Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;

2) жол - мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;

3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;

4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi – жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;

5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету – жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;

6) жол жүрiсiне қатысушы – жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам;

7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темiр жол өткелдерiндегi реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;

8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жолдардағы жүрiстi басқару жөнiндегi ұйымдық-техникалық iс-шаралар мен өкiммен жүргiзiлетiн iс-қимылдар кешенi;

9) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;

10) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган – автомобиль көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

10-1) көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi – көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иелерi, көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi мiндеттi түрде қамтылған көлiк құралдары және олардың тiркемелерi туралы, сондай-ақ көлiк құралдарын тiркеу туралы берiлген куәлiктер, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi туралы мәлiметтердi орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ақпараттық жүйе;

11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;

11-1) көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi – көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралын сәйкестендiрудi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, көлiк құралын шығарушы берген, тiзбектелген әрiптiк-цифрлық белгiлер түрiнде көрсетiлген көлiк құралының жеке сериялық нөмiрi;

12) қызмет өңiрi – тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн бөлу принципi бойынша көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған аумақ

 13) мемлекеттiк техникалық байқау – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн диагностикалаудың мерзiмдi процесi; (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)

14) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иелерi, механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi, мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң нәтижелерi, берiлген мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәлiметтердi қамтитын электрондық деректер базасы;

15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады;

16) мiндеттi техникалық байқау – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн диагностикалаудың мерзiмдi процесi;

17) мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк – қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылатын және мiндеттi техникалық байқаудан өту фактiсiн растайтын, оның нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi белгiленген құжат;

18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы – механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi параметрлерiнiң тiзбесi бар, иесi мен механикалық көлiк құралы және оның тiркемелерi туралы және мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын құжат;

19) техникалық байқаудың стационарлық желiсi – мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн көлiк құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;

20) техникалық байқаудың ұтқыр желiсi – көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлiк құралынан тұратын жылжымалы кешен;

20-1) техникалық байқау операторы – мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзiлген дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;

21) техникалық байқау орталығы – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiн диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшiн стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желiсi бар кешен;

22) техникалық байқау операторларының тiзiлiмi – техникалық байқау операторларының бiрыңғай тiзбесi, оны жүргiзудi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады;

23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;

24) халықаралық техникалық байқау сертификаты – қатаң есептiлiктегi бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқаудан өту фактiсiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 08.01.2013 N 64-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары

Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi

Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: - жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi

Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.

5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi: - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу; - жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру; - автомобиль, қалалық жерүстi рельстiк көлiкте және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi реттеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекiту; - жол жүрiсiн ұйымдастыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету; - көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу; - көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi), 2006.12.29. N 209 , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жол жүрiсi  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құзыретi

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:

- Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат әзiрлеу және жүргiзу;

- техникалық регламенттердi бекiту;

- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауына бақылау жасау;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекiту;

- ережелердiң, стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

- механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын бекiту;

- механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн бекiту;

- техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекiту;

- Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесiн және оларды қорғау тәртiбiн бекiту;

- көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын бекiту;

- көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртiбiн айқындау;

- өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау;

Ескерту. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 08.01.2013 N 64-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық  атқарушы органның құзыретi

Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;

- көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын әзiрлеу;

- алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртiбiн белгiлеу;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк маңызы бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық талдамаларды ұйымдастыру;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

- жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтiп ұстау және басқару кезiнде тапсырыс берушi ұсынған нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттаманы келiсу;

- автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiржол өтпелерiн, қалалық рельстiк көлiк желiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысу;

- техникалық регламенттердi әзiрлеу;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мiндеттердi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшiн оларға көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша деректердi ұсыну тәртiбiн айқындау және ұсыну;

- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Ескерту. 7-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.01.2013 N 64-V (01.07.2013 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-1-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

 Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметiн басқару;

2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;

3) техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

4) мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң нысандарын әзiрлеу және бекiту;

5) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу;

6) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн, бланк өнiмiн өткiзу қызметiн көрсету төлемiнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүзеге асырылатын, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн техникалық байқау операторларына беру;

8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.

Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкiлдi және атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құзыретi

1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкiлдi органдардың қарауына мыналар жатады:

- облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

- халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;

- тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу;

- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елдi мекендердiң көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;

- аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгiзу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөнiндегi жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елдi мекендердiң көшелерiндегi жол қызметiн басқару;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-бап. Ескерту

Ескерту. 9-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттiк жүйесi

1. Қазақстан Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi жүзеге асырылады.

2. (Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен). 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

11-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламалары

 Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

12-бап. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртiбi

1. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртiбi , жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Жол жүрiсi ережелерiмен , Автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртiбiмен белгiленедi. 2. Қазақстан Республикасы аумағында көлiк құралдарының оң жақпен жүруi белгiленген.

13-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар

1. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар: - жол жүрiсi процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастыруға; - жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жерүстi рельстiк көлiк жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға; - жол-көлiк оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың себептерiне талдау жасап, оларды жоюға; - көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөнiндегi шараларды ұйымдастыруға мiндеттi. 2. Автомобиль көлiгiмен және қалалық жерүстi рельстiк көлiкпен тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар арнайы қағидалар белгiлей алады және жүктердiң түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектерде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне қосымша талаптар қоя алады.

 Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

14-бап. Жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Азаматтардың жолдармен жүрудiң қауiпсiздiк жағдайлары құқықтарына мемлекет кепiлдiк бередi және ол құқықтар Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдарының, Республика бекiткен халықаралық шарттардың орындалуы арқылы қамтамасыз етiледi. 2. Жол жүрiсiне қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруы жол жүрiсiне басқа қатысушылардың құқықтарын шектемеуге немесе бұзбауға тиiс. 3. Жол жүрiсiне қатысушылардың: - заңдармен белгiленген ережелер мен рәсiмдерге сәйкес және солардың негiзiнде жолмен еркiн, кедергiсiз жүруге; - лауазымды адамдардан және жол жүрiсiн қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттiк органнан жолмен жүруге тыйым салыну немесе шектелу себептерi туралы түсiнiктеме алуға; - қозғалыстың қауiпсiз жағдайлары, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер сапасы туралы, қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы толық және анық ақпарат алуға; - қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты ұйымдар мен лауазымды адамдардан жол-көлiк оқиғасы кезiнде медициналық көмектiң, құтқару жұмыстарының кепiлдi көлемi мен басқа да қажеттi көмектi тегiн алуға; - жол-көлiк оқиғасы салдарынан өздерiне дене жарақаттары келтiрiлген жағдайларда, сондай-ақ көлiк құралы мен (немесе) жүк бүлiнген жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiп бойынша залалды өтеттiруге; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгiн жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шағым жасауға құқығы бар. 4. Жол жүрiсiне қатысушылар осы Заңның және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын орындауға мiндеттi.

15-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу

1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн: - он алты жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк құралдарын ("А" санаты) жүргiзуге; - он сегiз жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден аспайтын автомобильдердi ("В" санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi ("С" санаты) жүргiзуге, бұған "Д" санатына жататындары кiрмейдi; - кемiнде үш жыл жүргiзушiлiк стажы, оның iшiнде кемiнде бiр жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын жүргiзу стажы бар, жиырма бiр жасқа толған адамдарға – жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орындары бар және жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдердi («Д» санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге; - "В", "С" немесе "Д" санаттарына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының құрамдарын ("Е" санаты) жүргiзуге. 2. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы тиiстi куәлiктермен расталады. Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары талаптарына сәйкес келетiн ұлттық және халықаралық жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады. 3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының куәлiктерi осы бапта белгiленген жасқа толған, медициналық жағынан кiнәраты жоқ, көлiк құралдарының тиiстi санатының жүргiзушiлерiн даярлайтын үлгi бағдарламалар көлемiнде қажеттi бiлiм мен дағдысы бар және белгiленген тәртiппен емтихандар тапсырған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға берiледi. 4. Көлiк құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың үлгi бағдарламаларын және рұқсат беру тәртiбiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып әзiрлейдi. 5. Көлiк құралдарының "А" және "В" санаттарын жүргiзу құқығына куәлiк алу үшiн азаматтардың тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз бетiнше даярлануына жол берiледi. 6. Адамдарды көлiк құралдарын жүргiзу құқығына емтихандарға жiберу, оларды тапсыру, көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiктердi беру тәртiбiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган белгiлейдi.

Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

16-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi

1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының тоқтатылуына: 1) жүргiзушi куәлiгiнiң белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуi; 2) жүргiзушi денсаулығының көлiк құралдарын қауiпсiз жүргiзуге кедергi келтiретiндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы негiздемелер болып табылады.

Көрiнеу психикалық бұзылулар мен мiнез-құлықтың бұзылуы, көру органы дамуының кемiстiгi, көру функциясын бұзатын жаңадан пайда болған қатерсiз iсiктер, органның туа бiткен кемiстiгi немесе органнан не бүлiнген органның қызметiн бұзатын оның бiр бөлiгiнен жүре келе айырылу, олардың көлiк құралдарын толыққанды жүргiзуге кедергi келтiруi көлiк құралдарын жүргiзуге жарамдылықты растау үшiн медициналық куәландыруға жiберуге негiздемелер болып табылады; 3) жүргiзушiнiң жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмауы; 4) көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыру негiздеме болып табылады.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша көлiк құралдарын жүргiзу құқығының тоқтатылуы уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) талап арызы бойынша, азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен сот шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Көлiк құралын жүргiзу құқығы тоқтатылған кезде осы құқық:

осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге арналған емтихан тапсырғаннан және медициналық тексеруден өткеннен кейiн;

осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - егер көлiк құралдарын жүргiзу құқығын тоқтатудың себептерi жойылатын болса, сот шешiмi бойынша;

осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - осы Заңның 15-бабында белгiленген тәртiппен;

осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген негiздеме бойынша - емтихан тапсырғаннан және көлiк құралын басқару құқығынан айыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн қайта қалпына келтiрiледi. 2. Жауапкершiлiк шаралары ретiнде көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға не сондай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылық түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.



17-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету

1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету: - көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiк алуға үмiткер азаматтар мен жүргiзушiлердi мiндеттi түрде медициналық куәландыруды; - жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және ағымдағы медициналық байқаудан өткiзудi; - жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi; - жол жүрiсiне қатысушыларды, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ азаматтарды жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсету тәсiлдерiн үйретудi қамтиды. 1-1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек: - жол-көлiк оқиғасы болған жерде дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсетудi; - жол-көлiк оқиғасы болған жерде, медицина ұйымына бара жатқан жолда және медицина ұйымында медициналық көмек көрсетудi қамтиды. 3. Адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салуға негiз болатын медициналық кiнәраттардың тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртiбiн және олардың мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi .

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

18-бап. Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жалпы талаптар

1. Шығарылған көлiк құралдарының конструкциясы, оның iшiнде олардың құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтарының конструкциясы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай болуға тиiс. 2. Көлiк құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi, қосымша жабдықтау заттары, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi расталуға тиiс. 3. Механикалық көлiк құралдарының және тiркемелердiң жекелеген түрлерiнiң жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрiсiне қатысуына рұқсат берудi жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган тиiстi құжаттар мен мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiн бере отырып, мемлекеттiк тiркеу, оларды пайдаланушы, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеу мен есепке алу, оларды жүргiзу құқығына емтихан қабылдау мен куәлiк беру арқылы жүзеге асырады.

Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым алынады.

 Жүргiзушi куәлiктерiн, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк баж алынады.

Жеке тұлғалардың көлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу:

салық төлеушiлер үшiн - Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен көлiк құралдары салығын төлегенiн;

Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес салық төлеушiлер болып табылмайтын тұлғалар үшiн салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды бергеннен кейiн жүргiзiледi.

Механикалық көлiк құралы мен тiркеменiң техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн растау саласындағы құжаты болмаса, оны мемлекеттiк тiркеуге тыйым салынады. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мынадай түрлерi мемлекеттiк тiркелуге жатады:  РҚАО-ның ескертпесi!

1) тармақшаға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).

1) жеңiл, жүк автомобильдерi және автобустар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда; 2) мотоциклдер және мотороллерлер; 3) автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер;

4) алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.  РҚАО-ның ескертпесi!

5) тармақшаға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).

5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан артық мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, бұған қоса олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдер, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мынадай түрлерi мемлекеттiк тiркелуге жатпайды: 1) жабық аумақтарда технологиялық көлiк ретiнде пайдаланылатын автомобильдер мен тракторлар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдер мен тракторларды, өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, тiркемелердi қоса алғанда;  РҚАО-ның ескертпесi!

2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).

2) троллейбустар;  РҚАО-ның ескертпесi!

3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).

3) трамвайлар және рельспен жүретiн басқа да механикалық көлiк құралдары; 4) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан аз мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер.  РҚАО-ның ескертпесi!

4-тармаққа өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi).

4. Тiркелген көлiк құралдарының конструкциясына, соның iшiнде оның жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектердiң және керек-жарақтарының конструкциясына өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiктi қайта растауды өткiзу қажет. 5. Жол қозғалысына қатысатын көлiк құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйi және жабдықтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты мынадай негiзгi талаптарға: 1) көлiк құралында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн тежегiш жүйе, рульдiк басқару, артқы жағын шолу айнасы, дыбыс сигналы, шассилер, жарық беру аспаптары болуына; 2) көлiк құралдарын қауiпсiз басқаруға мүмкiндiк беретiн шолу мен көрудiң жеткiлiктi мөлшерде қамтамасыз етiлуiне; 3) адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру қаупiн болғызбайтын қосымша жабдық тетiктерi, заттары және көлiк құралының бейiмделген құрылғылары болуына; 4) жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшiн қауiпiсiздiктi бәсеңдетудi қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиiс. 6. Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде олардан қоршаған ортаға бөлiнетiн шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген жол берiлетiн деңгейден аспауға тиiс. 7. Көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде жүргiзiледi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.24 N 276 , 2003.06.10 N 433, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209 , 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

18-1-бап. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзедi, оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануын жүзеге асырады және оны өзiнiң интернет-ресурсында орналастырады.

Тiзiлiмдi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Техникалық байқау операторы механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу жөнiндегi қызметтi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзген күннен бастап жүзеге асырады.

2. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу мақсатында көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар:

1) өтiнiш;

2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

3) дара кәсiпкер үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан қойылған, техникалық байқау операторының жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;

5) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

6) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшiрмелерi;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы ақпарат ұсынылады.

3. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтiнiш берушiге тiзiлiмге енгiзу туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелдi бас тарту жiберiледi.

4. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту үшiн:

1) осы баптың 2-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;

2) ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дәйексiздiгi;

3) осы баптың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша өтiнiш берiлген күнге дейiн алты айдың iшiнде техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару негiз болып табылады.

5. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару үшiн:

1) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен өз еркiмен шығару туралы өтiнiшi;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы;

3) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу бұрыс ақпарат ұсыну;

4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару;

5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.

Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару туралы хабарлама көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.

 Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

19-бап. Механикалық көлiк құралдарын және олардың  тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу

 1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылып жүрген және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi атқарушы орталық органда тiркелген механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлуге жатады.

Мiндеттi техникалық байқау механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.

 2. Көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұратын жерiне қарамастан, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзген техникалық байқау операторлары мiндеттi техникалық байқауды жүргiзедi.

Техникалық байқау операторлары жария шарт негiзiнде қызметтер көрсетедi.

 3. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқаруға жол берiлмейдi.

Техникалық байқау операторының аумағында механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн жөндеу және оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жол берiлмейдi.

4. Техникалық байқау операторы:

1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асырады;

2) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзудi қамтамасыз етедi;

3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң кестесi туралы халықты хабардар етедi;

4) аудандардың әкiмшiлiк орталықтарында, ауылдық округтерде және аудандық маңызы бар қалаларда техникалық байқау орталығы ашылған кезде техникалық байқаудың стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асырады.

Қызмет өңiрiн айқындау тәртiбiн көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

5. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу екi кезеңдi: дайындық және негiзгi кезеңдердi қамтиды.

Мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң дайындық кезеңi барысында көлiк құралын сәйкестендiру және оны сәйкестендiру нәтижелерiнiң тiркеу және өзге де құжаттардағы деректерге сәйкестiгiне тексеру жүргiзiледi.

Мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң негiзгi кезеңi барысында көлiк құралының техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiнде жұмыстар (тексеру) орындалады.

6. Мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң иесi техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;

3) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Техникалық байқау операторы ұсынылған құжаттарды механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

7. Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқаудың диагностикалық картасы жасалады, оның негiзiнде қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк берiледi.

8. Егер мiндеттi техникалық байқау өткiзудiң нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн пайдалануға тыйым салатын ақаулықтар және жағдайлар анықталған болса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлмеген деп танылады.

Бұл жағдайда механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiне ақаулықтар көрсетiле отырып, механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң диагностикалық картасы берiледi.

9. Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайлар жойылғаннан кейiн механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi оны қайтадан мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн ұсынады.

Механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн қайтадан байқаудан өткiзу бiрiншi мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi.

Бiрiншi мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген орталықта механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн қайтадан техникалық байқаудан өткiзу кезiнде техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай болмаған және диагностикалық картада көрсетiлген позициялар ғана бойынша жүргiзiледi. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерiлетiн позицияларды тексеру үшiн ғана алынады.

Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кезiнде ақаулықтар анықталғаннан кейiн механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауға қайтадан әкелудiң ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.

10. Механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар орындалатын жердi және орындаушыны дербес айқындайды.

 Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (ҚР 2011.01.24 N 399-IV Заңының 2-бабын қараңыз) Заңымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру

1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшiн механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш бередi және оған мынадай құжаттарды:

1) халықаралық техникалық байқау сертификатын беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жылға көлiк құралы салығын төлегенiн немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;

3) мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн қоса бередi.

2. Жергiлiктi атқарушы орган құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде механикалық көлiк құралының

және оның тiркемелерiнiң иесiне халықаралық техникалық байқау сертификатын бередi.

3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш берiлген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде механикалық көлiк құралының және оның

тiркемелерiнiң иесiне бас тарту себептерiн көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша түрде дәлелдi бас тартуды жiбередi.

4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес берiледi.

5. Халықаралық техникалық байқау сертификаты жоғалған немесе бүлiнген кезде көлiк құралы иесiнiң халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.

Халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын

алу үшiн көлiк құралының иесi жергiлiктi атқарушы органға

өтiнiш бередi және халықаралық техникалық байқау сертификатының

телнұсқасын беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi ұсынады.

Халықаралық техникалық байқау сертификатының жоғалған немесе бүлiнген бланкiсi жергiлiктi атқарушы органға оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi туралы өтiнiш берiлген күннен бастап жарамсыз деп танылады.

6. Жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және үстiңгi оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын бередi.

7. Көлiк құралының иесi халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беру үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi ұсынбай өтiнiш берген жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мерзiмде халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.

8. Халықаралық техникалық байқау сертификаты мiндеттi немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiкте көрсетiлген мерзiмге сәйкес келетiн мерзiмге берiледi.

 Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

19-2-бап. Мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылау

1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 Ескерту. Заң 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

19-3-бап. Техникалық байқау операторларының құқықтары мен  мiндеттерi

 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 1. Техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк беруден бас тартуға құқығы бар.

2. Техникалық байқау операторлары:

1) қолданылатын өндiрiстiк үй-жайдың, жабдықтың, материалдық ресурстардың және оларды пайдалану шарттарының белгiленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

2) мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге бiлiктiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн қызметкерлердi жiберуге;

3) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кезiндегi жұмыстарды орындау процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауға;

4) көлiк құралдары иелерiнiң өтiнiшi бойынша механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәлiметтердi хабарлауға;

5) механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқау куәлiктерi бланкiлерiнiң жұмсалуын есепке алуды жүзеге асыруға;

6) байқаудан өткiзiлген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi туралы мәлiметтердiң электронды түрде есепке алынуын жүзеге асыруға;

7) көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiндегi деректерге сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттардың (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылуы, көлiк құралдарын мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн белгiлермен техникалық байқауға ұсыну фактiлерi туралы iшкi iстер органдарын хабардар етуге;

8) мiндеттi техникалық байқаудың нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтер ұсынуға;

9) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға техникалық байқау орталығының орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабарлауға;

10) жергiлiктi атқарушы органдардың келiсуiмен қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кестесiн жасауға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.

3. Техникалық байқау операторларына:

1) жол жүрiсi саласындағы орталық уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiне сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге, көлiк құралдарын мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн белгiлермен техникалық байқауға ұсынуға;

2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiне мiндеттi техникалық байқау өткiзуден бас тартуға немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi беруге;

3) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық байқауды өткiзу шарттарын өзгертуге;

4) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесiнен мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынады.

 Ескерту. Заң 19-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

19-4-бап. Механикалық көлiк құралдарының және олардың  тiркемелерiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк  тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк техникалық  байқаудан өткiзу

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 Ескерту. Заң 19-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

20-бап. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар

1. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу нормативтерiн көлiк құралдарын шығарған зауыттар олардың пайдаланылу жағдайларын ескере отырып белгiлейдi. 2. Техникалық қызмет көрсетiлiп, жөндеуден өткiзiлген көлiк құралдары Жол жүрiсi ережелерiнiң және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

21-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салудың негiздемелерi мен тәртiбi

1. Көлiк құралдарын пайдалануға мынадай жағдайларда: - көлiк құралдарының конструкциясы осы Заңның талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмесе; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаға қатер төндiретiн техникалық ақаулары болса; - көлiк құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмiрi көлiк құралындағы тiркеу құжаттарына енгiзiлген деректерге сәйкес келмесе;  - тiркеу құжаттары және мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы құжаты болмаса; - мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi болмаса немесе олар белгiленген талаптар мен тiркеу құжаттарына сәйкес келмесе; - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаса; - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда тыйым салынады. 2. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салуды ондай тыйым салуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады. 3. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.05.08 N 414 , 2006.12.29 N 209 , 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

22-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар

1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды оның қауiпсiздiгi мен жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру мақсатында көлiк және коммуникация саласындағы орган, қарамағында автомобиль жолдары бар жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. 2. Аталған шараларды әзiрлеу мен өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлетiн жобалар, схемалар және өзге де құжаттар негiзiнде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

23-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар

1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет техникалық регламенттермен реттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен схемаларында көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс. 2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiне нақты қатер төнген реттерде көлiк құралдары мен жүргiншiлердiң жүрiп-тұруын ұйымдастыруға өзгерiстi соған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар ғана белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға тиiс.

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

24-бап. Жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар

1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару техникалық   регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптары негiзiнде және соларды сақтай отырып орындалуға тиiс.

Жолдарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн инженерлiк шешiмдер есебiнен күрделi шығындарды азайтуға жол берiлмейдi. 2. Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудiң, күту мен басқарудың нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттамасы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен келiсiлуге және бекiтiлуге тиiс. 3. Салынған, қайта жаңартылған және жөнделген жолдардың жол жүрiсiнiң техникалық регламенттерiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгi жолдарды қабылдап алу актiсiмен куәландырылады. Жолдарды қабылдап алу актiсiн белгiленген тәртiппен өткiзiлген тексерiп қарау, зерттеулер мен сынақтан өткiзу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген орган тағайындайтын комиссия бередi.

Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жолдардың жай-күйiнiң белгiленген талаптарға сай болуы үшiн жауапкершiлiк жобалау кезеңiнде жобаны орындаушыға, ал қайта жаңарту және салу кезеңдерiнде жұмыстарды орындаушыға жүктеледi. 4. Пайдалану процесiнде жолдардың жай-күйi техникалық регламенттерге сәйкес келуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндет жолды иеленушi (қарамағындағы) заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

25-бап. Жолдағы жүрiстi шектеу немесе тоқтату

1. Көлiк құралдарының жолдарымен жүруi дүлей зiлзала, жолдағы климат жағдайлары қолайсыз болған, бұқаралық шаралар өткiзiлген реттерде және жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа да реттерде уақытша шектеледi немесе оған тыйым салынады.

2. Көлiк құралдарының жолдармен жүруiн тоқтату немесе уақытша шектеу негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

26-бап. Ескерту

Ескерту. 26-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

27-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк

Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

28-бап. Халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасының

Президентi