеушi есептеген, салықтық тексерулердiң нәтижелерi бойынша салық қызметi органы есепке жазған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төленедi.

2. Оңалту жоспары бекiтiлгеннен кейiн:

1) оңалту жоспарында көзделгендердi қоспағанда, мүлiкпен кәдiмгi коммерциялық операциялардың шеңберiнен тыс мәмiлелер кредиторлар жиналысының келiсiмiмен жасалады;

2) кредиторлық берешектi өтеу кестесi оңалту жоспарына сәйкес орындалмаған жағдайда, кредиторлық берешектi өтеудiң оңалту жоспарында көрсетiлген күнiнен немесе кезеңiнен кейiнгi күннен бастап осы Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген шектеулер алынады.

 Ескерту. Заң 43-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



44-бап. Оңалту жоспары және оны бекiту тәртiбi

1. Оңалту жоспары борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты iс-шараларды (оңалту шараларын) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көрсетiлген кредиторлар алдындағы берешектi өтеу кестесiн қамтуға тиiс.

Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабiлеттi ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар тиiстi орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала негiзiн құраушы кәсiпорындар бойынша - тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiмен келiсiлуге тиiс.

Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келiсiмiмен енгiзiледi және оларды сот бекiтедi.

2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде кредиторлармен бiрге әзiрлеуге тиiс.

3. Оңалту жоспарын iске асыру мерзiмi бес жылдан аспауға тиiс.

4. Оңалту шараларына санацияны, сауда-саттық жүргiзу жолымен мүлiктi (активтердi) сатуды, борышкердiң талап ету құқықтарын басқаға берудi, борыштың бiр бөлiгiн кешiрудi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бiтiмгершiлiк келiсiмiн жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де iс-шаралар кiруi мүмкiн.

5. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзi ретiнде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыса, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алу шарты қоса тiркеледi.

6. Оңалту жоспары кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн кредиторлар жиналысына келiсу үшiн берiлуге тиiс.

7. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабiлеттi ұйымдардың оңалту жоспары тиiстi орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала негiзiн құраушы кәсiпорындар бойынша - тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiмен келiсiлуге тиiс.

Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күнi iшiнде қарастырылады.

8. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында мақұлдағаннан кейiн осы Заңның 37-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей сотқа ұсынуға мiндеттi.

9. Кредиторлар жиналысымен келiсiлген оңалту жоспары ол ұсынылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сот ұйғарымымен бекiтiледi.

10. Сот осы Заңда белгiленген талаптардың бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оңалту жоспарын бекiтуден бас тартуға құқылы.

11. Соттың оңалту жоспарын бекiту туралы ұйғарымы:

1) оңалту жоспарын бекiту туралы;

2) оңалту рәсiмiн аяқтау және қорытынды есеп беру мерзiмдерi туралы;

3) уәкiлеттi органның оңалтушы басқарушыны тағайындауы туралы немесе басқару құқығының борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, қатысушыларда (акционерлерде) сақталғандығы туралы нұсқауларды қамтуға тиiс.

Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



45-бап. Оңалту шараларын қолданудың негiзi

 Ескерту. 45-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

45-1-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру

1. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде борышкерге оңалту рәсiмiнiң қолданылуы туралы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады.

Борышкердiң интернет-ресурсы бар болған жағдайда, борышкерге оңалту рәсiмiнiң қолданылуы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарламаны аталған интернет-ресурста жариялау мiндеттi болып табылады.

2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлiмдеу және қарау осы Заңның 71–72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап үш айдан кешiктiрмей кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн және оларды қарау нәтижелерiн бекiту үшiн уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.

4. Борышкер ұсынған кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган кредиторлар талаптарының тiзiлiмi ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бекiтедi.

5. Уәкiлеттi орган осы Заңның 71–72-баптарының талаптарын бұза отыра жасалған кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бес жұмыс күнi iшiнде жойылуға жататын қайтару себептерiн көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей пысықтауға қайтарады.

 Ескерту. Заң 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



46-бап. Оңалту рәсiмiн енгiзудiң салдары

 Ескерту. 46-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

46-1-бап. Кредиторлар жиналысы

1. Барлық кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар жиналысы шақырылады.

2. Кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген кредиторларға (олардың өкiлдерiне), борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiлiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), уәкiлеттi органға тиесiлi.

3. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыру, өткiзу және оның шешiмдер қабылдауы осы Заңның 14-3-бабының 6–11-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

4. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екi данада жасалады, оның бiрi оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм қабылдаған сотқа, екiншiсi кредиторлар комитетiне берiледi.

Кредиторлар жиналысының хаттамасына:

1) кредиторлар жиналысын өткiзу күнiндегi кредиторлар талаптары тiзiлiмiнiң

2) жиналысқа қатысушылар өкiлдерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжаттардың

3) жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекiту үшiн ұсынылған материалдардың

4) кредиторлар жиналысын өткiзу күнi мен орны туралы кредиторларды тиiстi түрде хабардар еткенi туралы айғақтайтын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың

5) борышкердiң қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшiрмелерi қоса берiлуге тиiс.

