Ст. 170 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
170-бап. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпымемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының барлық түрін біріктіретін салааралық ақпараттық жүйе ретінде құрылады және жүргізіледі. 2. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығын білдіреді және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыс істейді.
3. Қоршаған ортаның өзара әрекеттестіктегі жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі сияқты құрамдас бөліктері Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің объектілері болып табылады.
4. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректері негізінде ұйымдастырады.
Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының жүйелерінде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, әрбір есептік кадастрлық объектіге арналған оның жай-күйі туралы құжаттық мәліметтер цифрлық түрде қамтылады.
6. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен беру технологиясының бірлігі;
2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі;
4) Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараттан басқа кадастрлардың бірыңғай жүйесінде қамтылған ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігі.
Лучшие юристы





Добрый день!
Подскажите пожалуйста, если у меня есть решение суда что виновник ДТП виноват. Но ущерб по авто не возмещен. Судья ссылаясь на то, что я передала авто самостоятелно без принуждения, и я не являюсь потерпевшей, так как машина является моей собственностью и суд как бы не имеет никакого отношения. И этот мой иск по требованию возмещения ущерба с виновника спорно. Для чего мы обращаемся в суд, если закон меня не защитит если на мое имущество нанесли повреждения?!
Виновник виноват, НО он не обязан восстанавливать машину, так как это мои необдуманные действия как владельца авто - вот так вот примерно выразился суд. Как же сложно потерпевшим в нашей стране( Быть виноватым проще простого! Ничего не нужно говорить и доказывать
Здравствуйте, если гражданское лицо, подает жалобу через eotinish в надзорный орган, специалист органа имеет ли право изменять формулировку текста с "жалобы" на "заявление", назначают исполнителя далее согласно статье 65 АПК РК, отписывается в другой надзорный орган, где другой специалист вносит свою корректировку и "заявление" становится "сообщением"? И второй вопрос если Министерство здравоохранения отписывает управлению здравоохранения, соответственно управление после всех корректировок отписывает в поликлинику для обработки сути и ответа на обращение. Вопрос все выше перечисленные надзорные органы должны ли в последующем проконтролировать ответ и сроки?
Ответ:
Если переодевание в сменную одежду является обязательным для работы (использование данной одежды предусмотрено требованиями охраны труда), то время на переодевание следует отнести к рабочему времени работника.
К сожалению тут отсутствует информация касательно повторного использования резерва правительства на одни и те же цели в течении текущего года
Здравствуйте. Будьте добры, подскажите пожалуйста пункт, статью в законе, где прописано что НЕЛЬЗЯ использовать резерв Правительства ПОВТОРНО на одни и те же цели в течении текущего года.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей