1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) авария – тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, кедендік бақылаудағы көлік құралдары және (немесе) өзге тауарлар ұшыраған, олардың меншік иесінің және (немесе) осындай өзгерістер болған кезде иелігінде тауарлар болған тұлғаның әдейі әрекеттерінен туындамаған, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгеруіне алып келген, салдары тұрғысынан зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге сипаттағы оқиға;
2) ақша құралдары – жол чектері, вексельдер, чектер (банктік чектер), сондай-ақ эмитенттің (борышкердің) ақша төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын және өзіне осындай төлем жүзеге асырылатын тұлға көрсетілмеген, құжаттық нысандағы бағалы қағаздар;
3) алдын ала ақпарат – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі болжанатын тауарлар, осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу уақыты мен орны, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген жолаушылар туралы электрондық түрдегі мәліметтер;
4) бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар – жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты оны құрайтын кедендік баждарға, салықтарға бөлмей есептелген кедендік баждар, салықтар сомасы;
5) декларант – тауарларды декларациялайтын не өзінің атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;
6) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы;
7) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте тұрақты тұрғылықты жері бар жеке тұлға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым;
8) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы – Еуразиялық экономикалық одақтың біртұтас кедендік аумағы, оны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтары және құрлықтық қайраңдары, өздеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы бар жасанды аралдар, қондырғылар, құрылысжайлар мен өзге де объектілер құрайды;
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шектері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарындағы жекелеген аумақтардың шектері;
10) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өту – адамның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кіруі, адамның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығуы, оның ішінде өткізу пунктінде орналасқан кедендік бақылау аймағында, тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің өзге орнында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялар жасау;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болатын, толығымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген (шығарып алынған, алынған, өсірілген) тауарлар;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болатын, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес не ол күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алған не Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған тауарлар;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір немесе бірнеше мемлекетте осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлар қатарынан өндірілген (дайындалған) тауарлар;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтаған тауарлар;
12) жасанды аралдар – өздерін құруға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес орналасқан жері бойынша бекітілген, шайылатын, үйілген, қадасы және судың барынша көтерілуі кезінде судың бетіне шығып тұратын, жүзбейтін өзге де тірек негізі бар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, минералды ресурстарды геологиялық зерделеу, барлау және өндіру, су биологиялық ресурстарына теңізде ресурстық зерттеулер жүргізу және балық аулауды жүзеге асыру, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсаттарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда пайдаланылатын объектілер;
13) жеке пайдалануға арналған көлік құралдары – Комиссия айқындайтын, қосалқы бөлшектерімен және әдеттегі керек-жарақтарымен және жабдығымен, өздерінің конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдарымен, салқындату және өзге де техникалық сұйықтықтарымен қоса, жекелеген авто- және мотокөлік құралдарының түрлерін және авто- және мотокөлік құралдарына тіркемелерді, су кемесін немесе әуе кемесін қамтитын, осы көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы адамдарды сыйақыға тасымалдау үшін емес, тауарларды сыйақыға немесе тегін өнеркәсіптік немесе коммерциялық тасымалдау үшін емес, жеке мақсаттарда өткізетін жеке тұлғаға иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығында тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар санаты, оның ішінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер атына тіркелген көлік құралдары;
14) жеке пайдалануға арналған тауарлар – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы бірге алып жүруге болатын немесе бірге алып жүруге болмайтын багажда, халықаралық пошта жөнелтілімдері не өзге де тәсілмен жіберу арқылы өткізілетін, жеке тұлғалардың жеке, отбасылық, үй-ішілік және өзге де, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мұқтаждарына арналған тауарлар;
15) жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар – жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, осы Кодекстің 84-бабына сәйкес қолданылатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік баждар, салықтар сомасы;
16) жөнелтуші кеден органы – тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын Қазақстан Республикасының кеден органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органы;
17) кедендік баж – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органдары алатын міндетті төлем;
18) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету – кеден органының алдында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуына кепілдік беру тәсілі;
19) кедендік бақылау – Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеруге және (немесе) қамтамасыз етуге бағытталған, кеден органдары жасайтын әрекеттер жиынтығы;
20) кедендік декларация – тауарлар туралы мәліметтер және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтер қамтылатын кедендік құжат;
21) кедендік декларациялау – декларанттың кедендік декларацияны пайдалана отырып кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығаруға қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі;
22) кедендік құжаттар – кедендік декларация және тек қана кедендік операциялар жасау мен кедендік бақылау жүргізу үшін, сондай-ақ кедендік операциялар жасау мен кедендік бақылау жүргізу барысында және нәтижелері бойынша жасалатын өзге де құжаттар;
23) кедендік операциялар – Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тұлғалар және кеден органдары жасайтын әрекеттер;
24) кедендік рәсім – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде пайдалану шарттары мен тәртібін кедендік реттеу мақсаттары үшін айқындайтын нормалар жиынтығы;
25) кедендік-тарифтік реттеу шаралары – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты Одақ туралы шартқа сәйкес қолданылатын, кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін, тарифтік квоталарды, тарифтік преференцияларды, тарифтік жеңілдіктерді қолдануды қамтитын шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін (әкетілген) тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес қолданылатын шаралар;
26) кедендік төлемдер – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты осы Кодекске сәйкес бюджетке төленуге жататын кедендік алымдар, кедендік баждар;
27) кеден органдарының ақпараттық ресурстары – кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылатын құжатталған ақпараттың реттелген жиынтығы (деректер базалары, басқа да ақпарат қорлары);
28) кеден органының қызмет аймағы – уәкілетті орган айқындайтын, өзінің шегінде Қазақстан Республикасының кеден органы кедендік бақылауды жүзеге асыратын аумақ;
29) кеден өкілі – кеден өкілдері тізіліміне енгізілген, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларанттың немесе өзге де мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операциялар жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
30) керек-жарақтар – мынадай:
қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, су кемелерін, әуе кемелерін және пойыздарды тұратын жерлерінде және жүру жолында қалыпты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті;
су, әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің немесе пойыздар жолаушылары мен пойыздар бригадалары жұмыскерлерінің тұтынуына және (немесе) пайдалануына, сондай-ақ осындай адамдарға таратуға немесе өткізуге арналған тауарлар;
31) коммерциялық құжаттар – сыртқы сауда және өзге қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелердің жасалуын растау үшін пайдаланылатын құжаттар (шот-фактуралар (инвойстар), өзіндік ерекшеліктер, тиеу (қаптау) парақтары және өзге де құжаттар);
32) көлік құралдары – су кемесін, әуе кемесін, автомобиль көлігі құралын, тіркемені, жартылай тіркемені, теміржол көлігі құралын (теміржол жылжымалы құрамы, теміржол жылжымалы құрамының бірлігін), егер көрсетілген көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олар үшін көзделген техникалық паспорттары немесе техникалық формулярлары, қосалқы бөлшектері, керек-жарақтары мен жабдығы, өздерінің конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтықтары бар контейнерді қамтитын тауарлар санаты;
33) көліктік (тасымалдау) құжаттар – тауарларды тасымалдау шартының бар екенін растайтын және осындай тасымалдау кезінде олармен бірге жүретін құжаттар (коносамент, жұкқұжат, көлік экспедициясы шартының жасалғанын растайтын құжат және өзге де құжаттар);
34) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары – Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетпен халықаралық шарты немесе Қазақстан Республикасы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бірнеше не барлық мемлекет қатысушысы болып табылатын көпжақты халықаралық шарт;
35) қолма-қол ақша қаражаты – айналымнан алып тасталғандарды не алып тасталатындарды, бірақ айналымда болатын ақша белгілеріне айырбастауға жататындарды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде (мемлекеттер тобында) айналымда болатын және заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар және қазынашылық билеттері, бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, монеталар түріндегі ақша белгілері;
36) құрылысжайлар, қондырғылар – өздерін құруға арналған жобалау құжаттамасына сәйкес орналасқан жері бойынша бекітілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, минералды ресурстарды геологиялық зерделеу, барлау және өндіру, су биологиялық ресурстарына теңізде ресурстық зерттеулер жүргізу және балық аулауды жүзеге асыру, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсаттарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда пайдаланылатын ұңғымаларды, стационарлық теңіз платформаларын, стационарлық бұрғылау қондырғыларын, басқа да жүзетін және стационарлық объектілерді қоса алғанда, су асты объектілері, жүзетін бұрғылау қондырғылары, теңіздегі жүзетін платформалар, өзге де кемелер, су асты құрылысжайлары;
37) межелі кеден органы – қызмет аймағында (өңірінде) жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орны болатын не кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайтын Қазақстан Республикасының кеден органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органы;
38) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
39) мүдделі тұлға – тауарларға қатысты мүдделерін кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) қозғайтын тұлға;
40) өткізу пункті – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының Қазақстан Республикасы аумағындағы, теміржол, автомобиль, су не әуе қатынасы шегінде орналасқан, адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге арналған кедендік инфрақұрылымы бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған учаскесі;
41) пошта байланысының тағайындалған операторы – Дүниежүзілік пошта одағына мүше ел ресми тағайындайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына және Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ететін тұлға;
42) салықтар – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер);
43) су кемелері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын теңіз кемелері, аралас жүзу (өзен-теңіз) кемелері, сондай-ақ ішкі су (жүзу) көлігі кемелері;
44) тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды (тасуды) және (немесе) кедендік бақылаудағы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыратын тұлға. Тауарларды құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізу кезінде құбыржол көлігін немесе электр беру желілерін пайдалану үшін және (немесе) тауарларды құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізу үшін және (немесе) осы тауарларды бақылау және есепке алу үшін жауапты тұлға тасымалдаушы болып табылады;
45) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
46) тауарға ілеспе құжаттар – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған коммерциялық және көліктік құжаттар;
47) тауарларды алушы – тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген, өзіне тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге міндетті болатын тұлға;
48) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтуге байланысты және өздерінің нәтижесінде тауарлар кеден органдары осындай тауарларды шығарғанға дейін халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберуді, құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кез келген тәсілмен келетін әрекеттерді жасау;
49) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кез келген тәсілмен әкетуге бағытталған әрекеттерді жасау, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтуді қоса алғанда, халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу, құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалану;
50) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу – осы Кодекстің 30-бабына сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылуы мүмкін жерлерден тыс жерде немесе осы жерлерде орналасқан кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде не кедендік бақылаудан жасырын түрде не тауарларды анық емес кедендік декларациялап немесе кедендік декларацияламай не тауарлар туралы анық емес мәліметтер қамтылған құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) қолдан жасалған не басқа тауарларға жататын сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу;
51) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету;
52) тауарларды шығару – кеден органының әрекеті, ол жасалғаннан кейін мүдделі тұлғалар тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес пайдалануға немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын, жекелеген тауар санаттарына қатысты белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы болады;
53) тауар партиясы – кеден органына бір мезгілде бір немесе бірнеше көліктік құжат бойынша ұсынылатын және бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына жіберілетін тауарлар, сондай-ақ бір немесе бірнеше пошта жүкқұжаты бойынша жіберілетін не багаж ретінде бір тұлға алып өтетін тауарлар;
54) тұлға – жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болып табылмайтын ұйым;
55) тыйым салулар мен шектеулер – Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын, оның ішінде Одақ туралы шартқа сәйкес біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шаралары, техникалық реттеу шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралар және радиациялық талаптар;
56) уәкілетті заңды тұлға – уәкілетті орган айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;
57) халықаралық пошта жөнелтілімдері – Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта алмасу объектілері болып табылатын, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар бірге жүретін, халықаралық пошта алмасу орындарынан (мекемелерінен) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге жіберілетін не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта алмасу орындарына (мекемелеріне) келіп түсетін не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы транзитпен өтетін жіберілімдер және жазбаша хат-хабар жөнелтілімдері;
58) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары – өзінде орналасқан, жүктерді тиеуге, түсіруге, өңдеуге және қорғауға арналған арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау нәрселері, сондай-ақ жүру жолында көлік құралын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері мен жабдығы бар, жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары;
59) шартты шығару – тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтау шартымен тауарларды шығару;
60) шетелдік тауарлар – Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылмайтын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесінен айырылған тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін алған (шетелдік тауарлар болып танылған) тауарлар;
61) шетелдік тұлға – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға;
62) ішкі нарықты қорғау шаралары – Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерде шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты енгізілетін арнайы қорғау, демпингке қарсы шаралар, өтемақы шаралары және ішкі нарықты қорғаудың өзге де шаралары;
63) экспресс-жүк – халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарды қоспағанда, осы тауарды алушыға дара жүкқұжатқа сәйкес барынша мүмкін болатын және (немесе) тіркелген уақыт аралығы ішінде жеткізу мақсатында тасымалдарды ұйымдастыру мен қадағалаудың электрондық ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің кез келген түрімен жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) "еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ" (бұдан әрі – ЕЭА), "логистикалық ЕЭА", "порттық ЕЭА" және "ЕЭА резиденті (қатысушысы, субъекті)" ұғымдары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған мағыналарда пайдаланылады;
2) "дипломатиялық өкілдік басшысы", "дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персонал мүшелері", "дипломатиялық өкілдіктің әкімшілік-техникалық персонал мүшелері", "дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсетуші персоналының мүшелері", "консулдық мекеме басшысы", "консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары", "консулдық мекемелердің консулдық қызметшілері", "консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналының жұмыскерлері", "отбасы мүшелері", "дипломатиялық өкілдік қызметкерлері", "консулдық мекеме жұмыскерлері" ұғымдары 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында айқындалған мағыналарда пайдаланылады.
3. Осы Кодексте:
1) ЕЭА аумағы деп өзінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА-ның бүкіл аумағы немесе ЕЭА аумағының бір бөлігі түсініледі;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер деп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында орналасқан дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері түсініледі;
3) өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері деп Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын және Комиссия қалыптастыратын тізбеге енгізілген ұйымдар немесе олардың өкілдіктері түсініледі;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтар деп Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес іс жүргізуді жүзеге асыратын әкімшілік құқық бұзушылықтар түсініледі;
5) қылмыстық құқық бұзушылықтар деп Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар түсініледі.
4. Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ұсынатын ақпарат негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттің халықаралық шарттарына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің тізбесін қалыптастырады және оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.
5. Осы Кодексте пайдаланылатын өзге де ұғымдар осы Кодекстің тиісті баптарында, сондай-ақ Одақ туралы шартта айқындалған мағыналарда қолданылады.
6. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салалардағы заңнамасының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасына сәйкес алған кез келген ақпаратты кеден органдары өздеріне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қолжетімділік алған кеден органдары, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және осы Кодексте белгіленген;
2) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да жасырын ақпаратты жария етуге, жеке мақсаттары үшін пайдалануға не өзге тұлғаларға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына беруге құқылы емес.
3. Кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтай отырып, ал осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес алынған ақпаратқа қатысты осы Кодекстің 449-бабының талаптарын да сақтай отырып, мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына – олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, прокурор санкциялаған, қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат түріндегі уәжді сұрау салу негізінде береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда, санкция талап етілмейді;
2) соттарға: олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша сұрау салу негізінде;
3) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен;
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
5) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлері көрсетілген импорттаушылар жөніндегі ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға береді.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органына;
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Комиссияға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде шет мемлекеттің және (немесе) шет мемлекеттер одағының құзыретті органына;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы тергеп-тексеруін жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, жария етілуге және таратылуға жатпайды.
5. Кеден органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты алған Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары, өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де мұндай ақпаратты таратуға құқылы емес.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпарат кедендік бақылауды жүргізуге тартылған мамандардың кедендік бақылауды жүргізу кезінде өз міндеттерін орындау кезінде де, оны аяқтағаннан кейін де таратуына жатпайды.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық қауіпсіздікті және және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдар айқындаған тәртіпке және мерзімдерге сәйкес ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға береді.
Бұл ретте сақтауға берілген осындай деректерді пайдалануды уәкілетті орган ғана жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын (бұдан әрі осы бапта – тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы) және арнайы кедендік статистиканы қамтитын кедендік статистиканы жүргізеді.
2. Кедендік статистиканы жүргізу үшін кеден органдарының ақпараты мен электрондық ақпараттық ресурстары пайдаланылады.
3. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректері тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, даму серпіні мен үрдістерін талдау мақсаттарында қалыптастырылады.
Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу Комиссия бекітетін әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, өзге де тұлғаларға;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану немесе қайта қарау туралы өтініш беру үшін ұсынады.
5. Арнайы кедендік статистиканың деректері кеден органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсаттарында қалыптастырылады және пайдаланылады.
Арнайы кедендік статистиканы жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
6. Статистикалық мақсаттар үшін тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ұсынатын құжаттар мен мәліметтер пайдаланылады.
7. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге осы Кодекстің 19-бабының ережелері қолданылады.
1. Алдын ала ақпарат ұсынудың мақсаты кеден органдарының тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгенге дейін тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау объектілерін, нысандарын және кедендік бақылау жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдауы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі жоспарланатын тауарлар туралы мәліметтер алуы болып табылады.
Кеден органдары алдын ала ақпаратты кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады.
2. Кеден органдарына ұсынылатын алдын ала ақпараттың құрамы оны пайдалану мақсаттарына қарай:
1) кеден органдары тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау объектілерін, нысандарын және кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдау үшін пайдаланатын алдын ала ақпарат құрамына;
2) кеден органдары кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланатын алдын ала ақпарат құрамына бөлінеді.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мақсаттарда айқындалатын құрамдағы алдын ала ақпарат міндетті түрде ұсынылады.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мақсаттарда айқындалатын құрамдағы алдын ала ақпарат оны ұсына алатын тұлғалардың қалауы бойынша ұсынылады.
4. Алдын ала ақпарат электрондық құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
Электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпарат тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға, кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар жасау, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Алдын ала ақпарат тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, аумағында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі жоспарланған орны орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылады.
6. Алдын ала ақпарат интернет-ресурстар пайдаланыла отырып, кеден органының ақпараттық жүйесі мен алдын ала ақпаратты ұсынатын тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де тәсілмен ұсынылады.
Алдын ала ақпарат кеден органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы ұсынылған жағдайда, тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды қоса алғанда, мұндай өзара іс-қимыл тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Алдын ала ақпарат тұлғаның таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады.
8. Кеден органы ұсынылған алдын ала ақпаратты Комиссия айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.
9. Кеден органы ұсынылған алдын ала ақпаратты оған тіркеу нөмірін беру арқылы тіркейді.
10. Кеден органы, егер ұсынылған ақпарат Комиссия айқындаған құрамға, құрылым мен форматқа және (немесе) осы баптың 7-тармағында көзделген талапқа сәйкес келмесе, алдын ала ақпаратты тіркеуден бас тартады.
11. Алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, алдын ала ақпаратты тіркеу туралы не бас тарту себептері көрсетіле отырып, оны тіркеуден бас тарту туралы мәліметтер алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға электрондық нысанда жіберіледі.
12. Алдын ала ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал егер Комиссия өзге мерзімді айқындаған болса, – Комиссия айқындаған мерзім ішінде сақталады, содан кейін кеден органдары мұндай ақпаратты алдын ала ақпарат ретінде пайдаланбайды.
Комиссия кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде алдын ала ақпаратты сақтаудың осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен өзге мерзімін айқындауға құқылы.
13. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына міндетті түрде ұсынылуға тиіс алдын ала ақпарат ұсынылмай немесе оның ұсынылу мерзімі бұзыла отырып келген тауарлар, сондай-ақ осындай алдын ала ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу тәуекелінің деңгейі жоғары санатқа жатады.
Міндетті түрде ұсынылуға тиіс алдын ала ақпарат ұсынылмаған немесе оны ұсыну мерзімдері бұзылған кезде, тауарларды кедендік жете тексеру не кедендік бақылаудың өзге нысандары және (немесе) тәуекелдерді басқару жүйесі айқындаған кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.
Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерде байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысының техникалық іркілістерінен, бұзылуынан, электр энергиясының өшіп қалуынан болған ақаулықтарға байланысты кеден органдары тауарларға қатысты алдын ала ақпаратты ала алмаған және (немесе) өңдей алмаған тауарлар бойынша осындай тауарларға қатысты кедендік бақылау нысандарын қолдану туралы шешімді кеден органы келу кезінде ұсынылған мәліметтер (құжаттар) негізінде қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, осы баптың 3-тармағының ережелері алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсыну бөлігінде қолданылмайды. Бұл ретте тауарларға қатысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
14. Алдын ала ақпарат:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға;
3) осы Кодекстің 379-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларға;
4) дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарларын жою үшін өткізілетін тауарларға;
5) мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген рұқсатнамамен (әскери рұқсатнамамен) расталатын әскери жүктерге;
6) келу орнында арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларға;
7) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына;
8) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға;
9) Комиссия айқындайтын жағдайларда өзге де тауарларға қатысты ұсынылмауы мүмкін.
15. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты алдын ала ақпарат ұсынылмайды.
16. Алдын ала ақпараттың құрамын, осындай ақпараттың құрылымы мен форматын, алдын ала ақпаратты, оның ішінде электрондық құжат түрінде ұсынылатын алдын ала ақпарат ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, электрондық құжат түріндегі алдын ала ақпаратты қалыптастыру және пайдалану тәртібін, алдын ала ақпаратты кеден органдарына ұсынуға міндетті не құқылы тұлғаларды Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және кеден органының осындай алдын ала ақпаратты пайдалану мақсаттарына қарай айқындайды.
17. Кедендік декларациялануы Комиссия айқындайтын жағдайларда және тәртіппен, осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктерімен, ал оларды Комиссия айқындағанға дейін – осы Кодекстің 185-бабында көзделген жағдайларда және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер алдын ала ақпарат ретінде пайдаланылуы мүмкін.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезден бастап кедендік бақылауда болады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары кедендік декларация тіркелген не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасалған кезден бастап кедендік бақылауда болады.
3. Осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін алған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында алынған (түзілген) және тұрған қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен қалғандары алынған (түзілген) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
4. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін (әкелінген) және порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген кезінен бастап кедендік бақылауда болатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын қоспағанда, тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларация тіркелген кезден бастап кедендік бақылауда болады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларация тіркелген кезден бастап кедендік бақылауда болады.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
7. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тауарлар, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 290 және 299-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаған тауарлар:
1) осы баптың 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алу;
2) осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету;
3) жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды іс жүзінде жою;
4) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігін өндірістік ысырап деп тану;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операцияларын жасау және жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану немесе кеден органына түзілген қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін және оларды осындай операцияларды жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттарды ұсыну;
6) қайтып ұшып келетін ғарыштық ұшу аппараты мен ондағы тауарларды қоспағанда, осы тауарларды ғарыш кеңістігіне ұшыру;
7) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған;
8) осы тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануы;
9) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 1) тармақшасында және 296-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, кеден органына осы тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды ұсыну;
10) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау;
11) осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден және (немесе) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерден босата отырып әкелу шарттарын бұзатын әрекеттер жасалған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатылып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) өндіріп алу;
12) осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналатын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын және осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қоспағанда, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдың көлік құралдарын шығару;
13) осы Кодекстің 362-бабының 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу;
14) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту немесе мемлекет меншігіне айналдыру кедендік рәсімімен орналастыру;
15) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының бір бөлігін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатқа сәйкес өндірістік ысырап деп тану;
16) осы Кодекстің 296-бабы 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, еркін қойма кеден рәсімінің қолданысын аяқтау мән-жайлары;
17) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын өзге мән-жайлар басталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
8. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге, осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарып алынғанға дейін не осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
9. Кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты шығарудан бас тартылған жеке пайдалануға арналған тауарлар мынадай мән-жайлардың бірі басталған:
1) осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіне айналдырылған не уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы осы тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінен жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған;
2) осындай тауарлар кету орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне кеден органының рұқсатымен шығарылған кезде кедендік бақылауда деп саналмайды.
10. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары тиісті кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін кедендік бақылауда болады.
11. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 290 және 299-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған тауарлар, сондай-ақ осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары:
1) егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің немесе еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысы осы тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту;
2) осы тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру;
3) осы тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануы;
4) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 1) тармақшасында және 296-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, кеден органына осы тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды ұсыну;
5) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мән-жайлары басталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
12. Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін алған және кедендік декларациялануы осы Кодекстің 190-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылған тауарлар тауардың соңғы құрауышы шығарылған күнге дейін не осы Кодекстің 190-бабының 8-тармағына сәйкес тауарларға арналған декларациядағы мәліметтерге тауар құрауыштарына қатысты өзгерістер (толықтырулар) енгізілгенге дейін кедендік бақылауда болады.
13. Осы Кодекстің 287-бабының 12 және 13-тармақтарында көрсетілген, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы тармақтарда көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 287-бабының 12 және 13-тармақтарына сәйкес осы тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
14. Осы Кодекстің 296-бабының 8-тармағында көрсетілген, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы тармақта көзделген жағдайда, осы Кодекстің 296-бабының 8-тармағына сәйкес осы тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
15. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары осы Кодекстің 327-бабының 1-тармағына және 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген кезден бастап бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген, кедендік декларацияланғанға дейін, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жарамсыз болып қалған, бұзылған немесе зақымданған тауарлар одан әрі оларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған күйде әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген, оларды осы Кодекстің 194-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация берілерден бұрын шығаруға мәлімдегенге дейін немесе осындай тауарлар осы Кодекстің 284-бабына сәйкес порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған болып есептелетін күнге дейін, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жарамсыз болып қалған, бұзылған немесе зақымданған тауарлар одан әрі оларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған күйде әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады.
1. Тауарларды сыныптау деп қарастырылатын тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша нақты тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға және кіші қосалқы позицияларға кезең-кезеңмен жатқызу түсініледі.
Тауарларды сыныптау мына негізгі өлшемшарттар:
1) тауар орындайтын функция;
2) тауар жасалған материал негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте, тауарлардың өңделу дәрежесі ескеріле отырып, оларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі қағидаларын және бөлімдерге, топтарға ескертпелерді (оның ішінде тауарлық позицияларға, қосалқы позицияларға ескертпелерді), сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар сыныптау мәселелерін түсіндіретін қосымша ескертпелерді қолдану негізінде тауарлық кіші қосалқы позицияларға түбегейлі жатқызу қағидаты сақталады.
2. Декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды сыныптауды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүзеге асырады.
Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары, декларанттар немесе өзге тұлғалар:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына түсініктеме берудің негізгі қағидаларын;
2) бөлімдерге, топтарға, позицияларға ескертпелерді пайдаланады.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын біркелкі қолдану мақсатында кеден органдары, декларанттар немесе өзге тұлғалар:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына берілген түсініктерді;
2) Дүниежүзілік кеден ұйымының Үйлестірілген жүйе комитетінің сыныптамалық пікірлер компендиумін;
3) уәкілетті органның тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдерінің электрондық базасын;
4) Комиссияның және уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау бойынша түсіндірмесін пайдалануы мүмкін.
Кедендік декларациялау кезінде, егер осы Кодекске сәйкес кедендік декларацияда Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды туралы мәліметтер көрсетілуге жатпаса, тауарларды сыныптау жүзеге асырылмайды. Бұл ретте тауарлар шығарылғанға дейін тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі айқындайтын жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Тауарларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы осы Кодекстің 47 және 48-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тауарларды шығарудан кейін кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.
3. Кеден органы:
1) кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кеден органы олардың дұрыс сыныпталмағанын анықтаған жағдайларда, тауарларды сыныптауды жүзеге асырады. Бұл жағдайда кеден органы тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды, ол орындау үшін міндетті болып табылады. Тауарларды сыныптау туралы шешімнің нысанын, оны қабылдау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді;
2) мынадай:
осы Кодекстің 88-бабына, 136-бабының 5-тармағына, 217-бабының 11-тармағына, 278-бабының 12-тармағына, 288-бабының 9-тармағына, 297-бабының 6-тармағына және 399-бабына сәйкес;
осы Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 233-бабының 5-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында, 367-бабының 4-тармағында, 378-бабының 3 және 8-тармақтарында және 392-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде;
декларант осы Кодекстің 190-бабының 8-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасамаған кезде төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеген жағдайларда;
3) осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда тауарларды сыныптауды жүзеге асырады.
4. Егер осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тауарларды сыныптау кезінде кеден органында тауардың сипаттамалары, олардың атаулары туралы дәл мәліметтер немесе тауарларды он таңба деңгейінде сыныптау үшін қажетті өзге де ақпарат болмаса, тауарлардың кодын тауардың сыныптамалық белгілерге әсер ететін сипаттамалары туралы қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес алғашқы төрт таңбадан аз емес деңгейде айқындауға жол беріледі.
5. Тауарларды сыныптау кезінде кеден органдары, егер декларант оларды ұсына алатын жағдайда, декларант және өзге тұлғалар ұсынған жөнелтуші елдің кедендік декларацияларының көшірмесін, тәуелсіз сараптама ұйымдарының қорытындыларын, анықтамаларын, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерді назарға алады.
6. Коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретін қорытындыларда, анықтамаларда, сараптама актілерінде көрсетілген тауарлардың кодтары тауарларды сыныптау үшін міндетті болып табылмайды.
1. Кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер (бұдан әрі – тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады.
2. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер осы тарауға сәйкес қабылданады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылданады. Осы тармақта көзделген тауарларды сыныптау туралы шешімнің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Кедендік декларациялауды осы Кодекстің 190-бабында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асыру мақсатында өздеріне қатысты кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдайтын тауарлардың тізбесін – Комиссия, ал Комиссия көздеген жағдайларда уәкілетті орган айқындайды.
4. Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер өзінің кеден органдары тауарларды сыныптау туралы осындай алдын ала шешімдер қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында, ал осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің аумақтарында да қолданылады. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары туралы мәліметтер тауарларды сыныптау туралы қабылданған алдын ала шешімдерге сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бір немесе бірнеше көлік құралымен өткізілетін, өздеріне қатысты тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде тауарларды сыныптау туралы осындай алдын ала шешімдерде көрсетілген тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер кеден органдары осындай шешімдер қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында қолданылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер осындай шешімдерде көрсетілген, осы шешімдердің қолданылу мерзімдері ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы бір немесе бірнеше көлік құралымен өткізілетін және кеден органдары осындай шешімдер қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке баратын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарлардың құрауыштарын кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында да қолданылады. Осындай тауарлардың құрауыштарын кедендік декларациялау кезінде транзиттік декларацияларда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы қабылданған шешімдерге сәйкес жасақталған немесе жасалып біткен түрдегі тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
6. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсаттары үшін жекелеген тауар түрі деп нақты атаулары, нақты маркалары, модельдері, артикулдары, түрленімдері бар және өзге де ұқсас жеке-дара сипаттамалары бар тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бір кодқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ сыныптамалық белгілері бар тауарлар жиынтығы түсініледі.
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
уәкілетті орган аумақтық кеден органдарының тауарларды сыныптауға әртүрлі тәсілін анықтаған кезде;
аумақтық кеден органдарының бастамасы бойынша жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдайды және түсіндірмелер береді.
2. Жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім мен түсіндірме уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі түрінде қабылданады және осындай шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сыныптау кезінде міндетті болып табылады.
3. Уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап:
кеден органдары осы Кодекстің 40-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылдаған тауарларды сыныптау туралы шешімдер өзгертілуге жатады;
тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер осы Кодекстің 47-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, 47-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қолданылмайды және кері қайтарып алынуға жатады;
кеден органдары осы Кодекстің 41-бабы 1-тармағына сәйкес қабылдаған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер осы Кодекстің 51-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде өзгертілуге жатады.
4. Уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы өзгерген;
2) уәкілетті орган осындай шешімдерді және (немесе) түсіндірмелерді қабылдаған кезде жол берген және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жекелеген тауар түрлерін сыныптауға әсер етпейтін қателіктеранықталған жағдайларда өзгертілуге жатады.
Комиссия уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі қабылдаған тауарларға қатысты осы Кодекстің 43-бабына сәйкес жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Комиссияның осындай шешімі күшіне енген кезден бастап уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі күшін жояды.
Уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімді уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдайды және ол осындай шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Уәкілетті орган уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдерін жариялауды қамтамасыз етеді.
6. Уәкілетті органның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімі тіркелуге жатады.
1. Комиссия Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ұсыныстары негізінде жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдайды.
Комиссия кеден органдары қабылдаған тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерде, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден органдары осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдерде немесе түсіндірмелерде тауарлардың әртүрлі сыныпталуын анықтаған кезде, Комиссия өз бастамасы бойынша жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдайды.
2. Жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер Комиссияның шешімдері түрінде қабылданады.
3. Комиссияның шешімі қабылданған тауар түрлеріне қатысты уәкілетті орган осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер мен түсіндірмелер Комиссияның осы бапқа сәйкес қабылданған шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды және олардың күші жойылуға жатады. Уәкілетті орган осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер мен түсіндірмелердің күшін жою туралы шешімдер Комиссияның осы бапқа сәйкес қабылданған шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
4. Комиссияның осы бапқа сәйкес қабылдаған шешімдері:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын өзгерту;
2) Комиссияның осындай шешімдерін қабылдау кезінде жіберілген және жекелеген тауар түрлерін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес сыныптауға әсер етпейтін қателерді анықтау;
3) Комиссияның шешімінде көрсетілген, жекелеген тауар түрлерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтарына, жекелеген тауар түрлерінің сипаттамасына және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсініктеме берудің негізгі қағидаларын қолдануға әсер ететін жекелеген тауар түрлері туралы қосымша ақпарат алу;
4) Еуразиялық экономикалық одақ сотының осы бапқа сәйкес қабылданған Комиссия шешімін немесе оның жекелеген ережелерін Одақ туралы шартқа, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдеріне сәйкес келмейді деп тану негіздері бойынша күші жойылды деп танылады не өзгертілуге жатады.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Комиссияға осындай шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу, Комиссияның оларды қарау, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес дайындалған Комиссия шешімдерінің жобаларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарымен келісу қағидаларын қоса алғанда, Комиссияның жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер дайындау тәртібін Комиссия айқындайды.
6. Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ұсыныстары бойынша жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер береді.
Жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер Комиссияның ұсынымдары түрінде қабылданады.
Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған кеден органдары осындай тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы бірыңғай пікірде болса, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер қабылданады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Комиссияға осындай түсіндірмелер беру туралы ұсыныстар енгізу, Комиссияның оларды қарау, осындай түсіндірмелердің жобаларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарымен келісу қағидаларын қоса алғанда, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы Комиссияның түсіндірмелерін дайындау тәртібін Комиссия айқындайды.
1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Бұл ретте бұрын дәл сол бір марканы, модельді, артикул мен модификацияны қамтитын нақ сол бір атауы (коммерциялық атау, фирмалық атау (тауар белгісі) бар тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарлар бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
Осы Кодекстің 45-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің өтуі кеден органы өтініш иесіне қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жіберген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органына қосымша ақпарат келіп түскен күннен бастап қайта жаңартылады.
Егер тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік сараптама жүргізу қажет болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің өтуі кеден органы кедендік сараптама тағайындау туралы шешім жіберген күннен бастап он жұмыс күніне тоқтатыла тұрады және тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткен күннен бастап қайта жаңартылады.
Кедендік сараптаманы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен ұзағырақ мерзімдерде жүргізу тәртібі мен жағдайларын уәкілетті орган бекітеді.
2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім ол қабылданған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден органы тауарды сыныптау туралы өзі қабылдаған алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім, сондай-ақ өзі не төмен тұрған кеден органы қабылдаған тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім немесе оны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
2. Кеден органы немесе өтініш иесі тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылданған кезде жіберілген және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды туралы мәліметтерге әсер етпейтін қателерді анықтаған жағдайда, тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданады.
Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім тауарды сыныптау туралы осындай алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
3. Егер:
1) кеден органы тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімді қабылдау үшін өтініш иесінің анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер қамтылған құжаттар, қолдан жасалған құжаттар не анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаған;
2) кеден органы тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешім қабылдау кезінде жіберілген және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды туралы мәліметтерге әсер ететін қателерді анықтаған жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданады.
4. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім тауарды сыныптау туралы осындай алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдау кезінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді берген кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, тауарды сыныптау туралы, қолданысы тоқтатылған алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш берген кезде өтініш иесі ұсынған мәліметтер негізінде тауарды сыныптау туралы жаңа алдын ала шешім қабылдайды. Тауарды сыныптау туралы мұндай жаңа алдын ала шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
6. Егер:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзіне қатысты тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешім қабылданған тауардың сыныпталуына әсер ететін өзгерістер енгізілген;
2) Комиссия тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімде көрсетілген тауардың сыныпталуын өзгертуге алып келетін, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған;
3) уәкілетті орган осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес, тауарды сыныптау туралы осы алдын ала шешімде көрсетілген тауардың сыныпталуын өзгертуге алып келетін, жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдаған немесе түсіндірме берген;
4) Дүниежүзілік кеден ұйымы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қолданатын тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдаған жағдайларда, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылданады.
7. Осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, кеден органы Комиссияның тиісті шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және ол Комиссияның осындай шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, уәкілетті орган осы Кодекстің 42-бабының 1-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған (берген) жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы тиісті шешімдер немесе түсіндірмелер ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және ол жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы осындай шешімдермен немесе түсіндірмелермен бір мезгілде күшіне енеді.
Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, кеден органы Дүниежүзілік кеден ұйымы тауарларды сыныптау туралы тиісті шешімдер қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды және ол тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
8. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешім, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім, мұндай шешімдер қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, мұндай шешімдердің қабылдану себептері көрсетіле отырып, өтініш иесіне жіберіледі, сондай-ақ кеден органдарының назарына жеткізіледі.
1. Декларациялану ерекшеліктері осы Кодекстің 190-бабында көзделген, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді (бұдан әрі осы тарауда – құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) – уәкілетті орган немесе уәкілетті орган айқындаған жағдайларда аумақтық кеден органы тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш иесі) электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініші негізінде қабылдайды. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау жөнінде шешім қабылдау туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім бір мезгілде мына шарттар сақталған:
шарт (келісімшарт) өтініш иесінің атынан жасалған;
өтініш иесі тауарларды алушы болып табылған кезде қабылданады.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініште:
шарт (келісімшарт);
өтініш иесі;
тауар (атауы, тауар құрауыштарының тізбесі);
тауардың берілу мерзімі;
тауар орналастырылатын кедендік рәсім;
тауарды декларациялау жүзеге асырылатын кеден органының атауы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы қағаз жеткізгіште берілген өтінішке – қағаз жеткізгіштегі құжаттар, ал электрондық құжат түрінде берілгеніне мынадай құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері:
шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесі;
өздерінің негізінде құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданатын құжаттар (жұмыс істеу қағидаты мен функциялар көрсетіле отырып, тауардың және оның құрауыштарының техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар және оның құрауыштары өндірілген материалдардың сипаттамасы, жинау сызбалары, схемалар, мүмкін болса тауардың фотосуреттері, оны өндірушілердің каталогтары, бейнематериалы, егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі) қоса беріледі.
5. Өтініш құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелінген тауардың бірінші партиясына қатысты кедендік рәсіммен (кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда) орналастыру үшін декларант берген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркегенге дейін уәкілетті органға немесе аумақтық кеден органына беріледі.
6. Егер өтініш иесі ұсынған құжаттар мен мәліметтер құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға жеткіліксіз болса, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иесін қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Қосымша ақпарат өтініш иесі жазбаша хабардар етілген не электрондық нысанда хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.
7. Егер қосымша ақпарат осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаса не өтініш иесі тауарды сыныптау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынудан бас тартса, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы бас тарту негіздерін көрсете отырып, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдаудан бас тартады.
8. Мынадай негіздер бойынша:
егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауардың құрауыштары сыныптау қағидаларына сәйкес жасалып біткен немесе жасақталған тауардың коды бойынша сыныпталатын тауарды түзбесе;
өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген қарама-қайшы ақпарат болған кезде, құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдаудан бас тартылады.
9. Уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркейді.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім уәкілетті органда немесе аумақтық кеден органында өтініш тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
Осы Кодекстің 49-бабының 6-тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің өтуі тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтерді қамтитын соңғы құжат уәкілетті органға немесе аумақтық кеден органына келіп түскен күннен бастап қайта жаңартылады.
2. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді және құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданған күннен бастап есептелетін екі жыл ішінде қолданылады.
3. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім кеден органында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
Осы Кодекстің 61-бабының 4-тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсыну не осы Кодекстің 61-бабының 5-тармағына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы сертификатты тексеру жүргізу үшін жіберу қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің өтуі кеден органы өтініш иесіне қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жіберген күннен бастап не тауардың шығарылған жері туралы сертификат тексеру жүргізу үшін жіберілген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органы қосымша ақпаратты алған не тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген және (немесе) оны тексеруге уәкілетті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының немесе уәкілетті ұйымның жауабын алған күннен бастап қайта жаңартылады.
Кеден органы осы Кодекстің 61-бабының 5-тармағына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы сертификатты тексеру жүргізу үшін жіберген кезде кеден органы өтініш иесін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген немесе осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес белгіленген мерзімнің тоқтатыла тұратыны туралы хабардар етеді.
2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім, өзінің негізінде осындай алдын ала шешім қабылданған тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың қолданыс мерзімі ішінде қолданылады.
1. Осы тараудың ережелері 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (1994 жылғы ТСБК) VII бабында және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімде белгіленген жалпы қағидаттар мен қағидаларға негізделеді.
2. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе және осындай тауарларға қатысты осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсім алғаш рет мәлімделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың (бұдан әрі осы тарауда – әкелінетін тауарлар) кедендік құны осы тарауға сәйкес айқындалады.
Егер тауарларды осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсіммен орналастыру кезінде оларды кедендік декларациялау осы Кодекстің 185, 186, 187, 188 және 189-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылған жағдайда да әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы тарауға сәйкес айқындалады.
3. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен, кеден қоймасы кедендік рәсімімен, жою кедендік рәсімімен, мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен немесе арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде, осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, олардың кедендік құны айқындалмайды.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 279-бабының 1-тармағында, 289-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде, 2 және 3-тармақтарында және 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тауарлардың, сондай-ақ осы Кодекстің 250, 275 және 331-баптарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жататын қалдықтардың кедендік құны, Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.
6. Осы Кодекстің 88-бабына, 136-бабының 5-тармағына, 217-бабының 11-тармағына және 278-бабының 12-тармағына сәйкес төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеу мақсаттары үшін тауарлардың кедендік құны, Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.
Осы Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 233-бабының 5-тармағында, 242-бабының 6-тармағында, 322-бабының 3-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында, 367-бабының 4-тармағында және 392-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар, сондай-ақ осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындайтын және Комиссия айқындаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өздерінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеу мақсаттары үшін тауарлардың кедендік құны осы тарауға және көрсетілген баптардың ережелеріне сәйкес айқындалады.
7. Егер, осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде және 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдердің бірімен орналастырылған тауарлар өзге кедендік рәсіммен не осындай кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда, осындай тауарлардың кедендік құны – оларды осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден өзге кедендік рәсіммен алғаш орналастыру кезінде айқындалған тауарлардың кедендік құны, ал егер тауарларға арналған декларацияға тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер бөлігінде өзгерістер енгізілген болса, осындай өзгерістерді енгізу кезінде айқындалған тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Тауарлар, кері экспорт кедендік рәсімін қоспағанда, кедендік рәсімдермен орналастырылған кезде, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін олардың кедендік құны, Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес айқындалады.
8. Қазақстан Республикасында тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен айқындалады. Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілетін болса, мұндай қайта есептеу, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы (бұдан әрі – валюталар бағамы) бойынша жүргізіледі.
9. Тауарлардың кедендік құнын айқындау тауарлардың еркін немесе жалған кедендік құнын пайдалануға негізделмеуге тиіс.
10. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәліметтер анық, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс.
11. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері жалпыға бірдей қолданылатын болуға, яғни тауарлардың берілу көздеріне, оның ішінде тауарлардың шығарылған жеріне, тауарлардың түріне, мәмілеге қатысушыларға және басқа да факторларға қарай ерекшеленбеуге тиіс.
12. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері демпингпен күресу мақсаттарында пайдаланылмауға тиіс.
13. Осы тараудың ережелері кеден органдарының тауарлардың кедендік құнын растау үшін ұсынылған кез келген өтініштің, құжаттың немесе декларацияның анықтығына немесе дәлдігіне көз жеткізу құқығын шектеуші немесе оған күмән келтіруші ережелер ретінде қарастырыла алмайды.
14. Тауарлардың кедендік құнын декларант айқындайды, ал кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын кеден органы осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағына сәйкес және 135-бабының 3-тармағын ескере отырып есептеген жағдайда, тауарлардың кедендік құнын кеден органы айқындайды.
15. Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің осы Кодекстің 66-бабында айқындалған мәндегі құны барынша мүмкін боларлық дәрежеде осы тауарлардың кедендік құнының негізі болуға тиіс.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалған мәміленің құны бойынша айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің тізбектеле қолданылатын 68 және 69-баптарына сәйкес айқындалады. Бұл ретте әкелінетін тауарлардың осы Кодекстің 68 және 69-баптарына жауап беретін кедендік құнын айқындау үшін құндық негізді негіздеп таңдау мақсаттарында кеден органы мен декларанттың арасында консультациялар жүргізілуі мүмкін. Консультациялар процесінде кеден органы мен декларант, коммерциялық құпияны сақтау шартымен, өздерінің қолда бар ақпаратымен алмаса алады.
Консультациялар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаған кезде, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес, бағаланатын, бірдей немесе біртекті тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылған баға не осы Кодекстің 71-бабына сәйкес тауарлардың есеп айырысу құны тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде декларанттың көрсетілген баптарды қолдану кезектілігін таңдауға құқығы бар.
Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарын қолдану мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнын айқындау осы Кодекстің 72-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркейтін күні тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылатын мәміленің шарттарына сәйкес олардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасын есептеуге қажетті дәлме-дәл мәліметтер қамтылған құжаттардың болмауына байланысты оны айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда тауарлардың кедендік құнын (бұдан әрі осы бапта – тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы) декларанта бар құжаттар мен мәліметтер негізінде айқындауға және мәлімдеуге, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнының мәлімделген алдын ала шамасын негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын есептеу мен төлеуге жол беріледі.
Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау жағдайларын да қамтитын тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау тәртібін, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындауды пайдалану кезінде әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдісті (1-әдісті) қолдану ерекшеліктерін, тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін, тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдерін, тауарлардың кедендік құнын бақылау ерекшеліктерін Комиссия айқындайды және Комиссия көздеген жағдайларда – уәкілетті орган айқындайды.
Тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасы негізге алына отырып қосымша есепке жазылған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу тауарлардың кедендік құнының дәлме-дәл шамасы мәлімделген мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.
17. Комиссия 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі Келісімнің тиісті ережелерін, бұған қоса оған түсініктеме ескертулерді, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Кедендік бағалау комитеті және Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитеті қабылдаған тауарлардың кедендік құны жөніндегі құжаттарды негізге ала отырып, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану кезінде осы тарау ережелерінің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған актілер қабылдайды.
18. Осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.
19. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөніндегі алдын ала шешімдер уәкілетті орган айқындаған жағдайларда қабылдануы мүмкін. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құны олармен жасалған мәміленің құны болып табылады, яғни осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату кезінде олар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын және мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
1) мына:
тауарларды қайта сатуға болатын географиялық өңірді шектейтін;
тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін;
Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қоспағанда, сатып алушының тауарларды пайдалану және оларға билік ету құқықтарына қатысты шектеулер болмаған;
2) тауарлардың сатылуы немесе бағасы өздерінің тауарлар бағасына әсері сан жағынан айқындала алмайтын қандай да бір шарттарға немесе міндеттемелерге тәуелді болмаған;
3) осы Кодекстің 67-бабына сәйкес қосымша есепке жазулар жүргізуге болатын кездегіден басқа жағдайларда, сатып алушының тауарларды кейіннен сатуынан, оларға өзгеше тәсілмен билік етуінен немесе пайдалануынан түсетін кірістің немесе табыстың ешбір бөлігі сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болмаған;
4) сатып алушы және сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмаған немесе сатып алушы мен сатушы әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы болатындай түрде өзара байланысты тұлғалар болып табылған кезде осы Кодекстің 67-бабына сәйкес толықтырылған баға болып табылады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттардың ең болмаса біреуі орындалмаған жағдайда, іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы болып табылмайды және әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс) қолданылмайды.
3. Әкелінетін тауарлар үшін сатып алушы тікелей сатушыға немесе сатушының пайдасын көздеп өзге тұлғаға жүзеге асырған немесе жүзеге асыруына жататын барлық төлемдердің жалпы сомасы осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға болып табылады. Бұл ретте төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген нысанда тікелей немесе жанама жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер декларацияланатын тауарлар бір мәміле шеңберінде сатып алынған осындай тауарлардың көп мөлшерінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, декларацияланатын тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға декларацияланатын тауарлар саны мен сатып алынған тауарлардың жалпы саны арасында қандай қатынас болса, сондай арақатынаста (пропорцияда) айқындалады.
4. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс фактісі өзінен-өзі мәміленің құнын әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайсыз деп тануға негіз болып табылмауға тиіс. Бұл жағдайда сатуға ілеспе мән-жайларға талдау жасалуға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпесе, мәміленің құныәкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолайлы деп танылады.
5. Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған жағдайда және бұл ретте декларант ұсынған немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпараттың негізінде кеден органы сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер ету белгілерін тапса, онда кеден органы бұл белгілер туралы декларантқа жазбаша немесе электрондық нысанда хабарлайды. Бұл жағдайда кеден органы кедендік бақылау, оның ішінде сатуға ілеспе мән-жайларға талдау жүргізеді. Декларанттың сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпегенін мына тәсілдердің бірімен:
1) сатуға ілеспе мән-жайларды сипаттайтын (көрсететін) қосымша құжаттар мен мәліметтер (оның ішінде кеден органы қосымша сұратқандарын) ұсыну арқылы дәлелдеуге құқығы бар. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсерін айқындау мақсатында кеден органы сатуға ілеспе мән-жайларға талдау жүргізу кезінде мәміленің барлық шарттарын, оған қоса сатып алушы мен сатушы өздерінің коммерциялық қарым-қатынастарын ұйымдастырған тәсілді және қарастырылып отырған бағаның қалай белгіленгенін қарастырады. Егер жүргізілген талдаудың нәтижесінде кеден органы сатып алушы мен сатушының өзара байланысты тұлғалар бола отырып, тауарларды өздері өзара байланысты тұлғалар болып табылмаған кездегі сияқты дәл сол шарттарда, оның ішінде шамалас бағалармен (яғни сол деңгейдегі бағалармен) өзара сатқанын және сатып алғанын анықтаған жағдайда, бұл факт сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға әсер етпегенінің дәлелі болып табылады;
2) әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген сол немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде орын алған мынадай тексеру шамаларының біріне:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатушымен өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушыларға бірдей немесе біртекті тауарларды сату кезінде осындай тауарлармен жасалған мәміленің құнына;
бірдей немесе біртекті тауарлардың осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалған кедендік құнына;
бірдей немесе біртекті тауарлардың осы Кодекстің 71-бабына сәйкес айқындалған кедендік құнына жақын екенін растайтын құжаттар мен мәліметтер ұсыну арқылы дәлелдеуге құқығы бар.
6. Егер кеден органында осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларының бірі әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құнына жақын екені туралы жеткілікті ақпарат болса, ол декларанттан әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құнының осы тексеру шамасына жақын екенін дәлелдейтін қосымша ақпарат сұратуға тиіс емес.
7. Кеден органы осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамаларын әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құнымен салыстырған кезде декларант ұсынған, сатудың коммерциялық деңгейлеріндегі, тауарлар санындағы, осы Кодекстің 67-бабында көрсетілген қосымша есепке жазулардағы айырмашылықтар туралы, сондай-ақ сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған кезде сатушы сату кезінде шегетін шығыстармен салыстырғанда, әдетте, сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болмаған кезде, сатушы сату кезінде шегетін шығыстардағы айырмашылықтар туралы мәліметтерді ескереді.
8. Осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тексеру шамалары декларанттың бастамасы бойынша және осы баптың 7-тармағына сәйкес салыстыру мақсаттарында ғана пайдаланылады және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.
9. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты болады, осыған байланысты сатып алушы сатушыға аударатын дивидендтер және өзге де төлемдер, егер олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құнына енгізілмейді.
10. Ақпарат жеткізгіштерді (қағаз, электрондық немесе басқа) өздерінде қамтылған ақпаратпен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде кедендік құнға, мәміле нысанасы осы жеткізгіштерде қамтылған ақпарат болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпарат жеткізгіштің құны ғана қосылады.
1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 66-бабына сәйкес айқындала алмаған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар әкелінген немесе соған сәйкес келетін, бірақ бағаланатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінерден күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес уақыт кезеңінде әкелінген бірдей тауарлармен жасалған мәміленің құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Бірдей тауарлардың осы Кодекстің 66-бабына сәйкес айқындалған және кеден органы қабылдаған кедендік құны осы тауарлармен жасалған мәміленің құны болып табылады.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде бағаланатын тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша дәл сол санда сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміленің құны пайдаланылады.
Егер ондай сатулар анықталмаған жағдайда, сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар санындағы айырмашылықтар ескерілетін тиісті түзету жасала отырып, өзге коммерциялық деңгейде және (немесе) өзге санда сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміленің құны пайдаланылады.
Көрсетілген түзету, оның бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға алып келетін-келмейтініне қарамастан, түзетудің негізділігі мен дәлдігін құжатпен растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
Мұндай мәліметтер болмаған кезде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (2-әдіс) пайдаланылмайды.
2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде, қажет болған кезде, бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шығыстарда олар тасымалданатын (тасылатын) қашықтықтардағы және тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға байланысты туындайтын елеулі айырмашылықты есепке алу үшін, бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнына түзету жүргізіледі.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес түзетулерді ескергенде, бірдей тауарлармен жасалған мәміленің біреуден көп құны анықталған жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмені қолданылады.
1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 66 және 68-баптарына сәйкес айқындала алмаған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар әкелінген немесе соған сәйкес келетін, бірақ бағаланатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінерден күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес уақыт кезеңінде әкелінген біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Біртекті тауарлардың осы Кодекстің 66-бабына сәйкес айқындалған және кеден органы қабылдаған кедендік құны осы тауарлармен жасалған мәміленің құны болып табылады.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде бағаланатын тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша дәл сол санда сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны пайдаланылады.
Егер ондай сатулар анықталмаған жағдайда, сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар санындағы айырмашылықтар ескерілетін тиісті түзету жасала отырып, өзге коммерциялық деңгейде және (немесе) өзге санда сатылған біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны пайдаланылады.
Көрсетілген түзету, оның біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға алып келетін-келмейтініне қарамастан, түзетудің негізділігі мен дәлдігін құжатпен растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Мұндай мәліметтер болмаған кезде бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс (3-әдіс) пайдаланылмайды.
2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде, қажет болған кезде, бағаланатын және біртекті тауарларға қатысты осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шығыстарда олар тасымалданатын (тасылатын) қашықтықтардағы және тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға байланысты туындайтын елеулі айырмашылықты есепке алу үшін біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнына түзету жүргізіледі.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес түзетулерді ескергенде, біртекті тауарлармен жасалған мәміленің біреуден көп құны анықталған жағдайда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмені қолданылады.
1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 66, 68 және 69-баптарына сәйкес айқындала алмаған жағдайда, осындай тауарлардың кедендік құны, декларанттың өтініші бойынша осы Кодекстің осы бабын және 71-бабын қолдану кезектілігі өзгертіле алатын жағдайларды қоспағанда, осы бапқа сәйкес айқындалады.
2. Егер бағаланатын тауарлар не бағаланатын тауарлармен бірдей немесе біртекті тауарлар өздері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгендей күйде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылған жағдайда, мынадай сомаларды:
1) делдалға (агентке) әдетте төленетін немесе төленуге жататын сыйықыны не, әдетте пайда алу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сатуға байланысты әдетте орын алатын мөлшерлерде жалпы шығыстарды (коммерциялық және басқарушылық шығыстарды) жабу үшін жүргізілетін бағаға үстемеақыны;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында жүзеге асырылған тасымалдауға (тасуға), сақтандыруға арналған әдеттегі шығыстарды және осындай операцияларға байланысты өзге де шығыстарды;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер субъектілерінің салықтары мен алымдарын қоса алғанда, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатын, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарына әкелуге және (немесе) онда сатуға байланысты төленуге жататын өзге де салықтарды және жергілікті салықтар мен алымдарды шегеру шартымен, бағаланатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген немесе соған сәйкес келетін уақыт кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай сатуды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға бағаланатын тауарлардың не бағаланатын тауарлармен бірдей немесе біртекті тауарлардың ең көп жиынтық саны сатылатын тауар бірлігінің бағасы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қабылданады.
3. Егер бағаланатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген немесе соған сәйкес келетін уақыт кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында бағаланатын тауарлар да, бағаланатын тауарлармен бірдей тауарлар да, бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлар да сатылмаған жағдайда, осындай тауарлардың кедендік құны тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу күніне қатысты ең ерте, бірақ осы күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кеш емес күні, өзі бойынша тиісінше бағаланатын тауарлар немесе бірдей тауарлар немесе біртекті тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өздері әкелінгендей күйде, осындай тауардың бірлігі үшін баға белгілеуге жеткілікті санда сатылатын тауар бірлігінің бағасы негізінде айқындалады.
4. Егер бағаланатын тауарлар да, бағаланатын тауарлармен бірдей тауарлар да, бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлар да өздері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгендей күйде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылмаған жағдайда, бағаланатын тауарлардың кедендік құны декларанттың өтініші бойынша, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құн мен осы баптың 2-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру шартымен, осындай тауарлардың көп жиынтық саны қайта өңделгеннен кейін өздері осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатып алатын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын осындай тауарлар бірлігінің бағасы негізінде айқындалады.
Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына жататын, анық, саны жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпарат негізінде жүргізіледі.
5. Осы баптың 4-тармағының ережелері мынадай:
1) тауарлар өздерінің дара белгілерін жоғалтқанына қарамастан, қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнның шамасы дәл айқындала алатын кездегі жағдайларды қоспағанда, бағаланатын тауарлар одан әрі қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде өздерінің дара белгілерін жоғалтатын;
2) бағаланатын тауарлар өздерінің дара белгілерін жоғалтпайтын, бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылатын тауарларда бағаланатын тауарлардың құны сатылатын тауарлар құнына елеулі әсер етпейтіндей, соншалықты мардымсыз бөлікті құрайтын жағдайларда, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қолданылмайды.
Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкіндігі әрбір жеке жағдайда нақты мән-жайларға қарай айқындалады.
6. Бағаланатын тауарлардың не бағаланатын тауарлармен бірдей тауарлардың немесе бағаланатын тауарлармен біртекті тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сатылымын қарастырған кезде, бағаланатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін өндіруге және беруге байланысты осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді пайдалану үшін тікелей немесе жанама түрде, тегін немесе төмен бағамен ұсынған тұлғаға сату есепке алынбайды.
7. Осы баптың мақсаттары үшін пайданың және тауарларды өткізуге арналған тікелей де, жанама да шығыстар болуы мүмкін жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сатуға байланысты пайда алуды қамтамасыз ететін, тауар бағасына үстемеақы ретінде қарастырылады.
Пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы тұтастай ескеріледі және егер декларант ұсынған мәліметтер дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сату кезінде орын алған мәліметтермен шамалас болған жағдайда, декларантта бар ақпарат негізінде айқындалады. Егер бұл мәліметтер кеден органының қолында бар, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату кезіндегі пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) әдеттегі мөлшері туралы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, кеден органы пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде айқындай алады.
8. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын тауарлар әкелінген елден әкелінген, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың сатылымдары туралы, сондай-ақ басқа елдерден әкелінген тауарлар туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын тауарлар мен олар салыстырылатын тауарлардың дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлар болып табылу-табылмау мәселесі әрбір нақты жағдайда, тиісті мән-жайлар ескеріле отырып жеке шешіледі. Бұл ретте, бағаланатын тауарларды қоса алғанда, өздеріне қатысты ақпарат ұсынылуы мүмкін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың анағұрлым шағын тобының немесе қатарының сатылымдары қарастырылады.
9. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес, өзінде бар мәліметтер негізінде айқындаған жағдайда, ол декларантқа осындай мәліметтердің көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есеп-қисаптар туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.
1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы бапқа сәйкес:
1) материалдарды дайындауға немесе сатып алуға арналған шығыстарды және бағаланатын тауарларды өндіруге арналған, сондай-ақ өндіруге байланысты өзге де операцияларға арналған шығыстарды;
2) әдетте тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылған елде бағаланатын тауарлар секілді сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде ескерілетін шамаға баламалы болатын пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомаларын;
3) осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды қосу жолымен айқындалатын тауарлардың есеп айырысу құны негіз ретінде қабылданады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар бағаланатын тауарлардың өндірушісі ұсынған немесе оның атынан ұсынылған және өндірушінің коммерциялық құжаттары тауарлар өндірілген елде қолданылатын, жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарына сәйкес жасалған жағдайда, осындай құжаттармен расталған бағаланатын тауарлар өндірісі туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген шығыстарды және әкелінетін тауарларды өндіруге байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей немесе жанама түрде ұсынған, осы Кодекстің 67-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің осы Кодекстің 67-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бөлінген құнын қамтуға тиіс. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген (көрсетілген), осы Кодекстің 67-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны өндіруші төлеген осы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақысы дәрежесінде ғана енгізіледі. Бұл ретте шығыстар есеп айырысу құнын айқындау кезінде қайтадан есепке алынбайды.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілмеген, әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін өндіруге және сатуға арналған тікелей және жанама шығыстар жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар) ретінде есепке алынады.
4. Пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасы тұтастай ескеріледі және өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады. Егер бұл мәліметтер мемлекеттік кірістер органының қолында бар, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сату кезіндегі пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) әдеттегі мөлшері туралы мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, кеден органы пайданың және жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың) сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде айқындай алады.
5. Осы баптың мақсаттары үшін бағаланатын тауарлар өндірілген мемлекетте өндірілген, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың сатылымдары туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын тауарлар мен олар салыстырылатын тауарлардың дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлар болып табылу-табылмау мәселесі әрбір нақты жағдайда, тиісті мән-жайлар ескеріле отырып жеке шешіледі. Бұл ретте өздеріне қатысты ақпарат ұсынылуы мүмкін дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың анағұрлым шағын тобының немесе қатарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылымдары қарастырылады.
6. Кеден органдары, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, шетелдік тұлғадан тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін құжаттар мен мәліметтер ұсынуын талап етуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары тауарлардың есеп айырысу құнын айқындау үшін шетелдік тауар өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді шетелдік тауар өндірушінің келісуімен, сондай-ақ тауарларды өндіруші елінің уәкілетті органы алдын ала хабардар етілген жағдайда және оның мұндай тексеру жүргізуге қарсылығы болмаған кезде тауарларды өндірушінің елінде тексеруі мүмкін. Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары шетелдік тауар өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеруді Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүргізеді.
7. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес, өзінде бар мәліметтер негізінде айқындаған жағдайда, ол декларантқа осындай мәліметтердің көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есеп-қисаптар туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.
1. Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарына сәйкес айқындала алмаған жағдайда, осындай тауарлардың кедендік құны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында бар мәліметтер негізінде осы тараудың қағидаттары мен ережелері негізге алына отырып айқындалады.
2. Осы бапқа сәйкес пайдаланылатын тауарлардың құнын айқындау әдістері осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарында көзделген әдістер болып табылады, алайда осы бапқа сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде оларды қолдануда икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мынаған жол беріледі:
1) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бағаланатын тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны негіз ретінде қабылдануы мүмкін;
2) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны негізінде айқындау кезінде осы Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес белгіленген, бірдей немесе біртекті тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылуға және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бағаланатын тауарлар әкелінген немесе оған сәйкес келетін, бірақ бағаланатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінерден күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес уақыт кезеңінде әкелінуге тиіс деген талаптардан ақылға қонымды түрде ауытқуға жол беріледі;
3) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бағаланатын тауарлармен бірдей немесе біртекті тауарлардың осы Кодекстің 70 және 71-баптарына сәйкес айқындалған кедендік құны негіз ретінде қабылдануы мүмкін;
4) бағаланатын тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындау кезінде осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен ауытқуға жол беріледі.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес туарлардың кедендік құнын айқындаудың бірнеше әдісін қолдануға мүмкіндік болған жағдайда, оларды қолданудың тізбектілігін ұстану қажет.
4. Әкелінетін тауарлардың осы бапқа сәйкес айқындалған кедендік құны барынша мүмкін боларлық дәрежеде бұрын айқындалған кедендік құндарға негізделуге тиіс.
5. Осы бапқа сәйкес, әкелінетін тауарлардың кедендік құны:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы бағаларының;
2) кедендік мақсаттар үшін екі баламалы құнның неғұрлым жоғарысын қабылдауды көздейтін жүйенің;
3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлар бағаларының;
4) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес бірдей немесе біртекті тауарлар үшін айқындалған есеп айырысу құнына қосылған шығыстардан өзге шығыстардың;
5) тауарлар әкетілетін елден Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге берілетін тауарлар бағаларының;
6) тауарлардың ең төмен кедендік құнының;
7) еркін немесе жалған құнның негізінде айқындалмауға тиіс.
6. Егер кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес, өзінде бар мәліметтер негізінде айқындаған жағдайда, ол декларантқа осындай мәліметтердің көздері туралы, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есеп-қисаптар туралы электрондық немесе жазбаша нысанда хабарлайды.
1. Алдағы төленетін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген, төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының нақты түрлері мен сомалары бөлінісінде сәйкестендірмеген ақша аванстық төлемдер болып танылады.
Аванстық төлемдер өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне пайдаланылуы мүмкін.
2. Аванстық төлемдер Қазақстан Республикасының аумағында – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, ал Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының екіжақты халықаралық шарттарында кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан өзге валютамен төлеу көзделген жағдайларда – осындай халықаралық шарттарда айқындалған валютамен енгізіледі.
3. Аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақша аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның мүлкі болып табылады және аванстық төлемдерді енгізген тұлға бұл туралы кеден органына өкім жасағанша не кеден органы аванстық төлемдерге өндіріп алуды қолданғанша, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша ретінде қарастырыла алмайды. Аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның кедендік декларацияны немесе аванстық төлемдер сомасын қайтару жөнінде өтініш ұсынуы немесе оның атынан олардың ұсынылуы немесе осы тұлғаның өз ақшасын кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар не кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану ниеті туралы куәландыратын өзге әрекеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасауы осы тұлғаның өкімі ретінде қарастырылады.
Аванстық төлемдерді осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсілді қолдана отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану тәртібі осы Кодекстің 98-бабына сәйкес белгіленеді.
4. Кеден органы аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның жолданымы негізінде көрсетілген тұлғаға аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақшаның осы Кодексте аванстық төлемдерді қайтару үшін белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын кезеңде жұмсалуы туралы есеп ұсынады.
Аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның жолданымының нысанын және оны кеден органына беру тәртібін, сондай-ақ көрсетілген есептің нысанын, оны кеден органының ұсыну тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
5. Аванстық төлемдердің сомасын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 109 және 113-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Аванстық төлемдердің талап етілмеген сомасына билік ету, осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері өткен соң. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
7. Аванстық төлемдерді енгізу тәртібі мен нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
1. Осы Кодексте кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп:
1) кедендік әкелу баждарын (тарифтік жеңілдіктер);
2) кедендік әкету баждарын;
3) салықтарды;
4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі. Кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер деп тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер түсініледі.
2. Кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді (тарифтік жеңілдіктерді) беру жағдайлары және шарттары, сондай-ақ оларды қолдану тәртібі Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалады.
Одақ туралы шарттың 43-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді (тарифтік жеңілдіктерді) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендету түрінде беру жағдайлары мен шарттарын белгілеген кезде Комиссия осы Кодексте көзделгеннен өзге, өздері басталған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын және (немесе) кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталатын мән-жайларды айқындауға құқылы.
3. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
4. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ кедендік алымдар төленбейтін жағдайлар (бұдан әрі осы тарауда – кедендiк алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер) осы Кодекстің 80-бабына сәйкес белгіленеді.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер жеке-дара сипатта бола алмайды.
5. Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
6. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарымен бірлескен актілерінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасады.
7. Тарифтік преференциялар Одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен, еркін сауда режимін қолдануды көздейтін халықаралық шарттарына сәйкес беріледі. Тарифтік преференциялар Комиссия айқындайтын жағдайларда және шарттар сақталған кезде қалпына келтіріледі.
1. Кедендік баждарды, салықтарды – кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, ал осы бапта көзделген жағдайларда кеден органы есептейді.
2. Кеден органы:
1) кедендік баждардың, салықтардың дұрыс есептелмелмегені анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша;
2) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде;
3) осы Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 233-бабының 5-тармағында, 242-бабының 6-тармағында, 322-бабының 3-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында, 367-бабының 4-тармағында, 371-бабының 4-тармағында, 378-бабының 3 және 8-тармақтарында және 392-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, сондай-ақ тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылуы жүргізілген тауарларға қатысты осы Кодексте белгіленген мерзімде тауарларға арналған декларация берілмеген жағдайларда;
4) декларант осы Кодекстің 190-бабының 8-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасамаған кезде;
5) осы Кодекстің 288-бабының 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 288-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың орындауына жататын жағдайларда;
6) осы Кодекстің 288-бабының 9-тармағына және 297-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде;
7) осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындаған және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде;
8) осы Кодекстің 399-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша;
9) осы Кодекстің 410-бабының 17 және 18-тармақтарында көзделген жағдайларда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша;
10) кедендік рәсіммен орналастырылуы кезінде кедендік декларациялануы көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды кедендік декларация ретінде пайдалана отырып жүзеге асырылған тауарларға қатысты, осы Кодекске сәйкес көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын, мән-жайлар басталған кезде;
11) кедендік баждар, салықтар осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін басталған мән-жайларға байланысты және төлеуші кедендік баждарды, салықтарды есептемеген тауарларға қатысты төленуге жататын өзге жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды есептейді.
3. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда, кедендік кіріс ордерінде не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатта, осы Кодекстің 360-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген кедендік құжатта немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген кедендік құжатта көрсетіледі.
4. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының есеп-қисабында көрсетіледі.
Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары есеп-қисабының нысанын, мұндай есеп-қисаптың электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру және осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.
Көрсетілген есеп-қисапты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай кедендік құжаттың электрондық түрін қалыптастырады.
5. Егер осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар кедендік кіріс ордері негізінде не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжат негізінде төленген жағдайда, кеден органы кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтерді кедендік кіріс ордерінде немесе осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатта көрсетеді.
Кедендік кіріс ордерінің не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжаттың нысанын, оларды толтыру және оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.
Кедендік кіріс ордерін не осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге кедендік құжатты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай құжаттардың электрондық түрін қалыптастырады.
6. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының екіжақты халықаралық шарттарында көзделген, кедендік баждар, салықтар өзге валютамен есептелетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында төленуге жататын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.
Егер кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына не өзге валютаға қайта есептеу жүргізу талап етілетін болса, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мұндай қайта есептеу кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Кедендік баж кедендік бажды есептеуге арналған база және тауарға қатысты белгіленген кедендік баждың тиісті мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.
Қазақстан Республикасының аумағында төленуге жататын салықтар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептеледі.
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 88, 157, 163, 174, 216, 217, 221, 233, 242, 254, 265, 278, 288, 297, 306, 313, 322, 328-баптарына, 360-бабының 4-тармағында, 362, 363, 367, 371, 378 және 392-баптарына сәйкес туындайды, сондай-ақ осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындаған және Комиссия көздеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мән-жайлар басталған кезде туындайды.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:
1) осы Кодекстің 88, 157, 163, 174, 216, 217, 221, 233, 242, 254, 265, 278, 288, 297, 306, 313, 322, 328-баптарында, 360-бабының 4-тармағына, 362, 363, 367, 371, 378 және 392-баптарында көзделген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына байланысты мән-жайлар басталған кезде және шарттар сақталған кезде;
2) осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындаған және Комиссия көздеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мән-жайлар басталған кезде;
3) осы Кодекстің 86-бабының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда;
4) осы Кодекске сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу жөніндегі шаралар осы Кодекстің 116-бабы 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қабылданбайтын жағдайда, тоқтатылады.
3. Комиссия сол бір тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайларда, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің бірінде туындаған, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекетте басталған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталуын растау бойынша өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындауға құқылы.
4. Кедендік баждар, салықтар:
1) кедендік рәсіммен орналастыру шарттары осындай кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін және осы тауарларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік баждар, салықтар төлеуді көздемейтін кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты;
2) осы Кодекстің 355-бабының 4-тармағына және 364-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын, жекелеген тауар санаттарына қатысты, осы Кодексте осы тауар санаттары үшін белгіленген оларды пайдалану шарттары сақталған кезде;
3) декларанттың осындай жеңілдіктерден бас тарту жағдайларын қоспағанда, кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, осындай жеңілдіктер беру талаптары сақталған кезде осындай кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін, тауарларды жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда пайдаланған кезде, осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер сақталған кезде, сондай-ақ осындай тауарларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде;
4) декларанттың осындай жеңілдіктерден бас тарту жағдайларын қоспағанда, осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және салықтар төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, осындай жеңілдіктер беру шарттары сақталған кезде, тауарларды жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда пайдаланған кезде, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер сақталған кезде төленбейді.
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын тұлғалар орындайды.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 94-бабының 11-тармағында белгіленген тәртіппен үшінші тұлға орындауы мүмкін.
Кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 494-бабын ескере отырып орындайды.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет оларды осы Кодекске сәйкес есептелген және төленуге жататын сомалар мөлшерінде осы Кодекстің 90, 91, 92, 93 және 94-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлеу арқылы орындалады.
3. Осы Кодекстің 91 және 194-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау осы Кодекстің 10-тарауында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілетін жағдайларда, кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушіге кедендік баждарды, салықтарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімінің басталғаны туралы еркін нысанда хабарлама жібереді.
Кедендік баждарды, салықтарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі өткеннен кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодекстің 10-тарауында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілетін өзге жағдайларда, кеден органы осы Кодекстің 10-тарауында көзделген тәртіппен кедендік баждарға, салықтарға, өсімпұлдарға, пайыздарға тиесілі сомаларды төлеу туралы талап жібереді.
4. Мынадай:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген;
2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодекстің 10-тарауында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда, кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, пайыздарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бір мезгілде төлеушіге және осы Кодекске сәйкес төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын тұлғаларға белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар сомасы туралы хабарлама жібереді.
5. Өсімпұлдарды есепке жазу осы Кодекстің 124-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
6. Белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы хабарлама табыс етілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуға жатады. Мерзімінде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган бекітеді. Бұл ретте хабарламаның көрсетілген нысаны осы Кодекстің 137-бабына сәйкес, белгіленген мерзімде төленбеген арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының сомасы туралы мәліметтерді де қамтиды.
Көрсетілген хабарламаны табыс ету тәртібі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес жүргізіледі.
7. Төлеуші белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар сомасы туралы хабарламада көрсетілген талаптарды осындай хабарлама тіркелген күннен бастап осындай талаптарды орындау күнін қоса алғанға дейінгі кезеңде есепке жазылуға жататын өсімпұлдарды төлеместен орындаған кезде, кеден органы белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы бұрын шығарылған хабарламаға толықтыру жібереді.
8. Белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы хабарламада көрсетілген кедендік баждар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар сомасының өзгеруіне алып келген негізді фактілер анықталған жағдайда, кеден органы белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы жаңа хабарлама жібереді, сонымен бір мезгілде белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы бастапқы жіберілген хабарламаны кері қайтарып алады.
9. Кеден органы мынадай:
1) тауарлар шығарылғаннан кейін, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көзделген электрондық құжат жіберілгеннен не тиісті белгілер қойылғаннан кейін тауарларға арналған бір декларацияда есептелген кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын жиынтықтап алғанда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюталар бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде төлемеу фактісі анықталған;
2) осы Кодекстің 83-бабының 4-тармағында көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бір есеп-қисабында немесе осы Кодекстің 360-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген бір кедендік құжатта есептелген кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын жиынтықтап алғанда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюталар бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде төлемеу фактісі анықталған жағдайларда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жібермейді.
10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.
11. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
12. Комиссия сол бір тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
1. Осы бапта өзгеше белгіленбесе, белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы хабарлама төлеушінің жеке өзіне қолын қойғыза отырып, немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде – төлеушi пошта операторының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – веб-қосымшадағы хабарлама жеткізілген күннен бастап төлеушіге табыс етілді деп есептеледі.
Көрсетілген тәсiл:
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген төлеушiге қолданылады.
2. Кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберген, белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы хабарламаны пошта операторы төлеушінің орналасқан жерінде болмауы себепті қайтарып берген жағдайда, кеден органы пошта операторының хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төлеушінің орналасқан жері бойынша зерттеп-қарау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады.
3. Зерттеп-қарау актісінде:
оның жасалу орны, күні және уақыты;
кеден органының актіні жасаған лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басты куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, тұрғылықты жері;
төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді.
Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
4. Белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы туралы осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына сәйкес жіберілген хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осындай хабарламада көрсетілген кеден органының талаптарын орындау мерзімі шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте шағым жасау өсімпұлдарды есепке жазуды тоқтата тұрмайды.
1. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде туындайды.
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде туындайды.
2. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды заңсыз өткізуші тұлғаларда туындайды. Заңсыз өткізуге қатысушы тұлғалар, егер олар осындай өткізудің заңсыздығы туралы білсе немесе білуге тиіс болса, ал тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде – заңсыз әкелінген тауарларды жеке меншікке немесе иеленуге алған тұлғалар да, егер олар сатып алу кезінде олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуінің заңсыздығы туралы білсе немесе білуге тиіс болса, тауарларды заңсыз өткізуші тұлғалармен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ынымақты міндет атқарады.
3. Мынадай:
1) осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
2) тауарларды осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе мемлекеттің меншігіне айналдыру;
5) кеден органының тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртуі;
6) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, өздеріне қатысты тауарларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде, осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларда тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.
4. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде – тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күн, ал егер бұл күні анықталмаса, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар осы тауарлар мынадай кедендік рәсімдермен:
1) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде – тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде – кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғандай мөлшерде төленуге жатады.
6. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар осы баптың 7-тармағы ескеріле отырып, ал егер кеден органы тауарлар туралы дәл мәліметтерге ие болмаса, осы баптың 8-тармағы да ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес есептеледі.
7. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін – тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күні қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу – тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
8. Егер кеден органы тауарлар (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл мәліметтерге ие болмаған жағдайда, төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды он таңбадан аз санда топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік баждарды есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең үлкені қолданылады;
салықтарды есептеу үшін осындай топтауға кіретін, өздеріне қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең үлкені белгіленген тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең үлкені, акциздер мөлшерлемелерінің ең үлкені қолданылады.
Тауарлар туралы дәл мәліметтер кейіннен анықталған кезде кедендік баждар, салықтар осындай дәл мәліметтер негізге алынып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждар, салықтар сомасын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87-бабына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес төленбеген соманы өндіріп алу жүзеге асырылады.
9. Тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленген немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылған, кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен, уақытша сақтауға қойған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырған жағдайларда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомасы осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
10. Тауарларды анық емес кедендік декларациялай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
Тауарларды анық емес кедендік декларациялай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар осы Кодекске сәйкес есептеледі. Бұл ретте тауарларды кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждар, салықтар қайтадан төленбейді (өндіріп алынбайды), ал артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомасы осы Кодекске сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
1. Кеден органдарының талаптары немесе төлеушінің талабы бойынша:
1) кеден органы төлеушіге кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды есептеуге (есепке жазуға) немесе төлеуші есептеген олардың сомасын, сондай-ақ есепке жазылған өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын қайта қарауға құқылы;
2) төлеуші кеден органдарынан кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, өсімпұлдарды, пайыздарды, аванстық төлемдерді, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасын есепке жатқызуды жүргізуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
3) төлеуші кеден органдарынан кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны қайтаруды және (немесе) алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебінде бюджетке аударуды талап етуге құқылы;
4) төлеуші кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын төлеуге міндетті;
5) төлеуші Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жасауға құқылы болатын уақыт кезеңі талап қоюдың ескіру мерзімі болып табылады.
2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау мен тауарлар шығару аяқталған күннен бастап;
2) кедендік баждарды, салықтарды ақшамен, оның ішінде аванстық төлемдер есебінен төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кеден органында тіркелген күннен бастап;
3) кеден органы осы Кодексте көзделген алдын ала шешімдерді қабылдаған күннен бастап;
4) кеден органы кедендік қолдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап есептелетін бес жылды құрайды.
3. Таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар бойынша кеден органы төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды тауарлар кедендік бақылауда болатын мерзім ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда болу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде есептеуге немесе олардың сомаларын қайта қарауға құқылы.
4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі өткен жағдайда:
1) кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін – талап қоюдың ескіру мерзімі осындай кедендік бақылау жүргізу, кеден органының кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегенге дейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қабылдаған шешімін орындау мерзіміне ұзартылады.
2) төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне және (немесе) уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасағанда – талап қоюдың ескіру мерзімі шағымды қарау және кеден органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімін орындау мерзіміне, ал сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, сот талқылауын жүргізу және сот актісінің заңды күшіне ену мерзіміне ұзартылады.".
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 88, 91, 157, 163, 174, 216, 217, 221, 233, 242, 254, 265, 278, 288, 297, 306, 313, 322, 328-баптарына, 360-бабының 4-тармағына, 362, 363, 367, 371, 378 және 392-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Кедендік декларациялану ерекшеліктері осы Кодекстің 189-бабында және 43-тарауында белгіленген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің осындай бабымен және тарауымен айқындалады.
3. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындайды және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген мерзімде орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, өсімпұлдар төленеді.
Өсімпұлдарды төлеу немесе өндіріп алу, сондай-ақ есепке жатқызу (қайтару) осы Кодексте тиісті кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар сомасын төлеуге немесе өндіріп алуға, сондай-ақ есепке жатқызуға (қайтаруға) қатысты көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 85-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлардың басталғанын растауды алған кезде өсімпұлдар төленбейді.
5. Осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, егер осы сомаларға қатысты олардың төленуін кейінге қалдыру немесе оларды бөліп төлеу берілетіндей түрде пайыздар төленуге жататын жағдайларда, мұндай пайыздар кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге пайыздарды есепке жазу және төлеу үшін осы Кодекстің 93-бабында белгіленген тәртіппен есепке жазылады және төленеді.
1. Осы Кодекстің 93-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге беріледі.
2. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлемей, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мынадай негіздердің бірі болған:
1) кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе өзге еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан нұқсан келтірілген;
2) кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде өнім берулер жүзеге асырылған;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі. Өздеріне қатысты кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін көрсетілген тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары көрсетілген тізбесін Комиссия айқындайды;
5) Комиссия айқындайтын өзге де негіздер болған кезде тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.
3. Осы Кодекстің 93-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жасақтаушы және қосалқы бөлшектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу сияқты негіз болған кезде, тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі. Осы тармақты қолдану мақсаттарында өнеркәсіптік қайта өңдеу деп тауарларды өздерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін әкелінетін тауарлардың кодтарынан алғашқы төрт таңбасының кез келгені деңгейінде ерекшеленетін жаңа тауарларды алу үшін өндірісте пайдалану түсініледі. Көрсетілген, өздеріне қатысты кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін көрсетілген тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары көрсетілген тізбесі, сондай-ақ осындай тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге пайдалануға арналған тауарларға жатқызу шарттарын Комиссия айқындайды.
4. Кедендік әкелу баждарын төлеуші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздердің болуын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен растауға тиіс.
5. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу кедендік әкелу баждарын төлеушінің өтініші негізінде кеден органының шешімі бойынша беріледі.
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімді тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде шығаруды жүргізетін кеден органы қабылдайды.
Кеден органының кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімінде кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілетін мерзім, өзінің төленуіне қатысты кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілетін кедендік әкелу баждарының сомасы және тауарларды шығару кезінде осы шешімді қолдану үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.
6. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді аумақтық кеден органы немесе кеден төлеушінің уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші негізінде қабылдайды.
Кеден органының кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімі, егер өздеріне қатысты осындай шешім қабылданған тауарларды кедендік декларациялау шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жүргізілсе, заңды маңызы бар фактілер туралы куәландыратын құжат болып табылады.
Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес берілетін кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру үшін өтінішке:
осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген негіздердің бар екенін растайтын, тізбесін уәкілетті орган бекітетін құжаттар;
кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезінде төлеуші жасаған кедендік әкелу баждарын кезең-кезеңмен төлеу графигі қоса беріледі.
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру не оны беруден бас тарту туралы шешімді аумақтық кеден органы немесе кеден төлеушінің өтініші аумақтық кеден органында немесе кеденде тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру не оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді беру туралы шешімге кеден органы бекіткен, кедендік әкелу баждарын кезең-кезеңмен төлеу графигі қоса беріледі. Көрсетілген графикте кедендік әкелу баждарын кезең-кезеңмен төлеу мерзімдері белгіленеді және ол осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Төлеушінің жолданымы бойынша кедендік әкелу баждарының сомасын кезең-кезеңмен төлеу графигі өзгертілуі мүмкін.
Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдері өзгертілген кезде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау осы Кодекстің 104-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бұл ретте осындай қамтамасыз етудің мөлшеріне кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздардың сомасы кіреді.
Кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері өзіне негізделе отырып айқындалатын кедендік әкелу баждарының сомасын айқындау үшін кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш кеден органында тіркелген күні қолданыста болатын валюталар бағамы, кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беруден бас тарту туралы шешімде мұндай бас тартудың негізі қамтылуға тиіс.
Кеден органы кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беруден бас тарту туралы шешімді мынадай негіздер бойынша:
төлеуші осы тармақтың үшінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген құжаттарды кеден органына ұсынбаса;
төлеушінің кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегі болса;
төлеушіге қатысты банкроттық рәсім қозғалса немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалса, қабылдайды.
Кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімнің күші кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу іс жүзінде берілгенге дейін мынадай негіздер бойынша:
төлеушінің өтініші бойынша;
кеден органы кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беруден бас тарту үшін негіздерді растайтын ақпаратты алған кезде жойылуға жатады.
7. Төлеуші кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімде белгіленген мерзімде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, кеден органы осы Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 99-бабының 4-тармағында, 100-бабының 5-тармағында, 101-бабының 10-тармағында және 102-бабының 4-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше әрекетті жүзеге асырады.
8. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы шешім:
1) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілген мерзім аяқталған соң;
2) осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған соң;
3) кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілген кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалған кезде өзінің қолданысын тоқтатады.
Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекстің 92-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес берілген кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді пайдаланудың әрбір күні үшін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған күнге дейін пайыздар төленуге жатады.
2. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын базалық мөлшерлемесінің 1/360 мөлшерінде төленуге жатады. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды есепке жазу үшін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді іс жүзінде пайдаланудың тиісті кезеңдерінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.
3. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар кедендік әкелу баждарын төлеу немесе өндіріп алу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей төленуге жатады.
4. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды төлеу немесе өндіріп алу, сондай-ақ есепке жатқызу (қайтару) осы Кодексте кедендік әкелу баждарының сомасын төлеуге немесе өндіріп алуға, сондай-ақ есепке жатқызуға (қайтаруға) қатысты көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасында – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен не, тауарларды анық емес кедендік декларациялай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізуді қоспағанда, аумағында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төленуге жатады.
Осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы мен тауарларды шығару кезінде төленген не Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленген өзге мөлшерде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмасы, егер бұл Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделсе, кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен басқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төленуі мүмкін.
2. Осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, егер осы баптың осы тармағының екінші бөлігінде және 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төленуге жатады.
Осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар межелі кеден органы орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төленуге жатады.
3. Егер осы тармаққа сәйкес, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен өзге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тұрғаны анықталған (расталған) жағдайда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждары, салықтар аумағында осындай тауарлар тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төленуге жатады.
Егер тауарлардың кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен өзге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тұрғаны анықталмаған (расталмаған), бірақ осы тармаққа сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан әкетілгені және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкелінгені анықталған (расталған), онда кедендік әкелу баждары, салықтар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, аумағына тауарлардың әкелінуі анықталған (расталған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төленуге жатады.
Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тұрғаны немесе олардың кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізбеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкелінгені кедендік бақылау жүргізу барысында алынған және (немесе) осындай кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша жасалған құжаттардың негізінде, сондай-ақ жүргізілуін (өткізілуін) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден немесе өзге мемлекеттік органдары жүзеге асыратын әкімшілік іс жүргізу, қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру не тексеру барысында анықталады (расталады).
Осы тармақты қолдау мақсатында тауарлардың кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды жүргізбеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тұрғанын немесе олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттің аумағына әкелінгенін анықтауды (растауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды жүргізген кеден органы тануға тиіс.
Шетелдік тауарлардың кеден органы тауарларды кедендік транзит рәсіміне сәйкес шығаруды жүргізбеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тұрғанын немесе олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттің аумағына әкелінгенін анықтау (растау) кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Комиссия айқындайды.
4. Осы Кодекстің 392-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждары кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққамүше мемлекетте төленуге жатады.
5. Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік әкелу баждары, егер Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік әкету баждары, салықтар, егер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының екіжақты халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
6. Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды төлеу нысандары мен тәсілдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі міндетті орындау кезі (төлеу күні) осы Кодексте белгіленеді.
7. Кедендік әкелу баждары Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалатын шоттарға төленеді.
Кедендік әкету баждары, егер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің екіжақты халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын шоттарға төленеді.
8. Кедендік баждарды, салықтарды бюджетке төлеушінің өзі немесе төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар қолма-қол ақша және қолма-қол ақша емес тәсілмен, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы төлейді.
9. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу кедендік баждардың, салықтардың түріне сәйкес Қазақстан Республикасы кірістерінің бірыңғай бюджеттік сыныптамасындағы кірістердің тиісті коды (бұдан әрі – бюджеттік сыныптама кодтары) бойынша жүргізіледі.
10. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді төлеушінің өзі немесе төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізеді. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеуге арналған төлем құжаттарында уәкілетті орган айқындайтын бенефициар органның деректемелерін көрсетеді.
11. Үшінші тұлғалар төлеушінің тапсырмасы бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеген кезде төлем құжатындағы төлемнің тағайындалымында өзінің атынан кедендік баждар, салықтар төленіп жатқан төлеушінің толық атауы, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі қосымша көрсетіледі.
12. Төлеуші немесе төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеген кезде тауарларды шығару үшін мына мәліметтер мен құжаттардың біреуі немесе бірнешеуі:
1) қазынашылық органдары кеден органына күн сайын ұсынатын бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдер есептілігінің нысандары бойынша деректер;
2) екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы берген, кедендік баждар мен салықтардың төленген сомасы туралы мәліметтер мен ақпарат;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда - "электрондық үкімет" жүйесінде қалыптастырылатын электрондық чек;
4) кеден органдарының ғимараттарында орналасқан екінші деңгейдегі банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары арқылы төленген жағдайда – екінші деңгейдегі банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалы беретін чек;
5) кеден органдарының ғимараттарында орналасқан екінші деңгейдегі банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассалары арқылы төленген жағдайда – екінші деңгейдегі банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассаларының квитанциясы олардың төленгенiн растау болып табылады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар кеден органдарында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен ақпарат болмаған жағдайда ғана талап етіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында санамаланған екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кеден органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуға тиіс.
Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе оның филиалдары болса, тауарларды шығару мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттары кедендік баждардың, салықтардың бюджетке төленгенін растау болып табылады.
13. Мыналар:
1) осы баптың 12-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжат және (немесе) мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың төленгенін растау болып табылатын жағдайларда, екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған күн немесе төлеуші банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күн;
2) осы баптың 12-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген құжат кедендік баждардың, салықтардың төленгенін растау болып табылатын жағдайларда, төлеуші екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қолма-қол ақшаны енгізген күн;
3) егер төлем осы баптың 12-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттармен және (немесе) мәліметтермен расталмаған жағдайда, қазынашылық органдары кеден органдарына күн сайын ұсынатын бюджеттік сыныптама кодтары бойынша түсімдер есептілігінің нысандарын кеден органы алған күн тауарларды шығару үшін кедендік баждарды, салықтарды төлеу күні (төлеу жөніндегі міндеттің орындалған кезі) болып табылады.
14. Кедендік әкету баждарын төлеу ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының екіжақты халықаралық шарттарында белгіленуі мүмкін.
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, егер осы Кодекстің 91, 194, 195, 196, 223, 257 және 387-баптарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, көрсетілген баптарда көзделген, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларда қамтамасыз етіледі.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, сондай-ақ мынадай:
1) уәкілетті экономикалық операторлар декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмай, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру;
2) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен алмастыру;
3) алып тасталды - ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның өтініші бойынша тауарларды орындарға уақытша сақтауға орналастыру;
5) осы Кодекстің 397-бабына сәйкес ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеу және (немесе) анық емес мәліметтерді қамту белгілерін анықтау жағдайларында да қамтамасыз етiледi.
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын кедендік баждарды, салықтарды төлеуші не осы Кодексте белгіленген жағдайларда өзге тұлға қамтамасыз етеді.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын төлеуші үшін экспедитор және (немесе) егер өзге тұлға өздеріне қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы қамтамасыз етілетін тауарларды иеленуге, пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқылы болса, осы өзге тұлға қамтамасыз етуі мүмкін.
Кеден өкілі, егер осы Кодекстің 494-бабына сәйкес кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын болса, сондай-ақ осы Кодекстің 195-бабының 3-тармағында және 196-бабының 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде, осы тарауға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге құқылы. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын кеден өкілі қамтамасыз еткен болса, осы Кодекске сәйкес көзделген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі осындай міндетті осы Кодекстің 494-бабы 5-тармағының ережелеріне қарамастан, кеден өкілі өзі атынан өкілдік ететін тұлғамен ынтымақты түрде орындайды.
4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, осы Кодекстің 226-бабында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органына беріледі.
5. Осы Кодекстің 410-бабының 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кезінде, кедендік баждарды, салықтарды, кедендік әкелу баждарының төленуін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есеп-қисабын кеден органы жүргізеді және ол осы Кодекстің 410-бабының 6-тармағына сәйкес декларантқа жіберіледі.
6. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету, тиісінше, осы Кодекстің 486 және 535-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы мынадай:
1) ақша;
2) банк кепілдігі;
3) кепілгерлік;
4) мүлік кепілі;
5) сақтандыру шарты тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен қамтамасыз етіледі.
3. Осы Кодекстің 535-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген бір немесе бірнеше тәсілмен беріледі.
4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың таңдауы бойынша бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ететін тұлға, егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуының алмастырылатын қамтамасыз етілуіне осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса және (немесе) кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талап жібермеген болса және (немесе) кепіл нысанасына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілін осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, басқа тәсілмен алмастыруды жүзеге асыруға құқылы.
5. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғанға дейін үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс.
6. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен берілетін, оның ішінде бұрын кеден органы қабылдағанның орнына ұсынылатын тәсілмен берілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі кеден органының кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз еткен тұлғаға осы тәсілдер шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау туралы талапты уақтылы жіберуі үшін жеткілікті болуға тиіс.
7. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі.
8. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын ақша арқылы қамтамасыз ету тәсілі деп аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебіне пайдалану және (немесе) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша енгізу түсініледі.
9. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын ақша арқылы қамтамасыз ету тәсілі осындай қамтамасыз етуді қабылдаған кеден органының алдында төлеушіде туындайтын міндеттемелерге ғана қолданылады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын мүлік кепілі түрінде қамтамасыз ету тәсілі төлеушімен мүлік кепілі шартын жасасқан кеден органының алдында төлеушіде туындайтын міндеттемелерге ғана қолданылады.
10. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану ерекшеліктері осы Кодекстің 226-бабының 8-тармағында көзделген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартпен айқындалуы мүмкін.
1. Ақша қамтамасыз ету сомасын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу жолымен не аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану жолымен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Ақшаны уақытша орналастыру шотын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық кеден органдарына ашады.
3. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шоты төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізуіне арналған. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
4. Ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану үшін төлеуші немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға кеден органына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.
Аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану кезінде өтінішке осы Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте осы Кодекстің 94-бабының 13-тармағында көрсетілген тиісті күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің енгізілгенін растау күні болып табылады.
Қамтамасыз ету сомасын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу жолымен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде өтінішке қамтамасыз ету сомасының көрсетілген шотқа енгізілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.
5. Кеден органы көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.
Кеден органы мынадай жағдайларда:
төленуі ақша енгізу арқылы қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы осы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, осы баптың 4-тармағының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген төлем құжатымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартады.
Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеген немесе осындай қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бұл туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
6. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде, кеден органы мынадай әрекеттердің бірін төлеушінің өтінішінсіз, даусыз тәртіппен жүзеге асырады:
кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізген жағдайда – кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуге жататын сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке аударады;
аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолданған жағдайда – кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімі өткен күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаны кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиісті түрлеріне есепке жатқызуды жүргізеді.
Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке аударылған және (немесе) аванстық төлемдерді пайдалану кезінде осындай ақша есепке жатқызылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушіні осындай аудару және (немесе) есепке жатқызу туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
1. Кеден органы екінші деңгейдегі банктер берген банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Банк кепілдігін қабылдау үшін төлеуші немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға кеден органына кепілші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігін қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.
Кеден органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай қамтамасыз етуді тіркеу арқылы банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе оны қабылдаудан бас тартады.
2. Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде:
1) берілген банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, банк кепілдігімен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
3) банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі осы Кодекстің 97-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген банк кепілдігін берген екінші деңгейдегі банк, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, бұрын кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.
Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеген немесе осындай қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бұл туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолданылатын банк кепілдігінде төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда қосымша есепке жазылуы мүмкін, кемінде жеті жұмыс күні үшін өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздар сомасы қамтылуға тиіс.
4. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы банк кепілдігімен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талап жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есепке жазылады.
5. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктің бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. Екінші деңгейдегі банк көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
1. Кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Кепілгерлік шартын қабылдау үшін төлеуші немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға кеден органына осындай кепілгерлік шартын, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын осы баптың 2-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.
Кеден органы көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай қамтамасыз етуді тіркеу арқылы кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе оны қабылдаудан бас тартады.
2. Кепілгер ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар әрекет ете алады.
Кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын мынадай:
1) қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу және (немесе) аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану;
2) банк кепілдігі;
3) мүлік кепілі;
4) сақтандыру шарты тәсілдерінің бірімен қамтамасыз етуге тиіс.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасында төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда қосымша есепке жазылуы мүмкін, кемінде он жұмыс күні үшін өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздар сомасы қамтылуға тиіс.
3. Кепілгер кеден органының алдында өсімпұлдарды, кедендік әкелу баждарының төленуін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздарды төлеуді қоса алғанда, төлеушімен бірдей көлемде жауапты болады.
4. Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде:
1) ұсынылған кепілгерлік шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмесе;
2) кепілгерлік шартына ұсынылған банк кепілдігін қабылдаудан бас тарту үшін осы Кодекстің 99-бабының 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
3) кепілгерлік шартына ұсынылған мүлік кепілі шарты осы Кодекстің 101-бабының 3-тармағында белгіленген мүлік кепілі шартын жасасу талаптарына сәйкес келмесе;
4) кепілгерлік шартына ұсынылған сақтандыру шартын қабылдаудан бас тарту үшін осы Кодекстің 102-бабының 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
5) кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етпесе;
6) төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
7) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса, кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.
Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеген немесе осындай қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бұл туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
5. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілген міндеттің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кепілгерге кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талап жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есепке жазылады.
6. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу жөніндегі талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кепілгердің бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.
7. Кепілгер кеден органының талабын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
1. Кеден органы мүлік кепілі шарты негізіндегі мүлік кепілін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Мүлік кепілі шартын жасасу үшін төлеуші немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға кеден органына бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.
2. Мүлік кепілі шарты төлеуші және (немесе) үшінші тұлға және осы Кодекстің 105-бабының 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген кеден органы арасында жасалады.
Мүлік кепілі шарты төлеуші мүлік кепілі шартын жасасу туралы жазбаша жүгінген күннен бастап он жұмыс күн ішінде жасалады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл нысанасының нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болып табылады.
Бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі төлеуші кеден органына мүлік кепілі шартын жасасу туралы жазбаша жолданым берген күнге дейін күнтізбелік он бес күннен ерте жасалмауға тиіс.
3. Мүлік кепілі шарты мынадай:
1) мүлік кепілі шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
2) кепілге берілетін мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуға тиіс;
3) мүлік кепілі шарты осы Кодекстің 97-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
4) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылды деген шарттар бір мезгілде сақталған кезде жасалады.
Бұл ретте мүлік кепілі нысанасының нарықтық құны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, қосымша есепке жазылуы мүмкін кемінде он жұмыс күн үшін өсімпұлдар және (немесе) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздар, сондай-ақ мүлік кепілінің нысанасын өткізу жөніндегі шығыстар сомасының мөлшерінен кем бола алмайды.
4. Мыналарды:
1) тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн;
2) тыйым салынған мүлікті;
3) мемлекеттік органдар шектеу салған мүлікті;
4) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлікті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан алып қойылған мүлікті;
6) электр, жылу энергиясын және өзге де энергия түрлерін;
7) тез бүлінетін тауарларды;
8) мүліктік құқықтарды;
9) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлікті қоспағанда, кез-келген мүлік кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл нысанасы бола алады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген шарттар сақталмаған кезде кеден органы мүлік кепілі шартын жасасуға өтініш кеден органына берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мүлік кепілі шартын жасасудан бас тартады.
Кеден органы, осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны мүлік кепілі шартын жасасудан бас тарту туралы хабардар етеді.
6. Кепілге салу кезінде, егер кеден органы өзгеше шешім қабылдамаса, кепіл нысанасы кепіл берушіде қалады.
Төлеуші мүлік кепілі шартымен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындағанша және (немесе) өсімпұлдар, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, олар төленгенше кепіл беруші кепіл нысанасына билік етуге құқылы емес.
7. Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Кеден органы кепіл ресімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартын тіркейді.
9. Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бұл туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
10. Кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден органы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген сақтандыру шарты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін, кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалады. Бұл ретте көрсетілген үлгілік сақтандыру шарты осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, арнаулы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды да қамтиды.
Төлеушінің немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаның кедендік операциялар жасау кезінде өзінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін осы Кодексте белгіленген мерзімде орындауға байланысты мүліктік мүддесі кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартының объектісі болып табылады.
Төлеушінің немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаның кедендік операциялар жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін осы Кодексте белгіленген мерзімде орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.
Сақтандыру шартын қабылдау үшін төлеуші немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға кеден органына сақтандыру шартын қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.
Кеден органы көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай қамтамасыз етуді тіркеу арқылы сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе оны қабылдаудан бас тартады.
2. Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде:
1) сақтандыру шартын берген сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілмесе;
2) ұсынылған сақтандыру шарты кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе;
3) төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
4) сақтандыру шарты осы Кодекстің 97-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
5) сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолданылатын сақтандыру шартында төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда қосымша есепке жазылуы мүмкін, кемінде жеті жұмыс күні үшін өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздар сомасы қамтылуға тиіс.
Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеген немесе осындай қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бұл туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
4. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы сақтандыру шартымен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдар, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талап жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есепке жазылады.
5. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Егер сол бір тұлға белгілі бір уақыт кезеңінде бірнеше кедендік операция жасаған жағдайда, осындай барлық кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердіңорындалуын қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше тәсілмен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттіңорындалуын бас қамтамасыз ету берілуі мүмкін.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету, егер:
1) барлық кедендік операция Қазақстан Республикасының аумағында жасалса;
2) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бірнеше мемлекеттің аумағында жасалса, қолданылуы мүмкін.
3. Кеден органдары, егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кез-келген кеден органы төленуі жөніндегі міндеттің орындалуы осындай бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін кедендік баждарды, салықтарды осындай бас қамтамасыз ету есебінен өндіріп алуы мүмкін болса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қабылдайды.
4. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органдары осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсіліне сәйкес келетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қабылдайды.
5. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді осы Кодекстің 96-бабында белгіленген жағдайларда туындайтын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бір немесе бірнеше міндеттеме бойынша береді.
Кеден органдары көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуынбас қамтамасыз етуді төлеушінің өтінішінде айқындалған мерзімге қабылдайды. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуынбас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезең ішінде туындайтын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді төлеушінің орындау мерзімдерінен асуға тиіс.
6. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
7. Төленуі жөніндегі міндеттің орындалуы осындай бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың жиынтық мөлшері тіркелген бас қамтамасыз ету мөлшерінен осындай бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін кедендік операциялардың соңғысы жасалған күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша екі жүз еуроға баламалы сомаға асып кетуі мүмкін.
8. Егер кедендік операциялар тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бірнеше мемлекеттің аумағында жасалған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі осы Кодекстің 226 және 227-баптарына сәйкес айқындалады.
1. Осы Кодекстің осы бабына, 226-бабына және 370-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы өзге мөлшерде қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді немесе кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолданбай, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы негізге алына отырып айқындалады.
2. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде тауарлар (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл ақпараттың болмауына байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуге жататын сомасын дәлме-дәл айқындау мүмкін болмаса, кедендік баждардың, салықтардың мұндай сомасы тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай көріністегі физикалық сипаттамалары (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары), пайдаланылу тәртібін Комиссия айқындайтын қолда бар мәліметтердің негізінде айқындала алатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің ең үлкен шамасы негізге алына отырып айқындалады,
3. Осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, осы баптың 2 және 4-тармақтары ескеріле отырып, кедендік бақылау, кедендік сараптама нәтижелері бойынша қосымша төленуге жатуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.
4. Осы Кодекстің 195-бабында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау үшін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізген жағдайда, атап айтқанда:
1) кеден органының қолында бар, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың құны туралы ақпарат;
2) егер кеден органының олардың негізділігіне күмәні болса, тауарлардың мәлімделген шегерімдер мен арзандатулар ескерілмеген кедендік құны;
3) егер кеден органының мәлімделген қосымша есепке жазулардың негізділігіне күмәні болса, тауарлардың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазудың ықтимал шамасы ескерілген кедендік құны пайдаланылуы мүмкін.
5. Осы Кодекстің 194-бабы 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарудың шарты болып табылған жағдайда, осындай қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде кедендік баждардың, салықтардың сомасы тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініште және осы баптың 1 және 2-тармақтары ескеріле отырып, осы өтінішпен бірге ұсынылатын құжаттарда қамтылған мәліметтер негізге алына отырып айқындалады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері өзіне негізделе отырып айқындалатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын айқындау үшін тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш тіркелген күні қолданыста болатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік баждардың, салықтардың көрсетілген сомасын айқындау үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш тіркелген күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
1. Кедендік баждардың, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу төлеушінің немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған өзге тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауын бақылауды жүзеге асыратын кеден органында жүргізіледі.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді тіркеу кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді талап ететін кедендік операциялар жүзеге асырылатын кеден органдарының бірінде жүргізіледі.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді тіркеу осы тарауда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің тиісті тәсілін тіркеу үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілген қамтамасыз етуді тіркеу осы тарауда тіркеудің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген тиісті тәсілді тіркеу үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
3. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 195-бабында көзделген жағдайда берілсе, мұндай қамтамасыз етуді тіркеу осы Кодекстің 193-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімдерінде жүргізіледі.
4. Кеден органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
1. Аванстық төлемдерді, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомасын есепке алуды кеден органы төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын төлеу жөніндегі міндетті орындау нәтижесінде есептелген, есепке жазылған, төленген (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды есепке алғанда) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы көрсетілетін, электрондық түрдегі құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.
3. Төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Төлеушінің жеке шоты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
5. Мыналар:
1) төлеуші тауарларға арналған декларацияда немесе өзге кедендік құжатта;
2) осы Кодекстің 83 және 399-баптарында белгіленген жағдайларда, кеден органы айқындаған кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, оның ішінде кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар сомасының ұлғайтылуын немесе азайтылуын қамтитын сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың есептелген сомасы болып табылады.
6. Кеден органы есептеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, оның ішінде кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар сомасының ұлғайтылуын немесе азайтылуын қамтитын сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есепке жазылған сомасы болып табылады.
1) алып тасталды - ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) алып тасталды - ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) алып тасталды - ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) алып тасталды - ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Төлеушінің жеке шотындағы кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.
8. Кеден органы төлеушінің өтініші бойынша осындай өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде төлеушінің жеке шотынан кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша немесе кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың белгілі бір түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірме береді.
Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар ретінде төленген немесе өндіріп алынған, нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың нақты түрлері және сомалары ретінде сәйкестендірілген және мөлшері осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың мөлшерінен асатын ақша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары болып табылады.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды (қайтаруды) (қайтаруға жатпайтын кедендік алымдарды қоспағанда) кеден органы кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізеді.
3. Мыналар:
1) заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан бөлек, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасы басқа төлеушінің кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар және пайыздар бойынша берешегін өтеу есебінен есепке жатқызылуға;
2) кедендік алымның төленген сомасы қайтарылуға жатпайды.
4. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 112-бабына сәйкес жүргізіледі.
5. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
1. Кедендік баждардың, салықтардың сомаларын есепке жатқызу (қайтару) мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждардың, салықтардың сомалары осы Кодекстің 108-бабына сәйкес артық төленген немесе артық өндіріп алынған, осы Кодекстің 112-бабына сәйкес қате төленген болып табылғанда;
2) Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалған шоттарға төленген кедендік әкелу бажының сомалары нақты тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомалары ретінде сәйкестендірілмегенде;
3) бюджетке төленген кедендік әкету баждарының, салықтардың сомалары нақты тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының, салықтардың сомалары ретінде сәйкестендірілмегенде;
4) кедендік әкелу баждары, салықтар уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылған кезеңде төленген жағдайды қоспағанда, егер осы тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
5) егер кедендік декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
6) егер кедендік декларацияны тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, кедендік декларация осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кері қайтарылып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күші жойылғанда;
7) осы Кодекстің 318 және 323-баптарында көзделген жағдайларда;
8) осы Кодекстің 189-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік декларациялау ерекшеліктерін қолдана отырып, осы Кодексте көзделген жағдайларда;
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Егер кедендік алымдардың сомалары осы Кодекстің 108-бабына сәйкес артық төленген немесе артық өндіріп алынған, осы Кодекстің 112-бабына сәйкес қате төленген болып табылса, кедендік алымдардың сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады.
2. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге белгіленген тәртіппен өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не кедендік кіріс ордеріндегі немесе Комиссия осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес айқындаған өзге де кедендік құжаттағы немесе осы Кодекстің 83-бабының 4-тармағында және 360-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген кедендік құжаттардағы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың есептелген сомалары туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен түзетілген жағдайда және осы тарауда белгіленген өзге де шарттар сақталған кезде кеден органы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың төленген және (немесе) өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) кедендік баждардың, салықтардың төленген және (немесе) өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы кеден органына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен расталған кезде және кедендік баждарды, салықтарды есепке жатқызу (қайтару) үшін осы тарауда белгіленген өзге де шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) Одақ туралы шарттың ережелері ескеріле отырып, – осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, ал осы Кодексте және Одақ туралы шартта реттелмеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кедендік әкету баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару), егер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе – осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, ал осы Кодексте, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелмеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Салықтардың сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, ал осы Кодексте реттелмеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Аванстық төлемдердің, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің, сондай-ақ өзге де ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
8. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шоттарына есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 114-бабына сәйкес жүргізіледі.
9. Төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеті, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегі болған кезде кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, ақшаның осындай сомаларын көрсетілген міндетті, берешекті орындау есебіне есепке жатқызуды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша, сондай-ақ осындай орындалмаған міндет мөлшеріндегі, сондай-ақ осындай берешек мөлшеріндегі өзге де ақша сомаларын есепке жатқызу жүзеге асырылмайды.
Белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндет, сондай-ақ белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөнінде міндет мөлшеріндегі кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек, сондай-ақ кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болған кезде кедендік әкелу баждарының, салықтардың, аванстық төлемдердің төленген сомаларын қайтару жүзеге асырылмайды.
1. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды кеден органы белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндет, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болмаған кезде осы Кодекстің 109-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, төлеушінің өтініші негізінде жүргізеді.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару төлеушінің өтініші кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
3. Кеден органы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде, кеден органы өсімпұлдарды төлеушінің пайдасына есепке жазады. Өсімпұлдар осындай қайтаруды жүргізу күнін қоса алғанда, қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алудың әрбір күнінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
Есепке жазылған өсімпұлдардың сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдер есебінен қайтару жүргізілген күні төлеушінің өтініште көрсетілген банктік шотына аударылуға жатады.
Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану кезінде оларды алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аударуды, сондай-ақ аванстық төлемдерді есепке жатқызуды (қайтаруды) кеден органы:
1) орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшамен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалған, тоқтатылған не туындамаған;
2) өсімпұлдар, осындай пайыздар есепке жазылған жағдайда, пайыздар бюджетке төленген;
3) осындай алмастыру кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі басталғанға дейін жүргізілген және (немесе) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету аванстық төлемдердің орнына басқа тәсілмен берілген жағдайларда жүзеге асырады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 89-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеті, мерзімінде төленбеген өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша берешегі болған кезде көрсетілген сомаларды көрсетілген міндетті, берешекті орындау есебіне есепке жатқызуды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын осындай орындалмаған міндет мөлшерінде, сондай-ақ осындай берешек мөлшерінде есепке жатқызу жүзеге асырылмайды.
1. Ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланған кезде оларды алдағы кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аударуды, сондай-ақ ақшаны уақытша орналастыру шотынан көрсетілген ақшаны қайтаруды кеден органы:
1) орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшамен қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалған, тоқтатылған не туындамаған;
2) өсімпұлдар, пайыздар бюджетке төленген;
3) ақшаның орнына осындай алмастыру кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі басталғанға дейін жүргізілген және (немесе) пайыздарды төлеу мерзімі кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін осындай пайыздар есепке жазылған жағдайда басталмаған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету басқа тәсілмен берілген жағдайларда жүзеге асырады.
2. Ақшаны алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аудару және (немесе) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлеушінің банктік шотына қайтару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, осы Кодекстің 89-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеті, мерзімінде төленбеген өсімпұлдары, пайыздары, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын,өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегі болған кезде ақшаны алдағы кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне бюджетке аудару және (немесе) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан төлеушінің банктік шотына қайтару көрсетілген сомаларды көрсетілген міндеттерді, берешекті орындау есебіне есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтару кезінде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомалар индекстелмейді, банктік қызметтер көрсету бойынша тарифтерді кеден органы аударылатын қаражаттың есебінен төлейді.
4. Төлеушінің қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтаруға немесе мұндай соманы алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу шотына аударуға арналған өтініші болмаған жағдайда, кеден органы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеті, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегі болмаған;
осы Кодекстің 89-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі аяқталған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке аударады.
1. Кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шаралар, егер осы Кодексте және (немесе) Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, төлеушінің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі есебінен, оның ішінде кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген сомалары және (немесе) аванстық төлемдердің сомалары есебінен, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету, уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.
2. Кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін төлеушіге, оның ішінде ынтымақты міндетті болатын тұлғаға осы Кодекстің 117-бабында айқындалған тәртіппен кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шараларға:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті осы тарауда көзделген тәртіппен кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомалары есебінен, аванстық төлемдердің сомалары есебінен, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу;
2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:
кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына өсімпұлды есепке жазу;
төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
3) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мынадай тәртіппен:
төлеушінің банктік шоттарындағы ақша есебінен;
төлеушінің дебиторларының шоттарынан;
төлеушінің билік етілуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жатады.
4. Кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберген,осы Кодекстің 117-бабының 1-тармағында, 126-бабының 1-тармағында, 127-бабының 2 және 5-тармақтарында көзделген құжаттарды пошта операторы төлеушінің тұрған жерінде болмауы себепті қайтарған жағдайда, кеден органы төлеушінің тұрған жері бойынша зерттеп-қарау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады.
5. Зерттеп-қарау актісінде:
оның жасалу орны, күні және уақыты;
кеден органының актіні жасаған лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжатының атауы және нөмірі, тұрғылықты жері;
төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, тұрғылықты жері немесе тұрғаны жері, сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді.
Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
6. Егер зерттеп-қарау актісінде төлеушінің тұрған жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, акт жасалған күн осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар табыс етілген күн болып табылады.
7. Осы Кодекстің 127-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында және 3) тармақшасында көзделген әрекеттер тізбекті түрде қолданылады.
8. Дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік баждар мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
9. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген шара жүзеге асырылады.
Берешек өтелмеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан берешекті өндіріп алуды атқарушылық іс жүргізу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
10. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі шаралар:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу үшін осы Кодексте көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі өткен;
2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау кедендік баждарды, салықтарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;
3) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуге байланысты не осы Кодекстің 136-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;
4) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті осындай берешектің, өсімпұлдардың, пайыздардың өндіріп алынуы мүмкін болмауына байланысты өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;
5) кедендік әкелу баждарына, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына қатысты Комиссия айқындаған өзге де жағдайларда;
6) кедендік әкелу баждарына, салықтарға қатысты осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда;
7) қылмыстық құқық бұзұшылықтар туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған, өздеріне қатысты өздерін қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты, осындай тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты осы Кодекстің 159-бабының 4-тармағында көрсетілген шешімдердің біреуі күшіне енетін күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастырған немесе оларды кедендік рәсімдердің бірімен орналастырған күнге дейінгі мерзім ішінде қабылданбайды.
1. Кеден органының төлеушіге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу қажеттігі туралы қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісуі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабарламасы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама деп танылады.
Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу туралы хабарлама төлеушіге:
1) тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;
2) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес жіберілген, кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;
4) төлеушіге осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
3. Декларанттың және кеден өкілінің осы Кодекстің 86 және 137-баптарында көзделгендей кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі ынтымақты міндеті болған кезде, бұл туралы осы хабарламаларда көрсете отырып, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама декларантқа және кеден өкіліне жіберіледі.
4. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеушіге оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан, жіберіледі.
5. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылданғанға дейін жіберіледі.
6. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламада:
1) төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, төлеушінің тұрғылықты жері немесе тұрған жері;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның күні;
5) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасы;
6) хабарлама ұсынылған күнгі өсімпұлдар, пайыздар сомасы;
7) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу туралы талап;
8) хабарламаны жіберу үшін негіз;
9) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлдарды, пайыздарды есептеу тәртібі;
10) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.
7. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тіркелген күннен бастап осындай берешек өтелген күнді қоса алғанда соған дейінгі кезең үшін есепке жазылуға жататын өсімпұлдарды есепке алмай, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті өтеген кезде, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы бұрын ұсынылған хабарламаға толықтыру жібереді.
8. Төлеуші және осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша төлеушімен ынтымақты міндет атқаратын тұлға кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға осы Кодекстің 21-бабына сәйкес уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға(даулауға) құқылы.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кедендік төлемдер, салықтар арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеушiнің жеке өзіне қолын қойғыза отырып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етілуге тиіс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда төлеушіге табыс етілген болып саналады:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде – төлеушi пошта операторының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – веб-қосымшадағы хабарлама жеткізілген күннен бастап. Көрсетілген тәсiл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген төлеушiге қолданылады.
2. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 116-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай хабарлама табыс етілген күн болып табылады.
3. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген шараларды жүзеге асыруды тоқтата тұрмайды.
1. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу орны бойынша кеден органы өндіріп алады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты, тауарларды анық емес кедендік декларациялай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізуді қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды аумағында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы осындай заңсыз өткізу фактісі анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы өндіріп алады.
Осы Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында және 371-бабының 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде кедендік баждарды, салықтарды аумағында осындай мән-жайлар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы өндіріп алады.
2. Осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде және 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды, егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 3-тармағына сәйкес өзінде кедендік баждар, салықтар төленуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы өндіріп алады.
3. Егер тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілсе, онда осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында және 392-бабының 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өзіне кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Егер тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде уәкілетті экономикалық оператор немесе кедендік тасымалдаушы осындай тауарлардың декларанты болып әрекет етсе, онда осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында және 392-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өзінде кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып әрекет ететін тұлға уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне не кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген кеден органы өндіріп алады.
4. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы бапқа сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы өндіріп алады.
Егер тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілсе, онда осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өзінің кеден органына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өзінің кеден органына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын кеден органы, егер орындалуы қамтамасыз етілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалса, осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Егер тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалу (тасу) кезінде уәкілетті экономикалық оператор немесе кедендік тасымалдаушы осындай тауарлардың декларанты болып әрекет етсе, онда осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып әрекет ететін тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне не кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын кеден органы өндіріп алады.
Кеден органдарының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес өндіріп алу және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының өндіріп алынған сомаларын өзінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке аудару кезіндегі өзара іс-қимылы – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне № 1 қосымшада көзделген тәртіппен, ал көрсетілген қосымшада реттелмеген бөлігінде Комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кеден органдарының осы баптың 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу және кедендік баждардың, салықтардың өндіріп алынған сомаларын өзінде кедендік баждар, салықтар төленуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке аудару кезіндегі өзара іс-қимылы – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген тәртіппен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде реттелмеген бөлігінде Комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
1. Кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама төлеушіге табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні өткен соң көрсетілген берешекті төлеушінің аванстық төлемдерінің, кедендік төлемдердің, салықтардың тиісті түрлері бойынша кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Бұл ретте кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті кеден органы осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуды жүргізу жолымен кедендік төлемнің және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен өндіріп алады.
2. Осы бапқа сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасы туралы кеден органы олар өндіріп алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.
1. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек, өсімпұлдар, пайыздар өтелмеген жағдайда – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде;
2) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда – осы Кодекстің 417-бабының 3-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
3) осы Кодекстің 420-бабының 3-тармағында көзделген, тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруден бас тарту жағдайларынан басқа, осы Кодекстің 420-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруінен негізсіз бас тартылған жағдайда – лауазымды адамдардың кіруінен бас тарту туралы хаттама жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
4) төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауына байланысты, пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген: бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны, тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаны қайтарған жағдайда – қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару арқылы жүргізіледі.
2. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:
1) төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өз бетінше өтеуі жөніндегі операциялардан;
2) ақшаны:
адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаның үшінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына, ал осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың көрсетілген сомалары шегінде қолданылады.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдардың тыйым салуды қолдануы туралы шешімдерінің негізінде тыйым салу қолданылған ақша сомасына қолданылмайды.
3. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекіткен нысанда шығарылады және оны банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күннен бастап күшіне енеді.
Кеден органы мұндай өкімді банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Кеден органының төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.
4. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады.
5. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін осындай өкімді шығарған кеден органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткен соң төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, кейіннен кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiлерiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі.
2. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай өкім табыс етілген күн болып табылады.
3. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің бұлжытпай орындауына жатады.
4. Төлеуші осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органы кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
1. Мынадай:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген;
2) төлеушіге тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, кеден органы шектеуді тексеру нәтижелері туралы хабарлама төлеушіге табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
2. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасына шығарады.
3. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі, сондай-ақ осы төлеушінің балансында тұрған мүлікке қатысты шығарылады.
Мыналар:
тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат билік етілуін шектеуге жатпайды.
Төлеушінің билік етілуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген мүлкін лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін кеден органының алып қоюына тыйым салынады.
Төлеушінің:
кеден органы мүлікке билік етуге шектеу қойған күннен бастап және оныңкүшін жойғанға дейін шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілге қою) өзгертуіне;
төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап және оның күші жойылғанға дейін, қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, жалға берілген мүлікке меншік құқығын жалға алушы мен кепіл ұстаушыға беруіне тыйым салынады.
4. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім өзіне құқықтар немесе өзі бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім төлеушіге табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтар ауыртпалығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына жібереді.
Кеден органы мұндай шешімді Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң кеден органы төлеушіге мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, төлеушінің қатысуымен, уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша мүлікті тізімдеу актісін жасау арқылы, билік етілуі шектелген мүлікке тізімдеу жүргізеді.
Төлеушінің меншік құқығында өзіне құқықтар немесе өзі бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге жататын мүлкі не мемлекеттік тіркелуге жататын мүлкі бар болған кезде, бірінше кезекте, осындай мүлік тізімдеуге ұшырайды.
Билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу төлеушінің бухгалтерлік есепке алу деректерінің немесе нарықтық құнының негізінде айқындалатын мүлікті тізімдеу актісінде көрсетілген баланстық құн көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
6. Төлеуші билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісін жасау кезінде осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, бухгалтерлік теңгерімді растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін кеден органының лауазымды адамдарына танысу үшін ұсынуға міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісіне қоса беріледі.
Төлеуші осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімді шығарған кеден органы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына осындай төлеушінің меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығында осы баптың 4-тармағында көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының осы тармақта көрсетілген сұрау салуға жауаптарының көшірмелері билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісіне қоса беріледі.
Билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ төлеуші және (немесе) оның лауазымды адамы қол қояды. Бұл ретте осындай актінің бір данасы осы баптың 9-тармағында белгіленген тәртіппен төлеушіге табыс етіледі.
7. Төлеуші билік етілуі шектелген мүліктің шектелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып тасталғанға дейін оның табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді және (немесе) қалыпты сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте төлеуші көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Осы талаптарды сақтамаған кезде төлеуші билік етілуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша іс жүзінде шегілген шығындарды аукционды ұйымдастырушыға өтеуге міндетті.
8. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген және билік етілуі шектелген мүлік екі аукцион өткізілгеннен кейін өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ мүлік шығып қалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кеден органы бастапқы тізімдеу актісінің күшін жою және мүлікті тізімдеудің жаңа актісі жасалған күнге төлеушінің жеке шотында бар кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасы туралы деректерді ескере отырып, мүлікті тізімдеудің жаңа актісін жасау арқылы төлеушінің басқа мүлкін тізімдеуге ұшыратуға, сонымен бір мезгілде бастапқы жасалған тізімдеу актісін кері қайтарып алуға құқылы.
9. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлікті тізімдеу актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы табыс етеді.
10. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлікті тізімдеу актісін пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай шешім және (немесе) акті табыс етілген күн болып табылады
11. Кеден органы мынадай:
1) төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің сомаларын өтеген жағдайда – осындай берешекті, өсімпұлды, пайыздарды өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын төлеушінің шағымын қараған уәкілетті орган шешім шығарған немесе сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлікті тізімдеу актісінің күшін жояды.
12. Кеден органы осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдарға:
1) мүлікті тізімдеу актісі жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай актінің көшірмелерін қоса бере отырып – тізімдеу актісінде көрсетілмеген;
2) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешімнің көшірмелерін қоса бере отырып – осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларда күші жойылған билік етуді шектеу туралы шешімді;
3) сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шарттың көшірмелерін қоса бере отырып – уәкілетті заңды тұлға, оның ішінде салықтық берешек есебіне өткізілген;
4) сот орындаушысы кеден органына жүгінген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мүліктің өткізілгенін және түскен соманың бөлінгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) көзделген мүлікке өндіріп алуды қолдану кезектілігі және Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген мүлікті өткізуден түскен ақшаны бөлу тәртібі сақталған жағдайда, – сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен атқарушылық iс жүргiзу органдары өткізген мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда хабар жібереді.
1. Төлеушiнің банктік шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақша болмаған жағдайда, кеден органының төлеушi алдында берешегi бар үшiншi тұлғалардың (бұдан әрi – дебиторлардың) банктік шоттарындағы ақшаға кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша құралған берешек шегiнде өндіріп алуды қолдануға құқығы бар.
Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберген кеден органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және бар болса, дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін ұсынуға мiндеттi.
Төлеушi кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеген жағдайда дебиторлардың тiзiмi немесе өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілері ұсынылмайды.
Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілері бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң дебиторлардың банктік шоттарына кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу туралы инкассолық өкімдер шығарады.
Төлеушi дебиторлар тiзiмiн не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді және (немесе) өзара есеп айырысулар актілерін ұсынбаған жағдайда кеден органы көрсетілген төлеушiге тексеру жүргiзедi. Бұл ретте кеден органы сотта дау айтылып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.
2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң негiзiнде кеден органы дебиторларға олардың банктік шоттарындағы ақшаға дебиторлық берешек шегiнде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу есебіне өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама жiбередi. Дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген кеден органына хабарлама алған күнге төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн ұсынуға мiндеттi.
3. Төлеушi мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиіс:
1) төлеушінің және оның дебиторының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, төлеушінің және оның дебиторының тұрғылықты жері немесе тұрған жері, олардың сәйкестендіру нөмірлері;
2) төлеушi мен оның орналасқан жері бойынша тiркеу есебiнде тұрған дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;
3) төлеушi мен оның дебиторының банктік шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың төлеушi алдындағы берешек сомасы;
5) төлеушiнің және оның дебиторының мөрi (бар болған кезде), сондай-ақ қолтаңбалары;
6) салыстырып-тексеру актiсiнiң жасалған күнi.
4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің негізінде кеден органы дебитордың банктік шотына төлеушiнің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегін өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.
5. Төлеушiнің – дебитордың банкi немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы кеден органы шығарған осы Кодекстiң 129-бабында айқындалған талаптарға сәйкес төлеушiнің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.
1. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 5-тармағына, осы Кодекстің 157, 163, 174, 216, 217, 233, 242, 254, 278, 288, 297, 306, 322, 328, 362, 367 және 378-баптарына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындаған және Комиссия көздеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мән-жайлар басталған кезде туындайды.
2. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет:
1) осы Кодекстің 157, 163, 174, 216, 217, 233, 242, 254, 278, 288, 297, 306, 322, 328, 362, 367 және 378-баптарында көзделген мән-жайлар басталған және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуына байланысты шарттар сақталған кезде;
2) осы баптың 5-тармағына сәйкес;
3) осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия айқындаған және және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мән-жайлар басталған кезде;
4) осы Кодекстің 137-бабының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда;
5) осы Кодекске сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасына қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алу жөніндегі шаралар осы Кодекстің 116-бабының 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қабылданбайтын жағдайда тоқтатылады.
3. Комиссия сол бір тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда, әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайларда, оның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте туындаған, ал арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекетте туындаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталуын растау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.
4. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары:
1) өзімен орналастыру шарттары осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін және осы тауарлардың осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуді көздемейтін кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға;
2) осы Кодексте осы тауарлар санаттары үшін белгіленген олардың пайдаланылу шарттары сақталған кезде осы Кодекстің 355-бабының 4-тармағына және 364-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатпайтын жекелеген тауарлар санаттарына қатысты төленбейді.
5. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 88-бабында кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуы мен орындалуы үшін белгіленген мән-жайлар басталған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, туындайды, тоқтатылады және орындалуға жатады.
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай мөлшерде төленуге жатады.
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес есептеледі.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер ол күн анықталмаса – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күнге қолданыста болатын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күнге қолданыста болатын, ал егер бұл күн анықталмаса – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған күнге қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар туралы (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) дәл мәліметтер болмаса, төленуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды он таңбадан аз санда топтау деңгейінде айқындалса, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең көбі қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауар сыныптамасы он таңба деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының дәл сол кодының тауарларына не егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары таңбаларының саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған топтауға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең көбі негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы дәл мәліметтер анықталған кезде, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай дәл мәліметтер негізге алына отырып есептеледі және осы Кодекстің 141-бабына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87-бабына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
6. Тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған, кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен, уақытша сақтауға орналастырған, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін тауарлар кедендік рәсімдермен орналастырған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатады.
7. Осы баптың 5-тармағының ережелері тауарларды анық емес кедендік декларациялай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде қолданылмайды.
Тауарларды анық емес кедендік декларациялай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекске сәйкес есептеледі. Бұл ретте тауарларды кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары қайтадан төленбейді (өндіріп алынбайды), ал арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары осы Кодекске сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатады.
1. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуші осы Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушімен бірге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын тұлғалар орындайды.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті үшінші тұлға осы Кодекстің 94-бабының 11-тармағында белгіленген тәртіппен орындауы мүмкін.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 494-бабын ескере отырып, кеден өкілі орындайды.
2. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті оларды осы Кодекстің 138-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, осы Кодекске сәйкес есептелген және төленуге жататын сомалар мөлшерінде төлеу арқылы орындалады.
3. Осы Кодекстің 194-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау осы Кодекстің 10-тарауында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілетін жағдайда, кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге еркін нысанда арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімінің басталатыны туралы хабарлама жібереді.
Осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген жағдайда, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодекстің 10-тарауында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілетін өзге де жағдайларда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау мерзімі өткен соң кеден органы осы Кодекстің 10-тарауында белгіленген тәртіппен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының тиесілі сомаларын төлеу туралы талап жібереді.
4. Мынадай:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген;
2) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодекстің 10-тарауында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілген жағдайларды қоспағанда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда, кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталғанға дейін он жұмыс күні ішінде төлеушіге және осы Кодекске сәйкес төлеушімен бірге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын тұлғаларға арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама жібереді.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте төленуге жататын, ал арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алуды осы Кодекстің 119-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын жағдайларда көрсетілген хабарламаны арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алуға қажетті құжаттарды алғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне № 1 қосымшада көзделген тәртіппен жібереді.
5. Өсімпұлды есепке жазу осы Кодекстің 124-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
6. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарлама ол табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуға жатады. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның нысанын осы Кодекстің 86-бабы 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.
Көрсетілген хабарламаны табыс ету тәртібі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
7. Төлеуші белгіленген мерзімде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар сомалары туралы хабарламада көрсетілген талаптарды белгіленген мерзімде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар сомалары туралы осындай хабарлама тіркелген күннен бастап осындай талаптарды орындау күнін қоса алғанға дейінгі кезеңде есепке жазылуға жататын өсімпұлдарды төлеместен орындаған кезде, кеден органы белгіленген мерзімде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомалары туралы бұрын шығарылған хабарламаға толықтыру жібереді.
8. Белгіленген мерзімде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомалары туралы хабарламада көрсетілген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар сомасының өзгеруіне алып келген негізделген фактілер анықталған жағдайда, кеден органы белгіленген мерзімде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомалары туралы жаңа хабарлама жібереді, сонымен бір мезгілде белгіленген мерзімде төленбеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомалары туралы бастапқы жіберілген хабарламаны кері қайтарып алады.
9. Кеден органы мынадай:
1) тауарлар шығарылғаннан кейін, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көзделген электрондық құжат жіберілгеннен не тиісті белгілер қойылғаннан кейін тауарларға арналған бір декларацияда есептелген кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын жиынтықтап алғанда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюталар бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде төлемеу фактісі анықталған;
2) осы Кодекстің 83-бабының 4-тармағында көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бір есеп-қисабында есептелген кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын жиынтықтап алғанда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюталар бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде төлемеу фактісі анықталған жағдайларда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жібермейді.
10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.
11. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
12. Комиссия сол бір тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайларда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалу ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
1. Осы баптың 3-тармағында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеудің өзге мерзімі белгіленген жағдайды қоспағанда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдері осы Кодекстің 157, 163, 174, 216, 217, 233, 242, 254, 278, 288, 297, 306, 322, 328, 362, 367 және 378-баптарына, осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалады.
2. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 88-бабында кедендік әкелу баждарын төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленуге жатады.
Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдерін осы Кодекстің 337-бабына сәйкес – Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (Одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 104 және 169-тармақтарына сәйкес демпингке қарсы немесе өтемақы баждарын қолдану кезінде демпингке қарсы, өтемақы баждары Комиссияның демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.
4. Кедендік декларациялану ерекшеліктері осы Кодекстің 189-бабына сәйкес осы Кодексте белгіленген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 189-бабының 8-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленуге жатады.
5. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдерін кейінгі қалдыру немесе бөліп төлеу нысанында өзгерту жүргізілмейді.
6. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодексте белгіленген мерзімде орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, өсімпұлдар төленеді.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша өсімпұлдарды төлеу, өндіріп алу мен есепке жатқызу (қайтарып алу) осы Кодексте кедендік әкелу баждары бойынша өсімпұлдарды төлеу, өндіріп алу мен есепке жатқызу (қайтарып алу) үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Осы Кодекстің 136-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіппен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлар басталғанын растауды алған жағдайда өсімпұлдар төленбейді.
7. Егер Одақ туралы шартта өзгеше белгіленбесе, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
8. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Одақ туралы шартта айқындалған шоттарға төленеді.
9. Одақ туралы шартта көзделген жағдайларда алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының төленген және (немесе) өндіріп алынған, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке жатқызылуға және Одақ туралы шартта белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында бөлу үшін Одақ туралы шартта айқындалған шоттарға есепке жатқызуға жатады.
10. Осы Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомаларынан осы сомаларға қатысты олардың төленуін кейінге қалдыру берілгендегі сияқты пайыздар төленуге жататын жағдайларда, мұндай пайыздар осы Кодекстің 93-бабында кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге пайыздарды есептеу мен төлеу үшін белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.
1. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодекстің 194, 195 және 196-баптарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер көрсетілген баптарға сәйкес өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда қамтамасыз етіледі.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау осы Кодексте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін көзделген тәсілдермен және тәртіппен қамтамасыз етіледі.
2. Еуразиялық экономикалық одақта Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес баждар түрінде ішкі нарықты қорғау шаралары енгізілген кезде мұндай баждарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы осы Кодексте арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын осы Кодексте кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін көзделген тәсілдермен және тәртіппен қамтамасыз ету көзделген жағдайларда қамтамасыз етіледі.
3. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы бапқа сәйкес, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы өзге мөлшерде қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары негізге алына отырып айқындалады.
Егер арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде тауарлар, олардың сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны туралы дәл ақпараттың болмауына орай арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге жататын сомасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мұндай сомасы тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай көріністегі физикалық сипаттары (саны, салмағы, көлемі немесе өзге сипаттамалары), пайдаланылу тәртібін Комиссия айқындайтын қолда бар мәліметтер негізінде айқындала алатын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең үлкен шамасы негізге алына отырып айқындалады.
4. Осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы баптың 3-тармағының екінші бөлігі және 7-тармағы ескеріле отырып, кедендік бақылау, кедендік сараптама нәтижелері бойынша қосымша төленуге жатуы мүмкін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы ретінде айқындалады.
5. Егер арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 195-бабында көзделген жағдайда берілсе, мұндай қамтамасыз етуді тіркеу осы Кодекстің 193-бабында белгіленген тауарлардың шығарылу мерзімдерінде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 410-бабының 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кезінде кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есеп-қисабын жүргізеді және ол осы Кодекстің 410-бабының 6-тармағына сәйкес декларантқа жіберіледі.
6. Осы Кодекстің 194-бабы 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарудың шарты болып табылған жағдайда, осындай қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініште және осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып, осындай өтінішпен бірге берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер негізге алына отырып айқындалады.
Өздерінің негізінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері айқындалатын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын айқындау үшін тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген күнге қолданыста болатын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарыныңкөрсетілген сомасын айқындау үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген күнге қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Осы Кодекстің 195-бабында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау үшін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізілген жағдайда, атап айтқанда:
1) дәл сондай сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың құны туралы кеден органының қолында бар ақпарат;
2) егер кеден органының олардың негізділігіне күмәні бар болса, тауарлардың мәлімделген шегерімдер, жеңілдіктер ескерілмеген кедендік құны;
3) егер кеден органының мәлімделген қосымша есепке жазулардың негізділігіне күмәні бар болса, тауарлардың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазулардың ықтимал шамасы ескерілген кедендік құны пайдаланылуы мүмкін.
8. Комиссия тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің тіркелген мөлшерлерін белгілеуге құқылы.
9. Одақ туралы шартта көзделген жағдайларда демпингке қарсы бажды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодексте кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын Одақ туралы шартта белгіленген мөлшерде және тәсілдермен қамтамасыз ету үшін айқындалған тәртіппен ұсынылады.
Одақ туралы шартта көзделген мән-жайлар басталған кезде демпингке қарсы бажды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету демпингке қарсы бажды төлеу есебіне есепке жатқызуға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында Одақ туралы шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде бөлу үшін Одақ туралы шартта айқындалған шотқа есепке жатқызылуға жатады.
10. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар қамтамасыз етеді.
Егер кеден өкілі осы Кодекстің 494-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушімен бірге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ынтымақты міндет атқарған жағдайда, кеден өкілі осы тарауға сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге құқылы. Егер арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын кеден өкілі қамтамасыз еткен жағдайда, осы Кодекске сәйкес көзделген, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жайлар басталған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі мұндай міндетті кеден өкілі осы Кодекстің 494-бабы 5-тармағының ережелеріне қарамастан, өзі атынан өкілдік ететін тұлғамен ынтымақтаса орындайды.
11. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 103-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету қолданылуы мүмкін.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың және пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды кеден органы осы Кодекстің 106-бабына сәйкес төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
1. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 138-бабының 9-тармағына сәйкес оларды арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке жатқызуды қоспағанда, Одақ туралы шартта айқындалған жағдайларда жүзеге асырылады.
Көрсетілген сомалар кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында енгізіледі және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде осы Кодекстің 98-бабына сәйкес аванстық төлемдер қолданылады.
2. Одақ туралы шартта белгіленген жағдайларда, енгізілген алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары Комиссияның арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану (тауардың құрауыш бөліктеріне және (немесе) туындыларына ұзарту, қолдану) туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төлеушінің өтінішінсіз бюджетке аударылуға және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке жатқызылуға жатады.
3. Одақ туралы шартта белгіленген жағдайларда, енгізілген алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы баптың 7-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген өтініш кеден органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, төлеушінің өтініші бойынша есепке жатқызылуға және (немесе) қайтарылуға жатады.
4. Арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану (тауардың құрауыш бөліктеріне және (немесе) туындыларына ұзарту, қолдану) туралы жүргізілген тергеп-тексерудің немесе арнайы қорғау, демпингке қарсы шараларды, өтемақы шараларын енгізу, ұзарту үшін негіздердің болмауы немесе осындай шараларды қолданбау туралы шешімді қабылдау нәтижелері бойынша ақпаратты орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтару туралы және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланылатын аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы өтінішті төлеуші кеден органына Одақ туралы шартта белгіленген жағдайлар басталғаннан кейін осы баптың 7-тармағының ережелерін ескере отырып, бірақ осы Кодекстің 143-бабында белгіленген ескіру мерзімінің өтуінен кешіктірмей береді.
6. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдерді есепке жатқызуды (қайтаруды), сондай-ақ кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақша сомаларын аударуды және (немесе) қайтаруды кеден органы:
1) орындалуы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарынтөлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшамен қамтамасыз етілген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет толық көлемде орындалған, тоқтатылған не туындамаған;
2) өсімпұлдар, пайыздар бюджетке төленген;
3) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаның орнына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын басқа тәсілмен қамтамасыз ету ұсынылған;
4) осы Кодекстің 143-бабында белгіленген ескіру мерзімі өтпеген жағдайларда, төлеушінің өтініші бойынша жүзеге асырады.
7. Төлеушіде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөнінде белгіленген мерзімде орындамалған (толық немесе ішінара) міндет болған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаның сомаларын осындай орындалмаған міндет мөлшерінде қайтару жүзеге асырылмайды.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу, сондай-ақ осындай сомаларды осы Кодекстің 139-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне сәйкес демпингке қарсы бажды төлеу есебіне есепке жатқызуды қоспағанда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаның сомаларын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын көрсетілген міндетті орындау есебіне есепке жатқызуды қоспағанда, төлеушіде белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндет болған кезде жүргізілмейді.
8. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтаруды кеден органы төлеушінің банктік шотына, көрсетілген сома енгізілген ақшаны уақытша орналастыру шотына жүзеге асырады.
9. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтару кезінде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомалар индекстелмейді, банк қызметтерін көрсету жөніндегі тарифтерді кеден органы аударылатын қаражат есебінен төлейді.
10. Қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотынан қайтаруға төлеушінің өтініші болмаған немесе мұндай сома алдағы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне аударылған жағдайда, кеден органы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
төлеушіде кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөнінде белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) міндет, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі берешек болмаған;
осы Кодекстің 143-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі аяқталған кезде, қамтамасыз ету сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке аударады.
11. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу (қайтару) уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
12. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары ретінде төленген немесе өндіріп алынған, нақты тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының нақты түрлері және сомалары ретінде сәйкестендірілген және мөлшері Одақ туралы шартқа сәйкес төленуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерінен асатын ақша артық төленген немесе артық өндіріп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары болып табылады.
13. Мынадай жағдайларда:
1) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы баптың 2-тармағына сәйкес артық төленген немесе артық өндіріп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары болып табылған;
2) Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалған шоттарға төленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары нақты тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары ретінде сәйкестендірілмеген;
3) егер осы тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарынтөлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған;
4) егер кедендік декларация не тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш тіркелген кезде туындаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалса, тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарудан бас тартылған;
5) егер кедендік декларация тіркелген кезде туындаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, кедендік декларация осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кері қайтарып алынған және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күші жойылған;
6) осы Кодекстің 323-бабында көзделген жағдайда;
7) осы Кодекстің 175-бабының 7-тармағына сәйкес белгіленген кедендік декларациялау ерекшеліктерін қолдануға байланысты осы Кодексте көзделген жағдайда;
8) осы Кодексте және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы бапқа сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатады.
14. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген есептелген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары туралы мәліметтерге белгіленген тәртіппен өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не осы Кодекстің 83-бабының 4-тармағында көрсетілген кеден құжатындағы есептелген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары туралы мәліметтерге белгіленген тәртіппен түзету жасалған кезде және артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) үшін осы Кодексте белгіленген өзге де шарттар сақталған кезде, кеден органы артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) жүзеге асырады.
15. Осы баптың 13-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органына расталған кезде және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) үшін осы Кодексте белгіленген өзге де шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
16. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) Одақ туралы шарттың ережелері ескеріле отырып, кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу (қайтару) үшін көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 137-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алу кезінде осы Кодекстің 12-тарауында көзделген өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылады.
1. Мыналар кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанттары бола алады:
1) мыналар:
соның негізінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін шетелдік тұлғамен жасалатын мәміленің тарапы болып табылатын;
оның атынан және (немесе) соның тапсырмасы бойынша осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген мәміле жасалған;
егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тараптардың бірі шетелдік тұлға болып табылатын мәміле шеңберінен тыс өткізілсе – тауарларды иеленуге, пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы бар;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрған шетелдік тауарларға қатысты шетелдік тұлғамен немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасымен жасалған мәміленің тарапы болып табылатын;
кедендік транзиттің кедендік рәсімін мәлімдеген кезде – экспедитор болып табылатын;
соның негізінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің тұлғалары арасында жасалған мәміленің тарапы болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы;
2) мыналар:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған және (немесе) тіркелген өкілдіктің, филиалдың жеке мұқтаждары үшін өткізілетін тауарларға ғана қатысты кедендік рәсімдерді мәлімдеген кезде – осындай өкілдігі бар ұйым болып табылатын;
егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы шетелдік тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы арасындағы мәміле шеңберінен тыс өткізілсе, тауарлардың меншік иесі болып табылатын;
кедендік қойма кедендік рәсімін, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімін, кері экспорт кедендік рәсімін, арнайы кедендік рәсімді мәлімдеген кезде – егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы шетелдік тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы арасындағы мәміле шеңберінен тыс өткізілсе, тауарларды иеленуге және пайдалануға құқығы бар шетелдік тұлға;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері;
4) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеген кезде – тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
5) кедендік қойма кедендік рәсімін, кері экспорт кедендік рәсімін, экспорт кедендік рәсімін мәлімдеген кезде – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің үшінші тараппен халықаралық шартына сәйкес осындай халықаралық шартта көзделген, осындай тұлғаға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге құқық беретін құжатты алған шетелдік тұлға;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген филиалы бар шетелдік тұлға.
2. Комиссия осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген шетелдік тұлға тауарлардың декларанты бола алмайтын жағдайларды айқындауға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар соларды сақтаған кезде жекелеген кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанттары бола алатын қосымша шарттар, сондай-ақ өзге де тұлғалар және соларды сақтаған кезде мұндай тұлғалар көрсетілген тауарлардың декларанттары бола алатын шарттар осы Кодексте айқындалады. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар соларды сақтаған кезде арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын тауарлардың декларанттары бола алатын қосымша шарттарды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды және соларды сақтаған кезде мұндай тұлғалар көрсетілген тауарлардың декларанттары бола алатын шарттарды Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Осы Кодекстің 343-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында, 361-бабының 2-тармағында және 364-бабының 8-тармағында көзделген тұлғалар осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға және (немесе) кедендік рәсімдерге орналастырмай шығаруға жататын тауарлардың декларанттары бола алады.
1. Декларант:
1) кедендік бақылаудағы тауарларды қарап-тексеруге, өлшеуге және олармен жүк операцияларын орындауға;
2) кеден органының осы Кодекстің 37-бабына сәйкес берілген рұқсатымен кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға;
3) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік қарап-тексеру мен кедендік жете тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізген кезде және осы адамдар тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алған кезде қатысуға;
4) кеден органдарындағы өздері декларациялайтын тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін зерттеу нәтижелерімен танысуға;
5) кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
6) өздері декларациялайтын тауарлар туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшылар тартуға;
7) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Декларант:
1) тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;
2) кеден органына осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға;
3) декларацияланатын тауарларды осы Кодексте көзделген жағдайларда не кеден органының талабы бойынша көрсетуге;
4) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуге және (немесе) осы Кодекске сәйкес оларды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге;
5) кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтауға;
6) осы Кодексте көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
3. Декларант осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынғаны үшін жауапты болады.
Декларант Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа мынадай жағдайларда:
1) егер кеден органы кедендік бақылау нысандарын және тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолданудың қажеттігі туралы хабардар етпесе, тауарларды шығарғанға дейін бұзушылықтарды дербес анықтаған және жойған;
2) кеден органының лауазымды адамы тауарларды қате сыныптау фактісін анықтаған жағдайда тауарларды шығарғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлар коды өзгерген;
3) алдын ала шешімді берген кеден органының лауазымды адамы тауарларды қате сыныптау фактісін анықтаған жағдайда тауарларды шығарғанға дейін де, сондай-ақ шығарғаннан кейін де алдын ала шешімдерде көрсетілген тауарлар коды өзгерген;
3-1) егер кеден органы лауазымды адамының тауардың кедендік құнын қате айқындау және (немесе) растау фактісі анықталған болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап және (немесе) шешім қайта қаралған және (немесе) осы Кодекстің 410-бабының 10 және 19-тармақтарына сәйкес бұрын расталған тауардың кедендік құны қайта қаралған;
4) көрсетілген хабарламалармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламада, тексеру нәтижелері туралы хабарламада немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламада көзделген мерзімдерде бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
5) енгізілетін өзгерістер тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келетін жағдайларды қоспағанда, егер бұзушылықтар төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етсе, бұзушылықтарды талап қоюдың ескіруі мерзімі ішінде (өздері бойынша көшпелі кедендік тексеру басталған кедендік декларациялардан басқа) дербес анықтаған және өз еркімен жойған;
6) егер енгізілетін өзгерістер төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне, тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға әсер етпесе және тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келмесе, бұзушылық туралы талап қойылғанға дейін тауарларға арналған декларацияға өзгерістерді шығарғаннан кейін енгізу арқылы бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
7) 500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге тиіс сомаларын толықтырып есептеуге алып келген бұзушылықтарды тауарлар шығарылғанға дейін кеден органы анықтаған кезде, осындай бұзушылықтарды кеден органы анықтаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей декларант төленуге тиіс кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын толық көлемде төлеген;
8) электрондық нысанда кедендік декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен орындалмауына алып келген қателер туындаған кезде тартылмайды.
Бұл ретте уәкілетті органның қателердің туындау фактісін растау мерзімі декларант электрондық нысанда кедендік декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында қателердің туындағаны туралы өтініш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері кеден өкіліне және уәкілетті экономикалық операторға қолданылады.
4. Осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында және 6) тармақшасында көзделген тұлғалар осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғалар сияқты жауапты болады.
Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тасымалдаушы немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін адам тауарларды келу орнына немесе осы Кодекстің 30-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге жеткізуге тиіс. Бұл ретте тауарлар орамасының бұзылуына, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға, зақымдауға немесе ауыстыруға жол берілмейді.
2. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тауарларды келу орнына немесе осы Кодекстің 30-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге жеткізу үзілген, сондай-ақ егер су немесе әуе кемесі авария, еңсерілмейтін күш әсері не тауарларды жеткізуге, белгіленген орындарға тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар салдарынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына мәжбүрлі тоқтаған немесе қонған жағдайда, тасымалдаушы немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін тұлға тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар туралы және тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ көлік құралы зақымдалған кезде тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушыда немесе өзге де тұлғаларда осы тармақтың талаптарын сақтауға байланысты туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.
3. Тауарларды келу орнына немесе осы Кодекстің 30-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге жеткізгеннен кейін су кемелерімен тасымалданатын тауарларды қоспағанда, тауарлар кедендік бақылау аймағында болуға тиіс.
4. Осы Кодекстің 154, 155, 156 және 157-баптарының ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалану үшін тауарларға қатысты қолданылмайды.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалану үшін тауарларға қатысты олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін кедендік операциялар осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес жасалады.
5. Осы тараудың ережелері:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан портқа кірмей немесе әуежайға қонбай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына қонбай теңізбен не су кемесінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет портына кірмей, су және әуе кемелерімен тасымалданатын шетелдік тауарларға;
3) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылмайды.
1. Тасымалдаушы кеден органын тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай осы Кодекстің 155-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы не электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты тіркеу нөмірі туралы мәліметті қамтитын құжатты ұсыну арқылы мынадай мерзімдерде тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге міндетті:
1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – тауарлар келу орнына жеткізілген кезден бастап бір сағат ішінде, ал тауарлар келу орнына кеден органының жұмыс уақытынан тыс уақытта жеткізілген жағдайда – кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде;
2) су, әуе немесе теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған кезде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесімен (кестесімен) белгіленген уақыт ішінде.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуы мүмкін.
3. Қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттар ұсынылған кезде осындай құжаттарда қамтылған мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.
4. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді.
5. Тасымалдаушы немесе осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де тұлғалар теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды қоспағанда, тауарлардың келуі туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға;
2) тауарларды осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен келу орындарынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдауға (тасуға);
3) тауарларды кедендік декларациялауға;
4) тауарларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға;
5) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операциялар тауарлар келетін жерде кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органымен келісілген теміржол станциясы жұмысының технологиялық процесінде белгіленген уақыт ішінде жасалады.
6. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, егер тауарларды келу орнымен бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан уақытша сақтау орнына орналастыру жоспарланса, осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда тауарларды тасымалдау (тасу) осындай рәсім қолданбай жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 5-тармағының ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген:
1) осы Кодекстің 32-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуге тиіс тауарларға;
2) су немесе әуе кемелерінде тұрған және осы кемелерден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына түсірілуге жатпайтын тауарларға;
3) бір әуе кемесінен басқа әуе кемесіне ауыстырылып тиелетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жататын тауарларға;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасымалданған (тасылған) кезде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы су және әуе кемелерімен тасымалданатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе кемесі мәжбүрлі қонғаннан кейін не су кемесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына авария, еңсерілмейтін күш әсері не өзге де мән-жайлар салдарынан кіргеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген шетелдік тауарларға;
6) осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 2), 3) және 4-тармақшаларында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына;
7) осы Кодекстің 384-бабында көрсетілген тауарларға;
8) осы Кодекстің 291-бабының 13-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шектес шетелдік мемлекеттің аумағынан шектері Еуразиялық экономикалық одақтың шекараларымен толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА аумағына әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылмайды.
8. Кеден органы кедендік декларацияны осы баптың 5-тармағының бірінші абзацында белгіленген мерзімде тіркеген жағдайда осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген тұлғалар тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды:
кеден органының осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларацияны кері қайтарып алуға рұқсатын;
кеден органының осы Кодекстің 193-бабының 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімдерін ұзарту туралы шешімін;
кеден органының осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімін;
осы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде жасауға міндетті.
9. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, егер олар келу орындарынан кетпеген болса, тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде декларант тауарларды кедендік декларациялауға, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.
10. Келу орнында уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар – келу орнындағы уақытша сақтау орындарында немесе осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де уақытша сақтау орындарында сақталады.
Егер шетелдік тауарларды уақытша сақтау келу орнында орналаспаған уақытша сақтау орнында жүзеге асырылатын болса, шетелдік тауарларды келу орнынан осындай уақытша сақтау орнына дейін тасымалдау кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмай жүзеге асырылады.
11. Осы баптың 5, 8 және 9-тармақтарында айқындалған мерзімдерде оларға қатысты осы тармақтарда көзделген кедендік операциялар жасалмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
Ескерту. 154-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
халықаралық тасымалдау көлік құралына арналған құжаттарды;
көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды;
мыналар:
халықаралық тасымалдау көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
тауарларды тасымалдаушы (атауы және мекенжайы);
тауарларды жөнелтуші ел және тауарлардың межелі елі (атаулары);
тауарларды жөнелтуші және алушы (атаулары және мекенжайлары);
тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және сатып алушы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері;
тауарлар (Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атаулары және алғашқы алты таңбадан аз емес деңгейдегі кодтары);
тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не тауарлардың көлемі (текше метрмен);
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы (болмауы);
халықаралық тауар-көліктік жүкқұжатты жасау орны және күні;
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;
2) су көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
жалпы декларацияны;
жүк туралы декларацияны;
кеме керек-жарақтары туралы декларацияны;
кеме экипажының жеке заттары туралы декларацияны;
кеменің рөлін;
жолаушылардың тізімін;
егер осы тармақшада көзделген тауар туралы мәліметтер жүк туралы декларацияда қамтылмаса, көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
мыналар:
кемені және оның ұлттық тиесілілігін тіркеу;
кеме (атауы және сипаттамасы);
кеме капитаны (тегі);
кеме агенті (тегі және мекенжайы);
кемедегі жолаушылар (саны, тегі, аты, азаматтығы (бодандығы), туған күні және жері, отырғызу және түсіру порттары);
кеме экипажы мүшелерінің саны және құрамы;
кемені жөнелтуші порт және кіргізуші порт (атаулары);
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамасының түрлері;
тауарлар (атаулары, жалпы саны және сипаттамасы);
тауарларды тиейтін порт және түсіретін порт (атаулары);
осы портта түсіруге жататын тауарларға арналған көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері;
бортта қалатын тауарларды түсіретін порттар (атаулары);
тауарларды жөнелтуші бастапқы порттар (атаулары);
кемедегі кеме керек-жарақтары (атаулары және саны);
кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы);
кеме бортында құрамында есірткі, қатты әсер ететін, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың болуы (болмауы);
кеме бортында қару-жарақты, оқ-дәрілерді қоса алғанда, қауіпті тауарлардың болуы (болмауы);
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;
3) әуе көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
тасымалдаушының азаматтық авиация саласындағы халықаралық шарттарда көзделген стандарттық құжатын (бас декларация);
әуе кемесінің бортында тасымалданатын тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын құжатты (жүк ведомосы);
борт керек-жарақтары туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;
көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтерді қамтитын құжатты (жолаушы ведомосы);
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды;
мыналар:
кеменің ұлттық тиесілілік белгілері және тіркеу белгілері;
рейстің нөмірі, ұшу маршруты, кеменің ұшып кету пункті және келу пункті;
кемені пайдаланушы (атауы);
кеме экипажы мүшелерінің саны және құрамы;
кемедегі жолаушылар (саны, тегі мен аты-жөні, отырғызу және түсіру пункттерінің атаулары);
тауарлар (атаулары);
жүкке арналған жүкқұжаттың нөмірі, әрбір жүкке арналған жүкқұжат бойынша орындардың саны;
тауарларды тиеу пункті және түсіру пункті (атаулары);
кемеге тиелетін немесе одан түсірілетін борт керек-жарақтарының саны;
кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы);
кеме бортында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың, құрамында есірткі, қатты әсер ететін, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы);
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;
4) теміржол көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
теміржол жылжымалы құрамына арналған беру ведомосын;
керек-жарақтар туралы мәліметтерді қамтитын құжатты;
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды;
мыналар:
тауарларды жөнелтуші және алушы (атаулары және мекенжайлары);
тауарларды жөнелтуші станция және тауарлардың межелі станциясы (атаулары);
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамасының түрлері;
тауарлар (Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атаулары және бірінші алты таңбадан аз емес деңгейдегі кодтары);
тауарлардың брутто салмағы (килограммен);
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді ұсынады.
2. Тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, кеден органын осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде тасымалдаушы:
1) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді;
2) егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген тауарларға қатысты кеден органына осы Кодекстің 31-бабына сәйкес алдын ала ақпарат ұсынылған болса – алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірін көрсете отырып, алдын ала ақпаратты тіркеу туралы мәліметтерді;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияны ұсынады.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылуға жататын мәліметтер тасымалдаушы ұсынған құжаттарда қамтылмаған, не егер тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмайтын жағдайда, тасымалдаушы жетпейтін мәліметтерді қамтитын өзге құжаттарды ұсынуға не жетпейтін мәліметтерді және (немесе) ұсынылмайтын құжаттар туралы мәліметтерді еркін нысанда өтініш беру арқылы мәлімдеуге міндетті.
4. Кеден органын халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде тасымалдаушы осындай пошта жөнелтілімдеріне қатысты оларды тасымалдаған кезде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің ілеспе құжаттарын және осы Кодекстің 369-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
5. Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы белгілі бір кезең ішінде сол бір халықаралық тасымалдау көлік құралымен тұрақты түрде тасымалданған кезде кеден органы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
1. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезден бастап туындайды.
2. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған:
1) тауарларды келу орнына жеткізген және уақытша сақтауға орналастырған немесе кеден органы тауарларды келу орнында шығарған;
2) егер осы тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыратын жерлерінен кетпесе, тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен;
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындаған және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерде өндіріп алынған;
5) кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезіндеосы тауарлардың табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған кезде тоқтатылады, бұған осы Кодекске сәйкес осындай жойылғанға және (немесе) қайтарымсыз жоғалғанға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеген немесе мемлекеттің меншігіне айналдырған;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұстаған;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, соларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойған немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырған кезде тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) тауарларды келу орнына жеткізбеген кезде – тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды келу орнына жеткізбеу фактісі анықталған күн;
2) авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар келу орнында жоғалған кезде – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күн;
3) кеден органы келу орнында уақытша сақтауға қоймай немесе тауарларды шығармай, тауарларды келу орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде – осындай әкету күні, ал егер бұл күн белгіленбесе –тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып саналады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төленуге жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл мәліметтер болмаған жағдайда төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, соларға қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Егер тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он таңба деңгейінде жүзеге асырылса – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының дәл сол кодының тауарларына не егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған болса, топтауға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысын негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы дәл мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай дәл мәліметтерді негізге ала отырып есептеледі, осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
6. Тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған, кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұстаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан кейін уақытша сақтауға орналастырылған және (немесе) олар (толық немесе ішінара) өндіріп алынған жағдайда осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтаруға) жатады.
1. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушы кеден органына, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай осы Кодекстің 155-бабының 1-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
2. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарамастан, тасымалдаушы не осы баптың 8-тармағына сәйкес өзге тұлға:
1) тауарларға арналған декларацияны немесе оның көшірмесін, осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты транзиттік декларацияны не тауарларға арналған осындай декларация немесе транзиттік декларация егер осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмайтын болса, тауарларға арналған декларация немесе транзиттік декларация туралы мәліметтерді не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатты;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету үшін транзиттік декларация:
1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы келу орнында орналасқан жөнелтуші кеден органынан кету орнында орналасқан межелі кеден органына дейін тасымалданған;
2) осы Кодекстің 225-бабының 7-тармағына сәйкес тауарларды жеткізу орындарының өзгеруіне байланысты кету орнында орналасқан кеден органына жеткізілген;
3) осы Кодекстің 45-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты ұсынылады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін:
1) бұл шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы орнын ауыстыру жерлерінен кетпеген;
2) бұл шетелдік тауарлар әуе кемесінде тұрған және осы Кодекстің 222-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмаған жағдайларда ұсынылмайды.
5. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес ұсынылуға жататын мәліметтер тасымалдаушы ұсынған құжаттарда болмайтын не егер тауарларға арналған декларация, транзиттік декларация және (немесе) тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылмайтын жағдайда, тасымалдаушы жетіспейтін мәліметтерді қамтитын өзге құжаттарды ұсынуға не еркін нысанда өтініш беру арқылы жетіспейтін мәліметтерді және (немесе) ұсынылмайтын құжаттар туралы мәліметтерді мәлімдеуге құқылы.
6. Халықаралық пошта жөнелтілімдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушы осындай пошта жөнелтілімдеріне қатысты оларды тасымалдаған кезде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған құжаттарды және осы Кодекстің 369-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
7. Тасымалдаушының атынан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуы мүмкін.
8. Тауарларды су көлігімен тасымалдаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді декларант немесе экспедитор ұсынуы мүмкін.
9. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып және кедендік декларацияда не оның көшірмесінде не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге құжатта және көліктік (тасымалдау) құжаттарда кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.
Егер тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларация ұсынылмайтын болса, кеден органының тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаты кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып және көліктік (тасымалдау) құжаттарда кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.
Кеден органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушының ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы болған жағдайда, көліктік (тасымалдау) құжаттар электрондық түрде берілген кезде кеден органының тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсатын ресімдеу тасымалдаушыға осындай рұқсат туралы электрондық нысанда хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты осындай тауарларды шығару болып табылады.
10. Кеден органының иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсаты туралы мәліметтер кеден органдарының ақпараттық жүйелеріне енгізіледі.
11. Тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай Комиссия белгілі бір кезең ішінде дәл сол бір халықаралық тасымалдау көлік құралымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізілген кезде тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушының құжаттар мен мәліметтерді ұсыну ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
12. Осы баптың 9-тармағын қоспағанда, осы тараудың ережелері жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкететін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.
Жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкететін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі үшін осындай тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес жасалады.
13. Осы тараудың ережелері:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан портқа кірмей немесе әуежайға қонбай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының екінші бөлігіне Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы су және әуе кемелерімен тасымалданатын шетелдік тауарларға;
3) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылмайды.
1. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыру жерлерінен кетпеген болса, шетелдік тауарлар белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылған кездегідей не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген кездегідей санда және жай-күйде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.
Табиғи тозу немесе кему не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі немесе көлік құралында төгілмейтін қалдықтардың болуы салдарынан олардың санының өзгеруі салдарынан осындай шетелдік тауарлардың санын және (немесе) жай-күйін өзгертуге жол беріледі.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары, осы баптың 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылған кездегідей санда және жай-күйде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.
3. Мына жағдайларда:
1) табиғи тозу немесе кему не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі немесе көлік құралында төгілмейтін қалдықтардың болуы салдарынан олардың санының өзгеруі салдарынан;
2) үйінді ретінде, үю, құю арқылы тасымалданатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан су кемелерімен әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын су кемесінің жүкжайына (бөлекжайына, ыдысына) тиеу кезінде араластыру нәтижесінде орын алған Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының санын және (немесе) жай-күйін өзгертуге жол беріледі.
4. Үйінді ретінде, үю, құю арқылы тасымалданатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан су кемелерімен әкетілетін және соларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде осындай тауарларды су кемесінің жүкжайына (бөлекжайына, ыдысына) тиеу кезінде араласу нәтижесінде орын алған олардың санын және (немесе) жай-күйін өзгертуге жол берілетін Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының тізбесін Комиссия айқындайды.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлар санының кемуі орын алған себептерге қарамастан, оларды белгілі бір кедендік рәсіммен орналастыру кезінде мәлімделген санға қарағанда аз санмен әкетілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігі осы Кодекстің 287-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында және 296-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты қолданылмайды.
6. Егер тауарларды қайтарымсыз жоғалту не олардың санының және (немесе) жай-күйінің өзгеруі аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан орын алған жағдайда, тұлғалар осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің және 2-тармағының ережелерін сақтамағаны үшін жауапты болмайды.
1. Кедендік бақылаудағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және тауарлармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыруға – қызмет аймағында тиісті операция жасалатын кеден органының рұқсатымен, ал егер тауарларға және халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осындай операциялар салынған кедендік пломбаларға және мөрлерге зақым келтірмей жасалуы мүмкін болған не егер тауарларға кедендік пломбалар және мөрлер салынбаған жағдайда кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін жол беріледі.
2. Егер осындай операцияларды бірінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық операторлар жасайтын болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар кеден органының рұқсатын алмай немесе оған хабарламай жасалуы мүмкін.
3. Кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарда не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары берген өзге де құжаттарда осындай операцияларды жасауға тыйым салу болған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияларды жасауға рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
4. Тұлғаның өтініші бойынша кеден органы осы баптың 3-тармағын ескере отырып, кедендік бақылаудағы тауарлармен жүк операцияларын кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде жасауға рұқсат етеді.
5. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар тасымалданатын көлік құралы да халықаралық тасымалдау көлік құралы деп түсініледі.
6. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларға қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар осы Кодекстің 228-бабына сәйкес жасалады.
1. Шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден органы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсат берген кезден бастап туындайды.
2. Шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған;
3) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындаған және (немесе) олар осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынған;
4) кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезіндеосы тауарлардың табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған кезде тоқтатылады, бұған осы Кодекске сәйкес осындай жойылғанға және (немесе) қайтарымсыз жоғалғанға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеген немесе мемлекеттің меншігіне айналдырған;
6) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен;
7) қылмыстық құқық бұзұшылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, соларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойған немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырған кезде тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет шетелдік тауарлар аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуі кезінде жоғалған жағдайда орындалуға жатады.
Көрсетілген мән-жай басталған кезде – тауарлар жоғалған күн, егер бұл күн белгіленбесе, кеден органы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсат берген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жай басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төленуге жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл мәліметтер болмаған жағдайда төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, соларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігін ескере отырып, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Егер тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он таңба деңгейінде жүзеге асырылса – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының дәл сол коды бар тауарларға не егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде белгіленген болса, топтауға кіретін тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы дәл мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай дәл мәліметтер негізге алына отырып есептеледі, осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не әрекеттер осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес, төленбеген сомаларды өндіріп алу осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған, кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан кейін уақытша сақтауға орналастырылған және (немесе) олар өндіріп алынған (толық немесе ішінара) жағдайларда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтаруға) жатады.
1. Шетелдік тауарларды уақытша сақтау орындарында кеден органы оларды шығарғанға дейін не егер шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыратын жерлерінде сақталған болса, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатын алғанға дейін не қылмыстық құқық бұзұшылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қою немесе тыйым салу қолданылатын күнге дейін сақтау тауарларды уақытша сақтау деп түсініледі.
2. Осы баптың 4-тармағында, осы Кодекстің 154-бабының 8 және 9-тармақтарында, 185-бабының 8-тармағында, 209-бабының 6-тармағында, 232-бабында, 321-бабының 3-тармағында, 342-бабында және 369-бабының 11-тармағында көзделген жағдайлар мен мерзімдерде тауарлар уақытша сақтауға орналастыруға жатады.
3. Тауарларды уақытша сақтау құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда қолданылмайды.
4. Қылмыстық құқық бұзұшылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және кедендік декларациялауға жататын, соларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған, оның ішінде тауарларды тәркілеу туралы шешімнің күші жойылған не тәркілеу түріндегі жаза (өндіріп алу) өзге жаза (өндіріп алу) түрімен ауыстырылған жағдайда, тауарлар:
1) соттың немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық не әкімшілік жауаптылықтан босату туралы шешімі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімі;
3) соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы шешімі;
4) соттың айыптау (ақтау) үкімі;
5) соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
6) соттың тауарларды тәркілеу туралы шешімнің күшін жою не тәркілеу түріндегі жазаны (өндіріп алуды) өзге жаза (өндіріп алу) түрімен ауыстыру туралы шешімі күшіне енген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімде уақытша сақтауға орналастырылмаған тауарларды кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
6. Егер осы тармақта көрсетілген тауарларға қатысты тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін осы тармақта көзделген мерзім аяқталғанға дейін кедендік декларация берілген болса, осы баптың 4-тармағының ережелері қолданылмайды.
7. Уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалардың – осындай тауарларды пайдалануға, оның ішінде олар шығарылғанға дейін уақытша сақтау орнының аумағынан әкетуге, ал егер шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыру жерлерінде уақытша сақтауда тұрған болса, олар шығарылғанға дейін не тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсатын алғанға дейін оларды пайдалануға құқығы жоқ.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке тұрақты тұруға қоныс аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның уақытша сақталуы осы Кодекстің 342-бабына сәйкес жүзеге асырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты қолданылмайды.
8. 193-баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, егер уақытша сақтау мерзімдерінің аяқталу күніне қарай кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталмаған және (немесе) кедендік сараптаманың нәтижелері алынбаған жағдайда, тауарлардың уақытша сақтау орнын тауарлар шығарылғанға дейін өзгертуге жол беріледі.
Шетелдік тауарларды тауарларды бір уақытша сақтау орнынан тауарларды басқа уақытша сақтау орнына тасымалдау (тасу) осындай тауарларды бір кеден органы қызметінің аймағында орналасқан уақытша сақтау орындары арасында өткізген жағдайда кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмай жүзеге асырылады.
9. Көлік құралдарында уақытша сақтауға орналастырылған (орналастырылатын) шетелдік тауарлар болған жағдайда, осындай көлік құралдары уақытша сақтау орындарда бола алады.
1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыруға болатын уақытша сақтау қоймалары мен өзге де орындар (бұдан әрі – уақытша сақтау орындары) тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады.
2. Тауарларды уақытша сақтауды мынадай орындарда да:
1) өз тауарларын сақтау қоймасында;
2) мыналардың:
кеден қоймасының;
еркін қойманың;
арнайы экономикалық аймақтың;
бажсыз сауда дүкенінің аумақтарында (үй-жайларында) жүзеге асыруға болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орындарда уақытша сақтау өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде ғана пайдаланылатын кеден қоймасы, еркін қойма, арнайы экономикалық аймақ, бажсыз сауда дүкені аумағының (үй-жайының) бір бөлігінде жүзеге асырылады. Кеден қоймасы, еркін қойма, арнайы экономикалық аймақ, бажсыз сауда дүкені аумағының (үй-жайының) бір бөлігі өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, аумақтың (үй-жайдың) осындай бөлігі аумақтың (үй-жайдың) қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс;
3) құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) екінші немесе үшінші типтердің куәліктерін алған уәкілетті экономикалық операторлардың ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде);
4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттіктері бар адамның өтініші бойынша орындарда жүзеге асыруға болады.
3. Тауарлар иесінің кедендік бақылаудағы өз тауарларын уақытша сақтауға арналған үй-жайы және (немесе) ашық алаңы өз тауарларын сақтау қоймасы болып табылады. Бұл ретте өз тауарларын сақтау қоймалары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болуға, бұл ретте жалдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап алты айдан кем болмауға тиіс;
2) орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы болуға, ал арнайы сақтау орындарына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға;
3) аумақ осы Кодекстің 404-бабына сәйкес белгіленуге тиіс;
4) техникалық жағынан жарамды кіреберіс жолдардың, сондай-ақ қатты төсемі (бетон, асфальт, резеңке не өзге де қатты төсемі) бар тауарларды жете тексеруге арналған орындары, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдары болуға;
5) тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдардын) қоса алғанда, аумақ бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және өз тауарларын сақтау қоймасының бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.
Өз тауарларын сақтау қоймалары тек қана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген қоймаларды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген аумақтарды (үй-жайларды) өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланған кезде өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу талап етілмейді.
4. Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
5. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайларын талап ететін тауарлар осындай тауарларды сақтауға арнайы бейімделген уақытша сақтау орындарында сақталуға тиіс.
6. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен расталады.
1. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін өз тауарларын сақтау қоймасының иесі болып танылады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу үшін заңды тұлға қызмет аймағында өз тауарларын сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш береді.
3. Өтінішті аумақтық кеден органы ол тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын осы Кодекстің 165-бабының 3-тармағында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына осы Кодекстің 165-бабының 3-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі, ол аумақтық кеден органында қалады.
4. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда қабылданады. Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім немесе енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде қабылданады.
7. Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
8. Заңды тұлға қайта тіркелген кезде өз тауарларын сақтау қоймасының иесі аумақтық кеден органын қайта тіркеу фактісі туралы осындай қайта тіркеу өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кеш емес мерзімде хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Өз тауарларын сақтау қоймасының иесі:
1) үй-жайды немесе ашық алаңды осы Кодекстің 165-бабында белгіленген талаптарға сәйкес кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті тиісті түрде жайластыруға;
2) уақытша сақтауда тұрған тауарларды кедендік бақылаудан бөлек, үй-жайдан немесе ашық алаңнан алу мүмкіндігін болғызбауға;
3) үй-жайдағы немесе ашық алаңдағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
5) есепке алуды (оның ішінде автоматтандырылған бақылау мен есепке алу нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және кеден органына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті ұсынуға;
6) есепке алуды (оның ішінде автоматтандырылған бақылау мен есепке алу нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және кеден органына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өз тауарларын сақтау қоймасына шетелдік тауарларды әкелуді, әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдары бойынша есептілікті ұсынуға;
7) сақталатын тауарларға кеден органдарының рұқсатынсыз бөтен тұлғалардың қол жеткізуін болғызбауға;
8) кеден органдары лауазымды адамдарының талабы бойынша олардың сақталатын тауарларға қол жеткізуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
9) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауға;
10) кеден органын жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасының алаңын ұлғайту не азайту туралы осы жұмыстарды орындауды жоспарлап отырған мерзімді көрсете отырып, жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етуге міндетті.
1. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді қатарынан алты ай ішінде бірнеше рет бұзу;
2) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуы;
3) қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) шешімнің қолданылуын бұрын тоқтата тұрған себептердің осы Кодекстің 168-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы;
5) өз тауарларын сақтау қоймасына қатысты мүліктік құқықтардың тоқтатылуы немесе өзгеруі;
6) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
7) осы Кодекстің 168-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өз тауарларын сақтау қоймасының иесі айқындаған мерзім өткенге дейін өз тауарларын сақтау қоймасының қызметін тоқтата тұру мерзімін ұзарту не қайта бастау туралы жазбаша өтініштің болмауы.
2. Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде, оларда сақталатын тауарлар осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға тиіс.
4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша тауарларды уақытша сақтау:
1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;
2) көлік құралы алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын үй-жайларда немесе ашық алаңдарда болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;
3) алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында;
4) алушы немесе өздерінің габариттері салдарынан 165-баптың 1-тармағында және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген уақытша сақтау орындарда орналастыруға мүмкін болмайтын ірі габаритті тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға айқындаған орындарда көрсетілген тауарларды мұндай орындарда сақтау мүмкіндігін растайтын құжаттар ұсыныла отырып жүзеге асырылады.
2. Тауарларды уақытша сақтау осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тауарларды осы Кодекстің 28-бабының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарында уақытша сақтау осындай тауарларды уақытша сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде сәйкестендіру құралдарының тұтастығы қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады.
4. Тауарларды осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес уақытша сақтаған кезде тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға осы Кодекстің 165-бабы 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 5-тармағында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тауарларды осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уақытша сақтаған кезде тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға осы Кодекстің 165-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға кеден органына тауарлар, тауарларды жөнелтуші және алушы, оларды жөнелтуші ел және межелі ел туралы мәліметтерді қамтитын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) кедендік құжаттарды не электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді қамтитын құжатты ұсынады.
Құжаттарды кеден органына беру электрондық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды осындай құжаттар кеден органына берілген кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей тіркейді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттардың тіркелгені туралы растаманы береді.
Кеден органының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркегеннен кейін тауарлар уақытша сақтауда тұрған болып есептеледі.
4. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аудару, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алу ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 342-бабын ескере отырып жасалады.
5. Тауарларды екінші немесе үшінші типтегі куәліктері бар уәкілетті экономикалық оператордың кедендік бақылау аймағы болып табылатын құрылыстарына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктеріне) жеткізу кезінде тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 539-бабы ескеріле отырып жасалады.
1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі және осы баптың 2-тармағында және осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, төрт айды құрайды.
Комиссия тауарлардың жекелеген санаттары үшін уақытша сақтау мерзімін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кем айқындауға құқылы.
2. Халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерінде) сақталатын халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен өткізілетін жолаушы алмаған немесе талап етпеген жүкке қатысты уақытша сақтау мерзімі алты айды құрайды.
3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталған соң шығару жүргізілмеген не оларға қатысты тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығарылуына кеден органының рұқсаты алынбаған тауарларды, егер шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыру жерлерінде сақталса, кеден органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
Егер кедендік декларацияны кеден органы уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тіркеген, бірақ кеден органы тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткен соң тауарларды шығаруды жүргізбеген не тауарларды шығарудан бас тартпаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды кеден органы кідіртпейді. Тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, уақытша сақтау мерзімі өткен тауарларды кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
1. Уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар осындай тауарлармен олардың өзгермейтін күйде сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарап-тексеруге және өлшеуге, уақытша сақтау орны шегінде олардың орнын ауыстыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алу, зақымданған орамасын түзету, тауарлардың санын және (немесе) сипаттамаларын айқындау үшін орамасын ашу, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасымалдауға (тасуға) дайындау үшін қажетті операциялар кеден органының рұқсатымен жасалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген рұқсатты алу үшін уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға қызмет аймағында осындай уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының уәкілетті лауазымды адамына еркін нысанда жасалған өтінішті ұсынады.
Осындай өтінішті қарау мерзімі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы көрсетілген өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операцияларды жүргізуге арналған рұқсатты не мұндай рұқсаттан бас тартуды өтінішке белгілер қою арқылы кеден органының уәкілетті лауазымды адамы ресімдейді.
Егер оларды жүзеге асыру тауарларды жоғалтуға немесе олардың күйін өзгертуге алып келетін болса, кеден органы мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат беруден бас тартады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операцияларды жүргізуден бас тартылған жағдайда, кеден органының уәкілетті лауазымды адамы мұндай бас тартудың негізін көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларымен жасалатын операциялар осы Кодекстің 342-бабына сәйкес жасалады.
1. Уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттарды ұсынған тасымалдаушыда немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада – кеден органы осы құжаттарды тіркеген кезден бастап;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;
3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттарды ұсынған тасымалдаушыда немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада:
тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыру не оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға өзге тұлғаның қабылдауы;
осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде:
тауарларды уақытша сақтау қоймасынан оларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты беру;
тауарларды осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада – тауарларды осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;
4) осы баптың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда:
кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезіндеосы тауарлардың табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған кезде тоқтатылады, бұған осы Кодекске сәйкес осындай жойылғанға және (немесе) қайтарымсыз жоғалғанға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
кеден органының тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұстауы;
қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, соларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалуға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде мыналар кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттарды ұсынған тасымалдаушы немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға үшін:
авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға немесе оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға өзге тұлға қабылдағанға дейін жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін алушыға немесе өзге тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берілген жағдайда – осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
2) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға үшін:
авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында оларды орналастырғанға дейін алушыға немесе өзге тұлға кеден органының рұқсатынсыз берілген жағдайда – осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
3) уақытша сақтау қоймасының иесі не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға үшін:
авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында немесе уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарлар уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылатын күн;
уақытша сақтау қоймасында немесе уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге тұлғаға берілген жағдайда – осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарлар уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылатын күн;
тауарларды алушының қоймасында сақталатын тауарлар тауарларды уақытша сақтау мақсатында пайдаланылмаған жағдайда – осындай пайдалану күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төленуге тиіс.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін жағдайда, мұндай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл мәліметтер болмаған жағдайда төленуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, соларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігін ескере отырып, осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шыққан жеріне және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерге сүйене отырып есептеледі. Егер тауарлардың шыққан жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он таңба деңгейінде жүзеге асырылса – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының дәл сол коды бар тауарларға не егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес таңба саны оннан аз топтау деңгейінде белгіленген болса, топтауға кіретін тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысын негізге ала отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы дәл мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай дәл мәліметтерге сүйене отырып есептеледі, кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес осы төленбеген сомаларды өндіріп алу жүргізіледі.
6. Тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған, кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұстаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан кейін уақытша сақтауға орналастырылған және (немесе) олар (толық немесе ішінара) өндіріп алынған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтаруға) жатады.
1. Тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған кезде не осы Кодекстің 341-бабының 4-тармағында, 355-бабының 4-тармағында және 364-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда кедендік декларациялауға жатады.
Тауарлар осы Кодекстің 284-бабының 4-тармағына сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 369-бабының 3, 13, 14, 15 және 16-тармақтарында және 384-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда кедендік декларациялауға жатпайды.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларациялауды декларант не кеден өкілі жүзеге асырады.
3. Кедендік декларациялау электрондық нысанда жүзеге асырылады.
4. Мынадай жағдайларда жазбаша нысанда кедендік декларациялауға:
1) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде;
2) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты;
3) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты;
4) халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты;
5) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды осы Кодекстің 176-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес кедендік декларация ретінде пайдаланған кезде;
6) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда және Комиссияда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында жол беріледі.
5. Осы баптың 4-тармағының ережесіне қарамастан, егер кеден органында кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің техникалық іркілістерден, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының сөндірілуінен, авариядан, еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің істен шығуына алып келген өзге де мән-жайлардан туындаған жарамсыз болуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін өзге де жағдайларда декларанттың кедендік декларациялауды электрондық нысанда іске асыруын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, кедендік декларациялау жазбаша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Кедендік декларациялау нысанына қарай электрондық құжат түріндегі кедендік декларация (бұдан әрі – электрондық кедендік декларация) немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі кедендік декларация (бұдан әрі – қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация) пайдаланылады.
7. Егер шетелдік тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданған жағдайларда, кедендік декларация осындай тауарларға қатысты олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін немесе тауарлар жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгенге дейін берілгенде кедендік декларациялау (бұдан әрі – алдын ала кедендік декларациялау) ерекшеліктері осы Кодекстің 185-бабында айқындалады.
Егер тауарларға арналған декларация беру кезінде декларантта тауарларға арналған осындай декларацияда мәлімдеу үшін қажетті дәл мәліметтер болмаған жағдайда кедендік декларациялау (бұдан әрі – толық емес кедендік декларациялау) ерекшеліктері осы Кодекстің 186-бабында айқындалады.
Егер тұлға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді беру кезеңі ішінде екі немесе одан көп партиямен бірдей шарттарда жүзеге асырған жағдайда кедендік декларациялау (бұдан әрі – мерзімдік кедендік декларациялау) ерекшеліктері осы Кодекстің 187-бабында айқындалады.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігінен АЭА, еркін қойма аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын АЭА, еркін қойма аумағынан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкету беру кезеңі ішінде екі немесе одан көп партиямен бірдей шарттарда жүзеге асырылған жағдайда, тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (бұдан әрі –АЭА, еркін қойма аумағына әкелінетін немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын мерзімдік кедендік декларациялау) осы Кодекстің 188-бабында айқындалады.
Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды, сондай-ақ соларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (бұдан әрі – уақытша кедендік декларациялау) осы Кодекстің 189-бабында айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері осы Кодекстің 190-бабында айқындалады.
8. Комиссия осы Кодекстің 216-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне және 306-бабының 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес соларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайтын тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
1. Тауарларға арналған декларацияда:
1) мәлімделетін кедендік рәсім туралы;
2) декларант, кеден өкілі, тауарларды жөнелтуші, алушы, сатушы және сатып алушы туралы;
3) халықаралық тасымалдау көлік құралдары, сондай-ақ тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданған (тасымалданатын) көлік құралдары туралы;
4) тауарлар туралы:
атауы, өндіріп алу кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын және өзге де төлемдерді есептеу және өндіріп алу үшін, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын, ішкі нарықты қорғау шараларын қамтамасыз ету, кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды қабылдау, сәйкестендіру, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының бір он таңбалы кодына жатқызу үшін қажетті сипаттамасы;
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды;
тауарлардың шығарылған жері;
жөнелтуші елдің және межелі елдің атауы;
тауарларды өндіруші;
тауар белгісі;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектісі болып табылатын тауар шығарылған жердің атауы;
орамалардың сипаттамасы;
баға, килограммен (брутто салмағы және нетто салмағы) және қосымша өлшем бірліктерімен саны;
тауарлардың кедендік құны (шамасы, тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі);
статистикалық құны;
5) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу туралы:
кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері;
кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;
тарифтік преференциялар;
есептелген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары;
кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін қолданылатын валюталар бағамы;
6) тауарлармен жасалатын мәміле және оның шарттары туралы;
7) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы;
8) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарының сақталуы туралы;
9) осы Кодекстің 179-бабында көрсетілген тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар туралы;
10) сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын растайтын құжаттар туралы;
11) тауарларға арналған декларацияны толтырған адам туралы және оның жасалған күні;
12) Комиссия айқындайтын өзге де мәліметтер көрсетілуге тиіс.
2. Тауарларға арналған декларация нысанын толтыру тәртібін айқындау кезінде Комиссия кедендік рәсімге, тауарлардың санаттарына, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін адамдарға және (немесе) тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай тауарларға арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтерді қысқартуға құқылы.
1. Транзиттік декларацияда:
1) тауарларды көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес жөнелтуші мен алушы, декларант, тасымалдаушы;
2) тауарларды жөнелтуші ел және тауарлардың межелі елі;
3) тауарлар тасымалданатын көлік құралы;
4) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес тауарлардың атауы, саны және құны;
5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кемінде алғашқы алты таңба деңгейіндегі тауарлардың коды туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде белгілі бір кезең ішінде бір немесе бірнеше көлік құралымен өткізілетін тауарларға (тауарлардың құрауыштарына) қатысты осындай тауарларға қатысты қабылданған тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімге не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімге сәйкес он таңба деңгейінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін;
6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әрбір коды бойынша тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ, егер Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде декларацияланатын тауарға қатысты қосымша өлшем бірлік белгіленген болса, қосымша өлшем бірліктердегі тауарлардың саны;
7) жүк орындарының саны;
8) көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес тауарлардың межелі пункті;
9) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы;
10) тауарлардың жоспарланатын ауыстырылып тиелуі немесе жолдағы жүк операциялары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
2. Транзиттік декларация нысанын толтыру тәртібін айқындау кезінде Комиссия тауарлардың санаттарына, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін адамдарға және (немесе) тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай транзиттік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтерді қысқартуға құқылы.
3. Осы Кодекстің 388-бабының 2-тармағында және 389-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.
Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде мұндай құжаттарда осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуға тиіс.
Егер транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын көрсетілген құжаттарда осы баптың 1-тармағында көзделген барлық мәліметтер қамтылмаса, жетіспейтін мәліметтер осындай транзиттік декларацияға қоса берілетін не кеден органына ұсынылатын онымен бірге жүретін құжаттарда қамтылуға тиіс.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты транзиттік декларацияда осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы, осындай тауарлардың құны туралы мәліметтерді және егер бұл осы Кодекске сәйкес белгіленген болса, өзге де мәліметтерді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер мәлімделеді. Комиссия транзиттік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты тауарлардың құны туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс екенін айқындауға құқылы.
5. Осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты транзиттік декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша соларға сәйкес тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларациялар туралы мәліметтер мәлімделеді.
6. Транзиттік декларациядағы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен өткізу кезінде оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
1. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға мыналар жатады:
1) тауарлармен мәмілелер жасалғанын растайтын құжаттар, ал мұндай мәміле болмаған жағдайда – тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар, сондай-ақ декларанттың иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;
2) көліктік (тасымалдау) құжаттар;
3) кедендік декларацияны беретін адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
4) тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттар;
5) тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар;
6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау кезінде пайдаланылған тауарлардың сипаттамаларын растайтын құжаттар, ол болған жағдайда тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды (тауарлардың құрауыштарын) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялаған жағдайда – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кез келген мемлекеттің кеден органы осындай тауарларға қатысты қабылдаған тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім;
7) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленгенін және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
8) кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарының сақталуын растайтын құжаттар;
9) кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің өзгергенін растайтын құжаттар;
10) тауарлардың мәлімделген кедендік құнын, оның ішінде оның шамасын және тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін растайтын құжаттар;
11) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде оларды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда – халықаралық тасымалдың көлік құралын тіркеу және оның ұлттық тиесілілігі туралы құжат;
12) тауарларды мәлімделген кедендік рәсімдермен орналастырудың шарттарын растайтын құжаттар;
13) кедендік аумақтан тысқары жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялардың мәлімделген құнын растайтын құжаттар;
14) осы Кодекстің 344-бабында көрсетілген құжаттар.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын мәліметтер қамтылмаған жағдайда, мұндай мәліметтер өзге құжаттармен расталады.
3. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар осы Кодекстің 185, 186, 187, 188, 189 және 190-баптарында айқындалған тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерін негізге ала отырып, кедендік декларацияны беру кезінде осындай құжаттар болмауы мүмкін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларация беру кезінде декларантта болуға тиіс.
1. Кедендік декларация Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.
2. Кедендік декларацияны кеден органына беру кезінде:
1) соларға қатысты осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелмей кедендік рәсіммен орналастыруға жолберілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды;
2) құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларды;
3) кедендік декларациялау осы Кодекстің 185, 187, 188 және 189-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.
3. Комиссия Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары кеден органына осындай тауарларға қатысты кедендік декларация берілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында болмауы мүмкін жағдайларды, сондай-ақ осындай жағдайларда кедендік операциялар жасаудың ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
4. Кедендік декларация берілген күн мен уақытты кеден органы тіркейді.
5. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны қағаз жеткізгіште беру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен бірге жүреді.
6. Егер транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттар пайдаланылса және осы Кодекстің 31-бабына сәйкес осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын алдын ала ақпарат ұсынылса, онда алдын ала ақпарат пен көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің арасында айырмашылық болмаған кезде мұндай транзиттік декларацияны беру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен бірге жүрмейді.
7. Тауарларға арналған декларацияны беру осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды кеден органына ұсынумен бірге жүрмейді.
Декларант тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін немесе тауарларға арналған декларацияны бергеннен кейін тауарлар шығарылғанға дейін, егер осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді кеден органы осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ала алмайтын болса, тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Тауарларға арналған декларация қағаз жеткізгіште берілген кезде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген, ұсынылуы міндетті болып табылатын мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
8. Транзиттік декларацияны беру кеден органына осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, транзиттік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүрмейді.
Кеден органына транзиттік декларацияны беру, егер осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді кеден органы ала алмайтын болса тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің берілгенін, сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүреді.
Транзиттік декларацияны қағаз жеткізгіште беру көрсетілген мәліметтерді кеден органы ақпараттық жүйелер арқылы тексере алатын жағдайларды қоспағанда, кеден органына транзиттік декларацияны беретін адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүреді.
9. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүреді.
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесін Комиссия көздеген жағдайларда Комиссия және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қысқартуы мүмкін.
10. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар, егер мұндай құжаттар бұрын осындай кеден органына кедендік операцияларды жасау кезінде немесе осы кеден органының кедендік бақылау жүргізу кезіндегі сұрау салуы бойынша ұсынылса және осы Кодекстің 405-бабына сәйкес осы кеден органында сақталып тұрған болса, кеден органына ұсынылмауы мүмкін.
Мұндай жағдайда, осы Кодексте айқындалған тұлғалар бұл құжаттар туралы мәліметтерді тауарларға арналған декларацияда көрсетеді немесе оларды кеден органдарына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге тәсілмен ұсынады.
1. Кеден органы берілген кедендік декларацияны осы баптың 5-тармағында көзделген тіркеуден бас тарту үшін негіздердің жоқтығын анықтау мақсатында оны тексеруді жүргізеді.
2. Кедендік декларацияны тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды кеден органы кедендік декларация берілген кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының бір сағатынан кешіктірмей жасайды.
3. Тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралына арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту –Комиссия айқындайтын тәртіппен, ал Комиссия реттемеген бөлікте уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделеді.
4. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделеді.
Жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілесіп жүретін құжаттар пайдаланылатын халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жүргізілмейді.
5. Кеден органы мынадай:
1) кедендік декларация кедендік декларацияны тіркеуге құқылы емес кеден органына берілген;
2) кедендік декларацияны уәкілеттік берілмеген адам берген және (немесе) оған қол қойылмаған не ол тиісінше куәландырылмаған;
3) кедендік декларациялау нысаны сақталмаған;
4) кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер көрсетілмеген және (немесе) кедендік декларация оны толтырудың белгіленген тәртібіне сәйкес толтырылмаған;
5) қағаз жеткізгіштегі кедендік декларация белгіленген нысан бойынша жасалмаған және (немесе) электрондық кедендік декларацияның немесе қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматы осындай құжаттардың белгіленген құрылымдары мен форматтарына сәйкес келмеген;
6) осы Кодекстің 180-бабының 2-тармағында көрсетілген тауарларды не осы Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, соларға қатысты кедендік декларация берілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаған;
7) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін немесе берумен бір мезгілде жасалуға тиіс әрекеттер жасалмаған;
8) кедендік декларацияны бергенге дейін немесе оны берумен бір мезгілде сақталуға тиіс, осы Кодекстің 188, 189-баптарында айқындалған тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмаған;
9) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген жағдайларды, кедендік алымдар осы Кодекстің 80-бабына сәйкес төленбейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбеген негіздер бойынша кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады.
6. Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды ресімдеген кезде кеден органы осы баптың 5-тармағында көзделген мұндай бас тартудың негіздерін көрсетеді.
Қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияны тіркеуден бас тартылған жағдайда, егер кедендік декларацияны беру құжаттар ұсынумен бірге жүрсе, мұндай кедендік декларация және оны беру кезінде ұсынылған құжаттар декларантқа немесе кеден өкіліне қайтарылады, бұл ретте кедендік декларацияның бір данасы кеден органында қалады.
7. Егер кедендік декларацияны кеден органы тіркемеген жағдайда, мұндай декларация кедендік мақсаттар үшін берілмеген болып есептеледі.
8. Кедендік декларация тіркелген кезден бастап заңдық мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.
9. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелертехникалық іркілістерден, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет) жұмысының бұзылуынан, электр энергиясының сөндірілуінен жарамсыз болған жағдайда, кеден органы қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түрінің құрылымы мен форматының белгіленген құрылым мен форматқа сәйкестігіне қатысты осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негізді қоспағанда, тіркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде қағаз жеткізгіште берілген кедендік декларацияны ақпараттық жүйелерді пайдаланбай тіркеуді жүзеге асырады.
Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер жарамсыз болған кезде кедендік декларацияны тіркеуге не осындай тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің ерекшеліктерін уәкілетті орган айқындайды.
1. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер кеден органының рұқсатымен, егер кеден органы декларанттың өтінішін алатын кезге қарай осы Кодекстің 410-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратпаса, оны кедендік жете тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе, кедендік қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдамаса және (немесе) кедендік сараптама жүргізуді тағайындамаса, тауарлар шығарылғанға дейін өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелеріне қарамастан, декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен, егер кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) декларацияланатын тауарлардың тұрған жері туралы мәліметтерді өзгертуге не тауарларды шығаруға әсер етпейтін қатемен жазылуды немесе грамматикалық қателерді түзетуге байланысты болса, тауарлар шығарылғанға дейін осындай өзгеріске (толықтыруға) рұқсат етіледі.
Тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы тіркелген кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардан өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келмейді.
Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін тауарлар шығарылғанға дейін Комиссия айқындайды.
2. Егер кедендік бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес оларды жойған кезде тауарлар шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылмайтын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының бұзушылықтары анықталған және кеден органы осындай бұзушылықтарды жою үшін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажеттігін белгілеген жағдайда, мұндай мәліметтерді декларант кеден органының талап етуі бойынша, осы Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде өзгертуге (толықтыруға) тиіс.
Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талаптың нысанын тауарлар шығарылғанға дейін Комиссия айқындайды.
3. Тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерді өзгерту (толықтыру) осы Кодексте көзделген және (немесе) Комиссия айқындайтын жағдайларда кеден органының шешімі бойынша не кеден органының рұқсатымен жүргізіледі.
Кеден органының тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімінің нысанын тауарлар шығарылғаннан кейін Комиссия айқындайды.
Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерін өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау мерзімдері мен тәртібін тауарлар шығарылғаннан кейін Комиссия айқындайды.
4. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияның электрондық түріндегі мәліметтерін өзгерту (толықтыру) үшін тауарларға арналған декларацияны түзету қолданылады, оған Комиссия айқындайтын, мәліметтер осы кедендік құжатты қолданбай өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін жағдайлар жатпайды.
Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны түзетудің және қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетудің электрондық түрінің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.
5. Тауарларға арналған декларацияны түзету тауарларға арналған осындай декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Егер Комиссия өзгеше айқындамаса, қағаз жеткізгіштегі тауарларға арналған декларацияны түзетуді беру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен бірге жүреді.
6. Комиссия тауарлар шығарылғаннан кейін транзиттік декларацияда, жолаушыларға арналған кедендік декларацияда және көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді және қағаз жеткізгіштердегі осындай кедендік декларациялардың электрондық түрлеріндегі мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жүргізілетін жағдайларды, сондай-ақ осындай кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу мерзімдері мен тәртібін, осындай кедендік декларацияларда мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) кедендік құжаттардың нысандарын, электрондық құжаттар түріндегі осындай кедендік құжаттардың және қағаз жеткізгіштердегі осындай кедендік құжаттардың электрондық түрлерінің құрылымдары мен форматтарын, сондай-ақ оларды толтыру тәртібін айқындауға құқылы.
Егер Комиссия өзгеше айқындамаса, кедендік декларацияның көрсетілген түрлерінде мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) қағаз жеткізгіштегі кедендік құжатты беру кеден органына оның электрондық түрін ұсынумен бірге жүреді.
Транзиттік декларацияда, жолаушыларға арналған кедендік декларацияда және көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) кедендік құжаттар кедендік декларацияның көрсетілген түрлерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
1. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша осы Кодекстің 389-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға арналған транзиттік декларацияны қоспағанда, шетелдік тауарларға арналған тіркелген кедендік декларацияны ол кеден органы тауарларды шығарғанға дейін кері қайтарып алуы мүмкін.
2. Кедендік декларация кері қайтарып алынған кезде жаңа кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі шегінде берілуге тиіс.
3. Кедендік декларация осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде берілмеген кезде тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
4. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша осы Кодекстің 389-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға арналған тіркелген транзиттік декларацияны ол кеден органы тауарларды шығарғанға дейін не кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде шыққанға дейін кері қайтарып алуы мүмкін.
5. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына арналған тіркелген кедендік декларацияны ол Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлар іс жүзінде шыққанға дейін, оның ішінде осы баптың 6-тармағын ескере отырып, кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін кері қайтарып алуы мүмкін.
6. Декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген өтініші бойынша еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің немесе еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ол экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына арналған кедендік декларацияны, егер осындай тауарлар:
1) АЭА аумағында немесе еркін қойма аумағында болса, оның ішінде кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін сонда болса;
2) осы Кодекстің 287-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына және 296-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес осындай тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастыруға кедендік декларацияны бір мезгілде берген жағдайда, АЭА аумағынан тысқары немесе еркін қойма аумағынан тысқары жерлерде болса және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде шықпаған болса кері қайтарып алуы мүмкін.
7. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға кеден органының рұқсатымен жол беріледі. Кеден органының рұқсаты не осындай рұқсатты беруден бас тарту электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделеді.
Егер декларанттың өтінішін алғанға дейін кеден органы декларантты кедендік декларацияда мәлімделген тауарларға кедендік жете тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе, кедендік декларацияда мәлімделген тауарларға кедендік қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдамаса, кедендік сараптама жүргізуді тағайындамаса және (немесе) әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа алып келетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының бұзушылықтарын анықтамаса, кедендік декларацияны кері қайтарып алуға жол беріледі.
Тауарларға кедендік қарап-тексеру, тауарларды кедендік жете тексеру жүргізілгеннен, кедендік сараптама нәтижелері алынғаннан кейін кедендік декларация, егер оларды жүргізу нәтижелері бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа алып келетін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының бұзушылықтары белгіленбесе, кері қайтарылып алынуы мүмкін.
8. Осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері осы Кодекстің 187-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу кезінде қолданылмайды.
Осы Кодекстің 187-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда тауарларға арналған декларация декларанттың электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген өтініші бойынша кері қайтарып алынады.
1. Алдын ала декларациялау кезінде шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация, егер осындай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жағдайларда, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін немесе тауарлар жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгенге дейін беріледі.
2. Алдын ала кедендік декларациялау кезінде өзінің сипаты бойынша кедендік декларацияны беру кезінде декларантқа белгісіз болуы мүмкін мынадай:
1) тауарлар тасымалданатын көліктің түрі туралы мәліметтерден басқа, тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы;
2) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы;
3) кедендік декларацияның түріне және (немесе) тауарлар санаттарына және олар тасымалданатын көліктің түріне байланысты Комиссия айқындайтын өзге де мәліметтерді қоспағанда, кедендік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуге тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген, алдын ала кедендік декларациялау кезінде мәлімделмеген не мәлімделген, бірақ нақтылауға жататын мәліметтер осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін өзгертілуге (толықтырылуға) тиіс.
4. Тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін не жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгеннен кейін алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар – кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылуға, ал су кемелерімен өткізілетін тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардың келу орнында болуға тиіс.
Декларант кедендік декларацияны тіркеген кеден органын тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы не су көлігімен өткізілетін тауарлардың келу орнында тұрғаны туралы хабардар етуге, кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы мәлімделмеген не нақтыланған мәліметтерді ұсынуға немесе кеден органын осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екені туралы хабардар етуге міндетті.
Егер алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданған жағдайда, декларант кедендік декларацияны тіркеген кеден органын кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы хабардар етеді.
5. Алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар:
1) осы Кодекстің 192-бабының 4-тармағына сәйкес тауарларды келу орындарына шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері қолданылған;
2) уәкілетті орган айқындаған өзге де жағдайларда кедендік декларацияны тіркеген кеден органынан өзгеше кеден органы қызметінің өңіріндегі кедендік бақылау аймағында орналастырылуы (болуы) мүмкін.
6. Алдын ала кедендік декларациялау кезінде кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) кедендік құжатты тіркеген не кеден органы тауарларға арналған декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігінің жоқ екені туралы хабарламаны тіркеген күнге қолданылатын тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.
7. Кеден органы, егер кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде:
1) тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылмаса;
2) су кемелерімен тасымаланатын тауарларға қатысты кеден органы осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсат бермесе;
3) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы хабардар етілмесе;
4) кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтер ұсынылмаған не кеден органы осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екені туралы хабардар етілмесе, тауарларды шығарудан бас тартады.
8. Егер тауарларды шығару мерзімі ұзартылған не тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, декларант осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.
9. Комиссия осы бапта реттелмеген бөлігінде жеке пайдалануға арналған тауарларды, халықаралық тасымалдау көлік құралдарын, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындауға құқылы.
1. Толық емес кедендік декларациялау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты жүзеге асырылады.
2. Толық емес кедендік декларациялау кезінде көрсетілмеуі мүмкін мынадай:
1) тауарларды алушы туралы;
2) тауарлардың межелі елі және (немесе) сауда жасайтын ел туралы;
3) декларацияланатын тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары туралы;
4) тауарлардың орамалары туралы (саны, түрі, таңбалануы және реттік нөмірлері) мәліметтерді қоспағанда, осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуге тиіс.
3. Кедендік декларациялануы осы бапқа сәйкес жүзеге асырылған тауарлар шығарылғаннан кейін декларант тауарлар шығарылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтерді кеден органына ұсынуға міндетті.
4. Осы баптың ережелері уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты қолданылмайды.
1. Мерзімдік кедендік декларациялау мынадай шарттар жиынтығында сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) тауарларға арналған декларация – бір мәміле бойынша міндеттемелерді орындау есебіне жеткізу кезеңі ішінде екі немесе одан да көп партиямен – өткізілетін барлық тауарларға қатысты, ал мәміле болмаған кезде тауарларды иелену, пайдалану немесе оларға билік ету құқығын растайтын бір құжат бойынша немесе қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы бір құжат бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы беріледі;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы екі немесе одан да көп партиямен өткізілетін тауарларда беру кезеңі ішінде әрбір келесі партияда Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес он таңба деңгейінде бірдей коды (бірдей кодтары) болады;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы беру кезеңі ішінде екі немесе одан да көп партиямен өткізілетін барлық тауарлар:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген кезде – дәл сол бір өткізу пункті арқылы өткізіледі және осындай тауарларды кедендік декларациялау дәл сол бір кеден органында жүргізіледі;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде – осындай тауарларды кедендік декларациялау дәл сол бір кеден органында жүргізіледі.
2. Тауарларға арналған декларация мәлімделетін беру кезеңі басталғанға дейін беріледі. Беру кезеңі деп декларант мәлімдейтін кезең түсініледі, ол күнтізбелік отыз бір күннен аспайды және ол кезеңде:
1) кеден органына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды көрсету;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеп-жөнелту (тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыға не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында тауарларды халықаралық тасымалдауды басқа көлік құралына тией отырып (ауыстырып тией отырып) жүзеге асырған кезде бірінші тасымалдаушыға тауарларды тапсыру) жоспарланады.
3. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген саннан асатын санда тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол берілмейді.
4. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер тауарларға арналған декларацияны беру кезінде өзінің сипаты бойынша декларантқа белгісіз болуы мүмкін мынадай:
1) тауарлар тасымалданатын көліктің түрі туралы мәліметтерден басқа, тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы;
2) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы;
3) Комиссия тауарлар санаттарына және олар тасымалданатын көліктің түріне қарай айқындайтын өзге де мәліметтерді қоспағанда, мәлімделген беру кезеңі ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу жоспарланған тауарлардың санын негізге ала отырып мәлімделуге тиіс.
5. Кедендік декларациялануы осы бапқа сәйкес жүзеге асырылған тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін декларант кеден органына:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелінген беру кезеңі аяқталған;
2) тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың бүкіл партиясы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген күннен кейінгі күннен бастап бір айдан кешіктірмейтін мерзімде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтерді, сондай-ақ тауарлардың іс жүзіндегі саны туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) әкелінген немесе әкетілген тауардың іс жүзіндегі санын ескере отырып жүзеге асырылады.
6. Мерзімдік кедендік декларациялау жүзеге асырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған тауарлар беру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап алты ай ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.
Көрсетілген мерзімді тауарларды шығарған кеден органы декларанттың уәжді өтініші бойынша ол өткен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
7. Егер мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлар мәлімделген кезең ішінде тауарларға арналған осындай декларацияны тіркеген кеден органына ұсынылмаған не осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілмеген жағдайда тауарларға арналған мұндай декларация осы Кодекстің 184-бабының 8-тармағына сәйкес кері қайтарып алынуға тиіс.
8. Декларант белгіленген мерзімдерде осы баптың 7-тармағына сәйкес декларацияны кері қайтарып алу бойынша әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда кеден органы осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күшін жояды.
9. Кеден органы мерзімдік кедендік декларациялауды:
1) тауарларды болжамды өткізу мерзімдік кедендік декларациялау үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай келмесе;
2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі бар тұлғаларға;
3) банкроттық туралы іс қозғалған тұлғаларға қолданудан бас тартады.
10. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде кедендік баждар, салықтар беру кезеңі басталғанға дейін берілген тауарларға арналған декларация бойынша тауарлар шығарылғанға дейін төленеді.
11. Кеден органы мәлімделген берудің бүкіл кезеңі ішінде тауарлардың әрбір беру партиясының өткізілуін іс жүзінде есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.
Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.
1. АЭА, еркін қойма аумағына әкелінетін немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын мерзімдік кедендік декларациялауға мынадай шарттар жиынтығында сақталған кезде:
1) тауарларға арналған декларация беру кезеңі ішінде екі немесе одан да көп партиямен міндеттемелерді орындау есебіне АЭА, еркін қойма аумағына әкелінетін немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың барлық тауарларына қатысты – бір мәміле бойынша, ал мәміле болмаған кезде тауарларды иелену, пайдалану немесе оларға билік ету құқығын растайтын бір құжат бойынша берілгенде;
2) беру кезеңі ішінде екі немесе одан да көп партиямен АЭА, еркін қойма аумағына әкелінетін немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының әрбір келесі партияда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес он таңба деңгейінде бірдей коды (бірдей кодтары) болғанда;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың барлық тауарлары бір АЭА, еркін қойма аумағына әкелінсе немесе бір АЭА, еркін қойма аумағынан әкетілсе;
4) АЭА, еркін қойма аумағына әкелінетін немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік декларациялау дәл сол бір кеден органында жүргізілгенде жол беріледі.
2. Тауарларға арналған декларация мәлімделетін беру кезеңі басталғанға дейін беріледі. Беру кезеңі деп декларант мәлімдейтін кезең түсініледі, ол күнтізбелік отыз бір күннен аспайды және ол кезеңде:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кеден органына көрсету;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеп-жөнелту (тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыға не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында тауарларды халықаралық тасымалдауды басқа көлік құралына тией отырып (ауыстырып тией отырып) жүзеге асырған кезде бірінші тасымалдаушыға тапсыру) жоспарланады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мөлшерден асатын мөлшерде АЭА, еркін қойма аумағына әкелуге немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетуге жол берілмейді.
4. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияны беру кезінде осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер өзінің сипаты бойынша декларантқа белгісіз болуы мүмкін мынадай:
1) тауарлар тасымалданатын көліктің түрі туралы мәліметтерден басқа, тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы;
2) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы мәліметтерді қоспағанда, мәлімделген беру кезеңі ішінде АЭА, еркін қойма аумағына әкелуге немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетуге жоспарланған тауарлардың мөлшеріне сүйене отырып мәлімделуге тиіс.
5. Кедендік декларациялау осы бапқа сәйкес жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін декларант кеден органына жетіспейтін мәліметтерді, сондай-ақ тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының іс жүзіндегі саны туралы мәліметтерді тауарлар АЭА, еркін қойма аумағына әкелінген немесе АЭА, еркін қойма аумағынан әкетілген беру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
6. Осы бапқа сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау кезінде берілген тауарларға арналған декларация, егер мәлімделген жеткізу кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәлімделген кезең ішінде:
1) АЭА, еркін қойма аумағына әкелу кезінде – кеден органына көрсетілмесе;
2) АЭА, еркін қойма аумағынан әкету кезінде – АЭА, еркін қойма аумағынан іс жүзінде әкетілмесе, осы Кодекстің 184-бабының 5-тармағына сәйкес кері қайтарып алынуға тиіс.
7. Декларант тауарларға арналған декларацияны кері қайтарып алу бойынша әрекеттерді осы баптың 6-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырмаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күшін жояды.
8. Кеден органы осы бапқа сәйкес мерзімдік кедендік декларациялауды:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын болжамды өткізу мерзімдік кедендік декларациялау үшін белгіленген талаптарға сай келмегенде;
2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі бар тұлғаларға;
3) соларға қатысты банкроттық туралы іс қозғалған тұлғаларға қолданудан бас тартады.
9. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде беру кезеңі басталғанға дейін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы қолданылады.
10. Кеден органы мәлімделген берудің бүкіл кезеңі ішінде тауарларды әрбір беру партиясының өткізілуін іс жүзіндегі есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.
1. Мынадай:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген;
2) тауарларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда тауарларға арналған уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде кедендік операциялар жасалатын немесе жөнелтілетін орыннан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келетін немесе әкелінетін орыннан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарларды беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңі күнтізбелік айдан аспауға тиіс (бұдан әрі осы бапта – беру кезеңі). Бұл ретте осы Кодекстің 375-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде орналасқан есепке алу құралдарын орнату орындары құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды жөнелту немесе әкелу орындары болып табылады.
Тауарларға арналған уақытша декларацияны кеден органдары беру басталғанға күнтізбелік он бес күн қалғанда ғана қабылдайды.
3. Тауарлар берілгеннен кейін декларант осы тармаққа сәйкес тауарларға арналған толық декларацияны беруге міндетті.
Тауарларға арналған толық декларацияны беру тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген тауарларды беру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Декларанттың уәжді жолданымы бойынша толық декларацияны (толық декларацияларды) беру мерзімін кеден органы беруді аяқтауға қажетті, бірақ қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың іс жүзінде әкетілгенін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларация осындай тауарлардың іс жүзінде әкелінгенін растайтын құжат болып табылады.
5. Тауарларға арналған уақытша декларацияда тауарлардың болжамды саны, соның негізінде тауарларды өткізу жүзеге асырылатын шартта (келісімшартта) көзделген тауарлардың есептік бағасы негізінде айқындалған беру күніндегі олардың алдын ала кедендік құны туралы мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі.
Егер көлік құралдары туралы мәліметтер уақытша кедендік декларацияны беру кезінде белгісіз болса, осындай мәліметтер уақытша кедендік декларациялау кезінде көрсетілмейді.
Өткізілген тауарлардың саны тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген саннан аспауға тиіс.
6. Уақытша кедендік декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері, кедендік декларациялау үшін кедендік алымдардың мөлшерлемелері, салықтардың мөлшерлемелері, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, кеден органы тауарларға арналған уақытша декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын валюта бағамдары қолданылады.
7. Егер уақытша кедендік декларацияны беру кезінде нақты сатып алушы (алушы) айқындалмаса, онда декларант іс жүзіндегі сатып алушылардың (алушылардың) саны бойынша кейіннен бірнеше толық кедендік декларацияны ұсына отырып, бір шарт (келісімшарт) шеңберінде тауарлар беруге арналған бір уақытша кедендік декларация береді.
8. Кедендік баждарды, салықтарды уақытша кедендік декларацияны беру кезінде кеден органдары тауарларды шығарғанға дейін төлейді. Егер төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді нақтылау нәтижесінде көбейсе, қосымша ақы төлеу тауарларға арналған толық декларацияны берген кезде, оларды кеден органдары шығарғанға дейін жүзеге асырады. Көрсетілген жағдайда өсімпұлдар есептелмейді. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Егер осы баптың 3-тармағының екінші немесе үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер өткен соң беру кезеңі өткен соң тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілмесе, онда осындай тауарлар мәлімделген тауарларға арналған уақытша декларация осы Кодекстің 184-бабында айқындалған тәртіппен кері қайтарып алуға жатады.
Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы белгіленген кезең ішінде жекелеген құрауыштар түрінде өткізілетін құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың кодына сәйкес келетін коды көрсетіле отырып, мұндай тауардың құрауыштарына қатысты тауарларға арналған бірнеше декларацияны беру арқылы декларациялануы мүмкін.
Тауардың құрауышы деп осы Кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімде (бұдан әрі осы бапта – тауарларды сыныптау туралы шешім) осындай бөлік ретінде көрсетілген тауардың жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі құрауыш бөлігі түсініледі.
2. Осы бапта белгіленген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен, экспорт кедендік рәсімімен, кедендік қойма кедендік рәсімімен, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен, еркін қойма кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен және кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған кезде қолданылады.
3. Осы бапта белгіленген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) тауарларға қатысты тауарларды сыныптау туралы шешім берілген;
2) тауарларды сыныптау туралы шешім берілген тұлға тауар құрауыштарының декларанты болып табылған;
3) тауардың барлық құрауышын кедендік декларациялауды бір кеден органына жүзеге асырылған;
4) тауардың құрауыштары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір алушының мекенжайына әкелінетін немесе осындай аумақтан бір жөнелтушіден әкетілетін;
5) тауардың құрауыштары бір мәміленің шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедежеткізілімідік аумағына әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін жағдайда қолданылады.
4. Тауарларды сыныптау туралы шешімді алғаннан кейін тауардың бірінші құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін декларант кеден органына уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша және тәртіппен тауар құрауыштарының жоспарланып отырған берулері туралы хабарлама береді.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік тауарлар әкелінген кезде тауардың құрауыштарын кедендік декларациялау осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Тауардың құрауыштарын кедендік декларациялау кезінде осы бапқа сәйкес жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауарға қатысты белгіленген және тауардың құрауыштарына қатысты тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданылатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері, салық мөлшерлемелері, кедендік әкету баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.
7. Жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың соңғы құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация көрсетілген мерзімді ұзарту жағдайларын қоспағанда, осындай тауардың бірінші құрауышына қатысты тауарларға арналған декларация тіркелген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде берілуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді кеден органы декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауардың барлық құрауышын толық жеткізу үшін қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін (бұдан әрі осы бапта – мерзімді ұзарту туралы өтініш). Көрсетілген өтінішті декларант осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін береді.
Мерзімді ұзарту туралы өтінішке осындай ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттар, сондай-ақ сыныптау туралы шешімді берген уәкілетті органның осындай шешімді қолдану мерзімін ұзарту туралы мәліметтер қоса берілуге тиіс.
Кеден органының мерзімді ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі көрсетілген өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап есептелетін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
8. Егер осы баптың 7-тармағына сәйкес белгіленген, тауардың соңғы құрауышына қатысты тауарларға арналған декларацияны беру мерзімі бұзылған және (немесе) егер осындай мерзім аяқталғанға дейін тауарларды сыныптау туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылған не кері қайтарып алынған жағдайда, осындай шешімнің қолданылуы тоқтатылғанға дейін не ол кері қайтарып алынғанға дейін шығарылған тауардың құрауыштарына қатысты тауарларға арналған декларациялардағы мәліметтерге Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың кодын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар құрауыштарының кодтарымен ауыстыруға байланысты тиісті өзгерістер (толықтырулар) енгізіледі.
Тауардың құрауыштарына қатысты тауарларға арналған декларациядағы мәліметтерге өзгерістерді (толықтыруларды) декларант осы Кодекстің 183-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен осы баптың 7-тармағына сәйкес белгіленген мерзім өткен немесе егер тауарларды сыныптау туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылған немесе осындай шешім осы баптың 7-тармағына сәйкес белгіленген мерзім өткеннен басқа өзге негіздер бойынша кері қайтарып алынған болса, декларантқа тауарларды сыныптау туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылатыны не кері қайтарып алынатыны туралы хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде енгізеді.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін және оларға кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.
1. Тұлға тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын немесе Одақ туралы шартқа және (немесе) осы Кодекске сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау сияқты шарт тауарлар шығарылғаннан кейін расталуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтаған кезде кеден органы тауарларды шығаруды жүргізеді.
2. Тауарларды шығару кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжатты қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияда немесе қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.
3. Тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды кеден органы осы Кодекстің 193-бабында көзделген мерзімдерде немесе осы Кодекстің 193-бабының 10-тармағына сәйкес Комиссия белгілеген мерзімдерде – Комиссия айқындаған тәртіппен, ал Комиссия реттемеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасайды.
4. Осы Кодекстің 185-бабына сәйкес берілген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалану кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес алдын ала ақпарат ретінде тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған жағдайларда келу орындарында тауарларға арналған осындай декларация бойынша тауарларды шығаруға және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға жол беріледі.
Осы Кодекстің 185-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны беру кезінде осы Кодекстің 185-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілейтін өзге де жағдайларда, тауарларға арналған декларацияны тіркеген кеден органынан өзгеше кеден органының қызмет аймағындағы тауарларға қатысты тауарларға арналған осындай декларация бойынша тауарларды шығаруға және тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.
5. Осы Кодекстің 184-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында, 187-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстің 187-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда кедендік декларацияны кері қайтарып алған кезде кеден органы тауарларды шығарудың күшін жояды.
Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда уәкілетті орган декларанттың уәжді өтініші бойынша кеден органы тауарларды шығарудың күшін жоюы мүмкін жағдайлар мен шарттарды айқындауы мүмкін.
Тауарларды шығарудың күшін жою кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық құжат қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияда тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.
Тауарларды шығарудың күшін жоюға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін – Комиссия, ал Комиссия реттемеген бөлігінде уәкілетті орган айқындайды.
6. Тауарларға арналған декларацияда екі және одан көп тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген жағдайда, кеден органы оларға қатысты осы баптың 1-тармағында көзделген шығару шарттары сақталған тауарларды шығаруды жүргізеді.
7. Кеден органы – тауарларды шығару жүргізілген тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғаны, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда, кеден органының ақпараттық жүйесі мен осындай тұлғалардың ақпараттық жүйелері өзара іс-қимыл жасаған кезде өзге де тұлғаларды кеден органының тауарларды шығару кезінен бастап есептелетін жұмыс уақытының үш сағатынан кеш емес мерзімде электрондық нысанда тауарларды шығару туралы хабардар етеді.
8. Осы Кодекстің 194, 195, 196 және 202-баптарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдау көлік құралдары мен керек-жарақтарға қатысты тауарларды шығару осы Кодекстің 194, 195, 196 және 202-баптарында және 39, 40 және 41-тарауларында айқындалған тауарлар шығару бойынша кедендік операцияны жасау шарттары және (немесе) ерекшеліктері ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.
9. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда кеден органы тауарлар шығаруды осы бапқа сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай халықаралық шарттарында көзделген коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарда тауарларды шығару туралы не тауарларды шығару туралы белгілер қойылған коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тауарларды шығарудың күшін жою туралы белгілер қою арқылы жүргізеді.
1. Тауарларды шығаруды кеден органы – кедендік декларация тіркелген кезден бастап не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде, ал, егер кедендік декларация кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз уақыт қалғанда басталған жағдайларда, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде аяқтауға тиіс.
2. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде осы бапта көзделген тауарларды шығару мерзімдері мынадай мән-жайлардың бірі:
1) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы тауарларды кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастыру туралы хабарламаны алған кезде, ал су кемелері тасымалдайтын тауарларға қатысты, – кеден органы осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсат берген болса, – кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру);
2) кедендік декларацияны тіркеген кеден органының тауарларды кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастыру туралы хабарламаны алуы, ал су кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты – кеден органы берілген кедендік декларацияға өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігінің жоқ екендігі туралы хабардар етілген не өзгерістер (толықтырулар) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге кеден органы тауарларды кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағына орналастыру туралы хабарламаны алғанға немесе осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында түсіруге рұқсатты алғанға дейін енгізілген жағдайда осы Кодекстің 185-бабының 4-тармағына сәйкес оларды кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында түсіруге арналған рұқсатты кеден органының беруі басталған кезден бастап есептеледі.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыттың ішінде мынадай мән-жайлардың бірі:
1) кеден органының осы Кодекстің 410-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салуы және (немесе) кедендік бақылауды өзге нысандарда жүргізу туралы не кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешім қабылдауы;
2) декларанттың кеден органына осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы уәжді өтінішпен жүгінуі;
3) декларанттың кеден органының осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындамауы басталса, тауарларды шығару кедендік декларация тіркелген күннен не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларды шығару мерзімі:
1) осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу немесе басталған кедендік бақылауды аяқтау;
2) кеден органының осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындау;
3) осы Кодекстің 195 және 196-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну үшін қажет уақытқа ұзартылуы мүмкін.
5. Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен ұзартылады.
6. Тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде тауарларды шығаруды кеден органы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде тауарларды шығаруды кеден органы транзиттік декларация тіркелген күннен не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
7. Егер кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған және осы Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарларды шығаруды осы Кодекстің 195-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап осындай тексеруді жүргізу мерзіміне ұзартылады.
8. Егер кедендік сараптама тағайындалған және оны аяқтау үшін осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімге қарағанда анағұрлым ұзақ мерзім қажет болған және осы Кодекстің 196-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не осы Кодекстің 196-бабына сәйкес тауарларды шығаруды осы Кодекстің 196-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап кедендік сараптаманы жүргізу мерзіміне ұзартылады.
9. Тауарларды шығару мерзімі осы баптың 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес ұзартылған кезде кеден органы декларантқа немесе кеден өкіліне рұқсат берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды шығару мерзімін ұзарту негіздерін көрстее отырып, осындай ұзарту туралы хабарлама жібереді.
10. Комиссия осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге қарағанда тауарларды шығарудың ұзақтығы азырақ мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
11. Тауарларды шығару мерзімі осы Кодекстің 198-бабына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін.
1. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін мыналар тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін:
1) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Комиссия осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағына сәйкес айқындаған тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарлар. Осы тармақшаның мақсаттары үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осындай уәкілетті органдардың бірлескен актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарлардың тізбесін уәкілетті органға жібереді;
3) Комиссия бекітетін тізбе бойынша, Комиссия айқындайтын өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың жекелеген санаттары әкелетін тауарлардың санаттары.
2. Тауарлар кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсіміне, еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне, еркін қойма кедендік рәсіміне, кедендік баждарды, салықтарды төлемей, уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсіміне сәйкес, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделуі мүмкін.
3. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлардың шығарылуына тауарларды мәлімдеген кезде тауарларға арналған декларацияны беру кезінде тауарлар декларанты болатын тұлға кеден органына тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде тауарларды шығару туралы өтініш береді.
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тауарлар декларанты болатын тұлға (осы бапта бұдан әрі – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлға) береді.
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш декларант болатын тұлға, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және декларант болатын тұлғаның тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішінің түріне, декларант болатын тұлғаға, тауарлардың санаттарына және кедендік рәсімдерге қарай Комиссия айқындайтын тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің нысанын, осындай өтініштің электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.
4. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілетін өтінішпен бірге:
1) соларды сақтаған кезде осы баптың 13-тармағына сәйкес кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруды жүргізетін шарттардың сақталуын растайтын құжаттар;
2) тауарларды жөнелтуші және алушы, тауарларды жөнелтуші ел және олардың межелі елі туралы, тауарлар (атауы, тауар белгісі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектісі болып табылатын тауардың шығарылған жерінің атауы, сипаттамасы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты таңбадан аз емес деңгейдегі коды, саны, брутто салмағы және құны) туралы мәліметтерді қамтитын коммерциялық немесе өзге де құжаттар ұсынылуға тиіс. Осы тармақшада көрсетілген құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған кезде, мұндай мәліметтер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште көрсетіледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілетін құжаттарды, егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес алуға болатын болса, кеден органына ұсынбауға болады.
6. Егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді кеден органы осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес ала алмайтын болса, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы электрондық құжат түрінде берілетін өтінішті беру тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің берілгенін растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүреді.
7. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы және кейіннен тауарларға арналған декларация берілетін кеден органына беріледі.
8. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығаруға тауарлар мәлімделген кезде осындай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.
9. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін, оның ішінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште анық емес мәліметтерді көрсеткені, жарамсыз құжаттарды, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтер бар құжаттарды ұсынғаны, белгіленген мерзімде тауарларға арналған декларацияны тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
10. Кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті осындай өтініш берілген кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының бір сағатынан кешіктірмей – Комиссия айқындайтын тәртіппен, ал Комиссия реттемеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.
11. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген кезінен бастап заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.
12. Кеден органы мынадай негіздер бойынша:
1) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш кедендік декларацияларды тіркеуге құқылы емес кеден органына берілсе;
2) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті уәкілеттік берілмеген адам берсе не оған тиісінше қол қойылмаса немесе куәландырылмаса;
3) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш қағаз жеткізгіште белгіленген нысанда жасалмаса, өтініштің электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматы осындай өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмесе;
4) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес көрсетуге жататын мәліметтер көрсетілмесе;
5) қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілетін тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішпен бірге осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар берілмесе;
6) электрондық құжат түрінде берілетін тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішпен бірге осы баптың 6-тармағына сәйкес құжаттар берілмесе;
7) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген күні осындай өтінішті берген тұлғаның осы баптың 16-тармағында және осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін бұрын шығарылған тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны беру жөнінде орындалмаған міндетінің болуы;
8) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болмаса, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеуден бас тартады.
13. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлға:
1) егер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті уәкілетті экономикалық оператор берген болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерін немесе осы Кодекстің 540-бабының 1-тармағының ережелерін сақтаған;
2) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу шарттарын, сондай-ақ Одақ туралы шартқа және (немесе) осы Кодекске сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау сияқты шарт тауарларды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтаған;
3) осы баптың 14-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, сондай-ақ осы Кодекстің 540-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру талап етілмейтін жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген жағдайда жүргізеді.
14. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру:
1) дүлей зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қажетті тауарларға;
2) бейбітшілікті қолдау жөніндегі акцияларды орындау үшін не оқу-жаттығулар жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімге;
3) гуманитарлық және техникалық көмекке;
4) Қазақстан Республикасының валютасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін шетелдік валютаға, өзге де валюталық құндылықтарға, бағалы металдарға, оның ішінде алтынға;
5) егер осындай тауарлар Одақ туралы шартқа сәйкес кедендік әкелу бажын төлеуден босатылатын жағдайда, авиациялық қозғалтқыштарға, азаматтық жолаушылар ұшақтарын және (немесе) оларға авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға;
6) тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған өзге де тауарларға қатысты талап етілмейді.
15. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 10-тарауына және 139-бабына сәйкес беріледі.
16. Осы бапқа сәйкес шығаруы жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлға тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей не осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында айқындалған мерзімде беруге тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзімді есептеу осы Кодекстің 6-бабы 6-тармағының ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.
17. Кеден органы осы Кодекстің 182-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны тексеру және осы баптың 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды шығарған кезде сақталмаған тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтау нәтижелері бойынша электрондық құжатты жасайды және декларантқа жібереді не қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларацияға және (немесе) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәліметтер бар коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тиісті белгілер қояды.
18. Кедендік операцияларды жасау және тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері және кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген күнге қолданыста болатын валюталар бағамы қолданылады.
19. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару осы Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару мерзімдері тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген күннен бастап есептеледі.
20. Егер Комиссия өзгеше көздемесе, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
21. Декларанты уәкілетті экономикалық оператор болатын тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 540-бабы ескеріле отырып жасалады.
1. Тауарларды шығару мерзімдерінде аяқталуы мүмкін болмайтын кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығаруды кеден органы кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарларға арналған декларацияда есептелген мөлшерде төленген және осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 104-бабының 3 және 4-тармақтарына және 139-бабының 4 және 7-тармақтарына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген жағдайда жүргізеді.
2. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету:
1) уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты болған;
2) тәуекелдерді басқару жүйесі айқындайтын өзге де жағдайларда берілмейді.
3. Егер кедендік операцияларды декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша кеден өкілі жасаған және мұндай кеден өкілі осы Кодекстің 494-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша декларантпен бірге ортақ міндетті болған жағдайда, кеден өкілі мынадай:
1) тауарлар шығарылған күні кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегінің және (немесе) тауарларға арналған декларация тіркелген күнге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегінің болмауы, сондай-ақ кеден органының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша берешекті және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешекті өндіріп алуды қолдану фактілерінің болмауы;
2) декларант құжаттар мен мәліметтерді ұсынбаған және (немесе) кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалу қажеттігіне алып келетін шешім қабылдаған жағдайларда, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау туралы міндеттемені кеден органына беру шарттарын;
3) Комиссия айқындайтын өзге де шарттарды сақтаған кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілмейді.
4. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 10-тарауына және 139-бабына сәйкес беріледі.
5. Осы баптың 1-тармағының ережелері кеден органы тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзге түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған және декларант олардың сақталуын растамаған жағдайда қолданылмайды.
1. Тауарларды шығарғанға дейін тағайындалған кедендік сараптаманың нәтижелері алынғанға дейін тауарларды шығаруды кеден органы кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарға арналған декларацияда есептелген мөлшерде төленген және осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 104-бабының 3 және 4-тармақтарына және 139-бабының 4 және 7-тармақтарына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілген жағдайда жүргізеді.
2. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету:
1) уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты болған;
2) тәуекелдерді басқару жүйесі айқындайтын өзге де жағдайларда берілмейді.
3. Егер кедендік операцияларды декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша кеден өкілі жасаған және мұндай кеден өкілі осы Кодекстің 494-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша декларантпен бірге ортақ міндетті болған жағдайда, кеден өкілі мынадай:
1) тауарлар шығарылған күні кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегінің және (немесе) тауарларға арналған декларация тіркелген күнге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегінің болмауы, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен кеден органының кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша берешекті және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешекті өндіріп алуды қолдану фактілерінің болмауы;
2) декларант құжаттар мен мәліметтерді ұсынбаған және (немесе) кеден органы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалу қажеттігіне алып келетін шешім қабылдаған жағдайда, кеден органына кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау туралы міндеттемені беру шарттарын;
3) Комиссия айқындайтын өзге де шарттарды сақтаған кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету берілмейді.
4. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 10-тарауына және 139-бабына сәйкес беріледі.
5. Осы баптың 1-тармағының ережелері кеден органы тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзге түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мүмкіндігін көрсететін белгілерді анықтаған және декларант олардың сақталуын растамаған жағдайда қолданылмайды.
1. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органы зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқықтарын бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда, осындай тауарларды шығару мерзімі он жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
2. Құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның сұрау салуы бойынша бұл мерзімді кеден органы ұзартады, бірақ, егер құқық иеленуші немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық иеленушінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген жағдайда, ол он жұмыс күнінен аспайды.
Құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтінішті, тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті кеден органына бұдан әрі құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, электрондық поштаны және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электронды түрде (сканерленген көшірмесін) ұсынуына жол беріледі.
3. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру және тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешімдерді кеден органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімдер осы Кодекстің 6-бабының 8-тармағына сәйкес есептеледі.
5. Кеден органы зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, декларантты және құқық иеленушіні немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаны мұндай тоқтата тұру, тоқтата тұру себептері және мерзімдері туралы хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа – құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерін (тұрғылықты жерін), ал құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға декларанттың атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерін (тұрғылықты жерін) хабарлайды.
6. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткен соң осындай тауарларды шығару мерзімі кеден органына тауарларды алып қоюды, оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттар не судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылғаны туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымы ұсынылған жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жаңартылады және жүргізіледі. Судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылғаны туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымы ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімдері, сондай-ақ көрсетілген тауарларды уақытша сақтау мерзімдері құқық иеленушінің талап қоюы бойынша соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.