5. Кредиторлар жиналысының айрықша құзыретiне:

1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) оңалту жоспарын бекiткен сәттен бастап борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығын сақтау немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдау;

2) кредиторлар комитетi құрамының санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекiту;

3) кредиторлар комитетiнiң құрамына өзгерiстер енгiзу;

4) оңалту жоспарын келiсу;

5) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу;

6) оңалту рәсiмiн ұзартуды келiсу;

7) кредиторлар комитетi мүшелерiнiң оңалту рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлар назарына жеткiзуiнiң тәртiбi мен мерзiмiн айқындау;

8) өзге мәмiлелердi кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс жасалатындардың санатына жатқызу;

9) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу;

10) борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;

11) оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдау;

12) оңалтушы басқарушының негiзгi сыйақы сомасын және оны төлеу тәртiбiн айқындау;

13) борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайда, борышкердi басқару органдары мүшелерiнiң ақшалай сыйақысының сомасын анықтау;

14) оңалтушы басқарушының (борышкердiң) қорытынды есебiн келiсу;

15) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер жатады.

6. Кредиторлар жиналысының құзыретiне кiретiн, осы баптың 5-тармағының 1), 4), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде сырттай дауыс беруге жол берiлмейдi.

 Ескерту. Заң 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу

1. Оңалту рәсiмiн қолданған кезден бастап:

1) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;

2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемақылар және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу бойынша және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;

3) кредиторлардың мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтушы басқарушы (борышкер) жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде басталатын талаптары қанағаттандырылады.

2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысулар, оның iшiнде өндiрiп алынуы атқару парақтары бойынша немесе даусыз (акцептiсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75 және 76-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып, оңалту жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.

Өткен салық кезеңдерi және оңалту рәсiмi қолданылған салық кезеңi үшiн салық есептiлiгiне сәйкес салық төлеушi есептеген, салықтық тексерулер нәтижелерi бойынша салық қызметi органы есепке жазған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.

3. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлiмдеуi мен оларды қарау осы Заңның 71-72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiту осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Кредиторлардың оңалту рәсiмi қолданылғанға дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.

5. Кепiлдi кредитор:

1) өзiнiң заңды мүдделерiне қауiп төндiретiн, осы Заңды бұзушылық анықталған;

2) өзiнiң алдындағы берешектi өтеу кестесi бұзылған;

3) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiк құнының өз мүдделерiне қысым жасауға әкеп соқтыратындай төмендеуi;

4) егер өзiнiң алдындағы мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлiк борышкер-кәсiпорынның қызметiн жалғастыру үшiн немесе оңалту жоспарын iске асыру үшiн талап етiлмесе, өзiнiң алдындағы мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкiне өндiрiп алуды қолдану туралы сотқа жүгiнуге құқылы.

Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



48-бап. Оңалтушы басқарушы

Осы Заңда белгiленген жағдайларда оңалтушы басқарушыны оңалту жоспарын бекiту туралы сот ұйғарымы күшiне енгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тағайындайды.

Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

49-бап. Оңалтушы басқарушыға сыйақы төлеу

1. Оңалтушы басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Негiзгi сыйақының мөлшерi мен сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар жиналысы осы баптың талаптарына сәйкес айқындайды.

2. Оңалтушы басқарушыға төленетiн сыйақы:

1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс ағымдағы төлемдердi;

2) оңалту рәсiмiнiң мақсаттарына қол жеткiзу мiндеттi жағдайда, оңалтушы басқарушыға кредиторлар төлеуi мүмкiн қосымша төлемдердi қамтиды.

Қосымша сыйақының мөлшерi:

бiрiншi, екiншi кезектегi кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың екi пайызына дейiн;

үшiншi және бесiншi кезектегi кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың бес пайызына дейiн құрауы мүмкiн.

Кредитор қосымша сыйақыны төлеу туралы кредитордың келiсiмiн оның мөлшерiн көрсете отырып, жазбаша түрде кемiнде екi данада шығарады, оның бiреуiн оңалтушы басқарушы мұндай шешiмдi кредитор қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға жiбередi.

3. Борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару құқығы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған, оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi борышкердiң басшысына жүктелген жағдайларда, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген ағымдағы төлемдердiң ең көп сомасын шектеу борышкердiң басшысына қолданылмайды, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер жүргiзiлмейдi.

Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

Сот оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмiн оңалту жоспарына сәйкес белгiлейдi. Сот оңалтушы басқарушының қолдаухаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.

Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабiлеттi ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.

Ұйым мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алған жағдайда, сот оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсiмiн жүргiзудi тоқтата тұруға құқылы.

Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

50-1-бап. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы үшiн  оңалту рәсiмiн тоқтата тұру және қайта бастау

1. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi сот ол түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде қарауға тиiс.

Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру үшiн борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алуы және кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiз болып табылады.

2. Сот оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап, мынадай салдарлар басталады:

1) оңалтушы басқарушы борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiледi және басқару борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтедi;

2) осы Заңның 43-2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;

3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;

4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттiк қолдау шаралары шеңберiнде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

3. Кредиторлар комитетi оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдауға құқылы. Осындай өтiнiшпен кредиторлар комитетi уәкiлеттiк берген тұлға жүгiнедi.

Оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.

 Ескерту. Заң 50-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



51-бап. Оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi

1. Оңалтушы басқарушы:

1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;

2) борышкердiң мүлкiне қатысты тиiстi құқықтарға ие болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;

3) өзiн уәкiлеттi орган тағайындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады;

4) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;

5) оңалту рәсiмiне кредиторлар жиналысымен келiсiлген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы сотқа қолдаухат жiбередi;

6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;

7) кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмдерде өткiзiлетiн комитеттiң бiрiншi отырысының өтетiн күнi мен орны туралы хабарлайды;

8) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде кредиторлар комитетiнiң мүшелерiне хабарлама жiбередi;

9) осы Заңның 14-3-бабының 7-тармағында белгiленген iс-әрекеттердi жасайды, сондай-ақ кредиторлар жиналысының сырттай дауыс берудi таңдаған қатысушыларына осы Заңның 14-3-бабының 8-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде материалдарды жiбередi;

10) ұйымдардан, мемлекеттiк органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратады және алады;

11) банкроттық туралы заңнамамен реттелетiн қатынастарға ақпараттық жүйенi қолдана отырып қатысуға құқылы;

12) оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы сотқа жүгiнедi;

13) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктердi орындайды.

2. Кредиторлар жиналысының шешiмiне сәйкес оңалтушы басқарушы:

1) кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасасады;

2) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды;

3) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгiнедi;

4) осы Заңда белгiленген жағдайларда, оңалту рәсiмiн тоқтату және борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнедi.

Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгiленген қағидалар оңалту жоспарында көзделген, борышкердiң мүлкiне билiк ету жөнiндегi мәмiлелерге қолданылмайды.

3. Оңалтушы басқарушы өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты әр айдың 15-iнен кешiктiрмей кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына жеткiзуге, кредиторлар комитетiнiң талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға мiндеттi.

Оңалтушы басқарушы өзiнiң қызметiн жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердiң кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негiзiнде беруге мiндеттi.

4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi қолданылған кездегi кредиттiк берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, оңалтушы басқарушы борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасаса алады.

5. Оңалтушы басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан мәмiлелердi анықтайды және оларды сот тәртiбiмен жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды.

Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi

Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.

Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату

1. Оңалтушы басқарушы:

1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткiзiлсе;

2) егер ол бұл мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн еместiгiне көз жеткiзсе, кредиторлар жиналысының шешiмi бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.

Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне оңалтушы басқарушының қорытынды  есебi қоса берiледi.

Мемлекеттiк қолдау шаралары шеңберiнде бекiтiлген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен жүгiнедi.

2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне залал келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгiне алады.

3. Кредиторлар жиналысының өткiзiлуi туралы тиiстi түрде хабардар етiлмеген жағдайда, талап сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген талаптардың жалпы сомасының кемiнде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Кредитор (кредиторлар):

1) борышкердiң кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн, оңалту жоспарын құру жөнiндегi iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзiнiң мүлiктiк мүдделерiне залал келтiретiнiн растайтын негiздер болған кезде;

2) кредиторлық берешектi өтеу кестесi үш айдан астам орындалмаған кезде;

3) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса берiлген құжаттарда қамтылған дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiлерi анықталған кезде;

4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзiнiң мүлiктiк мүдделерiне залал келтiретiнiн растайтын негiздер болған кезде оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуi мүмкiн.

5. Сотқа осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiш берiлген кезде өтiнiш берушi тұлға борышкердi банкрот деп тану туралы талапты өтiнiште көрсетуге мiндеттi.

Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiштi қараусыз қалдырады.

6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсiмiн келiсуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 37-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгiленген мерзiмде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсiмiн тоқтатады.

Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату салдары

Осы Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша оңалту рәсiмi тоқтатылған және банкроттық туралы iс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:

1) осы Заңның 43-2-бабында көзделген салдарлар сақталады;

2) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанға және конкурстық басқарушы тағайындалғанға дейiн борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығы оңалту рәсiмiнде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.

Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



55-бап. Санация

1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.  2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда санацияға қатысушы немесе осы Заңның 9-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында белгiленген талаптар қолданылмайтын, ол ұсынған адам оңалтуды басқарушы болып тағайындалады.

Бұл ретте санацияға қатысушыға немесе ол ұсынған адамға осы Заңда белгiленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен мiндеттерi қолданылады. 3. Сот, сондай-ақ уәкiлеттi орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.

Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11. N 154 , 2001.07.11. N 239, 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



56-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi

Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртiбiн көздейтiн келiсiм жасасуға тиiс.

57-бап. Санацияға қатысушылардың жауапкершiлiгi

1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.

Егер келiсiмде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi. 2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлары талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен уәкiлеттi орган және кредиторлар комитетi бекiткен келiсiмiмен белгiленедi.

Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары

1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған кезде өзiне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеме алған және борышкер мүлкiнiң меншiк иесi болып табылмайтын қатысушы өзi инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейiн шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың, акционерлiк қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында қабылданған шешiмнiң негiзiнде шаруашылық серiктестiгi қатысушысының, акционерлiк қоғам акционерiнiң құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттiк кәсiпорын болып табылса, мемлекеттiк орган мүлкiнiң уәкiлеттi меншiк иесi шешiмiнiң негiзiнде борышкер алдын ала шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам болып қайта ұйымдастырылғаннан кейiн шаруашылық серiктестiгiнiң, акционерлiк қоғам акционерiнiң қатысушы құқығына ие болады. Егер өндiрiстiк кооператив борышкер болып табылса, санацияға қатысушы кооператив мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде шаруашылық серiктестiгi борышкер болып, алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейiн шаруашылық серiктестiгiнiң қатысушысы құқығына ие болады.

Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.

Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн. 2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.

Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк жасау

1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн. 2. <*>

Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

65-бап. Жалпы ережелер

1. Конкурстық iс жүргiзудiң, тарату рәсiмiнiң өткiзiлу мерзiмi сот шешiмiмен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиiс. Конкурстық басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен бұл мерзiмдi уәкiлеттi орган әрi кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкiн.

Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.

Бұл ретте, конкурстық басқарушының конкурстық iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшi уәкiлеттi органға конкурстық iс жүргiзудiң белгiленген мерзiмi өткенге дейiн кем дегенде күнтiзбелiк он бес күн бұрын жiберiледi.

2. Мүлкiнiң көлемi үлкен борышкердi тарату, дебиторлық берешектi өндiрiп алудың нақты мүмкiндiгiнiң, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезiнде немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi конкурстық массаны өткiзудiң айрықша шарттары мен тәртiбiн белгiлеген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не Республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезiнде конкурстық басқарушының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган конкурстық iс жүргiзу мерзiмiн кредиторлар комитетiнiң келiсiмi бойынша көрсетiлген мән-жайларды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмнен тыс он екi айға дейiнгi мерзiмге ұзартады.

Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар

Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурсты басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.

Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .  

67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi

Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:

1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;

2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкiлеттi органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша аумақтық атқарушы iс жүргiзу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;

3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;

4) уәкiлеттi органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады.

4-1) Алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 239 Заңымен.

5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;

  6) Алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 239 Заңымен.

Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.07.01 N 256, 2000.12.18 N 128, 2001.03.02 N 162, 2001.07.11 N 239, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары

1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады: 1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады; 2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi; 3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады; 4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады; 5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн; 6) дәрменсiз борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға қойылған барлық заңнамалық шектеулер алып тасталады. 2. <*> 3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.

Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы

1. Конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде конкурстық басқарушыны тағайындайды.

Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) төленетiн сыйақыға: 1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс, кредиторлармен есеп айырысқанға дейiн конкурстық массадан төленетiн ағымдағы төлемақылар; 2) оның қызметiнiң нәтижелерi бойынша жүзеге асырылатын және әкiмшiлiк шығыстар шегерiлiп кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың жетi процентiнен аспайтын мөлшерiнде кредиторлар комитетi айқындайтын қосымша төлемдер жатады.

Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.01 N 256 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi

Конкурсты басқарушы: 1) ол тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкiлеттi органның бекiтуiне ұсынады; 1-1) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген хабарламаны жiбередi.

Комитеттiң бiрiншi отырысы осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмдерде өткiзiледi; 1-2) уәкiлеттi органның оны тағайындаған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердi банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады; 1-3) уәкiлеттi орган оны тағайындаған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына соттың заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады; 2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады; 3) борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды; 4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртiбiмен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды; 5) банкроттың қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабарлайды; 5-1) iс-шараларын жоспарын қоса алғанда, кредиторлар комитетiмен жасасқан келiсiмнiң талаптарын орындайды; 6) кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында банкроттың мүлiктерiн (активтерiн) сату жоспарын кредиторлар комитетiнiң бекiтуiне ұсынады және оны өткiзудi жүзеге асырады; 6-1) уәкiлеттi органның сұратуы бойынша оған конкурстық iс жүргiзу жөнiнде қажеттi ақпаратты табыс етедi; 6-2) алдыңғы айдағы конкурстық iс жүргiзу рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты әр айдың 15-iнен кешiктiрмей кредиторлар комитетiне табыс етедi;

6-3) борышкердiң кез келген кредиторына оның жазбаша сұратуы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты ұсынады; 7) кредиторлармен есеп айырысады; 8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (борышкердiң лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын) анықтап, сотқа жүгiнедi; 9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi; 9-1) түгендеудi жүргiзедi; 9-2) сот қорытынды есептi бекiткеннен кейiн банкрот деп танылған кәсiпорынның банктiк шоттарын жабуға, салық органына салық төлеушi куәлiгiнiң және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң (олар бар болса) бланкiлерiн тапсыруға мiндеттi; 9-3) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмнiң күшi жойылған кезде, өзi шеттетiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде борышкердiң құрылтай, қаржылық және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын қоса алғанда, барлық құжаттарын, борышкердiң барлық мүлкiн (активтерiн), сондай-ақ борышкердiң мөрiн жаңадан тағайындалған конкурстық басқарушыға немесе борышкердiң басшысына беруге мiндеттi; 10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.

Ескерту. 70-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256, 2001.07.11 N 239, 2003.03.13 N 395, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.15 N 253, 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV, 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



71-бап. Кредиторлардың талаптары

1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.

Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы қоса берiледi).

Кредиторлардың шетелдiк валютамен көрсетiлген талаптары борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiм қабылдаған кездегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.

Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.

Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың талаптары және ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген талаптары енгiзiлмейдi.

Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгiзiлмейдi. 3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар. 4. Сыйақылардың (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады. 5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.

Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.

Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2003.06.03. N 427 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

71-1-бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершiлiгi

Өз өкiлеттiктерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Ескерту. 71-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау

1. Конкурсты басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi. 2. алып тасталды - 2006.01.10. N 115 Заңдарымен. 3. Конкурстық басқарушының шешiмiмен келiспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бiр ай мерзiмде дау тудырған талап бойынша шешiмi күшiне енген банкроттық туралы iстi қараған сотқа шағымдануға құқылы. 4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.

Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

73-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiту

1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн және оларды қараудың нәтижелерiн борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап төрт айдан кешiктiрiлмей уәкiлеттi органға бекiту үшiн беруге мiндеттi. 2. Конкурстық басқарушы ұсынған, банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган кредиторлар талаптарының тiзiлiмi ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде бекiтедi.

Кредиторлар талаптарының ұсынылған тiзiлiмi банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде жойылуға жататын қайтару себептерiн көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей пысықтауға қайтарады.

Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.07.11 N 239 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

74-бап. Конкурстық масса

1. Конкурстық массаның құрамына: 1) борышкердiң мүлкi, соның iшiнде оның қаржылық құжаттарында көрсетiлмеген, бiрақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетiлген мүлiктi қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешектi) қоса алғанда, борышкердiң меншiк құқығын растайтын құжаттары бар мүлкi; 2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен көзделген жағдайда, борышкердiң тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кiредi. 2. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкi жетпеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн болатын өндiрiстiк  кооператив мүшелерiнiң өз мүлкi кiредi және жеке есептеледi. 3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурсты басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторларының мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi. 4. Конкурстық массаға: 1) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары; 2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi; 3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты; 4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк; 5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде көзделген шығарындыларды азайту, шығарындылардың сертификатталған азайтулары, шығарындыларды iшкi азайту, парниктiк газдарды сiңiру квоталарының бiрлiктерi енгiзiлмейдi.

Ескерту. 74-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256, 2001.07.11 N 239, 2003.06.03 N 427, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



75-бап. Конкурстық массаны бөлу кезегi

1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.

Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын, кредиторлар комитетiнiң оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен келiсiмi арқылы айқындалған сметаның шектерiнде, олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн. 2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың жалақыдан және (немесе) өзге кiрiстен ұсталған алименттердi, сондай-ақ талаптарды төлеу бойынша талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады. 3. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбегiне ақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектердi өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екiншi кезекте жүргiзiледi. 4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегiнде үшiншi кезекте қанағаттандырылады. 5. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешек төртiншi кезекте өтеледi. 6. Басқа кредиторлармен есеп айырысу осы Заңға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бесiншi кезекте жүргiзiледi.

Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



76-бап. Кредиторлармен есеп айырысу ережелерi

1. Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектегi талаптар толық қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.

Кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн әдiстермен, соның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.

Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша кредитордан басқа кредитор мүлiктi он конкурстық басқарушы ұсынған күннен бастап он бес күн мерзiмде талапты өтеу есебiне заттай қабылдау туралы өзiнiң жазбаша келiсiмiн (келiспеуiн) бiлдiруге тиiс. Кредитордың белгiленген мерзiмде жазбаша келiсiмiн ұсынбауы мүлiктi заттай алудан бас тартуы деп танылады. 2. Банкроттың мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда ол тиiстi кезектегi кредиторлар арасында олардың қанағаттандыруға тиiстi талаптарының сомаларына сәйкес бөлiнедi. 3. Конкурсты басқарушы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан не оны қараудан бас тартылған жағдайда кредитор тарату балансын бекiткенге дейiн конкурсты басқарушыға талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы. 4. Кредиторлардың осы Заңның 71-бабының 1-тармағында көзделген мерзiм бiткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi талаптары, кредиторлардың белгiленген мерзiмде мәлiмделген талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң мүлкiнен қанағаттандырылады. 5. Бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысқанша қойған талаптары конкурстық мүлiктiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс. Мұндай талаптар тiзiлiмге енгiзiлгенге дейiн тиiстi кезекте тұрған кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. Белгiленген мерзiмде бiлдiрiлген, бiрақ конкурстық басқарушының тарапынан мойындалмаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар, басқа кезектердегi кредиторлардың талаптары да осындай тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс. 6. Банкроттың мүлкi жетпегендiктен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiн мәлiмделмеген кредиторлардың талаптары өтелген деп есептеледi.

Көрсетiлген сомаларды конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғандығы туралы сот ұйғарымының негiзiнде кредиторлар дебиторлық берешектен шығаруға тиiс.

Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



77-бап. Бiрiншi кезектегi кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

1. Борышкер өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа жетпiс жасқа жеткенге дейiн, бiрақ он жылдан кем емес уақытта төленуге тиiстi мерзiмдi төлемдердi (борышкердi банкрот деп таныған күнгi мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпiстен асса, онда тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру кезеңi он жыл болады. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес айқындалған сомаларды төлеу борышкердiң тиiстi мiндеттемесiн тоқтатады. 3. Банкроттың мүлкi жетiспеуiне байланысты бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмай қалған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өтеледi. P080678

Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

78-бап. Екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртiбi

1. Екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасын белгiлеу кезiнде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iс қозғалған кездегi жинақталып қалған өтелмеген берешек ескерiледi. 2. Қызметкердiң жалақысын көтеру нәтижесiнде пайда болған, бiр жылдан бастап банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезеңде есептелген еңбегiне ақы мен өтем төлеу жөнiндегi кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi. 3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бiр жылдан бастап банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезең iшiнде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi бiр жылдың алдындағы он екi күнтiзбелiк айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде екiншi кезек құрамында ескерiледi. Талаптардың қалған сомалары (айыппұлдар, өсiмпұлдар, индекстеу және басқа) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi. 4. Егер борышкер банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейiнгi кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектердi, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөнiндегi мiндеттерiн толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм күшiне енгенге дейiн төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердiң екiншi кезектегi кредиторлар алдындағы берешегiнiң жалпы сомасына енгiзiледi. <*>

Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2004.04.08. N 542 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

79-бап. Үшiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртiбi

1. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша талаптар сомасы айқындалған кезде, кепiлмен қамтамасыз етiлген бөлiгiндегi мiндеттеме бойынша берешек ескерiледi. 2. Кредитордың кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптары кепiлге салынған мүлiк құны есебiнен қанағаттандырылады. 3. Кепiлмен қамтамасыз етiлмеген бөлiгiндегi мiндеттеме бойынша берешек кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезектегi талаптар құрамында ескерiледi.

Ескерту. 79-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .

80-бап. Төртiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша талаптардың сомасын айқындау жағдайында банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалған кезде пайда болған берешек (толық төленбеген төлем) ескерiледi. 2. Егер борышкердiң тарапынан банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалғаннан кейiнгi кезеңде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер толық мөлшерде аударылмаса, борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм күшiне енгенге дейiн төленбеген сомалар борышкердiң төртiншi кезектегi кредиторлар алдындағы берешектерiнiң жалпы сомасына енгiзiледi. 3. Қаржы санкцияларының сомалары бесiншi кезектегi талаптардың құрамында ескерiледi.

Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .

81-бап. Бесiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

1. Бесiншi кезектегi талаптардың құрамына енетiн талаптардың сомасын айқындау кезiнде кредиторлардың азаматтық-құқықтық мiндеттемелерi бойынша талаптары, оның iшiнде кредиторларға тиесiлi сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөнiндегi кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескерiледi. 2. Бесiншi кезектегi кредиторлардың зияндарды өтеу және айыпты (айыппұл, өсiм) өндiрiп алу жөнiндегi талаптары жеке есепке алынады және қарыздар мен есептелетiн сыйақы (мүдде) өтелгеннен кейiн қанағаттандырылуға тиiс.

Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2001.07.11. N 239 Заңдарымен.



82-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөнiндегi мүдделерiнiң өкiлдiгi

1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнiнде талап қоятын адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы өздерiнiң мүдделерiн борышкердiң, оның кредиторларының алдында қорғауға уәкiлеттiк берiлген өкiлдi сайлайды.

Кредитордың еңбекақы төлеу жөнiндегi өкiлi кредиторлар комитетiнiң құрамына кiредi және бiр дауысқа ие болады. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен сайланған өкiл конкурс жүргiзу кезеңiнде өзiне осы Заңмен берiлген кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкiл өзiн сайлаған жиналыстың (конференцияның) алдында кредиторлардың тiзiлiмiндегi еңбекке ақы төлеу мен оларды қараудың нәтижелерi бойынша бекiтiлген талаптардың нәтижелерi жөнiнде есеп бередi.

Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

83-бап. Борышкер мүлкiнiң құнын бағалау

1. Конкурсты басқарушы тарату барысында тиiстi мамандарды конкурстық негiзде тарту арқылы борышкердiң мүлкiне (активтерiне), дебиторлық берешегiн қоса алғанда, бағалау жүргiзедi. Бағалаушыны тарту үшiн қаражат жетiспеген жағдайда, конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен мүлiктi баланс құны бойынша сауда-саттыққа қоюға құқылы. 2. Кредиторлардың талаптары борышкердiң осы баптың 1-тармағына сәйкес бағаланған: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымнан алынған мүлкiнен: 2) борышкерге меншiк құқығында тиесiлi емес, соның iшiнде сенiмгерлiк басқарудағы немесе сақтаудағы тиесiлi емес мүлiктен басқа барлық мүлкiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс.

Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату

1. Борышкердiң талап ету құқықтарын қоса алғанда, мүлкiн сатуды конкурстық басқарушы кредиторлар комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргiзу жолымен жүзеге асырады.

Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiндегi сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 2. Конкурстық басқарушы стратегиялық объектiнi сату кезiнде Қазақстан Республикасы осындай мүлiктi сатып алудың басым құқығына ие болады.

Конкурстық басқарушы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiнi иелiктен шығаруға рұқсат беру туралы шешiмiн алғаннан кейiн оны сатуды жүзеге асырады. 3. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi өз талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиiстi кезектегi кредиторларға сату жоспарында көрсетiлген ең төменгi баға бойынша олардың келiсiмiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.

Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

85-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк

1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурсты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) бередi. 2. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ сатылмай қалған, сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған заттай мүлкi, меншiк иесiне немесе борышкер - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды ұйымның қатысушыларына (құрылтайшыларына) берiледi.

Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1998.07.01. N 256 , 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

86-бап. Банкротты қарыздан босату

1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады. 2. Егер банкрот деп тану туралы өтiнiш берiлген кезге дейiнгi үш жыл iшiнде өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есептiк ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды.

Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

87-бап. Конкурсты басқарушының қорытынды есебi

1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн конкурстық басқарушы уәкiлеттi органмен келiсiлген өз қызметi туралы қорытынды есептi, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi пайдалану туралы есептi қоса сотқа ұсынады.

Қорытынды есептiң нысаны мен оны келiсу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

2. Сот конкурсты басқарушының қорытынды есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.

Конкурстық iс жүргiзу аяқталғаннан кейiн сот бiр апта мерзiмде уәкiлеттi органға конкурстық басқарушының бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәлiметi бар бекiтiлген қорытынды есебiнен үзiндi көшiрме жiбередi.

Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi тиiс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкiлеттi органға, мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.

Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256, 2001.07.11 N 239, 2003.03.13 N 395, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.  

88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау

1. Алып тасталды - ҚР 1998.07.01 N 256 Заңымен. 2. Алып тасталды - ҚР 1998.07.01 N 256 Заңымен. 3. Борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер өз қызметiн тоқтатты деп бұл туралы:

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне – заңды тұлғалар жөнiнде;

Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк дерекқорына – дара кәсiпкерлер жөнiнде мәлiметтер енгiзiлгеннен кейiн есептеледi. 4. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың борышкердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы бұйрықтары сотқа және уәкiлеттi органға, сондай-ақ борышкердiң орналасқан жерi бойынша салық органына жiберiледi.

Ескерту. 88-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256 , 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 7-тарау. БАНКРОТТЫҚТЫҢ ОҢАЙЛАТЫЛҒАН РӘСIМДЕРI

89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы

1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi. 2. Сот iс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады.

Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



90-бап. Соттың iстi қарауы

1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iс қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады. 2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.

91-бап. Борышкердi тарату тәртiбi

Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурсты басқарушысы жүзеге асырады.

Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 Заңымен .



92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас тартуының салдары

1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiппен таратылуға тиiстi мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмау заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады. 2. Кредиторлар осы Заңға немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.

Ескерту. 92-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 239 , 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi бойынша банкроттығы

1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату туралы шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды. 2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы тараудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.  



94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы

1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы iстi кредитордың, прокурордың мәлiмдемесi бойынша қозғауы мүмкiн.

Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгiленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.

2. Сот iс қозғалған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жоқ борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.

3. Жоқ борышкердi таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.

4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген қағидалар бойынша кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады, сондай-ақ сот шешiмiнiң көшiрмесiн мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына жiбередi.

5. Жоқ борышкердiң мүлкi болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық iс жүргiзуге байланысты әкiмшiлiк шығыстарды жабуға жеткiлiктi болмаса, сот уәкiлеттi органның келiсiмiмен және мәлiмдеушi табыс еткен растаушы құжаттар негiзiнде жоқ борышкердi конкурстық iс жүргiзудi қозғамай банкрот деп тану туралы шешiм шығарады.

Мәлiмдеушi жоқ борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды.

Жоқ борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнде мынадай нұсқаулар болуға тиiс:

1) борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату туралы;

2) уәкiлеттi органға жоқ борышкердiң таратылуын ұйымдастыруды тапсыру туралы;

3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы.

Ескерту. 94-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.07.01 N 256, 2001.07.11 N 239, 2003.03.13 N 395, 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы

1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекiтiлген кезге дейiн өз талаптарын конкурсты басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы. 2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн конкурстық басқарушы тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi пайдалануы туралы есептi қоса өзiнiң қызметi туралы қорытынды есептi сотқа табыс етедi.

Конкурстық басқарушының қорытынды есебi ол сотқа табыс етiлгенге дейiн уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс. 3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебiн бекiту туралы сот ұйғарымының негiзiнде борышкер қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәлiметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне немесе Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк дерекқорына енгiзiлген кезден бастап таратылды деп есептеледi, бұл таратылған борышкердiң кредиторлар алдындағы берешегiн есептен шығару үшiн негiз болып табылады. 4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс қозғалмай жүргiзiлген жағдайда, уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тiзiлiмi мен қорытынды есептiң жасалуын ұйымдастырады.

Жоқ борышкердiң мүлкi болған жағдайда уәкiлеттi орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлiктi сатудан түскен ақша жоқ борышкердi таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкердi таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгiленген кезектiлiкке сәйкес тиiстi кезектегi кредиторлар арасында бөлiнедi.

Ескерту. 95-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 239 , 2006.01.10 N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 8-тарау. СОТТАН ТЫС ТАРАТУ РӘСIМДЕРI Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 9-тарау. ҚАЛА САЛУШЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУ

ЕРЕКШЕЛIКТЕРI



100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың банкроттығы

1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн. 2. Заңды тұлғаларды қала салушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау

1. Қала негiзiн қалаушы ұйымның банкроттығы туралы iстi қараған кезде әкiмнiң уәкiлеттiк берген өкiлi арқылы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк iске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негiзiн қалаушы ұйымның банкроттығы туралы iс қозғалғаннан кейiн бұл туралы әкiмнiң өкiлiне және уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. 2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы ұйымға жататындығын растайтын құжаттар қоса тiркеледi. 3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттық туралы iсiн қарауға дайындаған кезде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiнен көшiрме сұратып алады.

Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. N 256 , 2001.07.11. N 239 Заңдарымен.

102-бап. <*>

Ескерту. 102-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастапкүшiне енедi) Заңымен.

103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу

1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.

3. Борышкердiң қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс. 

103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы

1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып банкрот деп танылуы мүмкiн. 2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсiздiгi анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзiмi оның алдындағы жылдан ерте басталмаған мiндеттемелер ескерiледi. Бұл ретте, осы мерзiмде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар не мiндеттемелердiң уақтылы орындалмауының себептерi болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсiмi қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.

103-2-бап. Кредитордың мәлiмдемесiне немесе борышкердiң пiкiрiне қосымша тiркелетiн құжаттар

Кредитордың мәлiмдемесiне немесе борышкердiң пiкiрiне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тiркеледi: 1) жердiң кадастрлық сипаттамасы; 2) банкроттық рәсiмi қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.

Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе прокурордың мәлiмдемесiне берген пiкiрiнде өзiнiң дәрменсiздiгiн таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету мiндеттi болмайды.

Борышкердi банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсiмдерiн қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкiмшiлiк шығыстарға жатқызылады.

103-3-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн ұзарту

Егер табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсiмiнiң мақсатына жету мүмкiн болмаған ретте, сот уәкiлеттi органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсiмiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

103-4-бап. Конкурстық iс жүргiзу

1. Конкурстық басқарушының мәлiмдемесi бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен уәкiлеттi орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленген конкурстық iс жүргiзу мерзiмiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге ұзартуы мүмкiн. 2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен борышкердiң конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады: 1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жердi қорғау жөнiндегi iс-шаралар; 2) егiс және егiн жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсiру, өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнiмдерiн ұқсату; 3) борышкер мүлкiн сату үшiн қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.

Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шығыстар әкiмшiлiк шығыстарға жатқызылады.



103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату

1. Конкурстық басқарушы борышкердiң жер пайдалану құқығының тиiсiнше ресiмделуiн қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл ретте шыққан шығыстар әкiмшiлiк шығыстарға жатқызылады.

2. Борышкердiң мүлкiн сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте, борышкердiң мүлкiн сату жоспарына, қызметтiң негiзгi түрiн мiндеттi сақтай отырып, конкурстық массаны бiрыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөнiндегi қосымша шарт енгiзiледi.

3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бiрыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрi сату уәкiлеттi органның және кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.

4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкi есебiнен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгiленген конкурстық массаны бөлу кезектiлiгiне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.

5. Конкурстық массаны сату жөнiндегi аукцион өткiзудiң уақыты мен орнын кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен конкурстық басқарушы анықтайды.

6. Борышкердiң - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату жөнiндегi аукционды өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.

Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 Заңымен .



106-бап. Осы Заңның қолданылу тәртiбi

Ескерту. 106-бап алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N 60-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Осы заңды бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Ескерту. 107-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 239 , 2006.01.10. N 115 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. Қазақстан Республикасының

Президентi