Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары деп мыналар танылады:
1. Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, осы Заңның 5,6,7 және 8-баптарында көрсетiлген адамдардың отбасы;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы;
бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
Жеңiлдiкке құқық берiлетiн отбасы мүшелерiне мыналар жатады:
қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандар;
қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай).
2. Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi).
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.
4. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.
5. Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 134-I Заңымен; 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Соғысқа қатысушыларға әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде мынадай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi:
1. Егер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылса және бұрын бiрiншi кезектi пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар, оларды бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
2. Тұрғын үй-құрылыс және басқа да кооперативтерге (серiктестiктерге) бiрiншi кезекте кiру құқығын иеленедi.
3. Жеке тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте жер учаскелерiн және төлем қабiлетiн ескере отырып, жинақ несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқын иеленедi.
4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне үй салу үшiн төлем қабiлетiн ескере отырып несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқығын иеленедi.
5. Коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өзi тұрып жатқан пәтерлерi осы Заңның 17-бабында және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен меншiгiне берiледi.
6-8. Алып тасталды.
9. Соғысқа қатысушылар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызмет бабындағы тұрғын үйден шығарылмайды.
10. Бау өсiретiн серiктестiктердiң мүшелерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бау үйлерiн сатып алуға және салуға, бау учаскесiн көркейтуге жеңiлдiктi шарттар негiзiнде несие алу құқығын иеленедi.
11. Бау өсiретiн серiктестiктерге (кооперативтерге) кiруге артықшылық құқығы болады.
12. Алып тасталды.
13. Байланыс қызметкерiнiң барлық түрiн кезектен тыс пайдалануға құқылы.
14-17. Алып тасталды.
18. Жұмыс iстеп жүрген кезiнде бекiтiлген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн де пайдаланады.
19. Амбулаторлық-емхана мекемелерiнiң қызметiн артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс жатқызылады.
20. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн бiлiктi медициналық көмек.
21. Протездермен (тіс протездерінен басқа) және протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз ету.
21-1. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
22. Алып тасталды.
23. Жыл сайынғы кезектi демалысын өзiне қолайлы уақытта пайдаланады, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн жалақы сақталмайтын қосымша демалыс алуға құқылы.
24. Жалпы сырқаттануы салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша күнтiзбелiк жылда қатарынан төрт айға немесе бес айға дейiн жәрдемақы алады.
25. Жұмыс стажына қарамастан жалақысының 100 процентi мөлшерiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алады.
26-29. Алып тасталды.
30. Моншаларға, мәдени ойын-сауық немесе спорт шараларына, шаштараздарға осындай қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен мекемелердiң есебiнен осы Заңның 17-бабында белгiленген тәртiппен бiрiншi кезекте және тегiн барады.
31. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу.
32. Ұлы Отан соғысы қатысушысының отбасына немесе оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем.
33. Соғысқа қатысқан жалғызiлiктi адам қайтыс болғанда оны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметi салт-жоралар рәсiмiн қолдана отырып жерлейдi.
34. Салық салу жеңiлдiктерi қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.04.02 N 88-I, 1997.06.19 N 134-I, 1999.04.07 N 374, 1999.11.16 N 482, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Соғыс мүгедектерiне әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде осы Заңның 11-бабының 1-34 тармақтарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi.
Сондай-ақ соғыс мүгедектерiне қосымша:
1. Санаторийге барып, емделу және керi қайту үшiн, жолдаманы кiм бергенiне және кiмнiң есебiнен берiлгенiне қарамастан, қажеттi күндерге еңбекке уақытша қабілетсіздік парақтары I және II топтардағы мүгедектерге жыл сайын ұзақтығы 15 жұмыс күнiне дейiн ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.
2-4. Алып тасталды.
5. Жеке тұрғын үй салу үшiн өсiп тұрған ағаш жергiлiктi атқарушы органдар анықтайтын тәртiп бойынша берiледi.
6. (алынып тасталды).
7. (алынып тасталды).
8. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланылатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға, кресло-қоларба бөлуге, бензинге, қосалқы бөлшектерге, автомобильдер мен мотоарбаларды жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетілуіне өтемдік төлемдерге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ І топтағы мүгедекті алып жүретін адамның жол шығындарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.04.07 N 374 заңымен; 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей
дәрежесiмен, "Отан" орденiмен наградталған адамдарға қосымша мынадай
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi:
1. 20 шаршы метрге дейiн қосымша пайдалы алаң алу құқығы.
2. (алынып тасталды).
3. Әскери сый-сияпат көрсетiлiп, тегiн жерленедi және қабiрiнiң басына құлпытас қойылады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.04.02 N 88-I Заңымен.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.04.07 N 374 Заңымен.
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Заңның 11-бабының 1-5, 9, 10, 11, 13, 18-20, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
1-3. Алып тасталды.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
5. Жаңа кәсiптi меңгеру (жаңа жұмысшыларды даярлау) кезiнде бүкiл оқу кезеңiне жұмысшының тарифтік мөлшерлемесінің 100 пайызы мөлшерiнде еңбекке ақы төленеді.
6. Қайта даярлау, екiншi мамандыққа үйрету және бiлiктiлiгiн арттыру кезiнде жұмыстан қол үзiп оқудың бүкiл кезеңiне бұрынғы кәсiбi мен мамандығы бойынша орташа жалақысы сақталады.
7. Алып тасталды.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.04.02 N 88-I, 1999.04.07 N 374 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Заңның 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-21, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына, 14-бабының 4-6-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, пәтер телефонын пайдалану жөніндегі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
1. I және II топтардағы мүгедектерге олардың қалауымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында темiржол көлiгiмен жылына бiр рет тегiн жол жүру (бару, қайту), әуе, су немесе қалааралық автомобиль көлiгiмен жол құнының 50 процентi мөлшерiнде шегерiм жасалып жол жүру құқы берiледi.
III топтағы мүгедектер үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында жылына бiр рет қалааралық көлiктiң барлық түрлерiмен жол жүру (бару, қайту) құнынан 50 процент шегерiм жасалды.
Қалааралық жол жүру төлемiнен жылына бiр рет жасалатын 50 проценттiк шегерiмнiң орнына олардың қалауы бойынша екi жылда бiр рет тегiн жол жүруге (бару, қайту) рұқсат етiледi.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жалпы белгіленген стипендия мөлшерінен 50 процентке жоғары мөлшерде стипендия төленеді.
3. Ұрыс қимылдарында немесе әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн атқару кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану немесе ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болған адамдар осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiледi.
4-7. алынып тасталды
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.04.07 N 374, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заңның 9-бабында көрсетiлген адамдар, атап айтқанда:
1. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларының осы Заңның 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-20, 23, 31, 33 және 34-тармақтарына, 12-бабының 5 тармағына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқығы бар, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарын төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеудің орнына, әкімшілік аумақтық бөлініс (аудан, қала) шегінде жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрлерінде (таксиден басқа) жүру үшін 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға бір жолғы материалдық көмек төлеудің орнына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді;
Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп жүрген кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану немесе ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң әйелдерi немесе асырауында осы әскери қызметшiлердiң балалары бар басқа адамдар жұмыс орнынан осы балаларымен бiрге демалу үшiн демалыс үйлерi мен пансионаттарға берiлетiн жолдамалармен артықшылықпен қамтамасыз етiлуге, сондай-ақ аталған әскери қызметшiлердiң балалары үшiн балалар сауықтыру мекемелерiне жолдамалар алуға құқығы бар;
Әскери қызметшi қаза болған жағдайда оның отбасының (бiрақ үш адамнан аспайтын) ол жерленген жерге тегiн барып қайтуына, сондай-ақ таңдаған тұрғылықты жерiне көшiп баруға (әскери қызметшi қайтыс болған күннен бастап алты ай iшiнде) құқығы бар;
Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерлерде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшi өзiнiң соңғы қызмет өткерген жерiнде тегiн жерленедi. Бейбiт уақытта әскери (азаматтық) борышын өтеу кезiнде қаза тапқан немесе жалпы ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiнiң мәйiтiн отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу /қайта жерлеу/ орындарына алып бару Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Мемлекеттік күзет қызметінің шешiмiмен жүзеге асырылады;
Қайтыс болған генералдардың, адмиралдардың және осы әскери қызметшiлер арасынан зейнеткерлердiң асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын әйелдерiнiң "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмір бойы сақталады.
2. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң, сондай-ақ соғысқа қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты салдарынан және басқа себептермен (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқасы) мүгедек деп танылған азаматтардың қайта некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).
3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар iшiнен оқшаулау және көшiру жүргiзiлген аймақтан Қазақстан Республикасына көшiрiлген (өз еркiмен көшкен), көшiрiлген күнi анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдарға:
осы Заңның 11-бабының 9, 18, 23-тармақтарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер, сондай-ақ:
тұрғын үй салу, бау-бақша үйлерiн сатып алу және тұрғызу әрi бау-бақша аумағын жайластыру үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен берiлетiн жеңiлдiктi несие;
пәтерiн жөндетуге, телефон орнатуға және бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативке) қабылдануға бiрiншi кезекте құқық берiледi.
4. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге:
жұмыс iстеп жүрген кезiнде тiркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн пайдалану құқығы;
жұмыс орны бойынша санаторийлерге, профилакторийлерге және демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiлуге артықшылықты құқық;
жыл сайынғы кезектi еңбек демалысын өзiне ыңғайлы уақытта пайдалануға;
жеке тұрғын үй салу үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен жеңiлдiктi кредит алуға;
бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативтерге) қабылдануға телефон орнатуға артықшылықты құқығы бар.
Осы аталған адамдар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызметтiк тұрғын үйлерден шығарылмайды.
5. Бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулi контингентi құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне:
осы Заңда көзделген, кезектен тыс тегiн протез жасату құқығы;
жұмыс орны бойынша санаторийлерге, профилакторийлерге және демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiлуге, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативтерге) қабылдануға артықшылықты құқық;
жыл сайынғы кезектi еңбек демалысын өзiне ыңғайлы уақытта пайдалану, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу құқығы;
11-баптың 1-тармағына сәйкес тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу, ал ұрыс қимылдары кезiнде немесе әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруға шалдығуы салдарынан бiрiншi топтағы мүгедек болғандарға тұрғын алаңмен кезектен тыс қамтамасыз етiлу құқығы берiледi;
жеке тұрғын үй салу үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып, несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен берiлетiн жеңiлдiктi кредит алу құқығы;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде квота беріледі;
Осы аталған адамдар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызмет бабында алған тұрғын үйлерден шығарылмайды.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.04.02 N 88-I, 1997.06.19 N 134, 1999.04.07 N 374, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Президентi |