7. Осы бапқа сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру салдарынан декларантқа, меншік иесіне, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алушыға келтірген мүліктік зиянды (шығынды), егер сот құқық иеленуші құқықтарының бұзылғандығын анықтамаса, құқық иеленуші өтейді.
8. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім мынадай:
1) кеден органына құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның мұндай шешімнің күшін жою туралы өтініші келіп түскен жағдайларда тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін күшін жоюға жатады. Құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтінішті, тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті кеден органына бұдан әрі құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, электрондық поштаны және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электронды түрде (сканерленген көшірмесін) ұсынуына жол беріледі;
2) зияткерлік меншік объектісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінен немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінен алынып тасталған;
3) құқық иеленуші немесе оның өкілі судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын ұсынбаған жағдайларда тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін күшін жоюға жатады.
Аталған жағдайларда осындай тауарларды шығару қайта басталады.
9. Кеден органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жояды.
10. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару құқық иеленушінің Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына немесе сотқа зияткерлік меншік объектілеріне өз құқықтарын қорғау туралы өтініш беруін жоққа шығармайды.
11. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім күшін жойғаннан кейін осындай тауарларды шығару мерзімі қайта басталады.
12. Кеден органы декларантқа, құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға Комиссия анықтаған тәртіппен тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлар туралы ақпарат ұсынады.
13. Осы бапқа сәйкес декларант, құқық иеленуші немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға алған ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жағдайларды қоспағанда, олар мұны жария етпеуге, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына бермеуге тиіс.
14. Кеден органының рұқсатымен декларанттың, құқық иеленушінің немесе олардың мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның оларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған, соның ішінде оларға зерттеу жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен (немесе) үлгілерін алуға құқығы, сондай-ақ осындай тауарларды қарап-тексеруге, суретке түсіруге немесе өзге де тәсілмен белгілеп қоюға құқығы бар. Аталған тауарлардан сынамаларды және (немесе) үлгілерді алу осы Кодекстің 37-бабына сәйкес кеден органының лауазымды адамының қатысуымен жүргізіледі.
15. Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы және тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешімдерді рәсімдеу, декларантты, құқық иеленушіні немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаны осындай шешімдердің қабылданғаны туралы хабардар ету тәртібін, сондай-ақ тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жоюды рәсімдеу тәртібін Комиссия айқындайды.
1. Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері (тауар белгілері) бар тауарларды шығару мерзімін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағындағы құқық иеленуші немесе оның өкілі туралы мәліметтер бар болған кезде, зияткерлiк меншiк объектілеріне құқықтар бұзылған тауарлар болып табылатын белгiлер анықталған кезде, құқық иеленушінің өтінішінсіз тоқтата тұруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды шығару мерзімін осы бапқа сәйкес тоқтата тұру туралы және тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді кеден органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.
2. Кеден органдары зияткерлiк меншiк объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында тауар белгілері ретінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тіркеу тізілімдерінен немесе халықаралық тіркеу туралы дерекқордан алынатын мәліметтерді пайдаланады.
3. Тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылу белгілерін анықтаған кезде кеден органы зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұрады және құқық иеленушіні және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаны және декларантты мұндай тоқтата тұру, тоқтата тұру себептері және мерзімдері туралы дереу хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерін (тұрғылықты жерін), ал құқық иеленуші және оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға декларанттың атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерін (тұрғылықты жерін) хабарлайды.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құқық иеленуші кеден органына:
тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзiмiн он жұмыс күнiне дейiн ұзарту туралы жазбаша өтiнiш ұсынбаса;
тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешiмнiң күшiн жою туралы жазбаша өтiнiш ұсынбаса, тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім күшін жоюға жатады, ал тауарларды шығару қайта басталады.
Құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтінішті, тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiштi кеден органына бұдан әрі құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, электронды поштаны және факсимильді байланысты пайдаланып, электронды түрде (сканерленген көшірмесін) ұсынуына жол беріледі.
5. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органына құқық иеленушіден тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тауарларды шығару алғашқы тоқтатыла тұрған күннен бастап он жұмыс күніне дейін тауарларды шығару тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда құқық иеленуші және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға тауарларды шығару мерзімін алғашқы тоқтата тұрған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеден органына мына құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) шығарылуы тоқтатыла тұрған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу фактісіне байланысты судьяның зияткерлік меншiк объектілеріне құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымы;
2) егер сот құқық иеленушінің құқықтары бұзушылықты белгілемеген жағдайларда, осы бапқа сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру салдарынан декларантқа, меншік иесіне, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алушыға келтірген мүліктік зиянды (шығынды) өтеу туралы міндеттеме;
3) құқық иеленушінің уәкілетті органға көрсетілген тауарларды осы Кодекстің 460-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының зияткерлік меншiк объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы өтінішін растайтын жазбаша дәлелдемелер.
Егер құқық иеленуші және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға тауарларды шығару мерзімінің алғашқы тоқтатыла тұрған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде кеден органына осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбаса, тауарларды шығару мерзімі қайта басталады.
Бұл ретте тауарларды шығару мерзімін он жұмыс күніне дейін тоқтата тұру салдарынан декларантқа, меншік иесіне, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алушыға келтірген мүліктік зиянды (шығынды) құқық иеленуші өтейді.
6. Құқық иеленуші және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға осы баптың 5-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынғаннан кейін тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімдері, сондай-ақ көрсетілген тауарларды уақытша сақтау мерзімдері құқық иеленушінің талап қоюы бойынша соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.
7. Тауарларды шығару мерзімін осы бапқа сәйкес тоқтата тұру салдарынан декларантқа, меншік иесіне, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алушыға келтірген мүліктік зиянды (шығынды), егер сот құқық иеленушінің құқықтарын бұзушылықты белгілемеген жағдайда, құқық иеленуші өтейді.
1. Кеден органы мынадай:
1) кеден органы тауарларды шығарған кездегі шарттардың, оның ішінде осы Кодекстің 194, 195, 196 және 197-баптарында көзделген, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдау көлік құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындалмау;
2) кеден органының осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарының орындалмау;
3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталу;
4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмау және (немесе) декларантта белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттің болу;
5) кеден органының талап етуі бойынша тауарды осы Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетпеу;
6) осы Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімінің қайта басталмау;
7) осы Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптардың орындалмау;
8) жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген тауарлардың осы Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмау;
9) мынадай:
әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау үшін негіздер болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған;
анықталған бұзушылықтар жойылған және декларацияланатын тауарлар алып қойылмаған және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынбаған;
декларантқа қатысты банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тауарларға кедендік бақылауды жүргізген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау негіздері бойынша тауарларды шығарудан бас тартады.
2. Тауарларды шығарудан бас тарту электрондық құжатты қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияға немесе қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішке тиісті белгілер қою арқылы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделеді. Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу кезінде осындай бас тарту үшін негіз болған барлық себептер көрсетіледі.
3. Тауарларды шығарудан бас тартуға байланысты кедендік операцияларды кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен тауарларды шығару мерзімі өткенге дейін жасайды.
1. Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты:
1) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;
2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға (мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы халықаралық шарттарға) (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттар) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса, шартты түрде шығарылған деп саналады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді беру мақсаттары және шарттары, сондай-ақ осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер сақталуға тиіс.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, осы Кодекстің 40-тарауына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретіндегі көлік құралдары болып табылатын шартты түрде шығарылған тауарларды, мұндай пайдалану кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді беру мақсаттары мен шарттарын бұзбайтын болса, сондай-ақ осындай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша белгіленген шектеулерді сақтамауға алып келмесе, пайдалануға болады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде объектілерді салу (құру, тұрғызу), оның жұмыс істеуі (пайдалану, қолдану) мен олардағы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы мен объектілер арасында жеке тұлғалар мен тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету және оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағының бір бөлігінен Қазақстан Республикасының континтенттік қайраңын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының егемендік құқықтары және ерекше юрисдикциясы болатын аумаққа әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды өткізуге жол беріледі.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Көрсетілген тізбе уақытша немесе тұрақты негізде белгіленуі мүмкін.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар оларды нысаналы пайдалану тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып есептеледі.
Осындай тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібін мерзімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органдары уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзге де тәсілмен иеліктен айыру арқылы беруге тыйым салынады, ал егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың қауіпсіздігін тексеруге байланысты белгіленген жағдайларда да оларды кез-келген нысанда қолдануға (пайдалануға, тұтынуға) тыйым салынады.
6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды, егер Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, оларды шығаруды жүргізген кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы шегінде ғана пайдалануы мүмкін.
7. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алғанға дейін олар:
1) осы Кодекстің 256-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
2) осы Кодекстің 264-бабына сәйкес не осы Кодекстің 360-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданысын аяқтау үшін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде осы бапқа сәйкес шартты түрде шығарылған болып қалады.
8. Шартты түрде шығарылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады және осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алғанға дейін кедендік бақылауда болады.
9. Шартты түрде шығарылған тауарлар:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады. Бұл ретте осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты осындай тауарлар олардың мақсатты пайдаланылуы тоқтатылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы расталғаннан;
3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан және (немесе) оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомалары мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде не, егер кедендік әкелу баждарын осындай мөлшерде төлеу Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес көзделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде өндіріп алғаннан не осы Кодекстің 216-бабының 6-тармағында көзделген өзге де мән-жайлардың басталуына байланысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.
10. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алу үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайтадан орналастыруға жатпайды.
Осы баптың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тәртібі мен мерзімдері техникалық реттеу бөлігінде техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі.
11. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде объектілерді салу (құру, тұрғызу), оның жұмыс істеуі ( пайдалану, қолдану) мен олардағы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы мен объектілер арасында жеке тұлғалар мен тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету және оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағының бір бөлігінен Қазақстан Республикасының континтенттік қайраңын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының егемендік құқықтары және ерекше юрисдикциясы болатын аумаққа әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларды өткізу осындай тауарлардың мақсатты пайдаланылуын бұзбайды.
Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген тұлғалар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімді тауарларды кедендік декларациялау кезінде мәлімдеу арқылы не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға өтініш беру кезінде не порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу арқылы таңдауға құқылы.
2. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органына берген кезден басталады және осы Кодекстің 284-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарларды шығарумен аяқталады.
3. Тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды растау жөніндегі міндет декларантқа жүктеледі.
4. Осы Кодекстің 284-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарлар шығарылған күн тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып есептеледі.
5. Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік- фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа да түрлеріне жататын тауарлар мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылады.
6. Егер тарифтік емес реттеу шарасын енгізу кезінде өздеріне қатысты осындай шара енгізілетін тауарларды орналастыруға жол берілмейтін кедендік рәсімдер айқындалса, онда көрсетілген тауарлар осы бөлімнің ережелеріне қарамастан, мұндай кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
1. Кедендік рәсімдердің қолданысы осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға, ал егер бұл осы Кодексте көзделген болса – оны Комиссия аяқтауға тиіс.
2. Кедендік рәсімнің қолданысы, егер осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау мақсатында тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін көзделген мерзімде тіркеген болса, кеден органы мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқан не кедендік декларация осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кері қайтарып алынған жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін аяқталды деп есептеледі.
3. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға ерікті түрде таратылған жағдайда, осындай тұлға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген немесе Комиссия көздеген тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдері өткенге дейін кедендік рәсімді аяқтау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға мәжбүрлі түрде таратылған жағдайда, кедендік рәсімді аяқтау жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тәртіппен және мерзімдерде, бірақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген немесе Комиссия көздеген тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдерінің өтуінен кешіктірілмей тарату комиссиясына жүктеледі.
Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға банкрот болған жағдайда, кедендік рәсімді аяқтау жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының оңалту және банкрот туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген немесе Комиссия көздеген тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдерінің өтуінен кешіктірілмей әкімшіге жүктеледі.
Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген міндеттер орындалмаған кезде тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес, аяқталуға жататын кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды кідіртеді.
4. Кедендік рәсімдердің қолданысы осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде тоқтатылады, ал егер бұл осы Кодексте көзделсе, Комиссия тоқтатады.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қолданысы тоқтатылған кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды, сондай-ақ осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
6. Кеден органдары осы баптың 5-тармағына сәйкес кідіртпеген, қолданысы тоқтатылған кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес уақытша сақтауға орналастыруға жатады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы, өздеріне қатысты кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында одан әрі болу және пайдалану не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады. Қолданысы тоқтатылған кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында одан әрі болу және пайдалану, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету немесе осындай аумаққа әкелу үшін, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік рәсімдерді қолдану кезеңінде алған мәртебесіне қарай осы тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі, өздеріне қатысты кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған тауарлар одан әрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу үшін – шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде осындай тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің қолданысы тоқтатылғаннан кейін, осы Кодекстің 307-бабында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, тиісті кедендік рәсімдердің қолданысын аяқтау үшін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде қолданылатын осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері есепке алынбастан, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
9. Кедендік рәсімнің қолданысы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды не осындай тауарларды қайта өңдеу өнімдерін өзге кедендік рәсіммен орналастыру арқылы, сондай-ақ осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Өзге кедендік рәсімдердің қолданысын тоқтата тұру үшін қолданылатын кедендік рәсімдер, сондай-ақ кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін жағдайлар, осы Кодексте айқындалады, ал егер бұл осы Кодексте көзделген болса – Комиссия айқындайды.
Белгіленген жағдайларда кедендік рәсімдердің қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін Комиссия айқындайды.
1. Кеден органы белгілеген кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімін кеден органы ол өткенге дейін, ал осы Кодекстің 245-бабының 3-тармағына, 258-бабының 3-тармағына және 270-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодексте көзделген жағдайларда – осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімдері немесе осы Кодекске сәйкес Комиссия айқындайтын кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімдері шегінде ол өткеннен кейін ұзартады.
2. Кеден органы белгілеген кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі осы бөлімнің тиісті тарауларында белгіленеді.
1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарлар, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, шетелдік тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында көзделген, оларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеусіз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болады және пайдаланылады.
2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, осы Кодекстің 202-бабының 1-тармағында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.
3. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін:
1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылған, тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын және кері экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларға;
2) осы Кодекстің 264-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін осы Кодекстің 360-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына;
3) осы Кодекстің 360-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты қолдануға жол беріледі.
1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;
2) осы Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу;
3) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;
4) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау болып табылады.
2. Осы Кодекстің 214-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету күнінен кейінгі күннен бастап үш жыл ішінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
2) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, тауарларды өзгеріссіз күйде сақтау;
3) кеден органдарының тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі;
4) кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету мән-жайлары туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну;
5) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шарттарды сақтау болып табылады.
1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Бір жөнелтушіден бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір алушының мекенжайына әкелінетін және жалпы кедендік құны екі жүз еуроға балама сомадан, ал егер Комиссия осындай соманың өзгеше мөлшерін айқындаған болса – тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша Комиссия айқындаған сома мөлшерінен аспайтын, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайды. Бұл ретте осы тармақтың мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды келетін орнына дейін тасымалдауға (тасуға) жұмсалатын шығыстар, осындай тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге жұмсалатын шығыстар және осындай тауарларды осылай тасымалдауға (тасуға), тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге байланысты сақтандыру шығыстары кедендік құнына қосылмайды.
Осы Кодекстің 279 және 280-баптарында көрсетілген және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет туындамайды.
Комиссия ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын, бір жөнелтушіден бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір алушының мекенжайына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сомаға қарағанда өзгеше сома мөлшерін айқындауға құқылы.
3. Декларанттың ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанда;
2) егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) осы баптың 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде олар өндіріп алынғанда;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кеден органы аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспаған кезде, танығанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты – ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
4. Декларанттың тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) егер тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге мерзімі белгіленбесе, көрсетілген тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен бастап бес жыл өткенде, осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
2) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенде, осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
3) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не көрсетілген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін жою кедендік рәсімімен тауарларды орналастырғанда, осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
4) осы баптың 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) осы баптың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде олар өндіріп алынғанда;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай шетелдік тауарларға қатысты осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспаған кезде, танығанда;
6) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанда;
7) тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырғанда, осындай кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталмауы шартымен;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда тоқтатылады.
5. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік әкелу баждарын Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда неғұрлым төмен мөлшерлеме бойынша төлей отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) осы баптың 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде оларды өндіріп алу Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомасы мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмасы мөлшерінде не Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге де мөлшерде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті тоқтатпайды.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын осы тармақта көрсетілген мөлшерде төлеу жөніндегі міндет мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) осы баптың 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде олар өндіріп алынғанда;
2) егер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарда не Комиссия осы баптың 7-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайтын өзге мерзімді белгілемесе, осы баптың 7-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Комиссия айқындаған тізбеге енгізілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарған күннен бастап бес жыл өткенде, осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
3) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарда белгіленген, тауарлар сол уақыт ішінде шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайтын өзге мерзім өткенде, осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
4) осы баптың 7-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Комиссия айқындаған тізбеге (тізбелерге) енгізілген тауарларға қатысты осы баптың 7-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Комиссия айқындаған мерзім өткенде, осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
5) тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанда;
6) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген мән-жайлар басталғанға дейін шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай шетелдік тауарларға қатысты осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспаған кезде, танығанда;
7) жою кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталмауы шартымен, жою кедендік рәсімімен тауарларды орналастырғанда;
8) кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін осы баптың 13-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталмауы шартымен, тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырғанда;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда тоқтатылады.
7. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелерін қолдану көзделген тауарлардың ішінен Комиссия ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болатын тауарлар тізбесін (тізбелерін) айқындайды.
Комиссия көрсетілген тауарлардың ішінен жекелеген санаттарға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілгенге қарағанда өзге, неғұрлым ұзақ мерзім өткен соң Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесіне ие болатын тауарлар тізбесін (тізбелерін) айқындауға, сондай-ақ осындай мерзімді белгілеуге құқылы.
8. Декларанттың ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) осы баптың 16-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде олар өндіріп алынғанда;
2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде осы тауарлардың табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай шетелдік тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспаған кезде, танығанда;
3) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
4) кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымы жойылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
6) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
9. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, егер осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеудің өзге мерзімі белгіленбесе, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін орындауға жатады (кедендік әкелу баждары, салықтар төлеуге жатады).
10. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
11. Мынадай мән-жайлар басталған кезде осы баптың 10-тармағында көрсетілген, тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып:
1) декларант осындай жеңілдіктерден бас тартқан жағдайда – ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістерді енгізу күні;
2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарын және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзатын әрекеттер жасалған жағдайда, оның ішінде егер осындай әрекеттердің жасалуы осындай тауарлардың жоғалуына алып келсе – көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру күні;
3) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуын және (немесе) қайтарымсыз жоғалуын не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуын қоспағанда, тауарлар жоғалған жағдайда – тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру күні;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарын сақтау және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтау осы Кодекстің 400-бабына сәйкес расталмаған болып есептелсе – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру күні есептеледі.
12. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік әкелу баждарын Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері бойынша төлей отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
13. Мынадай мән-жайлар басталған кезде осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі болып:
1) кедендік әкелу баждарын ерікті түрде төлеген жағдайда – ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияға кедендік әкелу баждарын есептеу бөлігінде өзгерістер енгізу күні не Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес Комиссия айқындаған өзге күн;
2) осы Кодекстің 202-бабының 6-тармағында белгіленген тауарларды пайдалану бойынша шектеулерді бұзатын және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарда белгіленген өзге де талаптарды бұзатын әрекеттерді жасаған жағдайда – көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру күні есептеледі.
14. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждары, салықтар:
1) осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты – тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде;
2) осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты – тарифтік преференциялар ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдануға байланысты төленбеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде, ал егер осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 256-бабының 3-тармағына сәйкес оларды жөндеу үшін кедендік аумақтан тыс қайта өндеу кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда да – осы Кодекстің 266-бабының 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде;
3) осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждары сомасының және тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмасы мөлшерінде не Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде төлеуге жатады.
15. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін орындауға жатады (арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады).
16. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 13-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда есептелген мөлшерде төлеуге жатады.
17. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін олар шығарылған кезде осы бап аталған Кодекстің 217-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
1. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға өтініш берілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты, осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, егер мұндай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу осындай тауарлар шығарылғанға дейін болса, танығанда;
2) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
4) кеден органы осы Кодестің 52-тарауына сәйкес тауарларды кідірткенде;
5) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) егер тауарларға қатысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштаспаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылса, осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жібергенде не тиісті белгілерді кеден органы қойғанда;
2) егер осы баптың 4 және 5-тармақтарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) осы баптың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде оларды өндіріп алғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жібергенде не тиісті белгілерді кеден органы қойғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда тоқтатылады.
4. Егер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған және осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жіберген не тиісті белгілерді қойған тауарларға қатысты, осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылса, осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада осы Кодекстің 216-бабының 4-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде тоқтатылады.
5. Егер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған және осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жіберген не тиісті белгілерді қойған тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік әкелу баждары Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері бойынша төленген болса, кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) осы баптың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде оларды өндіріп алу Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомасының және тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмасы мөлшерінде не Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті тоқтатпайды. Кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі мұндай міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада осы Кодекстің 216-бабының 6-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде тоқтатылады.
6. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) осы баптың 13-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде олар өндіріп алынғанда және осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жібергенде не тиісті белгілер қойғанда;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда тоқтатылады.
7. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған және тауарларға арналған декларация – осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей, ал декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты – осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, егер осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеудің өзге мерзімі белгіленбесе, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін орындауға жатады (кедендік әкелу баждары, салықтар төлеуге жатады).
8. Егер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған және осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жіберген не тиісті белгілерді қойған тауарларға қатысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылса, осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 216-бабының 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде және мерзімдерде орындауға жатады.
9. Егер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған және осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жіберген не тиісті белгілерді қойған тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік әкелу баждары Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері бойынша төленген болса, кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 216-бабының 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде және мерзімдерде орындауға жатады.
10. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған және тауарларға арналған декларация – осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей, ал декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты – осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін орындауға жатады (арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады).
11. Егер тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға арналған декларация – осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін, ал декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты – осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін берілмеген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындауға жатады. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні, ал декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты – осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні есептеледі.
12. Кедендік әкелу баждары, салықтар:
1) осы баптың 7-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты – тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде;
2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты – тарифтік преференциялар ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктердің қолданылуына байланысты төленбеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде, ал егер осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 256-бабының 3-тармағына сәйкес оларды жөндеу үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған болса да – осы Кодекстің 266-бабының 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде;
3) осы баптың 9-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждары сомасының және тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомасының айырмасы мөлшерінде не Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарда белгіленген өзге де мөлшерде төлеуге жатады.
13. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 13-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда есептелген мөлшерде төлеуге жатады.
14. Осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу базасы тауарларды шығару туралы өтініште және мұндай өтінішпен бірге ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер негізінде айқындалады.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалған болса, мыналарды:
кедендік баждарды есептеу үшін осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждардың ең жоғары мөлшерлемесі қолданылады;
салықтарды есептеу үшін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың үшінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жерін және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді негізге ала отырып есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодындағы тауарларға не егер тауар кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының ең жоғары мөлшерлемелері негізге алына отырып есептеледі.
15. Егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кейіннен тауарларға арналған декларация берілсе, кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерді негізделе отырып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген сома мөлшерінде төленеді. Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Осы Кодекстің 214-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 214-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарлар олардың шығу нормаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған сияқты төлеуге жататындай етіп кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының мөлшерінде төлеуге жатады.
Көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 255-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан пайыздар көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған күнге дейін оларды төлеуді кейінге қалдыру берілгендей етіп төлеуге жатады.
Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
Осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңге есепке жазылмайды және төленбейді.
3. Осы Кодекстің 214-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 266-бабына сәйкес осындай тауарлар қайта өңдеу өнімдері болып табылғандай болып есептеледі және төлеуге жатады.
1. Экспорт кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оның шегінен тыс жерде тұрақты болуы үшін әкетіледі.
2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар, осы Кодекстің 386-бабының 4 және 7-тармақтарына сәйкес осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайтын жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін жоғалтады.
3. Мыналарға қатысты экспорт кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген:
осы Кодекстің 264-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін, осы Кодекстің 256-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;
осы Кодекстің 312-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;
Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекстің 337-бабына сәйкес айқындаған жағдайларда арнайы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар;
осы Кодекстің 359-бабының 5-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралдары;
осы Кодекстің 386-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары;
2) осы Кодекстің 264-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін қайта өңдеу өнімдері;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін осы Кодекстің 312-бабының 5-тармағында көрсетілген тауарлар.
4. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оларды әкелместен экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің немесе еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 287-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар және осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан осындай тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырған күннен кейінгі күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде әкетілуге тиіс.
Аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткенге дейін экспорт кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады, ал осындай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
Көрсетілген тауарларды кеден органдары, егер экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған кезде олар АЭА аумағында не еркін қоймада болса, кідіртпейді.
Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
осы Кодекске сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу;
осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы екіжақты халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де шарттарды сақтау болып табылады.
1. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанда;
2) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде олар өндіріп алынғанда;
3) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
6) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет, егер осы Кодексте өзге мерзім белгіленбесе, экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін орындауға жатады (кедендік әкету баждары төлеуге жатады).
4. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескеріле отырып, кедендік әкету баждары тауарларға арналған декларацияда есептелген кедендік әкету баждары сомасының мөлшерінде төлеуге жатады.
1. Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
2. Кедендік транзит кедендік рәсімі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылмаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың:
Комиссия айқындайтын жағдайларда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған;
осы Кодекстің 287-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда, АЭА бір аумағынан АЭА басқа аумағына тасымалданатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларын тасымалдау (тасу) үшін;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау (тасу) үшін қолданылады.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды:
1) келу орнындағы кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
2) келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін;
3) ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;
4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен кеден органдары арасында тасымалдау (тасу) кезінде қолданылады.
4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
5. Осы Кодекстің 390-бабы 3-тармағында көрсетілген жағдайды және осы Кодекстің 387-бабы 17-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін сақтайды.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін мынадай шетелдік тауарлар:
1) халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде тауарларды түсірмей (тиеп-жөнелтпей) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына аралық, мәжбүрлі немесе техникалық қонған әуе кемесіндегі осы тауарлар;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарынан қозғалмаған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кететін тауарлар;
3) электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар;
4) осы Кодексте көзделген жағдайлардағы өзге де тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайды.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.
8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтықтың тауарлары мен осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі осы Кодекстің 45-тарауында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
9. Жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне, құбыржол көлігімен алып өтілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімі осы Кодекстің 346, 368 және 377-баптарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
10. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін уәкілетті орган айқындайды.
11. Халықаралық тасымалдың бір немесе бірнеше көлік құралымен белгілі бір кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа екі немесе одан да көп мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалданатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
12. Көліктің әртүрлі (екі және одан да көп) түрімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) шетелдік тауарларға қатысты – осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
2) шетелдік тауарларға қатысты – Комиссия айқындайтын жағдайларда осы Кодекстің 226-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген тәсілдермен тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) егер тауарлар көлік құралының кедендік пломбалар салынған және мөр басылған жүкжайларында (бөлікжайларында) тасымалданатын болса, халықаралық тасымалдау көлік құралының осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
5) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын, оның ішінде пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары осы Кодекстің 387, 388 және 389-баптарында айқындалған.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын, көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарлардың декларанты ретінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие болатын және тауарлардың осылай тасымалдануын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы әрекет ете алады.
4. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес кедендік транзит мерзімін белгілейді, осы Кодекстің 225, 346, 387-баптарына сәйкес тауарларды жеткізу орнын айқындайды, осы Кодекстің 427-бабына сәйкес тауарларды, оларға арналған құжаттарды сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Тауарларды су немесе әуе кемелерімен тасымалдауды қоспағанда, егер тауарларды тасымалдау осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін көлік құралының жүкжайларында (бөлікжайларында) немесе оның бөлігінде жүзеге асырылатын болса, осы Кодекстің 427-бабында көзделген сәйкестендірудің өзге де тәсілдерінен басқа, сәйкестендіру осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралының осындай жүкжайларына (бөлікжайларына) немесе оның бөлігіне пломбалар салу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Тірі жануарларды, пошта ыдыстарындағы (пошта қаптарындағы, пошта контейнерлеріндегі) халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайтын тауарлармен бірге көлік құралының бір жүкжайларында (бөлікжайларында) немесе оның бөлігінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы бойынша тасымалдау кезінде көлік құралдарының жүкжайларына (бөлікжайларына) немесе оның бөлігіне пломбалар салу талап етілмейді.
1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар жеткізілуге тиіс орынды (бұдан әрі – тауарларды жеткізу орны) айқындайды.
2. Егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, тауарларды жеткізу орны көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген межелі пункт туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
Межелі кеден органы қызметінің аймағындағы кедендік бақылау аймағы тауарларды жеткізу орны болып табылады. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, келу орнынан тасымалданатын тауарлар кеден органы тұрған жерге жеткізіледі.
Осы Кодекстің 404-бабына сәйкес құрылған, межелі станциядағы, межелі станцияның кірме жолдарындағы немесе межелі станцияға тікелей жапсарлас жатқан жалпы пайдаланыламайтын теміржолдардағы кедендік бақылау аймағы теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлардың жеткізу орны болып табылады.
3. Жөнелтуші кеден органы Қазақстан Республикасының аумағы шегінде тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын:
1) көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, жеткізу орнын белгілеу үшін негізді растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның сұрау салуы бойынша;
2) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын жағдайларда белгілеуге құқылы. Бұл ретте жөнелтуші кеден органы белгілеген жеткізу орнына дейін тауарларды жеткізу бойынша тасымалдаушының шығындары көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген жеткізу орнына дейін тауарларды жеткізу бойынша шығындарға сәйкес болуға тиіс.
4. Жөнелтуші кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын айқындауға құқылы.
5. Жөнелтуші кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде осы Кодекстің 387-бабының 8 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қарамастан, тауарларды жеткізу орнын айқындауға құқылы.
6. Кедендік бақылау аймағы болып табылатын, екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайлары, үй-жайлары (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдары (ашық алаңдардың бөліктері), егер осындай тауарлар көлік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес осындай уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдардың бөліктеріне) апарылатын болса, келу орнынан тасымалданатын тауарларды жеткізу орны ретінде айқындалуы мүмкін.
7. Егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес межелі пункт өзгеретін болса, тауарларды жеткізу орны кеден органының рұқсатымен өзгертілуі мүмкін. Тасымалдаушы жеткізу орнын өзгертуге кеден органының рұқсатын алу үшін тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы еркін нысанда жасалған өтінішпен өзі жүретін жолдағы кез келген кеден органына жүгінуге құқылы. Тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен бірге межелі пункттің өзгеруін растайтын құжаттар, транзиттік декларация және тауарларға арналған өзге де құжаттар ұсынылады.
Тауарларды жеткізу орнын өзгертуге арналған рұқсатты кеден органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті және құжаттарды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдайды. Жеткізу орнын өзгертуге арналған рұқсатты бергеннен кейін жеткізу орны өзгертілген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталады және тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
Тауарларды жеткізу орнын өзгертуге кеден органының рұқсатын алуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгертуге, егер мұндай жеткізу орны жөнелтуші кеден органы бастапқыда белгілеген тауарларды жеткізу орны орналасқандай кеден органы қызметінің сол бір аймағында орналасқан болса, жол беріледі.
1. Кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы баптың және осы Кодекстің 354 және 370-баптарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес ұсынылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырудың шарты болған жағдайларда, мұндай қамтамасыз ету осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес ұсынылады.
2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды және халықаралық пошта жөнелтілімдерін қоспағанда, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер транзиттік декларацияны тіркеген күні тауарлар тарифтік преференциялар және тиісінше кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер немесе кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төлеуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасы негізге алына отырып, бірақ егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа осы мүше мемлекеттердің аумағына тарифтік преференциялар және тиісінше кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер немесе кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған болса, аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа басқа мүше мемлекеттерде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан кем емес мөлшерде айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың сомасы осы Кодексте пайдалану тәртібі белгіленетін, қолда бар мәліметтердің негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің ең жоғары шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамалары (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізге алына отырып айқындалады.
3. Комиссия құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды (тауарлардың құрауыштарын) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін анықтау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер мұндай қамтамасыз етуді ұсыну осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырудың шарты болып табылса, жиынтық түрде транзиттік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз еуроға балама сомадан аспаса;
2) декларацияланатын тауарларды тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыратын кедендік тасымалдаушы немесе бірінші немесе үшінші типтегі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет етсе;
3) осындай тасымалдау (тасу) көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып, тауарларды тасымалдаудың (тасудың) бір бөлігі болып табылатын жағдайды қоспағанда, тауарлар теміржол, әуе көлігімен тасымалданса немесе құбыржол көлігімен алып өтілсе;
4) осындай тасымалдау көліктің екі және одан да көп түрін пайдалана отырып тауарларды тасымалдаудың бір бөлігі болып табылатын жағдайды қоспағанда, шетелдік тауарлар су кемелерімен, оның ішінде аралас жүзу (өзен – теңіз) кемелерімен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішкі су жолдарына кірместен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теңіз порттары арасында тасымалданса;
5) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалса;
6) осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленсе;
7) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе;
8) кеден органы кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаса;
9) кеден органы осы Кодекстің 437-бабына сәйкес электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаса;
10) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналса, бұл жөнінде жөнелтуші кеден органында әрбір нақты тасымал бойынша, жөнелтуші кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің ақпараты болса, ұсынылмайды. Көрсетілген ақпаратты жөнелтуші кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігі кеден органына оны:
тауарларды алушы болып табылатын дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің болу мемлекеті болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінен;
не жөнелтуші кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан және дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі тауарларды алушы болып табылатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі болып табылатын дипломатиялық өкілдіктен немесе консулдық мекемеден алған кезде береді.
11) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін арналса, бұл жөнінде жөнелтуші кеден органында әрбір нақты тасымал бойынша, жөнелтуші кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің ақпараты болса, ұсынылмайды. Көрсетілген ақпаратты жөнелтуші кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігі кеден органына оны тауарларды алушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің болу мемлекеті болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінен алған кезде береді;
12) бастапқы жайласуға арналған тауарларды қоса алғанда, тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің, консулдық мекемелер жұмыскерлерінің, халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттер өкілдіктері, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері персоналының (қызметкерлерінің, лауазымды адамдарының), сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналса, бұл жөнінде жөнелтуші кеден органында әрбір нақты тасымал бойынша, жөнелтуші кеден органы болатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің ақпараты болса, ұсынылмайды. Көрсетілген ақпаратты жөнелтуші кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігі кеден органына оны қызметкерлері, жұмыскерлері, персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары) тауарларды алушы болып табылатын, дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттер өкілдіктері, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері болатын мемлекет болып табылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлігінен не дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері, жұмыскерлері тауарларды алушы болып табылатын, мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі болып табылатын, жөнелтуші кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктен немесе консулдық мекемеден алған кезде береді;
13) тауарлар мәдени, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану, спорттық сайыстарды өткізу не оларға дайындалу, дүлей зіл-залалар, авариялар, апаттар салдарларын жою, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қорғаныс қабілеттілігін және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың қарулы күштерін қайта жарақтандыру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын қорғау, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының пайдалануы үшін арналған болса, бұл жөнінде Комиссия айқындаған, аумағында межелі кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы Комиссия айқындаған, аумағында жөнелтуші кеден органы орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған, осындай тауарларды кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай шығару туралы өтінішхат жасаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мүдделі мемлекеттің тиісті мемлекеттік органының растауы болса;
14) егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау тауарларға арналған декларация берілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы бойынша ғана жүзеге асырылатын болса және кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты сол бір тұлға болған жағдайда, автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен оларды орналастыру мақсатында осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктермен кедендік декларациялау жүзеге асырылса және осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленсе, ұсынылмайды.
5. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты айқындалған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, егер осындай қамтамасыз етуді ұсыну осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарты болып табылса, жиынтық түрде осы Кодекстің 227-бабында айқындалған құжаттарда көрсетілген сомадан транзиттік декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз еуроға балама сомадан көп емес мөлшерде асатын жағдайда, қосымша кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейді.
6. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету бір транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылады. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету бірнеше транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылуы мүмкін.
7. Бір транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жөнелтуші кеден органына не межелі кеден органына ұсынылуы мүмкін.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету жөнелтуші кеден органына, межелі кеден органына не аумағында жөнелтуші кеден органы немесе межелі кеден органы тұрған және Еуразиялық экономикалық одаққа осындай мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында айқындалатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өзге де кеден органына ұсынылуы мүмкін.
8. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруды Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету Еуразиялық экономикалық одаққа басқа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартпен айқындалады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруды кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету ұсынылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одаққа осы мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
1. Егер тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруды Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын болса, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету межелі кеден органы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа басқа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылса, мұндай қамтамасыз етудің ұсынылуын растау мақсатында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі – қамтамасыз ету сертификаты) қолданылады.
2. Қамтамасыз ету сертификаты электрондық құжат түрінде ресімделеді.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ егер техникалық іркілістерден, байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысындағы бұзылулардан, электр энергиясының сөнуінен туындаған кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің ақауларына байланысты электрондық құжат түрінде қамтамасыз ету сертификатын ұсынуды қамтамасыз ету мүмкіндігі кеден органында болмаса, қамтамасыз ету сертификатын қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімдеуге жол беріледі.
3. Қамтамасыз ету сертификаты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылған мөлшері шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған тұлға айқындаған сомаға ресімделеді. Осы Кодекстің 226-бабының 8-тармағында көзделген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартта кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету кезінде қамтамасыз ету сертификаты (қамтамасыз ету сертификаттары) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын ұсынылған қамтамасыз ету мөлшерінен асатын сомаға ресімделетін жағдайлар мен шарттар айқындалуы мүмкін.
4. Бір транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну бір немесе бірнеше қамтамасыз ету сертификатымен расталады.
Бір қамтамасыз ету сертификатымен Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету кезінде бірнеше транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету расталуы мүмкін.
5. Қамтамасыз ету сертификатының нысанын, электрондық құжат түріндегі осындай қамтамасыз ету сертификатының құрылымы мен форматын, оларды толтыру және қамтамасыз ету сертификатына өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, оның қолданылу мерзімін айқындау тәртібін, қамтамасыз ету сертификатын пайдалану тәртібін, оның ішінде оны кеден органына ұсыну, тіркеу, тіркеуден бас тарту, тіркеуді жою, қолданысын тоқтату (жабу) тәртібін, сондай-ақ қамтамасыз ету сертификатын тіркеуден бас тартудың, тіркеуді жоюдың, қолданысын тоқтатудың (жабудың) негіздерін Комиссия айқындайды.
6. Жөнелтуші кеден органы үшін:
1) кеден органы тіркеген, электрондық құжат түрінде ресімделген және жөнелтуші кеден органы кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып алған қамтамасыз ету сертификаты;
2) қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген және кеден органы тіркеген қамтамасыз ету сертификаты және жөнелтуші кеден органы кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып алған осындай қамтамасыз ету сертификаты туралы және осындай қамтамасыз ету сертификатынан алынған мәліметтер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растау болып табылады.
7. Осы Кодекстің 226-бабының 8-тармағында көзделген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартта кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді ұсынуды растаудың ерекшеліктері айқындалуы мүмкін.
8. Жөнелтуші кеден органы мынадай:
1) транзиттік декларацияны берген кезде қамтамасыз ету сертификатының қолданылу мерзімі өткен;
2) электрондық құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификатында көрсетілген мәліметтер не қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификаты туралы және (немесе) кеден органдарының ақпараттық жүйесіндегі осындай қамтамасыз ету сертификатынан алынған мәліметтер транзиттік декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) жөнелтуші кеден органы қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификатын қолдану кезінде осы баптың 6-тармағына сәйкес қамтамасыз ету сертификаты туралы мәліметтерді және (немесе) одан мәліметтерді алмаған жағдайларда, мәліметтері транзиттік декларацияда мәлімделген қамтамасыз ету сертификатын кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуды растау ретінде танымайды.
9. Осы Кодекстің 442-бабына сәйкес кеден органдары электрондық құжат түрінде ресімделген қамтамасыз ету сертификаттарымен, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген, тіркелген қамтамасыз ету сертификаттары туралы мәліметтермен және олардан алынған мәліметтермен, сондай-ақ қолданысы тоқтатылған қамтамасыз ету сертификаттары туралы (жабылған қамтамасыз ету сертификаттары туралы), қамтамасыз ету сертификатын пайдаланбау, қамтамасыз ету сертификатын тіркеуді жою, қамтамасыз ету сертификатының қолданысын тоқтату (жабу) мүмкіндігі туралы ақпараттармен алмасады.
1. Тасымалдаушының осы Кодекстің 230-бабында көзделген міндеттерді сақтауына кедергі келтіретін авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдауға, осы мән-жайлар және тауарлардың тұрған жері туралы жақын кеден органына дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге жерге тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етуге (егер оның көлік құралы бұзылған болса) міндетті.
Осы мән-жайлар туралы хабар алған кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға (тасуға) кедергі болатын туындаған мән-жайлар туралы жөнелтуші кеден органы мен межелі кеден органына хабар беруге міндетті.
2. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде туындаған болған авария, еңсерілмейтін күш әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
3. Осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушы шеккен шығыстарды кеден органдары өтемейді.
1. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде тасымалдаушы, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, өзінің осындай кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табыла ма, жоқ па екеніне қарамастан:
1) тауарларды және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімде тауарларды жеткізу орнына, егер белгіленген болса, тауарларды тасымалдаудың (тасудың) белгілі бір маршруты бойынша жүре отырып, жеткізуге;
2) тауарлардың, кедендік пломбалар мен мөрлердің не, егер қолданылған болса, өзге де сәйкестендіру құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
3) осы Кодекстің 228-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, кеден органдарының рұқсатынсыз кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға жол бермеуге міндетті.
2. Егер тауарларды тасымалдау (тасу) екі және одан да көп көлік түрін пайдалана отырып жүзеге асырылатын болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттер кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантына жүктеледі.
3. Теміржол көлігімен тасымалданатын, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына жеткізілмеген кезде көрсетілген тауарларды тасымалдауға қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің әрбір теміржол тасымалдаушысы кеден органының талап етуі бойынша осы жеткізілмеген тауарлар туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Тиісті талап және ақпарат жазбаша нысанда да, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып та берілуі мүмкін.
1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына тауарлар жеткізілгеннен кейін аяқталады.
2. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орнында тауарлар кедендік бақылау аймағына, оның ішінде тауарлар өздері жеткізілген көлік құралынан түсірілмей орналастырылады.
Тауарлар кедендік бақылау аймағына тәуліктің кез келген уақытында орналастырылады.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың тасымалдаушысы не декларанты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ өзінде бар басқа да құжаттарды:
1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – олар тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап үш сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген жағдайда – осы кеден органының жұмысы басталған уақыттан бастап үш сағат ішінде;
2) су, әуе немесе теміржол көлігін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде, бірақ көлік құралы тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталған уақыттан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
4. Тасымалдаушы атынан осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттерді, осындай тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғалар жасауы мүмкін.
5. Кеден органының талап етуі бойынша тасымалдаушы тауарларды көрсетуге міндетті.
6. Межелі кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде олардың берілуін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді.
7. Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды беруді тіркеген кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей, ал егер мұндай құжаттарды беру кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз қалғанда тіркелсе – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағат ішінде аяқтайды.
8. Кеден органы кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мерзімі межелі кеден органы басшысының, межелі кеден органы басшысының ол уәкілеттік берген орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік жете тексеруді жүргізу үшін қажетті уақытқа, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың берілуін тіркеген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
9. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық құжат қалыптастыру арқылы не транзиттік декларацияға немесе транзиттік декларация ретінде пайдаланатын өзге де құжаттарға тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.
10. Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау, оның ішінде тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне қарай жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
11. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен, тауарларды шығарумен аяқталатын жағдайларды, сондай-ақ мұндай жағдайларда кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау, оның ішінде көлік түріне қарай жасау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
12. Осы Кодекстің 225-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ егер тауарлар межелі кеден органынан ерекшеленетін кеден органына жеткізілген болса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы бапта белгіленген тәртіппен аяқталады.
13 Егер тауарларды жеткізу орнына тауарлар толық немесе ішінара жеткізілмесе және осы баптың 12-тармағында көзделген жағдайларда кедендік рәсімнің қолданысы аяқталмаса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін, кедендік транзит кедендік рәсімі тоқтатылуға жататын мерзімдерді, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуын ресімдеу тәртібін Комиссия айқындайды.
14. Екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 539-бабында белгіленген ерекшеліктермен аяқталады.
1. Межелі кеден органы осы Кодекстің 231-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттардың берілуін тіркегеннен кейін осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды:
1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – межелі кеден органы құжаттардың берілуін тіркегеннен кейін кеден органының жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;
2) су, әуе кемелері немесе теміржол көлігі пайдаланылып тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде, бірақ көлік құралы тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталған уақыттан кешіктірмей жасауға міндетті.
2. Су кемелері пайдаланылып тасымалданатын тауарларға қатысты тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацында және 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар жасауға міндетті.
3. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен кезден бастап кеден органының үш сағат жұмыс уақыты ішінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көзделген кедендік операцияларды жасамағаны туралы еркін нысандағы хабарламаны тасымалдаушыға жібереді.
Осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көзделген кедендік операцияларды жасамаған жағдайда, тасымалдаушы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жасауға міндетті.
4. Егер тауарларға қатысты алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған болса, осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
5. Тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды осы баптың 1-тармағына сәйкес жасау кезінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды:
1) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларацияны кері қайтарып алуға кеден органының рұқсатын;
2) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы кеден органының шешімін;
3) осы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап үш сағат ішінде жасауға міндетті.
6. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде өздеріне қатысты осы бапта белгіленген кедендік операциялар жасалмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
7. Осы баптың ережелері:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кету орнында кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде;
4) екінші немесе үшінші типтегі куәліктері бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына жеткізілген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде қолданылмайды.
1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет:
1) декларантта – кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап;
2) егер тауарларды беру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылатын болса, теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде белгіленген тәртіппен не егер тауарларды беру Қазақстан Республикасының теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы шегінде теміржол көлігімен тасымалдауға қабылдаған Қазақстан Республикасының теміржол тасымалдаушысында – тауарларды белгіленген тәртіппен тасымалдауға қабылдаған кезден бастап туындайды.
2. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет жеке пайдалануға арналған тауарларды және халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде туындамайды.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетдекларантта, сондай-ақ жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына дейін тауарларды тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыратын, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда;
2) уәкілетті экономикалық оператор тауарларды осы Кодекстің 539-бабына сәйкес қабылдағанда;
3) өздеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырғанда;
4) өздеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
5) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 6-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
6) шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін осы Кодекске сәйкес мұндай жойылғанға немесе қайтарымсыз жоғалғанға дейін осындай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
7) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарудан бас тартылғанда;
8) транзиттік декларацияны тіркеген кезде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес транзиттік декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде және мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
10) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
11) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
4. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет теміржол көлігімен тасымалданатын, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының басқа теміржол тасымалдаушысына берген Қазақстан Республикасының теміржол тасымалдаушысында тауарларды белгіленген тәртіппен берген кезде тоқтатылады.
5. Егер тауарлар кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімінде тауарларды жеткізу орнына жеткізілмесе және осы Кодекстің 231-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаса, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындауға жатады.
Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп, ал жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты – жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналысқа шығару жүргізілгендей етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлар (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, мыналарды:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы және акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың бесінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылған болса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодындағы тауарларға не егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алына отырып есептеледі.
Тауарлар туралы дәлме-дәл мәліметтер кейіннен анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай нақты мәліметтер негізге алынып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 370-бабының 7-тармағында белгіленген мөлшерде төлеуге жатады.
7. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырған не осындай тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
8. Осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантынан өзге тұлға ұсынған жағдайда, мұндай өзге тұлға кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі ортақ міндетті декларантпен бірге көтереді.
9. Егер тауарларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде не Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдауға қабылдаған Қазақстан Республикасының теміржол тасымалдаушысы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылмаса, мұндай теміржол тасымалдаушысы кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі ортақ міндетті декларантпен бірге көтереді.
1. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған барлық тауарлар және оларға арналған құжаттар тауарларды жеткізу орнына жеткізілмеген кезде осы Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде міндеттер орындалмаған өзге де жағдайларда, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігі жеткізілмеген жағдайда, осы Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар аумағында бұзушылықтар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде тасымалдаушының міндеттерді орындамағаны үшін теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде не егер тауарларды беру Қазақстан Республикасының теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының көлік туралы заннамасында белгіленген тәртіппен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға қабылдаған теміржол тасымалдаушысы жауаптылықта болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген теміржол тасымалдаушысы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
1. Мыналар:
1) тауарлардың жарамдылық мерзімінің және (немесе) өткізу мерзімінің кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес оларды кедендік декларациялау күніне күнтізбелік бір жүз сексен күннен астам уақытты құрауы;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналар:
1) тауарлардың кеден қоймасына, ал осы Кодекстің 235-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарлардың – кеден органының тауарларды кеден қоймасы болып табылмайтын орында сақтауға берілген рұқсатында көрсетілген орындарға қойылуы және сонда болуы;
2) кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;
3) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасау кезінде осы Кодекстің 238-бабының ережелерін сақтау тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
1. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе олардың өкілдері кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті әдеттегі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарап-тексеруге және өлшеуге, кеден қоймасы шегінде олардың орнын ауыстыруға, ал осы Кодекстің 235-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты – осындай тауарлар сақталатын орынның шегінде олардың орнын ауыстыруға, бұл операциялар тауарлар жай-күйінің өзгеруіне, олардың орамасының және (немесе) сәйкестендіру құралдарының бұзылуына алып келмейтін жағдайда, құқылы.
2. Кеден органының рұқсатымен кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен әдеттегі жинақтау операциялары, сондай-ақ:
1) тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу;
2) партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды сатуға және тасымалдауға (тасуға) дайындау жөніндегі операциялар, тауар түрін жақсарту жөніндегі операциялар;
3) сақтау мерзімі ішінде осындай операцияларды жасау талап етілетін тауарларға қатысты – техникалық қызмет көрсету жөніндегі операциялар жасалуы мүмкін.
3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалатын операциялар осы тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодын өзгертумен байланысты сипаттамасын өзгертпеуге тиіс.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды олардың функционалдық мақсаты бойынша пайдалануға жол берілмейді.
5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін.
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің осы Кодекстің 237-бабында көзделген қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген жағдайларда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен тауарларды орналастырумен;
2) осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
3) осы Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
4) осы Кодекстің 305-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
5) егер тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды шығаруды жүргізген кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тасымалдау үшін оларды осы кедендік рәсіммен орналастырылған болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы;
6) осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес тауарларды керек-жарақтар ретінде шығарумен;
7) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
8) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлардың басталуымен аяқталады.
2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бір немесе бірнеше партиямен кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
3. Жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының XVI бөліміне ескертпелерді және (немесе) 2 (а) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндіру қағидаларын қолдану мүмкін болған жағдайда, жиынтықталған немесе жасалып біткен түрдегі тауардың кодына сәйкес келетін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың кодын мәлімдей отырып, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылуы мынадай шарттар сақталған кезде:
1) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанты бір ғана тұлға болып табылғанда;
2) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы бір мәміле шеңберінде өткізілгенде;
3) Комиссия айқындайтын жағдайларда – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім ұсынылғанда;
4) Комиссия айқындайтын өзге де шарттар сақталғанда мүмкін болады.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаннан кейін тауарлар осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мән-жайлар басталған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден қоймасынан әкетілуге жатады.
5. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 237-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал осындай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
6. Егер осы Кодекстің 237-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 4-тармағында көрсетілген әрекеттер оларда көрсетілген мерзімдерде жасалмаса, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы осы мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет:
1) декларантта – кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап;
2) кеден қоймасының иесінде – тауарларды кеден қоймасына қойған кезден бастап туындайды.
2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) тауарларды кеден қоймасына қойғанда;
2) егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тоқтатылады.
3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден қоймасы иесінде осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тоқтатылады.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылғанда;
2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 7-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
3) шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кемусалдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымы жойылғанда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
6. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) декларантта:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар кеден қоймасына қойылғанға дейін жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін тауарлар жоғалған немесе өзге тұлғаға берілген жағдайда – осындай жоғалу немесе беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
егер тауарларды сақтау осы Кодекстің 235-бабының 4-тармағына сәйкес кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарлар сақтау орнынан тыс жерге әкетілген жағдайда – осындай әкету күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру күні;
2) кеден қоймасының иесінде:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, тауарлар жоғалған жағдайда – тауарлардың жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасына қойған күн;
кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанын растайтын құжаттар оған берілместен, кеден қоймасынан тауарлар берілген жағдайда – тауарларды беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса, – тауарларды кеден қоймасына қойған күн есептеледі.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті дәлме-дәл мәліметтер болмаса, тауарлардың кедендік құны кеден органының қолында бар мәліметтердің негізінде айқындалады.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті дәлме-дәл мәліметтер кейіннен анықталған кезде тауарлардың кедендік құны осындай дәлме-дәл мәліметтер негізге алына отырып айқындалады және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
8. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы Кодекстің 241-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайларда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген және осы Кодекстің 248-бабында айқындалған мәліметтер қамтылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың болуы тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады. Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылса, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда, тауарларға арналған декларация осындай құжат ретінде пайдаланылуы мүмкін;
2) осы Кодекстің 252-бабына сәйкес мұндай шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыру жағдайларын қоспағанда, кеден органдарының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі;
3) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналар:
1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімін сақтау;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасаған кезде осы Кодекстің 246-бабының ережелерін сақтау;
3) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген тұлғаларда болуы және осы тұлғалардың тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасауы үшін осындай тауарларды пайдалану тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіруі деп қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған нақ сол тауарлардың ұшырағанын осы Кодекстің 247-бабында айқындалған тәсілдердің бірімен анықтау түсініледі.
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант көрсетілген кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жүргізілген кеден органына осындай ұзартудың қажеттігі туралы өтінішті ұсынып, уәкілетті мемлекеттік органның осындай құжатта көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын құжатын оған қоса береді.
Декларанттың кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы көрсетілген өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Кеден органы өтінішті қарау нәтижелері бойынша кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту не осындай ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің өтуі көрсетілген кезеңде тоқтатыла тұрады. Кеден органы кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімінің ұзартылуын растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын декларант ұсынбаған жағдайда, кеден органы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартады.
Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы кеден органының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімін декларантқа жібереді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органының лауазымды адамы тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізіп, осындай өзгерістердің енгізілгені туралы декларантты хабардар етеді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда осындай кедендік рәсімнің қолданылуы осы Кодекстің 253-бабына сәйкес аяқталуға жатады.
1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты Қазақстан Республикасының кез келген тұлғасы, оның ішінде қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасайтын немесе мұндай операцияларды тікелей жасамайтын кез келген тұлға алуы мүмкін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
1) құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы;
2) құжат берілген тұлға туралы;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы;
4) шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, саны мен құны);
5) шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды және саны);
6) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы;
7) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары;
8) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы;
9) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы;
10) қалдықтары мен қалғандары туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, саны мен құны);
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі;
12) осы Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай ауыстыру туралы;
13) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы;
14) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы;
15) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі үш жылдан не тауарлардың жекелеген санаттары үшін Комиссия айқындайтын неғұрлым ұзақ мерзімнен аспауға тиіс.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкету және шетелдік тауарлардың қалдықтары мен қалғандарына билік етуге байланысты кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақытты қамтиды.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі – тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап, ал тауарларды бірнеше партиямен кедендік декларациялаған кезде тауарлардың бірінші партиясын кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап есептеледі.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
7. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын, оны толтыру тәртібін және осындай құжатты беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
8. Тауарларға арналған декларацияны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде пайдаланған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы мәліметтерді декларант тауарларға арналған декларацияда көрсетеді.
Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетелдік тауарлардың қалдықтары осы Кодекстің 253-бабына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады. Бұл ретте шетелдік тауарлардың қалдықтары деп тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде пайдаланылмаған тауарлар түсініледі.
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе кедендік транзит кедендік рәсімін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбейді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда, өзгеше түрде ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
2) осы Кодекстiң 305-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын қайта бастаумен;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың (қайта өңдеу өнімдерінің, қалдықтардың және (немесе) қалғандарының) және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танумен не пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не оларды осындай операциялар жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен кеден органына ұсынумен;
5) кеден органдарының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігін өндірістік ысыраптар деп тануымен;
6) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлардың басталуымен аяқталуы мүмкін.
3. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен немесе оларды қайта өңдеу өнімдерін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Қайта өңдеу өнімдері бір немесе бірнеше партиямен кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
5. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
6. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған тұлға кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бақылауды жүзеге асыратын кеден органына кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есепті ұсынуға міндетті.
Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 253-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта – тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлғада – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кеден органы белгілеген кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін, оның ішінде осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодекстің 253-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 1, 2, 4, 5) және 6) тармақшаларына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырғанда;
3) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
5) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін бұл тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес шығарудан бас тартылғанда;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарлар шығарылымы жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілмеген тұлғаға (тұлғаларға) берген жағдайда – тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күні;
2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға дейін жоғалған жағдайда – тауарлардың жоғалу күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру күні;
3) кеден органы белгілеген, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда – кеден органы белгілеген, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждары кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарының сомасынан пайыздар тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілгендей етіп төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге есепке жазылмайды және төленбейді.
7. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырған не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес осындай тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарының осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған сомасы осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
1. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары – кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы мөлшерінде төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал тауарларға декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан пайыздар тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған күн аралығында көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілгендей етіп төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
Егер кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге есепке жазылмайды және төленбейді.
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлемей, осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кейіннен әкелуге арналған оларды қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетіледі.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін жоғалтады.
3. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін мыналарға:
1) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданыла отырып, бұрын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға не осындай тауарлардың бөліктеріне қатысты, егер мүндай тауарлар не олардың бөліктері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оларды жөндеу үшін әкетілетін болса және кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру кезінде шетелдік тауарлар мәртебесі болса;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген:
осы Кодекстің 312-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;
осы Кодекстің 360-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты қолдануға жол беріледі.
4. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінбестен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылады.
5. Комиссия кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесін айқындауға құқылы.
1.Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген және осы Кодекстің 261-бабында айқындалған мәліметтер қамтылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың болуы тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады. Егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолданудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылса, осындай құжат ретінде тауарларға арналған декларация пайдаланылуы мүмкін;
2) осы Кодекстің 263-бабына сәйкес, қайта өңдеу өнімдерін осы Кодекстің көрсетілген бабында айқындалғандай балама шетелдік тауарлармен ауыстыру жағдайларын қоспағанда, кеден органдарының кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі;
3) тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну;
4) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналарды:
1) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімін;
2) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операцияларды, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаған кезде осы Кодекстің 259-бабының ережелерін сақтау тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіруі деп қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырағанын осы Кодекстің 260-бабында айқындалған тәсілдердің бірімен анықтау түсініледі.
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант көрсетілген кедендік рәсімнің қолдану мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жүргізілген кеден органына осындай ұзартудың қажеттігі туралы өтінішті ұсынып, осы құжатта көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса береді.
Кеден органы декларанттың тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органында көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Кеден органы өтінішті қарау нәтижелері бойынша тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту не мұндай ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілген кезеңде тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Кеден органы тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын декларант ұсынбаған жағдайда, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартады.
Көрсетілген жағдайда, кеден органының лауазымды адамы кеден органының кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімін декларантқа жібереді.
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жүргізілген кеден органының лауазымды адамы тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайда, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізіліп, осындай өзгерістердің енгізілгені туралы декларант хабардар етіледі.
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда, осындай кедендік рәсімнің қолданылуы осы Кодекстің 264-бабына сәйкес аяқталуға жатады.
1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты Қазақстан Республикасының кез келген тұлғасы алуы мүмкін.
2. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатта мынадай мәліметтер:
1) құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы;
2) құжат берілген тұлға туралы;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы (атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес коды, саны мен құны);
5) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы;
6) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары;
7) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы;
8) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы;
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі;
10) егер осылай ауыстыруға жол берілсе, осы Кодекстің 263-бабында айқындалғандай қайта өңдеу өнімдерін балама шетелдік тауарлармен ауыстыру туралы;
11) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы;
12) қалдықтар, қалғандары және өндірістік ысыраптар туралы (атауы, тауарлар позициясы деңгейінде Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес коды, саны және құны);
13) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану шарттарының сақталуы туралы;
14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі екі жылдан аспауға тиіс.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеу өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкелу және оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтайтын кедендік рәсімдермен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап, ал тауарларды бірнеше партиямен кедендік декларациялау кезінде – тауарлардың бірінші партиясын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап есептеледі.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
7. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат нысанын, оны толтыру тәртібін және осындай құжатты беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
8. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат ретінде тауарларға арналған декларация пайдаланылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы мәліметтерді декларант тауарларға арналған декларацияда көрсетеді.
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан өтеусіз (кепілдік беріп) жөндеу үшін әкетілген тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін – осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы, егер мұндай қайта өңдеу өнімдері ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығару кезінде осы тауарларды өтеусіз (кепілдік беріп) жөндеу себебі болған кемшіліктің (кемшіліктердің) болуы ескерілген тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылса, қайта өңдеу өнімдерін кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталмайды.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының белгіленген мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен немесе кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы;
2) осы Кодекстің 256-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы;
3) Комиссия айқындайтын жағдайларда, шарттарда және тәртіппен қайта өңдеу өнімдерін экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының аумағына міндетті түрде қайтарылуға жататыны белгіленсе, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталмайды.
4. Қайта өңдеу өнімдері бір немесе бірнеше партиямен кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
5. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолдану мерзімі өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
6. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар оларды кейіннен коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде қайта өңделетін жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады. Бұл ретте қалдықтар деп тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлар деп түсініледі.
7. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған және кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген құны мен саны шегінде өндірістік ысыраптар деп таныған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
8. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары шығу нормаларына сәйкес өзге де кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады. Бұл ретте тауарлардың қалдықтары деп тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде пайдаланылмаған тауарлар түсініледі.
9. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған тұлға бақылауды жүзеге асыратын кеден органына кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есепті ұсынуға міндетті.
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 264-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 264-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін;
2) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
3) кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымы жойылғанда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарлар уақытша сақтауға қойылғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырылғанда тоқтатылады.
3. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін жоғалған жағдайда – осы тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органы осындай тауарлардың жоғалу фактісін анықтаған күн;
2) осы Кодекстің 264-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда – кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған не кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда, кедендік әкету баждарының осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған сомасы осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастырған кезде кедендік әкелу баждары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны негізге алынып есептеледі.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны мыналарға:
1) қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операцияларға;
2) егер қайта өңдеу (жөндеу) процесінде пайдаланылған шетелдік тауарлар қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операцияларға жұмсалатын шығыстарға қосылмаған болса, соларға арналған іс жүзінде шеккен шығыстардың жиынтығы ретінде айқындалады.
3. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде мәлімделген құны құжаттамамен расталмаса не ұсынылған құжаттар мұндай операциялардың құны туралы мәлімделген мәліметтерді растамаса, ол қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны мен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар құнының айырмасы ретінде айқындалады.
4. Қайта өңдеу өнімдеріне кедендік әкелу баждарының өзіндік ерекшелігі бар мөлшерлемелері қолданылатын жағдайда, кедендік әкелу баждарының төлеуге жататын сомасы, егер қайта өңдеу өнімдері ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты өзіндік ерекшелігі бар мөлшерлеме бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар құнының қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құнына арақатынасына көбейту ретінде айқындалады.
5. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салықтар мынадай тәртіппен есептеледі:
1) есептелуге жататын қосылған құн салығының сомасы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны негізге алынып айқындалады.
Егер қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны құжатпен расталмаған не ұсынылған құжаттар осындай операциялардың құны туралы мәлімделген мәліметтерді растамаған жағдайда, ол осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалады;
2) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, акциз толық көлемде есептеледі.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды жөндеу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операция болып табылған жағдайда, акциздер есептелмейді және төленбейді.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастырған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде төлеуге жатады.
7. Осы Кодекстің 256-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде осы Кодекстің 216-бабының 11-тармағына сәйкес осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген кедендік әкелу баждары, салықтар төленбейді.
Осы Кодекстің 256-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде алынған қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылған кезде тоқтатылады.
Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкету баждарын есептеу үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік әкету баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 264-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес белгіленген жағдайларда экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкету баждарын, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктерін Комиссия осындай жағдайлар анықталған кезде айқындайды.
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген және осы Кодекстің 273-бабында айқындалған мәліметтер қамтылатын, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың болуы;
2) кеден органдарының ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі;
3) егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру күні тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта қамтылатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары ескеріле отырып, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде олар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын болса, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты есептелген кедендік әкелу баждарының сомалары осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын болса, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты есептелген кедендік әкелу баждарының сомаларынан аз болса;
4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін болмауы;
5) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу;
6) егер салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер берілмесе, салықтарды төлеу;
7) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау;
8) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналар:
1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімін сақтау;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасау кезінде осы Кодекстің 271-бабының ережелерін сақтау;
3) тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген тұлғаларда ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың болуы және осы тұлғалардың тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларды пайдалануы тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін кеден органының шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіруі деп қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың ұшырағанын осы Кодекстің 272-бабында айқындалған тәсілдердің біреуімен анықтау түсініледі.
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.
3. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант көрсетілген кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру жүргізілген кеден органына осындай ұзартудың қажеттігі туралы өтінішті ұсынып, мұндай құжатта көрсетілген, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса береді.
Декларанттың тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы аталған өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Кеден органы өтінішті қарау нәтижелері бойынша тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту не мұндай ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілген кезеңде тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Декларант тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзартуды растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын ұсынбаған жағдайда кеден органы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартады.
Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы кеден органының ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімін декларантқа жібереді.
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруды жүргізген кеден органының лауазымды адамы тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартқан жағдайда, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізіліп, декларант осындай өзгерістердің енгізілгені туралы хабардар етіледі.
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда осындай кедендік рәсімнің қолданылуы осы Кодекстің 277-бабына сәйкес аяқталуға жатады.
Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған шетелдік тауарлардың қалдықтары осы Кодекстің 277-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін осындай кедендік рәсімнің қолданылуы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды (қайта өңдеу өнімдерін, осы Кодекстiң 275-бабының 2-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) қалғандарын) және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбейді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда, өзге түрде ішкі нарықты қорғау шараларын сақтауды растау талап етілмейді.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, осы Кодекстiң 275-бабының 2-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарды және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қолданылатын өзге де кедендік рәсіммен орналастыру арқылы;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың (қайта өңдеу өнімдерінің, қалдықтардың және (немесе) қалған бөліктердің) және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танумен не кеден органына пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де жолмен жою фактісін не осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттарды ұсынумен;
4) кеден органдарының ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігін өндірістік ысыраптар деп тануымен;
5) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлар басталғанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын мән-жайлардың басталуымен аяқталуы мүмкін.
3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
5. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есепті ұсынуға міндетті.
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 277-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген тауарларға қатысты, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодестің 277-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 6-тармағының 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылғанда;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарлар және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылғанда;
4) кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 7-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
5) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер осындай тауарларды шығару бұрын жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 13-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
2) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
3) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
5) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
6) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер осындай тауарларды шығару бұрын жүгізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарлар уақытша сақтауға қойылғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылғанда тоқтатылады.
4. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 194-бабының 17-тармағында көрсетілген электрондық құжатты кеден органы жібергенде не тиісті белгілерді кеден органы қойғанда;
2) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда тоқтатылады.
5. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
6. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі болып:
1) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілмеген тұлғаға (тұлғаларға) берген жағдайда – тауарларды беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру күні;
2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда – тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру күні;
3) осы Кодекстің 277-бабына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда – кеден органы белгілеген, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн есептеледі.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын есептеу үшін кеден органы ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының сомаларынан, егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырған күннен бастап кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілетін болса, пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
Егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрса, осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге есепке жазылмайды және төленбейді.
9. Кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға орналастырған не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес осындай тауарларды осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырған не кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес осындай тауарларды кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының сомасы осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
10. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген тауарларды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін орындауға жатады (салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады).
11. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және тауарларға арналған декларация осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілген тауарларға қатысты, ал декларанты ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты – осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін орындауға жатады (салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады).
12. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген және тауарларға арналған декларация осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін берілмеген тауарларға қатысты, ал декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты – осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып осы Кодекстің 194-бабының 16-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні, ал декларанты ретінде уәкілетті экономикалық оператор әрекет ететін тауарларға қатысты – осы Кодекстің 540-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнің соңғы күні есептеледі.
13. Осы баптың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 13-тарауында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген мөлшерде төлеуге жатады.
14. Осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты төлеуге жататын салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу базасы тауарларды шығару туралы өтініште және осындай өтінішпен бірге ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер негізінде айқындалады.
Егер тауар кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны оннан аз мөлшердегі топтама деңгейінде айқындалса, мыналарды:
салықтарды есептеу үшін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың үшінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алынып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаса, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылған болса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодындағы тауарларға не егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алынып есептеледі.
Егер осы баптың 12-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кейіннен тауарларға арналған декларация берілсе, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтер негізге алынып, тауарларға арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген сомалар мөлшерінде төленеді. Салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарынң артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастыру кезінде кедендік әкелу баждары осы Кодекстің 216-бабына сәйкес, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты есептеледі және төленеді.
2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу өнімдерін орналастыру кезінде салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта туындамайды.
1. Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, осындай тауарлар АЭА аумағының шегінде немесе оның бөлігінде қойылады және пайдаланылады.
2. АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруы мақсаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес өзге де мақсаттарда АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағына қоюға және (немесе) онда пайдалануға арналған тауарлары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын тауарлар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін әкелінетіндерін қоспағанда, сондай-ақ осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) таңдауы бойынша еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
Осы Кодекстің 291-бабында көзделген жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары міндетті тәртіппен еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
Өздеріне қатысты осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген операциялар жасалатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары міндетті тәртіппен еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
4. Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттерімен (қатысушыларымен, субъектілерімен) тауарларды жинап қою (сақтау), тауарларды тиеу (түсіру) және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары бойынша, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) дайындау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шартты (бұдан әрі осы тарауда – қызметтер көрсету туралы шарт) жасасқан тұлғалардың, егер осындай қызметтер көрсету кезінде тауарлармен жасалатын операциялар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтың өзгеруіне байланысты тауарлардың сипаттамаларын өзгертпейтін болса, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына қоюға арналған тауарлары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың АЭА аумағындағы және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларына қатысты кез келген операцияларды, оның ішінде осы Кодекстің 285-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.
6. АЭА аумағына жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын және (немесе) осындай АЭА аумағынан тауарларды, сондай-ақ осындай көлік құралдарындағы керек-жарақтарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмайды.
7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
8. Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларынан және Еуразиялық экономикалық одақтың еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
9. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар (бұдан әрі осы тарауда – еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
Егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осындай тауарлардың мәртебесі осы Кодекстің 290-бабына сәйкес айқындалады.
10. Егер АЭА аумағындағы тауарларды кеден органы олар жасалғанға дейін АЭА аумағында болған тауарлар ретінде немесе АЭА аумағына әкелінген немесе АЭА аумағында дайындалған (алынған) тауарлар ретінде сәйкестендіре алмаса, онда осындай тауарлар оларды АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
11. Бұрын АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілген, осы баптың 10-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде осындай тауарларға қатысты кері импорт кедендік рәсімі қолданылмайды.
12. Ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне осындай тауарларды әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендірілуге тиіс.
Егер ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды жасау үшін пайдаланылса, бірақ осындай тауарларда сәйкестендірілмесе, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған мұндай шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге тиіс.
13. Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын айқындауға құқылы.
АЭА-да немесе жекелеген АЭА-да еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
14. Кеден органы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың құрамына кіретіндей (кіргендей) етіп сәйкестендіре алатын бөлшектер, тораптар, агрегаттар АЭА аумағынан оларды әкету мақсатында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ретінде қаралады және оларға қатысты осы Кодекстің ережелері қолданылады.
Ескерту. 281-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мыналар:
1) АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруы мақсаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында айқындалған өзге де мақсаттарда, тауарлардың АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағына қоюға және (немесе) АЭА аумағында пайдалануға арналуы;
2) қызметтер көрсету кезінде тауарлармен жасалатын операциялар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтың өзгеруіне байланысты тауарлар сипаттамаларын өзгертпейтін жағдайда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденттерімен (қатысушыларымен, субъектілерімен) осындай қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан тұлғалардың тауарларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына қоюына арналуы;
3) шетелдік тауарларға қатысты осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанттары ретінде аумағына осы тауарлар қойылатын АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылатын тұлғалар, ал осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда – осы баптың 3-тармағында көрсетілген немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге де тұлғалар әрекет ете алады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін немесе порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне немесе оның шегінен тыс жерге әкетілетін тауарлардың декларанттары ретінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген тұлғалар қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде әрекет ете алады.
4. Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын тұлғаларын және осы тұлғалар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды айқындауға құқылы.
5. Мыналар:
1) осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағы ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА жұмыс істеу мерзімі немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде не тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқанға дейін АЭА аумағына қою және тауарлардың АЭА аумағында болуы;
2) АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды:
АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) не Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттарға;
егер тауарлар осындай қызметтерді көрсету үшін порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылса, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлға мен порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес пайдалану;
3) мыналар:
осындай тауарлардың декларанты не осы Кодексте айқындалған өзге де тұлғалар;
егер қызметтер көрсету туралы шарт бойынша тауарларды сақтауды жүзеге асыратын болса және осындай тауарлардың декларанты болып табылмаса, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) жүзеге асыратын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА аумағына қою және пайдалану;
4) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабына сәйкес әрекеттерді жасау еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары болып табылады.
6. АЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде не тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдаланудың осы баптың 5-тармағында айқындалған шарттары осы Кодекстің 287-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес осы кедендік рәсім аяқталғанға немесе оның қолданылуы тоқтатылғанға дейін сақталуға тиіс.
7. Егер порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) қызметтер көрсету туралы шарт бойынша өзі декларанты болып табылмайтын тауарларды сақтауды жүзеге асыратын болса, ол еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға міндетті.
Ескерту. 282-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. АЭА аумағы осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған жекелеген АЭА аумақтарында кедендік бақылау аймағы кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған АЭА аумағының бір бөлігі (бөліктері) болып табылады.
2. АЭА аумағы кедендік бақылауды жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс.
АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілейді.
АЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. АЭА аумағына қойылған тауарларға қатысты кедендік операциялар осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекске сәйкес жасалады.
4. Порттық АЭА-ны және логистикалық АЭА-ны қоспағанда, АЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органын осындай әкелу туралы хабардар ете отырып жүзеге асырылады, ал АЭА аумағынан тауарларды әкету кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы көрсетілген хабарламаны беру және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық АЭА-ға немесе логистикалық АЭА-ға әкелуге көрсетілген рұқсаттарды беру тәртібін, сондай-ақ мұндай хабарламалар мен рұқсаттардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағының шегінен тыс жерде экспорт кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен, уақытша әкету кедендік рәсімімен, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар осындай АЭА аумағынан жөнелтілген кезде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) кеден органына түсіру орны (порт, әуежай) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі орын болып табылатынын растайтын көлік (тасымалдау) құжаттарын ұсынады.
5. Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелу кезінде осы Кодекстің 284-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын тауарларға қатысты осы Кодекстің 154-бабының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен байланысты кедендік операциялар ғана жасалады.
6. Кеден органдары АЭА аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға құқылы. Кеден органының АЭА аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Декларант еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізеді және кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру жүргізілген кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларда болған кез келген өзгеріс есепке алу құжаттарында көрсетуге жатады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты АЭА аумағында мыналарды:
1) сақтауды;
2) тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операцияларды және сақтауға байланысты өзге де жүк операцияларын;
3) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) дайындау жөніндегі әдеттегі операцияларды, тауар сапасын жақсарту жөніндегі операцияларды;
4) тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау (жинауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда), тауарларды жөндеу немесе оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде жасау кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, тіпті егер мұндай шетелдік тауарлар тауарларды дайындау (алу) процесінде толық немесе ішінара жұмсалса да (тұтынылса да) және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың құрамында болмаса да тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін операцияларды (бұдан әрі осы тарауда – еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар) қоса алғанда, кез келген операцияларды жасауға жол беріледі. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін шетелдік тауарларға технологиялық процесте қосалқы құралдар болып табылатын тауарлар (мысалы, жабдықтар, станоктар, құрал-жабдықтар) жатқызылмайды;
5) тауарлардың тұтынылуы Комиссия айқындайтын жағдайларда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарлардың жұмсалуына (тұтынылуына) қарағанда өзгеше болуын;
6) осы Кодекстің 37-бабына сәйкес тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеуді қоса алғанда, кез келген операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Тауарларды толық немесе ішінара тұтыну, оның ішінде тауарларды дайындау (алу), АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру, өндірістік процестерді қамтамасыз ету, АЭА аумағында пайдаланылатын жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп-ұстау және пайдалану процесінде жұмсау (тұтыну) кезінде толық немесе ішінара тұтыну фактісі осы Кодекстің 283-бабының 7-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте көрсетуге жатады.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты, егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімнің (шарттың) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шарттың, инвестициялық декларацияның, кәсіпкерлік бағдарламаның) талаптарына сәйкес келсе, АЭА аумағында осындай операцияларды жасауға жол беріледі.
4. Кеден органының рұқсатымен АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мынадай жағдайларда:
1) АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық, өзге де негізгі өндірістік құралдар не көрсетілген негізгі өндірістік құралдардың бөлшектері болып табылатын көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсету немесе осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасау үшін әкетілетін;
2) көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне оларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі, оның ішінде өндірістік процесте көзделген операцияларды жасау үшін, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде демонстрациялау үшін әкетілетін;
3) көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне осындай тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауға құқылы кеден органында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жөніндегі кедендік операцияларды жасау үшін әкетілетін;
4) көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өзінің өндірістік және технологиялық мұқтаждықтары үшін әкетілетін жағдайларда жол беріледі. Мұндай жағдайда көрсетілген тауарларды АЭА аумағынан әкетуге жол берілетін шарттар, сондай-ақ мұндай әкетуге жол берілетін Қазақстан Республикасы аумағының бөлігін Комиссия айқындайды;
5) осы АЭА аумағында осындай тауарларға қатысты мұндай операцияларды жасауға жағдайлар мен мүмкіндіктер болмағанда, көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне жинауды, монтаждауды, шақтауды және Комиссия айқындайтын өзге де операцияларды қоса алғанда, тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау жөніндегі операцияларды жасау үшін әкетілетін жағдайларда жол беріледі. Мұндай жағдайда көрсетілген тауарларды АЭА аумағынан әкетуге жол берілетін жағдайлар мен шарттарды Комиссия айқындайды.
5. Осы баптың 4-тармағының 1) 2) 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауарлар осындай операциялар жасау мақсаттары мен мән-жайлары негізге алынып, кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін АЭА аумағына кері әкелуге жатады. Кеден органы белгілеген мерзім АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталуға тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) уәжді өтініш жасауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
6. Кеден органының осы баптың 4-тармағында көрсетілген рұқсатты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты АЭА аумағында осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін. Бұл ретте осы баптың 8 және 10-тармақтарына сәйкес көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіпте аяқталуға тиіс.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай иеленуге және (немесе) пайдалануға:
1) АЭА аумағында құрылыс және (немесе) монтаждау мердігерлік жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігерге (қосалқы мердігерге) немесе өзге де тұлғаға, оның ішінде АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға;
2) оларды тасымалдау үшін тасымалдаушыға;
3) жөндеуді (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және (немесе) осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасайтын тұлғаларға;
4) өндірістік процесте көзделген, осындай тауарларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі операцияларды жасайтын, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсететін тұлғаларға;
5) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – порттық АЭА немесе логистикалық АЭА болып табылмайтын АЭА аумақтарында да осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген операцияларды жасайтын тұлғаларға;
6) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, АЭА аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты операцияларды жасайтын тұлғаларға беруге жол беріледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарларды иеленуге және (немесе) пайдалануға беру еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантын осы тарауда көзделген, еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтаудан босатпайды.
10. АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын уәкілетті орган белгілеген жағдайларда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруіне жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда тауарларды берудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
Декларанттың еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндеті және осындай кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндет АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) беруі туралы хабарлама тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органында тіркелген кезден бастап көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген тұлғаларға жүктеледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға қатысты қолданылмайды.
11. Тұлға порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда, тұлға осындай мәртебесін жоғалтқан күннен бастап төрт ай ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА-ның осындай резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан тұлғалар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) АЭА-ның осындай өзге резидентімен (қатысушысымен, субъектісімен) жасалатын қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде беруі не олар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
Егер осындай әрекеттер көрсетілген мерзімде жасалмаса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімнің қолданылуы осы мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
12. Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасауға болмайтын әрекеттердің, оның ішінде операциялардың тізбесін айқындауға құқылы.
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда – АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе осындай шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде;
2) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда – тұлға осы мәртебесін жоғалтқан күннен бастап алты ай ішінде;
3) АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды:
осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау үшін;
егер осындай тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан болса және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарларды әкеткен жағдайда;
4) тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылған жағдайда;
5) осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы баптың 8 және 9-тармақтарына сәйкес АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) не АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға берген жағдайда аяқталуға тиіс.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тауарлардың декларанты ретінде мыналар:
1) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға;
2) осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі);
3) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағындағы тауарларға қатысты – АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) немесе осы Кодекстің 282-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар;
4) егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына немесе 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аяқталатын болса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлға әрекет ете алады.
3. АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, оның аумағындағы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 12-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған кезде немесе осындай АЭА аумақтарында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде Комиссия еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаудың өзге де тәртібін айқындауға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған кезде осы кедендік рәсімнің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
4. Тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 5, 6, 8 және 9-тармақтары ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге орналастырумен аяқталады не осы баптың 10 және 13-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде осы кедендік рәсімнің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
5. АЭА аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) мыналарды:
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде әкетілетін шетелдік тауарларды;
егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен;
2) мыналарды:
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған), оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған тауарларды;
егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды экспорт кедендік рәсімімен;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін шетелдік тауарларды осы Кодекстің 222-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
6. АЭА аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) осы баптың 7-тармағы ескеріле отырып, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен;
2) мыналарды:
табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде қалған, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан ғана, оның ішінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары пайдаланылып дайындалған (алынған) тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына әкетілетін шетелдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
7. Егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың құрамына ішкі нарықты қорғау шараларының қолданылуына түсетін шетелдік тауарлар кіретін болса, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осы тауарларда сәйкестендірілген жағдайда, осындай тауарлар АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) берген кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осындай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы берілген АЭА резидентінің (қатысушысының, субъектісінің) осындай тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруы арқылы аяқталады.
Егер көрсетілген жағдайда тауарларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау қажет болса, мұндай тасымалдау осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 24-тарауында көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына, егер мұндай АЭА-лар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында орналасқан болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалданады.
9. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға оларды АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін берген кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай АЭА аумағынан әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларды осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқталады.
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтып және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болып, АЭА аумағынан көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тәсілмен жою үшін әкетілсе, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады. Бұл ретте еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуы көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге тәсілмен жойылған тауарлар санына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігіне қатысты көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру жолымен аяқталады, онда көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны көрсетіледі. Еркін кеден аймағы кеден рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда талап етілмейді. Осындай тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау үшін тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кеден органы белгілеген мерзімдерде, осы тауарларды іс жүзінде көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін қажетті уақыт, оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны негізге алынып, сондай-ақ егер қорытындыда осындай мерзімдер көрсетілген болса, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген мерзімдер ескеріліп жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы кеден органының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен құратын комиссияның қатысуымен және декларанттың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тауарларды іс жүзінде көмгеннен, залалсыздандырғаннан, кәдеге жаратқаннан немесе өзге де тәсілмен жойғаннан кейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі жасалады, онда мынадай негізгі мәліметтер:
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою күні мен орны;
еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне өтініш берген тұлға туралы мәліметтер;
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге де тәсілмен жойылған тауарлардың атауы, өлшем бірліктеріндегі саны;
тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес өзге де мәліметтер қамтылады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі барлық комиссия мүшелерінің және қатысқан адамдардың қол қоюымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілім қолданылып тіркеледі, оның нәтижелері кеден органында сақталатын, тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісіне қоса беріледі.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі осы тармақшаның ережелері ескеріле отырып, тауарларды іс жүзінде көмумен, залалсыздандырумен, кәдеге жаратумен немесе өзге де тәсіл арқылы жоюмен аяқталады;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылса және (немесе) қайтарымсыз жоғалса не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалса және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен таныса;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылса;
4) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде қалған, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай порттық АЭА-мен немесе логистикалық АЭА-мен шектесетін әкету орны арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілсе, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
11. Осы баптың 10-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Осы баптың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін Комиссия айқындайды.
12. АЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрауыш бөлігі болатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.
Көрсетілген тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
13. Тұлға АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімнің (шарттың) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шарттың, инвестициялық декларацияның, кәсіпкерлік бағдарламаның) қолданылу мерзімінің өтуіне және осы келісімнің талаптарын орындауына байланысты АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімді (шартты) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартты, инвестициялық декларацияны, кәсіпкерлік бағдарламаны) іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрауыш бөлігі болатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқталады.
Комиссия көрсетілген тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындауға құқылы.
Көрсетілген тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
14. АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға өтініш берілген, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта оларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелген кезден бастап туындайды.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және осы Кодекстің 284-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларациялауға жатпайтын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан порттық АЭА немесе логистикалық АЭА резидентінде (қатысушысында, субъектісінде) осындай тауарлар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген кезден бастап туындайды.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес осындай тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген және еркiн кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі декларанттың міндеті және осындай кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндет осы Кодекске сәйкес жүктелген тұлғаларда осындай тұлғаларға декларанттың көрсетілген міндеттері жүктелетін кезден бастап туындайды.
4. Еркiн кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 287-бабына сәйкес, оның ішінде осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтағанда;
2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткенде;
3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 8-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
5) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
7) тауарларға арналған декларацияларды тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беру кезінде, егер осындай тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беру кезінде декларанттың еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндеті және декларанттың мұндай кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау жөніндегі міндеті осындай құқықтар берілген тұлғаларға жүктелсе, осы Кодекстің 285-бабының 10-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай тоқтатылады.
6. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
7. Мынадай мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды, осы Кодекстің 287-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда, осындай тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз АЭА аумағынан әкеткен жағдайда – АЭА аумағынан әкету күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағынан осындай әкету фактісі анықталатын күн;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай өзге тұлғаға берген жағдайда, осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарына сәйкес осындай тауарларды беруді қоспағанда, тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – осындай беру фактісі анықталған күн;
3) осы Кодекстің 285-бабы 4-тармағының 1) 2) 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда АЭА аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін АЭА аумағына қайтарылмаған жағдайда – осы мерзім өткен күн;
4) осы Кодекстің 285-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда АЭА аумағынан әкетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған жағдайда – осы мерзім өткен күн;
5) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуын және (немесе) қайтарымсыз жоғалуын не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, осындай тауарларды жоғалтқан жағдайда – тауарларды жоғалтқан күн, ал егер бұл күн анықталмаса, – осындай жоғалу фактісі анықталған күн;
6) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды кеден органына ол белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда – осындай тауарларды АЭА аумағының шегінен тыс жерге әкеткен күн;
7) осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес тоқтатылған жағдайда, осындай кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған кезде АЭА аумағында болатын көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімі қолданылуының тоқтатылуын қоспағанда, – осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күн есептеледі.
8. Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты басталса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталса және осы Кодекстің 286-бабына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларда сәйкестендірілсе, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осындай тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылуы жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні, ал егер осы Кодекске сәйкес тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылса, – порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
9. Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталса және осы Кодекстің 286-бабына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларда сәйкестендірілмесе, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) осындай тауарлар тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай етіп төлеуге жатады.
Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 7-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу осы баптың 7-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар туралы (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріліп жүзеге асырылады.
Егер тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, мыналарды:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баж мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін кедендік баж мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топтамаға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алынып есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодындағы тауарларға не егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодтары белгілер саны оннан аз топтама деңгейінде айқындалса, топтамаға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарылары негізге алынып есептеледі.
Тауарлар туралы нақты мәліметтер кейіннен анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай нақты мәліметтер негізге алынып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес, төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
10. Осы баптың 8-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, егер тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында көрсетілген сомаларға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілетін болса, пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есепке жазылады және төленеді.
11. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген, экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не осындай тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған, АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартты іске асыру үшін АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) пайдалануға енгізген және қолданатын жабдықты, сондай-ақ порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде:
1) осы Кодекстің 286-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды көрсетілген тауарларда сәйкестендіру кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiмен орналастырылған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады;
2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы Кодекстің 286-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру болмаған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады. Мұндай жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есептік құны адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеуге арналған база болып табылады, оны айқындау тәртібін Комиссия белгілейді.
3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 287-бабының 8 және 9-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
4. Егер осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу әрбір жағдай үшін белгіленген, кедендік әкелу баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелерін қолдану күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
1. Осы бапта көзделген еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында айқындалған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін бір АЭА-ға қатысты қолданылады.
2. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағын жайластыру ерекшеліктерін, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, уәкілетті орган бекітеді.
4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелінген тауарлар осындай АЭА аумағына әкелген күнінен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылды деп есептеледі.
6. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына шектес жатқан шет мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар, мынадай жағдайларды:
1) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан осындай тауарлар әкетілген;
2) осындай тауарлар декларанттың таңдауы бойынша декларацияланған;
3) тауарлар Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерін және (немесе) инфрақұрылым объектілерін салу және (немесе) реконструкциялау үшін әкелінген;
4) тауарлар осындай АЭА аумағына осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасындаайқындалған операцияларды жасау үшін әкелінген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялауға жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына осы баптың 7-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, кейіннен пошта байланысының тағайындалған операторының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетуіне жататын пошта жөнелтілімдерін қалыптастыру мақсаттары үшін іргелес жатқан шет мемлекет аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты қолданылмайды.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында айқындалған операцияларды жасауға, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға жол беріледі.
7-1. Пошта байланысының тағайындалған операторы осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарлардан қалыптастырған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партиясы осындай халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы Кодекстің 370-бабында көзделген ерекшеліктерді қолданып, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыра отырып, өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетілуге жатады. Бұл ретте пошта байланысының тағайындалған операторы Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің қалыптастырылған партияларына қатысты көзделген құжаттарды өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында ресімдейді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы осындай тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларды есепке алуды жүргізеді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы бақылаушы мемлекеттік органның немесе құқық қорғау органының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерді береді.
8. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар қойылуы және пайдаланылуы мүмкін.
Уәкілетті орган шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және санаттарын бекітуі мүмкін.
9. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету, осындай тауарларды өткізуді қоса алғанда, шектеусіз жүзеге асырылады.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына әкелінген шетелдік тауарларды өткізу осындай АЭА аумағында бажсыз сауда дүкендерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде және осы баптың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында шетелдік тауарларды өткізуіне тыйым салынады.
10. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға шектес жатқан шет мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу кезінде тасымалдаушы осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда кедендік декларациялауға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізуге тиіс.
Бұл ретте тауарлардың орамасын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, басылған мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға, бүлдіруге немесе ауыстыруға жол берілмейді.
11. Осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда, тасымалдаушы кеден органын осы баптың 12-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну жолымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік декларациялауға жататын тауарлардың келуі және осындай тауарлар мен көлік құралдарын межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізу туралы тауарлар межелі орнына немесе осындай АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына жеткізілген кезден бастап бір сағаттың ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде жеткізілген жағдайда – кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
12. Тауарлар мен көлік құралдары межелі орнына немесе шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына келген кезде тасымалдаушы мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
құжаттарды:
көлік құралына арналған құжаттарды;
көлік (тасымалдау) құжаттарын;
тасымалданатын тауарларға арналған тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарды;
мынадай:
тауарларды жөнелтуші ел мен межелі елдің атауы;
тауарларды жөнелтуші мен алушының атауы және мекенжайы;
жүк орындарының саны туралы, оларды таңбалау туралы және тауарлар орамаларының түрлері туралы;
тауарлардың атауы, ірі габаритті жүктерді қоспағанда, тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не тауарлардың көлемі (текше метрмен);
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы мәліметтерді ұсынады.
13. Осы баптың 6-тармағында айқындалған жағдайларда, тасымалдаушы немесе осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де мүдделі тұлға келу туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының үш сағаты ішінде кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен;
2) тауарларды межелі орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдаумен (тасумен);
3) тауарларды кедендік декларациялаумен;
4) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетумен байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.
14. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында орналасқан кедендік бақылау аймағына тауарларды әкелген кезде осы баптың 11-тармағына сәйкес берілген хабарлама осындай АЭА-ға тауарларды әкелу туралы хабарлама болып табылады.
14-1. Осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелері іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларға қатысты қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы баптың 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
15. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында:
1) радиациялық бақылауды және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
2) осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген радиациялық бақылауды межелі (жөнелту) орны болып табылатын бақылау-өткізу пункті арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары жүзеге асырады.
16. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басқа да операциялармен қатар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарларды жұмсауға (тұтынуға) қарағанда өзгеше тауарларды тұтынуға жол беріледі.
АЭА қатысушысының осындай АЭА аумағының шегінде тауарларды мынадай жағдайларда тұтынуы:
1) осы тармақтың 3) тармақшасының ережелерін ескере отырып, тауарларды АЭА-да қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну;
2) АЭА қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі;
3) осындай тауарларды өткізу АЭА-да қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, АЭА қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды өзгеше тұтыну деп түсініледі.
Осы тармақта көзделген жағдайларда еркін кеден аймағы кедендік рәсімдерінің қолданылуы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілікті ұсыну жолымен аяқталады.
17. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА қатысушысы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды уәкілетті орган айқындайды.
18. Уәкілетті орган шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында тауарлар өткізілетін жерден жеке тұлғалар өткен кезде ақпараттық жүйелерді пайдаланып кедендік бақылау жүргізу тәртібін айқындауы мүмкін.
19. Уәкілетті орган кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін белгілеуі мүмкін.
Ескерту. 291-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Еркін қойма кедендік рәсімі шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес осы кедендік рәсімге тауарларды орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, еркін қоймаға қойылады және пайдаланылады.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар еркін қоймаға қойылуы және пайдаланылуы мүмкін.
3. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары декларанттың таңдауы бойынша еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған еркін қоймаға қою үшін еркін қойма кедендік рәсімімен міндетті түрде орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының жекелеген санаттарының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
4. Еркін қоймадағы және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кез келген, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.
5. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды, ал еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын еркін қоймаға қою және пайдалану кезінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
7. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар (бұдан әрі – еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
Егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осындай тауарлардың мәртебесі осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалады.
8. Егер кеден органы еркін қоймадағы тауарларды еркін қойма құрылғанға дейін оның аумағында болған тауарлар ретінде немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған немесе еркін қоймада дайындалған (алынған) тауарлар ретінде сәйкестендіре алмаса, онда осындай тауарлар оларды еркін қойманың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде, ал өзге мақсаттарда – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
9. Бұрын экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, осы баптың 8-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде осындай тауарларға кері импорт кедендік рәсімін қолдануға болмайды.
10. Ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларды еркін қойма аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендірілуге тиіс.
Егер ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысына жататын, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылса, бірақ осындай тауарларда сәйкестендірілмесе, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған осындай шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге тиіс.
11. Еркін қойманың иесі Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын осы баптың 3-тармағын ескере отырып, оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырмай, еркін қойма аумағына қоюы және (немесе) пайдалануы мүмкін.
12. Комиссия еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесін және (немесе) тауарлар санаттарын айқындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын шетелдік тауарлардың тізбесін және (немесе) шетелдік тауарлардың санаттарын уәкілетті орган бекітеді.
13. Кеден органы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың құрамына кіретін (кірген) ретінде сәйкестендіруі мүмкін бөлшектер, тораптар, агрегаттар оларды еркін қойма аумағынан әкету мақсатында еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ретінде қаралады және оларға қатысты осы Кодекстің ережелері қолданылады.
1. Осы Кодекстің 8-бабына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Еркін қойманың иесі болып табылатын тұлғаға, сондай-ақ өзге де тұлғаларға:
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы Кодекстің 294-бабы 8-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларына сәйкес иеленуге және (немесе) пайдалануға беруге жол берілетін;
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларға және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойманың аумағында осы Кодекстің 294-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген операцияларды жасауға жол берілетін жағдайларда, мұндай тұлғалар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыратын тауарлардың декларанты ретінде әрекет ете алады.
3. Мыналар:
1) осы баптың 5-тармағы және осы Кодекстің 294-бабының 5-тармағы ескеріле отырып, еркін қойманың жұмыс істеу мерзімі ішінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың оның аумағына қойылуы және онда болуы;
2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған декларанттың не осы тарауға сәйкес айқындалған өзге де тұлғалардың пайдалануы;
3) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 294-бабына сәйкес әрекеттерді жасау тауарларды еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
4. Еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде тауарларды еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес пайдаланудың осы баптың 3-тармағында айқындалған шарттары осы Кодекстің 296-бабының 3-тармағына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін сақталуға тиіс.
5. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын заңды тұлға иесі болып табылатын бірнеше еркін қойманың аумақтарына қойылуы және соларда болуы мүмкін жағдайларда осындай тауарлардың және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың осындай қоймалар арасында орын ауыстыруын, сондай-ақ мұндай жағдайларда кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін және осындай тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларға және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма аумағында мынадай операцияларды жасауға жол беріледі:
1) сақтау;
2) тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операциялар және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары;
3) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) және сатуға дайындау жөніндегі әдеттегі операциялар, тауарлық сапаларын жақсарту жөніндегі операциялар;
4) тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау (жинауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда), тауарларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде жасау кезінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар, тіпті егер тауарларды дайындау (алу) процесінде мұндай шетелдік тауарлар толық немесе ішінара жұмсалса (тұтынылса) және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың құрамында болмаса, тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін операциялар (бұдан әрі осы тарауда – еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар). Технологиялық процесте көмекші құралдар болып табылатын тауарлар (мысалы, жабдықтар, станоктар, құрал-жабдықтар) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін шетелдік тауарларға жатқызылмайды;
5) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ еркін қойманы пайдалануға және оның жұмыс істеуіне байланысты өзге де операцияларды жасау мақсатында жабдықтарды, машиналарды және агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану);
6) тауарларды еркін қойма аумағында өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілерін және көмекші инфрақұрылым объектілерін (бұдан әрі осы тарауда – жылжымайтын мүлік объектілері) салу мақсатында пайдалану;
7) осы Кодекстің 37-бабына сәйкес тауарлар сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу;
8) қызмет аймағында еркін қойма орналасқан кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылатын, еркін қойманы пайдалануға және оның жұмыс істеуіне байланысты өзге де операциялар.
2. Тауарларды толық немесе ішінара тұтыну, оның ішінде тауарды дайындау (алу), өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойма аумағында пайдаланылатын жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп-ұстау және пайдалану процесінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында жұмсау (тұтыну) кезінде тұтыну фактісі осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте көрсетуге жатады.
3. Осы баптың 1-тармағы 1), 2), 3), және 5) тармақшаларында көзделген операцияларды еркін қойма иесінің ғана жасауына жол беріледі.
Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген операцияларды уәкілетті орган белгілейтін шарттарда және тәртіппен еркін қойманың иесінен басқа өзге де тұлғалардың жасауына жол берілетінін белгілеуі мүмкін.
4. Кеден органының рұқсатымен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың аумағынан еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай әкетуге мынадай жағдайларда:
1) жабдық немесе еркін қойманың иесі пайдалануға енгізген және қолданатын өзге де негізгі өндірістік құралдар не көрсетілген негізгі өндірістік құралдардың бөлшектері болып табылатын көрсетілген тауарлар жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсету немесе осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстауға қажетті басқа да операцияларды жасау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан қалған бөлігіне әкетілетін;
2) көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан қалған бөлігіне оларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі, оның ішінде өндірістік процесте көзделген операцияларды жасау үшін, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсету үшін әкетілетін;
3) көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасының қалған бөлігіне осындай тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауға құқығы бар кеден органында еркін қойманың шегінен тыс жердегі еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жөніндегі кедендік операцияларды жасау үшін әкетілетін;
4) көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 293-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, өзге еркін қойманың аумағына қою және сонда болуы үшін әкетілетін жағдайларда жол беріледі.
5. Осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлар осындай операцияларды жасау мақсаттары мен мән-жайлары негізге алынып, кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін еркін қойманың аумағына кері әкелуге жатады. Кеден органы белгілеген мерзім осы тауарлар декларантының уәжді өтініш жасауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталуға тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім осы тауарлар декларантының уәжді өтініш жасауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тауарлар кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін өзге еркін қойманың аумағына қойылуға тиіс. Кеден органы белгілеген мерзім осы тауарлар декларантының уәжді өтініш жасауы бойынша ұзартылуы мүмкін.
6. Кеден органының осы баптың 4-тармағында көрсетілген рұқсатты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты осы тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелердің жасалуы мүмкін. Бұл ретте осы баптың 8-тармағына сәйкес, көрсетілген тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен аяқталуға тиіс.
8. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай:
1) еркін қойманың аумағында құрылыс және (немесе) монтаждау мердігерлік жұмыстарын жүзеге асыратын мердігерге (қосалқы мердігерге) немесе өзге де тұлғаға;
2) оларды тасымалдау үшін тасымалдаушыға;
3) жөндеуді (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және осындай тауарларды қалыпты (жұмыс) күйінде ұстауға қажетті басқа да операцияларды жасайтын тұлғаларға;
4) өндірістік процесте көзделген, осындай тауарларды техникалық сынау, зерттеу, тестілеу, тексеру жөніндегі операцияларды жасайтын, сондай-ақ оларды үлгілер ретінде көрсететін тұлғаларға;
5) осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, еркін қойма аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты операцияларды жасайтын тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беруге жол беріледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға тауарларды иеленуге және (немесе) пайдалануға беру еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантын тауарларды еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес пайдаланудың осы тарауда көзделген шарттарын сақтаудан босатпайды.
1. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған;
2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды:
осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
егер осындай тауарлар өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтса және олардың сапасы қолдану мақсаттары үшін пайдалануға жарамсыз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе оларды өзге де тәсілмен жою үшін әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарлар еркін қойманың аумағынан әкетілген;
3) осы Кодекстің 294-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, декларант еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы баптың 10-тармағына сәйкес өзге тұлғаға берген жағдайларда аяқталуға тиіс.
2. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған кезде олардың декларанты болып табылған тұлға тауарлардың декларанты болып әрекет ете алады.
3. Еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар орналастырылған еркін қойма аумағындағы кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтары ескеріле отырып, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру арқылы аяқталады не осы баптың 7 және 9-тармақтарына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткен соң осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
4. Тауарларды еркін қойманың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) мыналарды:
табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойманың аумағынан өзгертілмеген күйде әкетілетін шетелдік тауарларды;
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) және осы Кодекстің 299-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаған тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен;
2) мыналарды:
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарларды;
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) және осы Кодекстің 299-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
5. Еркін қойманың аумағынан тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы:
1) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгертілмеген күйде еркін қойманың аумағынан әкетілетін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және осы баптың 6-тармағы ескеріле отырып, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 7), 10), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен;
2) мыналарды:
табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгертілмеген күйде қалған еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын;
еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан ғана, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары пайдаланылып дайындалған (алынған) тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталады.
6. Егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар құрамына ішкі нарықты қорғау шараларының қолданылу аясына жататын шетелдік тауарлар кірсе, осындай тауарлар еркін қойманың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы тауарларда сәйкестендірілсе, осы Кодекстің 207-бабының 2-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылуы мүмкін.
7. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және олардың сапасы қолдану мақсаттары үшін пайдалануға жарамсыз болған, оның ішінде қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы болған жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетіледі немесе көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін еркін қойманың аумағында қалдырылатын жағдайларда кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою тәсілі мен орны көрсетілетін қорытындысын беру жолымен айқындалатын және көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге де тәсілдермен жойылған тауарлардың санына сәйкес келетін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігіне қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталады. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы қорытындыны беру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда талап етілмейді. Осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімін аяқтау үшін тауарларды авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан қайтарымсыз жоғалту фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою осы тауарларды іс жүзінде көмуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға немесе өзге де тәсілмен жоюға қажетті уақыт, оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілі мен орны негізге алынып, кеден органы белгілеген мерзімдерде, сондай-ақ көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында осындай мерзімдер болса, онда көрсетілген мерзімдер ескеріле отырып жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою қызмет аймағында көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою жүргізілетін кеден органы кеден органының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен құратын комиссияның және декларанттың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Тауарларды іс жүзінде көмуден, залалсыздандырудан, кәдеге жаратудан немесе өзге де тәсілмен жоюдан кейін мынадай негізгі мәліметтерді:
көмудің, залалсыздандырудың, кәдеге жаратудың немесе өзге де тәсілмен жоюдың күні мен орнын;
еркін қойма кедендік рәсімін мәлімдеген тұлға туралы мәліметті;
көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметті;
көмілген, залалсыздандырылған, кәдеге жаратылған немесе өзге де тәсілмен жойылған тауарлардың атауларын, олардың өлшем бірліктеріндегі санын;
көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою тәсілін;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес өзге де мәліметтерді қамтитын, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі жасалады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісі комиссияның барлық мүшелерінің және қатысушы адамдардың қол қоюымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісі фото- және (немесе) бейнетүсірілім қолданыла отырып тіркеледі, оның нәтижелері кеден органында сақталатын көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісіне қоса беріледі.
Еркін қойма кедендік рәсімі осы тармақшаның ережелері ескеріле отырып, тауарларды іс жүзінде көмумен, залалсыздандырумен, кәдеге жаратумен немесе өзге де тәсіл арқылы жоюмен аяқталады;
2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылған және (немесе) қайтарымсыз жоғалған не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалған және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы таныған жағдайларда кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Мұндай жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
3) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарды дайындау (алу) тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойма аумағында пайдаланылатын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп ұстау мен пайдалану процесінде қайтарымсыз жоғалған тауарлар толық немесе ішінара жұмсалған (тұтынылған) (өндірістік шығындар) жағдайларда кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқталады.
Бұл ретте еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар өндірістік шығындар санына сәйкес келетін және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасаудың технологиялық процесіне, сондай-ақ оларды өндіру технологиясына сәйкес айқындалатын бөлігінде осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес кеден органына ұсынылатын есептілікте көрсетілуге жатады.
Еркін қойма кедендік рәсімін қолдануды аяқтау тәртібін осы тармақшада көзделген жағдайда уәкілетті орган айқындайды.
8. Еркін қойманың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және пайдалануға берілген және еркін қойманың иесі пайдаланатын жабдықтар немесе еркін қойманың аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшін еркін қойманың иесі пайдаланған тауарлар және осындай жылжымайтын объектілердің құрауыш бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік рәсіммен орналастырылмай аяқталады.
Көрсетілген тауарлар еркін қойма кедендік рәсімін қолдану аяқталған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
9. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын декларант өзге тұлғаға берген кезде осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталады.
10. Еркін қойманың иесі таратылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта – тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті берген тұлғада –тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру арқылы еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды қоспағанда, осы Кодекстің 296-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлардың басталуынан кейін аяқталғанда;
2) экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткенде;
3) өздеріне қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды және (немесе) қолданылуы тоқтатылған осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырғанда;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындағанда және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде өндіріп алынғанда;
5) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен танығанда;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқанда;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
8) тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
9) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және оларға қатысты, егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтарып алу туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырғанда тоқтатылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда осындай тауарлар еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмай, еркін қойманың аумағынан әкетілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін не осы Кодекстің 294-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органының рұқсатынсыз әкетілген жағдайда – еркін қойманың аумағынан әкетілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса, – еркін қойманың аумағынан осындай әкету фактісі анықталған күн;
2) осы Кодекстің 294-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда осындай тауарлар берілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар осындай тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғанға дейін өзге тұлғаға берілген жағдайда – тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – осындай беру фактісі анықталған күн;
3) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін еркін қойманың аумағына қайтарылмаған жағдайда – осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткен күн;
4) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарларға қатысты, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін аяқталмаған жағдайда – осы мерзім өткен күн;
5) осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда еркін қойманың аумағынан әкетілген тауарлар осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін өзге еркін қойманың аумағында орналастырылмаған жағдайда – осы Кодекстің 294-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес кеден органы белгілеген мерзім өткен күн;
6) авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылуды (қайтарымсыз жоғалуды) не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар жоғалған жағдайда – тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса, – осындай жоғалу фактісі анықталған күн;
7) осы Кодекстің 296-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттар кеден органына ол белгілеген мерзімде ұсынылмаған жағдайда – осындай тауарлар еркін қойма аумағының шегінен тыс жерге әкетілген күн;
8) осы Кодекстің 296-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тоқтатылған жағдайда, осындай тоқтату кезінде еркін қойманың аумағында болатын көрсетілген тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтатуды қоспағанда, – осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен кейінгі күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты басталған жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осы Кодекстің 295-бабына сәйкес осындай тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілген жағдайда, егер мұндай шетелдік тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал шығарылуы оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты басталған және осы Кодекстің 295-бабына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осындай тауарларда сәйкестендірілмеген жағдайда, егер еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) осындай тауарлар тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатады.
Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 8 және 13-тарауларына сәйкес есептеледі.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілетін болса, осындай қайта есептеу осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып табылатын күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаса, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тауардың коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін осындай топқа кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы, осындай топқа кіретін, оларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген тауарларға сәйкес келетін акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың жетінші бөлігі ескеріле отырып, осындай топқа кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алынып есептеледі. Тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, егер тауарды не топқа кіретін тауарларды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса, егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалса, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодының тауарларына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғары негізге алынып есептеледі.
Тауарлар туралы нақты мәліметтерді кейіннен анықтау кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осындай нақты мәліметтер негізге алынып есептеледі және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады не осы Кодекстің 87 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған болса, пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
8. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген не шетелдік тауарларға қолданылатын, осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толығымен немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
1. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойманың аумағында еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал оларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру кезінде шығару тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, пайдалануға берілген және осы Кодекстің 294-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасау үшін еркін қойма иесі пайдаланатын жабдықты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу үшін жабдықты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
2. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде:
1) осы Кодекстің 295-бабына сәйкес жүзеге асырылатын көрсетілген тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды дайындау кезінде пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу үшін – тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін еркін қойма кедендік рәсімімен оларды орналастыру кезінде жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады;
2) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген күні осы Кодекстің 295-бабына сәйкес жүзеге асырылатын еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар сәйкестендірілмеген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады. Бұл жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың есептік құны адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеуге арналған база болып табылады, оны айқындау тәртібін Комиссия белгілейді.
3. Еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын осы Кодекстің 296-бабы 10-тармағына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы аяқтау кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты есептеледі. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы Кодекстің 207-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 10) және 14) тармақшаларында көрсетілген тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру үшін берілген тауарға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданылатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
4. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу әрбір жағдай үшін белгіленген, кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелерін қолдану күні қолданылатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
1. Мыналар:
1) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау мақсатында осындай кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды кейіннен кедендік рәсіммен орналастырған кезде оларды осындай сәйкестендіру мүмкіндігі тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда тауарларды сәйкестендіру талап етілмейді;
2) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болуына және пайдаланылуына жол берілетін жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу;
3) егер тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болуы және пайдаланылуы шарттарын осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаса және (немесе) олар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, мұндай шарттарды сақтау;
4) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру шарттары болып табылады.
2. Мыналар:
1) кеден органы белгілеген, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;
2) осы Кодекстің 303-бабында белгіленген уақытша әкелінген тауарларды иелену және пайдалану бойынша шектеулерді сақтау;
3) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болуына және пайдаланылуына жол берілетін жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу;
4) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей уақытша болу және пайдаланылу шарттарын сақтау тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.
1. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін айқындауға құқылы.
3. Тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден органы декларанттың өтініші негізінде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатын және мән-жайларын негізге алып, осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді, ол осы баптың 4-тармағы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімнен немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
4. Кеден органы белгілеген, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тұлғаның тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына өтініші бойынша осы мерзім өткенге дейін не ол өткеннен кейін бір айдан кешіктірілмей, осы баптың 1-тармағында көзделген осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі шегінде ұзартылуы мүмкін.
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды. Көрсетілген кезеңге кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартуды кеден органы осы баптың 1-тармағында көзделген немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі шегінде жүзеге асырады.
Кеден органы уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешім қабылданған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады. Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы және тауарларға арналған декларацияға осындай өзгерістер енгізілетіні туралы декларантты хабардар ете отырып, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізеді.
Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылған кезде ол өткеннен кейін мұндай кедендік рәсімнің қолданылуы осы кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.
5. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімді кеден органы декларант осы Кодекстің 301-бабының 2-тармағында көзделген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтамаған жағдайда қабылдайды. Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы декларантқа мұндай бас тартудың негіздерін көрсете отырып, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімін жібереді.
Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда осындай кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар кеден органы ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін аяқтау не тоқтата тұру мақсатында көрсетілген мерзімде өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаған тауарларды кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
6. Декларант кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде кеден органы кедендік қарап-тексеру актісін жасай отырып, тауарлардың өзгермеген күйінде болуын анықтау мақсатында кедендік қарап-тексеруді жүргізуге тиіс. Тауарлар кеден органының тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, көрсетілген тауарлар қызмет аймағында болатын кеден органы кедендік қарап-тексеру актісін жасайды.
Тауарлар кеден органының тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі он жұмыс күніне ұзартылады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы шетелдік тауарларға қатысты уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі бірнеше рет қолданылған кезде, оның ішінде бұл тауарлардың декларанттары ретінде әртүрлі тұлғалар әрекет еткенде, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданылуының жалпы мерзімі осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімнен немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
1. Уақытша әкелінген тауарлар табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйінде қалуға тиіс.
Осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде кеден органы тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз еткен жағдайда, жөндеуді қоса алғанда, уақытша әкелінген тауарларды сақтауды қамтамасыз ету үшін (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), олармен қажетті операцияларды жасауға, техникалық қызмет көрсетуге және тауарларды қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды жасауға жол беріледі.
Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексеру жүргізуге, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексеру, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізу барысында оларды пайдалануға жол беріледі.
2. Уақытша әкелінген тауарлар осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес оларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, декларанттың іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
3. Кеден органының рұқсатынсыз декларанттың:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қаптауға және қорғауға арналған, уақытша әкелінген көп айналымды (қайтарымды) ыдысты;
2) техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау (тасу) мақсатында уақытша әкелінген тауарларды;
3) сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексеру, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізу мақсатында уақытша әкелінген тауарларды;
4) Комиссия айқындайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда өзге де мақсаттарда уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруіне жол беріледі.
4. Осы баптың 3-тармағында белгіленгеннен өзге жағдайларда, декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруіне кеден органының рұқсатымен не кеден органын хабардар еткеннен кейін – Комиссия айқындайтын жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде жол беріледі.
5. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаға берудің себептері мен осы тұлға туралы мәліметті көрсете отырып, өтініш береді.
6. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иелену және пайдалану үшін беру осы тауарлардың декларантын осы тарауда белгіленген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдаланудың өзге де шарттарын сақтаудан босатпайды, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды.
7. Осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, өздеріне қатысты уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей қолданылатын тауарлар, егер Комиссия өзгеше айқындамаса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде пайдаланылады.
8. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды, егер олар халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылса және оларға осы Кодекстің 40-тарауының ережелері қолданылса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалануға жол беріледі.
Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалану кезінде осындай тауарларға қатысты осы Кодекстің 360-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген операцияларды жасауға жол беріледі.
Осы Кодекстің 360-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасауға осы Кодекстің 360-бабының 4-тармағына сәйкес жол беріледі.
Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдалану уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтатпайды және тоқтата тұрмайды.
1. Кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар олардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күнінен бастап оның қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін төлеуге жатады.
2. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты декларанттың өтінішінде көрсетілген күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күн аралығындағы кезең үшінкедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу декларанттың өтініші бойынша жүргізіледі. Декларанттың көрсетілген өтініші тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде оларды шығару жүргізілген кеден органына осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткенге дейін беріледі.
Декларанттың өтініші ретінде кедендік құжат – тауарларға арналған декларацияны түзету пайдаланылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалған уақыт кезеңінің күнтізбелік әрбір айы (толық немесе толық емес) үшін (бұдан әрі осы бапта – кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолдану кезеңі), егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген күні, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні есептелген сомасының үш пайызы төлеуге жатады.
4. Осы Кодекстің 305-бабының 3-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде осындай тоқтатыла тұру кезеңі үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу жүргізілмейді. Осы тармақты қолдану мақсатында кедендік рәсім қолданылуының тоқтатыла тұру кезеңі уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатыла тұрған толық күнтізбелік айлар санымен айқындалады.
5. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы декларанттың таңдауы бойынша кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолданудың бүкіл кезеңі үшін (бұдан әрі осы тарауда – кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу) немесе мерзімді түрде (бұдан әрі осы тарауда – кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу) төленеді. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде мұндай төлеу кемінде күнтізбелік бір ай (толық немесе толық емес) үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес төлеуге жататын мөлшерде жүргізіледі. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеудің мерзімділігін декларант тауарларға арналған декларацияда айқындайды.
Мерзімді түрде төленетін кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары осы Кодекстің 306-бабының 4-тармағына және 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолданудың бүкіл қалған кезеңі үшін біржолғы төлеуге жатады.
6. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолдану кезеңі үшін төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың жалпы сомасы, егер тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған болса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген күні, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күні есептелген сомасынан аспауға тиіс.
7. Осы Кодекстің 305-бабының 1, 2 және 5-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған не тоқтатылған кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеуді қолдану кезеңі үшін төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары есепке жатқызуға (қайтаруға) жатпайды.
1. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) уақытша әкелінген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен, оның ішінде осы Кодекстің 359-бабының 7-тармағына сәйкес орналастырумен;
2) уақытша әкелінген тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органдарының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануымен;
3) мән-жайлар туындағанға дейін тауарлар кедендік бақылауда болатын, Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын мән-жайлардың туындауымен аяқталады.
2. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін бұл кедендік рәсімнің қолданылуы:
1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, уақытша әкелінген тауарларды осы Кодексте көзделген шарттарда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру арқылы;
2) қолданылуы осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының қайта басталуымен;
3) егер бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағына оларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған кезде кеден органы тауарларды шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін осы кедендік рәсіммен орналастырылса, уақытша әкелінген тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін.
3. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы уақытша әкелінген тауарлар кеден қоймасы кедендік рәсімімен, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен не Комиссия айқындайтын жағдайларда – арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Уақытша әкелінген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру нәтижесінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру жағдайын айқындау кезінде Комиссия кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктерін, сондай-ақ уақытша әкелінген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімін айқындауға құқылы.
4. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.
5. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен соң кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады.
6. Кеден органы осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке қарағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағында уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жағдайларын, шарттарын және тәртібін Комиссия айқындайды.
1. Декларантта уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет – кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш берген тұлғада тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға мәлімделген тауарларға қатысты – кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының атына әкелінетін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын, жалпы кедендік құны екі жүз еуроға баламалы сомадан, ал егер Комиссия мұндай соманың өзге мөлшерін айқындаса – кеден органы тауарларға арналған декларация тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша Комиссия айқындаған соманың мөлшерінен аспайтын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындамайды. Бұл ретте, осы тармақтың мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды келу орнына дейін тасымалдауға (тасуға) жұмсалған шығыстар, осындай тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге жұмсалған шығыстар мен осындай тауарларды осылай тасымалдауға (тасуға), тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге байланысты сақтандыруға жұмсалған шығыстар кедендік құнға қосылмайды.
Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сомаға қарағанда өзге сома мөлшерін айқындауға құқылы, оның шегінде бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының атына әкелінетін, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындамайды.
3. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай:
1) осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткенге дейін осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысының аяқталуы;
2) егер осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылса, осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;
3) осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
4) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) оларды осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында және 13-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
5) шетелдік тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не бұл тауарлардың уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы;
6) тауарларға арналған декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылуы;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымын тоқтату;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы;
9) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес тауарларды кеден органының кідіртуі және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар осындай мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы;
10) егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған тауарлардың уақытша сақтауға қойылуы немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылуы және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында осындай тауарлар алып қойылғанға немесе тыйым салынғанға дейінгі кезең үшін осы бапқа сәйкес төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынуы мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу кезінде не кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде – уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін;
2) кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде – кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының кезекті бөлігі төленетін кезең басталғанға дейін орындауға жатады (кедендік әкелу баждары, салықтар төлеуге жатады).
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 304-бабына сәйкес айқындалған мөлшерлерде төлеуге жатады.
6. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
7. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген, тауарлардың уақытша болу және оларды пайдалану шарттары сақталмаған жағдайда – көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
2) осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткен жағдайда:
кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу кезінде не кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде – осындай шекті мерзім өткен күн;
кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде – кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының кезекті бөлігі төленетін кезең басталған күннің алдындағы күн;
3) осы Кодекстің 304-бабының 2-тармағына сәйкес декларант өтініш берген жағдайда:
кедендік әкелу баждарын, салықтарды біржолғы төлеу кезінде не кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеу кезінде – декларанттың өтінішінде көрсетілген күннің алдындағы күн;
кедендік әкелу баждарын, салықтарды мерзімдік төлеу кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар сомасының екінші және кейінгі бөліктерін төлеу кезінде – кедендік әкелу баждарының, салықтар сомасының кезекті бөлігі төленетін кезең басталған күннің алдындағы күн;
4) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасатын кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерден декларант бас тартқан жағдайда – тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілген күн;
5) осындай іс-қимылдарды жасау осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайлардың басталуына алып келетін жағдайларды қоспағанда, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер берудің мақсаттары мен шарттары бұзылып, іс-қимылдар жасалған жағдайда – көрсетілген іс-қимылдар жасалған бірінші күн, ал егер бұл күн анықталмаса – көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
6) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар кеден органдарының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берілген жағдайда – тауарлар берілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса – көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
7) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар жоғалған (аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда) жағдайда – тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса – көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
8) кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда – осы кедендік рәсімнің қолданысы осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылатын жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
8. Кедендік әкелу баждары, салықтар:
1) осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде – уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) рәсімімен орналастырылған күннен бастап оның қолданысы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай;
2) осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде – уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 300-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген шекті мерзім өткен күннен кейінгі күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімі аяқталған күн аралығындағы кезең үшін осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай;
3) осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде – осы Кодекстің 304-бабына сәйкес айқындалған мөлшерлерде;
4) осы баптың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде – осы Кодекстің 304-бабына сәйкес айқындалған және осы баптың 7-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдануға байланысты төленбеген мөлшерлерде;
5) осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде – егер осы баптың 10-тармағында өзге мөлшер көзделмесе, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары шегеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу үшін тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – кеден органы тауарларды шығару туралы өтінішті тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
9. Осы баптың 8-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде осы тауарларға қатысты төленген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері өткен күн аралығындағы көрсетілген сомаға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
10. Егер осы баптың 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес аяқталса, кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған күн аралығындағы кезең үшін осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай төлеуге жатады. Бұл ретте, осы баптың 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс емес.
11. Егер осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін оларға қатысты уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы тоқтаған тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 6-тармағына сәйкес уақытша сақтауға қойылса немесе осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылса, кедендік әкелу баждары, салықтар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 304-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылғандай төлеуге жатады.
Көрсетілген жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында айқындалған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған күннен бастап осындай тауарларды уақытша сақтауға қою немесе оларды кедендік рәсіммен орналастыру күні аралығындағы кезең үшін төлеуге жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждары, салықтар, егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылса және кеден органы – тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген күнге, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілген күнге дейін жүргізілген тауарларға қатысты кеден органы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтінішті тіркеген күнге есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан аспайтын мөлшерлерде төлеуге жатады. Бұл ретте осы баптың 7-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейінгі кезең үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатпайды.
12. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.
13. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар кеден органдарының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға берілген жағдайда – тауарлар берілген күн, ал егер бұл күн анықталмаса – көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкелінген тауарлар жоғалған жағдайда – тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса – көрсетілген тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
3) кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 305-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда – осы кедендік рәсімнің қолданысы осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағына сәйкес ұзартылатын жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
14. Осы баптың 13-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай мөлшерлерде төлеуге жатады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін – тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге, ал шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – кеден органы тауарларды шығару туралы өтінішті тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тіркеген күнге қолданыста болатын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
15. Осы баптың 14-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан, егер көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап осы баптың 13-тармағында белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдері өткен күн аралығындағы оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
1. Уақытша әкелінген тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларация тіркелген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
2. Уақытша әкелінген тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 216-бабына сәйкес осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған кезде төлеуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар мен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төлеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың және (немесе) кеден органы осы декларанттан өндіріп алған соманың айырмасы мөлшерінде төлеуге жатады.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу кезінде төленген (өндіріп алынған) кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан, егер көрсетілген сомаға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты төленетін (өндіріп алынатын) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, егер көрсетілген сомаға қатысты тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет тоқтатылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
Тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес шығарылғанға дейін төленген уақытша кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген пайыздар есептелмейді және төленбейді.
Егер осы Кодекстің 305-бабының 3-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатыла тұрса, кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрған кезең үшін осы тармақта көзделген пайыздар есептелмейді және төленбейді.
Комиссия уақытша әкелінетін тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген пайыздар есептелмейтін және төленбейтін жағдайларды айқындауға құқылы.
4. Егер осы Кодекстің 305-бабының 5-тармағына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылғаннан кейін уақытша әкелінген тауарларды уақытша әкелінген тауарлардың декларанты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда осы баптың ережелері қолданылады.
Осы баптың ережелері, егер уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысы уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталған жағдайда да қолданылады.
1. Уақытша әкету кедендік рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес осындай тауарлар тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік әкету баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерде олардың уақытша болуы және пайдаланылуы үшін әкетіледі.
2. Уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар (бұдан әрі осы тарауда - уақытша әкетілген тауарлар) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін жоғалтады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген:
1) осы Кодекстің 312-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;
2) осы Кодекстің 386-бабының 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты уақытша әкету кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.
4. Уақытша әкету кедендік рәсімі мынадай тауарларға:
1) алкогольді, темекі және темекі өнімдерін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қоса алғанда, жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде оларды санаулы даналарда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен жағдайларды қоспағанда, тамақ өнімдеріне, сусындарға;
2) қалдықтарға, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарға қатысты қолданылмайды.
5. Комиссия оларға қатысты шетелдік тауарлармен оларды ауыстыруға жол берілетін уақытша әкетілген тауарлардың санаттарын, сондай-ақ осындай ауыстыру жағдайларын айқындауға құқылы.
1. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау мақсатында оларды кейіннен кедендік рәсіммен орналастыру кезінде сәйкестендіру мүмкіндігі болып табылады.
Тауарларды сәйкестендіру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған жағдайларда уақытша әкетілген тауарларды ауыстыруға жол берілетін жағдайларда талап етілмейді;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
2. Уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары:
1) кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін сақтау;
2) осы Кодекстің 311-бабында белгіленген уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулерді сақтау болып табылады.
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі шектелмеген.
Бұл ретте тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кеден органы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсаттары мен мән-жайларын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағына қайтару міндеттілігі және осындай тауарларды қайтару мерзімі белгіленген тауарлар үшін уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін осындай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына қайтару үшін көзделген мерзімдер шегінде кеден органы белгілейді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, ресми және жеке пайдалануы үшін әкетілетін тауарларды осындай өкілдіктер мен аталған адамдардың шет мемлекетте аккредиттелуінің бүкіл мерзіміне Қазақстан Республикасынан уақытша әкетуге жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда тауарлар уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кеден органы декларанттың өтініші негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына қайтару үшін көзделген шекті мерзімнен немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, шет мемлекетте аккредиттелу мерзімінен аспайтын, осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімін белгілейді.
3. Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі декларанттың өтініші бойынша осы мерзім өткенге дейін не ол өткеннен кейін бір айдан кешіктірілмей ұзартылуы мүмкін.
Кеден органы осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін кеден органы декларанттың өтініші бойынша осы баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес шекті мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартады.
4. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін декларант кеден органы белгілеген уақытша әкету мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру жүргізілген кеден органына осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішті кеден органы көрсетілген өтініштің кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға тиіс. Кедендік рәсімнің қолданысы көрсетілген кезеңге тоқтатыла тұрады.
Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін кеден органы осы баптың 2-тармағына сәйкес мерзім шегінде, ал егер уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 1-тармағына сәйкес шектелмеген болса, декларанттың уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішінде көрсетілген мерзімге ұзартуды жүзеге асырады.
Кеден органы уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешім қабылданған күнге қарамастан, алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады. Көрсетілген жағдайда кеден органының лауазымды адамы уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің ұзартылуы және тауарларға арналған декларацияға осындай өзгерістер енгізу туралы декларантты хабардар ете отырып, тауарларға арналған декларацияға тиісті өзгерістер енгізеді.
Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту кезінде ол өткеннен кейін мұндай кедендік рәсімнің қолданысы осы кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.
5. Декларант осы Кодекстің 309-бабының 2-тармағында көзделген уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтамаған жағдайда кеден органы уақытша әкету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Шетелдік тұлғаға уақытша әкелінген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды осы мемлекеттің аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбеген, уақытша әкелінетін тауарларға меншік құқығы берілген жағдайда осы тауарларға қатысты уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, ал көрсетілген тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
1. Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы, осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, уақытша әкетілген тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
2. Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы, осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкетілген тауарлар міндетті түрде Қазақстан Республикасының аумағына қайтаруға жататын жағдайды қоспағанда, уақытша әкетілген тауарларды экспорттың, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің, уақытша әкету кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін.
3. Уақытша әкетілген тауарлар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиямен орналастырылуы мүмкін.
4. Кедендік рәсімнің қолданысы:
1) егер мұндай кедендік рәсімнің қолданысы ұзартылмаса, кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен соң;
2) кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға дейін уақытша әкетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 311-бабының 2-тармағын бұзып, күрделі жөндеу, жаңғырту бойынша операциялар жасау фактісі анықталған кезде тоқтатылады.
5. Осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша оларға қатысты уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы үшін – кері импорт кедендік рәсімін қоспағанда, шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін – экспорт кедендік рәсіміне орналастыруға жатады.
1. Декларанттың уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеті кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларанттың уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 312-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған;
2) уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы оларға қатысты тоқтатылған тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына немесе 312-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған;
3) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация қайтарып алынған және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы тоқтатылған;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған;
6) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес тауарларды кеден органы кідірткен;
7) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарлар уақытша сақтауға қойылған немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылса тоқтатылады.
3. Кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Кодекстің 312-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет орындауға жатады.
Көрсетілген мән-жай басталған кезде кеден органы белгілеген уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
5. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттер орындалғаннан және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін тауарлар осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағының екінші бөлігіне немесе 312-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатады.
Уақытша әкетілген тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкету баждарын есептеу үшін, егер осы Кодекстің 84-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес осы Кодексте өзге күн белгіленбесе, тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік әкету баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданысы оларға қатысты тоқтатылған тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік әкету баждарын есептеу үшін, егер осы Кодекстің 84-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес осы Кодексте өзге күн белгіленбесе, тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болған кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік әкету баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда, мұндай қайта есептеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
1. Кері импорт кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан бұрын әкетілген осындай тауарлар тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
2. Кері импорт кедендік рәсімі бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, оларға қатысты:
1) экспорт кедендік рәсімі;
2) осы Кодекстің 264-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі;
3) осы Кодекстің 312-бабының 1-тармағына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылған тауарларға қатысты қолданылады.
3. Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан әкетілген, оларға қатысты уақытша әкету кедендік рәсімі немесе кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылған және осы Кодекстің 256-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар не оларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды қоспағанда, кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
4. Мыналарға:
1) осы Кодекстің 287-бабының 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің немесе осы Кодекстің 296-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына;
2) осы Кодекстің 264-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарларды қайта өңдеу өнімдерін қоспағанда, оларды өтеусіз (кепілді) жөндеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кері импорт кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.
5. Осы Кодекстің 281-бабының 11-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кері импорт кедендік рәсімін қолдануға жол берілмейді.
1. Тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің мән-жайлары, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде тауарларға жөндеу операциялары жасалса және олар кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталса, осындай операциялар туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну;
3) тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген өзге де шарттар болып табылады.
2. Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, оларға қатысты экспорт кедендік рәсімі қолданылған тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген күннен кейінгі күннен бастап үш жыл өткенге дейін немесе осы баптың 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған өзге мерзім өткенге дейін оларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру;
2) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген күйінен өзгеріссіз күйде сақтау;
3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты мұндай салықтардың сомалары төленбесе не олар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты қайтарылса, салықтардың өтелуін растау болып табылады.
3. Комиссия тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімнен асатын мерзімді айқындауға құқылы.
4. Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, оларға қатысты уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылған тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу;
2) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ оларды уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану кезінде осындай тауарларға қатысты жол берілетін өзгерістерді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген күйінен өзгеріссіз күйде сақтау болып табылады.
5. Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, оларға қатысты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылған тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) кеден органы белгілеген кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу;
2) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген күйінен өзгеріссіз күйде сақтау болып табылады.
6. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі оларға қатысты қолданылған тауарларды қайта өңдеу өнімдерін кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды оларды өтеусіз (кепілді) жөндеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету;
2) кеден органы белгілеген кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде қайта өңдеу өнімдерін кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру болып табылады.
7. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кедендік рәсімдердің біреуіне сәйкес тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген, солардың біреуімен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты болып әрекет ете алады.
1. Осы Кодекстің 317-бабының 2-тармағында көрсетілген, кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының төленген сомасын осындай тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетілген тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады.
2. Егер тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды кедендік декларациялау осы Кодекстің 186, 187, 189 және 190-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылған жағдайда осындай тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап тоғыз айдан кешіктірілмей көрсетілген тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының төленген сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады.
1. Кері экспорт кедендік рәсімі шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес шетелдік тауарлар – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей және (немесе) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес осындай баждар мен салықтардың сомалары есепке жатқызылып (қайтарылып), ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары – тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде кедендік әкету баждары төленбей әкетіледі.
2. Кері экспорт кедендік рәсімі:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болатын шетелдік тауарларға, соның ішінде кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарларға;
2) осы Кодекстің 253-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде алынған (қалыптасқан) тауарларға (осы Кодекстің 250-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қайта өңдеу өнімдеріне, қалдықтарға);
3) осы Кодекстің 277-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін осы Кодекстің 275-бабының 3-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қалдықтарға және (немесе) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған қалдықтарға;
4) осы Кодекстің 287-бабының 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға;
5) осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға;
6) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміленің талаптары орындалмауы себебінен, соның ішінде саны, сапасы, сипаттамасы немесе қаптамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін болса, осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі қолданылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына;
7) осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда, егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміленің талаптары орындалмауы себебінен, оның ішінде саны, сапасы, сипаттамасы немесе қаптамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан көрсетілген тауарлар әкетілетін болса, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгендерге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін жоғалтады.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген:
1) осы Кодекстің 264-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін осы Кодекстің 256-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға;
2) Комиссия айқындайтын жағдайларда арнаулы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға;
3) осы Кодекстің 359-бабының 7-тармағына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралдарына;
4) осы Кодекстің 386-бабының 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кері экспорт кедендік рәсімін қолдануға жол беріледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарлар, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелместен, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
1. Осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау;
2) кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды не осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелудің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетудің мән-жайлары туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну болып табылады.
2. Осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап бір жыл бойы оларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;
2) кедендік және (немесе) өзге құжаттарды не осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің мән-жайлары, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміле талаптарының орындалмауы, осы тауарлардың ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылуы, осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну болып табылады. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өткізуге негіз болған мәміле талаптарының орындалмауын растау мақсаттары үшін кеден органына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдар беретін құжаттар ұсынылуы мүмкін;
3) тауарларды пайдалану тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге алып келген ақауларды немесе өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында пайдаланбау және оларды жөндеуді жүргізбеу;
4) кеден органының тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі;
5) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар:
1) осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген тауарларды;
2) порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағынан әкетілетін және осындай тауарлардың әкетілу орны осындай порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА-ға іргелес жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орын болып табылатын тауарларды;
3) Комиссия айқындайтын тауарлардың өзге де санаттарын қоспағанда, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.
2. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген тауарларды қоспағанда, осындай тауарлар осындай кедендік рәсіммен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге тиіс.
3. Шетелдік тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде осындай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмаған не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жағдайда олар уақытша сақтауға қойылуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген кезде, олардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу жағдайларын қоспағанда, кері экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады, ал кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес мұндай шетелдік тауарларды кідіртеді.
1. Декларантта кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеті кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Декларанттың кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеті мынадай:
1) осы Кодекстің 159-бабына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіппен әкету орнының кеден органы растаған шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету;
2) оларға қатысты кері экспорт кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуы және (немесе) оларды осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес есептеу және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
4) осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін мұндай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – кері экспорт кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;
6) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияның кері қайтарып алынуы және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымын тоқтату;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
8) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес тауарларды кеден органының кідіртуі;
9) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Осы Кодекстің 321-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жағдайда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындауға жатады.
Көрсетілген мән-жай басталған кезде тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
4. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жай басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген, тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
5. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жай осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты басталған жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдануға байланысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару кезінде төленбеген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары мөлшерінде төлеуге жатады. Көрсетілген тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеуге жатпайды.
6. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жай кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты басталған жағдайда, кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу өнімдерін шығару нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жататын кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомаларының мөлшерінде төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін – кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге, ал шығарылуы оларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу талап етілген жағдайда мұндай қайта есептеу осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
Егер осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда осы тармақта көзделген пайыздар кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрған кезең үшін есептелмейді және төленбейді.
8. Шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан Комиссия айқындайтын тәртіппен кеден органы растаған әкету орнына іс жүзінде әкетілген не осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес осындай тауарлар шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылған не осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес осындай тауарларды кеден органдары кідірткен жағдайда кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес қайтаруға жатады.
9. Декларантта кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндет туындамайды.
1. Осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары мен шарттарын бұзып және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзып іс-қимылдар жасауға байланысты төленген (өндіріп алынған) жағдайды қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қолдануға байланысты төленген (өндіріп алынған) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру шарты осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
2. Осы тауарлар болатын және өткізілетін бажсыз сауда дүкенінің иесі болып табылатын тұлға ғана бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты болып әрекет ете алады.
3. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары:
1) тауарлардың бажсыз сауда дүкендерінде болуы;
2) тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағында аталған тұлғаларға өткізу;
3) осы Кодекстің 326-бабында көзделген бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың жекелеген санаттарын өткізу шарттарын сақтау болып табылады.
Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған алкогольдік ішімдіктер мен сыра, темекі және темекі өнімдері сияқты тауарлар бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаларға сандық нормалармен өткізіледі, олардың шегінде жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
Уәкілетті орган шектері кедендік бақылау мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін ЕЭА аумағында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін белгілеуі мүмкін.
1. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы, шетелдік тауарларды осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізуді қоспағанда, осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізумен аяқталады.
2. Бажсыз сауда дүкендерінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу кезінде бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы осы шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне оларды орналастыру үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі осы тауарлар өткізілген айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Тауарларды шығарудан бас тартылған кезде көрсетілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен оларды орналастыру үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі тауарларды шығарудан бас тартылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
4. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы:
1) осы Кодексте көзделген шарттармен тауарларды шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырумен;
2) осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес әуе немесе су кемелерінің борттарында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін тауарларды шығарумен аяқталуы мүмкін.
5. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы:
1) тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен;
2) осындай тауарлар декларантының өтініші негізінде тауарларды бажсыз сауда дүкенінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетумен аяқталуы мүмкін.
6. Бажсыз сауда дүкені жұмыс істеуін тоқтатқан жағдайда, көрсетілген бажсыз сауда дүкені жұмыс істеуін тоқтатқан күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар – шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылуға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары – экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуға немесе бажсыз сауда дүкенінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетуге жатады.
Егер мұндай іс-қимылдар көрсетілген мерзімде жасалмаған жағдайда бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы осы мерзім өткен соң тоқтатылады, ал тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.
1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органының тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Декларанттың бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеті мынадай мән-жайлар басталған:
1) осы тауарлар осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында аталған тұлғаларға өткізілген;
2) осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізілген осы тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған;
3) осы тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған, оның ішінде осы тауарлар осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кедендік рәсімдермен орналастырылған және (немесе) олар осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес әуе немесе су кемелерінің борттарында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін шығарылған;
4) осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған, оларға қатысты бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған тауарлар;
5) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындалған және (немесе) олар осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алынған;
6) осы Кодекске сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін мұндай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы таныған;
7) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылған;
8) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларация қайтарып алынған және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы тоқтатылған;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған;
10) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органы тауарларды кідірткен;
11) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы оларға қатысты шешім қабылданған тауарлар уақытша сақтауға қойылған немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастырылған кезде тоқтатылады.
3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары бұзылған жағдайда – тауарларды пайдаланудың белгіленген шарттарын бұзатын әрекеттер жасалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса – тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда – тауарлар жоғалған күн, ал егер бұл күн анықталмаса – тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
3) егер осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізілген шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілмеген жағдайда – осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің соңғы күні;
4) егер осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға өткізілген шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілмеген жағдайда – осы Кодекстің 327-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің соңғы күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төленетін (өндіріп алынатын) кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларынан, көрсетілген сомаларға қатысты тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі өткен күн аралығында оларды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылғандай пайыздар төлеуге жатады. Көрсетілген пайыздар осы Кодекстің 93-бабына сәйкес есептеледі және төленеді.
7. Тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған және (немесе) осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес олар су немесе әуе кемелерінің борттарында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін шығарылған жағдайда, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) жатады.
Жою кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру шарттары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы, онда жоюдың тәсілі мен орны көрсетіледі. Жою кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды жою мүмкіндігі туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тауарлар аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан қайтарымсыз жоғалған жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы талап етілмейді. Жою кедендік рәсімімен осындай тауарларды орналастыру үшін аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
1. Жою кедендік рәсімі осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 331-бабының 4-тармағында көзделген жою актісінің негізінде тауарларды іс жүзінде жоюмен аяқталады.
2. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады.
3. Пайда болған қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмуге, залалсыздандыруға немесе өзге тәсілмен кәдеге жаратуға немесе жойылуға жататын жағдайларды қоспағанда, тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар осы Кодексте көзделген жағдайларда шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
Жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде сол күйінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
4. Кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын, жою нәтижесінде түзілген қалдықтар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және түзілген қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалануға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жарамсыз деп танылған күннен бастап не түзілген қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін не оларды осындай операциялар жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттар кеден органына берілген күннен бастап кедендік бақылауда емес деп есептеледі.
Ескерту. 332-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, мемлекет меншігіне өтеусіз беріледі.
2. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
3. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымына тыйым салынған;
2) жарамдылық (тұтыну, өткізу) мерзімі өткен тауарларға қатысты қолданылмайды.
4. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімін қолдану тәртібі осы Кодекстің 335-бабына сәйкес белгіленеді.
Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау;
көрсетілген кедендік рәсімді қолдану нәтижесінде кеден органдары үшін қандай да бір шығыстардың болмауы;
осы Кодекстің 335-бабында белгіленген талаптардың сақталуы болып табылады.
1. Осы тарау жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің тәртібі мен шарттарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде олардың болу және пайдалану ерекшеліктерін, жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар жасау тәртібінің ерекшеліктерін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын айқындау мен осындай тауарларға қатысты кедендік төлемдерді қолдану тәртібін айқындайды.
2. Осы тараудың ережелері жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін қолма-қол ақшалай құралдары мен ақша қаражатына қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген жеке тұлғалар сатып алған тауарларға қатысты қолданылады.
3. Жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы мынадай тәсілдермен:
1) жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін кезде иесімен бірге жөнелтілетін немесе иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен;
3) тасымалдаушы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтпеген жеке тұлғаның атына не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтпеген жеке тұлғаның атынан өткізілуі мүмкін.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы:
1) жеке тұлғаның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы ауызша нысандағы немесе жолаушыларға арналған кедендік декларацияны пайдалана отырып жазбаша нысандағы өтінішін;
2) тауарлардың сипаты мен санын;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын жеке тұлғаның кесіп өту және (немесе) осы жеке тұлғаның немесе оның атына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып жүзеге асырады.
5. Осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттардың сандық сипаттамалары және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың қосымша өлшемшарттарын Комиссия айқындайды.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға қарамастан, жеке пайдалануға арналған тауарларға мынадай:
1) осы Кодекстің 346-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда мәлімделген кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, оларға қатысты осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін кедендік декларациялауды жеке тұлға жүзеге асыратын тауарлар;
2) Комиссия айқындайтын тауарлардың санаты жатпайды.
7. Осы тарауға сәйкес жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларына қатысты осы тараудың ережелері қолданылмайды. Осындай тауарлар осы Кодекстің өзге тарауларында белгіленген тәртіппен және шарттармен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге жатады.
8. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендеріндегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген жеке тұлғалар сатып алған тауарлар осы тарауды қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлға өткен кезде өзімен бірге алып жүретін багажында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде қаралады.
9. Комиссия тыйымдар мен шектеулерді белгілейтін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілердің негізінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер сақтауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді.
1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы оларды өткізу тәсілдеріне қарай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында не қызмет аймағында осындай тауарлардың декларанты болып әрекет ете алатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын не уақытша болатын аймақтағы кеден органында жасалады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар теміржол көлігімен оларды тасымалдау кезінде жолаушылар пойыздарының жол жүруі кезінде жасалуы мүмкін.
2. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы су және әуе кемелерін қоспағанда, көлік құралдарымен өткізуі кезінде кеден органдары, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, осы тұлғаларға осындай көлік құралдарынан шықпай, кедендік операцияларды жасауға мүмкіндік береді.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, осындай тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттармен осы Кодекстің 345-бабы 5-тармағында көзделген оқиғалар басталған кезде жеке пайдалануға арналған осындай тауарлар шығарылған деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе одан тыс жерде болуы және пайдаланылуы үшін кеден органдары шығаруға тиіс.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізілетін не тасымалдаушы жеткізетін кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты, осы Кодекске сәйкес жеке пайдалануға арналған осындай тауарлардың декларант болып әрекет ете алатын жеке тұлғалар оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін, егер осы Кодекстің 346-бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін болса, еркін айналымға шығару, уақытша әкелу, әкету, уақытша әкету үшін не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру үшін оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар жасалуға тиіс.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты еркін айналымға шығару немесе уақытша әкелу үшін оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғаннан кейін, осы Кодекске сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға декларант болып әрекет ете алатын жеке тұлғалар жасауға тиіс.
Кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін не жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан кеден органдары бас тартқан кезде, көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша сақтауға қойылуы, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тауарларды өткізу орындарындағы жеке пайдалануға арналған тауарлар да – егер осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін келу орнынан әкетілмесе не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кету орнынан кері әкелінсе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген кедендік операцияларды осы Кодекстің 343-бабының 11-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда өзге тұлғалар да жасайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару шарттарының сақталмауы және оларға қатысты кедендік операциялардың жасалмауы себебінен кеден органының жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруы мүмкін болмаған жағдайда, кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес осындай тауарларды кідіртеді.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген (бұдан әрі осы тарауда – уақытша әкелу) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау, осындай тауарларды шығару және оларды кедендік бақылаудағы емес деп тану фактілерін көрсету тәртібін Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда немесе Комиссия реттемеген бөлігінде уәкілетті орган айқындайды.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар – осы Кодекстің 42-тарауында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, ал осы Кодекстің 42-тарауында реттелмеген бөлігінде – ерекшеліктер ескеріле отырып және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін кедендік декларациялаусыз жеке тұлға жүзеге асыратын тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғадан осындай тауарларды көрсетуді, сондай-ақ жеке тұлға мәлімдеген мәліметтердің анықтығын растайтын, соның ішінде оның ауызша сауалнамасының нәтижелері бойынша онда бар құжаттарды беруді талап етуге құқылы.
8. Қос дәліз жүйесі қолданылмайтын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау орындары жүру жолақтарында кедендік операциялардың басталу және аяқталу сызықтарымен белгіленеді.
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынбай жеке тұлғаның кедендік операциялардың аяқталу сызығын кесіп өтуі жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын тауарларының жоқтығы туралы мәлімдеуі болып табылады.
Егер жеке тұлға көлік құралымен жүрген және оған көлiк құралынан шықпай өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау мүмкіндіктері берілген жағдайда, кеден органының лауазымды адамына ауызша сауалнама нәтижелері бойынша жолаушыларға арналған кедендік декларация ұсынбауы жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын тауарларының жоқтығы туралы мәлімдеуі болып табылады.
9. Комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы межелі орынға келу орнындағы аралық қонумен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі жөнелту орнынан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі межелі орынға кету орнындағы аралық қонумен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі жөнелту орнынан әуе тасымалдаушылар алып жүретін багажда тасымалдауға қабылданған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу және кедендік операциялар жасау ерекшеліктерін, осындай тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау үшін кету орындарын (келу орындарын) жабдықтауға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ кеден органдарының, әуе тасымалдаушыларының және жеке тұлғалардың осындай ерекшеліктермен кедендік бақылау жүргізу және кедендік операциялар жасау үшін қажетті өзара іс-қимыл шарттарын айқындауға құқылы.
1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау осы бап ескеріле отырып, осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын уақытша сақтау осындай тұлғаның тұрақты немесе уақытша тұратын (келген) жерінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын уақытша сақтауға қою үшін мұндай тұлға кеден органына Комиссия айқындайтын мәліметтерді көрсете отырып, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда өтінішті, сондай-ақ шетелдік жеке тұлғаның Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аудару, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алу ниетін растайтын құжаттарды ұсынады.
Комиссия шетелдік жеке тұлғаның Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аудару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алу ниетін растайтын құжаттар тізбесін қалыптастырады және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары осындай тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған өтінішті кеден органы тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептелетін мерзімге:
1) егер осы мерзім өткенге дейін шетелдік жеке тұлға осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті тіркеген кеден органын осы тұлғаны Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды растайтын құжатты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғаның босқын, қандас мәртебесін алғанын растайтын құжатты алуға бағытталған іс-қимылдар жасағаны туралы хабардар етпесе, осы баптың 5-тармағында көрсетілген мерзім өткен күнге дейін;
2) шетелдік жеке тұлғаны Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды растайтын құжатты не осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алғанын растайтын құжатты алған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні өткен күнге дейін;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды беруден бас тартуды алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні өткен күнге дейін уақытша сақтауға орналастырылады.
5. Осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннен кейінгі күннен бастап екі ай өткенге дейін осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлға осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті тіркеген кеден органын осындай тұлғаны Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды растайтын құжатты не халықтың көшi-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган, ішкі істер органдары берген құжаттарды ұсыну арқылы осы тұлғаның босқын, қандас мәртебесін алғанын растайтын құжатты алуға бағытталған іс-қимылдар жасағаны туралы хабардар етуге міндетті.
6. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткенге дейін осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлға уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету не осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімдермен орналастыру үшін кедендік декларациялауды жүзеге асыруға міндетті. Оларға қатысты кедендік декларациялау жүзеге асырылмаған жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша сақтау мерзімі өткен соң осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.
7. Уақытша сақтауда тұрған, жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарғанға дейін жеке пайдалануға арналған осындай тауарлар осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлғаның іс жүзінде иелігінде болуға тиіс және оларды осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес беруді қоспағанда, өзге тұлғаларға иеленуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге берілмейді.
Уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органының рұқсатынсыз жеке пайдалануға арналған тауарларды қалыпты күйде ұстау үшін қажетті жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және басқа да операциялар жасауға беруге жол беріледі.
8. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлға уақытша сақтаудағы жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның ішінде осы тармақтың екінші бөлігін ескере отырып, оларды уақытша сақтау орнының шегінен тыс жердегі пайдалануға құқылы.
Уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдарын және (немесе) авто және мотокөлік құралдарының тіркемелерін пайдалануға осы Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда кеден органының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
1. Мыналар:
1) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы жеке пайдалануға арналған тауарлар немесе тасымалдаушы жеткізіп беретін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтауға жататын және оларға қатысты осындай тыйымдар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну талап етілетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;
3) оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін иесімен бірге жөнелтілетін багаждағы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;
4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, иесімен бірге жөнелтілетін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
6) осы Кодекстің 347-бабы 5, 7 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
7) егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері;
8) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары;
9) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес оларға қатысты тыйымдар мен шектеулерді сақталуға жататын мәдени құндылықтар;
10) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
11) осы Кодекстің 348-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының бөлшектері;
12) осы баптың 18-тармағында көрсетілген тауарлар кедендік декларациялауға жатады.
2. Егер жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін халықаралық әуежайдың транзиттік аймағынан кетпей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кететін болса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы әуе көлігі транзитімен осындай тұлғамен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік декларациялауға жатпайды.
3. Жеке пайдалануға арналған, оның ішінде осы Кодекстің 346-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялау жолаушыларға арналған кедендік декларация пайдаланыла отырып жүргізіледі.
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді Комиссия осы баптың 9-тармағын ескере отырып, осындай кедендік декларацияны толтыру тәртібін айқындау кезінде айқындайды.
Жолаушыларға арналған кедендік декларация – қазақ тілінде немесе орыс тілінде не ағылшын тілінде, ал кеден органының рұқсатымен осындай кедендік декларация берілетін кеден органының лауазымды адамдары меңгерген басқа да шет тілінде толтырылады.
Егер жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін құжаттар пайдаланылған жағдайда мұндай құжаттар осындай актілерде айқындалған тілдерде толтырылады.
Жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде осы Кодексте, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарда белгіленген және (немесе) Комиссия айқындайтын жағдайларда және тәртіппен жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару үшін қажетті мәліметтерді қамтитын құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау осы Кодекстің 369-бабы ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын кедендік декларациялау осы баптың 16 және 17-тармақтары ескеріле отырып жүргізіледі.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғалар осы тауарларды кеден органына бір уақытта бере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде жүргізеді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды осы тұлғаға иесімен бірге жөнелтілетін багаж берілген халықаралық әуежай орналасқан және тұлға осы халықаралық әуежайдың кедендік бақылау аймағынан кететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет аумағындағы жеке тұлғалар жүргізеді.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды осындай жеке тұлғалар тұрақты немесе уақытша тұратын не уақытша келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттегі жеке тұлғалар жүргізеді.
8. Тасымалдаушы жеткізетін не халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке пайдалануға арналған осындай тауарларды жөнелтуші немесе алушы болып табылатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын не уақытша келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте жүзеге асырылады.
9. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болудың не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің мынадай мақсаттарының бірі мәлімделеді:
1) еркін айналым;
2) уақытша әкелу. Уақытша әкелу осы Кодекстің 347-бабында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына ғана қатысты мәлімделуі мүмкін;
3) әкету;
4) уақытша әкету.
10. Жеке тұлға кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды өз еркімен жүзеге асыруға құқылы.
Жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждарда өткізген жағдайда, оның шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінетін құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларды есепке алу мақсаттары үшін мұндай тұлға өзімен бірге алып жүретін багажда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларациялауды жүзеге асыруға құқылы.
11. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды – декларант не кеден өкілі, ал Комиссия айқындайтын жағдайларда декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлға жүзеге асырады.
12. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларация Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін орында орналасқан кеден органына, соның ішінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру үшін беріледі.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған болса, осындай тауарларды еркін айналымға шығару үшін немесе уақытша әкелу үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткізу орнындағы кеден органына беріледі.
Осы Кодекстің 342-бабына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осындай тауарларды еркін айналымға шығару үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация осы Кодекстің 342-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті тіркеген кеден органына беріледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізілетін не тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына беріледі.
13. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған жағдайда жолаушыларға арналған кедендік декларация осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі.
14. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың декларанттары болып:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өткен кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын тасымалдаушыға берген (беретін);
3) жеке пайдалануға арналған тауарларды жөнелтушілер немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушылар болып табылатын;
4) жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын оның атына немесе атынан тасымалдаушы жеткізетін;
5) еркін айналымға шығару үшін кедендік декларациялау жүзеге асырылатын жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты меншік құқығы бар;
6) егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өзіне иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тиесілі жеке пайдалануға арналған көлік құралымен өтетін;
7) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын, соның ішінде сот шешімімен не мұрагерлік құқығы бойынша иеленген;
8) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын иеленген;
9) осы Кодекстің 347-бабы 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына және 9-тармағына сәйкес оларға берілген, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығаруды жүзеге асыратын;
10) он алты жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты – он алты жасқа толмаған жеке тұлғаларды алып жүретін (ата-анасының, осы тұлғаларды асырап алушылардың, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі, оны алып жүретін өзге де тұлға не алып жүретін тұлғалар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары немесе қамқоршылары алып жүрмей, кәмелеттік жасқа толмаған адамдар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде – топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі);
11) осы баптың 18-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің он алты жасқа толған жеке тұлғалары немесе шетелдік жеке тұлғалар әрекет ете алады.
15. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы жеке тұлғалардың атына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жеке пайдалануға арналған тауарларды жіберу кезінде осындай тауарларды жөнелтуші болып табылатын заңды тұлғалар да осындай тауарлардың декларанттары болып әрекет ете алады.
16. Жол чектерін қоспағанда, ақша құралдарын кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияда номиналдық құны не Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы немесе ақша құралы алу құқығын куәландыратын шетел валютасындағы тиісті сома көрсетіледі. Егер номиналдық құны болмаған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы немесе ақша құралын алу құқығын куәландыратын шетел валютасындағы соманы айқындау мүмкін болмаған жағдайда, жолаушыларға арналған кедендік декларацияда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін ақша құралдарының саны көрсетіледі.
17. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік декларациялауға жататын қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуі кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мынадай мәліметтер:
1) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың деректемелері, тұрғылықты (тіркелген) жерінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында болу орнының мекенжайы;
2) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары туралы мәліметтер (ақша құралының түрі, эмитенттің атауы, шығарылған күні және сәйкестендіру нөмірі (болған кезде);
3) егер өткізілетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары декларанттың меншігі болып табылмаса, қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының көзі туралы, олардың иелері туралы мәліметтер, сондай-ақ осындай қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын болжамды пайдалану туралы мәліметтер;
4) қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын тасымалдау маршруты және тәсілі туралы (тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түрі) мәліметтер көрсетілуге тиіс.
18. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды өткізу кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде қайтыс болған адамның денесі (мәйіті) салынған табытты немесе күлі салынған сауыттарды алып жүретін адам берген еркін нысандағы өтініш пайдаланылуы мүмкін.
19. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу үшін айқындалған тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері беретін қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері, ал жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты мұндай құжаттар болмаған кезде – әкетілетін сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;
2) қайта жерленген жағдайда эксгумация өткізу мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитариялық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;
3) мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның оларда бөгде салынымдардың жоқтығын көрсете отырып және қайтыс болған адамның заттары мен құнды заттары қайтыс болған адамның денесімен (мәйітімен) бірге жөнелтілген жағдайда олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.
20. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:
1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не осы құжаттардың көшірмесі, ал мәйіттің жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты ондай құжаттар болмаған кезде – әкелінетін сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;
2) мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның оларда бөгде салынымдардың жоқтығын көрсете отырып және қайтыс болған адамның заттары мен құнды заттары қайтыс болған адамның денесімен (мәйітімен) бірге жөнелтілген жағдайда олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.
Ескерту. 343-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға:
1) жеке басын (соның ішінде кәмелетке толмаған адамның) куәландыратын құжаттар;
2) оларға қатысты кедендік декларациялау жүзеге асырылатын, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын, жеке тұлғада бар құжаттар;
3) егер тыйымдар мен шектеулерді сақтау осындай құжаттарды ұсынумен расталса, осы Кодекстің 8-бабына сәйкес жеке тұлғалар сақтауға жататын тыйымдар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар;
4) көліктік (тасымалдау) құжаттары;
5) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу шарттарының сақталуын растайтын, оның ішінде шетелдік жеке тұлғаны Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды не шетелдік жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алуын растайтын құжаттар;
6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкелу кезінде ресімделген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін осындай көлік құралының шығарылғанын растайтын жолаушыларға арналған кедендік декларация;
7) осы Кодекстің 343-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған көлік құралын немесе жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралының бір бөлігін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер қамтылған құжаттар;
8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) оған иелік ету құқығын растайтын құжаттар;
9) Комиссия айқындайтын жағдайларда қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралының шыққан жерін растайтын құжаттар;
10) осы Кодекстің 343-бабының 19 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
11) осы Кодекстің 343-бабының 11-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда декларант атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат жатады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын мәліметтер қамтылмаған жағдайда мұндай мәліметтер өзге де құжаттармен расталуы мүмкін.
3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдары олар бойынша мәліметтерді шет тілінен аударуды талап етпейтін құжаттар тізбесін Комиссия айқындайды.
4. Жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда не иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда ғана өткізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарға қосымша осы Кодекстің 343-бабының 10-тармағына сәйкес берілген жолаушыларға арналған кедендік декларацияның данасы ұсынылады.
Кеден органына аталған жолаушыларға арналған кедендік декларация ұсынылмаған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер жеке тұлға басқаша дәлелдей алмаса, шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінетін құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалардан асырыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар, егер оларды кеден органы мен декларанттың немесе декларант атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін адамның жолға қойылған ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде кеден органы алуы мүмкін болса, ұсынылмауы мүмкін. Ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
6. Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қабылдауды және оны тіркеуді кеден органы өтеусіз негізде жүзеге асырады.
1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетіндерді қоспағанда, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатына қарай мынадай тауарлар:
1) еркін айналымға;
2) әкету үшін;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы үшін;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша болуы үшін шығарылуға жатады.
2. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға немесе әкету үшін шығаруды:
1) осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып, осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленген;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда кеден органы жүргізеді.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар шығаруды кеден органы тиісті шоттарға жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары есепке жатқызылғанға дейін жүргізеді.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кедендік баждар, салықтар төленгенге дейін кеден органы жүргізеді.
4. Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша болуы үшін шығаруды кеден органы:
1) жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Кодекстің 347 және 348-баптарына сәйкес уақытша әкелінуі не уақытша әкетілуі мүмкін;
2) осы Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау қамтамасыз етілген;
3) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда жүргізеді.
5. Кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған немесе "жасыл" дәлізден шығу (кіру) сызығын не келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды аяқтау сызығын кесіп өткен кезден бастап әкету үшін шығарылған деп есептеледі.
Кедендік декларациялауға жатпайтын және оларға қатысты кедендік операцияларды көлік құралынан шықпай жасау мүмкіндігі берілетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар осындай тауарларға қатысты келу немесе кету орындарында кедендік бақылауды жүргізу аяқталған кезден бастап еркін айналымға шығарылған немесе әкету үшін шығарылған деп есептеледі.
6. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару осы Кодекстің 192-бабына сәйкес белгіленген шарттар сақталған кезде және тәртіппен жүргізіледі.
7. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс.
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін орындарда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, декларанттың жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару шарттарының сақталғанын растағанынан кейін және кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін дереу аяқталуға тиіс.
8. Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа да түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар тауарлардың мынадай санаттарын:
1) осы Кодекстің 381 және 382-баптарына сәйкес әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын;
2) осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес пайдалану және (немесе) билік ету бойынша оларға қатысты шектеулер қойылған тауарларды қоспағанда, олар еркін айналымға шығарылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
10. Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болған жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болады және пайдалануы және (немесе) билік ету бойынша шектеулерсіз пайдаланылады.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, оларды келу орнынан кеден органына дейін тасымалдау үшін осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын қызмет аймағында кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің басшылары және басқа да консулдық лауазымды адамдары, консулдық мекемелерінің консулдық қызметкерлері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан халықаралық ұйымдардың жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері, олардың бірге тұратын отбасы мүшелері не осындай тұлғалардың атынан және тапсырмасы бойынша өзге де адамдар тауарларды келу орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың өтініші бойынша айқындалатын кеден органына дейін тасымалдау үшін осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
4) бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, консулдық мекемелердің жұмыскерлері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан өзге де ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары), олармен бірге тұратын отбасы мүшелері тауарлардың келу орнынан қызмет аймағында (өңірінде) олар қызметкерлері, жұмыскерлері, персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары) болып табылатын дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктері, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, өзге де ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің орналасқан кеден органына дейін тасымалдау үшін әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлары;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің басшылары, дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелері және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша оларды келу орнынан кету орнына дейін тасымалдау үшін әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтерді Комиссия айқындайды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған кезде олардың жеткізілу орнын:
1) осындай көлік құралдары меншік иесінің тапсырмасы бойынша әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты – жеке тұлғаның – жеке пайдалануға арналған көлік құралының меншік иесінің тұрақты не уақытша тұрғылықты жері туралы мәліметтер негізінде, ал жеке пайдалануға арналған өзге де көлік құралдарына қатысты – жеке пайдалануға арналған көлік құралын әкелетін жеке тұлғаның өтініші негізінде;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты – осындай тауарлар декларантының орны немесе болжамды тұрақты не уақытша тұрғылықты жері туралы мәліметтер негізінде;
3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты – осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын тұлғаның мәлімдеген мәліметтері негізінде;
4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты – қызметкері, жұмыскері, персоналы (қызметкері, лауазымды адамы) жеке пайдалануға арналған тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тұлға болып табылатын дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің орналасқан орны туралы мәліметтер негізінде;
5) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты – кету орны туралы мәліметтер негізінде жөнелтуші кеден органы айқындайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларант ретінде әрекет ететін жеке тұлға осы Кодекстің 230-бабында тасымалдаушы үшін көзделген міндеттерді орындайды.
5. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 354-бабы ескеріле отырып, осы Кодекстің 226-бабына сәйкес ұсынылады.
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша бір жылдан көп емес мерзімге әкелуіне жол беріледі.
Осы Кодекстің 342-бабы 2-тармағында көрсетілген шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша бір жылдан аспайтын мерзімге әкелуге жол беріледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер жеке тұлғаларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша бір жылдан көп емес мерзімге әкелуіне жол беріледі.
2. Осы баптың 1 және 4-тармақтарындағы ережелері осы Кодекстің 381 және 382-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелуге құқылы, жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты қолданылмайды.
Көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес расталатын, көрсетілген жеке тұлғаларға болу мемлекетінде артықшылықтарды ұсыну мерзіміне жол беріледі.
Көрсетілген мерзім ұзартылған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтініші бойынша кеден органы жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мерзімін осындай ұзарту кезеңіне ұзартады.
3. Осы баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелуге осы Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда жол беріледі.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған екінші және келесі кезекті көлік құралдарын уақытша әкелуіне осындай тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген, бұрын уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болған кезде осы Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда жол беріледі.
Осы тармақтың қолдану мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған екінші және келесі кезекті көлік құралдары деп жеке пайдалануға арналған сол типтегі көлік құралдары (авто- және мотокөлік құралдары, авто- және мотокөлік құралдарының тіркемелері, су кемелері немесе әуе кемелері) сияқты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бұрын уақытша әкелінген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары түсініледі.
5. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мұндай көлік құралдары уақытша болуы мүмкін мерзім өткенге дейін, көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары тәркіленген немесе сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған не осы Кодекстің 36-бабының 2-тармағына немесе 456-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесін алған не көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің 34-бабы 7-тармағының 8) тармақшасында көзделген мән-жайлар басталған жағдайларды қоспағанда, осы бапқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету, еркін айналымға шығару мақсатында немесе өзге де мақсаттарда кедендік декларациялауға жатады.
Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткенге дейін декларант осы Кодексте белгіленген тәртіппен осындай көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастыруға құқылы.
Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзімі өткеннен кейін мұндай көлік құралдары осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік рәсімдермен орналастырылады не мұндай көлік құралдарына қатысты әкету, еркін айналымға шығару мақсатында немесе осы бапқа сәйкес өзге де мақсаттарда кедендік декларациялау жүзеге асырылады.
Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылған не оларға тыйым салынған жағдайда мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты уақытша әкелу мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын алып қоюдың не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданған жағдайда осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын алып қою не оларға тыйым салу осы баптың 9-тармағында көзделген уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын декларанттың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында беру шартын бұзумен байланысты болған жағдайларды қоспағанда, осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты уақытша әкелу мерзімінің өтуі мұндай шешім заңды күшіне енген күнінен бастап қайта басталады.
Оларға қатысты осы баптың 1 немесе 2-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы тармақта көзделген әрекеттер жасалмаған уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын, мұндай кідіртуге дейін осы Кодекстің 351-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес қызмет аймағында осындай көлік құралдары болатын кеден органы кідіртеді.
6. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында декларанттың іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
Декларант уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзге тұлғаға, соның ішінде осындай көлік құралы меншік құқығымен тиесілі тұлғаға осы бапта белгіленген жағдайларда және шарттармен беруі мүмкін.
7. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары:
1) осы Кодекстің 381 және 382-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелуге құқылы жеке тұлғаларға – осындай беру жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелуі мақсатында кедендік декларациялау жүзеге асырылғаннан кейін;
2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілмеген тұлғаларға – мұндай беру жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығаруы мақсатында кедендік декларациялау жүзеге асырылғаннан кейін берілсе, мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруге рұқсат етіледі.
8. Кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациялаусыз декларанттың жеке пайдалануға арналған мынадай көлік құралдарын:
1) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын – техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда) жүргізу және (немесе) сақтау үшін өзге тұлғаның иелік етуіне;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасы уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – оның ата-анасына, балаларына, тіркелген некеде тұрған жұбайына (зайыбына);
3) шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – өзге шетелдік жеке тұлғаларға;
4) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған су немесе әуе кемесін – кеменің техникалық құрылғысында көрсетілген тұлғалардың қатысуынсыз оны пайдалану болжанбайтын жағдайда осы көлік құралдарын пайдалану мақсатында басқару үшін су кемесінің капитанына, әуе кемесінің командиріне, экипаж мүшелеріне;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдігіне және (немесе) консулдық мекемесіне, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің халықаралық ұйым жанындағы өкілдігіне тіркелген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің осындай дипломатиялық өкілдігінде және (немесе) консулдық мекемесінде, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінде жұмыс істейтін жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқанЕуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің осындай дипломатиялық өкілдігіне және (немесе) консулдық мекемесіне, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінің өзге қызметкеріне беруіне рұқсат етіледі.
9. Кеден органының рұқсатымен және кедендік декларациялаусыз декларанттың мынадай көлік құралдарын:
1) шетелдік жеке тұлға уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – осы Кодекстің 354-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасына;
2) уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын – егер осындай әкетуді декларанттың қайтыс болуы, ауыр науқастануы себебі бойынша немесе өзге де объективті себеп бойынша жүзеге асыру мүмкін болмаса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралын әкету үшін өзге де тұлғаға беруіне рұқсат етіледі.
10. Осы баптың 9-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органы рұқсатының нысанын және оны кеден органының беруі тәртібін Комиссия айқындайды.
11. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда, декларантты қоспағанда, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралы берілген жеке тұлғалар осындай көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.
12. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын декларанттың осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда еркін айналымға шығару мақсатында оларды кедендік декларациялау жүзеге асырылғаннан кейін беруіне рұқсат етіледі.
Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында белгіленгендерден өзге жағдайларда беру фактілері анықталған жағдайда, еркін айналымға шығару мақсатында оларды кедендік декларациялау жүзеге асырылғанға дейін осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес мұндай көлік құралдарын кеден органдары кідіртеді.
13. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында декларанттың осы баптың 8 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда өзге тұлғаға беруі декларантты осы бапта белгіленген талаптарды сақтау міндетінен босатпайды, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар, осы бапта осындай жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар қолданудың өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, төлеуге жатады.
2. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына қарай кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары мен тәсілін, сондай-ақ оларға қатысты жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарын Комиссия айқындайды.
3. Осы бапта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолданудың өзгеше тәртібі белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар төленбей, жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Комиссия айқындайтын құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары шегінде әкелінеді.
Кедендік баждар, салықтар төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған осындай тауарларды әкелудің тәсілдеріне қарай Комиссия айқындайды. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына иесімен бірге жөнелтілетін және (немесе) иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің мұндай нормалары бұрын қолданыста болған және жүру жолы мен межелі орнында қажетті, жатқызу өлшемшарттарын Комиссия айқындайтын жеке пайдалануға арналған тауарлар есепке алынбай айқындалады.
Комиссия тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оларды әкелудің тәсіліне қарай уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің Комиссия айқындағаннан да анағұрлым қатаң құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын белгілеуі мүмкін тауарлардың санаттарын айқындауға құқылы.
Комиссия олардың шегінде жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінетін құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларды айқындау кезінде осындай нормаларды қолдану тәртібін, оның ішінде көрсетілген нормалар әкелінетін осындай тауарларды есепке алу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу күнін анықтау тәртібін айқындауға құқылы.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарлар олардың құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кедендік баждар, салықтар төленбей әкетіледі.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша әкетілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, табиғи тозудың салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, олар өзгеріссіз күйінде сақталған және бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілгеннен кейін олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінуі осы Кодекстің 348-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен кеден органына расталған жағдайда олардың құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан, кедендік баждар, салықтар төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан олар уақытша әкетілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінуі кеден органына расталмаған кезде, осындай тауарларға осы баптың 1, 3 және 8-тармақтарында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолданудың тәртібі қолданылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан олар уақытша әкетілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінеді.
6. Тізбесі мен санын Комиссия айқындайтын бұрын қолданыста болған жеке пайдалануға арналған тауарларды шетелдік жеке тұлғалар осындай тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан өздері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде кедендік баждар, салықтар төлемей әкеле алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, шетелдік жеке тұлғалар өздері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу кезеңіне әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларға осы баптың 1 және 3-тармақтарында, 7-тармағының бірінші бөлігінде, сондай-ақ 8-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі қолданылады.
7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кедендік баждарды, салықтарды төлемей, бір жылдан көп емес мерзімге әкеле алады.
Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің 347-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында және 12-тармағында белгіленген жағдайларда осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленеді.
8. Комиссия жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауарларды әкелетін тұлғаларға және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу жағдайлары мен шарттарын, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді айқындауға құқылы.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің 381 және 382-баптарында көрсетілген тұлғалардың – кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу жағдайлары мен шарттары осы Кодекстің аталған баптарында, ал осы Кодекстің 379-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда айқындалады.
9. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі, осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, сондай-ақ оларды төлеу мерзімі осы Кодекстің 24-тарауына сәйкес айқындалады.
10. Жеке пайдалануға арналған тауарлар бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтарды салу объектісі болып табылады.
11. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған тауарлардың санатына және қолданылатын мөлшерлемелер түрлеріне қарай оларды есептеуге арналған база жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, соның ішінде тауар тұтынылғанға дейін одан ажырамайтын және (немесе) бөлшектеп сату үшін тауар салынып ұсынылатын оның бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады.
Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін тауарлардың түріне және қолданылатын мөлшерлемелердің түрлеріне қарай жиынтық кедендік төлем құрамына кіретін кедендік баждарды есептеуге арналған база жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, оның ішінде тауар тұтынылғанға дейін одан ажырамайтын және (немесе) бөлшектеп сату үшін тауар салынып ұсынылатын оның бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады. Жиынтық кедендік төлемнің құрамына кіретін салықтарды есептеуге арналған база осы Кодекстің 82-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарының шығарылған кезі мен қозғалтқышының жұмыс көлемін айқындау тәртібін Комиссия айқындайды.
12. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
13. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін, жолаушыларға арналған кедендік декларация кеден органында тіркелген күнге қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.
14. Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін қолдана отырып төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған базаны және кедендік баждардың, салықтардың тиісті бірыңғай мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
15. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын сома кедендік баждардың есептелген сомасы мен салықтардың есептелген сомасын қосу арқылы айқындалады. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу мынадай тәсілдермен:
1) кедендік баждар сомасын есептеу кедендік баждарды есептеуге арналған базаны және кедендік баждар мөлшерлемелерінің тиісті түрін қолдану арқылы жүргізіледі;
2) салықтар сомасын есептеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16. Декларант немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті туындаған өзге де тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуші болып табылады.
17. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін шетелдік валютаны қайта есептеу тәртібі, оларды төлеу бойынша міндетті орындау кезі (төлем күні), кедендік баждар, салықтар мен өзге де ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) тәртібі осы Кодекстің 8, 9, 10 және 11-тарауларына сәйкес айқындалады.
Егер халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу жолаушыларға арналған кедендік декларация тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
18. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 94-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес төлеуге жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар, аумағында осы Кодекстің 351-бабының 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төлеуге жатады.
19. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төлеуге жатады.
20. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы баптың 18-тармағына сәйкес мұндай кедендік төлемдер төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған шоттарға төленеді.
21. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы баптың 18-тармағына сәйкес кедендік баждар төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің валютасымен төленеді.
22. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз тәртіппен не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
23. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде осы Кодекстің 74-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер төленбейді.
24. Кедендік декларациялау осы тарауға сәйкес жүзеге асырылатын тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды жеке тұлғалар кедендік кіріс ордері не Комиссия айқындайтын өзге де кедендік құжат негізінде төлейді.
25. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді осындай тауарлар шығаруды жүргізетін кеден органы кедендік декларациялау кезінде декларанттың мәлімдеген мәліметтері негізінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша есептейді.
Төлеуге жататын кедендік төлемдер сомаларын айқындау үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және анық мәліметтерді кеден органына мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.
26. Осы Кодекстің 351-бабы 6, 7 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды кеден органы бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың есеп-қисабымен есептейді.
Көрсетілген есеп-қисаптың нысанын, оны толтыру мен осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
1. Декларанттың жолаушыларға арналған кедендік декларация қолданыла отырып, кедендік декларациялауға жататын, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті кеден органының жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, декларанттың жолаушыларға арналған кедендік декларация қолданыла отырып, кедендік декларациялауға жататын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті мынадай:
1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша міндетті орындау;
2) егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар төленбей не кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару;
3) осы баптың 7-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі бұл кезеңде басталмаған жағдайда, осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулердің қолданылу мерзімінің өтуі;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болуы мүмкін мерзім өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының әкетілуі;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болуы мүмкін мерзімі өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын бір мезгілде мынадай:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында осындай көлік құралдарын кедендік декларациялау уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей немесе Комиссия айқындауға құқылы неғұрлым ұзақ мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылуы;
осындай көлік құралдарына қатысты осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмау шарттары сақтала отырып әкетілуі;
6) осындай орналастыруға дейін осы баптың 6-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, осы Кодекстің 347-бабының 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастыру;
7) осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы бапқа сәйкес осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің басталуын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
9) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты – жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан кеден органының бас тартуы;
10) осындай жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеу кезінде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қайтарып алу;
11) осындай кідірту туындағанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органының кідіртуі;
12) мұндай шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты – егер бұрын осындай тауарларды еркін айналымға шығару жүргізілмесе, оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған жеке пайдалануға арналған тауарлардың осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуі, уақытша сақтауға қойылуы не шығарылуы;
13) осы Кодекстің 353-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда;
14) осы Кодекстің 353-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты – осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау;
16) осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Комиссия нақ сол жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет әртүрлі тұлғаларда әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше мәрте, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылатын мән-жайлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекетте басталған жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталғанын растау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.
4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды қоспағанда, еркін айналым мақсатында декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет (кедендік баждар, салықтар төлеуге жатады) жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарғанға дейін орындауға жатады.
5. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төлеуге жатады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдары осы Кодекстің 347-бабының талаптары бұзыла отырып, өзге тұлғаларға берілген жағдайда – беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралының шығарылу күні;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу жағдайларын қоспағанда, осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдары олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім шегінде жоғалған жағдайда – жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болу үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шығарылу күні;
3) осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмеуіне байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болған жағдайда – осы Кодекстің 347-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзімнің өту күні деп есептеледі.
7. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу талаптарын және (немесе) осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді бұзу әрекеттері жасалған жағдайда орындауға жатады.
Көрсетілген мән-жай басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып осындай әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса – жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару күні есептеледі.
8. Осы Кодекстің 347-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін берген жағдайда осындай уақытша әкелінген көлік құралы берілген тұлғаның декларантпен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болады.
9. Осы Кодекстің 347-бабының талаптарын бұза отырып, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзге тұлғаларға берген жағдайда, мұндай тұлғалардың осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының декларантымен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болады.
10. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларациялау кезінде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығару жүргізілгендей төлеуге жатады.
Осындай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін соған сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелу мақсатында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары шығарылған жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
11. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар оған сәйкес аталған жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналым үшін шығарылған жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге есептелген және кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатылуына байланысты төленбеген кедендік баждардың, салықтардың сомалары мөлшерінде төлеуге жатады.
12. Осы Кодекстің 342-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жерінде уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған өтінішті кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
13. Осы Кодекстің 342-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет өзінің тұрақты және уақытша тұратын жерінде осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу;
2) егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкетілетін осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткенге дейін әкету;
4) осы бапқа сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің басталған жағдайларын қоспағанда, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жеке пайдалануға арналған тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
6) жою кедендік рәсіміне немесе мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен тауарлардың орналастырылуы;
7) осындай кідіртуге дейінгі туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдарының жеке пайдалануға арналған тауарларды кідіртуі;
8) осы Кодекстің 353-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты – осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау;
10) осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау;
11) осы Кодекстің 353-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда тоқтатылады.
14. Осы Кодекстің 342-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
15. Осы баптың 14-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар жоғалған жағдайда – осындай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса – жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған өтінішті кеден органының тіркеген күні;
2) осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар өзге тұлғаға берілген жағдайда – осындай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса – жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған өтінішті кеден органының тіркеген күні есептеледі.
16. Осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару жүргізілгендей төлеуге жатады.
Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін осындай көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып табылатын күнге қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
17. Осы Кодекстің 174-бабының ережелері Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға қоныс аударуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты қолданылмайды.
18. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды анық кедендік декларацияламай, заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар осы тарауға сәйкес есептеледі. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары қайтадан төленбейді (өндіріп алынбайды), ал артық төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомалары осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жатады.
Тауарларды әкелу кезінде жеке тұлға оларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде мәлімдеген және осы тараудың ережелеріне сәйкес мұндай әкелу кезінде олар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпаған, еркін айналымға шығарылған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына әкелу фактілері анықталған кезде кедендік баждар, салықтар осы Кодекстің 2-бөліміне сәйкес есептеледі.
1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) тағайындалған пошта байланысының операторында – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыда – тағайындалған пошта байланысының операторы аталған тұлғаның мекенжайына оның атына жеке пайдалануға арналған тауарлардың келіп түскені туралы хабарлама жіберген кезден бастап туындайды.
2. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген)жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттағайындалған пошта байланысының операторында мынадай:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде осы тарауға сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша міндетті орындау;
2) кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін тауарларды алушыға олар еркін айналымға шығарылғаннан кейін беру;
3) жеке пайдалануға арналған тауарлардың алушысы төлеген кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған шотқа аударылған;
4) осы бапқа сәйкес осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
6) осы Кодекстің 369-бабының 13 немесе 16-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың оларды жөнелтушіге қайтарылу мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген)жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды алушыда мынадай:
1) осы тарауға сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша міндетті орындау;
2) егер осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес осындай тауарларға қатысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін не кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінетін тауарларды алушыға олар еркін айналымға шығарылғаннан кейін беру;
3) осы бапқа сәйкес осындай жойылуға немесе осындай қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
5) осы Кодекстің 369-бабының 13 немесе 16-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың оларды жөнелтушіге қайтарылу мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген)жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осындай жеке пайдалануға арналған тауарлар алушыға берілгенге дейін осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды алушының орындауына жатады (кедендік баждар, салықтар төлеуге жатады).
5. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген)жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде тағайындалған пошта байланысы операторының орындауына жатады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалту не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн анықталмаса – осындай жоғалуды кеден органы анықтаған күн;
2) кедендік баждар, салықтар төленбей, жеке пайдалануға арналған тауарлар берілген жағдайда – осындай тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса – осындай беруді кеден органы анықтаған күн болып есептеледі.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік баждар, салықтар жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару жүргізілгендей төлеуге жатады.
Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік баждардың, салықтардың мөлшерлемелері қолданылады.
1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеуші осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті бар тұлғалар орындайды.
2. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет оларды осы Кодекстің 349, 351 және 352-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімде осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын сомалар мөлшерлерінде төлеу арқылы орындалады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғаны хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындалады.
3. Осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті төлеуші орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде өсімпұлдар төленеді.
Осы Кодекстің 349-бабының 18-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте өсімпұлдарды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Осы Кодекстің 351-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылатын мән-жайлардың басталғаны туралы растауды алған жағдайда өсімпұлдар төленбейді.
Өсімпұлдарды есептеу – осы Кодекстің 124-бабына сәйкес, өсімпұлдарды төлеу, есепке жатқызу (қайтару) – осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда кеден органы осы Кодекске сәйкес осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеушіге, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болатын тұлғаларға осы Кодекстің 86-бабына сәйкес белгіленген мерзімде кедендік баждардың, салықтардың төленбеген сомалары туралы хабарлама жібереді.
Осы Кодекстің 349-бабының 18-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте төленуге жататын, ал осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органы жүзеге асырған жағдайларда, көрсетілген хабарламаны Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне № 1 қосымшада көзделген тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттарды алғаннан кейін кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы жолдайды.
5. Кеден органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны мынадай:
1) осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюта бағамын қолданатын күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша екі еуроға баламалы жиынтық сомадан аспайтын мөлшерде осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған бір кедендік кіріс ордерінде не басқа кедендік құжатта есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлемеу фактісі жеке пайдалануға арналған тауарлар шығарылғаннан кейін анықталған;
2) осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін валюта бағамын қолданатын күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша екі еуроға баламалы жиынтық сомадан аспайтын мөлшерде осы Кодекстің 349-бабының 26-тармағында көрсетілген кедендік баждар, салықтар бір есеп-қисабында есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлемеу фактісі анықталған жағдайларда жіберілмейді.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларда жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылады.
7. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жіберілген хабарламада көрсетілген мерзімде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда, кеден органы осы Кодекстің 116-бабының 9-тармағында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады.
8. Оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбеген жеке пайдалануға арналған тауарларға өндіріп алуды қолдану осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті тоқтатады.
9. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар мынадай:
1) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу мерзімі өткен;
2) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік баждарды, салықтарды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 351-бабының 2 және 13-тармақтарында және 352-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;
3) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 8-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шараларды қолдануға байланысты тоқтатылған;
4) кеден органы осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өндіріп алу мүмкін болмаған кедендік баждардың, салықтардың сомалары өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;
5) осы Кодекске сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты өзінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған жеке тұлға қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарияланған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда қолданылмайды.
10. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген кеден органдары өндіріп алады.
Осы Кодекстің 351-бабының 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, аумағында осындай мән-жайлар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алады, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда – кеден органына осындай қамтамасыз ету есебінен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету ұсынылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы өндіреді.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету және кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке өндіріп алынған кеден баждарының, салықтардың сомаларын аудару есебінен кеден органдарының кедендік баждарды, салықтарды өндіру кезіндегі өзара іс-қимылы – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне № 1 қосымшада көзделген тәртіппен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде реттелмеген бөлігінде – Комиссия айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Өндіріп алу мүмкін болмаған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар, өсімпұлдар сомалары өндіріп алуға үмітсіз деп танылады және осы Кодекстің 121-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес есептен шығарылады.
12. Комиссия нақ сол жеке пайдалануға арналған тауарға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаған жағдайларда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалу ерекшеліктерін, сондай-ақ, егер осы Кодекске сәйкес кедендік баждар, салықтар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі мән-жайлар бойынша төленуге жататын жағдайларда кеден органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.
1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы, осы Кодекстің 342-бабының 8-тармағының екінші бөлігінде, 347-бабының 3, 4 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қамтамасыз етіледі.
2. Осы Кодекстің 346-бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 226-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай:
1) жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға қоныс аударған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алған, осындай тануды не осындай мәртебені растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шетелдік жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелетін;
2) жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға қоныс аудару, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алу ниеті бар, осындай ниетін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шетелдік жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелетін;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілетін құжаттар ұсынылған жағдайларда осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, дипломатиялық өкілдіктерінің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің басшылары және өзге де консулдық лауазымды адамдары, консулдық мекемелерінің консулдық қызметшілері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері не осындай тұлғалардың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар әкелетін жағдайларда ұсынылмайды.
Комиссия аталған тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген құжаттардың тізбесін қалыптастырған және оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз еткен;
4) осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, консулдық мекемелердің жұмыскерлері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдарының немесе олардың өкілдіктерінің персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары), олармен бірге тұратын отбасы мүшелері олардың осындай қызметкерлер, жұмыскерлер, персонал немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатыны расталған кезде әкелетін;
5) осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері олар осындай тұлғалар немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатыны расталған кезде әкелетін жағдайларда ұсынылмайды.
3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды кедендік баждарды, салықтарды төлеуші не өзге тұлғалар қамтамасыз етеді.
Егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды кедендік баждарды, салықтарды төлеуші болып табылмайтын тұлғалар қамтамасыз ететін болса, онда мұндай тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болады.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 226-бабының 7-тармағында көрсетілген жағдайларды, сондай-ақ осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органына ұсынылады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 342-бабының 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдарын және (немесе) авто және мотокөлік құралдарына тіркемелерді пайдалануға рұқсат беретін кеден органына ұсынылады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 347-бабының 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруге рұқсат беретін кеден органына ұсынылады.
5. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдермен және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
6. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осындай тауарларды еркін айналымға шығарған кезде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.
7. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету ретінде салынған ақшаны есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
1. Халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде осы тарауда белгіленген тәртіппен, ал осы тарауда реттелмеген бөлігінде – осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
2. Осы тараудың ережелері мыналарға:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде шетелдік тұлғаларға тіркелген осындай аумақта және (немесе) оның шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына (бостарын қоса алғанда);
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілген:
осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұлғаларына тіркелген және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын не шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін (әуе кемелерін қоспағанда) халықаралық тасымалдаудың (бостарын қоса алғанда) көлік құралдарына;
осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын не шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін, халықаралық тасымалдау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғалары пайдаланатын әуе кемелеріне;
уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы тарауда уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдары деп – осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары, уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдау көлік құралдары деп – осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары түсініледі.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетуге, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болуға және пайдалануға арналған халықаралық тасымалдау көлік құралдары, егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, кедендік декларациялауға және кедендік рәсіммен орналастырылмай шығаруға жатады.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындарда жасалады.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізілетін кез келген орында жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Осы тараудың ережелері:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінетін:
балық аулау, теңіз түбі мен оның қойнауларының минералды және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен игеру, лоцмандық және мұз жарып жол ашу, іздестіру, құтқару және тіркеуге алу операциялары, суға батқан мүлікті көтеру (суға батқан мүлікті аластау), гидротехникалық, су асты техникалық, жөндеу-қалпына келтіру және өзге де осыған ұқсас жұмыстар, санитариялық, карантиндік және басқа да бақылау, теңіздің аумағын қорғау мен сақтау, теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарда, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де мақсаттарда пайдаланылатын су кемелеріне;
тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылмайтын коммерциялық емес азаматтық және мемлекеттік әуе кемелеріне, эксперименттік авиацияда пайдаланылатын (эксперименттік ұшуларды жүзеге асыратын) әуе кемелеріне;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар үшін пайдаланылатын теміржол көлік құралдарына (жылжымалы теміржол құрамы, жылжымалы теміржол құрамының бірлігі) (бұдан әрі осы тарауда – теміржол көлік құралдары);
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін:
айналымға көп түсетін ыдыс болып табылатын және мәміле шарттарына сәйкес қайтаруға жататын цистерналарға, торлы ыдыстарға, табандықтарға;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарындағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жердегі халықаралық тасымалдаудың өзге де көлік құралдарын жөндеуге және (немесе) пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға;
3) тасымалдау шартына сәйкес ондағы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі алушыға дейін өзге көлік түрлерімен жеткізу үшін пайдаланылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін су және әуе кемелері контейнерлеріне қатысты қолданылуы мүмкін.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген көлік құралдарына және өзге де тауарларға осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) және уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы тараудың ережелері қолданылады.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін осы баптың 7-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген қосалқы бөлшектері мен жабдықтары ауыстырылған халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтарына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкетуді не уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелуді реттейтін осы тараудың ережелері қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан белгіленген мерзімдерде әкетілмеген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтары, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
Ескерту. 355-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы Кодекстің 357-бабына сәйкес белгіленген (ұзартылған) мерзім өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкетуге не шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырғаннан кейін мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес пайдаланылады және осы тараудың ережелері оларға қолданылмайды.
1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімін осы Кодекстің 224-бабын және осы баптың 2-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралын әкету үшін қажетті уақытты негізге ала отырып, тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.
2. Осы Кодекстің 358-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында басталатын және аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау (бұдан әрі осы тарауда – ішкі тасымалдау) үшін пайдалануға болатын уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімі осындай ішкі тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын болу уақыты белгіленеді.
3. Осы Кодекстің 358-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімін олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне негіз болған операцияларды жасау үшін қажетті уақытты негізге ала отырып, тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкетілуі мүмкін болмаған кезде осы Кодекстің 358-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарына сәйкес тасымалдаушының, осындай көлік құралдары иелігіне берілген тұлғалардың, өзге де мүдделі тұлғалардың уәжді сұрау салуы бойынша кеден органы мұндай мерзімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оны кері әкетудің мүмкін болмау себептерін жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.
5. Осы Кодекстің 355-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету осы баптың 3-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімде мүмкін болмаған кезде тасымалдаушының, өзге де мүдделі тұлғалардың уәжді сұрау салуы бойынша кеден органы мұндай мерзімді, олар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету мүмкін болмаған себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде болады және пайдаланылады.
2. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы бапқа сәйкес осындай көлік құралдары өзге тұлғаларға беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына олар келген кезде не осындай аумақта болған кезде қажет етілетін оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында:
1) осы баптың 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайларда осындай тасымалдауды қоспағанда, ішкі тасымалдау үшін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын пайдалануға;
2) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын:
оларды техникалық қызмет көрсету, жөндеу және (немесе) сақтау үшін беруді;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан халықаралық тасымалдаудың техникалық құралын әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында оларды беруді;
осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді беруді қоспағанда, өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.
5. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлер, егер мұндай тасымалдаулар:
1) орындау үшін халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдау аяқталғаннан кейін;
2) орындау үшін халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдауды бастау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша халықаралық тасымалдаудың бос теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер жүрген кезде;
3) халықаралық тасымалдаудың бос теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы жүрген кезде жүзеге асырылса, ішкі тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ішкі тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді бірнеше мәрте пайдалану саны осы Кодекстің 357-бабының 3-тармағында белгіленген мерзім шеңберінде шектелмеген.
7. Халықаралық тасымалдау көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген автомобиль көлік құралдары, тіркемелер, жартылай тіркемелер және (немесе) олармен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында басталатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағында аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды ішкі тасымалдау үшін мынадай жағдайларда пайдаланылуы мүмкін:
1) мұндай тасымалдауға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен автомобиль көлігі саласындағы халықаралық шарттарында жол беріледі;
2) мұндай тасымалдау Көлік министрлерінің Еуропа конференциясының көпжақты квоталары шеңберінде жүзеге асырылады және аумақтарында мұндай тасымалдау басталатын және аяқталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер көрсетілген конференцияның қатысушылары болып табылады.
8. Белгіленген маршрут шеңберінде жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінетін автомобиль және теміржол көлік құралдары, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, халықаралық тасымалдаудың жүру маршруты бойынша аялдау пункттерінде жолаушыларды отырғызу (түсіру) және багажды тиеу (түсіру) үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тоқтауы мүмкін.
9. Жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралы, сондай-ақ теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары арасында, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында;
2) көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге де тасымалдаушылар арасында;
3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысының тасымалдау шартына сәйкес тауарлардың алушысы болып табылатын тұлғаларға (бұдан әрі осы тарауда – алушы) немесе мұндай алушылардан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не өзге де тасымалдаушыға берілуі мүмкін.
10. Жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын, сондай-ақ теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге де тасымалдаушылар арасында тасымалдау шартына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан – алушыларға және мұндай алушылардан теміржол тасымалдаушысына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін беру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Осы баптың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді беру кезінде теміржол тасымалдаушы (көрсетілген теміржол көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді алушыға берген кезде) және алушы (көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не өзге де тасымалдаушыға кері әкету үшін берген кезде) Комиссия айқындайтын тәртіппен және мерзімде көлік құралына арналған кедендік декларацияның тіркеу нөмірі және кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі туралы ақпаратты ұсынуға және қызмет аймағында (өңірінде) алушы орналасқан кеден органын мұндай беру туралы хабардар етуге міндетті.
12. Осы баптың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді беру кезінде алушы мен осындай алушы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді кері әкету үшін берген тасымалдаушы осы Кодекстің 356-бабы 3-тармағының және 357-бабы 4-тармағының ережелерін, сондай-ақ осы бапта көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдаланылу шарттарын сақтауға міндетті.
13. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде осы баптың 5-тармағына сәйкес ішкі тасымалдау үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты кеден органының талабы бойынша ұсынады.
Теміржол тасымалдаушыларының көрсетілген ақпаратты кеден органдарына ұсыну тәртібін көлік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
1. Уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кедендік әкету баждары төленбей әкетіледі.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген және мұндай аумаққа кері әкелінетін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары – Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін, ал осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін, сондай-ақ осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары – шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу және пайдаланылу шарттары сақталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар төленбей әкелінеді.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімі шектелмейді.
5. Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
6. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және Еуразиялық экономикалық Одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
7. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
8. Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығы берілген кезде, мұндай мәміленің тарапы ретінде әрекет еткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы – осындай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына меншік құқығы берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде экспорт кедендік рәсімімен, ал шетелдік тұлғаға осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген және осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін немесе осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралына меншік құқығы берілген кезде – кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен мынадай:
1) егер осындай операцияларға қажеттілік мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалану уақытында туындаса, олардың сақталуын, пайдаланылуын және оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету күніне болған күйінде ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу (күрделі жөндеуді, жаңғыртуды қоспағанда) бойынша;
2) өтеусіз (кепілді) жөндеу бойынша;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орын алған аварияның немесе еңсерілмейтiн күш әсерінің салдарынан зақымданғаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылатын күрделі жөндеу жұмысын қоса алғанда, жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық кеме тізілімдерінде тіркелген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде уақытша әкетілген су кемелеріне қолданылмайды. Мұндай кемелерге қатысты оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жүргізуге жол беріледі.
3. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасауға мұндай көлік құралдары кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда жол беріледі.
Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырмай, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операциялар жасалған жағдайда халықаралық тасымалдаудың мұндай көлік құралдары осы Кодекстің 266-бабына сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар төлене отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылмаған жағдайда осы Кодекстің 88-бабына және 136-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленуге жатады.
4. Осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты оларды кедендік аумақтың шегінен тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырмай, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасауға жол беріледі.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операциялар халықаралық тасымалдаудың осындай көлік құралдарына қатысты жасалған жағдайда уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларанты мұндай операциялар жасалған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау туралы өтінішті және жасалған операциялардың құнын растайтын құжаттарды береді.
Көрсетілген өтініш тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырған кеден органына беріледі.
Кеден органы көрсетілген өтініштің берілгенін тіркеген кезден бастап мұндай өтініш заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.
Көрсетілген өтініштің нысанын, құрылымын және мұндай өтініштің электрондық құжат түріндегі форматын, оларды толтыру, осындай өтінішке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінішті беруге, тіркеуге және тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды, ал Комиссия реттемейтін бөлігінде – олар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау кезінде уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған және халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде пайдаланылатын тауарлардың декларантында кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындайды.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген кеден құжатын кеден органы тіркегенге дейін орындауға жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген мөлшерде төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды осы тармаққа сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу бойынша міндетті орындаған кезде тоқтатылады.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары:
1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету кезінде;
2) уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде кедендік декларациялауға және шығаруға жатады.
2. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларанты болып тасымалдаушы әрекет етеді.
Тасымалдаушы атынан халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар жасай алады.
3. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау көлік құралына арналған декларация пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтерді тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түріне, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралының өткізілу бағытына, сондай-ақ осы Кодекстің 355-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардың санаттарына қарай мұндай кедендік декларацияны толтыру тәртібін айқындау кезінде Комиссия айқындайды.
4. Көлік құралына арналған декларация ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған көлік саласындағы халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары пайдаланылуы мүмкін.
Егер көлік құралына арналған декларация ретінде ұсынылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен жасалған көлік саласындағы халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттарында көлік құралына арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер болмаса, халықаралық тасымалдау көлік құралдарына кедендік декларациялау көлік құралына арналған, белгіленген нысандағы декларацияны ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте тасымалдаушы ұсынған стандартты құжаттар көлік құралына арналған декларацияның ажырамас бөлігі ретінде қаралады.
Көрсетілген құжаттардың тізбесін тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түріне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралын өткізу бағытына қарай Комиссия айқындайды.
Электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты көлік құралына арналған декларация ретінде пайдалануға Комиссия айқындаған тәртіппен жол беріледі.
5. Көлік құралына арналған декларацияны электрондық құжат түрінде беру көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметті растайтын құжаттарды кеден органына ұсынумен бірге жүрмейді.
Көлік құралына арналған декларацияны қағаз жеткізгіште беру көлік құралына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды кеден органына ұсынумен бірге жүреді.
6. Кедендік декларациялауы жазбаша нысанда жүзеге асырылған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету кезінде және уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде көлік құралына арналған декларация ретінде халықаралық тасымалдаудың тиісінше уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларацияны пайдалануға жол беріледі.
Комиссия халықаралық тасымалдаудың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілетін көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органына берілген көлік құралына арналған декларацияны тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру барысында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы оларды бірнеше мәрте өткізу кезінде осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде пайдалануы мүмкін өзге де жағдайларын айқындауға құқылы.
1. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет:
1) уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралының декларантында – кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде тасымалдауға қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында – осы Кодекстің 358-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінде көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушыда – осы Кодекстің 358-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан тасымалдау шартына сәйкес қабылдаған тасымалдаушыда – осы Кодекстің 358-бабы 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында – осы Кодекстің 358-бабының 10-тармағына сәйкес көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді тасымалдауға қабылдаған кезден бастап;
6) теміржол көлік құралдарымен уақытша әкелінген контейнерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін тасымалдау шартына сәйкес алушыдан қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысын қоспағанда, тасымалдаушыда – тасымалдау шартына сәйкес көрсетілген контейнерді тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап туындайды.
2. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған тұлғаларда мынадай:
1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкеткенге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кері әкету;
2) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар орын алғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кері әкету және (немесе) осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу және өндіріп алу;
3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру;
5) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсіммен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
7) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы уақытша енгізілген халықаралық тасымалдау көлік құралының тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
9) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кеден органының кідіртуі;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және оған қатысты, егер бұрын мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын шығару жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлердің декларанты болып әрекет ететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет халықаралық тасымалдаудың көрсетілген теміржол көлік құралын және (немесе) контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда берілген кезде тоқтатылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген теміржол көлік құралын немесе теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің басқа теміржол тасымалдаушысына, көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шартының шеңберінде тасымалдау кезінде басқа тасымалдаушыға не тасымалдау шартына сәйкес алушыға мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда берілген кезде тоқтатылады.
5. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғада уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын немесе теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге тасымалдаушыға берген кезде тоқтатылады.
6. Осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мынадай:
1) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді мұндай әкетуге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда кері әкету;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кері әкету және осы баптың 11-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не мұндай беруге дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін өзге тасымалдаушыға беру;
4) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
5) мұндай кедендік рәсіммен орналастыруға дейін кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру;
6) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру және осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
7) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 10-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
8) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы уақытша енгізілген халықаралық тасымалдау көлік құралының тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
10) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын кеден органының кідіртуі;
11) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған және оған қатысты, егер бұрын мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын шығару жүргізілмесе, оны қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
7. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындауға жатады.
8. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы Кодекстің 358-бабының 4-тармағында көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда – көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса – уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күні;
2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары жоғалған жағдайда – халықаралық тасымалдаудың мұндай көлік құралдарының жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса – уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 358-бабының 4-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған не уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын жоғалтқан тұлғаның орындауына жатады.
10. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер осы баптың 11 және 12-тармақтарында өзгеше мөлшер көзделмесе, тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеу күніне қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарлардың сыныпталуы осы Кодекстің 40-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін оларға қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы және акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың бесінші бөлігі ескеріле отырып, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу мақсаттары үшін расталған тауарлардың шығарылған жері негізге алына отырып есептеледі. Егер осындай тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттардың болмауына байланысты тауарлардың шығарылған жерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына (егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса) не топтауға кіретін тауарларға (егер тауар коды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалса) қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мұндай нақты мәліметтер негізге алына отырып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) не осы Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер жүзеге асырылады, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
11. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кері әкетілген жағдайда, егер кедендік әкелу баждары, салықтар, осындай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен бастап олардың іс жүзінде әкетілген күні арасындағы кезең үшін кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерлерде төлеуге жатады.
12. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда кедендік әкелу баждары, салықтар, осындай тауарлар уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығарған күннен кейінгі күннен бастап олардың кедендік рәсіммен орналастырылған күні арасындағы кезең үшін кедендік әкелу баждары, салықтар ішінара төлене отырып, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылса, төлеуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерлерде төлеуге жатады.
13. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет көлік құралына арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап осындай халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларантында туындайды.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осындай халықаралық тасымалдау көлік құралдарының декларантында мынадай:
1) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелу;
2) уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын экспорт кедендік рәсімімен орналастыру;
3) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу бойынша міндетті орындау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
5) осындай кідіртуге дейін туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – кеден органының осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кідіртуі;
6) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған және оларға қатысты, егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер мұндай күн анықталмаса – уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні;
2) шетелдік тұлғаға осы Кодекстің 359-бабының 5-тармағына сәйкес осындай көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылмай, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына меншік құқығы берілген жағдайда – осындай беру күні, ал егер мұндай күн анықталмаса – уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретінде осындай тауарларды шығару күні кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатындай төлеуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы көлік құралына арналған декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлар (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда төлеуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды кедендік әкету баждарын есептеу үшін оннан аз белгілер санымен топтау деңгейінде айқындалса, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтерді белгілеу үшін кедендік әкету баждары мұндай нақты мәліметтер негізге алына отырып есептеледі және осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 86-бабына сәйкес әрекеттер, осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
6. Кедендік әкету баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндетті орындағаннан кейін уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінген не мұндай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары экспорт кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес қайтаруға жатады.
1. Керек-жарақтар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде – осы тарауда белгіленген тәртіппен, ал осы тарауда реттелмеген бөлігінде – осы Кодекстің өзге тарауларында белгіленген тәртіппен өткізіледі және пайдаланылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу және пайдалану не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін керек-жарақтар кедендік рәсімдермен орналастырылмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялауға және шығаруға жатады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген, керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын шетелдік тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкелінетін керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кеден органы оларды сәйкестендірген жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары ретінде кеден органының сәйкестендіруі мүмкін болмаған кезде осындай тауарлар шетелдік тауарлар ретінде қаралады.
5. Егер бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар су немесе әуе кемелерінің борттарына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан мұндай көлік құралдары кететін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында орналасқан бажсыз сауда дүкендерінен тиелсе, осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде декларациялануы және шығарылуы мүмкін. Осындай тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларацияланғаннан және шығарылғаннан кейін шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
6. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар су кемелерін қалыпты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде декларациялануы және шығарылуы мүмкін. Осындай тауарлар керек-жарақтар ретінде кедендік декларацияланғаннан және шығарылғаннан кейін шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
Егер кеден қоймасы су кемесі тұрған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орнында орналастырылмаған болса, керек-жарақтар ретінде шығарылған тауарлар оларды мұндай кеден қоймасынан бортына осындай тауарлар тиелетін су кемесі тұрған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орнына дейін тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.
7. Керек-жарақтар ссы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйымдар мен шектеулер салулар сақтала отырып осы Кодекстің 366-бабына сәйкес пайдаланылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік баждар, салықтар төленбей және ішкі нарықты қорғау шаралары сақталмай өткізіледі.
8. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тасымалдаушы, сондай-ақ осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында аталған тұлғалар керек-жарақтардың декларанты болып әрекет ете алады.
Кедендік декларациялау кезінде тауарлар болған бажсыз сауда дүкенінің иесі болып табылатын тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін керек-жарақтар ретінде пайдалану үшін бажсыз сауда дүкендерінен су немесе әуе кемелерінің борттарына тиелетін керек-жарақтардың декларанты болып әрекет ете алады.
9. Комиссия керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарлардың жекелеген санаттарының сандық нормаларын, сондай-ақ тауарлар өткізілетін көлік түріне қарай керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға тауарлардың жекелеген санаттарын жатқызу өлшемшарттарын айқындауға құқылы.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, Комиссия айқындаған сандық нормалардан асатын керек-жарақтар ретінде пайдаланылатын тауарларға осы тараудың ережелері қолданылмайды және осындай тауарлар осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
10. Осы тараудың ережелері көлік құралдарындағы жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.
1. Жолаушылардың және су кемелерінің экипаж мүшелерінің тұтынуына және (немесе) пайдалануына арналған керек-жарақтар және (немесе) осы кемелерді қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті керек-жарақтар жолаушылардың, экипаж мүшелерінің санына және (немесе) аялдау ұзақтығына сәйкес мөлшерде олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы, оның ішінде су кемелерін докта, верфьте немесе кеме жөндеу зауытында жөндеу уақытында осы кемелерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.
2. Әуе кемелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы бір әуежайға немесе бірнеше әуежайға қонуы кезінде осы кемелерді қалыпты пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған керек-жарақтар және әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде жолаушылардың және экипаж мүшелерінің тұтынуына және пайдалануына арналған керек-жарақтар әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында әуе кемелері болған уақытында әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне таратуға және өткізуге арналған керек-жарақтар жолаушыларға немесе экипаж мүшелеріне оларды тарату және сату осы кемелердің борттарында жүзеге асырылған жағдайда таратылуы және сатылуы мүмкін.
3. Пойыздар жолаушыларының және пойыз бригадалары жұмыскерлерінің тұтынуына және пайдалануына арналған керек-жарақтар және осы пойыздарды қалыпты пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті керек-жарақтар осы пойыздардың жүру жолында немесе аралық тоқтау не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұру пункттерінде пойыздар жолаушыларының және пойыз бригадалары жұмыскерлерінің санына, сондай-ақ аялдау ұзақтығына және жолда болу уақытына сәйкес мөлшерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.
Пойыздар жолаушыларының және пойыз бригадаларының жұмыскерлеріне таратуға және өткізуге арналған керек-жарақтар, оларды тарату және сату осы пойыздарда жүзеге асырылған жағдайда пойыздар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болған уақытта таратылуы және сатылуы мүмкін.
4. Тасымалдаушы су кемелерінің, әуе кемелерінің немесе пойыздардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болған уақытында осы бапқа сәйкес керек-жарақтарды пайдалану үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Кеден органының шешімі бойынша керек-жарақтар сақталатын орын кедендік пломбалар мен мөрлерді салу арқылы мөрленуі мүмкін.
5. Су және әуе кемелерінің борттарындағы немесе пойыздардағы керек-жарақтар кеден органының рұқсатымен осы тарауда көзделген шарттар сақталған кезде жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да пойыздарға уақытша түсірілуі, берілуі мүмкін.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында су және әуе кемелерінен немесе пойыздардан түсірілген керек-жарақтар оларды жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да пойыздарға тиегенге дейін жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа да пойыздарға оларды түсіруге, беруге рұқсат берген кеден органы қызметінің аймағындағы кедендік бақылау аймағында орналастыруға жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су және әуе кемелерінің борттарынан немесе пойыздардан түсірілген керек-жарақтармен жүктердің, жолаушылардың және (немесе) багаждың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын басқа су және әуе кемелеріне немесе басқа пойыздарға тиеу үшін беруге оларды дайындау үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
7. Керек-жарақтар ретінде шығарылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, осы Кодекстің 364-бабының 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тауарлардың декларанты табиғи тозу немесе кему салдарынан не тасымалдаудың (тасудың) және сақтаудың қалыпты жағдайларындағы тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан осындай тауарлар санының және (немесе) жай-күйінің өзгеруін қоспағанда, осындай тауарлардың әуе және (немесе) су кемелерінің борттарына олардың керек-жарақтар ретінде шығарылған кездегі мөлшерде және күйде тиелуін қамтамасыз етуге міндетті.
8. Керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда осы тарауда көзделмеген мақсаттарда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында пайдаланылуы мүмкін.
1. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап декларантта туындайды.
2. Керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлардың іс жүзінде әкетілуі;
2) керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлардың осы Кодекстің 366-бабына сәйкес пайдаланылуы;
3) осындай тауарларды осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;
4) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
5) осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, осындай шетелдік тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осындай тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
6) кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – керек-жарақ ретінде декларацияланатын шетелдік тауарларды шығарудан бас тарту;
7) кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияны қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымын тоқтату;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
9) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес осындай тауарларды кеден органының кідіртуі;
10) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік процесті жүргізу) туралы іс бойынша өндіріс іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарлар шығарылмаған болса, тауарларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған осындай тауарларды уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің біреуімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындауға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарлар жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн анықталмаса – керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару күні;
2) осы тарауда көзделмеген мақсатта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай шетелдік тауарлар пайдаланылған жағдайда – осындай пайдаланудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса – керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару күні керек-жарақтар ретінде декларацияланатын (шығарылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлардың тарифтік преференциялар мен кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғанындай төлеуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін керек-жарақтар ретінде тауарларды шығару үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында тауарлар туралы мәліметтер (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) болмаған жағдайда, төлеуге жататын кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтердің негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік әкелу баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемелерінің ең жоғарысы және акциздер мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін осы тармақтың бесінші бөлігі ескеріле отырып, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер негізге алына отырып есептеледі. Егер тауарлардың шығарылған жері және (немесе) көрсетілген баждарды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер расталмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының нақ сол кодының тауарларына не егер тауарлардың кодтары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес оннан аз белгі санымен топтау деңгейінде айқындалса, топтауға кіретін тауарларға қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтер анықталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мұндай нақты мәліметтер негізге алына отырып есептеледі, артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес не осы Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес әрекеттер жүргізіледі, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан керек-жарақтар ретінде шығарылған шетелдік тауарлар іс жүзінде әкетілген, кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен не осындай тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) оларды өндіріп алу (толық немесе ішінара) бойынша міндет орындалғаннан кейін осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылған жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
1. Кедендік транзит кедендік рәсімі мыналарға:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдеріне:
оларды келу орнынан халықаралық пошта алмасу орнына (мекемесіне) не кету орнына дейін тасымалдаған кезде;
оларды халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелері) арасында тасымалдау үшін;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлары немесе осы Кодекстің 369-бабының 5-тармағында көрсетілген тауарлары бар халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнынан (мекемесінен) кету орнына дейін тасымалдаған кезде оларға қатысты қолданылады.
2. Халықаралық пошта жөнелтілімдері осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 24-тарауына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылады.
3. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын, соның ішінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттардың тізбесін Комиссия айқындайды.
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде мұндай транзиттік декларацияны беру оның электрондық түрін ұсынумен бірге жүргізілмейді.
4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағының бір килограмы үшін төрт еуро – тіркелген мөлшерде есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы ретінде айқындалады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалардың, пошта карточкаларының, хаттар мен зағиптарға арналған жөнелтілімдердің) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды.
5. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы мынадай:
1) тағайындалған пошта байланысы операторы декларант болатын;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдері халықаралық пошта алмасу орнына (мекемесіне) жеткізілуге жататын жағдайларда қамтамасыз етілмейді.
6. Осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, аумағында жеткізу орны болып табылатын, халықаралық пошта алмасу орны (мекемесі) тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тағайындалған пошта байланысы операторы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің декларантымен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндетте болады.
7. Осы Кодекстің 233-бабының 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есептеу үшін осы баптың 4-тармағында белгіленген мөлшерде төленуге жатады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалардың, пошта карточкаларының, хаттар мен зағиптарға арналған жөнелтілімдердің) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды.
1. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет тағайындалған пошта байланысы операторында халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнының (мекемесінің) кедендік бақылау аймағында орналастырған кезден бастап туындайды.
2. Халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет тағайындалған пошта байланысы операторында мынадай мән-жайлар:
1) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлардың шығарылуына байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды оларды алушыға беру;
2) осы Кодекстің 369-бабының 13-тармағына немесе 16-тармағына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды оларды жөнелтушіге қайтару;
3) осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан халықаралық пошта жөнелтілімдерін жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалту фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде осындай халықаралық пошта жөнелтілімдерін қайтарымсыз жоғалту фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, тануы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларды тәркілеу немесе мемлекеттің меншігіне айналдыру;
6) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдарының халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды кідіртуі;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру басталған кезде тоқтатылады.
3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет орындалуға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) халықаралық пошта жөнелтілімдерін аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жоюды және (немесе) қайтарымсыз жоғалтуды не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалтуды қоспағанда, оларды жоғалтқан жағдайда – халықаралық пошта жөнелтілімдерін жоғалтқан күн, ал егер осындай күн анықталмаса – осындай жоғалтуды анықтаған күн;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерін кеден органы халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды шығарғанға дейін алушыға берген жағдайда – оларды алушыға берген күн, ал егер осындай күн анықталмаса – осындай беруді анықтаған күн халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 370-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерде төленуге жатады. Бұл ретте мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағына жазбаша хат-хабарлардың (аэрограммалардың, пошта карточкаларының, хаттар мен зағиптарға арналған жөнелтілімдердің) жекелеген түрлерінің салмағы қосылмайды.
1. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылғаннан кейін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге жол беріледі.
Тауарлар шығарылғаннан кейін оларды уақытша декларациялау бойынша әкелу кезінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
2. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылғаннан кейін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге жол беріледі.
3. Кедендік декларацияны беру кезінде кеден органына құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды көрсету талап етілмейді.
4. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қолданылатын техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес тауарларды тасымалдаудың (тасудың) технологиялық ерекшеліктері және өзіндік ерекшелікті сипаттамалары салдарынан тауарларды араластыруға, сондай-ақ тауарлардың саны мен жай-күйін (сапасын) өзгертуге жол беріледі.
5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың саны және жай-күйі (сапасы) осы Кодекстің 375-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде, ал олар болмаған кезде – осындай тауарлар санын өлшеудің өзге құралдары мен әдістері көрсеткіштерінің негізінде, егер мұндай өлшеу құралдары мен әдістерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделсе, сондай-ақ тиісті шарттар бойынша іс жүзінде жеткізілген тауарлар туралы құжаттардың, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды тапсыру-қабылдау (қабылдау-тапсыру) актілерінің, осындай тауарлардың сапа паспорттарының және (немесе) сапа сертификаттарының және құбыржол көлігімен өткізілетін өндірілген, жеткізілген және тұтынылған тауарлардың көлемдерін белгілі жерлерге бөлуді растайтын өзге де құжаттардың негізінде жеткізілімнің күнтізбелік бір айы үшін айқындалады.
6. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері осы Кодекстің 189-бабына сәйкес айқындалады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарларды, сондай-ақ құбыржол көлігімен өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік бақылаудағы тауарларын құбыржол көлігінен көліктің өзге түріне не көліктің өзге түрінен құбыржол көлігіне қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) қызмет аймағында осындай жүк операциясы жасалатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы ақпарат алмасу бойынша, оның ішінде осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бірнеше мемлекеттің аумақтары бойынша өткізілген жағдайда құбыржол көлігін пайдалана отырып, аралас тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
9. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері және кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері осы Кодекстің 189-бабында айқындалады.
10. Егер тауарларды өткізуді жүзеге асыруға негіз болған шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін келесі мерзімге жаңа шарт (келісімшарт) жасалмаса, онда декларанттың жазбаша өтініші бойынша қолданыстағы шарттың (келісімшарттың) шеңберінде алдағы күнтізбелік айға тауарларға арналған уақытша декларацияны беруге жол беріледі. Жаңа шартты (келісімшартты) ұсынудың шекті мерзімі тауарларға арналған толық декларацияны кеден органы тіркеген күнмен шектеледі.
1. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін онда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
1) әкелу орны – көрсеткіштері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құбыржол көлігімен әкелінген тауарлардың санын айқындау үшін пайдаланылатын құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;
2) әкету орны – көрсеткіштері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан құбыржол көлігімен әкетілген тауарлардың санын айқындау үшін пайдаланылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;
3) межелі орын – көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) анықтау мақсатында пайдаланылатын, аумағында осындай тауарларды өткізу аяқталатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте орналасқан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны, ал аумағында тауарларды өткізу аяқталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында осындай аспаптар орнатылғанға дейін – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан және осындай тауарларды алып жүру жолында соңғысы болып табылатын, тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;
4) жөнелту орны – көрсеткіштері тауарлардың санын (жалпы санын) айқындау мақсатында пайдаланылатын, аумағынан осындай тауарларды жөнелту басталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте орналасқан құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны, ал аумағынан тауарларды өткізу басталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында мұндай аспаптар орнатылғанға дейін – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан және осындай тауарларды алып жүру жолында біріншісі болып табылатын тауарларды есепке алу аспаптарының орнатылған орны;
2. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар (осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда):
1) мынадай:
құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар әкелу орнынан әкету орнына дейін тасымалданатын (тасылатын);
құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар әкелу орнынан межелі орынға дейін тасымалданатын (тасылатын);
құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған, құбыржол көлігімен өткізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары осы Кодекстің 222-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасымалданатын (тасылатын);
құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарлар жөнелту орнынан межелі орынға дейін тасымалданатын (тасылатын) жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша оларды тасымалдау (тасу) үшін;
2) егер құбыржол көлігімен өткізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары әкету орнынан әкелу орнына дейін тасымалданатын (тасылатын) жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы оларды тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар, егер мұндай тасымалдау (тасу) басталғанға дейін осы тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен, кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен, уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен немесе кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылса, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмайды.
Кедендік транзиттің кедендік рәсімі, егер мұндай тасымалдау (тасу) табиғи газды құбыржол көлігімен тасымалдаудың (тасудың) технологиялық ерекшеліктеріне негізделсе, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған, уақытша әкетудің кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген табиғи газды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін қолданылмайды.
4. Декларант кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес іс жүзінде тасылған (тасымалданған), құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлар туралы нақты мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында осындай кедендік рәсіммен орналастыру кезінде жеткізудің әрбір күнтізбелік айы үшін тауарлар құбыржол көлігімен іс жүзінде өткізілетін әрбір күнтізбелік айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуға міндетті.
5. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы:
1) әкелу орнынан немесе жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасымалданатын (тасылатын) шетелдік тауарларға, сондай-ақ жөнелту орнынан әкету орнына дейін тасымалданатын (тасылатын), осы Кодекстің 222-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацына сәйкес Комиссия айқындаған жағдайларда, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты – осы Кодекстің 189-бабына сәйкес белгіленетін кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органының белгісін қою арқылы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін;
2) жөнелту орнынан немесе әкелу орнынан межелі орынға дейін тасымалданатын (тасылатын) шетелдік тауарларға қатысты – осы баптың 4-тармағына сәйкес іс жүзінде тасымалданған (тасылған) тауарлар туралы нақты мәліметтерді кеден органына ұсыну үшін белгіленген мерзім шегінде не осы Кодекстің 189-бабына сәйкес белгіленетін кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органының белгісін қою арқылы шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен тауарларды межелі орында орналастырумен;
3) әкету орнынан әкелу орнына дейін тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін және осы Кодекстің 189-бабына сәйкес белгіленетін кедендік декларациялаудың ерекшеліктеріне сәйкес берілетін кедендік декларацияда кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы кеден органының белгісі қойылғаннан кейін аяқталады.
6. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың өзіндік ерекшелікті сипаттамаларын Қазақстан Республикасында қолданылатын техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес тасымалдаудың (тасудың) технологиялық ерекшеліктері салдарынан өзгертуге жол беріледі.
7. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес осы Кодекстің 28, 224, 225, 227-баптарының, 228-бабы 1 және 2-тармақтарының, 231, 232, 233, 387, 388, 389, 392, 429 және 430-баптарының ережелері қолданылмайды.
8. Құбыржол көлігімен өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бірнеше мемлекеттің аумақтары бойынша тасымалданатын (тасылатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес, ал осындай халықаралық шарт қабылданғанға дейін – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
1. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар:
1) осы Кодекстің 377-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;
2) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
3) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарларды жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалту фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде осындай тауарларды қайтарымсыз жоғалту фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалтуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, тануы;
4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;
5) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымын жою басталған кезде тоқтатылады.
3. Осы Кодекстің 377-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындалуға жатады.
Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде құбыржол көлігімен өткізілетін шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар тарифтік преференцияларды және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандағыдй болса төленуге жатады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
5. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырған немесе кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындағаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткен жағдайда, осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.
6. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар:
1) осы Кодекстің 377-бабы 5-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;
2) осы баптың 9-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
3) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тарту;
4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылымын жою басталған кезде тоқтатылады.
8. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 377-бабы 5-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталмаған жағдайда орындалуға жатады.
Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары құбыржол көлігімен өткізілетін, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылғандағыдай болса төленуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодекстің 38-тарауына сәйкес арнайы кедендік рәсіммен не осы Кодексте көзделген өзге де кедендік рәсімдермен осы баптың ережелерi ескеріле отырып орналастырылады.
2. Қазақстан Республикасының үшінші тараппен халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату көзделген, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарлар осы Кодекстің 38-тарауына сәйкес арнайы кедендік рәсіммен не осы Кодексте көзделген өзге де кедендік рәсімдермен осы баптың ережелері ескеріле отырып орналастырылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсімге қарағанда өзге кедендік рәсімдермен орналастырған кезде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктері, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері, өзге де ұйымдар немесе олардың өкілдіктері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес көзделген кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалануға құқылы.
4. Осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанттары болып табылады.
1. Осы Кодекстің 15-тарауының ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуы не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруі жасалмай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты, осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонғаннан кейін, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып қонғаннан кейін не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына аварияның, еңсерілмейтін күш әсерінің не өзге де мән-жайлардың салдарынан су кемесі кіргеннен кейін, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып кіргеннен кейін келген жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 16-тарауының ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуын не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруін жасамай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және шетелдік тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Тасымалдаушы не осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген өзге де тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды тасымалдау кезінде тиісінше Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонған, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып қонған не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына аварияның, еңсерілмейтін күш әсерінің не өзге де мән-жайлардың салдарынан су кемесі кірген, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып кірген болса, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органын хабардар еткеннен кейін жасауға міндетті кедендік операцияларды, сондай-ақ осы операциялар жасалуға тиіс мерзімді Комиссия айқындайды.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында әуе кемесінің қонуы не мұндай мемлекеттің портына су кемесінің кіруі жасалмай әуе немесе су көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар, мұндай тасымалдаудан кейін тиісінше Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларды тасымалдау кезінде тиісінше Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонған, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып қонған не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің портына аварияның, еңсерілмейтін күш әсерінің не өзге де мән-жайлардың салдарынан су кемесі кірген, оның ішінде тасымалданатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен өзге де жүк операциялары жасалып кірген жағдайда:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар келгеннен кейін бұл тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретіндегі немесе осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген шетелдік тауарлар ретіндегі мәртебесі Комиссия айқындайтын тәртіппен расталады;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде қалдырған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары экспорттың кедендік рәсімімен не уақытша әкетудің кедендік рәсімімен, ал шетелдік тауарлар – кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.
6. Осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
7. Осы Кодекстің 219-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері сақтала отырып, осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әкелінген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтайды және бұл мәртебесін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілгеннен кейін жоғалтады.
Көрсетілген тауарлар келу орнындағы кеден органына кедендік декларация ұсынылған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары ретінде қаралады, осы декларацияға сәйкес осындай тауарлар экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылады және онда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының тауарлар әкелінген бір бөлігіндегі кету орнының кеден органы туралы мәліметтер қамтылады.
8. Осы Кодекстің 385-бабының 5-тармағының 3) тармақшасында және 6) тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және осы Кодекстің 385-бабы 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Құрылыс салу (құру, тұрғызу), объектілерде жұмыс істеуді (пайдалануды, қолдануды) және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жеке тұлғалар мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы мен объектілер арасында тасымалдауды жүзеге асыратын әуе және су кемелерін қалыпты пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын, осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары мыналар болып табылады:
1) егер аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте осындай тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген жағдайда, мыналарды:
Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте транзиттік декларацияны тіркеу күніне:
кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндет;
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236, 258 және 286-баптарына сәйкес тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі және осы баптар бойынша жойылмаған соттылығы болмайтын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының декларанты болған жағдайларды;
Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкету баждар төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
2) осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;
3) Комиссия айқындайтын жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының мәртебесі расталатын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну.
2. Осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана, ал пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жағдайында – тағайындалған пошта байланысы операторы Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының декларанты, сондай-ақ осы Кодекстің 390-бабының 5-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасайтын тұлға ретінде әрекет ете алады.
3. Осы бапты қолдану мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының мәртебесі расталатын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді Комиссия айқындайды.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету орнында не қызмет аймағында (өңірінде) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан кеден органында осы баптың 5, 6 және 7-тармақтары ескеріле отырып жасалады.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тек қана қызмет аймағында (өңірінде) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан кеден органында мынадай жағдайларда:
1) жолаушылар пойыздарының құрамында жүретін пошта, багаж (пошта-багаж) вагондарында тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары теміржол көлігімен тасымалданса;
2) аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте осындай тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленсе;
3) тасымалдау шарттарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында жүк операцияларын жасау көзделсе, жасалады.
6. Осы баптың 5-тармағының ережелеріне қарамастан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әуе көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тек қана кету орнының кеден органында жасалады.
7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен жолаушылар поездарының құрамында жүретін пошта, багаж (пошта-багаж) вагондарында тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттік кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар, қызмет аймағында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан кеден органында жасалады.
8. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, қызмет аймағында (өңірінде) келу орны орналасқан кеден органының кедендік бақылау аймағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеткізу орны болып табылады.
9. Қызмет аймағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен жолаушылар поездарының құрамында жүретін пошта, багаж (пошта-багаж) вагондарында тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіру жүзеге асырылатын кеден органының кедендік бақылау аймағы Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын жеткізу орны болып табылады.
10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген кезде қызмет аймағында (өңірінде) келу орны орналасқан кеден органы теміржол көлік құралдарының жүкжайларына (бөлекжайларына) жөнелтуші кеден органы салған сәйкестендіру құралдарын жоюды жүзеге асырады.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес сәйкестендіру құралдарын жойылған кезде осы Кодекстің 427-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген акт мыналар:
1) сәйкестендіру құралдарын жоюды жүзеге асыратын кеден органы;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар;
3) барлық кейінгі межелі кеден органдары үшін бір дана есебімен қажетті даналар мөлшерінде жасалады.
12. Комиссия осы баптың 10 және 11-тармақтары қолданылмайтын жағдайларды айқындауға құқылы.
13. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 231-бабына сәйкес тауарларды жеткізу орнында аяқталады.
14. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары тауарларды жеткізу орнына жеткізілмей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайтарылса және жөнелтуші кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органына кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы хабарлайды.
15. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелтуші кеден органынан ерекшеленетін кеден органына жеткізілсе, мұндай кеден органы осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органына және жөнелтуші кеден органына кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы хабарлайды.
16. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысын тоқтатады.
17. Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының мәртебесін жоғалтатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде шетелдік тауарлар ретінде қаралатын осы Кодекстің 390-бабының 3-тармағында көзделгеннен өзге жағдайларды айқындауға құқылы.
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, кедендік аумақта қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен қалған бөліктер) алынған (пайда болған) шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары мыналар болып табылады:
1) осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;
2) шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды жасайтын тұлғаның атына не мұндай операцияларды жасаған тұлғалардан, кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар декларантының атына тасымалдау (тасу), бұл кеден органына кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты немесе ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсынумен расталады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттар пайдаланыла алмайды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар:
1) шетелдік тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған;
2) қызмет аймағында (өңірінде) осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу бойынша тиісті операциялар немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар жасалған (жасалуға тиіс болған) кеден органында жасалады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 231-бабына сәйкес тауарларды жеткізу орнында аяқталады.
5. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелтуші кеден органынан ерекшеленетін кеден органына жеткізілген жағдайда, мұндай кеден органы осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органы мен жөнелтуші кеден органына кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы хабарлайды.
6. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзиттің кедендік рәсімін тоқтатады.
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын), уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары мыналар болып табылады:
1) осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарды сақтау;
2) шетелдік тауарларды уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастыру, тауарларды тасымалдаудың (тасудың) мақсаты және оларды пайдалану орны туралы, пайдалануына шетелдік тауарлар берілетін тұлға туралы, егер мұндай беру орын алса, уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иелік етуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсаты туралы, егер мұндай беру орын алса, мәліметтерді кеден органына ұсыну, олар кеден органына кедендік және (немесе) өзге құжаттарды және (немесе) осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталады. Көрсетілген құжаттар болмаған кезде декларант кеден органына қажетті мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысандағы өтінішті ұсынады.
2. Уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар осы бапқа сәйкес бір немесе бірнеше партиялармен кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында көзделген құжаттар пайдаланыла алмайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар:
1) шетелдік тауарлар уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған;
2) уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кеден органында жасалады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 231-бабына сәйкес тауарларды жеткізу орнында аяқталады.
6. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде межелі кеден органынан және жөнелтуші кеден органынан ерекшеленетін кеден органына жеткізілген жағдайда, мұндай кеден органы осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысын аяқтайды және межелі кеден органы мен жөнелтуші кеден органына кедентік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталғаны туралы хабарлайды.
7. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, жөнелтуші кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысын тоқтатады.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) кезінде тасымалдаушы осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының декларанты болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан:
1) осы Кодекстің 230-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2) осы Кодекстің 390-бабының 1-тармағында көзделген кеден органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға жол бермеуге міндетті, бұған мемлекеттік органдар не ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес берген құжаттармен расталатын, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан осындай операцияларды жасау жағдайлары қосылмайды.
2. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) кезінде осы Кодекстің 387-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының декларанты болатын жағдайда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді орындау бойынша міндет осы тұлғаларға жүктеледі.
1. Кедендік транзитттің кедендік рәсімімен орналастырылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар:
1) осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;
2) кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын шығарудан бас тарту;
5) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының шығарылымын жою;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын тәркілеу немесе оларды мемлекеттің меншігіне айналдыру;
7) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кеден органының кідіртуі;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын шығару жүргізілмесе, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру басталған кезде тоқтатылады.
3. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын), кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, орындалуға жатады.
Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары, егер кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатындай болса, төленуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төленуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда, кедендік әкету баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Кейіннен Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы нақты мәліметтерді анықтау кезінде кедендік әкету баждары осындай нақты мәліметтерді негізге ала отырып есептелінеді және кедендік әкету баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады не осы Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес іс-қимылдар, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
5. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген жағдайда, осындай тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындағаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
6. Егер кедендік әкету баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантынан өзге тұлғаға берілген жағдайда, мұндай өзге тұлға кедендік әкету баждарын төлеу бойынша декларантпен ынтымақты міндетте болады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
45-1-тарау 31.12.2024 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 544-бабын қараңыз.
Ескерту. Кодекс 45-1-тараумен толықтырылды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын экспериментті іске асыруға қатысуға жіберу өтініш негізінде және олар осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерді сақтаған кезде жүзеге асырылады.
2. Электрондық сауда операторы ретінде экспериментті іске асыруға қатысу туралы өтінішті заңды тұлға уәкілетті органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште еркін нысанда береді.
3. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерге сәйкестігін қарайды.
Өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті орган өтініш берушіні тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.
Өтініш беруші осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерге сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган өтініш берушіні электрондық сауда операторы деп танудан бас тартады.
Өтініш беруші бұзушылықтарды жойғаннан кейін, өтініш уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта қаралады.
1. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында болуы және пайдаланылуы үшін кеден органдарының кедендік рәсімдерге орналастырмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялауына және шығаруына жатады.
2. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды декларант – осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлға дербес не декларанттың (жеке тұлғаның) атынан электрондық сауда операторлары жасайды.
3. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығаруды кеден органы Комиссия бекіткен кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелеріне сәйкес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда жүргізеді.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын шығару осы Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарлары шығарылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының мәртебесіне ие болады.
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімі осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылады.
2. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды осындай тауарлардың декларанттары атынан электрондық сауда операторлары жасайды.
3. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулер сақталады.
4. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты осы Кодекстің 216-бабы 2-тармағы бірінші абзацының ережелері қолданылмайды.
5. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын сақтау осындай тауарлардың декларанттары болып табылатын электрондық сауда операторларының құрылысжайларында (үй-жайларында, алаңдарында) жүзеге асырылады.
6. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы:
1) жеке тұлғалар Интернет желісінің ресурстарын пайдалана отырып электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын сатып алғаннан кейін оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен;
2) кеден органдары осы Кодекстің 241-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан электрондық сауда тауарларын жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалту фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осындай тауарларды қайтарымсыз жоғалту фактісін танумен аяқталады.
7. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданылуы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
8. Осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін – Комиссия көздеген ерекшеліктері бар тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті электрондық түрде ұсыну арқылы жеке тұлғаларға сатуға арналған, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғаға жеткізу үшін құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетуге жол беріледі.
9. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған, оларды сатып алған жеке тұлғаларға берілген электрондық сауда тауарлары осы баптың 8-тармағына сәйкес тауарларға декларация берілгенге дейін электрондық сауда операторлары тауарларды шығару туралы өтініш бергеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.
10. Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не осы баптың 8-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын шығару үшін, оларды осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын өзге де электрондық құжатты электрондық сауда операторлары кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ жеке тұлға осы тауарларды сатып алған айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Шығарудан бас тартылған кезде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не көрсетілген тауарларға қатысты өзге де электрондық құжатты электрондық сауда операторлары тауарларды шығарудан бас тартылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
1. Электрондық сауда операторлары тауарлар Қазақстан Республикасына келгенге дейін немесе келген кезде кеден органдарына электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған, экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты толтыру және кеден органдарының ақпараттық жүйесіне жіберу арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін немесе жеке тұлғалардың атына тасымалдаушы жеткізетін тауарлар туралы ақпаратты (бұдан әрі – тауарлар туралы мәліметтер) электрондық түрде ұсынады.
Электрондық сауда операторларының экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты толтыруы және ұсынуы әкелуі күтілетін немесе келген электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтерді кеден органдарының ақпараттық жүйесіне беру, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде көрсетілген мәліметтерді өңдеу және электрондық сауда операторлары мен кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауы арқылы мұндай мәліметтерді автоматты режимде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияға айналдыру арқылы жүзеге асырады.
Электрондық сауда операторларының экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты кеден органдарының ақпараттық жүйесіндегі клиенттік жұмыс орнынан тікелей беруіне жол беріледі.
2. Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация не өзге де электрондық құжат тауарлар келгенге дейін және оны кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркегенге дейін жіберілген кезде электрондық сауда операторлары кедендік төлемдерді, салықтарды экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не өзге де электрондық құжатты тіркеген күнге қолданыста болатын шетел валюталарының бағамына сәйкес есептейді.
3. Электрондық сауда операторларының дербес шоттарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу есебіне есептен шығару және есепке жатқызу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған кезде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияларды не өзге де электрондық құжатты шығарудан бас тартылады.
4. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау осы Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес электрондық сауда операторларының үй-жайларында жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 5) тармақшасының шарттары тауарларға қолданылған жағдайда, электрондық сауда операторларының үй-жайларында электрондық сауда тауарларымен бірге электрондық сауда операторларының атына жалпы жүкқұжат бойынша немесе Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар бойынша келіп түсетін басқа да тауарлар сақталуы мүмкін.
1. Бұрын кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары оларды сатып алған жеке тұлғаларға жеткізу үшін кеден қоймасынан осындай тауарларды беру және кеден қоймасы рәсімін аяқтау мақсатында тауарларға декларация берілгенге дейін Комиссия бекіткен тауарларды шығару туралы өтініштің негізінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылады.
2. Бір өтініште бір жеке тұлғаның бір интернет-алаңда сатып алған электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Электрондық сауда операторлары Комиссия бекіткен тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру ерекшеліктеріне сәйкес тауарларға декларация берілгенге дейін оны толтырады және кеден органдарының ақпараттық жүйесіне жібереді.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты оларды 392-6-баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін электрондық сауда операторлары кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ көрсетілген кезеңде кеден қоймасынан әкетілген электрондық сауда тауарлары шығарылған айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, Комиссия бекіткен экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны беруге тиіс.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару кезінде кедендік әкелу баждары Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері бойынша есептеледі және төленеді.
6. Кедендік баждар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін төленеді.
7. Кедендік төлемдерді электрондық сауда операторлары экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күнге қолданыста болатын шетел валюталарының бағамына сәйкес есептейді.
1. Электрондық сауда операторлары:
1) электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын жеке тұлғалардан, электрондық сауда алаңдарынан кедендік операцияларды жасау үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты не басқа да құпия ақпаратты қамтитын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және осындай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға;
2) жеке тұлғадан кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуге шеккен шығындардың өтемақысын талап етуге;
3) осы Кодекстің 158-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, талап етілмеген (алушы қабылдамаған) электрондық сауда тауарларын жөнелтушіге қайтару бойынша кедендік операцияларды жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2. Электрондық сауда операторлары:
1) осы Кодекстің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттерді сақтауға;
2) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алуында электрондық сауда тауарларын уақытша сақтауға арналған олардың құрылысжайлары, үй-жайлары (үй-жайлардың бір бөлігі) және (немесе) ашық алаңдары (ашық алаңдардың бір бөлігі) болуға;
3) кеден органдарының сұрау салуы бойынша Комиссия бекіткен экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға;
4) электрондық сауда тауарларын электрондық нысанда кедендік декларациялауды жүзеге асыру үшін кеден органдарының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін олардың ақпараттық жүйесі болуға не электрондық сауда тауарларын электрондық нысанда кедендік декларациялауды жүзеге асыру үшін кеден органдарының ақпараттық жүйесіне олардың авторландырылған қолжетімділігі болуға;
5) құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) орналасқан электрондық сауда тауарларының сақталуын қамтамасыз етуге;
6) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
7) осы Кодекстің 236-бабының 2-тармағында белгіленген кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарларын пайдалану шарттарын сақтауға;
8) уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларының және құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) орналасқан кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларының бөлек есебін жүргізуге және кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған есептілікті ұсынуға;
9) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларының және жеке тұлғалар сатып алған және құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетілген, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларының бөлек есебін жүргізуге және жеке тұлғалар сатып алған және құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетілген тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған есептілікті кеден органдарына ұсынуға;
10) кеден органдарының декларацияланатын электрондық сауда тауарларына қатысты қабылданған шешімдерін орындауға;
11) кеден органдарының лауазымды адамдарының құрылысжайлардағы (үй-жайлардағы, алаңдардағы) электрондық сауда тауарларына қол жеткізуіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
12) электрондық сауда операторы ретінде экспериментке қатысу туралы өтініш берген күнге кеден өкілі ретінде кемінде бір жыл қызметті және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Электрондық сауда операторлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
1. Кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органдары жүргізеді.
2. Кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты оларға осы Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандары және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып жүргізіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды анықтау мақсатында кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.
3. Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.
4. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің, кедендік бақылау нысандарының және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралардың таңдалуы қағидатын негізге алады.
Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.
5. Кеден органдары кедендік бақылаудың нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданады.
Шығарғанға дейін кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарының кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдануы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылады.
6. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде валюталық, радиациялық бақылауды, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады.
7. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және лауазымдық өкілеттіктері шегінде кедендік бақылауды жүргізуге уәкілеттік берілген кеден органдарының лауазымды адамдары жүргізеді.
Кеден органдары кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында, сондай-ақ өзге нысандарда немесе кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кеден органдары лауазымды адамдарының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүргізеді.
8. Кедендік бақылау тауарлардың осы Кодекстің 34-бабына сәйкес айқындалатын кедендік бақылауда болу кезеңінде жүргізіледі.
Алдын ала кедендік декларациялау және мерзімдік кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 394-бабының бесінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау объектілеріне қатысты кедендік бақылау кедендік декларация тіркелген кезден бастап жүргізіледі.
Осы Кодекстің 34-бабының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кедендік бақылау осындай мән-жайлар басталған күннен бастап есептелетін, осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне немесе уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін кедендік бақылау олар осындай тізілімдерде болған кезеңде, сондай-ақ осындай тізілімдерден алып тасталғаннан кейін осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері ішінде жүргізілуі мүмкін.
9. Тауарлардың шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру мақсатында кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдарында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы бұзыла отырып, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде жүргізуі мүмкін.
10. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарына оны жүргізуге Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарының қандай да бір рұқсаттары, нұсқамалары не қаулылары талап етілмейді.
11. Кеден органдары және олардың лауазымды адамдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасында көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқығы жоқ.
12. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және мүдделері кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) қозғалатын өзге тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына құқыққа сыйымсыз зиян келтіруге жол берілмейді.
13. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймақтарында және кедендік бақылауға жататын тауарлар, оның ішінде халықаралық тасымалдың көлік құралдары және жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, осындай тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар және (немесе) ақпараттық жүйелер тұрған (тұруы тиіс немесе мүмкін) өзге орындарда жүргізіледі.
14. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, кедендік бақылау нысандарын қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері белгіленген нысандағы кедендік құжаттарды жасау жолымен немесе осы Кодексте көзделген өзге де тәсілмен ресімделеді.
Ескерту. 393-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мыналар:
осы Кодекстің 34-бабына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар;
ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болған тауарлар, кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, еркін айналымға шығарылған жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелінген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтаған тауарлар – осы Кодекстің 393-бабы 8-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағытауарлар – кеден органдарында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы бұзыла отырып, осындай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде;
кеден органдарына ұсынылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес көзделген кедендік және өзге де құжаттар, сондай-ақ осындай құжаттарда қамтылған мәліметтер;
тұлғалардың, оның ішінде уәкілетті экономикалық операторлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласында қызметтер көрсетуге байланысты не жекелеген кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметі;
уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларды уақытша сақтауы үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ кедендік бақылау аймақтары ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау объектілері болып табылады.
1. Кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын кедендік бақылауды кеден органдары жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кеден органы тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке қарағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағындағы тауарларға қатысты кедендік бақылау Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 447-бабына сәйкес жүргізіледі.
3. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 24-тарауы талаптарының сақталуын кедендік бақылауды аумағында тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған, аумағы бойынша осындай тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын және (немесе) аумағында кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді.
1. Кедендік декларациялау кезінде мәлімделген, әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу (бұдан әрі осы бапта – әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылау) кезінде кеден органы тауарлардың кедендік құнын айқындаудың және мәлімдеудің (тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін таңдаудың және қолданудың, тауарлардың кедендік құнының құрылымы мен шамасының, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді құжаттамалық растаудың) дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсінік сұратуға құқылы.
3. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылаудың өзге де ерекшеліктерін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анық айқындамау белгілерін, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді анық емес деп тану негіздерін Комиссия айқындайды.
4. Комиссия осы Кодекстің 216-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне және 306-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындамайтын әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың және мәлімдеудің (тауарлардың кедендік құнының құрылымы мен шамасының, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді құжаттамалық растаудың) дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсінік сұратуға құқылы.
1. Тауарлардың шығарылған жеріне кедендік бақылауды жүргізу кезінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органы ұсынған құжаттарда қамтылған тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы, сондай-ақ тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттардың төлнұсқалығы, олардың ресімделуінің және (немесе) толтырылуының дұрыстығы тексеріледі.
2. Кеден органы тауардың шығарылған жері туралы сертификатта қамтылған мәліметтердің анықтығына, сондай-ақ тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың төлнұсқалығына тексеру жүргізу және (немесе) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер алу мақсатында тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген және (немесе) оны тексеруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органға немесе уәкілетті ұйымға сұрау салу (сұрау салулар) жіберуге құқылы.
3. Тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кедендік бақылау нысаны кеден органының осы баптың 2-тармағына сәйкес жіберілген сұрау салуларға жауаптарды алған күнінен бастап не мұндай жауаптарды алудың әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталады.
4. Егер кедендік декларацияда тауарлардың шығарылған жері белгісіз екені мәлімделген және кедендік бақылауды жүргізу кезінде декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылуы мүмкін екендігі анықталған жағдайда, кеден органы тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарды сұратуға құқылы.
5. Тауардың шығарылған жері мынадай жағдайларда:
1) егер тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар осы Кодекстің 56-бабына сәйкес ұсынылуға тиісті болса, мұндай құжаттар, оның ішінде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кедендік бақылау нысандарын қолдану кезінде ұсынылмаса;
2) тауарлардың шығарылған жеріне жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің анық еместігі анықталса;
3) тауарлардың шығарылған жеріне жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша тауардың шығарылған жері туралы сертификат төлнұсқа болып табылмайтыны не тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар бұзыла отырып ресімделгені және (немесе) толтырылғаны анықталса;
4) тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген және (немесе) оны тексеруге уәкілеттік берілген мемлекеттік орган немесе уәкілетті ұйым әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген мерзімде сұрау салуға жауапты және (немесе) қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса, егер мұндай сұрау салу осы баптың 2-тармағына сәйкес жіберілген болса;
5) Комиссия айқындайтын өзге де жағдайларда, расталмаған деп саналады.
6. Егер кедендік декларацияда тауарлардың шығарылған жері белгісіз екені мәлімделсе не тауарлардың шығарылған жері расталмаған деп саналса:
1) кедендік әкелу баждары, егер Одақ туралы шартқа сәйкес өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген мөлшерлемелер негізге алына отырып есептеледі;
2) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, егер Одақ туралы шартқа сәйкес өзгеше белгіленбесе, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес сол кодтың тауарына және (немесе) атауына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының ең жоғары мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі;
3) егер Одақ туралы шартқа сәйкес өзгеше белгіленбесе, тауарға қатысты кедендік-тарифтік реттеудің өзге де шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылған жеріне қатысты болатын жағдайларда, қолданылады.
7. Кейіннен тауарлардың шығарылған жері расталған кезде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылған жеріне қатысты болған жағдайларда, тауарлардың расталған шығарылған жері негізге алына отырып қолданылады.
1. Осы Кодекстің 411-бабында немесе 416-бабында көзделген нысанда тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша кеден органы осы бапқа сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, егер кеден органына:
1) кедендік декларацияда мәлімделген, төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін кеден органы сұрау салған (талап еткен), олар туралы мәліметтер кедендік декларацияда көрсетілген құжаттардың бірде-бірі ұсынылмаса;
2) кедендік декларацияда мәлімделген төленген кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру үшін кеден органы сұрау салған (талап еткен), олар туралы мәліметтер кедендік декларацияда көрсетілген құжаттар ұсынылса, бірақ мұндай құжаттар тексерілетін мәліметтерді растамаса, есептейді.
2. Төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал тауарларды сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 4-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда:
кедендік баждарды есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады;
салықтарды есептеу үшін кедендік баждар мөлшерлемелерінің ең жоғарысы белгіленген, мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін қосылған құн салығы мөлшерлемесінің ең жоғарысы, акциздер мөлшерлемесінің ең жоғарысы қолданылады;
арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін мұндай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемесінің ең жоғарысы қолданылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 397-бабының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес расталған тауарлардың шығарылған жері негізге алынып есептеледі.
Егер тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттардың болмауына байланысты тауарлардың шығарылған жерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының сол кодының тауарларына (егер тауарды сыныптау он белгі деңгейінде жүзеге асырылса) не топтауға кіретін тауарларға (егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалса) қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы негізге алына отырып есептеледі.
Кейіннен тауарлар туралы нақты мәліметтер анықталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары мұндай нақты мәліметтер негізге алына отырып есептеледі, осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады не осы Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес іс-қимылдар, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
1. Осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді беру мақсаттары мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтау, егер осындай тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органына жиынтығында:
1) көрсетілген тауарлардың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді беру мақсаттарында және олардың шарттарын, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтай отырып, пайдаланылуын растайтын құжаттар ұсынылмаса;
2) аталған тауарлар көрсетілмесе не олардың тұрған жері расталмаса, расталмаған деп саналады.
Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.
2. Тауарлар шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 202-бабының 1-тармағында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары, меншікті тауарларды сақтау қоймаларының, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркін қоймалардың аумақтары, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары және осы Кодексте белгіленген өзге де орындар кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, көліктік-логистикалық орталықтарда, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кеден органдары кедендік бақылау аймақтарын құрады.
Өзге орындарда кедендік бақылау аймақтары, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша сақтау, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операцияларды жасау, тауарларды кедендік қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізу үшін құрылады.
2. Кедендік бақылау аймақтарын құрмай:
1) көшпелі кедендік тексеру барысында не осы Кодекстің 18-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік бақылау аймақтарынан тыс көлік құралдарын тоқтатқан кезде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін тауарлар анықталған кезде жүзеге асырылатын кедендік қарап-тексеру;
2) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру барысында және (немесе) көшпелі кедендік тексеру барысында не осы Кодекстің 18-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік бақылау аймақтарынан тыс көлік құралдарын тоқтатқан кезде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілетін тауарлар анықталған кезде жүзеге асырылатын кедендік жете тексеру жүргізілуі мүмкін.
3. Кедендік бақылау аймақтары, егер олар кедендік бақылауға жататын тауарларды оларда ұдайы орналастыруға арналған болса – тұрақты немесе оларды тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау жүргізу, жүк және өзге де операциялар жасау уақытына құрған жағдайда уақытша болуы мүмкін.
4. Тұрақты кедендік бақылау аймақтары аумақтық кеден органының немесе кеденнің басшысының (оны алмастыратын адамның) осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда кедендік бақылау аймақтарын белгілеу туралы бұйрығының негізінде құрылады және жұмыс істеуін тоқтатады.
Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату тәртібін, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимін уәкілетті орган бекітеді.
5. Тұрақты кедендік бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледі және:
1) кедендік рәсімдерді жүргізу орындарында – өлшемдері: биіктігі – 50 сантиметр, ені – 100 сантиметр болатын белгілермен белгіленеді. Белгінің көк түсті тақтасына биіктігі 10 сантиметр және ені 3,7 сантиметр ақ түсті әріптермен, үш жолға, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) "Кедендік бақылау аймағы" деген жазба жазылады;
2) суда – жарық шағылыстырғыш бояудың көмегімен орындалған "Кедендік бақылау аймағы" деген жазбасы бар қызыл түсті қалтқылармен белгіленеді.
6. Тұрақты кедендік бақылау аймақтарына жіберу:
1) кедендік бақылау аймақтарында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды адамдары үшін қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде, тұрақты рұқсат қағазы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары үшін қаулы;
3) лауазымдық міндеттерін орындау лауазымды адамдардың кедендік бақылау аймағында тікелей болуымен байланысты ұйымдардың аталған адамдары үшін рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.
Тұрақты рұқсат қағаздары тиісті бақылаушы органдардың, ұйымдардың жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бір жыл мерзімге беріледі және оған аумақтық кеден органының немесе кеденнің басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды. Рұқсат қағаздарын арнайы журналда тіркеуді көрсетілген рұқсат қағазын берген кеден органы жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдардың лауазымды адамдары кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында аталған адамдарға берілетін уақытша рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.
Уақытша рұқсат қағаздары адамның кедендік бақылау аймағында уақытша болу мерзіміне оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
7. Тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарының, тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын тіркеу журналының нысанын уәкілетті орган бекітеді.
8. Уақытша кедендік бақылау аймақтарына жіберу мына адамдарға:
қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде, кедендік бақылау аймақтарында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды адамдарына;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарына;
лауазымдық міндеттерін орындау лауазымды адамдардың кедендік бақылау аймағында тікелей болуымен байланысты ұйымдардың аталған адамдарына;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдардың лауазымды адамдарының кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында аталған адамдарға жазбаша өтініштері негізінде кедендік бақылау аймағына уақытша болу мерзіміне уақытша рұқсат қағазын беру жолымен жүзеге асырылады.
9. Рұқсат қағаздарын ресімдемей, тұрақты кедендік бақылау аймағына жіберу:
1) қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде, кедендік бақылау аймағында өздеріне жүктелген функцияларды өз жұмыс уақыты кезеңінде орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына;
2) кедендік бақылау аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарына өкілдік ететін адамдарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.
Кеден органының лауазымды адамдарының өз жұмыс уақытынан тыс кезде кеден органы басшысының рұқсатынсыз кедендік бақылау аймағында болуына жол берілмейді.
10. Тұрақты кедендік бақылау аймақтарының шекарасы арқылы және оның шегінде тауарлар мен көлік құралдарының өтуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
11. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ режимдік объектілердің кедендік бақылау аймақтарында болуына, аталған қызмет уақытша сақтау орнының немесе қоймасының, еркін қойманың, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенінің мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
Ескерту. 404-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мыналар:
1) кедендік құжаттар;
2) осы Кодекстің 179-бабында көрсетілген құжаттар;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;
4) кедендік операцияларды жасау кезінде жасалған құжаттар;
5) мәлімделген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын растайтын құжаттар кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті, сақтауға жататын құжаттар болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды тұлғалар және кеден органдары, олардың кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылғанына немесе ұсынылмағанына қарамастан, осы Кодекстің 34-бабының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап есептелетін, осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері өткенге дейін сақтауға тиіс.
3. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кеден ісі саласында қызметтер көрсетумен байланысты қызметіне қатысты кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жасалған жыл өткеннен кейін, осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері ішінде сақтауға тиіс.
1. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру мыналарды:
1) кедендік декларацияны;
2) кеден органдары жасайтын құжаттарды қоспағанда, өзге де кедендік құжаттарды;
3) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды;
4) кеден органына осы Кодекске сәйкес ұсынылған өзге де құжаттарды;
5) кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органына ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді;
6) осы Кодекске немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған немесе олар алған өзге де мәліметтерді тексеруді білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
2. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру мәліметтердің анықтығын, құжаттардың толтыруының және (немесе) ресімделуінің дұрыстығын тексеру, кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдануға байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтау, осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты белгіленген тауарларды пайдалану тәртібі мен шарттарын сақтау мақсатында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудің өзге де мақсаттарында жүргізіледі.
3. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тексеру тауарлар шығарылғанға дейін, сол сияқты шығарылғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.
4. Егер декларант кеден органы тауарлардың шығарылуын жүргізген кезде осы Кодекстің 195-бабында көзделген шарттарды сақтаған жағдайда, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған тексеру тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталады.
5. Кеден органы кедендік тексеру жүргізу кезінде кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарға және (немесе) мәліметтерге, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерге осы Кодекстің 411-бабында белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге құқылы.
6. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді талдау арқылы, оның ішінде бір құжаттағы мәліметтерді өзара, сондай-ақ өзге құжаттардағы, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардағы мәліметтермен, кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден және (немесе) ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен, тексеру жүргізу кезінде кеден органының билігінде бар басқа да көздерден алынған мәліметтермен салыстыру арқылы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасына сәйкес басқа да тәсілдермен жүргізіледі.
7. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру шеңберінде кеден органы қосымша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға сұрау салулар жіберуге құқылы.
8. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған тексеру осы Кодекстің 410-бабына сәйкес жүргізіледі.
9. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайда, кедендік, өзге құжаттарға және (немесе) мәліметтерге тексеру жүргізуді қоспағанда, кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған не кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жағдайларында тексеру осы Кодекстің 411-бабына сәйкес жүргізіледі.
10. Шығарылуы осы Кодекстің 194-бабына сәйкес жүргізілген тауарларға қатысты берілген тауарларға арналған декларацияларға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, мұндай декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды және көрсетілген тауарларға арналған декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тексеру Комиссия айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
11. Тауарларға арналған декларациялар берілгенге дейін тауарлардың шығарылғаны туралы өтінішке, осы Кодекстің 194-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай өтінішпен бірлесіп ұсынылатын құжаттарға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді және көрсетілген өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда мәлімделген мәліметтерді тексеруді қолданған кезде құжаттарға сұрау салу тауарлар шығарылғанға дейін жүргізілмейді.
12. Тауарлардың кедендік құнын тексеру кезінде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 396-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
13. Тауарлардың шығарылған жерін тексеру кезінде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 397-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
1. Егер кедендік декларацияны беру кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүргізілмесе, кеден органы декларанттан тексерілетін мәліметтерге қатысты мынадай:
1) тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған;
2) тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан мәліметтерді кеден органының осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес алуы мүмкін болмаған жағдайларда, кедендік декларацияда мәліметтері көрсетілген құжаттарды сұратуға құқылы.
2. Декларант осы баптың 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды осы Кодекстің 193-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде төрт сағаттан бұрын кешіктірмей ұсынуға тиіс.
3. Егер декларант осы баптың 1-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.
4. Кеден органы коммерциялық, бухгалтерлік құжаттарды, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және (немесе) өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген тексерілетін мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтердің анықтығы мен толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсініктерді мынадай жағдайларда:
1) кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылған не осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаса немесе мәлімделген мәліметтер тиісті түрде расталмаса;
2) кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасының ережелерін сақтамау белгілерін, оның ішінде мұндай құжаттардағы мәліметтердің анық еместігін анықтаса, сұратуға құқылы.
5. Декларанттан осы баптың 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату негізделген болуға тиіс және кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтер тиісті түрде расталмағанын не анық болмауы мүмкін екендігін көрсететін белгілер тізбесін, қосымша сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімдерін қамтуға тиіс.
Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін кеден органының лауазымды адамы тауарлармен мәміле шарттарын, тауар сипаттамаларын, оның мақсатын, сондай-ақ өзге де мән-жайларды ескере отырып тексерілетін мәліметтердің негізінде айқындайды.
6. Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді растау мақсатында осы баптың 4-тармағына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату кезінде кеден органы декларантты осы Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жүргізу мүмкіндігі туралы хабардар етеді. Бұл ретте кеден органы декларантқа осы Кодекстің 195-бабына сәйкес айқындалған, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есеп-қисабын жібереді.
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есеп-қисабының нысанын, электрондық құжат түріндегі мұндай есеп-қисаптың құрылымы мен форматын және оларды толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.
7. Осы баптың 4-тармағына сәйкес сұратылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді не мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіруді декларант:
1) егер құжаттарға және (немесе) мәліметтерге сұрау салу кедендік декларациядағы және кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тексерумен байланысты болса – осы Кодекстің 193-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде төрт сағат бұрын кешіктірмей;
2) егер құжаттарға және (немесе) мәліметтерге сұрау салу кедендік декларацияда және осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тексерумен байланысты болса және тексерілетін мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етпесе – осы Кодекстің 193-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде екі сағат бұрын кешіктірмей;
3) егер құжаттарға және (немесе) мәліметтерге сұрау салу кедендік декларациядағы және осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тексерумен байланысты болса және тексерілетін мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етсе – осы Кодекстің 193-бабының 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде кеден органы белгілеген мерзім өткенге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей ұсынуға тиіс.
8. Егер осы баптың 4-тармағына сәйкес сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсініктер не мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіру осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаса және осы Кодекстің 195-бабында көзделген шарт сақталмаса, кеден органы осы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.
9. Осы баптың 1 және 4-тармақтарына сәйкес сұратылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді олар сұратылған тұлғалар әрбір сұрау салу бойынша бір жиынтықта (бір мезгілде) ұсынуға тиіс.
Кеден органы сұратқан құжаттармен және (немесе) мәліметтермен бір мезгілде олар сұратылған тұлғалар кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтердің анықтығын және толықтығын растау мақсатында өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынуы мүмкін.
10. Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген, тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылаудың және (немесе) олардың кедендік сараптамасының нәтижелері тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарлар шығаруды жүргізеді.
11. Тауарлар шығарылғанға дейін кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген, тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылаудың және (немесе) олардың кедендік сараптамасының нәтижелері тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растамаған және (немесе) кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздерді жоймаған жағдайда, кеден органы өзінде бар ақпараттың негізінде осы Кодекстің 183-бабына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талап жібереді.
12. Егер кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы Кодекстің 193-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінде, оның ішінде құжаттардың және (немесе) мәліметтердің осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынылмауына байланысты аяқталмаған жағдайда, кеден органы декларантқа осы Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарлар шығаруды жүргізу мүмкін екендігі туралы хабарлайды.
13. Осы Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарларды шығарған кезде кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру осы баптың 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтарына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталады.
14. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау үшін кеден органы сұратқан және осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылмаған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді декларант тауарлар шығарылғаннан кейін, осы Кодекстің 397-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кедендік декларацияның тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде ұсынуы мүмкін.
Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді кеден органы сұратылған құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған күннен бастап, ал егер мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылмаса – мұндай мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аяқтайды.
15. Егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіру кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздерді жоймаса, кеден органы осы баптың 14-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген тексерілетін мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтердің анықтығын және толықтығын анықтау үшін қажетті жазбаша түсініктер сұратуға құқылы. Мұндай қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер, оның ішінде жазбаша түсініктер кеден органы сұрау салуды тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
16. Қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсініктерді ұсыну туралы сұрау салу жіберілген кезде осы баптың 14-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімінің өтуі кеден органы мұндай сұрау салуды тіркеген күннен бастап тоқтатыла тұрады және кеден органы қосымша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсініктерді алған күннен бастап, ал олар ұсынылмаған жағдайда – оларды ұсыну мерзімі өткен күннен бастап қайта басталады.
17. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіру не мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылаудың және (немесе) олардың кедендік сараптамасының нәтижелері Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ережелерінің сақталуын, оның ішінде тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растамаған және (немесе) кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүргізу үшін негіздерді жоймаған жағдайда, кеден органы өзінде бар ақпараттың негізінде осы Кодекстің 183-бабына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдайды.
18. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы баптың 4 және 15-тармақтарына сәйкес кеден органы сұрау салған құжаттар және (немесе) мәліметтер не мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың мүмкін еместігінің және (немесе) олардың болмауының себептерін түсіндіру осы бапта белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, кеден органы өзінде бар ақпараттың негізінде осы Кодекстің 183-бабына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдайды.
19. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталған кезде, егер осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер, мұндай тексеру шеңберінде жүргізілген, тауарларды және (немесе) құжаттарды өзге нысандарда кедендік бақылаудың және (немесе) олардың кедендік сараптамасының нәтижелері тексерілетін мәліметтердің анықтығын және (немесе) толықтығын растаған жағдайда, кеден органы декларантқа кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерудің аяқталғаны туралы және осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағына сәйкес берілген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке жатқызу (қайтару) мүмкіндігі туралы хабарлайды.
20. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған және тауарлар шығарылғаннан кейін аяқталатын, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін басталған не осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жағдайларында тексеруді жүргізу кезінде кеден органы осы Кодекстің 426-бабына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
2. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған тексеру нәтижелері бойынша кеден органы осы Кодекске сәйкес шешім қабылдайды.
Осы тармақта көрсетілген тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
1. Кедендік жете тексеру тауарлардың қаптамасын, көлік құралдарының жүкжайларын (бөлекжайларын), ыдыстарды, контейнерлерді немесе тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен және (немесе) оларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге сәйкестендіру құралдарын жоюмен, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеумен, демонтаждаумен немесе өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзумен тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына қатысты қарап-тексеру жүргізуді және өзге де әрекеттер жасауды білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
2. Кедендік жете тексеру кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.
Кедендік жете тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Кеден органы декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаны, егер осы тұлғалар анықталса, хабарламаны алуы фактісін растауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен кедендік жете тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабардар етеді. Кедендік жете тексеруді жүргізу уақытын тағайындау кезінде мұндай адамдардың келуінің ақылға қонымды мерзімдері ескеріледі. Бұл ретте декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалардың келуіне арналған мерзімдерде осы Кодекстің 193-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу мерзімдері есепке алынуға тиіс.
4. Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде өз бастамалары бойынша қатысуға құқылы.
5. Кеден органының талап етуі бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған кезде көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады.
6. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде кедендік жете тексеруді кеден органы мынадай:
1) көрсетілген тұлғалар келмеген не мұндай тұлғалар анықталмаған жағдайларда;
2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, қоршаған ортаға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық мәдени игілік объектілерінің сақталуына қауіп төнген және кейінге қалдыруға болмайтын өзге мән-жайлар пайда болған, оның ішінде тауарлар тез тұтанатын заттар, жарылу қауіптілігі бар заттар, жарылғыш, улайтын, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі, психотроптық, қатты әсер ететін, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да сондай тауарлар болып табылатынын көрсететін белгілері болған, сондай-ақ тауарлар жағымсыз иіс таратқан;
3) тауарлар халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілген;
4) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуді көздейтін кедендік рәсім немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттар бұзыла отырып, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қалдырылған жағдайларда, жүргізуге құқылы.
7. Кедендік жете тексеру осы баптың 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда екі куәгердің қатысуымен, ал осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде – екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
8. Кедендік жете тексеруді жүргізу нәтижелері, осы Кодекстің 401-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанын Комиссия айқындаған кедендік жете тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.
9. Кедендік жете тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кедендік жете тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды адамдары және оны жүргізген кезде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
2) декларанттың немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаның қатысуынсыз кедендік жете тексеруді жүргізу себептері;
3) кедендік жете тексеру нәтижелері;
4) акт нысанында көзделген өзге де мәліметтер.
10. Кедендік жете тексеру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға не олардың өкілдеріне, егер бұл тұлғалар бұзушылық анықталған жағдайда анықталса, немесе оның талап етуі бойынша тапсырылады (жіберіледі).
1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру үй-жайлар мен аумақтарға, сондай-ақ көрсетілген орындардағы тауарларға және (немесе) құжаттарға көзбен қарап-тексеру жүргізуді білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
2. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру қарап тексерілетін үй-жайларда немесе аумақтарда кедендік бақылау объектілері болып табылатын тауарлардың және (немесе) құжаттардың болуын немесе болмауын тексеру мақсатында, сондай-ақ осындай тауарлар және (немесе) құжаттар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу және тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүкжайларында (бөлекжайларында) кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа сәйкестендіру құралдарының бар-жоғын тексеру мақсатында жүргізіледі.
3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді кеден органдары жеке тауарларын сақтау қоймалары, уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларды уақытша сақтауына арналған немесе пайдаланылатын құрылыстардың, үй-жайлардың (үй-жай бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) осы Кодекстің 165-бабының 3-тармағына, 503, 510, 517 және 524-баптарына және 532-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізуі мүмкін.
4. Үй-жайларды және тұрғын үй-жайлардағы аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге жол берілмейді.
5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқама, сондай-ақ кеден органы лауазымды адамының қызметтік куәлігі не сәйкестендіру картасы көрсетілген кезде жүргізіледі.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқама нысанын, сондай-ақ осындай нұсқаманы тіркеу журналының нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды көрсету талап етілмейді.
6. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақтарға және үй-жайларға кіруіне кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының жекелеген объектілерге кіруінің арнайы тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру оны жүргізу үшін қажет болатын барынша қысқа мерзімде жүргізілуге және бір жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексерудің жүргізілетін уақыт кезеңін үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқамада ұзарту туралы мәліметтерді көрсете отырып, кеден органының басшысы не оны алмастыратын адам не кеден органы басшысының орынбасары ұзартуы, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері нысанын Комиссия айқындайтын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.
10. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісі екі данада жасалады, олардың бірі үй-жайы және (немесе) аумағы қарап тексерілген тұлғаға, егер бұл тұлға анықталса, табыс етілуге (жіберілуге) жатады.
Бұл ретте осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісі жасалады және үй-жайлары және (немесе) аумақтары қарап-тексерілген тұлғаға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
Ескерту. 415-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Кедендік тексеру осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың өзге нысандарын және осы Кодексте көзделген кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, тауарлар шығарылғаннан кейін тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында кеден органы жүргізетін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
2. Кедендік тексеру кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған немесе ол алған өзге мәліметтерді бухгалтерлік есеп пен есептілік құжаттарымен және (немесе) деректерімен, шоттармен және Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған өзге де ақпаратпен салыстыруды білдіреді.
3. Кедендік тексеру осы Кодекстің 393-баптың 9-тармағына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 484-бабының 4-тармағында және 529-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда кедендік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін.
4. Кедендік тексеруді кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
5. Тексерілетін тұлғалар деп мынадай тұлғалар түсініледі:
1) декларант;
2) тасымалдаушы;
3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға;
4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға;
5) тауарлар шығарылғаннан кейін оларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға;
6) уәкілетті экономикалық оператор;
7) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама түрде қатысқан тұлға;
8) иелігінде және (немесе) пайдалануында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасы, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасы бұзыла отырып тауарлардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуын (болғанын) куәландыратын өзіне қатысты ақпарат бар тұлға.
6. Кеден органдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:
1) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру фактісін;
2) кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардағы мәліметтердің анықтығын;
3) шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын;
4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кеден ісі саласындағы қызметтің әрбір түрі үшін осы Кодексте көзделген міндеттерді орындауын;
5) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу шарттарын сақтауын және осы Кодексте көзделген өзге міндеттерді орындауын;
6) осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын;
7) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында белгіленген өзге талаптардың сақталуын тексеруі мүмкін.
6-1. Тексерілетін тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өзінің орналасқан жеріндегі кеден органына таратуға құжаттардың берілуіне байланысты кедендік тексеру жүргізу туралы өтінішті бір мезгілде ұсына отырып жазбаша хабарлайды.
Бұл ретте кедендік тексеру тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы таратуға құжаттардың берілуіне байланысты кедендік тексеру жүргізу туралы өтінішті алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей басталуға тиіс.
7. Кедендік тексеру камералдық немесе көшпелі болуы мүмкін.
8. Арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерделеу және консультация алу үшін кеден органдары кедендік тексеруге Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын тартуы мүмкін.
Кедендік тексеруге қатысушы болып табылатын кеден органының лауазымды адамы қойған жазбаша сұрақтар бойынша кедендік тексеруге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының лауазымды адамы кедендік тексеру барысында пайдаланылатын қорытынды жасайды. Мұндай қорытындылардың көшірмелері кедендік тексеру актісіне қоса беріледі.
9. Кедендік тексеруді жүргізу барысында әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзұшылықтар белгілері анықталған кезде кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдайды.
10. Кедендік тексеру нәтижелері және кедендік тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдау тәртібі осы тарауда айқындалады.
11. Осы баптың 12-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 417, 418 және 419-баптарында көзделген құжаттарды кеден органы жібереді немесе қолын қойғызып табыс етеді.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы жіберілген құжаттар мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілгенде – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойылған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
құжат веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Көрсетілген тәсіл:
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады;
құжат "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Көрсетілген тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
12. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша ынтымақты міндет туындаған жағдайда кедендік тексеруді жүргізген кеден органы кеден өкіліне жіберу үшін тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме жасайды.
Бұл ретте біреуден артық кеден өкілінде ынтымақты міндет туындаған жағдайда үзінді көшірме әрбір кеден өкілі үшін бөлек жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Бұл ретте тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме кеден өкіліне тексерілетін тұлғаға тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және кедендік тексеру актісін жіберумен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.
Пошта операторы немесе байланыс операторы кеден өкілінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауы себебінен тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірмені қайтарған жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі куәгерді тарта отырып, кеден өкілінің орналасқан жерінде зерттеп-қарау жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
жасалған орны, күні және уақыты;
зерттеп-қарау актісін жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
кеден өкілінің атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органының лауазымды адамы мен кеден өкілі әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен кеден өкілі жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде кеден өкілінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда зерттеп-қарау актісі жасалған күн үзінді көшірмені табыс ету күні болып табылады.
Ескерту. 416-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Камералдық кедендiк тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талап етуі бойынша тексерiлетiн тұлға ұсынған кедендiк декларациялардағы және (немесе) коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүргізіледі.
2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей, кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді.
Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша хабардар етеді.
Бұл ретте тексерілетін тұлғаға осы хабарламаның шеңберінде осы баптың 5-тармағына сәйкес құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну жөнінде талап жіберуге құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, кеден органының басшысы немесе кеден органы басшысының орынбасары қол қойған хабарламаны жіберген күн камералдық кедендік тексеруді жүргізу басталған күн болып саналады.
Осы баптың 3-1-тармағында көзделген жағдайда, камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама және құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап тексерілетін тұлғаға жіберілмейді.
Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі тексерілетін тұлғаға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына сұрау салуларды жіберу күні мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.
3. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін:
1) Қазақстан Республикасының кеден және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
1-1) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпарат;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің кұзыретті органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты шетелдік тұлғамен мәміле жасаған тұлғаны тексеруді жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы), сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер;
4) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) тұлғаның камералдық кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;
7) өзге нысандарда салықтық бақылау, кедендік бақылау жүргізудің және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданудың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын нәтижелері, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау;
8) кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барасында келіп түспеген жауап алынған жағдайлар;
9) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратуға) арналған құжаттарды беруі негіз болып табылады.
3-1. Осы баптың 3-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген негіз бойынша камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органы тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді немесе табыс етеді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы өз бетінше жою құқығын беру мақсатында жіберіледі немесе табыс етіледі.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Пошта операторы немесе байланыс операторы тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауы себебінен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қайтарған жағдайда, кеден органы мұндай хабарлама қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі куәгерді тарта отырып, осындай тұлғаның орналасқан жерінде зерттеп-қарау жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
жасалған орны, күні және уақыты;
зерттеп-қарау актісін жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлға әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлға жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда зерттеп-қарау актісі жасалған күн хабарламаны табыс ету күні болып табылады.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға осындай хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
3-2. Мыналар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – бұзушылықтарды жою туралы хабарламада қамтылған анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы жою;
2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – тексерілетін тұлғаның анықталған бұзушылықтар бойынша растайтын құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді қоса бере отырып, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде түсінік ұсынуы.
Түсінікте мыналар көрсетілуге тиіс:
тексерілетін тұлға түсінікке қол қойған күн;
түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
тексерілетін тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген кеден органының атауы;
түсінік ұсынылып отырған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нөмірі мен күні;
түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның келіспеу негіздері мен дәлелдемелері болып табылатын мән-жайлар.
Электрондық құжат түрінде ұсынылған түсінікке осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.
3-3. Тексерілетін тұлға ұсынған түсінікпен келіскен кезде кеден органы мұндай түсінікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тексерілетін тұлғаға хабар береді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарады және оны тексерілетін тұлғаға:
тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді немесе табыс етеді.
Бұл ретте бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, хабархат немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Тексерілетін тұлға уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым жасауды ол табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шағымның (арыздың) көшірмесін бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарған кеден органына жібере отырып жүзеге асырады.
Шағым берудің белгіленген мерзімі дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда уәкілетті орган тексерілетін тұлғаның өтінішхаты бойынша шағым беру мерзімін қалпына келтіреді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген тұлғаның, сондай-ақ тексерілетін тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігі дәлелді себеп ретінде танылады.
Осы тармақтың ережелері бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда аталған адамдар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін тексерілетін тұлғаларға қолданылады.
Бұл ретте тексерілетін тұлға шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңін растайтын құжатты және тексерілетін тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
Тексерілетін тұлғаның шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын уәкілетті орган шағым мен өтінішхатты тексерілетін тұлға осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.
3-4. Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 125-бабына сәйкес төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.
3-5. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол осы баптың 3-3-тармағының екінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым (арыз) берген кезде:
1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;
2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.
Уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым (арыз) берілген кезде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:
1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;
2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
3-6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы осы баптың 3-1, 3-2, 3-3, 3-4 және 3-5-тармақтарын қоспағанда, осы бапта көзделген тәртіппен камералдық кедендік тексеруді тағайындауға және жүргізуге құқылы.
3-7. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
4. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, кеден органы бұрын камералдық кедендік тексеру жүргізген тауарларға нақ сол кеден органының қайтадан камералдық кедендік тексеру жүргізуіне жол берілмейді.
Осы Кодекстің 202-бабында көзделген шартты түрде шығарылған тауарларға, өздеріне қатысты 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабында және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабында көзделген пайдаланылуы және билік етілуі бойынша шектеулер бар тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағында көзделген жүргізілетін камералдық кедендік тексеру нысанасы алдыңғы камералдық кедендік тексерулерде қамтылмаған жағдайларда қайтадан камералдық кедендік тексеруге жол беріледі.
5. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсыну жөнінде талап жібереді.
Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады.
Өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзімді кеден органы тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып айқындайды, бірақ ол құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
6. Камералдық кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлға кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды талап ету бойынша ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер анық мәлімделмеген болып есептеледі.
Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу осы Кодекстің 399-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.
8. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарламада қамтылған талаптарды орындау, оның ішінде тексерілетін тұлғаның кедендік декларациядағы мәліметтерге, оның ішінде тауарлардың кедендік құны бойынша мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы құжатты ұсынуы арқылы, қажет болған кезде кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленгенін растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып орындау камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп танылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда тексерілетін тұлға осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.
9. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.
Камералдық кедендік тексеру актісінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Екі данада ресімделетін және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын камералдық кедендік тексеру актісі жасалған күн камералдық кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы камералдық кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Камералдық кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
Камералдық кедендік тексеру актісі камералдық кедендік тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
9-1. Осы баптың 9-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі деп кеден органы жасаған камералдық кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі.
Камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.
Бұл ретте тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.
Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
10. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.
11. Осы бапта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша тексерілетін тұлғаның болмауы себебінен пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, кеден органы осындай құжаттар қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай тұлғаның тұрған жері бойынша зерттеп-қарауды екі куәгерді тарта отырып, жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын, әрекетке қабілетті кәмелетке толған кез келген азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлға жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша тексерілетін тұлғаның іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, зерттеп-қарау актісін жасаған күн осы бапта көрсетілген құжаттарды табыс еткен күн болып табылады.
12. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша, оның ішінде кеден органының талап етуі бойынша белгіленген мерзімде құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмаған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
Ескерту. 417-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне (жерлеріне), дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыратын жерге (жерлерге) және (немесе) мұндай тұлғалардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (жерлерге) (бұдан әрі осы тарауда – тексерілетін тұлғаның объектілері) бару арқылы жүргізеді.
Тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы болып табылады.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері уәкілетті органның тапсырмасы бойынша көшпелі кедендік тексерулер жүргізу жағдайларына қолданылмайды.
2. Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру;
2) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеру;
3) кешенді көшпелі кедендік тексеру.
3. Көшпелі кедендік тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі. Нұсқамаға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиіс.
4. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамада мынадай мәліметтер:
1) осы нұсқаманың күні және тіркеу нөмірі;
2) көшпелі кедендік тексерудің түрі;
3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының атауы;
4) осы баптың 10-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін негіз;
5) тексерілетін тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері (жерлері) (тұрғылықты жері) және (немесе) қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын жері (жерлері), оның сәйкестендіру нөмірлері;
6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
8) осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің нысанасы;
9) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі;
10) тексерілетін кезең қамтылуға тиіс.
5. Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
6. Бір нұсқаманың негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі. Нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру басталғанға дейiн тексерiлетiн субъектiнiң тұрған жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оны ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну арқылы тіркеледі.
7. Көшпелі кедендік тексерудің мерзімі ұзартылған, сондай-ақ тоқтатыла тұрған жағдайларда, нұсқамаға тиісті жазбалар енгізіледі және тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
Бұл ретте көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгертілген кезде қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Қосымша нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тексерілетін субъектінің тұрған жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына оны ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы тiркеледi.
8. Көшпелі кедендік тексеру өзге нысандарда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша тағайындалуы мүмкін.
9. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер осындай тексерулерді жүргізу кезеңділігі шектелмей жүргізіледі.
Нақ сол аумақтық кеден органының бұрын тексерілген кезеңге жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді қайта жүргізуіне осы баптың 10-тармағының 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) 12), 19) және 20) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша жол беріледі.
10. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының кеден және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпарат;
3) тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініші;
4) уәкілетті экономикалық оператордың уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу кезінде тауарларды уақытша сақтауға арналған жеке меншіктегі, шаруашылық жүргізудегі, жедел басқарудағы немесе жалдаудағы құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) туралы мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты кеден органына ұсынуы;
5) осы баптың 11-тармағына сәйкес жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу қажеттілігі;
6) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің құзыретті органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты шетелдік тұлғамен мәміле жасаған тұлғаны тексеруді жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы);
7) қылмыстық құқық бұзұшылық туралы хабарларды тексеру материалдары бойынша немесе қозғалған қылмыстық іс бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алдын ала тергеу органдарының (қылмыстық қудалау органдарының) тапсырмасы (сұрау салуы);
8) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің кеден органының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына осы Кодекстің 447-бабы 3-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден органына тапсырма жіберу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген тұлғада көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы берген тапсырмасы;
9) шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру;
10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген жағдайлар;
11) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын өтініштері;
12) тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;
13) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымда жазылған мәселелер бойынша тексеру жүргізу қажеттілігі;
14) төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің талаптарын сақтауына тексеру жүргізу қажеттігі;
15) кеден органының талап етуі бойынша тұлғаның дебиторлар тiзiмiн белгіленген мерзімде ұсынбауы не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер ұсынуы;
16) дебитордың кеден органының талап етуі бойынша төлеушімен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін белгіленген мерзімде ұсынбауы;
17) камералдық кедендік тексеру жүргізудің Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын, оның ішінде мемлекеттік кірістер органының талап етуі бойынша құжаттарды және (немесе) мәліметтерді белгіленген мерзімде ұсынбау кезіндегі нәтижелері;
18) өзге нысандарда салықтық бақылау, кедендік бақылау жүргізудің және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданудың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын нәтижелері;
19) кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайлар;
20) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратылуға) арналған құжаттарды беруі.
11. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің анықтығын растау қажет болған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген және тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысты тұлғаларда кеден органы жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізуі мүмкін.
11-1. Кешенді көшпелі кедендік тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізіледі.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулер кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графигі бойынша жүргізіледі.
Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілетін кешенді көшпелі кедендік тексерулердің мерзімділігі тексерілетін тұлғаға қатысты жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерінің нысанын уәкілетті орган айқындайды.
Кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган кешенді көшпелі кедендік тексерулердің графигін өзінің интернет-ресурсында:
бірінші жартыжылдыққа – кешенді көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін;
екінші жартыжылдыққа – кешенді көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.
Кеден органдары кешенді көшпелі кедендік тексеруді жүргізу басталардан кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерілетін тұлғаға нысанын уәкілетті орган белгілеген кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабархатты жібереді немесе табыс етеді.
12. Тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін табыс еткен күн көшпелі кедендік тексеру жүргізу басталған күн болып есептеледі.
Кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жібереді немесе табыс етеді.
Кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесі табыс етілген кезде тексерілетін тұлғаның басшысы не оның өкілі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың түпнұсқасына онымен танысқаны туралы, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты туралы белгі қояды.
Кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін алудан бас тартылған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамаға бұл туралы тиісті жазба жасайды.
13. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін алудан бас тартуы, сондай-ақ пошта жөнелтілімінің тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағандығын куәландыратын белгімен қайтып келуі көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.
Бұл жағдайда кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамада кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін алудан бас тарту туралы жазба жазылған күн не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгісі бар пошта жөнелтілімі кеден органына келіп түскен күн тексеру басталатын күн болып саналады.
14. Тексерілетін тұлғаның объектісінде көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органының лауазымды адамдары тексерілетін тұлғаның басшысына, басшыны алмастыратын адамға не тексерілетін тұлғаның өкіліне өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге міндетті.
15. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға өзінің қызметімен байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізуге құқылы емес.
16. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге тексерілетін тұлғаға құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы талапты табыс еткен күн мен мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күн арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.
17. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі мұндай тексеруді жүргізетін кеден органының шешімі бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін.
18. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың шешімі бойынша:
1) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу;
2) кедендік сараптаманы жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салуларды жіберу;
4) тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарды қалпына келтіруі;
5) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдарға әсер ететін, тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде тоқтатыла тұруы мүмкін.
Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі табыс етілген, сондай-ақ көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығын кеден органы қараған жағдайларда, кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрады.
Көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тоқтата тұру мерзімі жиырма төрт айдан аспауға тиіс. Бұл ретте құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органын хабардар ете отырып, көшпелі кедендік тексеру тоқтатыла тұрған немесе қайта басталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабархат тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамаға көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар енгізіледі, ол туралы тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
Көшпелі кедендік тексеруді осы тармақта белгіленген негіздер бойынша тоқтата тұру мерзімі көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзіміне қосылмайды.
19. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері көшпелі кедендік тексеру актісімен ресімделеді.
Көшпелі кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) кедендік тексеруді жүргізу орны, көшпелі кедендік тексеру актісінің жасалған күні және нөмірі;
2) тексеру жүргізген кеден органының атауы;
3) көшпелі кедендік тексеруді тағайындаунегізі және оның түрі;
4) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың күні және нөмірі;
5) кеден органының көшпелі кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, тексерілетін тұлғаның тұрған жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын орны туралы мәліметтер, оның сәйкестендіру нөмірлері;
7) тексерілетін тұлғаның банктік шоттарының деректемелері;
8) тексерілетін тұлға басшысының және оның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
9) көшпелі кедендік тексеруге қатысу үшін тартылған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
10) тексерілетін кезең және тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтер;
11) көшпелі кедендік тексеру жүргізудің басталған және аяқталған күні, ал көшпелі кедендік тексерудіжүргізу тоқтатыла тұрған және (немесе) оны жүргізудің мерзімі ұзартылған жағдайда – мұндай тоқтата тұру және (немесе) ұзарту кезеңдері;
12) кедендік бақылау нысандары, көшпелі кедендік тексеру барысында жүргізілген өзге де әрекеттер туралы мәліметтер;
13) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша алдыңғы тексеру және қолданылған шаралар туралы мәліметтер;
14) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының ережелері көрсетіле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының бұзылуын куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы не олардың жоқ екендігі туралы мәліметтер;
15) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша тұжырымдар.
20. Осы баптың 19-тармағында көзделген көшпелі кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жібереді немесе табыс етеді.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін кеден органының лауазымды адамы жасаған, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі деп түсініледі.
Бұл ретте тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.
Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
21. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын көшпелі кедендік тексеру актісі жасалған күн көшпелі кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Көшпелі кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
22. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
23. Көшпелі кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
24. Көшпелі кедендік тексеру актісі кедендік тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
25. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда көшпелі кедендік тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
26. Жүргізілуі кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 419-бабында көзделген тәртіппен табыс етіледі.
Хабарламаның нысанын уәкілетті орган бекітеді.
27. Осы бапта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша тексерілетін тұлғаның болмауы себебінен пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, кеден органы осындай құжаттардың қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай тұлғаның тұрған жері бойынша зерттеп-қарауды екі куәгерді тарта отырып, жүргізеді.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады, онда:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжатының атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Кеден органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кез келген азамат куәгер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, зерттеп-қарау актісін жасаған күн осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс еткен күн болып табылады.
28. Көшпелі кедендік тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген дара кәсіпкерлерді қоспағанда, жеке тұлғаларға қатысты жүргізілмейді.
Ескерту. 418-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендiк тексеру актiсi табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада:
1) төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, төлеушінің тұрғылықты жері немесе тұрған жері;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның тіркеу күні мен нөмірі;
5) көшпелі кедендiк тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, пайыздардың есепке жазылған сомасы;
6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;
7) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетті орындау туралы талап;
8) хабарламаны жіберу үшін негіз;
9) осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлемеген кезде өсімпұлдарды есептеу тәртібі, пайыздарды есептеу тәртібі;
10) шағым жасау тәртібі;
11) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетке әсер етпеген бұзушылықтарды жою жөніндегі талап;
12) тауарларға арналған декларацияны түзетуді ресімдеу жөніндегі талап көрсетілуге тиіс.
4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
5. Көрсетілген хабарламаға тексерілетін тұлғаның шағым жасау жағдайын қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы хабарламадағы талаптар тексерілетін тұлғаға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
6. Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері тексерілетін тұлғаның өтініші бойынша төлеу графигі қоса беріліп, алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есепке жазылып төленуге жатады және көрсетілген кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленеді.
Тексеру нәтижелеріне шағым жасалған жағдайда, кедендік тексеру нәтижелері бойынша осы тармақта көзделген тәртiппен кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі, кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі, міндеттің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.
7. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталған соң Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталмаған жағдайда, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.
8. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 419-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезінде:
1) тексерілетін тұлғадан коммерциялық, көлiктік (тасымалдау) құжаттарды, бухгалтерлiк есепке алу және есептiлiк құжаттарын, сондай-ақ тексерілетін тауарларға қатысты тексерілетін тұлғаның бұдан кейінгі мәмілелеріне (операцияларына) қатысты ақпаратты қоса алғанда, осы тауарларға қатысты басқа да ақпаратты, оның iшiнде электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты талап етуге және одан алуға;
2) осы Кодекстің 38-бабына сәйкес тексерілетін тұлғадан есептілікті ұсынуды талап етуге;
3) тексерілетін тұлғамен кедендік тексеру жүргізілетін тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалардан тексерілетін тұлғамен немесе осындай тауарлармен мәмілелерге (операцияларға) қатысы бар үшінші тұлғалармен жүргізілетін операциялар мен есеп айырысулар бойынша құжаттардың көшірмелерін және өзге де ақпаратты ұсынуды талап етуге;
4) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұйымдары мен дара кәсіпкерлерінің банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің шоттары бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысына қатысты, кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпиясы бар құжаттарды және мәліметтерді талап етуге және олардан алуға;
5) Қазақстан Республикасының салық және өзге де мемлекеттік органдарынан кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны (құпияларды) құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
6) Еуразиялық экономикалық одақтың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің ұйымдарына, мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) кедендік тексеру жүргізумен байланысты сұрау салулар жіберуге;
7) кедендік сараптама тағайындауға;
8) тауарларға және көлік құралдарына сүргі салуға;
9) мамандар мен сарапшыларды тартуға;
10) тексерілетін тұлғадан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алып қоюды Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен жүргізуге;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында көзделген өзге де әрекеттер жасауға құқығы бар.
2. Кеден органы лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде сондай-ақ:
1) тексерілетін тұлғадан көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсетуді талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде тауарларға түгендеу жүргізуге (түгендеу жүргізуді талап етуге);
3) кеден органының лауазымды адамдары көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсеткен кезде тексерілетін тұлғаның объектілеріне кіруге рұқсат алуға;
4) осы Кодекстің 418-бабына сәйкес көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде акт жасап, тауарлардың сынамаларын және үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыруға;
5) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып қоюға;
6) көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен шығаруға не осы тауарларға өзге тәсілмен билік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тауарларға тыйым салуға немесе оларды алып қоюға;
7) үй-жайларға, қоймаларға, архивтерге және көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін құжаттар мен тауарлардың тұрған (сақталған) өзге де жерлеріне сүргі салуға;
8) тексерілетін тұлғаның өкілдерінен жеке басын куәландыратын құжаттарды және (немесе) өкілеттіктерді растайтын құжаттарды ұсынуын талап етуге;
9) тексерілетін тұлғаның ақпараттық жүйелерінің дерекқорына және деректер банкіне өз құзыреті шегінде қолжетімділік алуға;
10) тексерілетін тұлғадан тексеруге жататын мәселелер шеңберінде қажетті құжаттарды (олардың көшірмелерін), оның қызметіне және мүлкіне қатысты өзге де ақпаратты, оның ішінде электрондық түрде ақпаратты талап етуге және алуға құқығы бар. Егер мұндай құжаттар (олардың көшірмелері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін орында болмауға тиіс болса, кеден органының лауазымды адамы оларды ұсыну үшін жеткілікті, бірақ кемінде үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілейді;
11) техникалық құралдарды (оның ішінде аудио- және бейнежазбаларды, фототүсірілімді жүзеге асыратын аппаратураны), сондай-ақ тексерілетін тұлға электрондық нысанда ұсынған ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламалық өнімдерді пайдалануға;
12) тексерілетін тұлғадан бухгалтерлiк есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтылымның және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің тексерiлетiн тауарларға қатысты деректері қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге рұқсат беруді және (немесе) электрондық жеткізгіште және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынуды талап етуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеден органының лауазымды адамдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:
1) тексерілетін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, тексерілетін тұлғаға құқыққа сыйымсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздікпен) зиян келтіруге жол бермеуге;
2) осы Кодекстің 19-бабына сәйкес кедендік тексеруді жүргізу кезінде алынған ақпаратты пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік тексеру жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын тексерілетін тұлғаның келісімінсіз жария етпеуге;
4) қызметтік әдепті сақтауға;
5) тексерілетін тұлғаға оның кедендік тексеруді жүргізу, кедендік сараптама тағайындау, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезіндегі құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беруге;
6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;
7) тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының кедендік тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;
8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге;
9) мемлекеттік, салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ кедендік тексерулерді жүзеге асыру кезінде белгілі болған басқа да құпия ақпаратты жария етпеуге;
10) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескерту. 421-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлға:
1) кеден органдарынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының кедендік тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының сақталуын растайтын өзінде бар барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;
3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
4) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарынан көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуді талап етуге;
5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және көшпелі кедендік тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) осы Кодекстің 418-бабының 20-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:
1) көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсету мүмкіндігі бар болған кезде осындай тауарларды көрсетуге;
2) кеден органының талап етуі бойынша белгіленген мерзімдерде құжаттар мен мәліметтерді қағаз жеткізгіште, ал қажет болған кезде өзге де жеткізгіште ұсынуға;
3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының және мұндай тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектілеріне кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;
4) егер кедендік тексеру мақсатында қажетті құжаттама қазақ және орыс тілдерінен басқа өзге тілде жасалған жағдайда – кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына көрсетілген құжаттаманың аудармасын ұсынуға;
5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқама көрсетілген күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей, кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жауапты тұлғалар аясын айқындауға;
6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде түгендеудің жүргізілуін қамтамасыз етуге;
7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдары кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдаған жағдайда, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша тексерілетін тұлғаның қызметі мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктер беруге, сондай-ақ анықтамалар мен есеп-қисаптар ұсынуға;
9) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың түпнұсқасына алғаны туралы қол қоюға;
10) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарға (ақпаратқа) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
11) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына бухгалтерлiк есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтылымның және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің тексерiлетiн тауарларға қатысты деректері қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге рұқсат беруді және (немесе) электрондық жеткізгіште және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынуды қамтамасыз етуге;
12) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескерту. 422-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Кеден органдары кедендік бақылау жүргізу кезінде декларанттан, тасымалдаушыдан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және өзге тұлғалардан кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда – талап етуге, сондай-ақ сұрау салынатын (талап етілген) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуға тиіс оларды ұсыну мерзімін белгілеуге құқылы.
2. Сұрау салынатын (талап етілген) құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін кеден органы мәміле (операция) шарттарын, тауар сипаттамаларын, оның мақсатын, сондай-ақ өзге де мән-жайларды ескеріп, тексерілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді негізге ала отырып айқындайды.
3. Кеден органы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуда (талапта) белгілеген мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі сұрау салу (талап), жіберілген тұлғаның уәжделген өтінішінің негізінде, оның ішінде жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін ұзартылуы мүмкін. Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың ұзартылатын мерзімі сұрау салу жіберілген тұлғаның өтініші негізінде айқындалады, бірақ ол құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
4. Кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында жүргізген кезде, кеден органы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді осы бапқа сәйкес сұрататын осы Кодекстің 411-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 410-бабына сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратады.
5. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсыну белгіленбесе, кеден органдары сұратқан құжаттардың түпнұсқалары немесе көшірмелері, оның ішінде электрондық құжаттардың қағаз көшірмелері ұсынылады.
Ұсынылған құжаттардың көшірмелерін оларды ұсынған тұлға куәландыруға тиіс.
Кеден органдары ұсынылған құжаттардың көшірмелерінің олардың түпнұсқаларымен сәйкестігіне тексеруге құқылы.
Егер ұсынылған құжаттар қазақ немесе орыс тілінен басқа өзге тілде жасалған жағдайда, оларды ұсынған тұлғалар кеден органы лауазымды адамының талап етуі бойынша көрсетілген құжаттардың аудармасын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Декларант, тасымалдаушы, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және өзге тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда ұсынуға міндетті.
7. Кеден органдары Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің өзге де ұйымдарынан кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сұратуға және алуға құқылы.
8. Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алуға құқылы.
1. Кедендік бақылаудағы тауарларды және оларға құжаттарды, көлік құралдарының жүкжайларын (бөлекжайларын), кедендік бақылауға жататын тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін үй-жайларды, ыдыстарды және өзге орындарды кеден органдары cәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы, сондай-ақ тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, сызбаларды жасау, ауқымды бейнелерді, фотосуреттерді, безендіруді жасау, тауарға ілеспе құжаттаманы және өзге құжаттаманы пайдалану арқылы, сондай-ақ өзге де тәсілдермен cәйкестендіруі мүмкін.
2. Сәйкестендіру құралдарына пломбалар, мөрлер, цифрлық, әріптік және өзге де таңбалау, cәйкестендіру белгілері, мөртаңбалар, сейфті-пакеттер және тауарлардың cәйкестендірілуін қамтамасыз ететін өзге де құралдар жатады.
Кеден органдары пайдаланатын cәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібін және дайындау бойынша оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
3. Кеден органдары пайдаланатын cәйкестендіру тәсілдерін қолдану тәртібін, оның ішінде осы Кодекстің 247, 260, 272, 286 және 295-баптарында көзделген cәйкестендіру тәсілдерін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жөнелтушілер немесе тасымалдаушылар қолданатын пломбаларды, мөрлерді немесе өзге де cәйкестендіру құралдарын сәйкестендіру құралдары ретінде тануы мүмкін.
Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кеден органдары, тауарларды жөнелтушілер және (немесе) тасымалдаушылар қолданатын пломбаларды, мөрлерді немесе өзге де cәйкестендіру құралдарын тану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Тауарлардың жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қатері болған жағдайларды қоспағанда, cәйкестендіру құралдары кеден органдары арқылы немесе олардың рұқсатымен ғана өзгертілуі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Көрсетілген жағдайларда кеден органына cәйкестендіру құралдарының өзгертілгені, алып тасталғаны, жойылғаны немесе ауыстырылғаны туралы дереу хабарланады және аталған қауіптің бар екендігіне дәлелдемелер ұсынылады.
Кеден органының cәйкестендіру құралдарын өзгертуі, алып тастауы, жоюы немесе ауыстыруы нысанын Комиссия айқындайтын cәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою немесе ауыстыру туралы актіні жасау арқылы не кеден органына ұсынылған көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжаттарда cәйкестендіру құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе ауыстырылуы туралы белгілер қоюмен ресімделеді.
1 Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында кедендік алып жүруді қолданады.
2. Кедендік алып жүру кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе кедендік бақылаудағы көлік құралдарын алып жүруді білдіреді.
3. Кедендік алып жүруді кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
4. Кеден органдары кедендік алып жүруді:
1) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар мынадай жағдайларда:
осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не мұндай міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 226-бабына сәйкес айқындалған мөлшерден кем мөлшерде ұсынылған;
тасымалдаушы, егер әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген қаулылардың кемінде біреуі орындалмаса, көрсетілген қаулыларда белгілі болған, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндеттерді бірнеше рет орындамаған;
тасымалдаушы осы Кодекстің 233-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті белгіленген мерзімде орындамаған;
Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау белгілері анықталған кездегі өзге де жағдайларда тасымалданған кезде;
2) осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудағы шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалдануы мүмкін болғанда осындай тауарларды тасымалдау кезінде қолдануға құқылы.
5. Егер бірінші немесе үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты болса, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасы бесінші абзацының ережелері қолданылмайды.
6. Кеден органы кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы тасымалдаушыға мұндай шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және мұндай шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей кедендік алып жүруді ұйымдастырады.
7. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ғана көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан көп мемлекеттің аумақтары арқылы көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалады.
9. Осы баптың 4-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын қолданудың мақсаты үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту және оларды орындау жөнінде заңды күшіне енген қаулылартуралы ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан мамандар мен сарапшыларды тартуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық, салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан мамандар мен сарапшыларды тартуға байланысты шығыстар, егер кеден органдарының тапсырмасы бойынша олар орындаған жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің аясына кірмесе, осы Кодекстің 432-бабының 6-тармағында айқындалатын тәртіппен өтеледі.
Спутниктік навигацияның техникалық құралдарын қолдана отырып, жанама түрде көзге көрінетіндей алып жүруді пайдалану арқылы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру электрондық кедендік алып жүру болып табылады.
Электрондық кедендік алып жүру тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалатын жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Электрондық кедендік алып жүру:
1) Қазақстан Республикасының аумағына келу орнындағы кеден органынан Қазақстан Республикасының аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін;
2) Қазақстан Республикасының аумағына келу орнындағы кеден органынан Қазақстан Республикасының аумағындағы ішкі кеден органына дейін;
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы ішкі кеден органынан Қазақстан Республикасының аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін;
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы бір ішкі кеден органынан екінші кеден органына дейін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес өткізілетін шетелдік тауарларға қатысты қолданылады.
3. Электрондық кедендік алып жүруді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес айқындайтын халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы орнатылған көлік құралын қадағалау, оның жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.
4. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы осы Кодекстің 233-бабына сәйкес айқындалады.
5. Кеден органы электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты, тасымалдаушыны және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын осындай шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады.
6. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 437-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарымен тұрақты негізде осы Кодекстің 83-бабының 4-тармағында және 360-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарларға арналған декларациялардан, кедендік құжаттардан, тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерден алынатын мәліметтермен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылатын және мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын мәліметтерге жатпайтын, мұндай кедендік құжаттардағы мәліметтерді өзгертетін (толықтыратын) мәліметтермен алмасады.
Тұрақты негізде ақпарат алмасу үшін мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша айқындалады.
2. Тұрақты негізде ақпарат алмасу мұндай ақпарат алмасуды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары, алмасу үшін мәліметтердің құрылымы және форматы, осындай алмасу регламенті, мерзімдері және тәсілдері айқындалатын техникалық шарттарға сәйкес электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Тұрақты негізде электрондық нысанда ақпарат алмасудың техникалық шарттарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары айқындайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары тұрақты негізде ақпаратты дайындауға, беруге және алуға жауапты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының лауазымды адамдары туралы бір-біріне ресми түрде хабарлайды.
1. Кеден органдарына жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарының сұрау салулары негізінде оларға өзінде бар немесе осы баптың 7-тармағына сәйкес алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін ұсынады.
2. Құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін ұсыну туралы сұрау салуды (бұдан әрі осы бапта – сұрау салу) жіберу үшін мыналар:
1) ақпарат алмасу нәтижесінде алынған ақпаратты талдау кезінде тауарлар, халықаралық тасымалдың көлік құралдары және (немесе) тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар туралы мәліметтердің сәйкес келмеуін анықтау;
2) кеден органы сұрау салуды жіберу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпараттың болуы;
3) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген осындай тізілімге енгізілу шарттарын сақтауын тексеру негіз болып табылады.
3. Сұрау салу электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде хатпен ресімделеді, оған сұрау салуды жіберетін кеден органының басшысы, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысының орынбасары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды.
4. Сұрау салуда:
1) сұрау салуды жіберетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының және сұрау салу жіберілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының атауы;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 371-бабына сілтеме;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуы тексерілетін ережелері көрсетіле отырып, өздеріне байланысты сұрау салу жіберіліп отырған мән-жайларды жазу;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 371-бабының 2-тармағына сәйкес сұрау салуды жіберу үшін негіздер;
5) көшірмелері сұратылатын құжаттардың және (немесе) сұратылатын мәліметтердің тізбесі;
6) сұрау салуды жіберетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының пікірінше сұрау салуды орындау үшін талап етілетін өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.
5. Сұрау салудың мәтінінде сілтемелер бар құжаттардың және өздеріне байланысты сұрау салу жіберіліп отырған мән-жайларға қатысы бар өзге де құжаттардың көшірмелері сұрау салуға қоса берілуі мүмкін.
6. Сұрау салу, осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу келіп түскен кеден органы тіркеген күннен бастап бір ай ішінде орындалады.
7. Егер кеден органында сұрау салынатын құжаттар және (немесе) мәліметтер болмаған жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сұрау салуды орындау үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін сұратады.
8. Сұрау салуды орындау кезінде кеден органы:
1) сұрау салуды жіберген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органынан сұрау салуды орындау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға;
2) Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан сұрау салуды орындау үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін алу қажет болған кезде осы баптың 6-тармағында көрсетілген сұрау салуды орындау мерзімін, сұрау салуды жіберген кеден органын осындай ұзартудың себептері туралы жазбаша хабардар ете отырып, бір айға ұзартуға құқылы.
9. Осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салуды жіберу кезінде сұрау салуды орындау мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап тоқтатыла тұрады және сұратылған қосымша ақпарат келіп түскен күннен бастап қайта басталады.
10. Кеден органы мынадай жағдайларда:
1) сұрау салу осы баптың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұратылған қосымша ақпарат мұндай сұрау салу жіберілген күннен бастап екі ай ішінде келіп түспесе;
3) сұрау салуды орындау Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келсе;
4) сұрау салу келіп түскен кеден органына байланысты емес себептер бойынша сұрау салуды орындау мүмкін болмаса, сұрау салуды орындаудан бас тартады.
11. Кеден органы сұрау салуды жіберген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органын сұрау салуды орындаудан бас тартудың себептері туралы хабардар етеді.
12. Осы бапқа сәйкес сұрау салуларды жіберуді және орындауды Комиссия айқындайтын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары жүзеге асырады.
1. Кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына ақпаратты мынадай жағдайларда:
1) осы Кодекстің 534-бабы 1-тармағының 6) және 11) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру үшін негіздер анықталса;
2) осы Кодекстің 358-бабының талаптары бұзыла отырып, халықаралық тасымалдың көлік құралдарын пайдалану фактілері анықталса;
3) осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара іс-қимылы көзделген өзге де жағдайларда, жібереді.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ақпаратты жіберу тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ жіберілетін мәліметтердің құрамын және (немесе) жіберілетін құжаттарды Комиссия айқындайды.
3. Кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына ақпаратты өз бастамасымен мынадай жағдайларда:
1) ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) кеден органына ақпарат жіберілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасын бұзушылықтар не ықтимал бұзушылық тәуекелдері туралы куәландыруы мүмкін болса;
2) ақпарат жіберілетін кеден органы үшін аталған ақпарат қызығушылық тудырады деп пайымдауға негіздер болса, жіберуге құқылы.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында кеден органының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша немесе онымен бірлесіп жасаған әрекеттері өзара әкімшілік көмек деп түсініледі.
2. Кеден органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына кедендік бақылауды жүргізу туралы тапсырманы (бұдан әрі осы бапта – тапсырма) жіберуге құқылы.
3. Тапсырманы жіберу үшін:
1) тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органына ұсынған, мұндай тексерілетін тұлғамен тауарлармен жасалатын мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалардан ұсынылған мәліметтердің анықтығын тексеру қажеттілігі, егер мұндай тұлғалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған немесе тіркелген болса;
2) тауарларды шығару жүргізілген Қазақстан Республикасына қарағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағындағы тауарларға қатысты осы Кодекстің 395-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу қажеттілігі;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпараттың болуы негіз болып табылады.
4. Тапсырма хат түрінде ресімделеді, оған тапсырманы жіберетін кеден органының басшысы, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысының орынбасары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды.
5. Тапсырмада:
1) тапсырманы жіберетін кеден органының және тапсырма жіберілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органының атауы;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 373-бабына сілтеме;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелері көрсетіле отырып, өздеріне байланысты тапсырма жіберіліп отырған мән-жайларды жазу;
4) осы баптың 3-тармағына сәйкес тапсырманы жіберу үшін негіздер;
5) кедендік бақылау нысандарына және (немесе) қолданылуы қажет кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларға, кедендік бақылауды жүргізу мақсаттарына, ал кедендік тексеруді жүргізу туралы тапсырма жіберілген кезде – оның осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағына сәйкес нысанасына және оны жүргізу барысында қаралуы қажетті мәселелердің тізбесіне нұсқау;
6) кедендік бақылауды жүргізу талап етілетін тауарлар, тұлғалар, құжаттар және (немесе) мәліметтер туралы ақпарат және (немесе) олар туралы мәліметтер, сондай-ақ тапсырманы орындау үшін қажетті өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.
6. Тапсырмаға өздеріне байланысты тапсырма жіберіліп отырған мән-жайларға қатысы бар материалдар, оның ішінде тапсырма мәтінінде сілтемелер бар құжаттардың және көрсетілген мән-жайларға қатысы бар өзге де құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
7. Осы бапта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тапсырма кеден органына келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде орындалуға жатады.
8. Тапсырманы орындау кезінде кеден органы:
1) тапсырманы жіберген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органынан оны орындау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға;
2) тапсырмада көрсетілген кедендік бақылау нысандарына және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларға қосымша кедендік бақылауды өзге де нысандарда жүргізуге немесе кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін өзге де шараларды қолдануға;
3) егер тапсырмада көрсетілген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды тапсырма жіберілген кеден органына байланысты емес себептер бойынша қолдану мүмкін болмаса, тапсырмада көрсетілгеннен басқа кедендік бақылаудың өзге де нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдануға;
4) осы Кодексте көзделген кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізу мерзімі шегінде тапсырманы орындау мерзімін тапсырмажіберген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына мұндай ұзартудың себептері туралы жазбаша хабардар ете отырып, ұзартуға құқылы.
9. Осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салуды жіберу кезінде тапсырманы орындау мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап тоқтатыла тұрады және сұратылған ақпарат келіп түскен күннен бастап қайта басталады.
10. Тапсырманы орындау қорытындылары бойынша кеден органы кедендік бақылау нәтижелері бойынша ресімделген кедендік құжаттардың өзі куәландырған көшірмелерін және тапсырманы орындау барысында алынған өзге де құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып, жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты жібереді.
11. Кеден органы тапсырманы орындаудан мынадай жағдайларда:
1) тапсырма осы баптың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұратылған ақпарат сұрау салу жіберілген күннен бастап екі ай ішінде келіп түспесе;
3) тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келсе;
4) тапсырма жіберілген кеден органына байланысты емес себептер бойынша тапсырманың орындалуы мүмкін болмаса, бас тартады.
12. Кеден органы тапсырма жіберген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органын тапсырманы орындаудан бас тарту себептері туралы хабардар етеді.
13. Осы бапқа сәйкес тапсырмаларды жіберуді және олардың орындалуын қамтамасыз етуді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Комиссия айқындайтын кеден органдары жүзеге асырады.
1. Кеден органдары кедендік бақылау объектілерін және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды таңдау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
Кеден органдары тауарлардың кедендік бақылауда болу кезеңінде және осы Кодекстің 393-бабының 8-тармағына белгіленген мерзімдерде кедендік бақылау жүргізу үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 393-бабының 9-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
2. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалануының негізгі мақсаттары:
1) кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету;
2) деңгейі жоғары тәуекел салаларына назарды шоғырландыру және кеден органдарының ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
3) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдайлар жасау болып табылады.
3. Кеден органдары өздеріне Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануы мүмкін.
4. Кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
1. Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар нысанасы болып табылмайтын не сондай нысанасы болып табылатын, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынбаған не тыйым салынбаған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары осы Кодекстің 32-бабының 4 және 5-тармақтарында, 154-бабының 11-тармағында, 164-бабының 5-тармағында, 172-бабының 3-тармағында, 184-бабының 3-тармағында, 213-бабының 5-тармағында, 219-бабының 5-тармағында, 232-бабының 6-тармағында, 241-бабының 5 және 6-тармақтарында, 285-бабының 11-тармағында, 287-бабының 3 және 4-тармақтарында, 296-бабының 3-тармағында, 321-бабының 4-тармағында, 327-бабының 6-тармағында, 341-бабының 5-тармағында, 342-бабының 6-тармағында, 347-бабының 5 және 12-тармақтарында, 369-бабының 7-тармағында және 471-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда кідіртеді.
2. Тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту туралы хаттаманы жасау арқылы ресімделеді, оның нысанын Комиссия айқындайды.
3. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары осы Кодексте белгіленген мерзім ішінде алып қояды және сақтайды.
Кідіртілген тауарлар кеден органы айқындайтын және осындай тауарларды сақтау үшін жабдықталған уақытша сақтау қоймаларында немесе өзге орындарда сақтау үшін орналастырылады.
4. Кеден органдары тауарларды кідірткен кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды іс жүзінде тауарлар қайтарылатын осы Кодекстің 456-бабында көрсетілген тұлғалар өтейді. Осы Кодекстің 454-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде мұндай тұлғалар талап етпеген кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстар осы Кодекстің 457-бабы 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сома есебінен өтеледі.
5. Кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары күнтізбелік отыз күн бойы, ал тез бұзылатын тауарларды – жиырма төрт сағат бойы сақтайды.
2. Кеден органы осы Кодекстің 32-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кідірткен тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары күнтізбелік үш күн бойы сақтайды.
3. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды сақтау мерзімі олар кідіртілген күннен бастап есептеледі.
4. Тез бұзылатын тауарлардың тізбесі осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
1. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды декларанттарға, ал егер тауарлардың кедендік декларациялануы жүзеге асырылмаса – тауардың меншік иелеріне, ал егер меншік иесі шетелдік тұлға болса не тауардың меншік иесі туралы мәліметтер кеден органында болмаса, – кідірту кезінде тауарлар иелігінде болған тұлғаларға (бұдан әрі осы тарауда – декларант немесе өзге де тұлғалар) қайтару осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, жүргізіледі.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келу кезінде кідіртілген, осы Кодекстің 32-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған тауарлар және оларға арналған құжаттар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін не осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін декларантқа немесе өзге де тұлғаларға қайтарылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету кезінде кідіртілген, осы Кодекстің 32-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған тауарлар және оларға арналған құжаттар, егер бұл тауарларды иеленуге Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген болса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында пайдалану үшін декларантқа немесе өзге де тұлғаларға қайтарылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілмеген жағдайларда, кідіртілген тауарлар декларанттарға оларды кеден органы шығарғаннан кейін қайтарылады.
5. Тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау қажет болған кезде мұндай кедендік операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша тауармен бірге кідіртілген құжаттарды кеден органы мұндай тұлғаға тауарлар шығарылғанға дейін қайтарады.
6. Кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру) және сақтау бойынша шығыстарды осы бапта көрсетілген, тауарлар іс жүзінде қайтарылатын тұлғалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтейді.
1. Кеден органдары кідірткен және осы Кодекстің 455-бабында аталған тұлғалар осы Кодекстің 454-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімде талап етпеген тауарлар уәкілетті заңды тұлғаның өткізуіне жатады, ал осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларда, осындай тауарлар пайдаланылуға немесе жойылуға жатады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстар, оларды өткізуге дайындауға және өткізуге байланысты өзге де шығыстар олардың құнынан асып кетсе, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын басқа да жағдайларда осындай тауарлар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланылуға немесе жойылуға жатады.
Осындай тауарларды жою, сондай-ақ оларды сақтауға және тасымалдауға байланысты шығыстарды өтеу декларанттың немесе өзге тұлғаның, ал аталған тұлғалар болмаған кезде – егер тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу, пайдалану немесе жою, оның ішінде осындай тауарларды тасымалдауға (тасуға), қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға байланысты шығыстарды, оларды өткізуге дайындауға, өткізуге немесе жоюға байланысты өзге де шығыстарды есептеу осы Кодексте айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 454-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімде декларанттар немесе өзге тұлғалар талап етпеген, кідіртілген тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру) және сақтау бойынша шығыстар, оларды өткізуге дайындауға және өткізуге байланысты өзге де шығыстар осы Кодекстің 457-бабының 1-тармағы ескеріле отырып, көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сомалар есебінен уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеледі.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, тауарларды тасымалдауға (тасуға), қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға байланысты шығыстарды, оларды пайдалануға немесе жоюға байланысты өзге де шығыстарды декларант немесе өзге тұлғалар өтейді. Аталған тұлғалар болмаған кезде көрсетілген шығыстар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
6. Кідіртілген тауарлар өткізілгеннен немесе өзге пайдалану үшін берілгеннен кейін, сондай-ақ осындай тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.
1. Осы Кодекстің 456-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сомалардан, бірінші кезекте, осы тауарларды кідірткен күнге кідіртілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшеріндегі сома, екінші кезекте – кідіртілген тауарларды тасымалдауға (тасуға), қайта тиеуге (тиеуге, түсіруге), сақтауға және өткізуге байланысты шығыстар ұсталып қалады.
2. Кідіртілген тауарларды өткізуден алынған, осы баптың 1-тармағында көзделген ұстап қалулар ескеріле отырып есептелген сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүзеге асырылмаса – кеден органында тауарлардың меншік иелері туралы мәліметтен болған кезде оларға және бұл тұлғалар осындай тауарларды өткізуден ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш жыл ішінде кеден органына өтініш жасаған жағдайда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайтарылады.
3. Кеден органдары аталған тұлғаларды тауарларды өткізуден алынған, қайтарылуға жататын сомалардың болуы туралы хабардар етеді.
1. Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен, кедендік жою рәсімімен, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы ескеріле отырып, арнайы кедендік рәсіммен орналастыруды қоспағанда, кеден органдары тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде осы Кодекстің 198, 199-баптарында көзделген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өтініштері негізінде Комиссия арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар қабылдаудың жағдайлары мен тәртібін айқындауға құқылы.
3. Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде қабылдамайды.
Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралардыжеке тұлғалар жеке пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін, оның ішінде олардың атына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты да қолданбайды.
4. Кеден органдары қабылдайтын зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар құқық иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кез келген басқа қорғау құралдарын қолдану құқықтарын жоққа шығармайды.
5. Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және (немесе) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ осындай тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген тауарлардың шығарылған жерінің атауы сияқты зияткерлік меншік объектілері бар тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар Комиссия айқындайтын тәртіпке сәйкес қабылданады.
1. Кедендік тізілімге енгізілген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мерзімі (бұдан әрі – қорғау мерзімі) осы Кодекстің 461-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттардың және қорғау мерзімін ұзарту туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың қолданылу мерзімдері ескеріле отырып, құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның өтініші негізінде ұзартылады.
Қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініш бұрын уәкілетті орган белгілеген қорғау мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын берілуге тиіс.
2. Құқық иеленуші немесе оның мүдделерін білдіретін өзге тұлға тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқық иеленушінің құқықтарының қолданылу мерзімін ұзартуын растайтын құжатты ұсынбай, қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде қорғау мерзімі тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқықтар тоқтатылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады және тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқық иеленушінің құқықтарының қолданылу мерзімін ұзартуды растайтын құжат кейіннен ұсынылған кезде ұзартылады.
3. Қорғау мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді уәкілетті орган кедендік тізілімге кейіннен құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін білдіретін өзге тұлғаға қорғау мерзімін ұзарту туралы хабарламаны жазбаша немесе электрондық нысанда жібере отырып енгізеді.
1. Зияткерлік меншік объектілері кедендік тізілімінен:
1) құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;
2) 464-баптың 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, қорғау мерзімінің аяқталуы бойынша;
3) құқықтарды қорғауды тоқтата тұру мерзімінің аяқталуы бойынша және құқық иеленушінің тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқықтарының қолданылу мерзімін ұзартуды растайтын құжат (халықаралық куәлік) ұсынылмаған кезде;
4) уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы өтінішті беру кезінде ұсынылған анық емес мәліметтерді анықтаған кезде;
5) тиісті зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қолданысы тоқтатылған кезде алып тасталуы мүмкін.
Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қолданысы тоқтатылған жағдайда, құқық иеленуші немесе оның өкілі бұл туралы уәкілетті органды күнтізбелік бес күн ішінде электрондық нысанда хабардар етуге міндетті;
6) құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға осы тараудың ережелерін сақтамаған кезде алып тасталуы мүмкін.
2. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уәкілетті органның зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімі кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей құқық иеленушіні немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 463-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алады.
2. Арнайы білімдерді пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуға кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуы үшін кеден органының лауазымды адамының уәкілетті кеден органына өтінішхаты негіз болып табылады.
3. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері оларды зерттеу мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде іріктеп алынады.
4. Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды жүргізу нәтижелері бойынша тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісі жасалады, оның нысанын Комиссия айқындайды.
Тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу актісі үш данада жасалады, оның біреуі декларантқа, ол болмаған жағдайда – егер тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталса, оған, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторына табыс етілуге (жіберілуге) жатады.
5. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алуды декларанттың қатысуымен, ол болмаған жағдайда – егер тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға анықталса, оның қатысуымен, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен іріктеп алады.
Кеден органының талап етуі бойынша аталған тұлғалар кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдемдесуге, оның ішінде қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен жасауға міндетті.
6. Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға болмаған кезде, осы Кодекстің 413-бабы 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, екі куәгердің қатысуымен, ал осы Кодекстің 413-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде екі куәгердің қатысуымен іріктеп алуы мүмкін.
7. Кеден органы декларантта немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығыстарды өтемейді.
8. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптама аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында жұмсалмаған тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері көмілуге, жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға, ал халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу кезінде – тағайындалған пошта байланысы операторына қайтарады.
Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті кеден органынан тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей декларантқа немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға осындай тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін қайтару туралы хабарлайды.
9. Декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде алмаған тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдары кідіртеді.
10. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сәйкестендіру құралдарына қатысты кедендік сараптаманы жүргізу үшін мұндай құжаттар мен сәйкестендіру құралдарын кеден органдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алып қояды. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алып қою туралы құжаттарды, сәйкестендіру құралдары мен тауарларды алып қою туралы акт жасалады, оның нысанын уәкілетті орган бекітеді.
11. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы мұндай құжаттары алып қойылған тұлғаға қайтарады.
Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті кеден органынан алып қойылған құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай құжаттар алып қойылған тұлғаға оларды қайтару туралы хабарлайды.
Ескерту. 471-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Шағым хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.
Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.
Шағымды беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртібімен – уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) пошта арқылы – пошта операторының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн уәкілетті органға шағым берген күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, уәкілетті орган шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым берген тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымында жоғарыда аталған тұлғалар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдардың болуы көзделмейтін, осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға қолданылады.
Бұл ретте шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңін растайтын құжат және шағым берген тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса берілуге тиіс.
4. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатты осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталған тұлға шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырады.
5. Уәкілетті органға шағым берген адам осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады.
Шағымды кері қайтарып алу осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталған тұлға көшпелі кедендік тексеру тағайындалған күннен бастап ол аяқталған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес.
1. Уәкілетті орган:
1) егер шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат шағымға қоса берілмесе, осы Кодекстің 476-бабында белгіленген шағым жасау мерзімін бұза отырып шағым берілген;
2) шағым осы Кодекстің 477-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) шағымды осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталмаған адам шағым берген;
4) осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталған адамның шағымда баяндалған мәселелер бойынша сотқа талап қою арызын берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағым берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағым берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы тұлғаның осы Кодекстiң 476-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығын жоймайды.
1. Осы Кодекстің 481-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым бойынша – шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.
2. Уәкілетті орган шағымды қарау кезінде осы Кодекстің 418-бабында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 481-бабында айқындалған тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
Шағым жасалып отырған мәселелер шегінде шағым қаралады.
Осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар шағымды қарауға өздері тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды берген жағдайда, уәкілетті орган мұндай құжаттарды қарау кезінде тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында олардың анықтығын анықтауға құқылы.
Уәкілетті орган шағымды қарау кезiнде:
1) шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда баяндалған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда ұсыну туралы сұрау салулар жіберу;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға мұндай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;
3) шағымда баяндалған мәселелер бойынша шағым берген тұлғамен кездесулер өткізуге;
4) кеден органдарының тексеру жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
Уәкілетті органның шағымды қарау жөніндегі өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар тұлғаларға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай:
1) шағымды қарау барысында тағайындалған жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізілген жағдайда – осы Кодекстің 418-бабында белгіленген тәртіппен осындай тексеру тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі уақыт кезеңіне;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға мұндай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберілген жағдайда – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
2. Шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы уәкілетті орган шағым берген тұлғаға көрсетілген мерзімнің тоқтатыла тұру себептерiн көрсете отырып, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi мынадай:
1) осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталған тұлға шағымға толықтырулар ұсынған жағдайда – он бес жұмыс күніне ұзартылады.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға толықтыруларды кейіннен берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;
2) шағым жасалып отырған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда уәкілетті орган тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
Уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін ұзартқан жағдайда, шағым берген тұлғаға шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі.
1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мұндай қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізудің шарты болып табылатын жағдайларда беріледі.
2. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекске сәйкес мұндай тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу міндеті туындаған не оның кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ міндеті болған жағдайларда, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның мұндай кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімін жүргізуге уәкілеттік берілген, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген кеден органына не осы Кодекске сәйкес айқындалатын өзге де кеден органына береді.
4. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндетінің орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
5. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін мұндай тұлға осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенін таңдауға құқылы.
6. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуы осы баптың 5-тармағы ескеріле отырып, осындай қамтамасыз етуді беретін заңды тұлғаның таңдауы бойынша бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін.
7. Егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің ауыстырылатынына осы Кодекстің 12-тарауына, 142 және 353-баптарына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса және (немесе) кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талап жібермесе және (немесе) кепіл нысанасына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген заңды тұлға осы баптың 5-тармағын ескере отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқа тәсілге ауыстыруды жүзеге асыруға құқылы.
8. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуы – осы Кодексте көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезеңі ішінде үздіксіз, ал кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша, оның ішінде ортақ міндеттің орындалуы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет тоқтатылғанға дейін қамтамасыз етілуге тиіс.
9. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібін, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
10. Егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру үшін мұндай қамтамасыз ету мөлшері белгіленген шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кепілгерлік шарты немесе мүлік кепілі туралы шарт немесе сақтандыру шарты жасалған күнге (мұндай шарттарға өзгерістер енгізілген кезде – кепілгерлік шартына немесе мүлік кепілі туралы шартқа немесе сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы шарт жасалған күнге) қолданыста болатын валюта бағамы бойынша, ал кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету берілген кезде өзге тәсілдермен:
1) тиісті тізілімге енгізу мақсатында кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету берілген кезде – кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаға жіберілетін, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізудің өзге де шарттарын сақтау туралы хабарлама кеден органында тіркелген күнге;
2) заңды тұлғаны кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу шартын сақтау мақсатында кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру туралы өтінішін кеден органы тіркеген күнге не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің басқасы берілген кезде жүргізіледі.
11. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару мұндай тұлғаның кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеті болмаған кезде мынадай:
1) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізуден бас тартылған;
2) осы баптың 7-тармағына сәйкес қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстырылғану;
3) заңды тұлға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімінен алып тасталған жағдайларда жүзеге асырылады.
12. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланылған ақшаны есепке жатқызуды (қайтаруды) мұндай қамтамасыз ету берілген кеден органы осы Кодекстің 113 және 114-баптарына сәйкес жүзеге асырады.
13. Егер кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыратын (қызметті жүзеге асыруға үміткер) заңды тұлға бір мезгілде уәкілетті экономикалық оператор болып табылса (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер болса), кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету заңды тұлға:
1) кеден өкілдерінің тізілімі мен кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне;
2) кеден өкілдерінің тізілімі мен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
3) кедендік тасымалдаушылардың тізілімі мен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
4) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізілімі мен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі.
14. Осы баптың 13-тармағына сәйкес берілген, кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы баптың 2-тармағына және осы Кодекстің 535-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етеді.
15. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы екінші деңгейдегі банкке және (немесе) кепілгерге және (немесе) сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты банк кепілдігінде және (немесе) кепілгерлік шартында және (немесе) сақтандыру шартында көзделген, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұл есепке жазылады.
Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі талабын:
мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде – екінші деңгейдегі банктің;
мұндай талапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – кепілгердің;
мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.
Екінші деңгейдегі банк, сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Кепілгер кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдырғаны немесе бөліп төлегені үшін мұндай пайыздар есепке жазылған жағдайда, өсімпұлдар, пайыздар төлеуді қоса алғанда, төлеуші сияқты көлемде кеден органы алдында жауапты болады.
Кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 486-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уәкілетті органға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық түрдегі мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер;
2) сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылатын ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.
4. Уәкілетті орган қоса берілген құжаттары бар өтінішті уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
5. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
6. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 489-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
7. Заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Ескерту. 490-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мыналар кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру негіздері болып табылады:
1) кеден өкілінің кеден өкілі ретінде қызметін тоқтата тұру туралы кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
2) кеден органы осы Кодекстің 489-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 494-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамалған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 494-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттер орындалмаған жағдайда;
5) кеден өкілі ретіндегі қызмет шеңберінде кеден өкілдерінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша кеден өкілінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша кеден өкілінің қызметі кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша кеден өкілінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес кеден органы мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Заңды тұлға кеден өкілі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін уәкілетті органға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, мұндай тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы шешім негізінде қайта басталады, ол кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден өкілі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден өкілінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кеден өкілінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
6. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 491-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден өкілдерінің тізілімінен кеден өкілін алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) осы Кодекстің 494-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамау не тиісінше орындамау;
2) кеден өкілдерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы кеден өкілінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
3) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы кеден өкілінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 491-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) кеден өкілінің қызметін осы Кодекстің 491-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 491-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жоймау;
7) кеден өкілін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 536 және 551-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың кеден өкілдері ретіндегі қызметі шеңберінде кеден өкілдерінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден өкілдерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті уәкілетті орган кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 492-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден өкілі:
1) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізудің осы Кодекстің 489-бабында белгіленген шарттарын сақтауға;
2) кеден органдарына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзі өкілі болып отырған тұлғалардан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты өзі және (немесе) жұмыскерлері өз мақсаттарында жария етпеуге, пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;
4) осы баптың 4-тармағында көзделген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
5) өзін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген кеден органына кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне бұлардың өзгергені белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;
6) осы Кодексте белгіленген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.
2. Кеден өкілінің кедендік операцияларды жасау кезіндегі міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптар мен шарттарға негізделеді.
3. Кеден өкілінің міндетіне кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзі өкілі болып отырған тұлғаларға ғана жүктелетін өзге де міндеттерді сақтау кірмейді.
4. Кеден өкілі кедендік операцияларды декларанттың атынан жасаған жағдайда, кеден өкілі мұндай декларантпен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ міндетті кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындауға жататын толық мөлшерде көтереді.
5. Осы Кодекске сәйкес көзделген, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет орындауға жататын кездегі мән-жайлар басталған кезде, мұндай міндетті орындау:
1) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталмауына;
2) осы Кодекстің 9-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерінің өзгеруіне;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берудің мақсаттары мен шарттарын және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді бұза отырып әрекеттер жасауға;
4) декларанттан не мүдделі тұлғадан алынған, солардың негізінде кедендік декларация берілген көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, кеден өкілі мұндай міндетті өзі өкілі болып отырған тұлғамен ортақ орындайды. Декларанттан не мүдделі тұлғадан көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды алу фактісі, сондай-ақ мұндай жағдайларда кеден өкілі кінәсінің болмауы соттың шешімімен не "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен расталады;
5) егер кеден органы лауазымды адамының тауардың кедендік құнын қате айқындау және (немесе) растау фактісі анықталған болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талапты және (немесе) шешімді қайта қарауға және (немесе) осы Кодекстің 410-бабының 10 және 19-тармақтарына сәйкес бұрын расталған тауардың кедендік құнын қайта қарауға;
6) осы Кодекстің 51-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кеден органы лауазымды адамының тауарларды қате сыныптау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың кодын өзгертуге;
7) осы Кодекстің 47-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, алдын ала шешімді берген кеден органы лауазымды адамының тауарларды қате сыныптау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де алдын ала шешімдерде көрсетілген тауарлардың кодын өзгертуге байланысты жағдайларды қоспағанда, кеден өкілі осындай міндетті өзі өкілдік ететін тұлғамен ынтымақты түрде орындайды.
6. Кеден өкілінің кеден органдары алдындағы міндеттері өкілі болып отырған тұлғамен жасалатын шартпен шектелмейді.
7. Міндеттер барлық кеден өкілдері үшін бірдей болып табылады.
Ескерту. 494-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекстің 496-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кедендік тасымалдаушы болып табылады.
Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы деп танылады.
Кедендік тасымалдаушылардың тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.
2. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдауды (тасуды) жүзеге асырады.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Кедендік тасымалдаушының мәртебесі Комиссия нысанын айқындайтын құжатпен расталады. Көрсетілген құжатты аумақтық кеден органы заңды тұлға кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілгеннен кейін береді.
5. Тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған кезде кедендік тасымалдаушының мәртебесін осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжатты, егер мұндай құжат туралы мәліметтерді кеден органы осы Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес кеден органдарының ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін болса, ұсынбай растауға болады.
Ескерту. 495-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Аумақтық кеден органына кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық түрдегі мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер;
2) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін, тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдарының меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;
4) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттың болуын талап етсе, мұндай қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың көшірмесі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алуға мүмкін болған жағдайда талап етілмейді.
3. Аумақтық кеден органы қоса берілген құжаттары бар өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 496-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Ескерту. 497-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұрудың негіздері мыналар болып табылады:
1) кедендік тасымалдаушының кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кедендік тасымалдаушы ретіндегі өзінің қызметін тоқтата тұру туралы өтініші;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 496-бабы 1-тармағының 2, 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 500-бабының 5) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 84-бабының 3-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 500-бабының 3) тармақшасында көзделген міндет орындалмаған жағдайда;
5) кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызмет шеңберінде кедендік тасымалдаушылардың басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша кедендік тасымалдаушының қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша кедендік тасымалдаушының қызметі кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша кедендік тасымалдаушының қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда мұндай тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кедендік тасымалдаушы қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кедендік тасымалдаушының осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
6. Кедендік тасымалдаушының қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ кедендік тасымалдаушының қызметі осы Кодекстің 496-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарының бұзылуына байланысты тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің көлік құралдарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
7. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 498-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен кедендік тасымалдаушыны алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) кедендік тасымалдаушының осы Кодекстің 500-бабының 2) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен өзін алып тастау туралы кедендік тасымалдаушының кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
3) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы кедендік тасымалдаушының өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 498-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) осы Кодекстің 498-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 498-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
7) осы Кодекстің 500-бабының 2) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау жағдайларын қоспағанда, кедендік тасымалдаушыны күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 533, 534, 549, 550, 555 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың кедендік тасымалдаушылар ретіндегі қызметі шеңберінде кедендік тасымалдаушылардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Алып таталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алып тасталған жағдайда, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 499-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кедендік тасымалдаушы:
1) осы Кодекстің 496-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
3) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына осындай тауарларды тасымалдау (тасу) туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты жария етпеуге, өз мақсаттарында пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;
5) осы Кодекстің 233 және 392-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
6) өзін кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне бұлардың өзгергені белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, осы Кодекстің 503-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уақытша сақтау қоймасының иесі болып табылады.
Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі деп танылады.
2. Уақытша сақтау қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтауды жүзеге асырады.
3. Уақытша сақтау қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарттық негізде туындайды.
4. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 501-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, уақытша сақтау қоймасының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) уақытша сақтау қоймасының аумағына кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың уақытша сақтау қоймасының аумағына және (немесе) үй-жайларға кіруін және уақытша сақтау қоймасының аумағынан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;
қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растау не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;
табиғи жолмен шыққан ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;
2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
6) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
2. Егер уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс.
Ескерту. 503-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
2. Қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;
2) мыналардың:
тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
4. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 503-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.
6. Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Ескерту. 504-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 505-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі:
1) уақытша сақтау қоймасы иесінің уақытша сақтау қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін тізілімге енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндет орындамалмаған;
5) уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде уақытша сақтау қоймасы иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Осы Кодекске сәйкес осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтауда тұрған тауарларды және халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыруға және (немесе) олар кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
6. Заңды тұлға уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймасының иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
7. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
8. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 505-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы уақытша сақтау қоймасы иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
3) уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) уақытша сақтау қоймасының қызметін қайта бастау туралы уақытша сақтау қоймасы иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 505-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін осы Кодекстің 505-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 505-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
7) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, уақытша сақтау қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде уақытша сақтау қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтауда тұрған тауарларды және халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыруға және (немесе) олар кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
6. Осы баптың 2-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 506-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі:
1) осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) тауарларды сақтауға және уақытша сақтау қоймаларында операцияларды жасауға қатысты осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
3) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органдарына уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың есебін жүргізуге және осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
6) уақытша сақтау қоймасының жұмыскерлері болып табылмайтын немесе уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз уақытша сақтау қоймасына жібермеуге;
7) уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, бұл қойманың жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға мұндай шешім туралы хабарлауға;
9) осы Кодекстің 174-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
10) өзін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;
11) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органдарының бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
12) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсатында тасымалдаушы тауарлардың ілеспе құжаттарын табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде түсіру жұмыстарының басталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Уақытша сақтау қоймасының аумағы тек ғана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
1. Осы Кодекстің 510-бабында айқындалған шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймасының иесі болып табылады.
Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізгеннен кейін кеден қоймасының иесі деп танылады.
2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды не өзге де тауарларды кеден қоймасында сақтауды жүзеге асырады.
3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарттық негізде туындайды.
4. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 508-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде:
табиғи жолмен ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;
аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;
2) ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
2. Егер кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.
Ескерту. 510-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
2. Қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні күн ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік карап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;
2) орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
4. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 510-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Ескерту. 511-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 512-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден қоймасының иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) кеден қоймасы иесінің кеден қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған жағдайда;
3) осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда;
4) осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындалмау;
5) кеден қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде кеден қоймасы иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша кеден қоймасы иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша кеден қоймасы иесінің қызметі кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша кеден қоймасы иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарларды кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде кеден қоймасының иесі басқа кеден қоймасына орналастыруға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына және 237-бабының 4-тармағына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.
6. Заңды тұлға кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден қоймасының иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің қызметі кеден қоймасының иесі мұндай қайта бастау туралы өтініш бермей кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін қайта басталады.
7. Кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
8. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 512-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) кеден қоймалары иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы кеден қоймасы иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
3) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) кеден қоймасының қызметін қайта бастау туралы кеден қоймасы иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 512-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) осы Кодекстің 512-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін кеден қоймасы иесінің қызметін осы Кодекстің 512-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді жоймау;
7) кеден қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде кеден қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарларды кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде кеден қоймасының иесі басқа кеден қоймасына орналастыруға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына және 237-бабының 4-тармағына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 513-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеден қоймасының иесі:
1) осы Кодекстің 510-бабының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) кеден қоймасында тауарлардың болуы және кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасау бөлігінде осы Кодекстің 236-бабының 2-тармағында белгіленген кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;
3) кеден қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден қоймасында сақтаудағы тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
6) кеден қоймасының жұмыскерлері болып табылмайтын немесе кеден қоймасында сақтаудағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз кеден қоймасына жібермеуге;
7) кеден қоймасында сақтаудағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, осы қойманың жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға мұндай шешім туралы хабарлауға;
9) осы Кодекстің 242-бабында көзделген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
10) өзін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2. Кеден қоймасының аумағы тек ғана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және осы Кодекстің 517-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы еркін қойманың иесі болып табылады.
Заңды тұлға өзін аумақтық кеден органы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізгеннен кейін еркін қойманың иесі деп танылады.
2. Еркін қойманың иесі осы Кодекске сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды еркін қоймада орналастыру мен пайдалануды жүзеге асырады.
Еркін қойма аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызмет жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 515-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында еркін қойма құрылатын аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
2. Қызмет аймағында еркін қойма құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің мәлімделген қоймасының үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді және үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексерудің тиісті актісін ресімдейді. Кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;
2) орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
4. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 517-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда, аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Ескерту. 518-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 519-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) еркін қойма иесінің еркін қойманың қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көзделген, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған жағдайда;
3) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда;
4) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау;
5) еркін қойманың иесі ретіндегі қызмет шеңберінде еркін қойма иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Бұл ретте еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру кезінде мынадай операцияларды жасауға рұқсат беріледі:
1) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау мақсатында, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған жабдықты, машиналар мен агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану);
2) қайта өңдеу (монтаждау, құрастыру) процесінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды (шикізат пен материалдарды) пайдалану. Бұл ретте еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу (монтаждау, құрастыру) процесінде пайдаланылатын шетелдік тауарлар еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап төрт айдан кешіктірілмейтін мерзімде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тауарларға қатысты – осы Кодекстің 294-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасау.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдары еркін қойма кедендік рәсімі және тауарларды еркін қойманың аумағынан әкету аяқталған кезде жүзеге асырады.
7. Заңды тұлға еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы еркін қойма иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда еркін қойма иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің қызметі еркін қойманың иесі мұндай қайта бастау туралы өтініш бермей еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін қайта басталады.
8. Еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
9. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 519-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) еркін қоймалар иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы еркін қойма иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
2) еркін қойма иесінің осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
3) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның:
қайта құру;
егер еркін қойманың иесі ретінде әрекет ететін заңды тұлға еркін қойманың иесі мұндай тұлға мәртебесін сақтай отырып және мұндай тұлға осы Кодекстің 517-бабының 1-тармағына сәйкес еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтаған кезде өз құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаны бөліп шығарса, бөліп шығару;
егер еркін қойманың иесі ретінде әрекет ететін заңды тұлға еркін қойманың иесі мәртебесін мұндай тұлға сақтай отырып және мұндай тұлға осы Кодекстің 517-бабының 1-тармағына сәйкес еркін қоймалардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтаған кезде бір немесе бірнеше заңды тұлғаны қосса, қосылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы еркін қойма иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 519-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) еркін қойманың қызметін осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 519-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
7) заңды тұлғалардың еркін қоймалардың иелері ретіндегі қызметі шеңберінде еркін қоймалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
8) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орындалмаған қаулының болуы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылығына алып келген себептердің жойылмауы.
2. Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Заңды тұлға еркін қоймалар иелерінің тізілімінен осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алып тасталған жағдайда, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
5. Еркін қойманың иесі еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарларға еркін қойма аумағындағы және еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуы осы Кодекстің 296-бабына сәйкес аяқталуға тиіс.
6. Осы баптың 2-тармағында көзделген еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 520-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Еркін қойманың иесі:
1) осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында белгіленген, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға, оның ішінде еркін қойманың осы Кодекстің 516-бабының 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) еркін қойма кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;
3) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып осындай тауарлар және олармен жасалған операциялар туралы, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы есептілікті ұсынуға;
5) еркін қойманың жұмыскерлері болып табылмайтын немесе еркін қоймадағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз еркін қоймаға жібермеуге;
6) еркін қоймадағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
7) осы Кодекстің 297-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
8) өзін еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2. Еркін қойманың алаңы өзгерген кезде еркін қойма иесі мұндай өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органына мұндай өзгерістер туралы тиісті құжаттарды ұсына отырып, жазбаша нысанда өтініш жібереді.
Аумақтық кеден органы мұндай өтінішті аумақтық кеден органына келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Еркін қойманың алаңын өзгерту туралы өтінішті қарау кезіндеаумақтық кеден органы еркін қойма иесінің осы Кодекстің 517-бабында көзделген шарттарға сай келуін тексереді, сондай-ақ осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеруді осы Кодекстің 518-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды осындай қарап-тексеру барысында талап етіп алдыра отырып жүргізеді.
1. Осы Кодекстің 524-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы бажсыз сауда дүкенінің иесі болып табылады.
Заңды тұлға бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін бажсыз сауда дүкенінің иесі деп танылады.
2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сақтауды және осы Кодекстің 324-бабының 2-тармағында аталған тұлғаларға өткізуді жүзеге асырады.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 522-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бажсыз сауда дүкендері иелері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс;
бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) тауарларды осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың 6) тармақшасының ережелері 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 26.12.2017 № 123-VI Кодексімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 569-баптың 6-т. қараңыз).
6) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
2. Егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалуға тиіс.
Ескерту. 524-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
2. Қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік карап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға жарамды құрылысжайларды және (немесе) үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында алу міндеті көзделсе, бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
4. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 524-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Ескерту. 525-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 526-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) бажсыз сауда дүкені иесінің бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларында көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау;
5) бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызмет шеңберінде бажсыз сауда дүкенінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар – шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға немесе бажсыз сауда дүкенінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетуге жатады.
6. Заңды тұлға бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкені иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
7. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, бажсыз сауда дүкені иесінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылуына байланысты тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
8. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 526-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) бажсыз сауда дүкені иесінің осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы бажсыз сауда дүкені иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
3) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) бажсыз сауда дүкенінің қызметін қайта бастау туралы бажсыз сауда дүкені иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін осы Кодекстің 526-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
7) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, бажсыз сауда дүкенінің иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 522, 528, 531, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметі шеңберінде бажсыз сауда дүкендерінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. Алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 527-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі:
1) осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын, ал осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін қосымша осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген шартты сақтауға;
2) осы Кодекстің 325-бабы 3-тармағында белгіленген бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;
3) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған және бажсыз сауда дүкенінде өткізілмеген тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсу және осы дүкенде оларды өткізу есебін жүргізуге, сондай-ақ кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
6) осы Кодекстің 328-бабында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына,137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
7) өзін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2. Бажсыз сауда дүкенінің аумағы тек ғана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және осы тарауда белгіленген тәртіппен және шарттар сақталған кезде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор болып табылады.
2. Заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік беріледі.
3. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік күшіне енген күннен бастап уәкілетті экономикалық оператор тәуекел деңгейі төмен санатқа жатады.
4. Заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу және оны осындай тізілімнен алып тастау тәртібі, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі осы тарауда белгіленеді.
5. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын тексеру кезінде, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың оны осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын бақылау кезінде осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандары және кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы мүмкін.
6. Уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 536-бабында көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқылы.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес, осы Кодекстің 536-бабында көзделген жекелеген арнаулы оңайлатулар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларына өзара негізде берілуі мүмкін.
8. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осы Кодекстің 536-бабында көзделген жекелеген арнаулы оңайлатулар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларына өзара негізде берілуі мүмкін. Бұл ретте мұндай арнаулы оңайлатулар Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылуы мүмкін.
1. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің (бұдан әрі осы тарауда - куәлік) үш типі болады.
2. Бірінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 536-бабының 2-тармағында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалану құқығын береді.
3. Екінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 536-бабының 3-тармағында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалану құқығын береді.
4. Үшінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 536-бабының 4-тармағында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалану құқығын береді.
5. Куәліктің нысаны мен оны толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.
6. Куәлік заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді және оның қолданылу мерзімі шектелмейді.
7. Уәкілетті экономикалық оператор куәлік күшіне енген күннен бастап осы Кодекстің 536-бабында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқылы.
8. Уәкілетті орган заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, осындай тұлғаға және аумақтық кеден органдарына, сондай-ақ осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу күні және куәліктің күшіне ену күні туралы ақпаратты жеткізеді.
Уәкілетті орган заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы ақпаратты осындай тұлғаға тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізеді.
1. Бірінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш (бұдан әрі осы тарауда – өтініш) уәкілетті органда тіркелген күнге дейін осы заңды тұлғаның сыртқы экономикалық қызметті, кеден өкілі, уақытша сақтау қоймасының, кеден қоймасының иесі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті кемінде үш жыл жүзеге асыруы не кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті кемінде екі жыл жүзеге асыруы, бұл аралықта:
тауарларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін саны кемінде он тауарға декларация береді немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың жиынтық құны әрбір жыл үшін, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайды;
тауарларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін кемінде екі жүз елу транзиттік декларация береді;
кеден өкілі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін саны кемінде екі жүз кедендік декларация береді немесе өздері берген кедендік декларацияларда мәлімделген тауарлардың жиынтық құны әрбір жыл үшін, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайды;
уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жиынтық сомасы әрбір жыл үшін, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайтын тауарларды сақтауды жүзеге асырды;
кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін кемінде екі жүз елу транзиттік декларация береді;
2) осы Кодекстің 535-бабына сәйкес берілген уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;
3) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттерде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегінің (бересінің) болмауы;
5) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге дейін бір жыл ішінде осы заңды тұлғаны:
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543, 544, 545, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін;
жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
6) осы заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын:
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235, 236, 238, 239, 241, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368-баптары бойынша;
істің жүргізілуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден және өзге де мемлекеттік органдарының жүргізуіне жатқызылған және жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
7) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін, кедендік операциялар жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін және кеден органдарының осындай мәліметтерге қол жеткізуін (оның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы. Комиссия тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптарды айқындауға құқылы;
8) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
9) кедендік пломбалары және мөрлері салынған тауарларды тасымалдау үшін жарамды кемінде бес жүк автомобилінің меншігінде болуы;
10) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің уәкілетті орган белгілеген шекті мәніне сәйкес келуі;
11) егер тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінің кедендік декларациясын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша толтыру тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінде көзделсе, кедендік декларациялау кезінде мұндай кедендік декларациялардың көшірмелерін ұсынуға келісім беру туралы міндеттеменің болуы.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтiн әкімшілік және қылмыстық заңнамасының баптары туралы ақпаратты осындай әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы мен санкциясын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден органдары осындай баптардың жалпы тізбесін қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында оларды орналастыру үшін Комиссияға жібереді.
Көрсетілген баптардың жалпы тізбесінің форматын, оны қалыптастыру, жүргізу және одан мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ баптар туралы ақпарат ұсынудың тәртібі мен техникалық шарттарын, оның ішінде құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.
3. Екінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген шарттар;
2) осы заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығының осы баптың 6-тармағына сәйкес айқындалған мәнге сәйкестігі;
3) тауарларды уақытша сақтауға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы. Егер өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;
4) аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) кедендік бақылау жүргізілетін құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен жұмыскерлеріне Комиссия айқындайтын талаптарды сақтауы.
4. Егер тауарларды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын және (немесе) тауарларды экспорттайтын заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығы осы баптың 6-тармағына сәйкес айқындалған мәнге сәйкес келмеген жағдайда, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша кемінде бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру екінші типтегі куәлік бере отырып, мұндай заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылады.
5. Үшінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге дейін кемінде екі жыл ішінде бірінші немесе екінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуі. Көрсетілген мерзімге куәліктің қолданылуы осы Кодекстің 534-бабы 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 534-бабының 1-тармағына сәйкес куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезең енгізілмейді;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар.
6. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның қаржылық орнықтылығын және қаржылық орнықтылықты сипаттайтын және осы тізілімге енгізу үшін қажет мәндерді айқындау тәртібін Комиссия айқындайды және Комиссия көздеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 532-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу үшін заңды тұлға (бұдан әрі осы бапта – өтініш иесі) уәкілетті органға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш береді.
Көрсетiлген өтініштің нысанын, оны толтыру тәртiбін және онда мәлiмделген мәлiметтерді растайтын құжаттардың тiзбесін Комиссия айқындайды.
2. Уәкілетті орган бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беру туралы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде олардағы мәліметтерді тексереді және өтініш иесінің сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беру туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдерінен аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көзделген бірінші типтегі немесе осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында, 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген екінші типтегі куәлік беріле отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарына өтініш иесінің сәйкестігіне осы Кодекстің 47-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді аумақтық кеден органына тапсырады.
Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілсе және осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілсе, бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беруге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап бірінші немесе екінші типтегі беруге өтініш тіркелген күнге дейін қамтылатын уақыт кезеңі үшін ғана көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.
Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей бірінші немесе екінші типтегі куәлікті беру не бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Уәкілетті орган үшінші типтегі куәлікті беру туралы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді және бірінші немесе екінші типтегі уәкілетті экономикалық оператордың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ үшінші типтегі куәлікті беру туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдерінен аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында, 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген, үшінші типтегі куәлік беріле отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарына өтініш иесінің сәйкестігіне осы Кодекстің 47-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді аумақтық кеден органына тапсырады.
Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілсе және осы Кодекстің 416-бабы 6-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілсе, үшінші типтегі куәлікті беруге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап үшінші типтегі куәлікті беруге өтініш тіркелген күнге дейін қамтылатын уақыт кезеңі үшін ғана көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.
Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей үшінші типтегі куәлік беру не бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4. Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган осындай куәлікті беру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.
5. Өтінішке онда мәлiмделген мәлiметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өтінішпен бірге уәкілетті органға құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәлiметтерді және (немесе) олардағы мәліметтерді уәкілетті органның кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ ақпараттық өзара iс-қимыл шеңберiнде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін болса, ұсынылмауы мүмкін.
6. Бiрiншi және екінші типтегі куәлiктердi ала отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу үшiн өтініш иесі бір өтiнiш беруге құқылы.
7. Уәкiлетті орган өтініш уәкiлетті органда тiркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау туралы не оны қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтінішті қараудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, уәкiлетті орган бұл туралы өтініш иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
8. Уәкiлетті орган мынадай жағдайларда өтінішті қараудан бас тартады:
1) өтінішті белгіленген нысанға сәйкес толтырылмау не электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымы мен форматы мұндай өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмейді;
2) өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтерді өтініште көрсетпеу;
3) өтінішті осы Кодекстің 534-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлға уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiмінен алып тасталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін беру.
9. Уәкiлетті орган өтінішті уәкiлетті органда тiркелген күнінен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзімде қарайды.
10. Осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер өтінішті берген кезде өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болмаса, ал онда көрсетілген мәліметтерді өтініш иесі құжатпен растамаса, уәкiлетті орган өтініш уәкiлетті органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай құжаттарды бір ай ішінде ұсыну қажеттігі туралы өтініш иесіне хабарлайды.
11. Өтінішті қарау мерзімінің өтуі осы баптың 10-тармағына сәйкес сұратылған құжаттар ұсынылған күнге дейін не оларды ұсыну мерзімі өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
12. Өтініш иесі осы баптың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде құжаттарды ұсынбаған кезде уәкiлетті орган өтінішті қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын тексеру мақсатында осы Кодекстің 445-бабына сәйкес кеден органы жіберетін, құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмесін ұсыну туралы сұрау салу өтініш уәкілетті органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Егер осы Кодекстің 445-бабында көзделген мерзімдер ішінде осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген шарттардың сақталмағаны туралы мәліметтер қамтылмаған жауап алынса не мұндай жауап алынбаса, кеден органына сұрау салу жіберілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің мұндай шарттары сақталды деп есептеледі.
14. Бiрiншi немесе екінші типтегі куәлiктi бере отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша, егер уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз ету мұндай тiзiлiмге енгізудің шарты болып табылса, уәкілетті орган тұлғаны осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 11) тармақшаларында немесе 3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шарттарды сақтау туралы хабардар етеді не осындай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
15. Уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар уәкiлетті орган көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Бұл ретте уәкiлетті орган көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылған күнге дейінгі кезеңге өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
16. Уәкiлетті орган уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін тиісінше растайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
17. Егер осы баптың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылмаса не ұсынылған құжаттар уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін тиісінше растамаса, уәкiлетті орган көрсетілген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
18. Екінші типтегі куәлiктi, егер уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз ету осындай тізілімге енгізудің шарты болып табылмаса не үшінші типтегі куәлiктi бере отырып, уәкiлетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкiлетті орган осы баптың 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу туралы не осындай тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Кодекстің 532-бабында белгіленген шарттардың сақталмауы уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 533-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтініші;
2) уәкілетті экономикалық операторға қатысты банкроттық рәсімді қозғау;
3) уәкілетті экономикалық оператордың осы Кодекстің 541-бабында көзделген міндеттерді орындамауы;
4) егер уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарты болып табылса, мұндай қамтамасыз етудің осы Кодекстің 535-бабында көзделген мөлшерде болмауы;
5) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына, 417-бабының 3-1 және 8-тармақтарына, 419-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамау не тиісінше орындамау, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды белгіленген мерзімде төлемеу;
Хабарламаға осы Кодекстің 55-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалған жағдайда, куәліктің қолданысын тоқтата тұру шағым бойынша шешім шығарылғаннан немесе шағым жасалған хабарлама бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектің (бересінің) туындауы;
6) уәкілетті экономикалық оператордың Қазақстан Республикасынан басқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттерде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндетінің бар екендігі туралы ақпарат;
7) осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тауарларды есепке алу жүйесінің болмауы немесе осындай тауарларды есепке алу жүйесінің уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі;
8) уәкілетті экономикалық оператордың қаржылай орнықтылығының осы Кодекстің 532-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалған мәндерге сәйкес келмеуі, егер уәкілетті экономикалық оператордың қаржылай орнықтылығының осы мәндерге сәйкес келмеуі уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
9) уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтауына арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болмауы, егер мұндай талаптарды сақтау уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
10) құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктеріне), уәкілетті экономикалық оператордың көлік құралдарына, жұмыскерлеріне осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған талаптарды сақтамау, егер мұндай талаптарды сақтамау уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса;
11) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызына ие акционерлер, мұндай заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235, 236, 238, 239, 241, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау;
мұндай заңды тұлғалардың уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларына қатысты, іс жүргізу кеден және өзге де мемлекеттік органдардың қарамағына жатқызылған және жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің заңнамасында куәліктің қолданылуын тоқтата тұру үшін негіздер ретінде айқындалған қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) жасау белгілері бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кез келген өзге мемлекетте қылмыстық іс қозғау;
12) осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарды орындамау;
13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543, 544, 545, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау.
2. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көзделген негіздердің бар екендігі туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган мұндай куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
3. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кеден органы оны қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті экономикалық операторды тоқтата тұру негіздерін көрсете отырып, мұндай шешім туралы хабардар етеді, сондай-ақ бұл туралы ақпаратты аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына жеткізеді.
3-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
4. Осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5), 5-1), 6), 7), 8), 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор кеден органына куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растауға міндетті.
5. Егер уәкілетті экономикалық оператор куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растаса, уәкілетті орган мұндай растауды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәліктің қолданылуын қайта бастайды және бұл туралы уәкілетті экономикалық операторға, аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына ақпарат береді.
Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы куәліктің қолданылуы қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
6. Осы баптың 1-тармағы 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған куәліктің қолданылуы:
1) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
2) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қылмыстық істі тоқтату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қайта басталады.
6-1. Осы баптың 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған куәліктің қолданысы соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулының күшін жою не істі тоқтату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта басталады.
7. Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен өзін алып тастау туралы уәкілетті экономикалық оператордың кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
2) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
3) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) уәкілетті экономикалық оператордың куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде куәліктің қолданылуын тоқтата тұрумен байланысты себептердің жойылғанын растамауы;
5) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңды тұлғаны бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің275, 277, 280, 280-1, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543, 544, 545, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісін растайтын шешімінің күшіне енуі;
6) куәлігі бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызына ие осы заңды тұлғаның акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235, 236, 238, 239, 241, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісін растайтын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот үкімінің күшіне енуі;
осы заңды тұлғаның куәлік бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері болып табылатын жеке тұлғаларды, оның құрылтайшыларын (қатысушыларын), басшыларын, бас бухгалтерлерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен алып тастау үшін негіз ретінде айқындалған қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) жасағаны үшін жауаптылыққа тарту фактісін растайтын сот үкімінің күшіне енуі;
7) осы Кодекстің 541-бабында көзделген, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерін күнтізбелік жыл ішінде екі және одан көп орындамауы.
8. Уәкілетті орган осы баптың 7-тармағында көзделген негіздер туындаған немесе олар туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
Егер уәкілетті экономикалық операторға қатысты кедендік тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілсе, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен алып тастау осындай тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
9. Заңды тұлға осы баптың 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған жағдайда, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілуі мүмкін.
10. Уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алып тастау негіздерін көрсете отырып, бұл туралы уәкілетті экономикалық операторды хабардар етеді, сондай-ақ аумақтық кеден органдарына және осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына бұл туралы ақпаратты жеткізеді.
11. Осы баптың 8-тармағында көзделген уәкілетті органның уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
Ескерту. 534-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
1. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мұндай қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылған жағдайларда беріледі.
2. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық оператордың кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу міндетінің орындалуын осы Кодекске сәйкес мұндай уәкілетті экономикалық оператордың осындай кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу міндеті туындаған не оның кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ міндеті болған жағдайларда қамтамасыз етеді.
3. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға не осындай тізілімге енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету немесе қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру үшін уәкілетті органға береді.
4. Уәкілетті экономикалық оператор міндетін орындау осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Уәкілетті экономикалық оператор міндетінің орындалуын қамтамасыз етудің осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тәсілі қолданылған кезде кепілгер мұндай міндеттің орындалуын осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етеді.
5. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлға осы баптың 4-тармағының ережелерін ескере отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы.
Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы осы баптың 4-тармағының ережелерін ескере отырып, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғаның таңдауы бойынша осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көзделген бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін.
6. Егер уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің ауыстырылатынына осы Кодекстің 12-тарауына, 142 және 353-баптарына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса және (немесе) кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты жібермесе және (немесе) кепіл нысанасына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген заңды тұлға осы баптың 4-тармағының ережелерін ескере отырып қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыруды жүзеге асыруға құқылы.
7. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы – заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезеңі ішінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет тоқтатылғанға дейін үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс.
8. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібін, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру тәртібін, осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
9. Егер уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру үшін мұндай қамтамасыз ету мөлшері белгіленген шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кепілгерлік шарты немесе мүлік кепілі туралы шарт жасалған күнге (мұндай шарттарға өзгерістер енгізілген кезде – кепілгерлік шартына немесе мүлік кепілі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы шарт жасалған күнге), ал уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету өзге тәсілдермен берілген кезде:
1) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету заңды тұлғаны осындай тізілімге енгізу мақсатында берілген кезде – уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарттарын сақтау туралы хабарламаны тіркеген күнге;
2) уәкілетті орган уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету сомаларын төмендету туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтінішін тіркеген күнге;
3) уәкілетті орган қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру туралы уәкілетті экономикалық оператордың өтінішін тіркеген күнге не уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің басқасы тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтау мақсатында берілген кезде қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
10. Бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне заңды тұлға енгізілген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету кемінде бір миллион еуроға баламалы мөлшерде беріледі.
11. Егер бірінші типтегі куәлік заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда үшінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде жеті жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
12. Егер бірінші типтегі куәлік тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда бесінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бес жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
13. Егер бірінші типтегі куәлік заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда алтыншы жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде үш жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
14. Егер бірінші типтегі куәлік заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда жетінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
15. Бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне кеден органы өтінішті тіркеген күнге екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын заңды тұлға енгізілген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы баптың 10-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде не осы баптың 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес айқындалған мөлшерде беріледі.
16. Егер екінші немесе үшінші типтегі куәлік тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда үшінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде жеті жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
17. Егер екінші немесе үшінші типтегі куәлік тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда бесінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бес жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
18. Егер екінші немесе үшінші типтегі куәлік тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда алтыншы жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде үш жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
19. Егер екінші немесе үшінші типтегі куәлік тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде тоқтатыла тұрмаған болса, онда жетінші жылдан бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
20. Тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне, кеден өкiлдерiнiң тізіліміне және (немесе) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету және кеден өкiлі немесе кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстiң 486-бабының 13-тармағы ескеріле отырып беріледі.
21. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару мұндай заңды тұлғаның мынадай жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндет болмаған кезде жүзеге асырылады:
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаға осы тізілімге енгізуден бас тарту;
2) осы баптың 6-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру;
3) осы бапта көзделген жағдайларда уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің қажетті мөлшерін азайту;
4) егер уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарты болып табылса, осындай тізілімнен уәкілетті экономикалық операторды алып тастау;
5) заңды тұлғаны үшінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу.
22. Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланылған ақшаны есепке жатқызуды (қайтаруды) уәкілетті орган осы баптың 23-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 113 және 114-баптарына сәйкес жүзеге асырады.
23. Егер уәкілетті экономикалық операторға қатысты кедендік тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілсе, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару мұндай тексеру аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
24. Осы Кодекстiң 486-бабы 13-тармағына сәйкес берілген уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстiң 486-бабының 2-тармағына және осы баптың 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
25. Уәкілетті экономикалық оператор кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы екінші деңгейдегі банкке және (немесе) кепілгерге кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты банктің кепілдігінде және (немесе) кепілгерлік шартында көзделген, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталғаннан кейінгі бес жұмыс күн ішінде жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есепке жазылады.
Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабын:
екінші деңгейдегі банк – осындай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;
кепілгер – осындай талапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұлжытпай және міндетті түрде орындауға тиіс.
Екінші деңгейдегі банк көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Кепілгер кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдырғаны немесе бөліп төлегені үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді қоса алғанда, төлеуші сияқты көлемде кеден органы алдында жауапты болады.
Кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 535-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Арнаулы оңайлатулар деп уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің типіне қарай қолданылатын жекелеген кедендік операцияларды жасау мен кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері және осы Кодекстің ережелерін қолданудың өзге де ерекшеліктері түсініледі.
2. Бірінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді:
1) бірінші кезектегі тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуімен, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кетуімен, кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялар жасау;
2) уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді, мұндай қамтамасыз етуді беру осы Кодекстің 223-бабына сәйкес белгіленген жағдайларда бермеу;
3) уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктермен ұсынбау;
4) осы Кодекстің 194 және 540-баптарына сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;
5) бірінші кезектегі тәртіппен кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанында тағайындалған жағдайда кедендік бақылау жүргізу;
6) кеден органдарының көлік құралдарының жүкжайларына (бөлікжайларына) немесе олардың бөліктеріне уәкілетті экономикалық оператор салған пломбаларды сәйкестендіру құралдары ретінде тануы. Мұндай пломбаларға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды;
7) уәкілетті экономикалық оператор тасымалдайтын тауарларға қатысты тауарларды тасымалдау маршрутының белгіленбеуі;
8) кедендік операцияларды жасаудың уақытын қысқартуға және тәртібін оңтайландыруға бағытталған кеден органдары жүргізетін пилоттық жобалар мен тәжірибелерге басым түрде қатысу;
9) уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тасымалдаушының, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды қоспағанда, кедендік бақылаудағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды тиеуді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарына, оның ішінде қызмет аймағында (өңірінде) тиісті операция жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатынсыз немесе оны хабардар етпей, салынған пломбалар мен мөрлерді алып тастап ауыстыруды жүзеге асыру.
3. Екінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді:
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;
2) уәкілетті экономикалық операторлар болып табылмайтын тұлғалардың тауарларын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтау;
3) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу, оларды мұндай кедендік бақылау аймағында орналастыру, мұндай құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) кедендік бақылауды жүргізу және кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау;
4) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) кедендік бақылау жүргізу;
5) қызмет аймағында тауарлар орналасқан кеден органынан басқа кеден органында кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау. Осы арнаулы оңайлатуды қолданған кезде көрсетілген кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
6) бірінші кезектегі тәртіппен кедендік қарап-тексеру немесе кедендік жете тексеру нысанында тағайындалған жағдайда кедендік бақылау жүргізу;
7) осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен уәкілетті экономикалық оператордың кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдануы;
8) уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктермен бермеу;
9) осы Кодекстің 194 және 540-баптарына сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару;
10) егер уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты болса, осы Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу кейiнге қалдырылған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді бермеу.
4. Үшінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқық береді.
5. Комиссия осы бапта көзделмеген, уәкілетті экономикалық операторларға берілетін өзге де арнаулы оңайлатуларды айқындауға құқылы.
6. Комиссия жағдайларды және (немесе) тауарлардың санаттарын айқындауға құқылы, ол кезде және (немесе) олара қатысты осы бапта көзделген жекелеген арнаулы оңайлатулар қолданылмайды.
7. Уәкілетті экономикалық операторлардың кеден органдары пайдаланылатын сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды Комиссия айқындайды.
8. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралын белгілеу мақсатында мұндай көлік құралында уәкілетті орган бекітетін танымдық белгісі пайдаланылады.
1. Тауарларды уақытша сақтау осы Кодекстiң 532-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көзделген талаптарға сәйкес келетін, екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөлiктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау аймағы болып табылады.
3. Уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтауға жол беріледі.
4. Куәліктің қолданылуы осы Кодекстiң 534-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайда, осы Кодекстiң 534-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес куәліктің қолданылуы қайта басталғанға дейін уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтауға тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
1. Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін тасымалдаушы уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізгеннен кейін уәкілетті экономикалық операторға транзиттік декларацияның нөмірі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзінің қолда бар көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарын ұсынуға міндетті.
2. Уәкілетті экономикалық оператор:
1) сәйкестендіру құралдарының өзгертілгенін, алып тасталғанын, жойылғанын немесе ауыстырылғанын және (немесе) мұндай көлік құралының бүтін жүкжайларының (бөлікжайларының) зақымданғанын көрсететін фактілердің бар немесе жоқ екендігін анықтау мақсатында тауарлар жеткізілген көлік құралына қарап-тексеру жүргізуге;
2) межелі кеден органына транзиттік декларацияның нөмірі, сәйкестендіру құралдарының бар (жоқ) екендігі, нөмірлерін қоса алғанда, сәйкестендіру құралдары туралы, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою немесе ауыстыру және (немесе) көлік құралдарының бүтін жүкжайларын (бөлікжайларын) зақымдау белгілерінің бар (жоқ) екендігі туралы мәліметтерді осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды тасымалдаушыдан алған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей, ал олар межелі кеден органының жұмыс уақытынан тыс алынған жағдайда – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей жіберуге;
3) тауарларды сақтауды және (немесе) олардың жай-күйін өзгертетін және орамаларының бұзылуына алып келетін тауарлармен операциялар жасауға жол бермеуді, межелі кеден органынан сәйкестендіру құралдарын алуға рұқсат алғанға дейін оларды пайдалануға және билік етуге жол бермеуді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер сәйкестендіру құралдары қолданылса, межелі кеден органы осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді алған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, ал оларды межелі кеден органы жұмыс уақытының аяқталуына үш сағаттан аз қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей оларды алып тастауға рұқсат береді не сәйкестендіру құралдарын алып тастауға тыйым салу туралы ақпарат береді, ал сәйкестендіру құралдары қолданылмаған тауарларға қатысты – тауарлармен одан әрі әрекеттер жасауға рұқсат етеді немесе тыйым салады.
4. Егер сәйкестендіру құралдары қолданылса, межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторға оларды алып тастауға рұқсат еткен жағдайда, уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушының қатысуымен сәйкестендіру құралдарын алып тастауды жүзеге асырады және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тасымалдаушыдан тауарларды қабылдайды.
Егер сәйкестендіру құралдары қолданылмаса және межелі кеден органы тауарлармен одан әрі әрекеттер жүргізуге рұқсат етсе, уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тасымалдаушыдан тауарларды қабылдайды.
Уәкілетті экономикалық оператордың тасымалдаушыдан тауарларды қабылдау фактісі тасымалдаушының көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттарына тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау күні мен уақыты туралы белгі қою арқылы расталады.
Көрсетілген белгілер қойылғаннан кейін уәкілетті экономикалық оператор транзиттік декларацияның нөмірі, тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын хабарламаны межелі кеден органына дереу жібереді.
5. Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық оператордан осы баптың 4-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін мұндай хабарламаны алған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей, ал оны межелі кеден органы жұмыс уақытының аяқталуына төрт сағат қалғанда алған жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттан кешіктірмей кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтайды.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау осы Кодекстiң 231-бабының 9-тармағында көзделген белгілер қойылмай, кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып ресімделеді.
Межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторды кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы хабардар етеді.
Тасымалдаушы межелі кеден органына осы Кодекстiң 231-бабының /9-тармағына сәйкес белгілер қою арқылы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауды рәсімдеу үшін келуі мүмкін.
6. Осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті экономикалық оператор тасымалдаушыдан тауарларды қабылдауды ресімдегеннен кейін, осындай тауарлар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерiнде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтауға орналастырылды деп есептеледі.
7. Егер межелі кеден органы уәкілетті экономикалық операторды кедендік жете тексеру немесе кедендік қарап-тексеру жүргізу ниетіне байланысты сәйкестендіру құралдарын алуға тыйым салу туралы хабардар етсе, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау осы Кодекстiң 231-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Осы баптың ережелері уәкілетті экономикалық оператор алушысы болып табылатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде қолданылады.
1. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып табылатын тауарлар мынадай кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін:
1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) кедендік аумақта қайта өңдеу;
3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
4) еркiн кедендік аймақ;
5) еркін қойма;
6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру).
2. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген өтініш берілген кезде тауарлардың декларанты болатын уәкілетті экономикалық оператор тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті электрондық құжат түрінде береді.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініш, егер кеден органының байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернеттің) жұмысында техникалық істен шығудан, бұзылудан, электр энергиясының өшірілуінен туындаған, кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген өзге де жағдайларда тұлғаның мұндай өтінішті электрондық құжат түрінде беру мүмкіндігін іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілуі мүмкін.
Мұндай жағдайда тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш осы Кодекстің 194-бабының 4-тармағына сәйкес беріледі.
4. Шығарылуы тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүргізілген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тауарларды шығару туралы өтінішті берген уәкілетті экономикалық оператор тауарлар шығарылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Көрсетілген мерзімді есептеу осы Кодекстiң 6-бабының 6-тармағы ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болатын тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығаруға тауарлар мәлімделген кезде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру талап етілмейді.
1. Уәкілетті экономикалық оператор:
1) осы Кодекстiң 532-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) осы Кодекстiң 535-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті органға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және осы өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен немесе мұндай өзгерістер туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде ұсынуға;
4) осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына, 417-бабының 3-1 және 8-тармақтарына және 419-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
Хабарламаға шағым жасалған жағдайда оны орындау мерзімі осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес тоқтатыла тұрады.
5) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажет ақпаратты және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілікті ұсынуға;
6) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын жаңа бас қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.
2. Бірінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар, пломбаларға осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Комиссия айқындаған талаптарды сақтауға да міндетті.
3. Екінші немесе үшінші типтегі куәліктер беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген уәкілетті экономикалық операторлар осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерді сақтаумен қатар:
1) осы Кодекстiң 532-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) осы Кодекстiң 536-бабының 7-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған, кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібін сақтауға;
3) кеден органдарының кедендік бақылаудағы тауарларды сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөлiктерiне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктерін), сондай-ақ осындай тауарларды есепке алу жүйесіне кеден органдары лауазымды адамдарының кедергісіз қол жеткiзуiн ұсыну туралы талаптарын орындауға міндетті.
4. Кеден органына уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзім ішінде ұсынбаған кезде уәкілетті экономикалық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Заңды тұлғаға берілген куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған жағдайда, осы тұлға кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде, тауарларды уақытша сақтау кезінде және өзге де жағдайларда, жасау жөніндегі міндет куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін не заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталғанға дейін туындаған кедендік операцияларды не өзге де әрекеттерді жасауға міндетті.
Ескерту. 541-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 543-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
544-бап.Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1-1. Осы Кодекстің 45-1-тарауы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) осы Кодекстің 553-бабының 9-тармағында, 560-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 570-бабының 1-тармағында және 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII,115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат);
2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 544-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
544-бапты 1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) осы Кодекстің 553-бабының 9-тармағында, 560-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 570-бабының 1-тармағында және 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII,115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат);
2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат) күші жойылды деп танылсын.
1. Осы Кодекс Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастар бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын құқықтар мен міндеттерге осы Кодекстің 552 – 570-баптарында көзделген ережелер ескеріле отырып қолданылады.
3. Комиссияның кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі күшіне енген күнге қолданыста болатын шешімдері өзінің заңдық күшін сақтайды және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қабылданатын кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер ол күшіне енген кезге күшіне енбесе, онда олар күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылады.
5. Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның жеке пайдалануға арналған тауарлар санатына қарай кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары мен тәсілдерін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төлеуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай кедендік баждарды, салықтарды төлемей мұндай жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның шетелдік жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан, кедендік баждарды, салықтарды төлемей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өзінің болу кезеңіне әкелуі мүмкін, бұрын тұтынуда болған осындай тауарлардың тізбесі мен санын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауарларды әкелетін адамдарға және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына мұндай жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
Комиссияның жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарының шығарылу кезін және қозғалтқышының жұмыс көлемін анықтау тәртібін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім қолданылады.
6. Комиссияның осы Кодекстiң 227-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы Кодекстiң 227-бабы 9-тармағының орындалуын қамтамасыз ететін жалпы процестің іске асырылуы басталғанға дейін 2010 жылғы 21 мамырдағы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім қолданылады.
7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 552-бабының 2-тармағында көрсетілген халықаралық шарттар осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 552-бабының 2-тармағында көзделген, Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана және осы Кодекстiң 555-бабы ескеріле отырып, осы Кодекске қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
8. Комиссияның осы Кодекстiң 289-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 298-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін осы Кодекстің 289-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны, ал осы Кодекстің 298-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың кедендік құны адвалорлық мөлшерлеме бойынша кедендік әкелу баждарын есептеу үшін база болып табылады.
9. Комиссияның осы Кодекстiң 469-бабының 5-тармағына сәйкес көзделген шешімі күшіне енгенге дейін Кеден одағы Комисиясының "Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібі туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы шешімімен бекітілген Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік сараптама жүргізу тәртібінің 24-тармағының ережелері қолданылады.
10. Кеден одағы Комиссиясының "Арнайы кедендік рәсім және осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы Шешімінде және Кеден одағы Комиссиясының "Азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу кезінде тарифтік жеңілдіктерді, кедендік баждардан, салықтардан толық босатуды қолдану, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту және жекелеген кедендік рәсімдерді қолдану туралы" 2010 жылғы 16 шілдедегі шешімінің 6-тармағында айқындалған тауарлардың санаттарына қатысты Комиссияның осы Кодекстің 337-бабына сәйкес осындай тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын және тауарлардың мұндай санаттарына қатысты оны қолдану тәртібін реттейтін шешімдері күшіне енгенге дейін осындай тауарларға арнайы кедендік рәсім Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына сәйкес Комиссияның тауарлардың санаттарын айқындаған, көрсетілген шешімдерінде айқындалған шарттарда қолданылады.
1. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес көзделген шешімдері күшіне енгенге дейін алдын ала ақпарат кеден органдарына 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісімге сәйкес қабылданған Комиссия актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен ұсынылады.
2. Комиссияның осы Кодекстiң 31-бабының 16-тармағына сәйкес қабылданған және алдын ала ақпараттың құрамын, мұндай ақпараттың құрылымы мен форматын, оны ұсынудың тәртібі мен мерзімдерін, көліктің бір түрімен тасымалданатын тауарларға қатысты ұсынылатын алдын ала ақпаратты кеден органдарына ұсынуға міндетті не құқылы тұлғаларды айқындайтын шешімдерінің күшіне енуіне қарай алдын ала ақпарат осындай шешімдерге сәйкес ұсынылады.
3. Кедендік декларациялануы осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 31-бабы 17-тармағының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 31-бабының 17-тармағында көрсетілген актісі күшіне енгенге дейін қолданылады.
1. Осы Кодекстің 55, 56, 57, 58-баптарының, 63-бабы 6-тармағының, 79-бабы 7-тармағының, 180-бабы 7 мен 10-тармақтарының және 397-бабының ережелері Одақ туралы шарттың 102-бабының 1, 3 – 5-тармақтары ескеріле отырып қолданылады.
2. Комиссияның осы Кодекстiң 79-бабының 7-тармағында көрсетілген, тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін тарифтік преференциялар кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күннен бастап бір жыл өткенге дейін тауарлардың шығарылған жері расталған және тарифтік преференциялар берудің өзге де шарттары сақталған кезде қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызуға (қайтаруға) жатады.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстiң 65-бабы 19-тармағының ережелері 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Алдағы кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген ақшаны аванстық төлемдер деп тану мүмкіндігі бөлігінде осы Кодекстің 78-бабы 1-тармағының ережелері кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне аванстық төлемдерді есепке жатқызу мүмкіндігі бөлігінде Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуді көздейтін халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап қолданылады.
Осы Кодекстің 89-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
Осы Кодекстің 143-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1. Комиссия осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу белгіленуі мүмкін тауарлардың тізбесін айқындағанға дейін:
1) осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын қолдану мақсатында ауыл шаруашылығы техникасына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51 және 8433 59 субпозицияларында сыныпталатын ауыл шаруашылығы техникасы жатады;
2) осы Кодекстiң 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін өзге де тауарлардың тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2. Комиссия осы Кодекстiң 92-бабының 3-тармағында көрсетілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін тауарлардың тізбесін айқындағанға дейін осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімнің 6-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген негіз болған кезде және көрсетілген тармақтың екінші және үшінші бөліктері ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Көрсетілген негіз бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу осы Кодекстiң 9-тарауына сәйкес беріледі.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында кез келген кеден органына тауарларға арналған декларацияны беруге рұқсат ететін, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарт күшіне енгенге дейінгі тауарларға арналған декларация:
1) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы, сондай-ақ осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында аталған шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тұрақты тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
2) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші немесе төртінші абзацында не осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында аталған шетелдік тұлға тауарлардың декларанты болса, аумағында декларацияланатын тауарлар тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
3) егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлға тауарлардың декларанты болса, аумағында декларацияланатын тауарлар және осындай тұлға тұратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына беріледі.
2. Осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы төртінші абзацының ережелерін қолдану мақсатында тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әртүрлі мемлекеттің тұлғалары арасында жасалған, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге негіз болған мәміле шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы кедендік рәсімдермен орналастырылатын тауарлардың декларанты болуы мүмкін.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге уақытша сақтаудағы тауарлардың уақытша сақтау мерзімі осы Кодекстің 172-бабына сәйкес есептеледi.
4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органы кедендік декларациясын тіркеген тауарлар кеден органы осы кедендік декларацияны тіркеген күнге Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
5. Тауарлар шығарылымын тоқтатуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті органның айқындауы бөлігінде осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағының төртінші бөлігі Комиссияның осы Кодекстің 192-бабы 5-тармағының төртінші бөлігінде көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.
6. Осы Кодекстің 195-бабы 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 195-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.
7. Осы кодекстің 196-бабы 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 196-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген актісі күшіне енген кезге дейін қолданылады.
8. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Кеден одағының Кеден кодексінің 197-бабына сәйкес шығарылған тауарларды кедендік декларациялау және осындай шығаруға байланысты туындаған декларанттың өзге де міндеттері осындай тауарларды шығару күніне Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады және мерзімінде орындауға жатады.
9. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік декларациялау "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 292, 293, 294 және 295-баптарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылған тауарларға қатысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін оларды шығаруға, кедендік рәсімдермен орналастыруға және (немесе) кедендік рәсімдердің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау Кеден одағының кеден заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Егер кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарлар орналастыруды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің кеден органы жүзеге асырса, ал кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету межелі кеден органы бар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органына берілсе, осы Кодекстің 227-бабы 2-тармағының ережелерiне қарамастан, қамтамасыз ету сертификаты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
1. Комиссияның осы Кодекстiң 290-бабының 4-тармағында көзделген және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар пайдаланыла отырып дайындалған (алынған) тауарларды Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, шығарылған жері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен, Қазақстан Республикасы үшін СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 288-бабы 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде осы Кодекстiң 288-бабының 10-тармағы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА құрылғанға дейін оның аумағындағы шетелдік тауарлар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 291-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында және 281-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда 2019 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік декларациялауға жатады және кеден органдары мұндай тауарлар АЭА-ның аумағына кедендік рәсіммен орналастыру алдындағы алдын ала кедендік операцияларды жүргізбей кедендік декларация беру күні әкелінгендей етіп қарайды.
Ескерту. 558-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Иесі 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасында еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қоймада еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың мәртебесі, егер осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмесе, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 299-бабына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін айқындалады.
2. Иелері 2010 жылғы 1 мамырға дейін еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген еркін қоймалар үшін Комиссия осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалған жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарының орындалуына қарамастан, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) және шетелдік тауарлар мәртебесін алатын тауарлар тізбесін айқындауға құқылы. Көрсетілген тауарлардың тізбесі, егер осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмесе қолданылады.
3. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне 2010 жылғы 1 мамырға дейін енгізілген жекелеген еркін қойма иелеріне қатысты Комиссия еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған), Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылуы мүмкін, тауарлар саны бойынша, егер осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шығару Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экономика салаларына елеулі экономикалық залал келтіретіндей немесе мұндай залалды келтіру қатерін туғызатындай сандарда және жағдайларда жүргізілетін болса, шектеулер айқындауға құқылы. Көрсетілген шектеулерді белгілеу туралы шешім Комиссия айқындайтын тәртіппен қабылданады және осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілмесе, қолданылады.
4. Комиссияның осы Кодекстiң 299-бабының 4-тармағында көзделген, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану үшін жеткілікті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесін айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп тану мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттары қолданылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген, шығарылған жері Қазақстан Республикасы үшін – СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылады.
1. Кедендік декларациялауы және (немесе) шығарылуы осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік рәсімдермен орналастырылмай жүзеге асырылған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған тауарларға және керек-жарақтарға қатысты осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап осы Кодексте көзделген тауарлардың мұндай санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттар сақталуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты туындаған, орындау мерзімі (төлеу мерзімі) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін басталмаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет мән-жайлар басталған кезде осы Кодексте көзделген тәртіппен, мерзімдерде және мөлшерлерде орындауға жатады және (немесе) осы Кодекске сәйкес тоқтатылады.
3. Осы Кодекстің 339-бабы 4 және 5-тармақтарының ережелері Комиссияның осы Кодекстің 339-бабының 5-тармағына сәйкес қабылданған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарының сандық сипаттамаларын айқындайтын шешімі күшіне енгенге дейін қолданылмайды.
Комиссияның көрсетілген шешімі күшіне енгенге дейін тиісті құқықтық қатынастарды реттеу 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 3-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 464-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты шетелдік жеке тұлға әкелген мұндай көлік құралдарын кеден органының рұқсатынсыз өзге шетелдік жеке тұлғаға беруге немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасы әкелген мұндай көлік құралдарын ата-анасына, балаларына, тіркелген некеде тұрған жұбайына (зайыбына) беруге байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге орындалмаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік баждардың, салықтардың осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге төленбеген (өндіріп алынбаған) сомалары мөлшерінде тоқтатылады.
5. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты жеке пайдалануға арналып уақытша әкелінген көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткенге дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын әкетпеуге байланысты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған және орындауға жататын, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге орындалмаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет бір мезгілде мынадай:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында мұндай көлік құралдарын кедендік декларациялау жеке пайдалануға арналып уақытша әкелінген көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткен күннен бастап алты айдан кешіктірмей жүзеге асырылды;
2) жеке пайдалануға арналған мұндай көлік құралдарына қатысты, оларды осы баптың 4-тармағында аталған жеке тұлғаларға беруді қоспағанда, 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің ережелерін бұза отырып, оларды беруге байланысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмады деген шарттар сақталған кезде кедендік баждардың, салықтардың осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге төленбеген (өндіріп алынбаған) сомалары мөлшерінде тоқтатылады.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау, осындай тауарларды шығару және оларды кедендік бақылауда емес деп тану фактін көрсету тәртібін айқындау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін Комиссия көздеген жағдайларда немесе немесе Комиссия реттемеген бөлікте белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 341-бабы 6-тармағының бірінші бөлігі Комиссияның көрсетілген актісі қабылданғаннан кейін күшіне енеді.
7. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелудің Комиссия айқындағанға қарағанда анағұрлым қатаң құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларын бекітуге уәкілетті органның құзыретін белгілеу бөлігінде осы Кодекстің 349-бабының 3-тармағы үшінші бөлігінің ережелері Комиссияның көрсетілген актісі қабылданғаннан кейін күшіне енеді.
Кеден органдары лауазымды адамдарының осы Кодекстің 375-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құбыржол көлігімен немесе электр тарату желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарына қол жеткізу тәртібін айқындайтын, шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары күшіне енгенге дейін тасымалдаушы ұсынатын шектес мемлекеттің аумағында орналасқан құбыржол көлігімен немесе электр тарату желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының көрсеткіштерін пайдалануға жол беріледі.
Осы Кодекстің 125-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;".
Осы Кодекстің 437-бабының ережелері спутниктік навигацияның техникалық құралдарын қолдана отырып, жанама түрде визуалды сүйемелдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілген кезден бастап қолданылады.
Осы Кодекстің 444-бабының 2-тармағында көзделген тұрақты негізде ақпарат алмасудың техникалық шарттары қабылданғанға дейін 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісімнің 4-бабына сәйкес бекітілген ақпарат алмасудың техникалық шарттары қолданылады.
Осы Кодекстің 459-бабы 3-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары сияқты мұндай зияткерлік меншік объектілері осы Кодекстің 458-бабының 6-тармағында көзделген кеден органдарының тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары сияқты мұндай зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау шараларынқолдану тәртібін айқындайтын Комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізіледі.
1. Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізілген тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекске сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырады.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтау мақсатында берілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады және кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Комиссияның осы Кодекстiң 489-бабының 2) тармақшасында көзделген шешімі күшіне енгенге дейін, берілуі кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылатын кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету бір миллион еуроға баламалы мөлшерде беріледі.
4. Егер Комиссия кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен өзге мөлшерін айқындаса, Комиссияның тиісті шешімі күшіне енгенге дейін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар осы шешім күшіне енген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетілген қамтамасыз етуді Комиссия айқындаған мөлшерде беруге міндетті.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері, егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету кеден өкілі ретіндегі қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен шектелетін, кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін берілсе, қолданылмайды.
6. Осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 524-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
1. Кеден одағының Кеден кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілген заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін сақтайды.
Көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктерге өзгерістер енгізу, мұндай куәліктердің қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтару, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізу "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлғалар кеден органы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген арнаулы оңайлатуларды осы тармақтың екінші бөлігін ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде көрсетілген арнаулы оңайлатулармен қатар, осы Кодекстің 536-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген арнаулы оңайлатуларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген арнаулы оңайлатуларды қолдану мақсаттары үшін осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған уәкілетті экономикалық операторлардың құрылысжайларына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктеріне) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген талаптар қойылады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған уәкілетті экономикалық операторлар осы Кодекстiң 532-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарт сақталған кезде, сондай-ақ ол уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті тіркеген күнге дейін кемінде екі жыл уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінде болған кезде үшінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш бере алады.
Егер "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 63-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған болса, онда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді есептеген кезде оған куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезең кірмейді.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы тармақ ескеріле отырып беріледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде жеті жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бес жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде үш жүз мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Егер уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік осы баптың 1-тармағында аталған заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде тоқтатыла тұрмаса, мұндай заңды тұлғаны бірінші типтегі куәлік беріле отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізген кезде уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуы кемінде бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етіледі.
Осы баптың 1-тармағында аталған уәкілетті экономикалық оператор берген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекске сәйкес мұндай тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады.
5. Осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында белгіленген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне заңды тұлғаны қосу шарттары енгізілгенге дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшалары қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін көрсетілген шарттарға сәйкес келтіреді.
Ескерту. 570-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |